Автоматтандыру негіздері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Курстық жұмыста заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыру туралы және электронды оқулықтар студенттің бiлiм сапасын бақылау жүйесiн жақсарту жайында айтылған. Түйінді сөздер: электронды оқулық, ақпараттық, телекомуникациялық, дәстүрлі т.б.
Автоматтандырудың әлеуметтік және техникалық – экономикалық аспекттері.
Автоматтандырудың тарихы. Қол енбекті механизациялау және автоматтандыру. Еңбек өнімділігін көтеру мәселесі.
Қазіргі кезде машинажасау өндірісінің әр саласында автоматтандырылған технологиялық жабдықтардың жүйелері қолданылады және жаңадан жобаланып жұмысқа қосылады.
Яғни мұнда автоматтандырылған технологиялық жүйе күрделі болса, онда оны тұтастыру және қолдану жолдарының варианттары көп болады. Сондықтан машинажасау саласының мамандарына ерекше талаптар қойылады. Олар автоматтандырылған технологиялық жабдықтар жүйелерін жобалау қабілеттілігімен қатар көп варианттар ішінен тиімді варианты таңдап алу және механикаландыру мен автоматтандырудың тиімді дәрежесін таңдау.Мүнда жүйелік үстанымды қолдану қажет. Қазіргі нарық экономика кезінде өндіріс тез арада нарық сұранысына бейімделуі керек, сондықтан қайта бапталып реттелетін автоматтандырылған технологиялық жабдықтардың жүйелерін жобалап жұмысқа қосу абзал.
Автоматтандыру негіздері
Автоматтандыру дегеніміз – өндіріс процесстері кезінде адамның қатысуын азайтуға арналған ғылыми-техникалық прогресстің бір бағыты, нақтырақ айтатын болсақ: реттелгіш техникалық құралдар мен математикалық әдістерді өте қиын және қауіпті амалдарды орындауға қолдану.
Автоматтандыру облыстары:
- Өндірістік процесстер;
- проектілеуде;
- ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
- ғылыми зерттеулерде;
- бизнес процесстері;
- және адамның т.б. кызмет салаларында.
Автоматтандыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің сапасын арттыруға, басқару процесстерін оптимизацияландыруға, адамды денсаулыққа зиянды жұмыстардан қатыстырмауға мүмкіндік береді.
Қойылған тапсырманы автоматтандыру комплексті жүйелі түрде қарауды қажет етеді. Автоматтандыру жүйелерінің құрамына датчиктер(сенсорлар), енгізу құрылғылары, басқару қрылғылары(контроллер), орындау құрылғылары, шығару құрылғылар және компьютерлер жатады.
Есептеулерде қолданылатын кейбір әдістер адамның жүйке және ойлау функцияларының жұмысына ұқсайды. Бұл құрылғылар комплексін жалпы түрде жүйелер деп атайды.
Автоматтандыру жүйелерінің негізгі түрлері:
- Жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесі (АСП)
- Ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйесі (АСНИ),
- Автоматтандырылған проектілеу жүйесі (САПР),
- Автоматтандырылған эксперименттік комплекс (АЭК),
- Икемделген автоматтандырылған өндіріс (ГАП)
- Технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АСУ ТП),
- Пайдалануды басқарудың автоматтандырылған жүйесі(АСУ)
- Және автоматтандырылған басқару жүйесі (САУ).
Автоматтандырылған жүйелер дамуының негізгі тенденциясы келесі бағытты қамтыған, яғни болашақта алдыға қойылған тапсырманы адамның қатысуынсыз орындайтын автоматтандырылған жүйелер құру. Ал адамның жұмысы бастапқы мәліметтерді дайындау, тапсырманы орындайтын алгоритмді таңдау(шешу әдісі) және алынған нәтижені анализдеу ғана болып қалады.
Бірақ, кейбір өте қиын тапсырмалар мен процесстерде автоматтандырылған жүйенің жұмысын адам міндетті түрде қадағалап отыру керек, мысал ретінде аралық мәліметтерді енгізеді және т.б.
Автоматтандырылған процесстер уақытты
жақсы үнемдеуге мүмкіндік
Өндірістік автоматтандыру.
Өндірістік автоматтандыру – ма
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың
тиімділігі
Ақпараттық және телекомуникациялық
технологияларды игеру қазіргі
заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.
Оқытылатын тарауларды оқытудың жобалау
әдісімен оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың мүмкіндіктері мен жетістіктерін
пайдалану оқытушы мен оқушы арасындағы
қарым-қатынасты жақсартады. XXI ғасыр –ақпарат
ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік
сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп
пәндерін компьютер көмегімен оқыту ең
басты орын алады. Болашақ ұрпақты ақпараттық
қоғаммен қарым қатынасқа оқытып тәрбиелеуге
жағдай жасайды. Елдерде қазіргі технологияның
дамуы, қоғамды парасаттандыру, жаңа білімді
туындату, игеру қабілетімен де анықталады.
Жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың
өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз
етуде жаңа технологиялардың кең көлемде
қолданудың маңызы зор. Қазақстан Республикасында
білім жүйесін реформалауда, оны ұлттық
модель құруға бағыттау барысында парадигмалардың
ауысуы орындалады. Жоғары мектептердің
əлемдік білім кеңістігіне ену үдерісі
педагогикалық технологияның жаңару қажеттілігін
тудырады. Үйлестіру үдерістерінің қарқынды
дамуы, кəсіби жəне академиялық тəжірибелердің
өсуі оқыту əдістерінің тиімділігін арттырады.
Осыны жүзеге асыру үшін электрондық оқулықтарды
пайдалана білуімізді қажет етеді. Электрондық
оқулықтар студенттің ойлау қабілетін,
өзін-өзі реттеуді дамытады, өздігінен
оқып үйренуге талпындырады. Мысалы, қазақ
тілін нәтижелі үйрету, мемлекеттік тіл
мәртебесін көтеру, сұранысын туындыру-бүгінгі
күннің маңызды мәселелерінің бірі. Компьютер
оқу материалын беру мүмкіндігін кеңейтеді.
Оқыту жүйесінің жан-жақтылығын көрсетеді.
Компьютермен оқытудың мақсаты білім
деңгейлері жоғары дәрежелі болуына жағдай
жасайды, студенттің тілге деген қызығуы,
сабақ сапасы бұрынғыдан да арта түседі,
диалогтік, монологтік тілдері кітаптағы
берілген тапсырмалар арқылы дамытады.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі
ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік.
Бүгінгі мұғалім ата-ана, қоғам қайраткері.
Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім
– оқулық авторы, мұғалім – технолог,
мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың
тиімділігі Қазіргі заман - ғылыми және
ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт
өткен сайын ақпараттардың таралуы да
арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар
көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың
жылдам дамуына байланысты компьютерлік
технологиялармен оқытуды белсенді түрде
дамытып келеді. Ақпараттық - комуникациялық
технология электронды есептеуіш техникасымен
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электронды
оқулықтарды, интерактивті құралдарды
қолдануға, интернетте жұмыс істеуге,
компьютерлік оқыту бағдарламаларына
негізделеді. Заман талабына сай мамандардың
жоғары жетістікке жетуіне компьютердегі
жұмыстың маңызы жоғары. Қазіргі кезде
шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі
әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.
Қазіргі білімнің даму болашағы қоғамның
даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат
көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.
Компьютерге байланысты мамандықты игергендер
үнемі білімін жетілдіріп, көш алдында
болғаны жөн. Өйткені уақыт өткен сайын
техниканың жаңаруы мен дамуына сәйкес
бағдарлама пакеттері ескіріп, жұмыстың
тәсілі өзгереді. Ақпараттық технология
жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы
болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында
және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу
керек. Жаңа технологияны қолдану оқытушыға
дайындық жұмыстарына көп уақытты керек
етеді. Әрбір оқытушының ізденуді, шығармашылық
жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің
озық тәжірибелерімен танысуды және оның
күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.
Студенттерге білім беруде жаңа оқыту
технологияларын қолдану, инновациялық
бағытта жұмыс жасау заман талабына сай
талап етілуде. Қазіргі кезді электрондық
WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас
ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз
– мультимедиялық оқулық. Электрондық оқулық пен
оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін
үздіксіз және толық деңгейін бақылау,
сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту». Білім берудің кез келген саласында
электрондық оқулықтарды пайдалану студенттің
танымдық белсенділігін арттырып, ойлау
жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен
жұмыс істеуге жағдай жасайды. Электрондық
оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік
потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі
еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында
компьютерлік тесттер арқылы оқушыны
жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу,
мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне
және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы
бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға
көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды
қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану
ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру
жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың
артықшылығы болып табылады. Сондықтан,
өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының
арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық
оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық
ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен
еңбек етуіне жағдай жасайды. Электронды
оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан
айырмашылығы «жанды» болып келеді және
педагогика ғылымдарының негізін салушы
Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық
мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен
жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау
үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен;
иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні
дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен.
Егер қандайда болмасын затты бірнеше
сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше
сезімді салу» дидактиканың ережелеріне
сәйкес келеді. Студент әр пән бойынша
оқу материалын көру арқылы қабылдауды
қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар,
фотосуреттерді көре алады, тарихи және
географиялық карталарды, көркем экспонаттарды
және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра
алады. Оқу материалын бірнеше рет көре
алу мүмкіндігі студенттің жеке басының
ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы
есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап
шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды
бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы
мүмкін, өйткені студент электронды оқулықпен
жеке жұмыс жасайды. Электронды оқулық
– бұл студентке ғана емес, сонымен қатар
оқытушыға да көмек. Осы уақытқа дейінгі
білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын
немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман
талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан
қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды
оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін
емес, сондықтан электронды оқулықтың
құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс.
Электрондық оқулық студенттің уақытын
үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай,
өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын
еске түсіруге ықпалы үлкен. Сондай-ақ
электронды оқулықтарды сабақта пайдалану
кезінде студенттің бұрын алған білімдерін
кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар
орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып
бойынша тапсырмалар орындап, тестілер
шешіп, карталар және схемалармен жұмыс
жасауға дағдыланады. Мұғалім үшін электрондық
оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын
ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір
оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі
материалдармен толықтыра отырып, ары
қарай жетілдіре алады. Мазмұны қиындау
бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде
қосымша бейнехабар және клиптер қажетті
элемент болып табылады. Бейнеклиптер
уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді
тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы.
Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды
көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды
оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер,
дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге
болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға
жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді,
әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды
компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса,
жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы
оянады деп ойлаймын. Электронды оқулық
– бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық
технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi
жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің
оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады.
Дәстүрлi оқытуда кейбiр студентттер түсiнбей
қалған материалды мұғалімнен қайталап
сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi
жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына
әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен
жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты
бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi
түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен
қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне
көптен-көп көмегiн тигiзедi. Электронды
оқулықтар студенттің бiлiм сапасын бақылау
жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi
оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау
өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды
оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр
этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың
дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай,
қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына,
керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға
сiлтемелер берiп отырады. Бұл студент
үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер
туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты
түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, студентке
қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында
барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк
материалдар белгiлi бiр қатынас жағдайларында
қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар
көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады.
Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi
сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның
көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап,
өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге, ойын
жинақтауғакөмектеседi.
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- студенттердiң сөздiк қорының молаюына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Электронды оқулықты пайдалана отырып көрнекі түрде ақпарат ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.
Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу болашағы мен кейбір мәселелері.
Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісі сферасындағы рөлін жоғарлату үшін мемлекеттік ресурстық потенциалын толығымен жүзеге асыру қажет, сонымен қатар өнеркәсібі дамыған елдерден тәуелділік жағдай болмас үшін дайын өнім өндіретін салалардың ролін жоғарлату керек. Бұған, елге жаңа серіктестіктерді тарту жолы, сонымен қатар экспорттық-импорттық саясатты жақсарту және Қазақстанды ғылыми сыйымды өнімдер нарығына тарту арқылы жетуге болады.Жаңа серіктестіктерді іздеу. Қазақстан үшін капиталын тарту технологиялық артта қалушылықты жеңудің және т.б. кедергілерді жоюдың негізгі факторы болып табылады. Ол үшін тұрақты инвесторларды іздеу керек.
Қазіргі кезде Қазақстан мұнайлы аймақтарды игеру жөнінен шамамен 30 мұнай жобасы бар. Теңізден Қара теңіз портына дейін мұнай құбырлары салынуда. Иран Ислам Республикасының территориясы арқылы өтетін және мемлекет территориясында мұнай құбырларын салу туралы мәселелер қаралып жатыр. Мұнайдан түрлі өнімдер жасап шығаратын және қазіргі бар зауыттарды қайта құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мысалы, ел экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгерте алатын және белгілі бір дәрежеде бар сәйкессіздіктерді жоя алатын Қарағанды металлургия комбинатын және басқа да ірі объектілерді қайта құру.
Республиканың көптеген елдермен экономикалық байланыстары бар: АҚШ-мен, Алманиямен, Франциямен, Австриямен, Турциямен, Оңтүстік Кореямен және басқалармен. Мұнай газ кен орындарын игеру үшін шетел капиталын қатыстыру көпшілік мақұлдаған дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес жүргізілу керек. Біздің қимылымыздың бастамасы дүниежүзілік ортақ ережелер, дүниежүзілік тәжірибе болу керек, әйтпесе біз өзіміздің байлығымызды жоғалтып аламыз. Осы ережелерден басқа, үкімет 1993 жылдан бастап сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы аймағында қатаң шараларды қолдана бастады. Инвестициялық саясатты жақсарту үшін, Қазақстан елдің экспорт және импорт баланстарын жасауы керек.
Экспорттық-импорттық
стратегия. Экспорттық-импорттық
Жаңа технологияны сатып алу және біріккен кәсіпорындар құру арқылы, өндірісті ұйымдастыру мүмкіндігі болса да, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерін, медициналық құрал-жабдықтарды және медикаменттерді сатып алуға мүмкіндік беру керек.
Екінші бағыт
– республиканың халық
Үшінші бағыт
– бұл едәуір аз шығындармен өнім
шығаруға және қажеттіліктерді
Ғылыми сыйымы тауарлар импортымен ғана шектелуге болмайды, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынастарда мемлекетіміздің рөлін жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа техника мен технологияларды шығару керек.
Қазақстан ғылыми-сыйымды
өнімдер нарығында. Ғылыми сыйымды
өнімдермен айырбас қызмет көрсетуді,
тауарлармен жасалынатын
Республика нарықтық экономикаға өту кезінде ғылыми сыйымды өнімдер айырбасы мәселелерін шеше отырып, белгілі бір қиындықтарды басынан кешіру мүмкін. Бірақ-та әлемдік нарыққа ғылыми сыйымды өнімдермен шығу келесі мәселелердің шешілуін талап етеді:
- ең алдымен
әлемдік деңгейге сәйкес
- әлемдік нарыққа
ұсыныла алатын және онда
- жоғарғы технологиялар әлемдік нарығын зерттеу, яғни әлемдік нарық коньюктурасын білу керек;
- жоғарғы технологиялы бәсекелестік қабілеттілігі жоғарғы өнімдерді, технологияларды сату.
Алғашқы кездерде республиканың немесе фирманың жоғарғы сапалы өнімдер өндіретіндігін куәландыратын имиджі болмайынша, бұл өнімдерге өте төмен бағалар төлейді. Бір кездерде әлемдік нарықта жапон тауарларының арзан болғандығын, ал қазіргі кезде Оңтүстік Корея тауарларының арзан екендігін есте сақтау керек. Бізде осы жағдайдан өту керек, әйтпесе бізді әлемдік нарықта қабылдамайды.
Екінші бағыт - ғылыми жұмыстар едәуір нәтижелі орындалатындай орта құру. Мұнда, Республиканың ғылым және жаңа технологиялар Министрлігінің рөлі зор.
Республиканың әлемдік тәжірибеде жоқ ғылыми идеяларға, жаңа технологияларға иеленбейді деп есептеуге болмайды. Барлығын ретке келтіру керек. Ғылыми идеялар жаңа технологиялар тізімін жасау қажет. Өз кезегінде ғылыммен тек қана орталықта айналысады, ал қалғандары оның нәтижелерін өндіріске таратумен айналысады деп түсінеді.
Республикада пайда болған кейбір жаңа идеялар қабылданбады. Мысалығы: алғашқы кезде Лисаковск ГОК-н салу туралы екі жоба болаты: алматылық және ленинградтық. Алматылық жоба – тыңайтқыштарды, алюминий тотығын, темір рудасын шикізатын табуды және өңдеуді, ал ленинградтық - темір рудасын ғана шығаруды қарастырған. Мәскеу жобаны таңдап алды. Бірінші күні Қарағанды металлургия комбинаты Лисаковск рудасына тапсырыс қысқартты. Сондықтан Лисаковск ГОК-і басқа өткізу нарықтарын (Батыс Сібір, Орал) табуы және басқа да өңдеу салаларын дамытуы керек.
Қазіргі кезде қазақстандық технологиялар артықшылықтарын танылып жатыр. Мысалы, қорғасын өндіруден жетекші орын алатын “Коминко” канадалық фирмасы – неміс мамандары ұсынған технологияны қабыл алмай, қазақстандық мамандармен және ғалымдармен шығарылған технология негізінде өз зауыттарын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдады. Фирма акционерлерінің ішінде неміс кәсіпкерлерінің болғандығына да қарамастан қабыл алмады. Біз жетекші болып табылатын немесе өндірілген өнімдеріміз әлемдік стандартқа сәйкес келетін, ғылым және техника салалары бар. Бірақ, осының барлығын әлемдік нарыққа республикамыздың экономикалық қауіпсіздігін сақтай отырып, жеткізе ала білуіміз керек. Бірақ Қазақстанды жоғарғы дамыған мемлекетке айналдыру сыртқы нарыққа нәтижелі қатысуына және халықаралық мамандануды ұтымды таңдауына байланысты. Республика экспортын ұлғайтудың негізгі көздері болып ғылыми сыйымды бұйымдар және жоғарғы технологиялар табылады.
Батыс эксперттері жаңа технологияларға және жаңа бұйымдарға жоғарғы қызығушылық білдіреді. АҚШ Ресейден ғарыш кемелерін қондырғанда қолданылатын “Топаз-2” плутоний-238 ядролық реакторын алдын-ала сатып алды. АҚШ үш мыңнан асатын технологиялар тізімін жасады. Осы технологиялар тізіміндегі Қазақстанның үлесі қандай немесе мүлдем жоқ па? Осыны анықтау керек. Ғылыми сыйымды өнімдердің сыртқы нарыққа шығуы біздің кәсіпорындардың, біріншіден, олардың сыртқы экономикалық сапалығының жоғарылауын; екіншіден, жоғарғы технологиялар әлемдік нарығының ерекшеліктерін ұғынуын талап етеді. Қазіргі кезде технологиялық потенциал әрбір мемлекеттің экономикалық және қорғаныс күшінің негізі болып табылады. Сондықтан Солтүстік Америка, Батыс Еуропа және Жапония арасындағы экономикалық бақталастықта негізгі орынды технологиялық жетекшілік үшін күрес алады. ТМД (Ресей, Украина, Өзбекстан, Қазақстан, Белоруссия) елдерін қамтыған экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның болашақтағы мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары. Экономика құрылымында аграрлық сектор үлес салмағының басым болуы, басқарудың қатаң түрде жүргізілуі, бай табиғи ресурстардың болуы, Қазақстан экономикасының қайта қалпына келуіне мүмкіндік береді. Батыс мұнайгаз корпорацияларының ірі инвестициялары жеке меншік капиталдың ағып келуін күшейтеді. Қазақстанның шаруашылық жағдайы жоғарғы экономикалық интеграция дәрежесіне қарай Ресей қарым-қатынасымен анықталатын болады. Сондықтан экономикалық және технологиялық саясат дүниежүзінің жетекші технологиялық елдерімен тең құқылы қарым-қатынасты дамыта отырып, ғылыми сыйымды секторды шаруашылық өсудің “қозғаушы күші” етіп жасауы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда, қазіргі кезде біздің кәсіпорындар батыс технологияларына үлкен қызығушылығын білдіреді. Біздің кәсіпорындардың өздері-ақ болашақта өріс алатын жобаларды ұсына алады. Ол үшін әлемдік нарықта қалыптасқан жағдайларды, ережелерді, шарттарды ескере отырып, үйлесімді бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет. Қазіргі кезде технологиялармен айырбас жөнінен келісім-шарттарының қатаң сақталуын, өнеркәсіптік меншік иелері құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін жүйе керек. Бұл мәселені шешу үшін интеллектуалды меншік әлемдік ұйымының көмегіне және халықаралық сауда палатасының тәжірибесіне сүйенуге болады.
Қазақстан тек қана шикізат
пен материалдарын ғана емес, сонымен
қатар жоғарғы технологиялы дайын
өнімдер (электроника, өнеркәсіптік құрал-жабдықтар
және т.с.с.) экспортына маманданғанда ғана халықаралық еңбек
бөлінісі жүйесінде беделді орынға ие
бола алады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Менің бұл курстық
жұмысты жасай отырып түсінгенім, жаңа технологиялардың әсерін жақсы
жағынан да, жаман жағынан да көруге болады
екен. Яғни пайдасы да, зияны да бар екен.
Қысқаша айтып өткенде пайдасын айтатын
болсақ, жаңа технологиялар адам жұмысын
жеңілдетеді және адамдардың қол жетімсіз
жұмыстарды атқаруға болады, және де уақытты
үнемдейді. Ал зиян жағынан қарайтын болсақ
менің ойымша зиян жағы пайдасынан қарағанда
аздау деп ойлаймын.Зиян жағын алатын
болсақ мысалға, жұмыссыздық пайда болады
екен. Жұмысшылардың орнын жаңа технологиялар,
яғни машиналар басады, және ол технологиялар
өздігінен ешкашан жұмыс істемейді оның
өзіне арналған бөлек құрал – саймандары,
құятын майлары болады, ол жаңа технология
болған соң әрине оған бәрі жаңадан болу
керек, оған шығын шығады . Сонымен менің
қорытындым жаңа технологиялар кез келген
кәсіпорында керек деп ойлаймын. Өйткені
адам өзіне зияны тиетін, өзінің қаншама
күшін кетіретін жұмыстарды істегенше,оның
бәрін машиналар,яғни жаңа технологиялар
атқарған дұрыс деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Істеміров К. Қазіргі педагогикалық технолог
иялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007. - С. 120. - Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. – Алматы. - С. 86.
- Түсіпова А.Ж. Компьютер жаңаоқытудыңтехнологиясы. Алматы, 2012. С. 12.
- Абубаева А. Электронды оқулықтарды пайдалану. // Информатика негіздері, №4 - 2006ж.
- Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Қазақстан мектебі №6 - 2006ж.
- Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру. Қазақстан мектебі, №7,8 – 2006ж.
- Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, 2007ж. № 2 Алматы.

- Автоматты басқару жүйесі, уақыттық сипаттамалары
- Автомобiльнi двигуни
- Автомобилге техникалык кызмет корсету
- Автомобилестроение в России до 1917 г
- Автомобилестроение мира, его развитие и проблемы
- Автомобилестроение сегодня
- Автомобили Nissan Maxima QX
- Автоматична система регулювання печі для спалювання органічних відходів з використанням мікропроцесорного контролера ТРМ-251 з важільним
- Автоматичне управління змішувальною установкою
- Автоматичний вмикач запису телефонних переговорів
- Автомат опережения зажигания автомобиля
- Автомат переключения светофора с лампами накаливания
- Автомат розливу пива в ПЕТ-пляшки
- Автоматтандыру есебінің реті мен алгоритмі