Қаржының мәні, объективтік қажеттігі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-----------------------
І. ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ----------6
1.1.Қаржының мәні, қаржы жүйесінің
құрылымы----------------------
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі
------------------------------
1.3 Қаржылық бақылаудың
ұғымы және түрлері------------
ІІ. МЕМЛЕКЕТТІҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ-----------------------
2.1 Мемлекеттің қаржылық бақылау функциясының мәні--------------13
2.2 Мемлекеттің қаржылық
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ
ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ--------------------
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық пен Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі агенттік компаниялардың жарғылық қорындағы үлестері аз инвесторлардың, акционер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау туралы заң әзірленсін»- дап атап көрсетті.
Қайсы бір ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың – бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай - ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады.Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т.б. болып бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқару үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты құқықтық тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.
Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары – бұл кәсіпорының өндіріс пен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы – бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша қорлары. Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл – аухатын жоғарылату мақсатына жұмсайды. Соңғы екі жүйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар жиналады.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау сферасында кең өкілеттіліктер берілген. Үкімет республика дамуының индикативтік жоспарын, экономиканың сфералары мен секторларының, салалардың, аймақтардың даму бағдарламаларын, инвестициялық қызметтің маңызды бағыттарын жасап, қарау процесінде алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілген іс қимылдарды орындау барысында Үкімет олардың жүзеге асырылуының, сондай-ақ ауқымы, мезгілдігі, атқарушылары бойынша мақсатты қаржыландырудың толымдылығына ағымдағы бақылау жасайды. Республика Үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.
Өздерінің өкілеттігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды, олар негізінен бюджеттерді, олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, смета және қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекеттің қаражаттары жұмсалуының заңдылығы мен мақсатқа сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорт-импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табылады.
Қаржылық бақылаудың мазмұны ашылатын негізгі міндеттеріне мына төмендегілер жатады:
1. Мемлекет, ұйымдар және
халық алдындағы қаржылық
2. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қарамағындағы
3. Қаржы операцияларын,
есеп-қисаптарын жасау және
4. Өндірістің ішкі резервтерін — шаруашылық рентабелдігін арттырудың, еңбек өнімділігін өсірудің, айналым активтерінің айналымдылығын тездетудің, материал және ақша қаражаттарын неғұрлым тиімді әрі үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін ашу.
5. Қаржы тәртібін бұзушылықты жою және ескерту. Олар ашылған жағдайда ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал етудің шаралары қолданылады, мемлекет пен ұйымдарға келтірілген залалдың орнын толтыру қамтамасыз етіледі.
Берілген курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
І. ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1.Қаржының мәні, қаржы жүйесінің құрылымы
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің finansia сөзінен пайда болған француздың finanse сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.т.) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады.
"Қаржы" ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы " Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин
республикасының кірістері
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы белгілі бір
қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың
дамуы мен ұдайы өндіріс
Мемлекеттің қаржысы — ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылықпен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік болжам, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қорға, зейнеткерлік, түрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.
Шаруашылық жүйесіндегі
қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік
емес) — компания, концерн, холдинг,
акционерлік қоғам, ассодиация, трест,
бірлестіктердің ақшалай
Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес) — меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталантыру қоры, амортизаииялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.
Тұрғындардың қаржысы —шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталым қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.
Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл құрылымның қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады. Және басқада қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі
Рыноктық қатынастар жайғдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады:
- бөлу,
- реттеу,
- ынталандыру;
- бақылау.
Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік — мәдени шаралаға, мемлекетті басқаруға мен қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржынының бөлу қызметі атқарады.
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.
Қаржыны ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады.
Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады;
қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
кредиттік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының — нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.т. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы
көмегімен қайта бөлудің
өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айрықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелдігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, ұлттық табысты
қаржы көмегімен бөлу және қайта
бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың
материал және ақша ресурстарының ұдайы
өңдірістегі қажетті
1.3 Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері
Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретінде есептелінеді, сондай-ақ экономикалық категория ретінде де қаржыларға бақылау функциясы тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру процестерінің заңды негізде және мақсатқа сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асыруды камтамасыз етеді.
Сонымен қатар, осы қаржылық қызмет аясындағы уәкілетті қаржылық органдардың қызметтеріне де бақылау жүргізіледі. Сондықтан қаржылық бақылаудын ұғымы екі тұрғыдан түсіндіріледі. Қаржылық бақылау деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалану процестерін заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеруді айтамыз.
Қаржылық бакқылаудың
екінші ұғымы қаржылық қызметке қатысушылардың
өз қаржылық міндеттемелерін орындаушыларға
тексеру жөніндегі мемлекеттік
уәкілетті органдардын іс-
Қаржылық бақылаудың мына келесідей міндеттері болады: қаржылық қызметтің барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттің ақша қаражаттарынын орынды және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің орындалуын тексеру; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық операцияларының тиімді және белгілі мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру; мемлекеттік емес шаруашылық субъектілерінің ақшалай операцияларының заңды негізде жүзеге асырылуын тексеру; қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жою.
Қаржылық бақылау әр түрлі негіздер бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Нысандары бойынша:
а) Тікелей бақылау
б) Жаңаша бақылау;
Тікелей бақылау нақты бақылау объектісінде алғашқы ақша құжаттарын зерделеу және талдау, ақшаларды қайта есептеу, тауарлық-материалдық құндылыктарды түгендеу арқылы жүргізіледі.
Жанама бақылау бойынша, бақылау субъектісі мен объектісі аумақ арқылы бөлінетіндіктен олардың есеп беру және жопарлау құжаттарын тексеру сырттай ойпатта жүзеге асырылады.
2. Жүзеге асыру уақыты
бойынша мынадай түрлерге
а) алдын-ала қаржылыкқ бақылау;
ә) аңымдағы қаржылық бақылау;
б) кейінгі қаржылқк бақылау.
Алдын ала қаржылық бақылау қандай да болмасын қаржылық шараларды жүргізгенге дейін жүзеге асырылатын ескертпе бақылау;
Ағымдағы қаржылық бақылау қандай да болмасын қаржылық шараларды жүргізу процесінде жүзеге асырылатын жедел бақылау;
Кейінгі қаржылық бақылау өз каржылық міндеттерін сапалы орындамағандарға және қаржылық құқық бұзушылық жасаған фактілерін айғақтау мақсатында қаржылық шаралар жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылатын бақылау.
3. Субъектілері бойынша:
арнайы және функциялық
а) арнайы қаржылық бақылау мемлекеттің арнайы уәкілетті органдары жүзеге асыратын бақылау (мысалы, Қазакстан Республикасынын Қаржы Министрлігі, Қазақстаннық Ұлттық Банкі, Қаржы Министрлігінің қаржы бақылау комитеті және т.б.).
ә) функциялық қаржылык бақылау мемлекеттік органдар жүзеге асыратын және олар үшін қаржылық қызмет пен қаржылык бақылау қызметтерінін бір бағыты ретінде көрініс табатын бақылау.
4. Қаржылық бақылау аясына байланысты:
а) бюджеттік бақылау;
ә) банктік бақылау;
б) сақтандыру бақылауы;
в) валюталық бақылау;
г) салықтық бақылау;
д) қаржылық-шаруашылық бақылауы болып бөлінеді.
Қаржылық бақылауды жүзеге асыру әдістеріне мыналар-жатады:
1. Ревизия;
2. Алғашқы ақша құжаттарын тексеру;
3. Бухгалтерлік есеп
тіркеліміндегі жазуларды
4. Статистикалык және бухгалтерлік есептеулерді тексеру;
5. Жоспарлар мен сметаларды тексеру;
6. Тексеру кезінде
туындаған мәселелер бойынша
лауазымды адамдар мен
7. Негізгі қорларды, нақты
ақша қаражаттарын және
8. Банктер мен басқа да есеп айырысу мекемелеріне ресми сұраныс жасау;
9. Құқық қорғау органдары
мен соттардан түскен
Осы қаржылық бакылау әдістерінің ішіндегі ен бастысы ревизия болып табылады. Ревизия деп тексерілетін объектілердің қаржылық-шаруашылық қызметтерін мұқият зерделеу арқылы олардың заңды түрде, мақсатқа сәйкес және ұтымды жүргізілген тексеруді айтамыз.
Ревизия жүргізу
кезінде мына келесідей
1. тексеру объектісі бойынша: құжатгық тексеру; факті бойынша, яғни жасалған жұмыстың көлемі мен сашсын, тауарлық-материалдык құндылықтардың бар жоқтығын тексеру.
2. тексеру объектісінің
қамтылуы бойынша: толық,
3. ұйымдастырылуы бойынша: жоспарлы тексеру; жоспардан тыс тексеру.
ІІ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Мемлекеттің қаржылық бақылау функциясының мәні
Қаржылық бақылау деп әдетте тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық жалпы өнімді құндық бөлу және оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсаудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызметті айтады.
Қаржылық бақылау қаржыны
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл оргаңдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі — оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында. Табыстар мен қорланымдардың қалыптасу процестері, ақша қорларын құру және пайдалану оның тікелей объектісі болып табылады. Алайда, қаржылық бақылаудың іс-қимылы ақша қатынастарының аса кең аясына таралады, өйткені қаржы басқа экономикалық категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, табыспен, пайдамен, өндірістік құрал-жабдықтармен (негізгі, айналым капиталымен), күрделі жұмсалымдармен, инвестациялармен тығыз байланысты. Ал мекемелер мен ұйымдардың бюджет қаражаттарын дұрыс пайдалануын бақылау олардың барлық жағын — желі мен контингенттерді өрістетудің толықтығын, қаражаттарды жұмсаудың белгіленген нормаларын сақтауды қамтиды.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі
қағидаттары мыналар болып
- бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
- бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
- әрекеттілік, нақтылық, жариялылық — бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
- бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржы тәртібі — бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро- немесе макродеңгейде жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау — бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:
- ақшалай қаражаттардың орталықтандырылаған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
- қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объекгивті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
- қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оптималды түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеггіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Құрама қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау — меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
кәсіпорындардың қаржы саласындағы қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржы көрсеткіштері (табыс, пайда, өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорыңдардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл максатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.
Қаржылық бақылау нарықтық қатынастар жағдайында айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Жаңа экономикалық өзара қарым-қатынастар қаржы операцияларын, әр түрлі мәмілелерді үнемі тексеруді, қадағалауды жақтырмайды. Тегіс қамтитын бақылау қалыпты нарықтық қатынастарға тежеуіш болып келеді. Бірақ өтпелі кезеңнің қиыншылығы қоғам үшін қолайлы бағытта қаражаттар ағынының қозғалысын басқаруды және бақылауды ысырап етеді. Бұл жағдайда қаржы тәртібін, қаржы заңнамасын бұзудың тенденциялары күшейеді, мемлекеттік меншікті пайдалану жөніндегі қиянатшылық жиілейді. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірдегі кез келген келеңсіз көріністерге берік тосқауыл болуы тиіс. Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік әділдікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндіктерін реттеудің құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу процестеріне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.
- Мемлекеттің қаржылық бақылаудың сыныптамасы
Қаржылық бақылаудың
сыныптамасы субъектілердегі
Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпы мемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.т. болып ажыратылады.
Қазақстан Республикасының
- сызба. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
Қаржылық бақылау | ||
Мемлекеттік |
Қоғамдық | |
Жалпы- мемлекеттік |
Ведомстволық |
Қоғамдық ұйымдарын: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғаластардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы
|
|
Ішкі-шаруашылық | ||
Парламентік (депутаттық) бақылау | ||
Аудиторлық бақылау | ||

- Қаржының мәні, функциялар мен рөлі
- Қаржының мәні, функциялары және рөлі
- Қаржы ресурстары
- Қаржы ресурстарын басқару
- Қаржы салымы
- Қаржы саясаты
- Қаржы саясаты мен қаржы механизмі
- Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері
- Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері
- Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері
- қаржыны бақылау жүйесі
- Қаржыны басқару
- Қаржыны басқару
- Қаржының мәні және объективтік қажеттілігі