Аудиттің мәні ,мазмұны және даму тенденциясы

                                                   Кіріспе

            Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми мен білім практикалық қызметін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді .Бұл – аудит .Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ ,ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған .Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді , оның міндеті неде , қай уақытта пайда болған және объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет .

           Аудитор латын сөзінен шыққан ,яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді .шаруашылық – жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап – басқарушы тыңдаушы болған.Сондықтан ерте заманда « аудитор- « тыңдаушы» дегенді білдіреін,яғни қандай да бір нәрсенә тыңдайтын адам .Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

            Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

           Курстық жұмыстың мәні :Орта ғасырдың  соңғы жылдарына дейін барлық  елде еріп танитын және жаза  алатын адамдар өте аө болғандықтан ,аудитор деп – лауазымды қызметкерлердің  қорытынды есебін тыңдауға тиісті  қызметкерлерді аудитор деп атаған.Бір қызығы сол,    алыс,ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен ,ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған.Өйткені кез-келген жазба құжаты қолдан әр түрлі етіп жазуға,өзгертуге боладыдеп түсінген.Ал, ауызша есеп ,мәлімет  беруде көзбе көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген Қазақтың : «бет көрсе- жүз ұялады» ,- деген ұлы сөздің мағынасы осы негзде келетін шығар,2-шіден «тыңдаушы» мен саған «сенемін» -деген, ал өз кезегінде есеп беруші «сенімінді ақтаймын» -деген адамгершілік қасиет негізінде алынған деп тұжырымдауға болады.

           Курстық жұмыстың мақсаты: Аудит  бізге осы уақытқа дейін белгісіз  болды деп айтуға болмайды. Шет  елдерде аудит ерте заманда  дамыған .Бухгалтерлік есеп жүргізуде  ,экономикалық талдау жасауда басшылық жүргізуде улкен орын алған .Себебі,кәсіпорында басшалықжргізуде,шаруашылықта бақылау жасауда оынң рөлі орасан зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I бөлім Аудиттің  мәні ,мазмұны және даму тенденциясы

 

    1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы

 

  
          Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан -2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі ,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында XX ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып,оны жеңудің жодары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлуы және қазақсатнадық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына ,өндіріс көлемі мен өнімдердің ,жұмыс ,қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына , төлемге қабілетсіздік тудыруға , шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды . Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды.Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына , өндірісті әртараптандыруға қамтамасыз етуге ,аса маңызды салаларға инвесорларды тартуға,шешуші бизнес салаларында іскерлігін арттыруға,белсенді өндіріс саясатын енгізуг және акциенттерді шаруашылық жүргізудің макро-дан микродеңгейдің жылжтуға септігін тигізеді.

             Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтық рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған .Нарықтық экономиканың тиімділігін,оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі,субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын бодырмаушылық ,өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.

         Қазақстандық  экономиканы сәтті функциялау  үшін оны ұйымдастырудың озық  құралдары мен нақты тетіктерін , оның ішінде мақсатты- бағдарламалық  әдісті көптеген факторлар бойынша  талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілегн тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші – кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек.Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету,өндіріс тиімділігін арттыру,бәсекелстік ортаны дамыту ,қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан  ,шегі жоқ тұтынушылық ,екінші жағынан , ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырды.Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса,адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім ,қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды.Шешім қабылдаушы ,шаруашылық жоспарын дербес жасайсын әрі осларға сәйкес әрекет етеін барлық экономика бірліктері шаруашылық жүргізуші субъектілер деп аталады.

           ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берушілер туралы» заңда «жеке кәсіпкер» және «ұйым» терминдерінің мәні мен айырмашылығы ашып көрсетіледі.Ал,бұл терминдердің мағынасы республика резиденттері болып табылатын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық заңды тұлғаларды, сондай-ақ ел аумағында тіркелегн бейрезидент өкілдіктер мен филиалдарды білдіреді.

           Ұлттық экономиканы реформалау бойынша түбегейлі процестер шаруашылық қызметті басқаруда жаңа ұйымдық және бақылаушы-талдамалы құрылымның пайда болуының объективті қажеттілігімен шарттастырылған.Халық шаруашылығын басқару жүйесін қайта қрудың алғашқы жылдарында жоспарлы экономиканың дәстүрлі бақылау органдары өсу үстіндегі,яғни арта түскен қажеттілктерді  қанағаттандыру мен барлық мүдделі тұтынушылардың объективті ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша пайда болған проблемаларды шешуде өзінің қабілетсіздігін көрсетті. 
         Әміршіл-әкімшілік жүйеде төменгі басқару буынының жоғарыға қатаң бағынуы тек жоспарланбаған тапсырмалардың орындалуын,шаруашылық операциялардың заңдылығын сақтау,яғни оның заңға сәйкес болуын және мемлекет қарауындағы жалпы халықтық ресурстардың сақталуын тексеру бойынша тиісті ревизиялық қызметтерді ғана талап етті.Ал,нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің серіктестермен, инвесторлармен, кредит берушілермен,меншік иелерімен, акционерлермен және басқа да пайдаланушылармен деңгейлес байланыстары бойынша шындыққа жанасымды ақпараттарға қажеттілік бірден артады.Бұл арада тек белгіленген параметрлердің сәйкестіндігін тексеру ғана емес,сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілрдің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсынысын әзірлеуді,оларға кеңес беруді және басқадай да жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді.

            Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы – бұл бүгінгі таңда да жалғасын тапқан  айтарлықтай ұзақ процес.Аудиттің қоғамдық рөлін түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін,теориялық негізін және мәнін ашу керек. 
          Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың маңызды құралдардың бірі қаржылық бақылау болды. ТМД елдеріндегі нарықтық қатынастардың дамуы өндіірс саласындағы бизнестің жаңа қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыратын алғышарттарды тудырды.  
          Қаржылық-шаруашылық бақылау жүйесін түбегейлі қайта өзгерту, енгізу және тәуелсіз аудиттің посткеңестік өңірде қарқынды дамыту негізінде мына принциптер жатқызылады: . 
1. Меншік түрлері және қаржы көздері бойынша бақылау объектілерін дәл оқшаулау; 
2. Бақылау субъектілерін мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық (тәуелсіз), ведмоствалық және іштей деп бөлу; 
3. Бақылау мәселелерін шектеу, оның ішінде бюджеттің кірісі мен шығысын дұрыс қалыптастыру,есеп берулердің анықтығы,өндіріс әлуетін пайдаланудың тиімділігін артыратын резервтерді анықтау және бағалау; 
4. Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық, ішкі шаруашылық, тәуелсіз аудиторлық ұйымдар мен жекелеген аудиторлардың әрекет ету салдарын анықтау. . 

 
            1.2 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері  
         

              Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «аudio» деген латын сөзінен шыққан ,аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді. 
           Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама –қайшылыққа толы.Бір авторлардың айтуынша,есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау б.д.д.IV мыңжылдығынан басталады.Сонымен бірге,Ніл ,Тигр және Ефрат өзендерінің жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мемлекет құрылып,шаруашылық қызмет жүргізілді,үкімет өнім,мүлік ,салық жинау,орындалған жұмыс,қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс есептерімен айналысты.Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды,оның ішінде аудит те бар .Мұндағы мақсат –қателіктерді азайту және шенеуніктер тарпынан алдау әрекеттерінежол бермеу.Бір қатар бақылау түрлері  сол уақытта Библияда да суреттеледі. Онда мүлікте екі жақты күзету , адал қызметкерлерді жалдау,міндеттерді бөлісу мәселелерді баяндалады.

           Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде де болған.Мысалы,ежелгі Мысырда мүлікті үгендеу кезең сайын,ал шаруашылық операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған.Оның біреуі не  нәрсе берілді,соның санын папирусқа белгілеп отырса,екіншісі нақты босатуларды жүзеге асырған,ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің немесе өнімдердің санын нормамен   салыстырып отырған.Ресурстардың қозғалысы мен болған оқиғалар бойынша операциялар қатаң тәртіппен құжатталып отырған,тікелей орындаушылар мен қатысушылардан тәуелсіз жүзеге асырылған шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда болған.

            Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде пайда болған.Хаммурапи заңы көпестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға-мемлекеттік есепшілікті жүргізуді әмір етті,,ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған.

            Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге дейінгі 1122-256жж.)есептің мемлекетік жүйесі,оның ішінде барлық үкімет департаменттернің мұқиат әзірленген бюджеті мен аудиті жүзеге асрылды.Ал,б.д.д. 700жылы ол жақта негізгі міндеті мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болып табылатын бас аудиторлық қызметі болған.

           Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің пайда болуы арнайы ғылыми білімнің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты.Бухгалтерлік есеп туралы алғаш рет ғылыми кітап жазған италияндық ұлы математик Лука Пачоли арнайы  бюрода тексеріп және тіркеп отыратын кқпес кітабының іс жүзіндегі пайдалылығын атап кеткен болатын.

          Шаруашылық қызметтің дамуы есептің саапсы мен есеп берудің шындыққа жанасымды болуының жаңа бақылау формасын талап етеді.Англияда аудиторлық алғаш рет 1299 жылы пайда болды,ал 1324жылдың 24-інші наурызында король ЭдуардII үш мемлекетік аудиторды тағайындады. Тағайындау туралы жарлықта аудиторды Оксфорд,Уэльс провинцияларындағы барлық есепшотты тексеруге, оларды тыңдауға,олардан сұрауға және есепшоттарды жүргізуде барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға міндеттейді. 
         ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана кәсіби аудит тұтас іскерлік әлем мен кәсіпкерлік қызметтің маңызды құрамдық бөлігі болды.Бұл темір жолдарын салу мен сақтандыру компанияларынң,банктердің,акционерлік қоғамдардың өсуімен байланысты.Ағылшындық темір жол және сақтандыру компаниялары мен басқда да инвесторлар Солтүстік Америкаға аттанғанда,яғни бағыт алғанда олармен бірге аса ірі ағылшын кредиторларының мүддесін қорғау үшін тәуелсіз аудиторлар да барды.

          Осыған байланысты солтүстік америкалық аудиттің шығу тегі «ағылшындық» болып табылады және   XX  ғасырға дейін АҚШ-тың тәуелсіз аудиті ағылшындық үлгімен құрылып келді.Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей-тегжейлі  зерттеуді ұйғарды.Роберт Х.Монтгомери американдық американдық аудитінің сол кезеңін есепшоттық аудит деп атаған,өйткені аудитордың жұмыс уақытының төрттен үш бөлігі есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті.Аудит рәсімі жылдам ұлғайған америкалық бизнеске   бейімделе бастаған шектен тыс қаражатты талап ететін мен көшіруді тексеретін британдық стиль біртіндеп американдық тестілік аудитке өзгеріп,ауысады.Сонымен қатар аудиторлар тестілеу әдісінен басқа опреацияларды тексреу мақсатында бизнес бойынша серіктескен фирманың қызметі туралы мәлімет жинауды іс жүзінде асыруға кірісті.Инвесторлардың  мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың белсенділігі мен бәсеңділігін бағалауға,сондай-ақ пайда мен залал туралы есеп берулерде және есепшоттрада көрініс табатын шаруашылық операцияларынң нәтижелеріне де көп назар аударатын болды .

         ХХ ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық  ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің ғаламдасу тенденциясы біршама ереңдей түсті.Кәсіби аудиттің дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша комитет ,Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы,Халықаралық бухгалтерлер федерациясы,БҰҰ-да 1979жылы қүрылған . 
       

 

           1.3Аудиттің мәні және маңызы  
           

             Классикалық ұғымда аудит- кәсіпорында жұмыс істемейтін мамандаған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

             Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты болып артып отыр:

    1. Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
    2. Өзін-өзі реттеуге ұмтылытын ұйымдар санының арта түсуі;
    3. Экономикалық тұрақтылықты,меншык иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
    4. Компаниялардың операциясы көп әрі күрделә болуы мүмкін,пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
    5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдеттте қолдары жете бермейди және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді.

          Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

         Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық  қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша  қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы  қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

         Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

         Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық  көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне  өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз  аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық  тексерулер өздерін қызықтыратын  қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың  мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.

          Аудиттің маңызы тиісті  жақтардың  мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

- экономикалық  субьектілердің;

- салық қызметі  тулғасындағы мемлекеттің;

- қаржылық есеп  беруді әр түрлі пайдаланушыларды;

- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.

          Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті  қаржылық  ақпарат қажет.

          Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы  есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруду беру туралы өтініш  тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.

          Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан  ол аудиторға басшылыққа арналған  және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

II Бөлім Аудиттің түрлері

 

2.1. Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу  

         Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі    тәсілдемелері бар.Мынадай негізгі белгілері бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады: 
            а)аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге  негізделген;

            ә)құқықтық негізде: міндетті, бастамашыл (ерікті), келісуші (мақұлдаушы), реттемеленген және келісімшарттық;

            б)қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;  
            в)толықтығы: кешенді (жалпы, толық), тақырыптық (локальды,жеке), функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы ; 
            г)әдістемелік тәсілдемемен: есепшіліктік (счетоводческий), тестілік, объекті және циклдік бойынша; 
             ғ)жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелі, перланентті (ағымдық), ретроспективтік  (тізбекті) және стратегиялық     (перспективалық, яғни келешегі бар); 
          д)қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық, ресурстық, сыртқы экономикалық;  
          е)қатысушылар санымен, процестермен және техникалық құралдарды қолданумен: бір мазмұнды,көп мазмұнды,дәстүрлі,компьютерлік,жеке және комиссиялық; 
         ж)аудит жүргізілетін субъектілерімен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік, ведомствалық, қоғамдық;  
         з)тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті,талапқа сәйкестік аудиті, басқарушылық аудит,маркетингтік аудит,кеңес беру және басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер. 
           Аудиттің түрлері : 
1 Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты: сыртқы  және 
ішкі ; 
2 Заң талаптарына қатысты: міндетті , 
бастамашылық (ерікті) ; 
3 Аудит объектілері бойынша: банктік аудит , 
сақтандыру биржалар, инвестициялық институттар мен зейнетақы қорларының аудиті ,мемлекеттік аудит ,жалпы аудит ; 
4 Тағайындалуы бойынша: қаржылық есеп беру аудиті , 
салықтық аудит ,сәйкестік аудиті,операциялық аудит , 
арнайы (экологиялық, операциялық және т.б) ; 
5 Жүзеге асырылу мерзімі бойынша: бастапқы  және  
келісілген ; 
6 Тексеру сипаты бойынша: дәлелдеуші , 
жүйелі,бағытталған  тәуекелдікке негізделген аудит . 
      Қазіргі кезге дейін сыртқы аудит мәселелері қарастырылды.Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементіболып табылады.Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақылаумауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы  ақпарат беріп,менеджрелер есебінің нақтылығын дәлеледейді. Ең алдымен ішкі ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.  Ішкі  аудит –ол ұжымның өз ішкі шаруашылық мүмкіндіктерін анықтау үшін ұжым басшыларының қалауы бойынша жүргізілетін аудит . 
           Ішкі аудиторлардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар  кеңесіне немесе акциорнерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды .ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:активтердің жағдайын бақылау: шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлеледеу; 
жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;  
ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өңдеудің тиімділігін талдау;басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.  
Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес ,менеджментсаясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады. 
              Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар,аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.Сыртқы аудиттің тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы ,меншік иесі,акциорнер ,басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында,ұйым басшылығы мен туыстық қатынаста (ата-анасы,жұбайы,аға-інісі,апала-сіңілі,ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады . 
Сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі  аудит жағдайы және қаржылық есептілік берудің дұрыстығы туралы  қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді. 
              Міндетті аудит – тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылыққорытынды есебінде жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу . 
                Бастамашылық (ерікті) аудит – оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешіміне жүргізіледі . 
             Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субьектілерінің қаржылық қорытынды есебін тексеру. Оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді  пайдаланушылардың кең көлеміне арналған. 
             Сәйкестік аудиті – бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен нұсқаушы материалдарының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру. 
             Салық аудиті – бұл салықтарды төлеудің, есептеудің дұрыстығы мен толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұсыну. 
             Арнаулы аудит (экологиялық, операциялық және басқалар) – субъект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бір норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.  
             Экологиялық аудит – қоршаған ортаның нақты жағдайының басында  берілген ішкі және сыртқы  экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау. 
               Операциялық аудит – басқару үшін тиімділігін, сенімділігі мен пайдалылығын  бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизімінің жекелеген бөлшектерінің қызмет етуін тексеру. 

 

2.2   Ішкі аудит және оның мақсаттары  

 

         Ішкі аудит бұрын  қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады.оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету.Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит тәуелсіздігі сияқты өте қажет жұмыс тәртібі.Сырттан қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік сақтауы мүмкін емессияқты.Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы,ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.

       Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит,үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:

    1. шаруашылық субъектілерінің басшылары ,әкімшіліктері ішкі аудит қажет деп тапқан жағдайда өзіне,ішкі тобын құруға шешім қабылдап,аудиторлық куәлігі бар маман іздейді;
    2. аудитор маманы мен кәсіпорын басшылары келісім-шарт жасасып;

а) аудитор тобының  атқаратын қызметін нақты анықтайды;

б)жұмыс тақару тәртібі, жұмыс орны ,аудитордың және тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі;

в)аудитор тобының штаты анықталып ,еңбек ақы тқлем сомасы анықталады.

          Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты-  ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған мәліметтің дұрыстығына ,шындығынга бақылау жасау,сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындығын,дұрыстығын қамтамасыз ету.

        Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның  экономикалық саясатының орындалуына  бақылау жасау,қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалуына немесе  өзгеріс болса оынң себебін орынды немесе орынсыз екеніне аудиторлық анықтама жасау.Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп  жұмысына,ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.

        Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын,информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді.Олар шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілік көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасап оның экономикалық даму жолына юолжам жасау,қаржы стартегиясын өлшеу,маркетинг зерттееу жүргізу,басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер.Яғни,ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді .Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі болып саналады.Кәсіпорын шаруашылығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана  қоймай ол есеп саясатын орындалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы рөлін атқарады.

           Ішкі аудит ережесін дайындауға  шаруашылық субъектілерінің жауапты  қызметкерлеріқатысуы қажет .1-шіден,экономика  және қаржы директорлары , бас  бухгалтер, тексеру комиссиясының  бастығы.Әрине,бұл құжаттың жоғары  сатыдан құрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналсыта бекітілгені жөн.Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді .Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директорлардың нақты келісім билік жасап оның  құқы мен өкілдігін анықтап бекітумен кепілдік алады.

          Ішкі аудиторлық тексрудің объектісі,қаржы  ақпараты,өндіріс процесі және  компьютер жүйесі.Себебі,шаруашылық субъектілерінің негізгі шығыны осы көрсетілген шаруашылыққа тиісті.Оның ішінде,өндіріс барысының шығыны,әсіресе материал шығыны ,өндіріс қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны ,табиғи және өндірістік қосалқы шығын,ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны ,басқа шығындар кәсіпорын және олардың басшысы үшін арнйы тексеру немесе  ішкі бақыла ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы қажет .Жалпы ішкі аудит жан-жақты көпетеген бақылау және  тексеру қызметін атқаруға міндетті.Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс жазылуын,әкімшілік тәртіптің орындалуын қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойынша шығарылған бұйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті.Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып басқарушылық,мәліметін талдау арқылы жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.

          Ішкі аудит жалпы бақылау жоспарын жасайды,оынң ішінде шаруашылық іс-әрекеттеріне оперетивтік ,жедел бақылау-тексеруді жетілдірі,әсіресе саті бырысы,    өндіріс шығыны,таза табысты болжау,өндіірске негізгі құралдарды енгізу,қаржыландыру,көзін қарастыру мәселелерімен айналысады.

        Ішкі аудит жалпы улкен көлемді қызмет атқарады. Оның ішінде кәсіпорын мүлкін тиімді пайдаланудың тексеру,жұмысшылар күшін еңбек ақы төлемінің тиімділігін бақылау.Өндірістік кәсіпорындарда ішкі аудит жұмысы өндіріс шығынын және дайын өнімді сату процесін тексеру.   Материалдық және еңбек шығынына экономикалық талдау жасап,оның тиімді,орынды болғанын анықтап,тозу сомасын және басқару шығынын есептеуді,оның шығысқа шығарылу есебінің дұрыстығын тексереді .Бұл тексерулер шаруашылық субъектілерінің экономиксында ерекше орын алады, себебі, жоғарыда аталған шығындар өндіріс өнімнің өзіндік құнының негізін құрайтын элементтер .олардығ дұрыс есептелуін тексеру арқылы өндіріс өнімнің өзіндік құнының дұрыс анықталғанын ,оны сату бағасымен салыстыру арқылы таза пайда сомасының мөлешерін дұрыс анықтауға болады.

       Ішкі аудит қызметі күнделікті  жүйелі жұмыс жүргізі нәтижесінде  кәсіпорын басшыларына,тапсырушаларға  кәсіпорын қызметін басқаруға  ,өндіріс барысының тиімділігін  арттыруға қажетті анықтамалармен,мәліметтермен қамтамасыз етеді

        Қазіргі кезде ішкі аудит қызметі күннен күнег қиындап,күределніп отыр .Оған себеп өндіріс көлемінің жедел өсуі,өндіріс технологиясының өте күрделі түрде дамуы ,соған сәйкес экономикалық мәліметті қалыптастыру барысының күрделуіне сәйкес болып отыр.Оған қоса қазіргі кезед өте көп шатасып жатқан қаржыны пайдаану заңдары дасебеп болып отыр .Сондықтан да, ішкі аудит қызметін атқарушы мамандар өте жоғары сатыдағы білімді ,тәжірибелі болуы қажет .Олар өз жұмысын өте тиянақты, орынды, аудит этикасын өте жоғары ұстайтын мамандар болуы керк.

      Ішкі аудит бөлімдерінің,топтарының қызметі кәсіпорын бөлімдерінің ,цехтарының жұмысжоспарымен тікелей байланысты болады. Себебі,ол топтар сол өндіріс бөлімдеріне , цехтарына жүйелі ,күнделікті бақылау,ексеру жасап отырады.Олар өз жоспарын кәсіпорын басшыларына бұйрық ретінде бітіріп,өзінің қызметінде басшылық құжат ретінде қолданады.

 

 

2.3 Сыртқы аудиттің сипаттамасы

 

          Аудиттің түрлерін зерттеудің  зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлімі тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.  
Ерікті аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бұл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бүл жағдайда заң орындары кәсіпорынға аулдит тексруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің кәсіпкершілігінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.

         Нарықта қатынастың даму кезеңдерінде жалпы аудиттің атқаратын рөлі өте улкен. Сондықтан да аудиттің әр түрінін атқаратын қызметі де, тапсрыушалар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше .

         Жалпы аудит туралы, оның ішінде  сыртқы аудит туралы осыған дейн көптеген түсініктер қарастырылды .Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз.1-шіден,сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі .Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын  тексеріп  және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын,шығарылғандығын дәлелдей ,оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру.Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторалар шаруашылық субъектілеріне,оларыдың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп ,оның қаржылық жағдайын нығайту жодарын айтып,қаржы қолданудың тиімді,пайдалықолдануына түсініктеме береді.Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның ,қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын ,қандай даму ,қаржы қорларның бар екеніне толық түсініктеме береді.

Аудиттің мәні ,мазмұны және даму тенденциясы