Аудиттің жекелеген қызметтері

Жоспар

 

Кіріспе......................................................................................................................3

І бөлім. Аудит  және оның функциялары .........................................................5

1.1 Аудиттің пайда болуы  ......................................................................................5

1.2 Аудиттің мәні, мақсаты  және функциялары...................................................6

1.3 Аудиторлық қызмет құқықтық  базасы............................................................9

1.4 Аудиттің стандарттары...................................................................................11

ІІ бөлім. Аудиттің жекелеген қызметтеріне сипаттама...............................15

2.1 Еңбекақыны есептеудегі  аудиттің мақсаты мен міндеттері........................15

2.2 Аудиторлық тәуекелділік  ..............................................................................18

2.3 Аудиторлық дәлелдеулер   .............................................................................19

2.4 Есеп аудитінің ақпараттық  жүйесі, мақсаты және тәсілдері.......................22

2.5 Өндіріс кезеңінің аудиті..................................................................................23

2.6 Ұзақ мерзімді активтердің  аудиті..................................................................25

2.7 Міндеттемелер мен капиталдардың  аудиті...................................................26

Қорытынды..........................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................30

 

Кіріспе

 

Рыноктық экономика экономикалық кадрларды даярлау жүйесіне жаңа талаптар қояды, талаптарды жоғарылатады. Мамандарды даярлау процесі рыноктың заңдары мен талаптарына сай келетін пәндер бойынша білімдерді игеруді талап етеді.

Әрбір ілімнің  өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол  ілімнің басқа қалалардағы ілімнен  айырмашылығын, оның өздеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет.

Тану теориясына байланысты қандайда ілім болмасын, обьективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатнасқа, экономикалық заңдарға байланысты болса, аудит те, барлық экономикалық ілімдер  сйяқты, шаруашылық жүргізуші субьектілердің өндірістік қатнастарын дамыту процестеріне негізделген. Бірақта, олар сол процестердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.

Сонымен, аудиттің пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім  арқылы тәуелсіз эксперттік негізде  және бухгалтерлік (қаржылық) отчетты талдау т.б. шаруашылық жүргізуші субьектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын анықтығын анықтай отырып , оған толық түрде обьективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына, нормативтік актілеріне сәйестік беру.

Осы келтірген  аудит пәнінің анықтамасы бідің  ойымызша барлық талаптарға сай келеді деп ойлаймыз.

Арнайы әдебеттерде  т.б. ілімнің пәні мен обьектілері  бірдей деп немесе бір-біріне ұйқас  деп айтылады, бірақта бұл түсініктемелер бір-бірімен ұйқас болғанымен, олардың мағналарыәр түрлі болады. Сол себепті бұл мағналарды ажырата білген жөн. Обьекті дегеніміз, сол оқитын пәннің шындығы.

Мысалы, дәрігерлік ілімнің обьектісі-адам болып есептелінсе, экономикалық ілімнің обьектісі-мемлекет экономикасы, олардың салалары. Ал аудитің обьектісі белгілі бір шаруашылық жүргізуші субьектілер (кәсіпорындар, фирмалар, акционерлік қоғамдар,жеке кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындар, т.б.)

Аудит обьектілеріне  мыналар жарады. Шаруашылық жүргізуші  субьектілердің қарды жағдайлары, олардың өндірістік жұмыстары, шаруашылық жұмыстарының экомикасын дамыру жөнінде және тиімділігі жөнінде үсыныс беру.

Егер, аудит  обьектісі болып жоғарыда айтылғандар  болса, онда олардың міндеті болып  мыналар есептелінеді. Сенімділігі, нақтылығы, отчет көрсеткіштерінің ұқыпты түрде тексерілуі, олардың толықтығы, дұрыстығы. Осыған орай аудиттің міндеті –қаржы нәтижесі бойынша жасалынған отчетқа (есептілікке) аудиторлық қортынды беру, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржы нәтижелері бойынша жасалынған көрсеткіштердің заңдарға, стандартқа, нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз экспертиза бойынша дәлелдеп көрсету және оның дұрыстығын анықтау.

Тақырыптың  өзектілігі. Бухгалтерлік есеп және аудит – жоғары оқу орындарындағы экономикалық мамандықтардағы студенттерге арналған негізгі курс болып табылады  және бұл жалпылама қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттары мен қаржылық есеп берудің негізінде экономикалық мамандықтағы студенттерге бухгалтерлік есеп негізінде білімін тереңдету үшін қажет.

Жоғары оқу орындарында білім ала отырып бухгалтерлік есеп және аудит негіздерін толық түсіну үшін студенттер жеке кәсіпорындардың және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының тәжірибелерін үйреніп, мемлекеттік тексеру, салықтық және аудиторлық ұйымдармен тығыз байланыста болуы қажет.

Курсты игеру  барысында бухгалтерлік есеп және аудиттегі  негізгі ұғымдар, жіктемелер, топтастырулар, объектілері, әдістері мен міндеттері қарастырылады.

Лекциялық курс бухгалтерлік есеп және аудиттің   машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге  мүмкіншілік  береді және қосымша тренинг та болады.

Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі  және компьютерлік тестілер қазіргі экрономикалық білім беру талаптарына сай келеді.

Семинарды белсенді түрде өткізу тәжірибесі  теориялық  және практикалық материалдарды  тексеруге  үлкен мүмкіндіктер береді.

«Бухгалтерлік есеп және аудит»  пәні кәсіпорындарды  басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп пен аудиторлық тексерудің маңызы мен орнын оқып үйретуді қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыстың пәні – есеп және аудит пәндері.

Курстық жұмыстың міндеті: аудиттің пәні мен міндеттемелеріне кешенді шолу жасау.

Курстық жұмыстың мақсаттары:

    • аудиторлық тексерудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын дұрыс анықтауды үйрету;
    • аудиттің мәні мен мазмұнын;
    • аудиторлық қызмет және оның объектілерін;
    • аудиторлық бақылаудың түрлері, әдістері мен тәсілдерін;
    • аудиторлар мен клиенттердің өзара жауапкершілігін ашып көрсету.

 Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

І бөлім. Аудит және оның функциялары

1.1 Аудиттің пайда болуы

 

Аудит термин осыдан екі мың жыл бұрын «аудио» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге  болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының  бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.

Бұл арада клинттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән  беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз растауы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет.

Бухгалтерлер  ассоциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке қажеттілік мына негізгі  шарттарды тудырды:

- ақпарат жасаушылардың  және пайдаланушылардың мүдделерінің  қабыспауы, яғни сәйкеспеуі ақпараттың  объективті болмауына әкеп соқтыруы  мүмкін;

- объективті  емес ақпараттарға негізделген  шаруашылық шешімдерді қабылдау  жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;

- алынған ақпараттың  шындыққа жанасымдылығын бағалау  немесе тексеру үшін фирманың  пайдаланушыларында жоқ арнайы  білім болуы қажет;

- компаниялардың  операциясы көп әрі күрделі  болуы мүмкін, пайдаланушылар ол  туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж.

Экономикалық  әдебиеттерде аудиттің түрлері мен  нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері  бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша  аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда  орнықты болады:

    • аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;
    • құқықтық негізінде: міндетті, бастамашыл инициативтік;
    • қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;
    • толықтығы: кешенді, тақырыптық, функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;
    • жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын;
    • аудит жүргізілетін субъектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік;
    • тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық, қаржылық есептеме аудиті және талапқа сәйкестік аудиті.

 

 

1.2 Аудиттің мәні, мақсаты және функциялары

 

Негізгі есеп тұжырымдамасы  бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер  мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».

ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».

Классикалық ұғымда аудит- кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Аудит – бұл  біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілірдің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – белгіленген  талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

Бұл негізгі  мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық  жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерімен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толықтырылуы мүмкін.

Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы  қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал  жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру  барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу  үшін нақты міндеттерді шешіп  алу қажет. Олардың ішінен ерекшклеп  мыналарды бөліп көрсету керек:

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оң-тайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, зандық және  баска да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.

Бұл арада клиенттің  нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет   нәтижелері    және   олардың   заңды    сақтауы    туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит - бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге  қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс» (36, 4-6.).

ҚР «Аудиторлық  қызмет туралы» Заңында мынадай  анықтама берілген: «Аудит Қазақстан  Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында занды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады»(11).

Таным теориясына орай, бір ғылым ғана зерделейтін  объективті шындықтың қандай да бір бөлігін немесе кез келген  ғылымның (оның ішінде аудит те бар) мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың  нарықтық экономикадағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның пәні болып табылатьшы белгілі. Салалық  экономикалық ғылым салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың өндірістік қатынасын 

    • кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
    • шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұматтарды алып, бағалау;
    • кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
    • кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;
    • заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шыныйы мазмұнына шаруашылық операциялардың қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
    • кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
    • клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық және сараптамалық, талдамалық, кеңес берушілік және өндірістік функциялары бар.

Бақылаушылық  және сараптамалық функциясы – қаржылық есепті тексеру мен бағалау.

Талдамалық  функциясы – талдау, реттеу, болжау, үйлестіру, әр түрлі көрсеткіштерді есептеу, ұсынысты жасау.

Кеңес берушілік  функциясы – есеп, менеджмент, салық  салу, маркетинг, құқық, қаржы және тағы басқа сұрақтарға жауап беру.

Өндірістік  функциясы – есептің қойылуы, персоналды оқыту, салық декларацияны және есеп берулерді жасау.

 

 

1.3 Аудиторлық қызмет құқықтық базасы

 

Аудиттіқ қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемелекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті  нормативті-құқықтық реттеудің мемелекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:

    • ҚР Конституциясы;
    • ҚР Азаматтық Кодексі;
    • ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы;
    • ҚР Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңы;
    • ҚР қылмыстық кодексі;
    • ҚР салық кодексі;
    • ҚР бюджет кодексі;
    • ҚР әкімшілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі және т.б.

Жоғарында аталған  заңды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын  білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданысиағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.

ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы аудиторды жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүлікктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін елеміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бұрса, онда халықаралық келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.

Қарастырылып  отырған нормативті-құқықтық актіде аудиттің сыйымды анықтамасы берілген, оны өткізу және клиентке басқа да аудиторлық және кеңес беру қызметтерін ұсыну тәртіптері белгіленген. Аудиторлық ұйымдар мен тәуелсіз аудиторлардың функциялары мен міндеттері, тараптардың құқықтыры, міндеттері және жауапкершілік деңгейлері қалыптастырылады. Бұл заңның нормалары меншік түрлері мен қызмет салаларына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты республикамыздың барлық территориясында қолданылады. Онда келісімшарт негіздеріне қарай аудитор мен клиенттің арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ аудитордың өз клиентінен және кез келген мүдделі үшінші жақтан толық  тәуелсіздігі жеткілікті дәрежеде ашып көрсетіледі. Тапсырыс берушіге аудиторларды қалауына қарай еркін таңдауына құқық берілген. Ол, сонымен қатар, қаржылық-шаруашылық қызметтерді тексеру үшін шетелдік аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды шақыруға құқы бар. Аудиторларға ұсынылатын мәліметтер мен құжаттамалардың анықтығы және шынайылығына тексерілетін шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары жауап береді.

 

1-сызба. Ұйымдағы аудиттің құрылымы

 

Аудиторлық  тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды  құжаттарды дайындау сияқты бірінен  кейін бір жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады.

Аудитті жоспарлау  мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

    • ішкі бақылаудың тиімділігі, есептемелер мен бугалтерлік есептің жағдайлары туралы қажетті ақпараттарды алуды;
    • орындалуы тиіс бақылау процедурасының көлемі мен өткізу уақытын, мазмұнын анықтауды.

Аудитті жоспарлауға  аудиттің жалпы жоспарын жасау және аудиторлық бағдарламаларды әзірлеу  кіреді.

Жалпы жоспарда  мына негізгі көрсеткіштер көріністабуы керек:

    • орындалатын жұмыстын мөлшері;
    • жұмыстың ұзақтығы мен өткізу мерзімдері;
    • аудитор қолданатын әдістер мен тәсілдер.

Аудитор жалпы  жоспарды тексерілетін кәсіпорынның басшылығымен және қызметкермен ақылдасып талқылауына  болады, бұл аудиттің іс-әрекетін күшейтегі  әрі кәсіпорын қызметкерінің  қызметімен аудиторлық процедураларды үйлестіреді.

Елеулік баптардың  немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі  бір жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалауына қатысыт  уәжіп-пікір қабылданады. Яғни, елеулік  көбінесе есеп берудің табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және қандай да ббір пайдасын тигізетін ақпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ» .

Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұның білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында  аудитор сандық қатынастағы елеулі бұрмаларды анықтау мақсатында елеуліктің қолайлы деңгейін белгілейді.

Жоспарлау кезеңінде  аудитор қаржылық есептемелерде  елеулі бұрмаланған ақпараттарды тудыратын  сәттерді де қарастырады. Нақты  есепшоттардың  сальдосымен жә»не операциялардың кластарымен байланысты елеуліктің аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу қажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мәселелерге қатысты аудитордың бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл қолайлы деңгейге дейін аудиторлық тәуекелдікті кемітетін аудиторлық процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.

Елеулік пен  аудиторлық тәуекелдіктін арасында кері байланыс болады, яғни елеуліктін деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын  аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым төмен немесе осыған керісінше болады. Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктің арасындағы кері байланысы аудитор аудиторлық процедураның сипатын, орындалу мерзімін және көлемін анықтау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулік»).

 

1.4 Аудиттің стандарттары

 

Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде  негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұғуға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижлерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

Аудиторлық  стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс-тәжіребелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Аудиторлық  стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқа да өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.

Жалпы стандарттар  – бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға  қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.

Аудиторға қойылатын  негізгі талаптар:

    • даярлығы;
    • құзыреттілігі;
    • тәуелсіздігі;
    • ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.

Жұмыс стандарттары – бұл тексеру міндетін орындауда  аудитор басшылыққа алатын ережелер.

Олардың құрамына кіретіндер:

    • аудиторлық тексеруге дайындалу;
    • қадағалауды жүзеге асыру;
    • анық айғақтар мен сенімді мәліметтерді жинау;
    • ішкі бақылаудың жағдайын бағалау.

Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады  әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға  және оның формасы мен мазмұнына  қатысты ережені білдіреді.

Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы әдеп және кәсіби әдеп.

Әдеп термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық тандау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешүші элемент бар:

    • шешімді таңдау проблемасы;
    • жаман мен жақсы туралы түсінік;
    • әдеп, адамгершілік мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.

Әдеп  кең  мағынасында  өнегелік принциптері  мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе қәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің және т.б кәсіби кодекстері бар.

Әдептің негізгі  мақсаттарының біріне шешім қабылдауда басшылық жасау жатса да, шешім  қабылдаушы тұлғаның функциясы осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.

1988 жылы АІСРА  мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды, оның ішінде олардың кәсіби тәртібін көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:

1. Міндеттері. Аудиторлар  өз міндеттерін орындауда жоғары  кәсіби және моральдық сапаларын  танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы қажет.

2.  Қоғамның  мүдделері. Аудиторлар өзіне мынадай  міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам  мүддесіне қарай әрекет-қызмет  етіп, оның сенімін ақтап, жоғары  кәсіби шеберлігін көрсету керек.

3. Адалдық. Қоғамның  сеніміне ие болуы үшін аудиторлар  өзінің кәсіби міндеттерін адал  әрі мінсіз орындауы қажет.

4. Объективтілігі  және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін  сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан  бойларын аулақ салғаны жөн.  Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.

5. Тиісті. Аудиторлар  кәсіби стандарттарды сақтауы  қажет, өз білімдерін жоғарылату  және кәсіби міндеттерді толық  орындап, қызмет сапасын ұдайы  жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.

6. Қызмет көлемі  мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін  қызметтің көлемі мен түоін  анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби  кодексінің принциптерін сақтауы  керек.

Әрбір аудитор  өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі  ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаьарды анықтауда  негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:

Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық  кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болимау керек.

Аудиттің жекелеген қызметтері