Қаржы салымы
Жоспар
Кіріспе
1. Қаржы салымдары
туралы шешім қабылдаудың
1.1 Қаржы салымдарының мәні, мақсаты
1.2 Қаржы салымдарының
түрлері және оны бағалау
1.3 Дамыған мемлекеттердің қаржы салымдарының ерекшелігі
2. Күрделі қаржы салымдары туралы шешім қабылдаудағы әдістер
2.1 Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау
2.2 Бизнестің құрылымын өзгерту туралы шешімдер
2.3 Жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау
3.Басқарушы шешімді қабылдау және оны жүзеге асырудың тетігі
3.1 Сатуға жататын өнімдердің ассортиментін жоспарлау
3.2 Күрделі қаржын бөлу
3.3 Бағалық шешімдерді қабылдау жне оны анықтаудың практикалық әдістері
3.4 Жедел диагностикасын қою – икемді шешімдерді қабылдау моделі
3.5 Басқару себін енгізу – қабылданатын шешімдердің дұрыстығын арттырудың кепілі
Қорытыңды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Кәсіпорын экономикалық
қызмет көрсететін заңды категория,
олар халыққа қажетті тауар
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған
қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады,
реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды
кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру,
тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық
құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі
салымдарды жүзеге асырады.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен
өз капиталың салушы адам. Ал, Инвестор
- бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа
біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің
аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны
қаржыландырудағы делдал.Бұл екі ұғым
осы курстық жұмыстың ұғымдарының субъектілері
болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып
жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік
– экономикалық дамуымыздың негізгі алғы
шартына айналып, еліміздегі реформаларды
табысты іске асырудың басты себебі болып
отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық
экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады.
Сондықтан да кәсіпорындар
үшін де инвестиция негізгі қажеттілік болып табылады.Алайда
инвестиция қажеттілік ретінде қолайлы
стратегия мен тактиканы талап етеді.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
олардың таңдаған инвестициялық стратегиясының
бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау
стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық
қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін
тұлғалайды.
Бүгiнгi күнi Қазақстанның әрбiр азаматына оның экономикасының нарықтық жолға көшкенi мәлiм. Әрбiр мекеме өзiнiң жұмысы үшiн өзi жауап бередi және келешектегi дамуы үшiн шешiмдердi өзi қабылдайды. Ал нарықтық экономикада экономикалық қызметтiң негiзгi мәселелерiн шешу арқылы пайданың максималды мөлшерiн табу үшiн ресурстарды тиiмдi пайдалана бiлген мекеме әрқашан да алдыңғы орында болады.
Экономиканың нарықтық
қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің
дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің,
шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасындағы өзара келісімшарт міндеттемеле
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.
Қазіргі уақытта болып
жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект
ретінде құқық жағдайларын
Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк, инвестор және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Бүгінгі күні нарықтық қатынаста бәсекеге қабілетті кез келген кәсіпорынның ақша құралдарының жоғары көрсеткішке жетуі маңызды орын алады. Өз қызметінің әрі қарай ілгерілеуіне қаржылық инвесторларының да үлесінің көп болуы сол кәсіпорынға тікелей әсер етеді.
Әр жылдың аудиторлық қорытындысы
бойынша қаржы шаруашылық орындарының
ақша құралдары мен қаржы
1. Қаржы салымдары
туралы шешім қабылдаудың
- Қаржы салымдарының мәні, мақсаты
Қаржы салымы деп - өнеркәсіпке, құрылысқа,
ауыл шаруашылығына және өндірістің
басқа да салаларындағы шаруашылық
субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ
ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде
салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп
дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
Қаржы салымдары дегеніміз- бүгінгі күні
қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да
заттарды , яғни капиталды қандай да бір
өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы
клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде
немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс
табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі
фактор байланысты болып келеді. Оның
біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік
. Сонымен қатар инвестиция экономикалық
өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік
дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен
қатар инвестиция экономикалық дамудың
жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың
, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін
өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды
факторы болып саналады.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық
субъектісіндегі белгілі бір материалдық,
өндірістік қорлардың, яғни активтердің
(жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік
қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға
, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне
қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі
бір жылға дейін;
ә)ұзақ мерзімдік – иелену
мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды
сатып алушылар болып табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан
Республикасында инвестицияны жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және
капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік
және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау
болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс
істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір
табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы
тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке
- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер,
инвестициялық қорлар, зейнетақы қорларын,
тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық
шаруашылығының әр түрлі салаларында
пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал
жұмсау саясаты. Күрделі
қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды
шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық
өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің
жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің
жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс
шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін
ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.
Инвестициялық саясат күрделі қаржыны,
қорларды өндіретін , өндейтін және ол
өнімдерді пайдаланатын салалар арасында
дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек.
Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс
орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық
жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға
бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған
күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру
көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу
кезінде инвестициялық саясат сұранысты
қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды
экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында
өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей
инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар
дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.
1.2 Қаржы салымдарының
түрлері және оны бағалау әдіст
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады.
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.
Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.
Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.
Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.
Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.
Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.
Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:
1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған пайда;
2) Таза пайда + жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған амортизация.
Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:
а) негізге алатын белгілі бір жылды табу қыйын болады;
б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.
Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.
Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер өсу процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.
Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.
Мына мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?
Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.
Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.
Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.
Дисконттау арқылы қазіргі соманың ақшалық эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:
КС = БСх(п + г), мұндағы -
КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);
БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;
г - процент төлемі немесе табыс нормасы;
п - табысты қосып есептейтін жылдар саны.
Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді білу арқылы, осы формула бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын.
Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.
Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.
Екіншісі және шетел
инвестициясымен ере
Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.
1.3 Дамыған мемлекеттердің қаржы салымдарының ерекшелігі
Батыс елдердің бір қатарында қазіргі
несие жүйесінде инвестициялық банктер
өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің
инвестициялық банктердің пайда болып,
басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі
және несие аясындағы мамандану әкелді.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі
-ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау
және оны қарыз алушыларға акцияларды,
облигацияларды және орналастыру арқылы,
қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері
арқылы беру. Әр ірі фирма, корпорация
әдетте өзінің инвестициялық банкісімен
жұмыс істейді және сол банктің қызметін
пайдаланады. Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет
1.Бірінші типті инвеегациялық банктер
.
2.Екінші типті инвестициялық банктер.
Мұндағы бірінші типті инвестициялық
банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру
және сатумен айналаысады. Ал екінші типті
твестициялық банктерге келетін болсақ
олар үзақ мерзімді несиелеумен айналысады.
Батыс Еуропаның континенталды елдеріне
және дамушы елдерге негізінен осы атап
кеткен екінші типті инвестициялық банктер
тән. Бірінші банктер XIX ғасырдың бірінші
ширегінде жауапкершілігі шектелген серіктестіктер
формасында құрылған болатын. Инвестициялық
банктер аса тез дамуы XX ғасырдың 20-шы жылдарында
байқалады.
Инвестициялық банктердін пайда болуын
негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын
орналастырумен байланысты деп көрсетеді.
Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік
формасының пайда болуымен олар үлкен
компаниялар мен корпорациялар үшін олардың
акциялары мен облигацияларын орналастыру
арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды,
жаңа компанияларды құруда, қайта құруда,
біріктіруде белсенді қатысады, сонымен
қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің
мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады,
оның ішінде орталық үкіметтің бағалы
қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің
бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Бірінші типті иңвестициялық банктер
соңғы кезде көбінесе корпоративті секторлардың
бағалы қағаздарымен операцияларды жиі
жүргізеді. Мұндай банктер акциялар мен
облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс,
транспорт және сауда кәсіпорындарының
ақша қаражаттарын алуда делдал
Бірінші типті инвестициялық банктер
капиталды тарту, бағалы қағаздар нарығында қызмет
көрсету бойынша бірқатар функцияларды
атқарады :
• Акциялар мен облигацияларды қайта
орналастырумен айналысады;
• Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта
нарығында орналастыруда делдал болады;
• Корпорацияларға инвестициялық стратегияның
сұрақтары бойынша және бухгалтерлік
есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер
береді.
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды
сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар
инвестициялық банктердің көмегінсіз
ұзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған
болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі
тәжірибесінде мұндай банктер компанияның
бағалы қағаздарын орналастырумен айналыспасада,
компаниялар құрылып қызмет ете алмайды.
Осындай елдердің қатарына келесі елдерді
мысалға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания,
Австралия, Америка Құрама Штаттары.[5;
97-99]
Екінші типті инвестициялық банктер соғыстан
кейінгі . Батыс Еуропаның экономикасын
қалпына келтіруде және дамушы елдердің
салаларын құруда үлкен рөл атқарды. Осыған
байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше
бөліп көрсеткен дұрыс болады: Франция,
Италия, Испания, Португалия, Скандинавия
елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік
инвестициялық банктер өндірісі ұзақ
мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың
құрылуының жоғары деңгейін қамтамасыз
етті. Аралас және мемлекеттік типтегі
инвеетициялық, әлеуметтік экономикалық
даму бағдарларын және экономиканы тұрақтандыру
жоспарларын іске асыруға белсенді қатысты.
Қазіргі кезде бұл инвестициялық банктер
ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды
жүргізеді: заңды және жеке тұлғалардың
жинақтарын аккумуляциялайды, орта және
ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді, жеке
және мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар
жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады.
Дамушы мемлекеттердегі мұндай инвестициялық
банктер негізінен 1960 жылдары олар саяси
тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды.
Бұл банктерді құруға дамыған елдердің
банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің
инвестициялық банктері орта және ұзақ
мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен
операциялармен айналысады. Сонымен қатар,
бірқатар елдердің бірінші типті және
екінші типті инвестициялық банктердің
операцияларын қатар асыратын банктер
қызмет етуде.
Көптеген елдерде инвестициялық банктердің қызметін басқа да қаржылық-несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер атқарады.
2. Күрделі қаржы салымдары
туралы шешім қабылдаудағы
2.1 Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау
Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау – компания басшылығының алдында тұрған аса маызды да қиын міндет. Көптеген компаниялар алдағы кезеңдегі қызметті бес, он, тіпті оданда коп жылға алдын ала анықтап ұзақ мерзімді жоспар әзірлейді. Ал, күрделі қаржы шығыны осы ұзақ мерзімді жоспарға кіріктірген бір бөлігі болып табылады.
Сол себепті ұйым ең алдымен күрделі қаржы жұмсалымы туралы ұсыныстың экономикалық тиімділігін бағалап, кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың айтарлықтай артық бөлігін (үлесін) қажет ететін процесс туралы әлдеқайда нақты болжам жасауға тырысады. Әдетте күрделі қаржы шығын көзіне қарыз қаражаты жатады, сондықтан да кәсіпорын мұндай жұмсалымның мақсатқа лайықты екеніне инвестордың көзін жеткізіп, оның өтелуін мұқият есептеуі керек.
Ұзақ мерзімді капиталға – құрылысқа, жылжымайтын мүлікке, жабдыққа және т.б. қаржы жұмсау тән. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып отырған материалдық қаражатқа күрделі қаржы жұмсаумен байланысты инвестициялық шешім белгілі бір дәрежеде фирманың техникалық және технологиялық деңгейін, оның алдағы кезеңдегі жемісті жұмысның ойдағыдай болуын анықтайды.
Инвестор бағдар ретінде
ұстанатын мақсаттардың екі негізгі
тобын бөліп қарастыруға
- Ақша түрінде көрініс табатын мақсаттар – пайданы немесе тауар айналымын арттыру, шығындар мен инвестициялық шығындарды кеміту.
- Ақша түрінде көрініс таппайтын мақсаттар - әйгілі болуға, мәртебелі орынға ұмтылу, тиісті нарық сигментін жаулап алу, тәуелсіздік немесе қандай да бір әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру.
Бірінші топтағы мақсатты қарастырайық. Оны жетістікке жеткізу үшін санды әдісті қолдануға болады. Белгілі бір сандық мақсатқа қатысы бойынша оңтайлы инвестициялық шешімді қалыптастыруға мүмкіндік тудыртын сандық әдіс инвестициялық есептер деп аталады.
Инвестициялық негіздеу әдісі статистикалық және динамикалық деп екі топқа бөлінеді.
Инвестициялық есептің статистикалық әдісі мынадай жағдайларда: инвестициялық шығын кезең басында жүзеге асрылып, оның пайда түсіретін нәтижесі кезең аяғында болатын тек бір кезеңі қарастырылғанда, сонымен бірге бір қатар ұзақ мерзімді жоба орташа жылдық көрсеткіштерді аса қиындықсыз сипаттағанда қолданылады.
Статистикалық әдісті қолдану барысында барлық қарастырылатын инвестициялық жобалар салыстыруға келетіндей болуы керек, яғни крителік көрсеткішті (пайда, шығын және пайдаллық) қоспағанда барлық жобаның көрсеткіштері бірдей болу керек. Орташа жылдық пайда орташа жылдық табыс пен орташа жылдық шығын арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Дәстүрлі шығын бабынан басқа шығындардың құрамына белгілі бір жобаға капиталды ұзақ мерзімді жұмсаудағы инвестор табысының ысырап болуы ескеріледі.
Инвестициялық есептің динамикалық әдісі мынадай жағдайда, егер жоба ұзақ мерзімді сипатта болып, ал инвестордың табысы мен шығыны бұл кезең ішіндегі елеулі өзгеретін болса: оның үстіне , жыл бойвнша шығындардың уақыт ішінде өзгеруін сипаттайтын ұзақ мерзімді жобалада қолданылады.
Динамикалық әдістің негізінде мына алғышарттар бар:
- кезң бірлігіне бір жыл кіретін ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар қарастырылады;
- әрбір инвестициялық жоба элементі әр жыл сайын оның жүзеге асырылу барысындағы инвестордың табыс мен шығынының сальдосын білдіретін төлем ретімен сипатталады.
Әрбір инвестициялық жобаның төлем реті жағымсыз элементтен басталады, өйткені инвестицияны бірден жүзеге асыру ақшалай шығынды талап етеді. Жобаны қаржыландырудың төлем реті жағымды элементтен басталады, өйткені қаржыландыруды жүзеге асыру өзіндік қаржының немесе қарыз қаражатының қолда бар екендігін білдіреді;
- инвестор жобаларды
бағалаудың әр түрлі әдістерін
қолдану ықтимал сипатында
- динамикалық инвестициялық
есепті жүзеге асыру
Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдаушы бухгалтердің объективті бағалауына мүмкіндік беретінәр түрлі әдістер мен тәсілдер бар, осылардың негізінде басшылыққа ұзақ мерзімді іргелі басқарушылық шешім қабылдауы үшін көмек көрсетіледі. Олар бір-бірімен оқшау, әр түрлі тәсілдемеде қолданылады.
Капитпалды жұмсаудың тиімділігін бағалау үшін мына көрсеткіштер пайдаланылады:
- күрделі қаржы жұмсалымы және пайда мөлшері бойынша жүктелген шығындар;
- таза дисконттау және күрделі қаржы жұмсалымы өтелуінің ішкі коэффициенті бойынша күрделі қаржы жұмсалымын бағалау әдістері;
- күрделі қаржы жұмсалымының өтелу кезеңі;
- өтелудің есептік коэффициенті және пайда индексі.
Олардың әрбіреуіне жеке тоқталайық.
Күрделі қаржы жұмсалымы және пайда нормасы боынша жүктелген шығындар.
Күрделі қаржы жұмсалымы бағдарламасына тартылған ақшалай қаражат арқылы қандай да бір басқылай жолмен пайда алуға ендігі жерде пайдаланылмайды, яғни жарамсыз болып табылады, осыған орай кәсіпорынның жіберіп алғн пайдасы немесе жүктелген шығындар туралы айтылады.
Сондықтан да инвестиция
бойынша пайданың болжамды
Сонымен, инвестициялық жобаның тәуекелділігі неғұрлым жоғары болса, күрделі қаржы жұмсалымынан талап етілетін пайда нормасы соғұрлым үлкен және болжамды таза табыстың деңгейі одан да жоғары болуы керек.
Ең аз шамадағы пайда нормасы деп, есептік мөлшерлеме шамасын немесе қаржы нарығында құнды қағаздарды тәуекелмен айналысқа енгізуден немесе жүктелген шығын мөлшері бойынша эквивалеттен алынатын проценттік мөлшерлемені ұғуға болады. Мұндай құнды қағаздардан түсетін табысты жүктелген шығын , яғни құнды қағаздарға қажетті пайда нормасы бойынша баға береді. Әр түрлі компаниялардың әдеттегі акцияларынан күтілетін табыс жұмсаудың тәуеклдік деңгейіне қарай түрлендіріледі. Салымшылар мемлекеттік қағаздардан болатын табысты кәсіпорын акциясынан немесе күрделі қаржы жұмсалымынан түсетін болжамды табыстармен салыстырады.
Мемлекет өз құнды
қағаздарында белгілеген процентке
қарағанда болжанған пайда
Қазіргі сәтте алынатын құнды қағаздардағы инвестициядан түсетін табысымен салыстырғанда күрделі қаржы жұмсалымындағы инвестициядан табыс алудағы кезеңдерде алынады. Сондықтан да талдау үшін дисконттау коэфициенті мен күрделі процентті есептейді.
Мысалы. Кәсіпорын үш жылда 100 % пайда алу үшін 1 млн теңге капитал орналастырды. Үш жыл қатарнан жыл сайын қайта инвестициялап отыратын 1 млн теңгедегі , инвестиция құны мынаны құрайды:
Жыл соңы |
Алынған процент, Мың теңге |
Жиынтық инвестиция, Млн теңгемен |
0 |
- |
1000 |
1 |
0,10*1000=100 |
1100 |
2 |
0.10*1100=110 |
1210 |
3 |
0.10*1210+121 |
1331 |

- Қаржы саясаты
- Қаржы саясаты мен қаржы механизмі
- Қаржы саясатының ұғымы, міндеті, мақсаты және қағидалары
- Қаржы тәуекелін басқару
- Қаржы тәуекелін басқару
- Қаржы тәуекелін басқару
- Қаржы тәуекелін басқару
- Қаржыны басқару
- Қаржының мәні және объективтік қажеттілігі
- Қаржының мәні, объективтік қажеттігі
- Қаржының мәні, функциялар мен рөлі
- Қаржының мәні, функциялары және рөлі
- Қаржы ресурстары
- Қаржы ресурстарын басқару