Аудит. 2

Жоспары:

 

  1. Аудиттің түрі мен оның мазмұны                 

 

  1. Ішкі аудит, оның ерекшелігі

 

  1. Ішкі аудиттың объектісі мен мақсаты

 

Қорытыныды.

Қоданылған әдебиеттер.

Қосымша: келісім  – шарт, хат – міндеттеме, аудит  жоспары мен бағдарламасы, аудиторлық есеп беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Аудит – ғылыми білімдердің жаңа саласы ретінде, оның теориялық және әсіресе практикалық  мәселелерін одан әрі жетілдіре  түсінуді қажетсінеді.

Қаржылық есеп беру, оның негізгі тағайындалуы деректердің  сенімділігін айқындаудан тұратын, аудиттің ең маңызды объектісі болып табылады. Шаруашылық айналымына қатысушыларды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, барлық ұйымдар сенімді ақпарат алуға әрқашанда мүдделі.  Есептің сенімділігін тәуелсіз сарапшы растап, бекіте алады және ондай сарапшы – аудитор болып саналады.

Аудитор немесе аудиторлық ұйым тексеру аяқталған  соң, тапсырыс берішеге, қаржылық есеп берудің сенімділігі, ұйымның балансы  мен жиынтық кірісінің шынайылығы туралы стандартты аудиторлық есепті ғана емес, сонымен бірге, аудит барысында анықталған оның шаруашылық қызметіндегі кемшіліктерді қоспағанда, барлық жайлар туралы аудиторлық тексеру формасында толық ақпарат тапсыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының  бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикағы өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-қүқықтық нысандары (акционерлік қогамдар, әр түрлі меншіктегі қоғамдар, ондірістік кооперативтер жоне т.б.) мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикадық бақылау жүйелері механизмдеріне түбегейлі әсер етті.

Бақылау-тексеруші  қызметтер қүрылымдары мен бақылау  түрлерінде түбегейлі өзгерістер болды.

Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Басқарудың барлық жүйесі мен деңгейлерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуте мүмкіндік беретін жаңа бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар пайда болды және әрекететіп жүр.

Қазіргі нарық  жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен (тексерілетін субъект жекеген жағдайда бюджеттік қара-жаттар есебінен) шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық үйымдар (фирмалар) жүргізеді.

Соңғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бакылау жүйесін   құру,   аудитор   кадрларды  дайындау   жоне   олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, қүқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді. Аудит бойынша жарық көрген оқу және практикалық

құралдардың саны болмашы ғана. Аудит тарихы, проблемалары, оның даму және қалыптасу тәжірибелерін экономист ғалымдар мен практиктер әр түрлі журналдар мен басқа мерзімді басылымдар беттерінде қарастырып келеді.        Бірақ осы басылымдардың бәрі орыс тілінде ғана шығады. Біз бұл жерде республикамыздың жогары оқу орьндарында (мемлекетгік және мемлекеттік емес) мемлекеттік тілде оқитын студенттер санының жылдан-жылға көбейтіп келе жатқанын айта кетуіміз керек.

Аудиттің   ақпараттық    негізі    бухгалтерлік    есеп    болып табылатындықтан үйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік

есептеме нақтылығымен олардьң аудиторлык дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және кызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды іске асыру ушін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсіддерін қолдана білуі керск.

Міне, осының бәрі, нарық жағдайындагы аудит негіздері, сонымен қатар меншіктің әр түрлі нысанындағы өндірістік кәсіпорындарға аудиторлық тексеру жүргізуді үйымдастыру мен оның әдістемесі ашып көрсетілетін қазақ тіліндегі оқу-практикалык құралға деген қажеттілігі тудырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еліміздің экономикалык нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл — аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бүл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алгашкыда "тыңдаушы» деген мағынада қолданылғаң. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қаңдай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Аудитор латынның "audio" деген сөзінен шыққан, ягни ол "тыңдап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жүмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап – басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор" - "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тындайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

Аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит  мамандарының кәсіпкер ретінде келісім  – шарт бойынша тапсырушылардың  шаруашылық – табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әр түрлі түсініктеме қызметін көрсету. Себебі, аудит көлем – объектісі шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімнің аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай ақпарат болмасын оның мәліметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасаудағы бірден – бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себебі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің ақпараты басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізі түсінікті болған сияқты.

Аудиттің  мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет.

  1. Шаруашылық субъект.

Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субъектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық параметрлері құрайды. Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсаты қарастырлуы қажет.Мысалы, заң субъектілері немесе экономикалық объектіге қосылмайтын информациялар жүйесі.

  1. Информация.

Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген ақпарат қарастырылады. Аудитор  олардың дұрыстығын дәлелдеп, өзінің жаңа мәліметтерін құрайды. Сол жұмыс  барысында олардан кемшілік табуы  немесе дұрыс еместігін анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі себептен болуы мүмкін: 1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен; 2) ақпарат дұрыс жасалмағандықтан.

 

  1. Аудитордың мамандығы.

Аудит жүргізуші жоғары дәрежедегі, өз мамандығын жақсы меңгерген, эксперт, білгір адам болуы қажет. Аудит барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап, талдау жасайды, бір тұжырымға келтіріп, қорытынды жасауына пайдалана алатын болуы қажет.

  1. Фактілерді жинау және бақылау.

Аудитордың  негізгі мақсаты – ол факті  жинау. Себебі ол фактілер арқылы ол өзінің аудиторлық ақпаратын жасайды.

  1. Аудит стандарты.

Жиналған  фактілер, мәліметтер өз кезегінде  бір жүйеге келтірілуі қажет. Оған негіз  аудит стандарты. Стандарт дегеніміз  мәліметті бір жүйеге келтіру  әдісі немесе нормативтік ереже  – нұсқау талабына сәйкес бір қалыпқа келтіру.

  1. Аудитор ақпараты.

Аудитор өз жұмысының қорытындысын тексеру  барысында анықталған кемшіліктердің мазмұнын, өзінің аудиторлық қорытындысын ақпаратында көрсетеді.

Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп лауазымды қызметкерлердін корытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерлі "аудитор" деп атаған.  Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметіңде есеп берудің жазбаша турінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба қүжатты қолдану әр түрлі етіп жазуға, озгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет

беруде көзбе-коз отырғанда, есеп беруші өтірік айта  алмайды деген. Қазактың: "бет көрсе- жүз ұялады", - деген ұлы сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден "тындаушы" мен саған "сенемін" - деген, ал оз кезегінде есеп беруші "сеніміңізді" ақтаймын" - деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп түжырымдауға болады.

Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүрпзуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын "алган. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз

болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі  екеніне улкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайьндау өте қажет жүмыс деп табылган.

Америка Қүрама Штатындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жүмыстарын, атқаратын функциясын зерттеу қорытындысына: "бұл аудит-қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруга, талдауға түрарлық жүмыс, біздің жагдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен ондірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді - деп жазган.

Аудит мамандарын шет елдерде ор түрлі  атайды. Мысалы АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда - ревизор, Францияда- бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда  - шаруашылық басқарушысы және тагы басқадай деп те атайды.

Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің  бухгалтерлік  қорытынды   есебін  тексеру,   оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады.

Аудитордың  ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау аркылы аудиторлық корытынды жасау.

Дамыған   елдерде   ерте  кезден   бастап   аудит  жұмысьш шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды,  ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап,  аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет корсетеді.  Мысалы,  бухгалтерлік есеп жүмысын ұйымдастыру туралы? салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы банк операцияларьн   жүргізу туралы   түжырымдамаға   кеңес,   тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол - шаруашылық субъектілеріне, ондіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шүғылдануында. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.

Үшіншіден, аудит жүмысы ақша, құнды қагаз қаржысы мен   кәсіпкерлік  жасайтындардың  ягни,   қаржы  компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет) мәліметтерін тексеріп озінің аудиторлық қорытындысын жасауы. Өз кезегінде осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жүмыс істеуіне кепілдік береді. Қорыта келгенде, аүдитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатьш кэсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым – қатынасқа түседі. Мысалы банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық жагдайының түрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты, кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болуы қажет.

Осы жоғарыда айтылган аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік есебі тек қана аудитор қорытьндысы болған жагдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-ақпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасаганнан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорндармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу үшін мққтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дүрыстығын анықтайтын -аудит жүмысының қажеттілігін тудырады.

 

 

 

Аудитке қажеттілікті тудыратын объективтік  жағдайлар

  • Инвесторлар_ мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе, кәсіпорьн әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
  • кәсіпорын. әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дүрыс болмаса, соған сәйкес шаруашьыықты басқару шешімі дүрыс болмауынан;
  • кәсіпорың әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
  • кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне сойкес, "коммерциялық құпияны" сақтауға байланысты, есепке алынган мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.

Америкалық  бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – экономикалық іс – әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі»

Классикалык ұғымда аудит - кәсіпорында жұмыс  істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай каржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1)  Кәсіпкерліктің  дамуы мен капитал өсуінің  эсері;

2) Өзін-өзі реттеуте  ұмтылатын ұйымдар санының арта  түсуі;

3) Экономикалык  тұрақтылықты, меншік иеленушілерге  және кредиторларға олардың салған  ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;

4) Компаниялардың  операциясы көп әрі күрделі  болуы мүмкін, пайдаланушылар ол  туралы акпаратты дербес алуға  мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың  қызметіне мұктаж;

5) Қаржылык ақпаратты  пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тэжірибелері жиі бола бермейді;

6) Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет. (36, 4-6).

Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік коғамдардың: серіктестіктердің және басқа, да шаруашылык жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жана бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Аудиторлық  іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В. Соколовтың айтуынша,   тексерудің   мақсаты   -   кемшіліктерді   құрту   және жамандыкты жою. ал аудиттің мақсаты   - кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.

Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні коғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ак мәліметтері нақтылық пен анықтығына карай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі мақсаттарды көздейтін занды және жеке тұлгалар, басқарулы онтайландыру. Экономикалық кызметтердің тиімділігін арттыру, кенес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жаталы.

Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылануы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық кызметі кіретін болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен расталуының (немесе рас болмауының) толықтығы мен анықтығын тиянақты тексеру, ягни кәсіпорынның қаржылык есеп беруінің нақты каржылық жагдайымен қаншалыкты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады.

Бұл туралы ХАС (МСА) 200-де әлдеқайда рет-ретімен 
айтылған. Онда былай делінген: каржылык есеп беру аудитінің мақсаты белгіленген   талалтарға   сәйкес   барлық   елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

Бұл негізгі мақсат экономикялык әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді,  шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толыктырылуы мүмкін.

Егер    аудиттің    объектісіне    кәсіпорындағы    бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса. онда аудиттің  мақсатына оның қолданыстағы   заңнын   талаптарына,   шаруашылық   жүргізу субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат осы қызметтің тиімділігін багалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылыгы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түркілікті нәтижесіне кол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру  барысында клиенттің коммерциялык қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы коса өседі.

Алға  қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу  үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшелеп мыналарды бөліп көрсету керек:

1) Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейіп азайту;

2) Шешім қабылдаудың  логикалық түрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;

3) Кэсіпорын  экономикасын немесе онын белгілі бір қызметі түрінің, оның ішінде. инвестициялык, маркетингтік жэне сырткы экономикстік қызметін жүйелі талдау;

4) Кәсіпорын кызметі және оның жарғысынын бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын (негізділігін) гексеру;

5) Занның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дүрыстығын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің каржылык жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың камтамасыз етілуін бақылау;

6) Занды белігілейтін  бастапқы құжатгар мен олардың  шынайы мазмұнына шаруашылық  операиияларынын каншалықты сәйкесетіндігін тексеру.

7)  Кәсіпорыннын  өндірістік,  маркетингтік,  инвестициялык және басқа кызметтерін бакылау мен есебі саласындагы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кенес беру кызметін көрсету;

8) Клиенттің   меншігін   бекітіп   беруге,  оның  бизнесінің тиімділігін арттыруға жэне кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

        Аудиттің ең накты міндеттері алга қойылған максаттарға, оның турлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитге оның саны ақпараттык базаның ұлғаюына,талдамалы  рәсімдері акценттерінің өзгеруіне қарай артады.

Осылайша, аудит -  бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді кызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.

Аудиторлық  қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының   біріне   тексеру   жатады.   «Тексеру»   термині   латыннын «revisio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «кайта карау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» «тексеріс жургізетін тұлға» дегенді білдіреді.

Отандық   оқулықтар    мен    гылыми    әдебиеттерде,    ТМД елдерінде   әдетте «ревизия» ұғымының магынасы анық емес.

Мысалы,   Н.Т.   Белухинде  «тексеру  (ревизия)»    бақылаудан кейінгі   негізгі   форма.   Оның   басқа   бақылау   формаларынан айырмашылығы   -    объектіні   тексеру   барысында    іріктемесі құжаттық дәлелдерге негізетілген тексеру-бакылау рәсімдері мен әдістік   тәсілдер,   әр   турлі   акпарат   көздері  пайдаланылады. Тексеруге    мыналар    тән:    қүндылыктардың    кем    шығуын, залалды   анықтаудағы     нақтылық,  онын далелдеу жүйесі   орнықты   (әдеттен   тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі ведомость),    материалды    жауапты    тұлғаның    түсініктемесі түсіндірме жазбасы және т.б.

Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдекайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы. Тэуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы корытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.

Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана камтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен шаруашылык жүргізуші субъектілер қызметін оңтайландыру женіндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзінше бір (езгеше) сараптамасы ретінде баяндалады.

Кәсіби аудиттің осы замангы даму кезеңінде «аудит» және «аудиторлық кызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі.

Аудиторлық қызмет бұған коса есепті үйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікгі бәсендетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр турлі кеңес беру мен кәсіби кызмет көрсетулерді камтиды.

Аудитор, адвокат, дәрігер, музыкант, суретші және шығармашылықтың (творчество) адамдары сияқты еркін кәсіптің өкілі болып табылады, ал аудиттің кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде дамыған елдерде беделі (рейтингісі) жогары. Шетелдік сарапшы   ұйымдар   жиі   өткізетен   қоғамдық   сұрау   салудың қорытындысы бойынша бухгалтер-аудитор кәсібі адвокат және дәрігер кәсіптерімен тең бәсекелесіп, алғашқы үш орыннын бірін түрақты   иеленеді   екен.   XX   ғасырдың   80-інші   жылдарының соңында    біздің    елімізде    пайла    болған    аудиторлық    кәсіп бухгалтерлік    есеп,  қаржы,    бақылау,    құқық,    менеджмент, стратегиялык және ағымдык жоспарлау ұлттық  экономиканың әр түрлі салаларын баскаруды ұйымдастыру сапаларындағы жоғары білікті мамандар үшін келешегі зор әрі абыройлы қызмет туріне айналып үлгерді.

Аудиттың көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты зерттеуге арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдері әр түрлі анықталады. Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде бірінші болып аудиторлық қызметті құрган ел.

Ежелгі  Қытай жазбалары біздін эрамызға дейін 700-ші жылдың өзіңде-ақ, Бас аудитор қызметінін болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалану қүқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міңдеттері, қүқығы мен түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты озгеріп отырған.

Бір авторлар аудиттің пайда болуын бухгалтерлік есептің  арнайы гылыми білімінің бір саласы ретінде қалыптасу кезеңіне апаруға болады деп санайды. Бухгалтерлік есеп жоніндегі алгашқы гылыми қітапты белгілі итальян математигі Лука Пачолли (1445-1515) жазганы белгілі. 1494 жыльы_жарыққа оның "Шоттар мен жазбалар туралы трактат" атты еңбегі шықты. "Қалай, неге және кіммен көп жерлерде көпестік кітаптар куәландырылады" атты 7-тарауында Италияның түрлі жерлерінде көпестік кітаптар ресми түрде көпестер үшін арнайы бюроларда тіркелетіні айтылған. Бюро қызметкерлері бұл кітаптың бірінші бетінде оларды өзінің жазуымен куөландырып, мөрмен бекітеді. Бұл жоғары мақтауға түратын жагдай деп атап корсетеді Лука Пачолли. Өйткені, біреуін сатып алушыға, екіншісін сатушыға көрсететін екі түрлі кітап ұстайтын адамдар көп. Тағы бір ерекшелік, осы кітаптарга негізделе отырып олар ант береді. Егер кітапты бюрога тіркеуге тапсыратын болса, өтірік айту, соныменен озінің жақындарыңды да алдау соншалықты оңай емес. Осы кітаптар мүқият белгіленіп, дүрыс тіркелген уақытта алаңсыз үйіне барып, өзінің істеріңді жазуды бастай бер деп жазады.

1773 жылы Шотландия астанасы - Эдинбургтің адрестік кітабында  жеті  аудитордың  есімі _жазьлған.  Кейінірек, 1854 жылы  мұнда бухгалтер - аудиторларды біріктірген "Бухгалтерлер қоғамы"   қүрылды".   Бұлл   жеке   авторларга   "батыс   елдерінде кәсіпқой аудит Шотландияда XIX ғасырдың ортасында пайда болды деген  қорытынды  жасауға  негіз  болды.   К.А.  Угольниковтін пікірі бойынша аудит 200 жылдан астам уақыттан бері бар.  Оның пайда болуының түп-тамыры кәсіпорыңды басқарумен тікелей шүғылданатындар мен оның қызметіне инвесторлардың козқарастары арасында бөліну туындаған уақытқа кетеді. Осы   уақытта   акционерлік   қогамдар   пайда   болып,   аудитор (ревизор) сыртқы есеп берудің қоғамдық бақылаушысы ретінде орталық орында болуында дейді.

Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы  акционерлер, кредиторлар және салық қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы туралы объективті қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды іздеуге мәжбүр болған уақыттағы акционерлік қоғамдарда пайда болды.

Аудиттің  әрі   қарай   дамуына   1862  жылы   қабылданған британ компаниялары жайындағы  заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты. Онда компаниялардың корытынды есептерін кемінде   жылына   бір   рет   міндетті   түрде   тексеріліп   отырылуы белгіленді.   Бұл  косіпорындардың  нақты  қаржы  жағдайы  мен белгілі бір кезең үшін оның шаруашылық қызметі жайлы шын мәліметтер алу үшін акционерлік қоғамның қорытынды есебін объективті бағалау қажеттілігінен туындады. Серіктестіктің озіне бүтіндей  сенім  артуы  қауіпті  еді,  ойткені соңғы  нәтижесінде акционерлер мен пай қосушылар немесе кредиторлар оздерінің капиталын  жогалтатын кәсіпорынның  банкрот  болып   қалуы кездесті. Бір жағынан, акционерлер мен кредиторлардың, екінші жағынан, салық органдарының бухгалтерлік баланс пен табыс жайлы қорытынды есептерге сенімсіздігі акционерлік қоғамның қорытынды есебін  зерттеп, талдайтын және  оның дұрыстығы жайлы   кәсіптік   қорытынды   беретін   бухгалтер-аудиторлардың пайда болуына комектесті. Акционерлердің жалпы жиналысындағы     қоғамның    жылдық    қорытынды     есебін    талқылауда аудитордың қорытындысы тындалатын және тек осыдан кейін ғана   қорытынды   есеп   бекітіліп   (бекітілмей)   және   қоғамды бақылау ісіне баға берілетін. 

Осылайша, тәуелсіз аудиторлар мен аудиторлық фирмалар баспада кәсіпорынның баспада жарияланғандай қаржы жағдайының бар  екендігіне кепіл болатын болды. Аудиторлық тексерудің мәліметтеріне сүйене  отырып,  мәліметті  пайдаланушылар "кіммен жұмыс жасауға болатынын" өздері шеше алады. 

Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысты түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.

Аудит. 2