Қаржының мәні, функциялар мен рөлі

     Жоспары

Кіріспе

1. Қаржының мәні, функциялар мен рөлі

2. Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері , мақсаттары мен қағидалары

3. Қаржы механизмі - қаржы саясатын жүргізу тетігі

4. Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму болашағы 

Қорытынды 

Пайданылған әдебиеттер  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Экономикалық  қаржы секторының жоғары қарқынмен  дамуы әрбір елдің алдына қойған басты мақсаттарының бірі. Біздің елімізде де қаржы секторын дамыту және қаржы институттарына деген халық сенімін арттыру,  қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған жұмыстар жоспары айқындалып,  іс-жүзінде әрекет етуде. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда әлемдік экономикалық бірлестікке кіруіне толық сенім де және қаржы секторының дамуы ТМД елдерінің алында екенін және Шығыс Еуропа елдерінің даму  деңгейіне жетуге жақын қалғанын айта кетпеу керек.

     Саясат  мемлекет қызметітің барлық бағыттарын қамтиды.Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың  сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.Экономикалық және әлеуметтік даму  қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

     Қаржы саясаты – бұл қоғамнаң элеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі  міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану  жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды  бөлігі болып табылады.Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, бага және  кеден саясаты қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтіқ  саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.Қазіргі таңда қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап,  қайта құрылды. Осыған байланысты оның қазақстандық әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандарып одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттың табыстық үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

     Курстық жұмыстың мақсаты – еліміздің қаржы секторының ағымдағы жағдайын бағалау және қаржы жүйесінің экономикалық басқа секторларға әсеріне талдау жасау.

     Жұмыстың  құрылымы: жұмыстың негізгі бөлігі үш тараудан тұрады. Бірінші бөлімде: қаржы және саясатының мәні,  функциялары,  мазмұны,  міндеттері мен мақсаттары,  жеке қағидалары қарастырылып,  қаржы механизмін қалыптастыру жолдары көрсетілген.

     Екінші  бөлімде: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жағдайына талдау жасалды. Оның екінші деңгейі банктердің тәуекел рейтінін бағалу жүйесі, 2005-2006 жылдардағы, ағымдағы жағдайы кеңінен талданып,  олардың шағын және орта бизесті несиелеу жағдайы қарастырылды.

     Үшінші  бөлімде: Еліміздің қаржы жүйесінің бірінші даму мүмкіндіктерімен болашағы қарастырылып, оның ішінде ҚР-ң қаржы секторының даму болашағы, банк аясында инвестициялау мәселелрі: Чехияның банк жүйесінің даму тәжірбиесі, еліміздегі банк секторына қолдану шаралары қарастырылып, тереңінен талқыланды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Қаржының мәні, функциялар мен рөлі 

     Саясат  мемлекет қызметітің барлық бағыттарын қамтиды.Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың  сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.

     Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарды.Оңы жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орыңдаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалықмүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.

     Қаржы саясаты – бұл қоғамнаң элеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды бөлігі болып табылады.

     Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, бага және кеден саясаты қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтіқ саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.

     Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік  саясатты жүргізудің негізгі құралы долып табылатын қаржы саясатын анықтайды.

     Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің  қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және коғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.

     Мезгілінінң ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.

     Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезендері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.

     Қаржы тактикасы қаржы байланыстарды  ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта  топтастыру арқылы қоғамды дамытудың  нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды.Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен ( икемділігімен ) еркшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.

     Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады :

     1). Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;

     2). Дағдарысты жай – күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;

     3). Халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу  

2. Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары мен қағидалары 

     Қаржы саясаты – бұл қоғамнаң элеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі  міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану  жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды бөлігі болып табылады.

     Мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны айтарлықтай  күрделі,өйткені ол шаралардың ауқымды  кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру  стадияларын қамтиды, олар:

1)  экономикалық зандардың әрекеті, экономиканың жай – күйі, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген  тұжырымдамасын әзірлеу;

2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттарды мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және  тактикалық шараларын тұжырымдау;

3) белгіленген іс - әрекеттерді қаржы механизмі арқылы ( экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай жаңғырта және түзете отырып) іс жүзеге асыру.

     Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық зандардың іс - әрекетін есепке ала отырып, қоғамды  дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.

     Қазіргі кезенде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

     а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің  ерекшеліктері негізінде қаржы  ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын  көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

     ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық  сеторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

     б) экономикалық дамудың белгіленген  бағыттарын  орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

     Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған  байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті  жандандыра түсүге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі. 

3. Қаржы механизмі қаржы саясатын жүргізу тетігі 

     Қаржы саясвты нақты шаруашылық өмірде қаржы маханизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық жәнеәлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

     Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

     Қоғамдық  шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілелерінің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес ресрубликаның, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

      Жалпышараушылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі құрылымы бар  және ол айтарлықтай күрделі. Қаржылық өзара байланыстардың көптігі қаржыны  ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы мехнизмінің құрылымы қаржы қатынастарын топтастыру тұрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді.

      Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі (бөлігі), болгы, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды

     Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары,  ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің режімі, қаржыны ұйымдастыру.

     Қаржы механизмінің блогы (буыны) – бұл  жалпы мақсатты бағыттылық белгісі  бойынша біріккен біркелкі өзара  байланысты элементтердің жиынтығы.

      Қаржы мехназимінің элементі – бұл қарапайым  шаруашылық нысан,  ол арқылы қоғамдыө өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді. (1.1. сызбаны қараңыз)

    1. Сызба. Қаржы механизімінің жүйесі
 
ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ (ЖҮЙЕ)
ҚОСАЛҚЫ ЖҮЙЕЛЕР
ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖОСПАРЛАУ ҚАРЖЫ ТҰТҚАЛАРЫ МЕН  ЫНТАЛАНДЫРУ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖІМ
БЛОКТАР
Қаржы әдістері Қаржы тұтқалары Құқықтық  қамтамасыз ету Нормативтік қамтамасыз ету Ақпараттық  қамтамасыз ету
Жоспарлау,  болжау,  өзін-өзі  қаржыландыру,  инвестициялық  бағдарламалар,  кредит беру,  бағалы қағаздар шығару,  салық  салу,  есеп-қисап  жүйелері,  жалдау,  сақтандыру,  кепілдікті операциялар,  траст,  факторинг,  лизинг,  трансферреттер Табыс (пайда),  амортизациялық аударымдар,  қаржы  санкциялары,  баға,  жалдау ақысы,  дивиденттер,  пайздық мөлшерме,  дисконт Құқықтық  актілер,  заңдар,  жарғылар,  Үкімет қаулылары,  Қаржы министрілігінң,  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бұйрықтары,  өкімдері,  хаттары       Нұсақулар,  әдістемелік  нұсқаулар Компьютерлік  бағдарламалар,  бухгалтерлік есептеме,  статистикалық  есептеме,  оперативтік  есептеме
 

      Әрбір элемент бірыңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады,  бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элменттер келісуді талап  етеді.

     Қаржы механизмі элементтерінің – қаржы  қатынастарын ұйымдастырудың нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі «қаржы механизмінің конструктициясын» құрайды, ол мехназимнің әрбір элементінің сандық параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан әдістері қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі ұшйрайды,  өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалы,  табысты (пайданы) бөлудің әдістері және кәсіпорын мен мемлекет арасында оның бөлінуінің ара қатысы әлденеше рет өзгереді,  салықтардың мөлшерлемелері түзетіледі және т.бқаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның элементтерін жеке ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылық сақталынады, бұл – қаржы механизмі тиімділігінің кепілі.

      Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы механизмі қайта құрылуда. Қаржы механизмін қайта құрудың  мақсаты – нарықтық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықта қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол жұмыстың түпкілікті нәтижелері үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақтардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз етеді. 

4. Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму болашағы 

     Экономикалық қаржы секторының дамуы - әрбір мемлекеттің алдына қойылған мақсаты. Сол сияқты біз елімізде де соңғы біршама жылда халықтың қаржы институттарына деген сенімін арттыру қаржы жүйесінің тұрақтылығы нығайтуға бағытталған жұмыстар жүрді. Еліміз қазіргі таң да әлемдік экономикалық бірлестікке кіруге толық сенімде және қаржылық секторымыздың дамуы ТМД елдерінің алдында,  Шығыс Еуропа елдерінің даму қарқынына жетуге жақын.

     Соңғы жылдары ҚР-ң экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. ЖУӨ өзіндік құны соңғы соңғы 40 жылда 40 % құрады,  бұл көрсеткіш Еліміздің экономикасы жоғары темппен дамыған елдер тобына кіруіне мүмкіндік берді. 2006 жылдың І жартысында экономикалық өсу қарқыны 10, 2 % құрады. Экономиканың жоғары қарқын мен дамуы ішкі фактор  - өндірістік кәсіпорындардың дамуына және өсуіне қарқындылық тұрақтылығын сақтауына және  м.мкіндік берді.

     Сонымен қатар еліміздің ішкі позициясының өсу қарқыны айқындалды және төлем  болашағының жағдайы жақсара  түсті. Егер баға беретін болсақ,  осы жылдық бірінші жартысында экспроттың тауар көлемі 6, 2 млрд долларды құрады,  2005 жылмен салыстырғанда 40%-ға өскен. Сонымен қатар импорттайтын аймақ жалпы құны 12 %-ға өсіп,  4 млрд долларды құрады.

     Ұлттық  банктің басты мақсаты инфляцияның  төмен деңгейін құру. Соңғы 3 жылда  инфляцияның орташа жылдық мөлшері 13, 2 пайыздан 5, 9%-ға дейін төмендеді. 2005 жылдың соңғы 7 айлығында инфляция деңгейі 2, 3 %-ды құрады,  бұл осы қарастырып отырған 3 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Сол себептен Ұлттық банк қазіргі таңда инфляцияға ақша-несие саясатының әсер етунің оң жақатрын қарастыруда.

     Ішкі  нарық валюта ағымының көбеюі ҰБ-ке алтын валюта қорының арттуына себеп  болды,  оның көлемі 2006 жылдың 1 қыркүйегінде 4, 58 млрд долларға жетті. Сонымен қатар  Ұлттық қор,  мемлекеттік білім  беруді қамту және  әлемдік баға конъюнктурасына бюджеттің тәуелділігін жеделдету – 2, 7 млрд. Долларды құрайды.

     Қаржы жүйесінде банк секторы ең үлкен  және тез қарқынмен дамитындығын көрсетті. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан  банк секторы әлемдік ұйым және қаржылық берік,  динамикалық дамушы ретінде  бағалануда.

     Қазіргі таңда әлемдік стандарттық банк секторының қосылуы – осы аймақта жұмыстың күшеюіне және банктік қатаңдығын арттыруына бағытталған,  іс-шараларды жүргізуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар корпоративтік басқару жүйесі және екінші деңгейлі банктердің мәдениетін басқару шаралары да атқарылуда. Негізделген біздің елімізде 2003 жылдан бастап барлық банктер әлемдік стандартқа сай жұмыс істеуде.

     Банк  жүйесінің қуаттылығы артуда – валюталық  эквиланент негізінде банк жүйесінің меншігіндегі капиталының өзіндік құны 1, 3 млрд долларды құрайды. Банктік ресурстық бағасы телеппен өсуде, функционалдау жүйесінің нәтижесінде халықтың сонымен сақтандыру мүмкіндігі артты.

     Соңғы 3 жылда банк жүйесінің депозиттері 3 есеге өсті, яғни 4, 8 млрд доллар, сол себептен халықтың салымы (редседенттер еместерді қосқанда) -4, 1 есеге, яғни 2 млрд құрады.

     Банк  жүйесінің ресурстық базасының  интенсивті өсуі экономика несиелеу арқылы дамуына мүмкіндік  берді. Соңғы үш жылда экономикадағы  банк несиесі 4 есеге (5, 4 млрд долларға) өсті – ЖУӨ-ің 19 % алады. Қазіргі таңда банк активінің 58%-на жуығы экономикалық нақты секторын  несиелеуге бөлініп қойылған.

     Сонымен қатар халықтың сақтандыру жүйесіне деген сенімі артуда. Сақтандыру ұйымдарының  төлем қабілеттілігі мен қаржылық қуаттылығын көтеруге шаралар жүргізілуде. Сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталы – 4, 1 есеге көбейді, активтердің өзіндік құны – 3, 8 есеге,сақтандыру сыйлығының көлемі – 5 есеге, ал сақтандыру көлемі – 4 есеге көбейген.

     Қаржы секторының тағы бір маңызды бөлігі басып бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Оның дамуын бағалау біркелкі емес. Мемлекеттік бағалы қағаздардың ішінде Корпоративті бағалы қағаздардың дамуы жеткіліксіз. Соңғы жылдары өсуін байқаймыз.

     Қаржы жүйесінің қуаттылығын арттыру  сенімді төлем жүйесінің дамуынсыз мүмкін емес. Елімізде төлем жүйесі әлемдік банк жүйесінің ақша аударымы мен банктен төлеу жүйесінің принциптеріне сай жүргізіледі. 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     Қазіргі заманда нарық заңы жер бетінде  үстемдік жасап, өз дегеніне ырқына көндірмей қоймайды. Елбасы Н.Назарбаев ауқымды істерді атқарып, Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік – экономикалық деңгейін көтеруде, еліміздің материалдық – қаржылық базасын нығайтуда, қомақты істер атқарып келеді. Осы курстық жұмысты жазу барысында екінші деңгейлі банктердің қаржылық жағдайы, оның мән – жайын,кірісі, шығысы, қаржылық операциялардың іске асырылуына өзімше тоқталып, ашып көрсеттім.

     Қазақстан Республикасы экономикасының қарқынды өсіп дамуы жергілікті қаржы секторының, қаржы мекемелерін қызметтерімен тығыз байланысты болып отыр. Өйткені, экономикадағы қаржы секторының дамуы негізінде экономиканың өндіріс секторларын қажетті қаражаттармен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие боламыз. Кәсіпкерлер және ірі кәсіпорындар  өз қызметтерін толығыменен дұрыс орындамайды. Бюджетке түсіретін кірісті, салық төлемдерін, жерге, жергілікті жердің ресурстарына төлейтін төлемдері, т.б. уақытылы төлей алмайтын жағдайларға тап болып қалады.

     Бұған қоса мемлекеттің қаржы органдарына берген кейбір шешімдері де орындалмай жатады. Бұл көбіненсе ауданның, қаланың, селоның т.б. аймақтың экономикалық дамуына, бюджет тапшылығына, әлеуметтік-материалдық бағыттардағы іс-шараларға кері әсерін тигізеді. Бұл жерде айта кетеін нәрсе, ең басты кемшілік қаржы органдарының қаржыландырылуы көбінесе аймақтық  және территориалдық табыс көздерінің, ең бастысы – кәсіпорындардар мен мемлекетке бағынатын мекемелермен тығыз байланыста болмауы көбіне айқын көрініп тұрады. Мұны экономикалық алғышарттардың негізі деп қарастыруға да болады.

     Жалпы алғанда экономика саласында, соның ішінде экономикалық әдебиеттер, аудандық, аймақтық, оның қаржыландыруы, өзекті мәселелері, әдістемелік құралдары.т.б. материалдар аз. Сондықтан, көбінесе орыс басылымдарын пайдаланып, жергілікті газет басылымдарын пайдалануға тура келді. Қазіргі кезде, заман ағымына қарай, әрбір облыс, қала, аудан, село т.б. респудликалық бюджеттен өз үлесін алғанымен, ол жергілікті  халықтың әлеуметтік – материалдық жағдайын, білім және денсаулық, мәдени – тұрмыстық іс – шаралар өткізуде, жергілікті қаржы органдарының қаржылық деңгейінің шамасы келе бермейді. Сондықтан да мен өз курстық жұмысымда  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайданылған әдебиеттер 

  1. Берлин  С. И. Теория финансов. Учебное пособие. – Алматы: 2003-183 с.
  2. 2005-2006 жылдарындағы банк секторының ағымдағы жағдайы  // Қаржы хабаршысы. – 2006 №2 160-116
  3. Банк аясында инвестициялау // Саясат -2004. №2 75-76
  4. Донцов С.С. Банковское система Казахстана – крупнейший институциональный инвестор национального фондового рынка // Аль-Пари-2004 №2-3. с 40-46
  5. «Астана-Финанс» // Банки Каз.-2003.№10 с 52-53
  6. Банк развития Казахстана // Панорама – 2002 20 сентябрь с7
  7. Финансы понят. Романсы // Котинент 2001 №24 – с 14-15
  8. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001
  9. Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында”. Алматы, 2005 жыл, 14 бет.
  10. Финансовое управление компанией. Москва, Фонд “Правовая культура” 1996 жыл.
  11. Лобанова Е.Н., Лимитовский  М.А. “Управление финансами”. Москва, “Новости”.1993 г.
  12. Г.Б.Поляк “Финансы местных советов”. Москва, “Финансы и статистика” 1991 ж.
Қаржының мәні, функциялар мен рөлі