Қаржының мәні және объективтік қажеттілігі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-----------------------
І. ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ----6
1.1. Қаржының
мәні және қаржы құрылымы----------------------
1.2. Қаржының
атқаратын қызметтері мен рөлі ------------------------------
1.3. Қаржының
объективтик қажеттілігі-------
1.4. Қаржының
айрықша белгілері және
ІІ. ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ------------------------
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуы
Қаржы мен экономикалық өсу арасындағы байланыс----------------16
2.2.Қаржының экономикалық дамуына жасаған ықпалы ----------------19
ІІІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
3.1. Қазақстанда
қаржыны дамыту жоллары--------
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
КІРІСПЕ
Қайсы бір
ел болмасын, оның экономикалық жүйесі
ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден
тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық
бастапқы буынының қаржысы (кәсіпорындар,
ұйымдар және т.б.) және халықтың қаржысы.
Бұдан басқа экономиканың қаржы
жүйесіне, шаруашылықтың – бірлестіктер,
трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты
әртүрлі типтерінің, сондай - ақ қоғамдық
ұйымдардың қаржылары да жатады.Өндірістің
салалық ерекшеліктеріне
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқару үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты құқықтық тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.
Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары – бұл кәсіпорының өндіріс пен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы – бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша қорлары. Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл – аухатын жоғарылату мақсатына жұмсайды. Соңғы екі жүйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар жиналады.
Қазақстан
Республикасының Үкіметіне
Өздерінің өкілеттігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды, олар негізінен бюджеттерді, олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Қаржы министрлігі,
оның Қаржылық бақылау комитеті және
аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-
Қаржылық бақылаудың мазмұны ашылатын негізгі міндеттеріне мына төмендегілер жатады:
1. Мемлекет,
ұйымдар және халық алдындағы
қаржылық міндеттемелердің
2. Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің
3. Қаржы
операцияларын, есеп-
4. Өндірістің
ішкі резервтерін — шаруашылық
рентабелдігін арттырудың, еңбек
өнімділігін өсірудің, айналым активтерінің
айналымдылығын тездетудің, материал
және ақша қаражаттарын
5. Қаржы
тәртібін бұзушылықты жою және
ескерту. Олар ашылған
Берілген курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
І. ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1. Қаржының мәні және қаржы құрылымы
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің finansia сөзінен пайда болған француздың finanse сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.т.) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады.
"Қаржы"
ұғымы мемлекетпен бірге бір
уақытта қоғамның таптарға
Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы белгілі
бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың
дамуы мен ұдайы өндіріс
Мемлекеттің қаржысы — ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылықпен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік болжам, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қорға, зейнеткерлік, түрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.
Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес) — компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассодиация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысын құрайды.
Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес) — меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталантыру қоры, амортизаииялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.
Тұрғындардың қаржысы — шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталым қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.
Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл құрылымның қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады. Және басқада қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
1.2. Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі
Рыноктық қатынастар жайғдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады:
- бөлу
- реттеу
- ынталандыру
- бақылау.
Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік — мәдени шаралаға, мемлекетті басқаруға мен қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржынының бөлу қызметі атқарады.
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.
Қаржыны
ынталандыру қызметі
Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады;
- қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
- кредиттік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының — нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.т. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
- елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
- қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айрықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
- қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелдігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.
Сөйтіп,
ұлттық табысты қаржы көмегімен
бөлу және қайта бөлу қоғам мен
кәсіпорынның, фирманың материал және
ақша ресурстарының ұдайы
1.3. Қаржының объективтік
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайда ықпал ету пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды. Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы бөлінеді. Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді. Сондықтан өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен аймақтарға ерекше көңіл аударылады, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресуртар орталықтың, аймақтардың, шаруашылық жүрзігудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде “қоғамдық тауарлар” деп аталынатындарды – мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сол сияқты материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау жатады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл қозғалыстың шарты тауар –ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың, соның ішінде құн заңының іс-әрекеті болып табылады.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады. Тауар өндірісінің негізіне тауар өндірушілердің экономикалық алдын ала келісіп алушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі қойылған. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттық факторларының саралануы олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақты және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан қажырлы еңбек пен жұмсалынған күш-жігерге баламалы болып келетін тұтынудың өлшемін объективті түрде ескере алатын шығындар мен еңбек нәтижелері өлшемінің айрықша механизмінің объективті қажеттігі туады. Бұған ақша және оның туынды экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының да көмегімен қол жетеді. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды. Тек өндірілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, адам еңбегінің өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі жасалады.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес,сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді. Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қазіргі уақытта қаржының
бөлгіштік және ұдайы өндірістік
тәрізді екі тұжырымдамасы
Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі – қлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді.қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру қоры шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрднлі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категормялармен тығыз байланыста дамиды. Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық-заттық нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақша қаражаттарына деген әр түрлі қажеттілітерді қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымының өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларды жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қоры бүкіл халықтың оның ұдайы өндіріске арналған түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстарды құрайды. Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға ьақылау жасаудан көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан, жиынтық қоғамдық өнімнің, ең алдымен, таза табыстың Бір бөлігінің қозғалысымен, оны бөлумен, ақша қорларын жасаумен және материалдық өндіріс процесінде ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттаумен және басқа жағынан, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын жасаумен байланысты болса, қаржының бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкіл ұдайы өндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану процесіне де қызмет етеді.қаржының екі функциясының диалектикалық бірлігі мен өзара байланыстығы осында.
1.4. Қаржының айрықша белгілері және табиғаты.
Қоғамдық шаруашылықағы өндіріс - бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі.
Игіліктер деп қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Өндіріс үш элементтің: адам еңбегі, еңбек заты мен еңбек құралдары өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процесінің қарапайым моменттері деп атайды.
Еңбек - бұл адамдардың материалдары, рухани игіліктер өндіруі мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі.
Еңбек заты - адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат.
Еңбек құралдары - бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.
Қандай да бір тауарды өндіруге қажет еңбек заттары мен құралдарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды.
Игіліктер өндірісі, біріншіден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, екіншіден, өз шаруашылық қызметтері барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Өзара қарым-қатынастың бірінші типін өндіргіш күштер деп, ал екіншісін - экономикалық қарым-қатынастар деп атаймыз.
Өндіргіш күштер - бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.
Ғылыми-техникалық революция өндіріс факторларын өзгертеді. Осылайша, өндіріс құрал-жабдықтары информатика, электронды-есептеуіш және компьютерлік техникамен байытылады. Өз кезегінде жұмыс күші құрылымында да — сапалы өзгерістер жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда болып, жұмыскерлердің біліктілік және интеллектуалдық деңгейлері көтеріліп, адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің рөлі мен маңыздылығы арта түседі.
Экономикалық қатынастар
- бұл адамдар арасында қызметтер
мен материалды, рухани игіліктерді
өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну
процесі барысында пайда
Өндірістік қатынастар біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын қарым-қатынастар, екіншіден, өндірістік емес сферада қалыптасатын қатынастардан тұрады.
Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық болып бөлінеді.
Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар
өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі
және айырбасталуының қалайша
Осы қатынастардың қалыптасуы мен даму тарихында үш кезеңді бөліп қарастыруға болады:
а) еңбектің қарапайым кооперациясы;
б) мануфактура;
в) машиналы өндіріс;
Еңбек кооперациясы бір ғана адамның нұсқауымен біртектес жұмыс атқаратын адамдарды біріктірді, бұл бір адамның қолынан келмейтін жұмысты атқару үшін көптеген адамдардың күштерін жұмылдыруға мүмкіндік бере отырып, күмәнсіз экономикалық нәтиже берді.
Мануфактура (лат. manes - қол, facere - жасау) - бұл да еңбек кооперациясы, бірақ бір айырмашылығы мұнда өнімділікті едәуір арттыратын еңбек бөлінісі бар. Мануфактура қол еңбегіне негізделген.
Машиналы өндіріс - еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру жолындағы келесі бір маңызды қадам. Ол өндіріс техникасы мен технологиясын түбірлі түрде өзгерте отыра, өндірістің жаңа технологиялық тәсіліне көшуге себепші болды.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құрал жабдықтарына меншік формаларымен анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады. Меншік формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастарының әлеуметтік-экономикалық мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың дамуы меншік иелерінің жеке мүддесіне, сана-сезімдеріне қарай жүзеге асырылады.
II. ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуы
Экономикалық
қаржы секторының дамуы - әрбір мемлекеттің
алдына қойылған мақсаты. Сол сияқты
біздің елімізде де соңғы біршама
жылда халықтың қаржы институттарына
деген сенімін арттыру қаржы
жүйесінің тұрақтылығы
Соңғы жылдары ҚР-ң экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. ЖҰӨ өзіндік құны соңғы 40 жылда 40 % құрады, бұл көрсеткіш Еліміздің экономикасы жоғары темппен дамыған елдер тобына кіруіне мүмкіндік берді. 2012 жылдың І жартысында экономикалық өсу қарқыны 6 % құрады. Экономиканың жоғары қарқынмен дамуы ішкі фактор - өндірістік кәсіпорындардың дамуына және өсуіне қарқындылық тұрақтылығын сақтауына және мүмкіндік берді.
Сонымен қатар еліміздің ішкі позициясының өсу қарқыны айқындалды және төлем болашағының жағдайы жақсара түсті. Егер баға беретін болсақ, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2012 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 101657,8 млн АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 10,9% артты.
2013 жылғы қаңтар-ақпандағы экспорттың тауарлық құрылымы
Сонымен қатар импорттайтын аймақ жалпы құны 12 %-ға өсіп, 4 млрд долларды құрады.
2013 жылғы қаңтар-ақпандағы импорттың тауарлық құрылымы
Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты
1995-2012 жылдар
Ұлттық
банктің басты мақсаты
Ішкі нарық валюта ағымының көбеюі ҰБ-ке алтын валюта қорының арттуына себеп болды, оның көлемі 2012 жылдың 1 қыркүйегінде 4, 58 млрд долларға жетті. Сонымен қатар Ұлттық қор, мемлекеттік білім беруді қамту және әлемдік баға конъюнктурасына бюджеттің тәуелділігін жеделдету – 2, 7 млрд. долларды құрайды.
Қаржы жүйесінде банк секторы ең үлкен және тез қарқынмен дамитындығын көрсетті. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан банк секторы әлемдік ұйым және қаржылық берік, динамикалық дамушы ретінде бағалануда.
Қазіргі таңда әлемдік стандарттық банк секторының қосылуы – осы аймақта жұмыстың күшеюіне және банктік қатаңдығын арттыруына бағытталған, іс-шараларды жүргізуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар корпоративтік басқару жүйесі және екінші деңгейлі банктердің мәдениетін басқару шаралары да атқарылуда. Негізделген біздің елімізде 2003 жылдан бастап барлық банктер әлемдік стандартқа сай жұмыс істеуде.
Банк жүйесінің қуаттылығы артуда – валюталық эквиланент негізінде банк жүйесінің меншігіндегі капиталының өзіндік құны 1, 3 млрд долларды құрайды. Банктік ресурстық бағасы телеппен өсуде, функционалдау жүйесінің нәтижесінде халықтың сонымен сақтандыру мүмкіндігі артты.
Соңғы 3 жылда банк жүйесінің депозиттері 3 есеге өсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша клиенттердің салымдары 1 415,3 млрд. теңгеге немесе 30,8%-ға айтарлықтай өсті. Клиенттер салымдарының негізгі үлесін заңды тұлғалардың салымдары (клиенттер салымдарының жалпы сомасынан 67,7%) құрады. Заңды тұлғалардың салымдары жыл басынан бастап 31,7%-ға, жеке тұлғалардың
салымдары – 29,1%-ға өсті. Бір жылдың ішінде 41,3%-дан 47,7%-ға дейін өскен валюталық салымдар үлесі өсуін жалғастырып жатқандығын атап айту керек, бұл банк жүйесінің долларлануы мəселесінің күшеюі мен теңге өтімділігінің тапшылығын растайды. Заңды жəне жеке тұлғалар салымдарының құрылымында барынша көп салыстырмалы үлес салмағы жиынтық салымдардың 68,1% құрайды.
Банк жүйесінің ресурстық базасының интенсивті өсуі экономика несиелеу арқылы дамуына мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда экономикадағы банк несиесі 4 есеге (5,4 млрд долларға) өсті – ЖҰӨ-ің 19 % алады. Қазіргі таңда банк активінің 58%-на жуығы экономикалық нақты секторын несиелеуге бөлініп қойылған.
Еліміздегі
жалпы экономикалық жағдайдың
əлсіреуі аясында сақтандыру
сыйлықақылары түсімі көлемінің
төмендеуі сақтандыру сегментіндегі
негізгі проблема ретінде
анықталды. Мысалы, 2008 жылғы
сияқты 2009 жылы да сақтандыру
секторында сақтандыру жалпы
сыйлықақылар көлемінің төмендеуі
байқалды. 2009 жылда тікелей
сақтандыру бойынша қабылданған
сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық
көлемі 2008 жылдың көрсеткіштерімен
салыстырғанда 15,1%-ға төмендей
отырып, 113,3 млрд. теңгені
құрады. Сақтандыру сыйлықақыларының
құрылымын талдай отырып, сыйлықақылардың
жалпы көлемінің төмендеуіне
ерікті мүліктік сақтандыру
бойынша сақтандыру сыйлықақылары
көлемінің 2008 жылғы көрсеткіштермен
салыстырғанда 28,1% -ға төмендеуі
себеп болды. Бұл ретте
сақтандыру нарығының даму
Қаржы секторының тағы бір маңызды бөлігі басып бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Оның дамуын бағалау біркелкі емес. Мемлекеттік бағалы қағаздардың ішінде Корпоративті бағалы қағаздардың дамуы жеткіліксіз. Соңғы жылдары өсуін байқаймыз.
KASE ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығының жалпы капиталдандырылуы 2009 жыл ішінде 2,2 есе 11 650,9 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл Қазақстан ЖІӨ-нің 73,0%-ын құрады. Қор биржасы капиталдануы өсуінің негізгі факторларының бірі сауда-саттықты ұйымдстырушының ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдары құнының өсуі болды.
2.1. Қаржы мен экономикалық өсу арасындағы байланыс
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектлері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты — қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса керсетеді. Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетгі шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс қүралының функциясын орындай отырып, капитал, яғни үдемелі қүн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол акщалай қаражаттардың дербес аясы ретіндегі, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретіңдегі қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.

- Қаржының мәні, объективтік қажеттігі
- Қаржының мәні, функциялар мен рөлі
- Қаржының мәні, функциялары және рөлі
- Қаржы ресурстары
- Қаржы ресурстарын басқару
- Қаржы салымы
- Қаржы саясаты
- Қаржы нарығы
- Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері
- Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері
- Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері
- қаржыны бақылау жүйесі
- Қаржыны басқару
- Қаржыны басқару