Аудиттегі ақпараттық жүйелер
Мазмұны:
Кіріспе.......................
1. Аудитті ақпаратпен қамтамасыз ету.
1.1. Іскер ақпарат көздерін жіктеу........................
1.2. Бастапқы мәліметтер сапасын реттеу........................
1.3. Қаржылық есептеменің бағалау өлшемдері.....................
2. Аудиттегі ақпараттық жүйелер.
2.1. Компьютерлік ақпараттық жүйелер.......................
2.2. Audit Expert кәсіпорын жұмысының нәтижесі мен қаржылық жағдайын талдауға арналған экономикалық ақпараттық жүйесі........................
2.3. AuditXP «Комплекс Аудит» 2010 бағдарламасы бойынша аудитті автоматтандыру................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кез келген фирма не өндірісін немесе айырбастасын барлық жерде ақша қаражаттары жүріп жатады. Оның бәрі қадағаланып, реттеліп, фирманың жағдайын нақ аныққа шығару үшін аудиторларды жалға алады, ол дұрыс емес жерлерін шығарып қана қоймай сонымен бірге ой-кеңестер, болжам жасап болашаққа дұрыс бағыт береді. Көптеген аудиторлық фирманың ең кем дегенде бiр пакет бағдарламалық жабдықтауларды және бiр кестелiк бағдарламаны алуға тиiстi. Бұл бағдарламалар аудитордың жұмысына көмек көрсету мақсаты үшiн пайдаланылады. Ірi аудиторлық фирмалар тек осы фирмада пайдаланылуы мүмкін арнайы компьютерлік бағдарламаларды жасау үшін компьютерлік бағдарлама құрушыны жалдайды. Мұндай бағдарламаларға аудиторлық тәуекелділікті анықтау және тестлеу деңгейiн белгiлеу кезiнде аудиторларға көмектесетiн мәлiметтiк базалар кiргiзіледi. Оларға аудитор жұмыс істей алуға тиісті дайын әмбебап бағдарламалардың кең жиынтығы кіреді.
Бүгiнгi таңда Қазақстада кең тараған және көпшiлiкке мәлiм жалпы мақсаттағы құқықтық база ретiнде құқықтың жүйесi, сонымен бірге компьютерлiк диск турiндегi “Бухгалтер Проф” танылады. Бухгалтерлiк бағдарламаларды аудиторлық фирмалар тексеру жургiзу кезiнде де, қызмет көрсету кезiнде де пайдаланады. Жоғарыда айтылып кеткендей, аудиторлық фирма клиенттiң компьютерлiк жүйесiне, оның бағдарламалы жабдықталуына, колданылуының дұрыстығына жене т.б. баға беруге мiндеттi. Мұндай кезде аудиторға тексеру жургiзiлген объектiде тiкелей осы бағдарламалық ортада жұмыс iстеуге тура келедi. Басқа жағынан алғанда, аудиторлық фирмалар бухгалтерлiк есеп бағдарламаларын оны қалпына келтiру (қателердi түзету) және келiсiм-шарт бойынша клиентке көрсетiлетiн кызметтің шеңберiнде есеп жургiзу үшiн пайдаланады. Қазақстанда кең тараған және өзiн жақсы жағынан керсете білген бағдарламалық өнiмдер “Галактика” және т.б. фирмалардың өнiмдері. Қолданбалы бағдарламалардың статистикалық пакеттерін аудиторлар күрделi есептеулердi жүргiзу кезiнде пайдаланады.
Қазіргі таңда кәсіпорындарды компьютерсіз басқару мүмкін емес деп айтуға болады. Компьютерлерді бухгалтерлік есеп, қойма, сатылымдар мен ассортиментті басқару салаларында көп уақыттан бері қолданылып жүр.
ЭЕМ және автоматтандырылған жүйелерінің байланыс құралдары негізінде басқару мәселелерін шешу, тұтынушылар мен құрастырушыларға есептеуіш техниканы қолданудың жоғарғы деңгейлі мүмкіндіктерін ашты.
Нарықтық экономикаға сәйкес кәсіпорын жақсы жұмыс істеу үшін өндіріс технологияларын жаңашыл ұйымдастыруымен қатар, басқаруда жаңа ақпараттық технологияларын қолдану және экономикалық ақпаратты өңдеуді автоматтандыру қажет болады. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың негізі болып келетін кәсіпорынды басқару жүйесіндегі автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) кең өріс алып отыр.
Автоматтандырудың негізгі мақсаттары:
1. Еңбек өндірісін жоғарлату және басқару персоналын азайту;
2. Басқару сапалығын арттыру. Осы кезде жаңа есептерді шешу үшін жағымды жағдайлар жасалып, оларды шешудің жаңа әдістері пайда болады;
3. Әлеуметтік мақсат, мұнда еңбек өндірісінің интеллектуалдылығы жоғарлайды. АЖО жұмыс істеу кезінде пайдаланушының мамандық кәсіпкерлігі жоғарлап, олардың компьютерлік дайындықтарын арттырады. Еңбек басқаруы өзінің сипаты бойынша бүкіләлемдік үлгі қалыпқа сәйкес қызықты және беделді болып келеді.
«Компьютерлік ақпараттық жүйе ортасындағы аудит» тақырыбында курстық жұмыс жазудағы басты мақсатым аудитті осындай комьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ету арқылы еңбек өндірісін жоғарлату, аудитор мен клиент арасындағы операцияларды жеңілдету және автоматтандыру үшін ақпарат көздерін жинау болып табылады.
Аудиттегі ақпараттық жүйелер кәсіпорынның іскерлік белсеңділігін, қаржылық тұрақтылығын, өтімділік көрсеткіштерін дұрыс есептеуге қажет болады. Бәсекелестік кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырып, олардың нәтижесін көрнекі есеп беру түрінде көрсетуге болады. Яғни тақырыптың өзектілігі аудитті сапалы да шынайы, жылдам да қолайлы ақпаратпен қамтамасыз ету жүргізілетін аудиттік қызметтер мен тексерулердің толық қанды іске асуын қамтамасыз етуінде.
Курстық жұмысты жазу барысында тақырыпқа сәйкес төмендегiдей мiндеттер қойдым:
- Аудиттегі ақпараттық жүйелердің экономикалық мәнi мен маңызын ашу;
- Ұйымдарды компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ету және олардың тиімді пайдаланылуын зерттеу;
- Бағдарламалар бойынша аудиторлық тексеру жүргiзудiң маңызын қарастыру;
Қаржылық, кешендік және операциондық аудиттердің ақпараттық базаларының құрылымы олардың мазмұнымен және басқарудағы міндеттеріне байланысты. Бизнес жағдайы туралы мәліметтерді аудиттеу алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қарай мынадай негізгі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
1. Функционалдық белгілеумен – жоспарлы, нормативті, есептік, есеп берушілік, есептен тыс және талдамалы;
2. Көздері және өңдеу деңгейлері – бастапқы, аралық, нәтижелі деректі (құжаттамалы), көзбен (визуальді) бақылау;
3. Қажетті мағұлматтардың мөлшерімен – кешенді, тақырыптық және жеке;
4. Мазмұндылығы (насыщенность) және пайдалылық – жеткілікті, жеткіліксіз, артық, пайдалы және пайдасыз;
5. Бейнелеу тәсілімен – мәтіндік, сандық, алфавиттік, алфавиттік сандық, шартты және графикалық;
6. Өзгеру деңгейлерімен – тұрақты, шартты тұрақты, өзгермелі және сәттік;
7. Ұсыну формаларымен – ауызша, жазбаша, телефондық, машиналық, машиналық емес, магнит таспалары мен дискілер, дыбыс жазу (аудио) және бейне жазу (видео) таспалары және т.б.
Нормативтік көрсеткіштер бизнесті басқарудың тиімділік деңгейі мен жағдайын бағалауға ең жақсы сипаттама береді. Бұларды басқару жүйесі тиісті ұдайы өндіріс процесінде олардың өзгеруінің белгілі бір параметрлерін белгілеуге себепші болады.
Бизнесті ұйымдастыру туралы жоспарлы мәліметтер әлі болмаған, бірақ белгіленген мерзімде және өнімнің, жұмыстың, қызметтің нақты саны мен сапасында орындалуы тиіс құбылысты сипаттайды. Жоспарлы тапсырмалар ең алдымен оның қалыптасуы мен жүзеге асуының әдістері мен кезеңдері бойынша жіктеледі. Оның ішінде, келешектік (перспективалық), ағымдық және жедел (оперативтік) деп бөлінеді.
Қарастырылған ақпарат көздерін дұрыс пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің жоспарлау сапасын жедел бақылау мен талдауды жүзеге асыруды алдын ала анықтайтын бизнестің түпкілікті нәтижесіне тікелей әсер етеді.
Кешендік аудиттің маңызды көзіне статистикалық есеп пен есеп беру жатады. Оның негізінде бизнестің макродеңгейінде де, микродеңгейінде де, оның ішінде халық шаруашылығы, салалық және аумақтық (территориялық) деңгейлерінде болатын жаппай құбылыстар мен процестер жете зерттеледі. Осыған орай Қазақстан Республикасында барлық меншік түріндегі кәсіпорындар үшін қаржылық шаруашылық қызметтер туралы есеп берулердің, негізгі және айналымға түсетін қаражаттардың құрамы мен қозғалысының, өнім бағасының, салалардағы және аймақтар бойынша есеп айырысулар жағдайының маңызы зор.
Соңғы жылдары кәсіпорындардың статистикалық есеп берушілігі едәуір қысқарады және оны кеңейту әрдайым ақтала бермейді. Мұндай жағдайлар өндіріс ресурстары мен қуатын және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық әлеуеті элементтерінің қалыптасуы мен пайдаланылуын терең тексеру қадағалау және талдамалық іріктеулерді жүзеге асыру кең тарап отыр.
Дегенмен іріктелген мәліметтер ағымдағы бухгалтерлік есеп пен бастапқы құжаттамалардан алынатындықтан, олар есеп сипатындағы шығу көзі ретінде қарастырылса да, олар белгілі бір кестелердегі, графикалық және басқа формалы тәсілдерімен алдын ала өңделген, дәл әзірленген ақпаратты білдіреді. Ақпараттарды осылай талдамалы тұрғыдан ұсыну қаралатын объектінің кешендік және операциондық аудиттерді жүргізу барысында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көп жағынан пайдалылығымен, жеделдігімен және анықтығымен көмектеседі.
Есептік ақпарат экономикалық объектінің нақты жағдайын көрсетеді, болып өткен фактілер мен оқиғаларды сипаттайды. Оның көмегімен қызметтің ұйымдастырылу жағдайы мен оны басқару жүйесінің арасындағы кері байланысқа қол жеткізуге болады. Мұндай ақпарат басқарудың басқа міндетті істерін, атап айтқанда, жүзеге асыруына мүмкіндік туғызады. Есептік ақпараттың толық әрі уақытылы болуы, анықтығы қабылданатын шешімдердің пәрменділігі мен негізділігіне себепші болады. Мұның бәрі барлық есеп түрінің, ең алдымен кәсіпорын деңгейіндегі объектінің нақты басқарылу жағдайын бейнелейтін ақпараттармен қамтамасыз етудегі негізгі жабдықтаушы болып табылатын бухгалтерлік есептің әдіснамасы мен ұйымдастырылуын ұдайы жетілдіріп отыруды талап етеді. Бухгалтерлік есеп микродеңгейді бизнестің ұйымдастырылу процесінің барысын үнемі қадағалауға мүмкіндік береді.
Нарықтық қатынастардың үстемдік етуіне қарай кәсіпорынның табысы мен шығыны, баға белгілеу саясаты сұраныс пен ұсынысқа орай қалыптасатыны белгілі. Міне, осындай жағдайда олардың негізделген қаржылық нәтижелерінің рөлі артады. Жоспарлауды орталықсыздандыру, меншіктерді мемлекет иелігінен алу, өскелең экономикалыққ процестердің қарқыны бухгалтерлік баланс пен қаржылық есеп берулердің формаларын өзгертті. Есеп беру кәсіпорын қаржылық шаруашылық қызметінің жинақтап қорытылған көрсеткіштерін сипаттайды. Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру және есептемені жасау жаңа бағдар алуы керек.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметтің нәтижелерін толығырақ сипаттайтын барлық негізгі аудиторлық мәліметтерді есептеме көрсеткіштерін біраз кеңейтудің қажеттілігі пайда болды.
Біздің ұзақ бойы есеп пен есептемелердегі ақпаратты қалыптастырудағы ресми әдіснамамыз шетелдіктен едәуір айрықшаланады, осыған орай халықаралық стандарттарға ең көп шамада, яғни барынша жақындай түсу міндетін жүзеге асыру қажет болды. Нарықтық экономикалы елдерде есеп кәсіпорын қызметін жедел басқарудың қажеттілігіне қарай құрылады және қаржылық есеп берулердің ашық күмәнсіз анық болуына ерекше көңіл бөлінеді. Егер тиісті тәртіппен қойылған бухгалтерлік есеп пен іштей бақылау жүйесі болмаса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық жағдайын бағалау мен тексеру жөнінде аудиторға қосымша қиындықтар тудырады.
1.2. Бастапқы мәліметтер сапасын реттеу
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі реформа шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі туралы ақпаратты және оның қаржылық есеп көрсетілуін қалыптастыруды көпшілік мақұлдаған халықаралық стандарттарға кезең-кезең бойынша көшуге мүмкіндік береді. Алайда теориялық, әдістемелік және іс-тәжірибе сипаттарындағы көптеген мәселелер әлі шешімін тапқан жоқ. Олардың қатарына бухгалтерлік есептің сапасын бағалау мәселесін де жатқызуға болады. Аудитте пайдаланылатын ақпараттардың уақытылы алынуы мен күмәнсіз анықтығы және толық болуы есептің сапасына байланысты. Есептік рәсімдерді ұйымдастырудың териялық негізі болмаса, онда іс- тәжірибеде аса қажет қаржылық есеп берулердің сапасын қадағалайтын ғылыми негізделген жүйе әзірлеу мүмкін емес. Іс-тәжірибеде бухгалтерлер әдетте нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етілмеген әрі есеп пен есеп берулердің сапасын әдіснамалық тұрғыдан бағалай алмайды. Олар көбіне қолданыстағы стандарттар мен қабылданған есептік саясаттың сақталмаудың нақты себептерін айқындау үшін есеп пен есеп берулердің жағдайына терең талдау жүргізуге аса құқықты емес. Есептің сапасын белгіленген деңгейде жеткізетін нақты шараларды әзірлеуге аз көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар, кәсіпорынның есеп жүргізу процесін ұйымдастыру барысында оның рәсімдік қаражаттың жағдайы мен оның қалыптасу көздері туралы сандық мәліметтерді алуға ғана бағытталған. Мұндай тәсіл түпкі мақсаттары тек синтетикалық және талдамалы есептің, баланс пен есеп берулердің тіркелімдерін толтыру және алу ғана болып табылатын есептің ақпараттық жағын нашар іске асырады. Қызметкерлердің творчествалық тәсілі мен жоғары біліктілігін талап етпейтін, күрделі емес, қайталана беретін технологиялық операциялар басым.
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында есептік, бақылаушы-талдамалы және аудиторлық қызметтердің мақсаттары едәуір басқаша сипатта қалыптасқан немесе қалыптасып келе жатқан шаруашылық жағдайды талдау, нақты шешімдерді қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Мұндай қызмет өндірістік ресурстарды басқарудың ең қажетті құралы болып табылады, мұнда есептің ақпараттық-технологиялық аспектісі тек қосалқы, көмекші түрінде ғана болады. Ал, іс жүзінде есептік технологиялық қызмет табиғаты бойынша маманның жоғары кәсіби дайындығын талап етіп, ғылым мен өнерді ұштастырады, талдаудың нысандандырылған және нысанданбаған тәсілдерін қолдану есептілігін ұйғарады. Шетелдік кәсіпорындарда ең алдымен басқару есебі деп аталатын тұжырымдамада көрініс тапқан. Осы тұжырымдамаға сәйкес ресурстарды тиімді пайдаланудың әр түрлі есептері жасалады, өнім, жұмыс, қызметті өткізудің келешегіне және мәмілелер көлемінің өгеруіне қарай түпкілікті қаржылық нәтижелері болжанады.
Аудитті дамыту мен бухгалтерлік есепті реформалау өзіндік ерекшелігі бар шаруашылық операциялары мен өндіріс салалары бойынша әзірленетін нұсқау материалдары мен стандарттар мүмкіндік туғызады. Шаруашылқ жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына Бухгалтерлік есеп шоттарының бірыңғай жоспарына көшуі және 2005 жылдан бастап қаржылық есептеменің жаңа формасын енгізу есептік талдамалы және бақылау жұмыстарын жетілдіру ісіне көп көмектеседі. Ішкі, өндірістік, басқарушылық есеп пен есеп беру шоттарының жұмыс жоспарын субъектілер өз қызметінің ерекшелігіне қарай дербес әзірлейді.
Кез келген кәсіпкерлік іс-әрекетті шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржылық экономикалық тұрақтылығы туралы объективті және жедел ақпараттарынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Көптеген кәсіпорындарда бақылауды уақытылы атқарып, іс-әрекетті жақсартатын резервтерді анықтауға тиісті ішкі аудит пен қаржылық талдаудың арнайы қызметі құрыла бастады.
Қазіргі уақытта экономикалық ақпараттың дамыған жүйелерінің бірі бізде де, батыс елдерінде де қаржылық және басқарушылық болып бөлінетін бухгалтерлік есеп екендігін атап айту қажет. Қаржылық есептің басты мақсаты қаржылық есептемені жасау болып табылады. Оның дер уақытында дайын болып, қолға тиюіне акционерлер, инвесторлар, кредиторлар, серіктестер, әкімшілік, бақылаушы және басқа органдар сияқты көптеген пайдаланушылар аса мүдделі. Ал, басқару есебінің мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ұйымдастыруға тікелей қатысатын меншік иелеріне, әкімшілікке, менеджерлерге және басқа да ішкі тұтынушыларға арналған. Аудит пен талдауды жүргізгенде “Scala”, “Platinum”, “Монолит Инфо”, “ИНЭК”, “Галактика”, “Карана”, “Сэт” және т.б. сияқты шетелдік және отандық жетекші фирмалар әзірлеген осы заманғы озық есептік, қаржылық талдамалық жүйелердің артықшылықтарын толық пайдалану қажет.
Есеп мәліметтерін кешенді түрде талдау мен аудитін ұйымдастыруда компьютерлік технологияны қолдану шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі тиімділігінің, іскерлік белсенділігінің, төлем қабілеттіліктің, қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін дәл есетеуге мүмкіндік береді. Аудит процесінде мүліктің құрылымы мен оның өзгеру барысын бағалап, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері мен іскер белсенділігіне, өндіріс әлеуетін пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтаған жөн. Аудитор тереңдетілген мәнді талдау жүргізу үшін қаржылық есеп берулерде болмайтын, бірақ бухгалтерлік есеп, статистикалық, оперативтік-техникалық, жоспарлы ұйымдастырушылық тіркелімдері мен басқа шығу көздеріне ұшырасуы ықтимал қосымша ақпарат талап етілуі мүмкін.
1.3. Қаржылық есептеменің бағалау өлшемдері
Компанияның қаржылық есеп беру мазмұны ҚЕХС және бухгалтерлік есептің стандарттарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасында жылдық қаржылық есеп беру кәсіпорындарға мына фирмалар бойынша ұсынылады: бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп беру, ақша қозғалысының есептілігі, меншік капиталдағы өзгерістер туралы есептілік, кәсіпорынның есеп саясаты туралы ақпарат. Оған шаруашылық жүргізуші субъектілір қызметінің қорытынды қаржылық нәтижелеріне есептік кезеңде әсер ететін негізгі факторлардың өзгерісін ашатын түсіндірме жазбасы қоса тіркеледі.
Алғашқы есептік кезеңге жасалатын есеп берудің формасынан басқа қаржылық есеп берудің барлық көрсеткіштері бойынша олардың өткен кезеңдегі мәні келтірілуі керек. Егер өткен кезең мәліметтері есептегі кезеңнің ұқсас көрсеткіштерімен сәйкеспейтін болса, оларды түзету керек. Әрбір түзетудің себебі есептеу және бағалау әдістері түсіндірме хатта ашып көрсетілуі тиіс.
Қаржылық есеп берудің маңызды элементі активтер, меншік капитал және субъектінің міндеттемелері болып табылады. Есеп беру формаларының тиісті бөлімдерінде баптар бойынша оларды анық ашып көрсету шаруашылық жүргізуші субъектілір қызметінің қаржылық, кешендік және операциондық аудиттерінде аса маңызды орын алады.
Активтер субъектінің құндық бағасы бар мүлкі, мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқығы. Актив түрінде көрінетін болашақтағы экономикалық пайда бұл субъктінің ақшалай қаражаты түсіміне қосылатын әлеуетті тікелей немесе жанама үлес.
Міндеттемелер басқа бір тұлғаның пайдасына белгілі бір әрекетті жүзеге асыратын тұлғаның міндеті. Мысалы, мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу немесе белгілі бір әрекеттен бас тарту. Ал, кредит берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауды талап етуге қақысы бар.
Меншік капитал міндеттемелерін шегергеннен кейінгі субъектінің активтері. Ол бухгалтерлік баланста топ тармақтарына бөлінуі ықтимал. Мысалы, акционерлік қоғамда жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген табыс жеке көрсетіледі. Өзіндік капиталдың шамасы активтер мен міндеттемелер құндарының бағасына тәуелді.
Активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің өзара байланысы негізгі бухгалтерлік теңдікпен тұлғаланады:
А=МК+М
Бұл формула бухгалтерлік есепті қосарлы жазба тұжырымдамасына негізделеді. Міне, нақ осы теңдеуге мыналар сүйенеді: есептік талдамалы процедуралар, баланс пассиві мен актив баптарын жіктеу, басқа формадағы қаржылық есеп қоғамдарда меншікті капиталдың (ӨК) шамасы жарғылық капиталдың (ЖК) , қосымша төленген капиталдың (ТК) , резервтік капиталдың (РК) және бөлінбеген табыстың (БТ) мөлшерімен анықталады:
ӨК=ЖК+ТК+РК+БТ.
Бұл жағдайда негізгі бухгалтерлік теңдеуді былайша жазуға болады:
А=ЖК+ТК+РК+БТ+М
Қаржылық көрсеткіштерді есептеу мен тікелей байланысты элементтерге кірістер мен шығыстар жатады.
Кірістер - бұл активтердің кемуі немесе есептік кезеңде міндеттемелердің кемуі.
Шығыстар - бұл активтердің кемуі немесе кезеңде міндеттемелердің өсуі.
Бұл арада меншік иесінің меншікті капиталына қосқан үлесі кіріс деп есептелмейді, ал меншік иесінің өзіндік капиталын үлестіру шығыс болып табылмайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруі мүдделік танытатын пайдаланушыларға ашық жарияланады. Жылдық қаржылық есеп берулердің анық сенімділігін тәуелсіз аудитор растайды.
ҚЕХС 1сәйкес түсіндірме жазба мыналарды қамтуы тиіс:
1. Мәнді операциялар үшін таңдалып алынған және қолданылған қаржылық есептеме мен есеп саясатын дайындау негіздері туралы ақпараттарды қамту;
2. Қаржылық есеп беруде ұсынылмаған әлі БЕС талап еткен ақпаратты ашу;
3. Қаржылық есеп беруде ұсынылмаған, бірақ анық сенімділікпен ұсыну үшін қосымша ақпаратпен қамтамасыз ету.
Тауарлы-материалды қорлардың есебі мен бағалауы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Тауарлы- материалдық қорлардың құндарын бағалау мына әдістердің біреуімен жасалады:
Орташа безбенделген өлшенім құнымен;
ФИФО немесе сатып алу уақыты бойынша алғашқының құны бойынша;
Өзіндік ерекшелігі бар түсіндірме.
Орташа безбенделген өлшенімді құн (Қө) есептік кезеңнің басында болатын (ТМҚБ) және осы кезең ішінде аяғына дейін сатып алынатын немесе өндірілетін тауарлы-материалдық қорлардың (ТМҚА) орташа ретінде анықталады:
Қө= (ТМҚБ+ ТМҚА)/2. (1.4.)
ФИФО әдісімен материалдық құндылықтарды бағалағанда ең алдымен алғашқы дайындалған немесе сатып алынған қорлардың құнын есептен шығару керек.
Ерекшеліктерді ұқсастыру бойынша бағалау әдісі арнайы жобалар мен тапсырыстар үшін өндірілген және арналған бірін-бірі алмастырмайтын тауарлы-материалдық қорлар бірлігінің өзіндік есебін ұлғайрады.
Қаржылық есеп бнрудегі тауарлы материалды босалқыларға қатысты мыналарды ашып көрсету керек:
1. Тауарлы-материалды қорларды бағалау үшін қабылданған есеп саясатын;
2. Тауарлы-материалды қорларды жіктеу бойынша баланстық құндарды анықтап ашып көрсетуді;
3. Бұл қорларды таза өткізу құнына дейін, себептерін баяндап елеулі түрде есептен шығару;
4. Ашып көрсетуге баланс бойынша тауарлы-материалды қорлар сомасы мен ФИФО әдісін пайдалану нәтижесінде алынған сома немесе орташа безбенделген өлшенімді және сатудың таза құны арасындағы айырмашылық жатады.
5. Өткізілген тауарлы-материалды қорлардың өзіндік құны;
6. Есептік кезеңнің соңында міндеттемелерге кепілдеме ретінде салынған, салыну себептері қоса көрсетілетін тауарлы- материалдық қорлардың баланстық құны.
Осылайша, бухгалтерлік есеп жүйксін және қаржылық бақылауды реформалау ұғынықтылық ақпаратында да, активтерді, капиталды және міндеттемелерді бағалауда да маңызды өзгерістер тудырады. Бұл өзгерістерді зерттеу мынадай қорытынды шығаруға мүмкіндік береді: Қазақстан Республикасында субъектілер қызметінің есебі мен аудиті шетелдік әдістемелермен және жалпы қабылданған халықаралық стандарттардың талаптарымен жақындасу процесі аяқталды. Кәсіпорынның есептік саясаты өзінің жағдайы туралы мәліметтердің шындыққа жанасымдылығын, мәнділігін және салыстырылуын қамтамасыз ететін есеп, бақылау және талдаудың жаңа формалары мен әдістеріне орай жасалуы керек. Қаржылық және басқарушылық есептің мәліметтері, оперативтік, қаржылық және статистикалық есеп берулер, жобалық, технологиялық және басқа құжаттамалардағы мәліметтер кешендік және операциондық аудиттердің ақпараттық базасы бола алады. Әр түрлі көздерден тікелей және жанама алынатын мағұлматтары контрагенттер мен арнайы ұйымдардың мәліметтері өте құнды болып табылады. Қажетті мәліметтердің дәлелдемесі мен сапасының құрамы, құрылымы, мөлшері, дәлдігі, деңгейі микродеңгейдегі бизнестің кешендік бақылауы операциондық аудитінің, қаржылық есептемелер аудитінің алға қойған мақсаттары мен әдістері және түрлеріне қарай көптеген нұсқалар мен үлкен диапазонға ие. Қаржылық бақылау және кешенді аудитті оңтайлы жүргізу барлық қатысушылар мен мүдделілік танытатын тұлғалар белгілі бір басқарушылық шешім қабылдау үшін пайдаланатын бизнес туралы шындыққа жанасымды ақпарат алуға мүмкіндік береді.
2. Аудиттегі ақпараттық жүйелер
2.1. Компьютерлік ақпараттық жүйелер
Экономикалық субъектілердің қызметін жүзеге асыру процессінде дербес компьютерлер олардың ішінде есеп ақпараттарын өңдеуге және ішкі аудитті жүргізуге арналған компьютерлер кеңінен қолданылады.
Сыртқы аудитор өзінің жұмысында компьютерді және компьютерлік ақпараттық жүйені екі тәсілмен пайдалана алады:
Клиент ретінде барлық қаржы-есептік ақпараттарды немесе оның белгілі бір бөлігін тіркеу үшін компьютерді пайдаланады;
Аудит өткізуді жеңілдету үшін, әсіресе клиент компьютерлік жүйені пайдаланатын болса.
Тексеруге кірісе отырып, аудитор мәліметтерді өңдеудің ұйымдық нысанымен және басқару міндеттерін, оның ішінде бухгалтерлік есептің міндеттерін автоматтандыру деңгейімен танысады.
Компьютерлік ақпараттық жүйе дегеніміз бұл, басқарудың барлық деңгейіндегі тиімді шешімдер қабылдау, жоспарлау және өзінің жауап беретін салаларына бақылау жасау үшін қажетті ақпараттар дайындап берудің ресми ережелері мен процедураларының жиынтығынан тұратын көптеген кіші жүйелерді біріктіруші жүйе.
Клиенттің компьютерлік ақпараттар жүйесі жартылай немесе толығымен комьютерлендірілуі мүмкін.
Басшыларға ақпараттар құрамында статистика, талдау, коэффициенттер, қорытынды есептер және тағы басқалары бар есеп беру арқылы жетеді. Тиімді есеп берулер төмендегі факторлар есепке алады:
Басқару деңгейін. Жоғарғы басшылар барлық салалар бойынша ең кең аспектіні қамтитын қорытынды есепті талап етеді; орта деңгейдегі басшылар олардың функционалдық қызметі жөнінде мәселе қозғалатын қорытынды есепті талап етеді; операциялық басшылықтың қорытынды есебі жауапкершіліктің нақты айқындалған салаларымен шектеледі.
Жиілік. Белгілі бір кезеңдік есеп берулер автоматты түрде күн сайын, апта сайын, ай сайын немесе жыл сайын жүргізіледі. Бұл, әрине, ұйымның ішкі саясатымен анықталуға тиісті.
Жеделдік. Белгілі бір есеп берулердің кешіктірілуі немесе олардың берілмеуі шаруашылық операцияларына қатты әсер етуі мүмкін. Оқиғалар, көрсеткіштер және талап етілетін есеп берулер жеделдік дәрежесі бойынша анықталуға және жіктелуге тиісті. Жіктеу коммуникациялық құралдар арқылы анықталуға тиісті: жедел ақпараттарды тасқа басылған түрде емес, ең жақсысы телефон, телефакс немесе компьютер арқылы беру керек.

- Аудиттегі маңыздылық тұжырымдамасы
- Аудит текущей ликвидности предприятия ООО «Далер»
- Аудит текущих договоров
- Аудит текущих обязательств ТОО «АЛАТАУ»
- Аудит теориясы жане стандарттары
- Аудитті жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары
- Аудиттің жекелеген қызметтері
- Аудит субъекта малого предпринимательства
- Аудит субъектов малого предпринимательства
- Аудит сущность виды и цели
- Аудит: сущность и разновидности
- Аудит- сущность и роль
- Аудит: сущность и роль в системе финансового контроля РФ
- Аудит таможенной стоимости материальных ценностей