Аудиттің жұмыс құжаттарын жасақтаудың теориялық, әдістемелік негіздері

           АТМГИ мамандық 5В050800 есеп және аудит, топ-ЕжА-11  ССО,  қ/б          


           Алтыбайқызы Амангүл

Кіріспе

 

 

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан  ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру  мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процессін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларлы іске асыру үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.

Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері мехнизмдеріне түбегейлі әсер етті.

Аудиторлық қызмет негізгі  қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі. Аудиттің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау  жүргізу.

Аудиттің мазмұнын қарастыру  барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет аудитордың мамандығы фактілерді жинау және бақылау аудит стандарты аудитор ақпараты, есебі.

Курстық жұмыстың өзектілігі: елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті аудиторлық мәнділік осы курстық жұмыста кеңінен және түбегейлі қарастырылады. Мәнділік  аудитордың міндетін ұйымдағы қаржылық есптемені тексеруді болжамайды және есептемеде құрылған нақты бірлік өлшеміне дейін оның сенімділігіне қорытынды бермейді. Мәнділік – бұл ақпараттағы мүмкін өзгерістер параметрі, яғни өзінің компетенттелген тұтынушысының пікіріне әсер етуі. Мәнділік – тұрақты абсалюттік санда көрсетілмеуі мүмкін. Әрбір нақты жағдайда, әрбір мекеме үшін мәнділік түрліше болуы мүмкін.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: аудиторлық жұмыс құжаттарының түрлері мен мазмұны анықтау. Оның ішінде келесідей сұрақтарды қарастырады:

  • Аудиторлық қызмет ұғымы, мәні мен мазмұны
  • Қазақстан Республикасындағы құжат айналымына қойылатын

талаптар

  • Аудитті ұйымдастыруды нормативтік реттеу
  • Аудиттің жұмыс құжаттары: мәні мен мазмұны, түрлері
  • Аудиттің жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар
  • Халықаралық аудит стандарты 500 оның мақсаты, қолдану аясы

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған ақпар көздерінен тұрады.

         Осы курстық жұмысты жазу үшін әр түрлі ақпар көздерін іздедім. Ең басты қолданылған ақпар көзім – «ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы» болып табылады. (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен).

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Аудиттің жұмыс құжаттарын жасақтаудың теориялық, әдістемелік негіздері

 

1.1 Аудиторлық қызмет ұғымы, мәні мен мазмұны

     

 

        Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.

Аудиторлық қызметтің  мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу қүжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру.

Бухгалтерлік есеп жүргізу мен  қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тутынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуывда.

 Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық  қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі апектілер бойынша  қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы  қоятын мақсатты түсінуіміз керек.                                                     

 Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.                    

  Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық  көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне  өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз  аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық  тексерулер өздерін қызықтыратын  қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың  мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет. [1].                                                                                                

 Аудиттің маңызы тиісті  жақтардың  мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады, атап айтқанда:                                                                                           - экономикалық субьектілердің        - салық қызметі тулғасындағы мемлекеттің     

- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушыларды   

-аудиторлардың меншік  иесі мен мемлекеттің мүдделерін  қорғау, сонымен бірге есеп және  қорытынды есеп беруді қамтамасыз  ету мақсатында.

   Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті  қаржылық  ақпарат қажет.           Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы  есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруду беру туралы өтініш  тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.                                              

 Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан  ол аудиторға басшылыққа арналған  және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.                                                                                                

   Аталмыш заңға сай аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру ретінде танылады. Аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға. Аудиторлық қызмет - қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет. Аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады. [2].

    Қазақстан Республикасының Yкіметі:

1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды;

2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды.

3) аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

4) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оны табыс ету мерзiмдiлiгiн бекітеді;

5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

  Аудитор өз қызметін аудитор ретінде бір аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.

  Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.

Аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.

   Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс.

   Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

   Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиіс.

    Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлес жүз процент болуға тиіс.

  Аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.

  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.

  Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентінің қатысушысы бола алмайды.

  Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.

       «Аудитор» біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау шарттары мынадай:

1. Жоғары білімі және  экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде үш жыл еңбек стажы бар адамдар аттестаттауға жіберіледі.

2. Аттестаттаудан өткен адамдар «аудитор» біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін және біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, өз аты, сондай-ақ өзінің қалауымен - әкесінің аты көрсетілген аудитордың жеке мөрін (бұдан әрі - жеке мөр) алады.

«Аудитор» біліктілігін беру туралы шешім Біліктілік комиссиясы айқындайтын мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.

3. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң жіберіледі.

 Аудиторлық қызметті лицензиялау шарттары мынадай:

1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда, аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.

Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.

5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.

   Қаржы ұйымының аудитін жүргізу ерекшеліктері:

1. Қаржы ұйымының аудиторлық есебін жасау және оны уәкілетті органға ұсыну мерзімдері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

2. Қаржы ұйымының аудиторлық есебі бір мезгілде қаржы ұйымына және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылады.

3. Қаржы ұйымының аудиторлық есебін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынудың белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган аудиторлық есепті белгіленген мерзімде ұсыну туралы жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.

4. Аудиторлық ұйым жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қажеттілігі туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы. [3].

 

 

       

 

 

           1.2 Қазақстан Республикасындағы құжат айналымына қойылатын талаптар

 

 

           230 "Құжаттау" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында "аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралық стандарттарға (ХАС) сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге тиісті" делінген. Аталмыш құжатқа сәйкес аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде толық және аяқталған болуға тиісті. 
 Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы. 

Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:

- олар аудитті  жүргізу және жоспарлау кезеңіңде  көмектеседі;

   - олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;

- оларда аудиторлық  қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.

Құжаттарды  дәлелдеу маңыздылығы бойынша 4 топқа  бөлеміз:

1.алғашқы

2.Жиынтық

3.өкілетті емес

     4.көмекші

     Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар. 
          Жұмыс құжаттарының толық саны (тізімі) әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирма ішілік стандарттарымен анықталуға тиісті.

     Жұмыс құжаттарының нысандарын (үлгілерін) жасауға стандартты тәсіл пайдаланылған жерде кейбір артықшылықтарға қол жеткізілуі мүмкін. Ондай нысандар жұмыс құжаттарын жүйелеуге мүмкіндік береді, талдау жасау үшін ақпараттар алуды, сондай-ақ, келешекте оларды пайдалануға мүмкіндік жасау үшін белгілі бір схема бойынша сақтау процесін жеңілдетеді. Сондықтан барлық жұмыс құжаттарында төмендегілер болуға тиіс:

- басы (аты), толтырылған мерзімі және оларды дайындаған қызметкердің фамилиясы;

- пайдаланылған символдардың суреттемесі;

- ұқыпты және мұқият дайындалуы.

            Ағымдағы құжаттардың картотекасы:

     - жоспарланған жұмыстар туралы жазу үшін жүргізіледі; 
     - жүзеге асырылған процедуралармен, жүргізілген тестілермен, жасалынған қорытынды пікірлермен бірге, орындалған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі ақпараттар алу үшін жүргізіледі. 
           Ағымдағы құжаттардың картотекасында аудитордың жұмыс құжаттарының көбірек бөлігі сақталады, сондықтан оларды төмендегі бөлімдерге топтастырылған тиісті номенклатура бойынша бөлу дұрыс: 
      - қаржылық қорытынды есепке шолу жасау құжаттары; 
       -  аудиторлық тексерудің жоспары мен бағдарламалары; 
       - нақты тексеру жүргізу нәтижесі бойынша құжаттар; 
    - арнайы мақсаттағы құжаттар. [4].

       

 

           1.3 Аудитті ұйымдастыруды нормативтік реттеу

 

 

            Аудиторлық тексерудің нәтижелері  маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ  мемлекеттік масштабта реттеле алады.

         Нормативтік-құқтық реттеу дегеніміз – бұл, ауиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережерлерде (ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу. 250 «Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарастыру» деп аталатын халықаралық аудит стандартында былай делінген: « Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті.

          Субъек қызметінің белгілі бір заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады.» Демек, кәсіпорын қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылық қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас тарту, жалған құжаттарды салып қою, сөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.

            Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік реттеу жүйесіне төмендегі заңдық және нормативтік құжаттар кіреді.

 

1-кесте

           Аудиторлық қызметті реттеуші негізгі нормативтік – құқықтық құжаттар

 

Құжаттың атауы

1

Қазақстан Республикасының  «аудиторлық қызмет туралы» заңы, 20 қараша 1998 ж. №304 (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

 

1 – кестенің жалғасы

2

Қазақстан Республикасының  « Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы» кодексі – 30 қаңтар 2001ж. №155 – II (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

3

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997ж. №167-1(2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

4

Қазақстан Республикасының  азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі) 27 желтоқсан 1994ж. №268-XIII (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

5

« Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңы 31 қыркүйек 1995ж. №244 (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

6

ҚР-ның «Сақтандыру  қызметі туралы» заңы 18 желтоқсан 2000ж. №126-II (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

7

ҚР-ның « Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңы 7 шілде 2004ж. №576-2

8

ҚР-ның « Табиғи монополиялар туралы » заңы 9 шілде 1998ж. №272-I (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

9

ҚР-ның « Шетелдік инвестициялар  туралы» заңы. 27 желтоқсан 1994ж. №266-XIII (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

10

ҚР-ның « Акционерлік қоғамдар туралы » заңы. 13 мамыр 2003 ж. №415-2 (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

11

ҚР-ның« Лицензиялау туралы»  заңы. 17 сәуір 1995ж. №220 (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

12

«ҚР-ның жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті  серіктестіктер туралы» заңы. 22 сәуір 1998ж. №220-1(өзгертулер және толықтыруларымен)

13

Аудиторлар палатасының  Республикалық конференциясында 2000 жылы қабылданған 2 томдық Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары

14

Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылы 29 маусымында №878 «  Аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін бекіту туралы» қаулысы (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

15

Қазақстан Республикасы ұлттық банкі басқармасының 2003жылы 27 қазандағы №384 «банктерде,сақтандыру ұйымдарында аудит өткізуге лицензия беру жөніндегі өтінішке тіркелген  құжаттар тізіміне және өтініш берушіге қойылатын талаптар жөніндегі ереже нұсқауларды бекіту туралы» қаулысы

16

Қазақстан Республикасы қаржы Министірлігінің 1995жылғы 28 маусымдағы № 161 бұйрығымен бекітілген №33 «Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын  есептеу және бюджетке төлеу тәртібі  туралы» ереже-нұсқау (2012.10.07. берілген өзгертулер және толықтыруларымен)

17

Аудиторлар палатасының 1998 жылғы 23 желтоқсанда өткен Республикалық  конференциясында бекітілген « Қазақстан  Республикасы аудиторларын аттестациялау  бойынша Мемлекеттік емес мекеме – Бекітілген комиссиясы туралы» Ереже

18

«Қазақстан Республикасы аудиторларын аттестациялау бойынша  Біліктілік комиссиясының 2003 жылғы 20қазандағы  №25 бұйрығымен бекітілген аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау тәртібі  туралы» Ереже


 

   Қазақстан Республикасының « Аудиторлық қызмет туралы» заңы және аудитті реттеуші басқа да заңдар

 

           « Аудиторлық қызмет туралы» заңы Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесіндемемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 6 тармақтан және 25 баптан тұрады.

          1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4 баптар).

2-тармақ. Аудитор, аудиторлық  ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).

3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау (9-13 баптар).

4-тармақ. Аудиторлық қызметті  жүзеге асыру (14-16 баптар).

5-тармақ. Аудиторлар мен  аудиторлық ұйымдардың құқықтары,  міндеттері және жауапкершіліктері  (21-25 баптар).

6-тармақ. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (21-25 баптар).

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» - 31 қыркүйек 1995 ж. №244, «сақтандыру қызметі туралы » - 18 желтоқсан 2000ж. №126-II, «инвестициялық қорлар туралы» - 7 шілде 2004ж. №576-2, «табиғи монополиялар туралы» - 9 шілде 1998ж. №272-1, «Акционерлік қоғам туралы» 13 мамыр 2003ж. №415-2, «жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» 22 сәуір 1998ж. №220-1 заңдарымен жоғарыда аталған субъектілер аудитін жүргізудің ерекшеліктері айқындалған. Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестициялар туралы» заңында – 27 желтоқсан 1994ж. №25 266-XIII (өзгертулер және толықтыруларымен) 23-бетте шетелдіктердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардың аудиторлық қорытындыны міндетті түрде меншік иелеріне, мемлекеттік статистика және мемлекеттік бақылау органдарына дайындап тапсыруды белгіленген.

          Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 1995жылғы 28-маусымдағы №161 бұйрығымен бекітілген №33 «Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі туралы» ереже-нұсқау (өзгертулер және толықтыруларымен)

         Қазақстан Республикасыда тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғалардың салық органдарына міндетті түрде декларацияда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы (сенімділігі) туралы аудиторлық қорытынды дайындап тапсыру шарттарын анықтайды.[5].

 

 

 

 

2  Аудиттің тиімділігін анықтаудағы жұмыс құжаттарының рөлі мен орны

     

        2.1 Аудиттің жұмыс құжаттары: мәні мен мазмұны, түрлері

 

 

         Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды- пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті.

Аудит практикасында  жұмыс құжаттарының унификациясы (бір  ізге салынуы) ұлттық стандарттарда, халықаралық  стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі. Жұмыс құжаттарының көлемі фирма ішілік стандарттардың негізінде және аудитордың кәсіби пайымымен анықталады. Мұндай кезде аудитор өзі дайындаған жұмыс құжаты бұрын аудит өткізбеген басқа аудиторға немесе орындалған жұмыстар жөнінде және аудиттің барлық детальдарын егжей- тегжейлі көрсетпей-ақ, маңызды шешімдер қабылдаудың себептері жөнінде мағлұмат беру үшін аудиторлық фирманың жетекшісіне қажет болып қалуы мүмкін екендігін назардан тыс қалдырмауға тиісті. 

          Жоғарыда айтылғандардан жұмыс құжаттары бір уақытта жұмыстың сапасына бақылау жасау құралын бере отырып, жұмыс процессіне жағдай туғызады деген қорытынды пікір айтуға болады.

          Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

-       жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;

-       жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;

-       сапаны бақылауға қолдау көрсету ге мүмкіндік береді.

         Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:

-        көрсетілетін қызметтің сипаты;

-       аудиторлық қорытынды есептің нысаны;

-       клиент бизнесі;

-       ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;

-        аудитті орындау процессінде қолданылатын әдістеме.

        Жұмыс құжаттарының мазмұны.

         Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процессін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау жеңілірек болады.  

        Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:

1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;

2.  Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;

3. Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;

4.    Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;

5.  Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;

6.    Ассистенттер орындаған жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;

7.  Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағаны туралы көрсетулер;

8.     Аудиторлардың сарапшылармен, кеңесшілермен және үшінші

жақтың басқа да өкілдерімен  өткізген әңгімелерінің көшірмелері

9.     Аудитордың өз клиентіне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;

10.  Клиенттен немесе оның өкілдерінен алыенған хаттары;

11. Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;

12. Шоттардың, экономикалық субьект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының талдауы, тексеруші баланстар;

13. Өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебінің, сонымен бирге сол қорытынды есеп бойынша жасалынған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б көшірмелері;

14.  Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер. [6]

 

 

       2.2 Аудиттің жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар

         

 

       Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды растауға (дәлелдеуге) тиісті:

1.   Бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес орындалған;

2.   Жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған;

3.   Аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;

4.   Дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар жүзеге асырылған және тексерулер пікірлердің дұрыс білдірілгендігін растау үшін жетік дәлеледеулер алатындай етіп жүргізіледі.

Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды  жасау үшін аға аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың  мазмұнында сәкессіздік немесе толық  еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойындауға тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын айта кету керек. Клиетті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды аудитордың өзі тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар төмендеглер болуы мүмкін:

- Тексеруші баланс;

Аудиттің жұмыс құжаттарын жасақтаудың теориялық, әдістемелік негіздері