Аудит әдістерінің дамуыжәне оны жетілдіру жолдары

 

Батыс қазақстан  инженерлік - гуманитарлық университет

 

 

 

 

« Экономика және менеджмент» кафедрасы

 

 

 

Курстық жұмыс

Пәні: Аудит

Тақырыбы: «Аудит әдістерінің дамуыжәне оны жетілдіру жолдары»

 

 

 

 

 

Орындаған: УА-31 жедел топ студенті

Есенова.А.Е.

Тексерген: аға оқытушы Джумашева.Г.Г.

 

 

 

 

 

Орал 2012 ж

 

 

 

 

Мазмұны

КІРІСПЕ..........................................................................................3

I тарау. Аудиттің  мәні, мақсаты және түлері.................................5

    1. Аудиттің маңызы мен мақсаты…………………………………5
    2. Аудиттің бағдарламасы мен әдістері…………………………..8
    3. Аудит субьектісі және оның құқылық негізі…….....................10

 

II тарау.Аудит теориясының негізгі элементтері............................13

2.1  Аудит  теориясының негізгі элементтері...................................13

2.2 Аудит қызметінің  этикасы...........................................................16

2.3 Сыртқы аудит  және оның негізі..................................................17

 

III тарау. Аудиттің мәлімет көзі........................................................23

3.1  Аудит мәлімет құрамы...............................................................23

3.2  Аудитті  ұйымдастыру және оның орындалу  тәртібі..............24

3.3  Аудиттің  басқа да түрлері және ілеспе  қызметтері.................26

 

Қортынды...........................................................................................28

 

Пайдаланған әдебиеттер...................................................................29

 

 

  •  

     

     

    Кіріспе

    Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұуйымдастыру – құқықтық нысандары мен меншіктін сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизіміне түбегейлі әсер етті.

    Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементтері біріне айналып  отыр.

    Соңғы жылдары  елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау  жүйесін құру, аудитор кадрларды  дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қаблданған жекеленген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары менжауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.

    Аудиттің дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың орындаған жұмыстарының дұрыстығын анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына норматив-актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу. “Аудиторлық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңында экономикалық субъектілерге: банктерге, кредиттік серіктестерге, шетел қатысқан  ұйымдарға міндетті аудит жүргізіледі. Бұл талап осы айтылған ұйымдардың қаржылық жағдайы мен қызметінің шынайы есебі туралы нақтылы ақпарат алуға мүдделі субъектілердің мүдделерін қорғауға байланысты болып отыр.

    Аудитор – ол, маман, білікттілік комиссияның  шешімі бойынша аудиторлық  қызмет  жасауға арнайы куәлік  алған  жеке адам, куәлік бес  жыл мерзімге беріледі.

    Аудит қызметінің негізгі мақсаты – ол өте жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсету.

    Аудит экономика  мәліметі жүйесіне негізделген. Ол сонымен қатар басқарушылық шешімге негіз болады. Өз кезегінде, мәлімет ағымын тиімді ұйымдастыру үшін белгілі принциптерді анықтау қажет. Ол принциптер: мәлімет қажеттілігін анықау, оны тиімді түрде қажетіне сай етіп дайындау; өндіріс барысын нақты; дұрыс көрсету; бөліну, тұтыну және сату барысының мәліметін анықтау; еңбек, қаржы, материалдар ресурсының есебі;мәліметті жоспар жасауға және басқару барысында қолдану принципі.

    Аудиттің міндеті - аудитор тапсырушыларға қандай қызмет көрсететінін, субьекті шаруашылығына қандай қызмет көрсететінің, субьекті шаруашылығына қанда экономикалық көмегі тиетінін дәлелдеу үшін біріншіден, өзінің мақсатын анықтау қажет.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

  •  I тарау. Аудиттің мәні, мақсаты және түлері

          1.1 Аудиттің маңызы мен мақсаты

  • Әрбір ілімнің  өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол  ілімнің басқа салалардағы ілімнен  айырмашылығын оның өздеріне тән  қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет. Тану теориясына байланысты қандай даі лім болмасын, оның пәні объективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатынасқа экономикалық заңдарға байланысты болса, аудитте, барлық экономикалық ілімдер сияқты шаруашылық жүргізуші ұйымдардың өндірістік қатынастарын дамыту үрдістеріне негізделген. Бірақта, олар сол үрдістердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.

    Сонымен, аудиттің пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім  арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың орындаған жұмыстарының дұрыстығын анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына норматив-актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу. “Аудиторлық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңында экономикалық субъектілерге: банктерге, кредиттік серіктестерге, шетел қатысқан  ұйымдарға міндетті аудит жүргізіледі. Бұл талап осы айтылған ұйымдардың қаржылық жағдайы мен қызметінің шынайы есебі туралы нақтылы ақпарат алуға мүдделі субъектілердің мүдделерін қорғауға байланысты болып отыр.

    Нарықтық экономикасына  көшу кезеңінде тексеру жүйелерінің  ішінде аудиторлық қызметке өте зор  көңіл бөлінеді, себебі олар бухгалтерлік есептілігін талдау және тәуелсіз түрде эксперт жүргізу.

    Аудиттің бағыты – заңдылықтармен анықталған, аудиторлылық қызметтің  нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлар мен клиенттің шарттық міндеттемелерін  нақты мақсатпен шешу болып есептеледі.

    Аудиттің  міндеті – қаржы есебін төмендегідей бағыттары бойынша тексеру:

    • Есептердің дұрыстығын, анықтығын растау;
    • Тексеру кезінде есепте көрсетілген шығындардың, талаптардың, қаржы нәтижелерінің қортындысының анықтығын, дұрыстығын, толықтығын және дәлелдігін тексеру;
    • өзінің негізгі және айналым қорының дұрыс пайдаланудың арқасында келешектегі резевтерді анықтау.

    Аудиторлық  қызметпен аудит жұмысын ұйымдастыру  мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде  орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.

    Аудит жөніндегі  Қазақстан Республикасының №1 стандарты  “Қаржылық есеп аудиті бағыты және жалпы принципі” бойынша негізгі  принциптерге мыналар жатады:

    • тәуелсіздік;
    • шындық;
    • объективтік;
    • ұқыптылық және кәсіби мамандылық;
    • құпиялық;
    • тез жеделдік принципі;

    Нарық экономикасы  кезінде аудит тәжірибе жөнінде  кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде басты рол атқарады. Ол төмендегідей функцияларды орындауы тиіс:

    • экспрестік;
    • аналитикалық (талдау);
    • кеңес беру;
    • өндірістік.

    Аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп жасалады, ол аудит стандартына сай келуі  тиіс және ұйымның қаржылық есебінің ажырамас бөлігі болып табылады.

    Аудиторлар  мен аудиторлық ұйымдар аудит  жүргізуден басқа өз қызметін көрсетуі мүмкін, оның ішінде бухгалтерлік есепті қалыпқа келтіру және жүргізу, қаржылық, статистикалық және салық есебін жасау, қаржылық, салықтық, банктік жғне өзге шаруашылық заңдарының мәселелері жөнінде консультация береді және ақпараттық қызмет көрсете алады. “Аудиторлық қызмет туралы” ҚР Заңының 2-бабында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар көрсетуге құқылы қызмет түрлері атап көрсетілге. Бұл тізбеге қызметтің кейбір лицензияланатын түрлері көзделген, оның ішінде бақылау қызметі, бағалы қағаздар рыногындағы қызмет, баспа қызметі және адвакаттық қызметпен байланысты емес заң қызметін көрсету көзделінген.

    Аудитор касса  және кассалық операциялардың аудиті негізінен үш бағыт бойынша жүргізіледі:

    • Қолма-қол ақша қаражаттарын түгендеу;
    • Кассаға түсетін ақша қаражаттарының кірістелуінің өз уақыттылығын және толықтығын тексеру;
    • Шығындарға есепте шығарылған ақша қаражаттардың дұрыстығын зерттеу.

    Аудитор кассаны  түгелдеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндалықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі.

    Аудитор касса  ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың ресімдеген күнінде жүргізіледі. Касса операцияларының  есебін кассир касса кітабында қалай  жүргізгенін тексереді. Касса операцияларының  есебі компьютерлендіру жағдайында касса құжаттарын өңдеудің бағдарламалық құралдары жұмысының дұрыстығына да тексеру жүргізіледі. Аудитор кассаны Бас бухгалтердің қатысуымен тексеріледі. Тексерер алдында кіріс және шығыс ордерлерімен, кассалық кітапшалармен танысып, оның дұрыстығын біліп алады. Алдын-ала кассирдан: “касса есебіне кірмей қалған құжаттар жоқ” деп қол қойғызып алу керек. Кассаның сол күнгі қалдығын есептеп алып, қолма-қол ақшаны санайды.

    Аудитор  ұйымның  кассалық есеп беру тәртібі сақталама, соған да көңіл бөлу керек.

    Аудитор түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіден оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі. Бұзушыларға кінәлі адамдар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Ақша қаражаттарымен қатаң түрде есеп беру бланкілерін тексеру нәтижелері нақты ақша қаражаттарын түгелдеу актісімен және құндылықтар мен қатаң түрдегі есеп-қисап құжаттарын түгелдеу тізімдемесімен рәсімделеді.

    Ақша қаражаттарының артық шыққан сомалары кіріске алынуға  тиісті: ол кезде 1010 – 1020–шоттары дебеттеліп, 6160–шоты кредиттеледі. Кем шыққан ақша қаражаттарын өтеу үшін материалды жауапты тұлғаның (кассирдің) есебіне  шығарылады. 2160 (334) –шоты дебеттеліп, 1010, 1020-шоттары кредиттеледі.

     

      1. Аудиттің бағдарламасы мен әдістері

    Ғылым саласында  зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде ғылым тану әдістері қандай бір ғылым саласында  болмасын арнайы ғылым тану құралы ретінде қолданылады. Әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік айырмашылығы болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму ағымында теориялық тұрғыдан философиялық анықтама бойынша барлық ғылым саласына бірдей әмбебап әдіс-ол диалектикалық әдіс деп танылған. Диалектикалық әдістің негізі –табиғаттағы экономикадағы құбылыстың барлығы өзара байланысты деп зерттеп қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық құбылысты өзара объективтік заңдылықпен байланыста екенін негізгі алуында. Сондықтан да диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми методологиясының негізін құрайды. Аудит, экономика ғылым саласына қосылады, оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы методология және жеке методология болып бөлінеді. 

     Аудиттің  жеке әдістемесі диалектика принциптері  мен жалпы ғылыми теориялық  зерттеу заңдылықтарынан құралады. Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан құралады; олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау, салыстыру, өлшеу. Осы аталған әдістердің барлығы философиялық гнесология теориясы бөлімінде толық, жан-жақты қарастырылған. Анализ –ғылыми зерттеу әдісі оның негізгі объектісі соның құрамына, бөлшегіне жекелеп мазмұны, мағынасын анықтап, өз тегінде тұтасты құрайтын әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады. Синтез (топтау, біріктіру, қорытындылау) ғылыми-зерттеу әдісі оның негізі зерттеу объектісімен құрамының арасындағы өзара байланысына талдау жасап мазмұны, мағынасына анықтау жасап қорытындылайды.

    Аудит процесінде анализ және синтез аудит объектісіне  осы әдістер арқылы талдау жүргізу  үшін қажет. Осы әдістердің ерекшеліктеріне  сәйкес талдау объектісінің жекелей және атаулы түріне де талдау жасап оның мазмұны, мағынасын анықтауға болады. Аудит барысында шаруашылық субъектілерінің қаржылық табыстық көрсеткіштерін талдау үшін дедукция –индукция әдісі қолданылады.

     

     

     

     

      1. Аудит субьектісі және оның құқылық негізі

     

    Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны. Аудит жұмысының құқылығы аудит заңына және басқа мемлекеттік нормативтік құжаттарға сүйене отырып жүргізіледі.Дүние жүзіндегі қалыптасқан үлгі бойынша барлық елдерде мемлекет тұрғысынан аудит заңы қабылданды. 1993 жылы 18 қазан айында Қазақстан Республикасында бірінші рет «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы» заңы шықты.Сонымен аудит жұмысының құқылық негізі анықталып тәуелсіз, дербес қаржылық бақылау саласы құрылып, оның негізгі мақсаты мен міндеті мемлекет және жеке меншіктегі кәсіпорындардың, кәсіпкерліклердің мүдессі көлемінде барлық шаруашылық субьектілер үшін меншіктік түріне қарамастан бірдей құқылы.

    Халықшаруашылық экономикасында шаруашылық субьектісі деп әр түрлі меншіктегі ұйымдастыру тұрғысынан дербес құқылы өндіріс, сауда, коммерция, бизнес бірлестіктерін  немесе басқадай мекемелерді айтады.

    Аудиттің шаруашылық субьекті ретіндегі құқысы

     Қазақстан  Республикасының « Аудиторлық  қызмет туралы» заңына сәйкес аудиттің шаруашылық субьектісі ретінде келесі түрде құқысы анықталған:

    • бухгалтерлік есеп кітабын және құжаттарды тексеруге;
    • нақты ақша қаржысын, құнды қағазын, материал-мүлкін тексеруге;
    • шаруашылық субьектілерінің барлық қызметкерлерінен аудит жүргізу барысында қажет болған  материалдарды талап етуге, түсініктемелер алуға құқылы;
    • аудит барысынды қажет болған жағдайда үшінші жақтан мәлімет, түсініктеме алуға құқылы;
    • аудит барысында қажет болса әр түрлі мамандарды жалдауға құқылы;

    Аудиторлық  кызмет туралы заңда  аудит субьектісі – ол, аудиторлар және аудит фирмалары  деп көрсетілген.

    Аудитор – ол, маман, білікттілік комиссияның  шешімі бойынша аудиторлық  қызмет  жасауға арнайы куәлік  алған жеке адам, куәлік бес  жыл мерзімге беріледі.

    Аудиторлар  – аудит субьектісі ретінде  өзінің аудиторлық қызметін жеке немесе аудитор  фирмаларында атқарады. Олар мемлекет құрылымына тәуелсіз, тек қана тапсырушылармен жұмыс істейді. Сол себептен олар жеке фирмаларда жұмыс жүргізуге немесе кәсіпорындарда қызметте тұрып қызмет жасауға құқылы. Сол сияқты ғылыми қызметкерлер және мұғалімдер де аудит қызметін атқара алады. Ал кәсіпорындарда қызмет атқарғанда тек қана ішкі аудит тұрғысынан ғана жұмыс атқаруына болады.

    Аудитордан әр түрлі  мақсаттарға  қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді  талап етеді.

         Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер,  бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары,  есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат шығындарының нормасы,  лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат, салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп түскен  жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға үстемелер, тауарлы- транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар, сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т.б.

         Ішкі  бақылаудың құрылымын түсіну үшін  аудитор:

      • Тауарлы-материалды қорлар табиғатын анықтау мақсатымен, өткен жылғы жұмыс құжаттарына  шолу жасау керек.
      • Тауарлы материалды қорларға бақылаудың қалай жүргізілгендігін зерттеу.
      • Қандай мәселе табылғанын зерттеу;
      • Құралған сауалнама бойынша персоналдардарға сурау жасау;

         Өзінің  әдеттегі есебін және бақылау  жұмысын атқаратын, клиент жұмысшыларын  бақылау, аудиторға бақылау кезеңін  және процедураны  түсінуге  мүмкіндік береді және олардың  бәрі тәжірибиеде қолданылатынына  сенімділігін береді.

         Оларды  жақсы түсіну үшін деректі алғашқы құжатты тексере отырып, аудитор өзіне қажет мазмұн нұсқауларын айқындай алады.

         Сипаттау  есебін, құжат айналымын, ішкі  бақылау сұрақтарын, сұраулар тізімін   құру арқылы ішкі бақылау жүйесінің  түсінігін құжаттай алады. Шаруашылық қызметтің және клиенттің ішкі бақылауын алудағы сұрақтар тізімінің үлгісін келесі кестеден көреміз.

          Шаруашылық операцияларды орындау  барысында болатынын бұрмалауларды  ішкі бақылау жүйелері арқылы  жою мүмкін еместігін аудитор  біліп жүруі керек. Сондықтан ол керекті тексеру процедуларын өзінің тәжірибиесіне және пікіріне сүйене отырып қабылдайды.

          Ол арқылы тауарлы-материалды  қорлар аудитінде қандай бұрмалаулар   орын алатынын анықтайды. Тауарлы-материалды  қорлар есебінде орын алатын  бұрмалаулар.

     

     

     

     

     

     

    II тарау.Аудит теориясының негізгі элементтері

    2.1  Аудит  тұжыррымдамасы және оның постулаты

     

    Аудит теориясын оның мазмұны,мақсты және ғылыми әдістемелері құрайды десек, оған қоса оның ғылыми теориялық мәселесін, мазмұнын және пәнін зерттейтін, анықтайтын тағы даерекше түсініктемелер бар. Профессор Дж.Робертсонның айтуынша оған аудит тұжырымдамасы, қағидасы және стандарты жатады. Аудит ғылымының даму тұрғысынан қарайтын болсақ осы айтылған үш элемент ерекше орын алады.

    «Концепция» деген сөз  латын тілінен аударылғанда – табиғат құбылысын түсіну, адамның өмірге көзқарасының жүйелігі деп  түсінуге болады. Яғни, ғылыми тұрғыдан өмірге, табиғатқа, экономикаға, саясатқа көзқарасын, өз ойын бір  жүйеге келтіру. Аудит тұжырымдамасы оның ғылыми даму бағытын анықтайды.

    Аудит теориясында  бес  тұжырымдама қарастырылады.

    Біріншісі – мінез- құлық  этикасы. Барлық саналы, зерделі , білмді мамандарға тән мінез құлық этикасы. Барлық саналы, зерделі, білімді мамандарға тән мінез – құлық этикасынан басқа аудиторлық арнайы этика анықталған.

    Яғни , тәуелсіздік, дербестік  – екінші ттұжырымдама, ал үшіншісі біліктілік, үздік мамандық.

    Төртіншісі – дәлелділік. Тексеру барысында жиналған мәліметтер санымен және сапасымен есептелетін  көрсеткіштер аудит тексеруіне негіз  болмайды, тек қосалқы дәлел болатын мәліметтер. Ал аудитордың мақсаты тексеру барусында нақты шешім қабылдау үшін жан-жақты мәліметтер жинап күдіксіз, сенімді дәлелділікті қамтамасыз ету.

    Бесінші – дұрыс түсінушілік. Аудиторлық шешім қабылдау үшін жиналған материалдарды тұжырымдап дұрыс түсіну үшін аудит стандарты негіз болады. Ал аудит теориясында бухгалтелік есеп принциптеріне сүйене отырып дұрыс түсінушілік тұжырымдамасы бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің дәлелділігіне, тұжырымдылығына, қысқаша тиянақты көрсеткіштігіне сүйенеді.

    Аудит постулаттарының  келесі түрлерін қарастыруға болады:

      1. Қаржы есебі және қаржылық көрсеткіштерін тексеру еліміздегі аудит заңының талабына сәйкес аудитор шаруашылық субьектілерінің қаржы есебінің дәлдігін, обьективтік шындығын анықтайды. Бұл постулаттың дұрыстығы кәсіпорын әкімшілігіне бір жағынан тексеру барысында тиянақты талап қойып шындықты анықтау болса, екінші жағынан кәсіпорын басшылары өз тарапынан сол шыңдықты анықтауға құштар. Себебі олар өз тарапынан тексеру жасай алмайды. 
      2. Кәсіпкерлердің өзара кездейсоқ келіспеушілігінде постулат әлеуметтік қайшылық жағдайында орын алады: әрқашанда тапсырушы мен аудитор арасында кәсіпкершілік тұрғысынан жұмыс бабында өзара ізгі мақсаттары қарама - қарсылық кездесіп отырады, алғашқы аудит жұмысының дамуы кезеңінде аудиторлар бұл постулат болмауы керек деп санайтын. Оған негіз болған Ж.Ж. Руссо ойлағандай адам, адамгершілік қасиетін жоғары ұстаған кезде өтіркі айту, жалған жолмен кәсіпкершілік жүргізуге болмайды деп санаған. Қазіргі кезде шаруашылық субьектілерінің басшылары, тапсырушылар мемлекет заңын бұзушылық, нормативтік құжат талаптарын орындамау,  аудиторларға өтірік мәлімет беріп алдау жолына, өзінің акционерлерін алдау, өзінің табыстылық көрсеткіштерін дұрыс көрсетпеу сияқты қылмыскерлікке баруда. Соның салдарынан аудитор мен тапсырушының арасында келіспеушілік, нормативтік құжаттарды әр түрлі мағынада қолдану немесе оны орындамау процесі кездеседі.

    3.Верификация  мүмкіншілігі. Верификация деден сөз латын тілінен нақты аударатын болсақ, ол – орындау, анықтау, нындыққа көз жеткізу, дәлдігін тексеру. Яғни, верификация  жасамаған жағдайда аудиттің қажеті де жоқ. Аудиттік «верификация» жұмыс барысында, мәлімет жинауда, оны бір жүйеге келтіруде, тиянақты, қорытындылап баға беруде қолданылатын ерекше әдіс деп түсінуге  болады.

    4.Ақпарат дұрыс  жасалынбағанда  аудит жұмысында осы постулат оның атқараиын рөлін, алатын орнын анықтайды.

    5. Аудитор жұмысы  және оның құқысы кәсіпорын  қаржылық ақпаратын тексергенде  оның дербес, тәуелсіздігін дәлелдейді. Бұл постулат аудиторлық тексеру барсында дербес қорытынды жасауда ол тек қана аудиторлық принципін сақтауды талап етеді. Тек сол жағдайда ғана тексерілген қаржылық  ақпаратты қолданушыларға тиімді, пайдалы болады. Осымен қатар аудитор қызмет көрсету жұмысн да қоса жүргізеді.

    6. Қатесіз қорытынды  жасауға ешкім кепілдік бермейді. Кәсіпорын басшысы немесе аудиторлар аудиторлық тексеру барсында және  шаруашылық көрсеткіштеріне талдау  жасап өз ойларын қорытындылаған кезде қате жібермеуге кепілдік бере алмайды. Себебі, тексеру барысында аудиторлық қоытынды жасауда күмәндану элементі әрқашанда қатысып отырады.

    7. Аудитордың пікіріоның мақсатына тәуелді. Бұл постулат  аудитордын кәсіпшілік принциптерін негіздеу мақсаына сәйкес оның аудиторлық пікір-ойының құралуын қарастырады.  Яғни, аудитордың кәсіпшілік моралдық мақсаты оның обьективті, дербес қорытынды жасауын талап етеді.

    Ол өзін күдіксіз таза ұстауға міндетті. Материалдық қызығушылыққа жол бермеуі қажет.

    8.Ішкі  бақылау, тексеру ақпаратының  көрсеткіштерінің дәлдігіне, туралығына, обьективтік мәліметтер екеніне  кепілдік береді . Ішкі бақылау, тексеру өз кезегінде аудит барысында жүйелі түрде уақтылы тексеріп жіберілген қатені жедел түзетіп, жиналған мліметтерді қарастыру кезінде қолданылатын аудит әдісі.

    Аудиттің даму барысында оның постулаты жан-жақты  ерекшеліктерін анықтауға негіз болады. Олардың әрқайсысының өзінің ерекшелігі бар.

     

    2.2 Аудит қызметінің этикасы.

     

    Аудит қызметінің негізгі мақсаты – ол өте жоғарғы  деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсету. Ондай қызмет атқару үшін тек  қана білгір маман болып қана қоймай өте мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет.Этика деген грек сөзі, оның мағынасы – нағыз тиянақты, әдепті, текті кісі деген түсінік  береді.

    Ғылыми тұрғыдан қарастыратын  болсақ  этиканың теориясы бар. Онда әртүрлі мамандардың этикалық бейнесі бар. Сондықтан да этика  кодексі арнаы категория ретінде тарап кеткен.

    Арнайы мамандар тілімен айтқанда жалпы этика  екі түрге бөлінеді. Ол – жалпы жан дүние этикасы және мамандық этикасы.

    Аудит этикасының кодексінде тағы ерекше айтылған жағдай ол – соттасу немесе сол тергеуінен алшақ болуы керек.

    Аудит мамандығының өзгеше ерекшелігі олар қоғам алдында үлкен міндетті мойнына алады. Аудитор тек қана тапсырушы үшін ғана жұмыс істемейді, ең алдымен қоғам мүддесіне қызмет көрсетеді де, содан кейін арнайы тапсырушының жұмысын атқарады. Ол туралыэтика кодексінде арнайы « аудитордың ең негізгі мақсаты білгір маман ретінде, кәсіпорын шаруашылығын тесеру барысында алдымен оның қоғамға тиімділігін анықтауға міндетті» - деп жазылған.

    Талап қоятын ереже (міндетті этика).

    Аудитордың  алдына қойылатын осы топтағы  талап міндеттер:

    • біліктілік комиссиясына емтихан тапсыру арқлы өзінің білімін, мамандығын жетілдіру;
    • шаруашылық субьектілерінің экономикалық жағдайын, жалпы дамуына көмек көрсетіп, олардың қоғамға қажетті өнімді көбейтуіне іскерлікпен көмектесу;
    • тапсырушылармен жұмыс барсында сыпайы және әділетті қарым қатынаста болу;
    • ұжымдағы қызметкерлермен жұмыс барсында сыпайы және әділетті қарым қатынаста болу;
    • аудит тапсырушыға үлкен зиян келтіретін фактілерді хабарлар отыру;
    • аудиттік тексеру барысында анықталған шаруашылық, зұлымдық қылмыстар туралы заң, тергеу мекемелеріне хабарлауды – тапсыруды ұсыну;
    • аудит қызметін  төлем ақысына , орындалатын жұмыс көлеміне сәйкес анықтау.

    Орындауға болмайтын істер мен қатынастар:

    • тапсырушының  кәсіпкерлігі туралы мәліметтердің құпиялығын сақтау, ешкімге ешқандай мәлімет бермеу;
    • жеке бас пайдасы үшін тапсырушының пайдалануына немесе кәсіпкерлік құпиясына зиян келтіру арқылы пайда табуына жол берілмейді;
    • шаруашылық субьектісінің кәсіпкерлігіне зиян келтіруге жол бермеу;
    • өз фирмасы туралы жарнама жасамау;
    • өзінің еңбек ақысы туралы хабарлау жасамау, ол көрсеткіш коммерциялық құпия деп саналады.

     

    2.3 Сыртқы аудит  және оның негізі

    Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субьект ретінде ішкі және сыртқы паудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.

    Аудит әдістерінің дамуыжәне оны жетілдіру жолдары