Қаржының мәні, функциялары және рөлі
АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика
және бизнес факультеті
Макро-микроэкономика
кафедрасы
БІТІРУ
ЖҰМЫСЫ
ҚР
ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ
БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ
ЖҮЙЕСІ
Орындаушы:
(Қолы, күні)
Ғылыми жетекші:
(Қолы,
күні)
Норма бақылаушы:
(Қолы, күні)
Кафедра жетекшісімен
қорғауға
жіберілді:
(Қолы, күні)
Алматы 2005
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................... .............................. .............................. .............................. .3
1
БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ
БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ ШОЛУ.......................... .............................. .............................. .............................. .5
1.1
Дебиторлық борыштар
есебінің сипаты............... .............................. .......5
1.2
ҚР Ұлттық банкі,
оның атқаратын функцияларына
сипаттама.....................
1.3
ҚР Ұлттық банкінің
дебиторлармен жүргізілетін
операциялар есебі.............
2
ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ
ЖҮЙЕ.......................... ................24
2.1 Ақпараттық
жүйені құрудың маңыздылығы
.............................. ..........24
2.2 ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы...........24
2.3
Ақпараттық жүйеге
қойылатын талаптар............ .............................. ....33
3
ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР
ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ
ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ...............
3.1
“Іссапарлар шығыстарының
есебі” ақпараттық
жүйесіндегі тапсырманың
қойылымы...................... .............................. ............................. 40
3.2
Ақпараттық база............... .............................. .............................. ................45
3.3
Тапсырманың математикалық
сипаттамасы................... .............................. .............................. ......................…51
3.4
Программалық жабдықтау........
3.5
Ақпараттық өнімнің
анализі және оны
пайдалану кеңестері...........
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ӘДЕБИЕТТЕР....................
ҚОСЫМШАЛАР....................
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.
Көптеген кәсіпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты кез келген мүлік секілді сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап ететін бағалы ресурс ретінде қарастырады. Өндірістік және шаруашылық қызметті басқаруға қажетті ақпарат алу мақсатында кәсіпорын бухгалтерлік ақпараттық жүйесін құрады.
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектті басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және оны сыртқа шығару жүйесі.
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйесінің қазіргі нарығы өте үлкен қарқынмен дамуда. Оның даму тенденциясын келесідей факторлар арқылы айқындауға болады.
Біріншісі
Қазақстан Республикасының
Екіншісі барлық есеп саясатының, есеп әдістемелері мен әдістерінің өзгеруіне алып келген халықаралық есеп талаптарына сай, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп стандарттарының жасалуы мен енгізілуіне байланысты.
Үшіншісі – бұл қарқынды түрде дербес компьютерлер мен программалық өнімдердің сырттан әкелінуі.
Төртіншісі – бұл телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы техникалық және программалық-ақпараттық платформалардың енгізілуіне негізделген жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы.
Бұл бітіру жұмысы іс-сапарлар шығыстары есебінің ақпараттық жүйесіне негізделген.
Бітіру жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып беруді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, бухгалтерияда ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға арналған іссапарлар шығыстары есебінің ақпараттық жүйесін құру.
Бітіру жұмысы кіріспеден, банктегі дебиторлық борыштар есебі, экономикадағы ақпараттық жүйе және дебиторлық борыштар есебінің “іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесін жобалау бөлімдерінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Банктегі дебиторлық борыштар есебі бөлімінде пәндік облыс, ҚР Ұлттық банкі мен оның атқаратын функцияларына сипаттама, ҚР Ұлттық банкінің дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі келтірілген.
Экономикадағы ақпараттық жүйе бөлімінде ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы, ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы, оның ақпараттық, программалық, техникалық, математикалық, лингвистикалық және ұйымдастырушылық жабдықтаулардың құрылымына қойылатын талаптар мен дебиторлық борыштар есебінің“Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы берілген.
Дебиторлық
борыштар есебінің ақпаратық жүйесі
бөлімінде “Іссапарлар
1. БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ ШОЛУ
1.1 Дебиторлық борыштар есебінің сипаты
Дебиторлық борыш – заңды немесе жеке тұлғамен өзара шаруашылық қатынастың қорытындысында олардан кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген төленбеген борыштың сомасы. Кәсіпорынның дебиторлық борышының болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мақсатқа жұмсалғандығы ретінде, демек, кәсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде қаралады.
Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның 13.11.96 ж. № 2 “Концептуалды негізде қаржылық есептерді дайындау және тапсыру туралы” Жарғысында “дебиторлық борыш заңдық құқықтарымен қоса, иелік ету құқығымен байланысты актив болып табылады” делінген.
Жалпы актив ұғымымен мүлік, мүліктік немесе мүліктік емес игліктер және құндық бағаға ие тұлғаның құқықтары түсінділеріледі. Актив түріндегі болашақ экономикалық пайда – бұл тұлғаның ақшалай құрал-жабдықтарының айналымына салынған потенциалды тікелей немесе жанама салым.
Осыдан шығатыны, дебиторлық борыш – бұл заңдық құқықтарымен қоса, иелік ету құқығымен байланысты актив түріндегі болашақ экономикалық пайда. /15.78б/
1997
ж. қабылданған Бухгалтерлік
- 30 “Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары ”;
- 31 “Күмәнді борыштар резервтері”;
- 32 “Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борыштары”;
- 33 “Басқа да дебиторлық борыштар ”;
- 34 “Болашақ кезеңдердің шығыстары”;
- 35 “Берілген аванстар”.
33 “Басқа да дебиторлық борыштар” бөлімшесіне келесідей шоттар кіреді:
- Өтеуге қосылған құн салығы (331);
- Есептелген пайыздар (332);
- Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары (333);
- Басқа да дебиторлық борыштар (334).
Нақты 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотына тоқталайық. Бұл шотта келесідей дебиторлық борыштар есепке алынады:
- есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу;
- қарыздар беру;
- материалдық залалдардарды өтеу.
Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар есебі
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі аясында жұмысшыларын қызметтік іссапарларға жіберіп отырады, дүкеннен кеңсе бұйымдарын сатып алады, пошталық аударымдарды төлейді және т.с.с. басқа да шығыстары болады. Осындай шығыстарды ылғи да банк мекемелерімен қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы төлеу мүмкін емес. Сондықтан жоғарыда көрсетілген және т.б. шығыстарды төлеу үшін жұмысшыларға олардың есеп берулері арқылы қолма-қол ақша беріледі. Ақша кәсіпорын жетекшісімен бекітілген есеп айырысуға сәйкес беріледі. Аванстар нақты шығыстарды өтеуге қажетті кезде ғана жетекшінің тапсыруымен есеп беру арқылы алынған сомманы жұмсауға рұқсат етілген қызметкерлерге, сонымен қатар, қызметтік іссапарға жіберілген тұлғаларға беріледі. Қызметтік іссапарға ақша іссапарға жіберілген тұлғаларға екі жақты жол ақысын төлеуге, тәуліктік шығындарды және іссапар мерзімі бойы пәтер жалдауға кеткен шығындарды өтеу үшін беріледі. Есеп беру арқылы алынған сомманы жұмсау бухгалтерияға белгіленген мерзімінде тапсырылатын сәйкес құжаттар бойынша, жалпылама түрде аванстық есеп беру арқылы жүзеге асырылады.
Аванстарды кассадан беру тек алдыңғы берілген аванстармен толық есеп айырылысқаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Есеп айырыспаған немесе белгіленген мерзімде алдыңғы есеп беру арқылы алынған сомманың жұмсалмаған бөлігін қайтармаған тұлғалар дисциплинарлық жауапкершілікке, қажет болған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тұлға аванстың уақытында қайтарылмаған бөлігін жұмысшының жалақысынан ұстап қалуға хұқылы, егер де жұмысшы ұсталымның негізі мен көлеміне қарсы болмаса. Ұсталымдар дәл сол уақытта немесе кейінірек жұмысшы жалақысының қай бөлігінің басқа да төлем шараларынан бос болуына қарамастан жүргізілуі мүмкін. Ұсталымдарды жүргізуге бұйрық авансты қайтаруға бекітілген уақыттан кейін бір ай ішінде берілуі қажет. Бұл мерзімді өткізіп алған жағдайда әкімшілік сәйкес соммаларды ұстап қалу құқығынан айырылады. Осындай жағдайда немесе жұмысшы ұсталымның негізі мен көлеміне қарсы болған жағдайда, төлем шаралары сот шешімімен жүзеге асырылады. Аванстық есеп берумен жұмсалған соммалар жұмысшыға кассадан беріледі. Аванстық есеп берулер бухгалтериямен тексеріледі және содан кейін кәсіпорын жетекшісімен бекітіледі. Дұрыс жасалмаған аванстық есеп берулер мен оған қосымша құжаттар есеп беруші тұлғаларға қайта дайындауы үшін қайтарылады. Аванстық есеп беруге қосымша құжаттар мөрмен немесе қолмен жазылған “Төленді” немесе “Өтелді” деген жазулар мен датаның (жылдың, күннің және айдың) көрсетілуімен бекітіледі.
Іссапарда жүрген уақытта іссапрадың әр күніне бекітілген көлемде (заңмен бекітілген 50%-дық минималды есептік көрсеткіш бойынша) тәулікақы төленіп тұрады. Демалыс күндері, мереке күндері, сонымен қатар, жолда өткізген күндер де, соның ішінде жолда тоқтауға мәжбүр болған уақыт та ескерілуі тиіс.
Пәтер жалдау бойынша шығыстарды өтеу бекітілген мөлшерден аспайтын көрсетілген шоттар негізінде жүзеге асырылады. Іссапар орнында болуды Іссапарда болған орындарды айқындау мақсатында іссапар куәлігі толтырылып отырады. Іссапар уақыты жол жүруге кеткен уақытты есептемегендегі берілген мерзімнен аспауы тиіс. Пәтер жалдау бойынша шығыстары өтеу құжаттары көрсетілген жағдайда қызметтік іссапарлар тәулікақысының 50%-дық нормасы көлемінде өтеледі. Ал егер іссапар орнына бару мен қайтудың жол жүру құжаттары болмаса, онда шығыстарды өтеу мәселесі жетекшімен бекітілген тәртіп бойынша шешіледі.
Егер де жұмысшы іссапарға шетелге жіберілетін болса, онда іссапарға кету күні мен қайтып оралу күні бір күнге есептеледі. 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шот дебеті бойынша жазбалар келесі шоттардың кредиттерінен алынады: 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” – кассадан есеп беру арқылы аванстық есеп беруді төлеген кезде; 441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотынан – аванстарды есеп беру арқылы поштадан аударғанда; 334 “ Басқа да дебиторлық борыштар” шотынан – есеп беру арқылы аванстық чек кітапшаларын беру кезінде; 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шотынан – мемлекеттік баж салығының маркаларын, пошталық маркаларды және т.б. есеп беру арқылы беру кезінде. 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотының кредиті бойынша жазбалар келесі шоттардың дебетерінен алынады: “Материалдар” бөлімшесінің шоттары (201 – 206, 208) бойынша 222 “Сатып алынған тауарлар”, 223 “Басқа да тауарлар” шоттардан – тауарлы материалдық құндылықтарды сатып алу мен транспорттық даярлауды жіргүзуге кеткен шығыстар соммасы; 821 “Жалпы және әкімшілік шығыстар” шоттан – іссапарлық, пошталық, телеграфтық және т.б. шығыстар үшін; 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шотынан – авансты кассаға қайтарған кездегі; 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шотынан – авансты жалақыдан ұстап қалу кезінде; 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотынан – есеп беруші тұлғаны жауапқа тарту кезінде, егер де жұмсалған ақшаны оның жалақысынан ұстап қалу мүмкін болмаған жағдайда.
Есеп беруші тұлғалармен (шетелдегі қызметтік іссапарлар, өкілеттік және т.б. шығыстар бойынша) есеп айырысулар шетел валютасымен жүзеге асырылады. Есеп беру арқылы валюта беру бойынша 333 шот пен “Есеп беретін тұлғалармен шетел валютасымен есеп айырысу” қосалқы шоты арқылы дебеттелсе, 451 “ Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шоты бойынша кредиттеледі. Шығыстарды шығарып тастау 821 “Жалпы және әкімшілік шығыстар”, 935 “Басқа да шығыстар” шоттарының және т.б. дебеттері бойынша және 333 шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.
333
және 452 шоттар бойынша валюталық
операциялар теңгелік
Кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмысшылармен есеп айырысулар
Бірінші нұсқа. Кәсіпорын өз жұмысшыларымен міндеттеме тапсырмасы негізінде олардың жалақыларынан кезекті төлемдерді ұстап қалып, оларды сауда ұйымдарына аударады. Бұл операциялар сәйкесінше, 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шоты мен 333 шот дебеттерінде және 333 шот пен 441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотының кредиттерінде көрсетіледі.
Екінші нұсқа. Кәсіпорын сауда ұйымдарына кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмыс істейтін жұмысшыларынан тиісті соммаларды толығымен өтейді. Мұндай төлемдер үшін кәсіпорын банктен жұмысшылардың жалақыларынан кезекті ұсталымдар мөлшерінде төленіп тұратын несие алуы мүмкін. Әдетте, банкпен берген кредитіне байланысты жүргізілетін сауда ұйымдарының кредитке сатылған тауарлар бойынша есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде 333 шот дебеттеледі де, 603 “Басқа да кредиттер” шоты кредиттеледі. Ал жұмысшылар жалақысынан кезекті төлемдерді ұстап қалу кезінде 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шоты дебеттеледі де, 333 шот кредиттеледі. Банкке борыштарды өтеу төлемдерін аудару 603 “Басқа да кредиттер” шоты дебетінде және 451 шоттың немесе 441 шоттың кредитінде көрсетіледі.
Тауарларды
кредитке сатып алған тұлғалар басқа
кәсіпорынға ауысқан кезде
Берілген қарыздар бойынша есеп айырысулар
Бұл есеп айырысулар жеке үй құрылысына, бақша үйлерін салуға және т.б. жеке қажеттіліктерге берілген қарыздар бойынша жүргізіледі. Қарыздар бекітілген пайыздық қойылыммен беріледі.
Егер
де құрылыс салушы қарызды басқа
мақсатта пайдаланатын болса, онда кәсіпорын
жедел түрде берілген қарыздың толығымен
қайтарылуын талап етуге
Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысулар
Бухгалтерия ақша құралдарын, тауарлы-материалдық және т.б. құндылықтар түрлерін қатаң бақылауға және сақтауды қамтамасыз етуге, жетіспеушіліктер мен жоғалымдарға кінәлі тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершілікке тартуға міндетті. 333 шотта және “Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысу” қосалқы шотында ақша құралдары мен тауарлы-материалды құндылықтардың жетіспеушіліктері мен жоғалымдарының өтеу бойынша есеп айырысу ескеріледі. Кәсіпорынға жетіспеушіліктері мен жоғалымдар бойынша тигізілген залалдар соммасы бөлшек сауда бағасымен есептеледі, егер заңмен тигізілген залалды анықтаудың басқа да реттері қарастырылмаса.
Кінәлі
тұлғалардан ұстап қалынатын
төлем шаралары 333 шоттың дебетінде
және мынадай бөлімшелердің
Жетіспейтін,
жұмсалған және жоғалған соммалар кінәлі
тұлғалардан олардың төлем
Борышкерлердің төлем қабітеттілігінің болмауынан борыштардың сызылып тасталуы оның толық жойылуы деп саналмайды. Сонымен қатар, соммалар 007 “Төлем қабілеттілігі жоқ борышкерлердің залалдарға сызылып тасталған борышы” баланстық шотында сызылғаннан кейінгі бес жыл ішінде көрсетілуі тиіс. Бухгалтерия борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда, айып төлеу шараларын жүргізу мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс.
1.2 ҚР Ұлттық банкі, оның атқаратын функцияларына сипаттама
Елімізде
қабылданған банктік
ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) – екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, Орталық банк экономикамызда басты орын алады./10.48б/
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық
банктің тарапынан ақша-
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Ұлттық
банк – бұл ақшалай резервтерді
құрайтын, оған қоса меншікті алтын
валюта резервтерден, басқа да материалдық
бағалықтардан тұратын
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі мынадай құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Бельгияда);
- орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та);
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады./25.77б/
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері – 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік-құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық
банк резервтік және басқа да қорларды
құрайды. Резервтік қор жарғылық
қор көлемінде құралып, меншікті
пайда есебімен толықтырылады және
жүргізген операцияларға
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық
банктің таза табысы жарғылық қорды
және резервтік қорды абсолюттік
соммада құрауға бағытталады. Таза
табыстың қалған бөлігі келесі қаржы
жылындағы республикалық
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу;
- ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

- Қаржы ресурстары
- Қаржы ресурстарын басқару
- Қаржы салымы
- Қаржы саясаты
- Қаржы саясаты мен қаржы механизмі
- Қаржы саясатының ұғымы, міндеті, мақсаты және қағидалары
- Қаржы тәуекелін басқару
- Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері
- қаржыны бақылау жүйесі
- Қаржыны басқару
- Қаржыны басқару
- Қаржының мәні және объективтік қажеттілігі
- Қаржының мәні, объективтік қажеттігі
- Қаржының мәні, функциялар мен рөлі