Балхаш көлі
Мазмұны
І – тарау Балқаш көлінің физикалық географиялық сипаттамасы
1.1. Балқаш көлі туралы түсінік.
1.2. Балқаш көлінің климаты.
1.3. Балқаш көлінің морфометриясы.
ІІ – тарау Балқаш көлінің қазіргі жағдайы
2.1. Балқаш көлінің экологиясы.
2.2. Балқаш көлінің табиғат байлықтары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Балқаш көлі. Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік-шығысына, Балқаш- Алакөл ойысына орналасқан. Ол төрт облысының Жезқазған, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының территориясымен шектеседі.
Балқаштың су жиналатын алыбы 501 мың шаршы километр. Көл бассейні батыстан-шығысқа қарай 900 километр , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 680 километр жерді алып жатыр. Көлдің солтүстік бассейні Қарқаралы- Ақтау сілемі мен Шығыстау жотасымен жалғасады. Шығысына Тарбағатай тауымен, оңтүстігінде теріскей және Күнгей Алатауының жоталарымен , Іле Алатауымен, батыста – Шу-Іле тауларымен шектеседі. Су айрық сызығының жалпы ұзындығы 4 мың километр.
Жер бедеріне қарай Балқаштың су жиналатын бассейнін мынадай физикалық-географиялық аймақтарға бөлуге болады. Олар : Қазақстанның Сарыарқа өңірі, Балқаш - Алакөл ойысындағы жазықтық, Шу - Іле тауы және слотүстік Тянь - Шань тауының шығыс бөлігі. Бұл аймақтардың биіктігі 342 метрден 6995 метрге дейінгі аралықта болады.
1.1. Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш – Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы : 17-22 мың км2, ұз. 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100-110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,24%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра жылғамен тілімделген, ал оңтүстік жағалауы суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғ-дан белгілі (В. Рубрук, П. Карпини). Көлді тиянақты зерттеу 17ғ-да басталды. Орыс картографы және тарихшысы С.У. Ремезов 1695 ж. «Чертежи всех сибирских городов и земель» атты атласында Балқашты « Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғ-дың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19ғ-да Клапроттың (1836) және Швед картографы И.Г.Ренаттың ( Жоңғарияның картасын жасаған ) карталарында бейнеленді. П.В.Рихтгофен (1877) мен А.Ф.Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Б. туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге басқа да Ресей ғалымдары (И.В.Мушкетов, А.М.Никольский, Л.С.Берг т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов та Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар (П.Ф.Домрачев, В.Н.Абросов, Л.И.Лев, Н.М.Страхов, Д.Г.Сапожников, М.Н.Тарасов) ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық- географиялық сипатын зерттеумен 1970-90 ж. Қазақстан ҒА-ның ин-ттары, Қазақ балық ш. ғыл.-зерттеу ин-ты, Қазақ гидрометеорология ғылыми- зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады (қ. Балқаш экологиясы ). Көл – шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура -15-170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5-4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солт.-шығыстан соғады. Сол себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым–шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері 3 м-ден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды (кестені қара). 1970 жылдан бері Іле өзенінің бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрол. режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрогр. ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрол. және гидрохим. жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералд. мен тұзд. бұл екі бөлікте екі түрлі.
М.Қалиев
1. Тарау
1. Балқаш көлінің фикалық-географиялық сипаттамасы
1.1 Балқаш көлі туралы түсінік
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі.
Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды.
Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 жылдары ХХ ғ. Қазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ххгидрометеорологияъъ ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды.
1.2.Балқаш көлінің климаты
Шілденің орташа температурасы 240С, қаңтарда – 80С-қа жуық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-60%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5-4,8м/cек. Жел көлдің батыс бөлігінде солтүстіктен, шығысында солтүстік-шығысынан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жазда ауаның температурасы жоғары, ылғалдылығы аз, желдің күшті болуы салдарынан булану қоңыр салқын жылдары 950 мм-ден, қуаңшылық жылдары 4200 мм-ге дейін ауытқиды. Балқаш көлі көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұз түседі. Таудағы мұздықтар еріген кезде су деңгейі біраз көтеріледі. Соңғы 20 жылда су деңгейі орта есеппен жылына 3,2 м-ге дейін ауытқып жүр. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшелігіне байланысты. Көлге сұғына кіріп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық жағынан бір- бірінен өзгеше батыс және шығыс жақ бөліктері ені 3,5 км жіңішке Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың жылдық мөлшерінің 73-80%-і (23,0 км3 мөлшерінде).– Іле өзенінің суы. Бұл бөлігінің суы тұщы (0,74 г/л ), 1м-ге дейін мөлдір, одан әрі лайлы, түсі сұрғылт сары. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5,21г/л) , мөлдір (5,5м), түсі көгілдір, ашық көк. Декабрьдегі су бетінің температурасы 00С болса, июльде 280С, көлдің түбінде судың температурасы онша өзгермейді (айырмашылығы 3,30С) . Көлдегі судың ағысы желге байланысты. Іле өзені құятын батыс бөлігінде ағыс тұрақты және сағат тілінің айналу бағытына сәйкес. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюска, судағы ұсақ жәндіктердің личинкалары, шаян тәрізділер тіршілік етеді, батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, балқаш көкбасы, балқаш алабұғасы т.б. ), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, арал қаязы). Ауланатын балық сазан, көксерке, балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көлде кеме қатынасы үзілмейді. Басты пристаньдары: Бурылбайтал, Бөрілітөбе. Көлдің суы Балқаш кен металлургия комбинатының өндірістік қажеттеріне пайдаланылады.
Балқаш өңірінің климаты континентті. Жаздағы ауаның орташа температурасы +240, қыстағы орташа температурасы -80- қа жуық. Жылдық жауын шашын мөлшері 120 мм. Көлді желтоқсаннан сәуірге дейін мұз басып жатады. Жазда көл суының температурасы +270-қа жетеді.
1.3 Балқаш көлінің марфометриясы
Балқаш көлі су деңгейінің тез құбылмалылығына, өзгеріп отыруына байланысты оның морфометриясы мен гидрологиялық көрсеткіштері де өзгеріп тұрады (1-сурет). Көл суының деңгейі 342 метр болғанда, оның көлемі 18200 шаршы километр, ұзындығы 614 километр, ені 74 километр, орташа ұзындығы 30 километр, жағалауының ұзындығы 2383 километр, жағалауының даму сызығы 5,1 метр, ең терең жері 27 метр, орташа тереңдігі 6 метр, су қоры 106 текше километр болады.
Үстіміздегі ғасырда Балқаш көлінің көлемі 23444 шаршы километрден (1908ж) 15730 шаршы километрге (1946 ж) өзгерген, тиісінше су қоры 82,7 текше километрден 93,9 текше километрге дейін көбейді.
Балқаш көлінің ойысы ірі-ірі бірнеше арнадан тұрады. Көлдің ең терең жері (27м) Шығыс Балқаштың орталығы Бөрлітөбе маңы. Балқаштың батыс бөлігінің ең терең жері (14м) Бертіс шығанағы, ал шығысында Қоржын аралы маңында (16м). Көлдің батыс және солтүстік жағалаулары биік, тік жарлауытты, судың бетінен 20-30 метр жоғары тұр. Жағалаудағы төбелердің аралығында және көлдің тайыз жерлерінде қиыршық үйме тастар кездеседі. Жағалауы тілімденбеген. Тек қана Мыңарал аймағындағы жағалаулар тілімденген, бұл жерде көптеген шығанақтар, мүйістер, су үсті және су асты аралдары бар.
Оңтүстік-шығыс жағалауы Бөрлітөбе шығанағынан Қарашағанға дейін биік, ал Қарашаған шығанағынан қазіргі Іле атырауына дейін жағалай төмендейді, кей жерінің су бетінен биіктігі 1-2 метр. Оларға биіктігі 5-10 метрлік құмды төбешіктер келіп тіреледі.
Балқаш көлінде көптеген ірі-ірі шығанақтар, түбектер бар. Шығанақтың ішіндегі ең ірілері Алакөл, Қарақамыс, Қашқантеңіз, Сарышаған, Бертіс, Балықтыкөл, Қарашаған және басқалары. Ал көлемі жағынан ірі түбектер Қоржынтүбек, Қарағаш, Бертіс, Байғабыл, Шауқар, Кеңтүбек, Сарыесік т.б. түбегі Балқаш көлін Батыс пен Шығысқа бөліп жатыр, ол Ұзынарал бұғазы арқылы түйіседі.
Балқаштың оңтүстігінде Іле өзенінің құяр сағасында Үшарал архипелагы жатыр. Оған Босарал, Ортаарал, Аяқарал т.б. шағын аралдар кіреді.
Көлдің солтүстік жағалауына аласа бұтақты долана, ал оңтүстігінде жыңғыл, жантақ теріскен, ішінара тораңғы өседі. Іле мен Лепсі өзендерінің төменгі жағында жиде және тал өседі. Ескі Бақанас ауданында үлкен аумақты сексеуіл тоғайы алып жатыр.
Балқашқа құятын өзендерді оңтүстік және солтүстік өзендері деп екіге бөлуге болады. Көлдің солтүстігінде өзендер сирек кездеседі, көлге оңтүстігінен Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі құяды. Су балансының негізін осы өзендер құрайды. Солтүстігінен Аякөз, Бақанас, Тоқырау және Мойынты өзендері құяды, бірақ көбіне су мөлшерінің аздығынан көлге жетпей, жерге сіңіп кетеді.
Өзендер | м/сек | км | процент |
Іле Қаратал Ақсу Лепсі Аякөз | 365 70,5 2,0 25,2 4,0 | 11,5 2,2 0,1 0,8 0,1 | 78,2 10,1 0,4 5,4 0,9 |
Барлығы: | 466,7 | 14,7 | 100 |
Балқаш көлі толқынды. Көлдің шығыс бөлігінде толқынның биіктігі 3-3,5 метр болады, батыс бөлігінде 2,5 метрден аспайды. Көл суының ағыны екіге бөлінеді. Біріншісі, көлдің батыс бөлігіндегі ағыны.
Бұл ағын Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасынан бастап батысқа қарай ағады, сонан кейін Мыңарал ауданында ол солтүстікке бұрылып, көлдің батыс, солтүстік батыс және солтүстік жағалауларын бойлай Ұзынарал шығанағына жетеді. Бұл жерде су ағыны Сарыесік түбегіне келіп тіреледі де оңтүстікке, сосын оңтүстік-шығысқа қарай бұрылады, одан әрі ағын бірте-бірте бәсеңдеп, Батыс Балқаштың шығыс жағалауына келіп тоқтайды. Екіншісі жел әсерінен болатын ағындар.
Балқаш көлінің суы Іленің құйған жерінде 0,2-0,4 метрге, ал шығысында 10-12 метрге дейін мөлдір. Жазға қарағанда қыста анағұрлым мөлдір болады. Көл суы оңтүстік-батыс жағында лайлы сарғыш, шығысқа қарай көк жасыл түске енеді. Көл суының температурасы батысында 9,9 градус, шығысында 8,5 градус болады, ал қыс айларында керісінше. Судың ең жоғарғы температурасы июль айында батысында 23,8 градус, ал шығысында 20,1 градусқа жетеді.
Балқаштың батыс бөлігі ноябрь айының екінші жартысында, ал шығысы декабрь айының аяғында қатады. Ол СССР де ауланатын ондатрдың процентін құрайды. Мұнда қара күміс түсті түлкіні, ворканы т.б. қолда ұстап, өсіру жұмысы жүргізілуде.
Балқашта әр түрлі жабайы үйрек, қаз, шағала, көк құтан, гагара, аққу, қырғауыл, құр сондай-ақ жабайы шошқа, түлкі, қасқыр, қоян мекендейді.
Балқаш көлінің су қатынасы жолдарының маңызы зор. Ол Алматы, Жамбыл, Жезқазған, Семей және Талдықорған облыстарын су жолымен байланыстырып жатыр. Балқаш өз төңірегіндегі өнеркәсіп орындары мен елді мекендергі сумен қамтамасыз етеді.
2.Балқаш көлінің қазіргі жағдайлары
2.1. Балқаш көлінің экологиясы– Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп – Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970) Іле өзені арнасының бөгелуі. Балқашқа құятын Іле өзеніне Қапшағай су қоймасы салынғалы бері суының деңгейі 2 м төмендеді. Қазір Балқаш көлі түрлі өндіріс қалдықтарымен ластанған, оған әсіресе Балқаш мыс комбинаты көп зиян тигізуде. Мыс комбинаты Балқаш көлінен жылына 59 млн. Текше метр суды өндіріске пайдаланады. Пайдаланған су жақсы тазартылмай, көлге қайта жіберілетіндіктен , қазір көл суы құрамында мыс 14-54 есе артып, мобилден, мырыш қалдықтары көл түбіне шөгіп, тіршілік көзін жоюда. Оған дейін Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15,0 км³ су қорының 11,9 км³-і (80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3,0 км³ су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысады. 1970 –1985 жылдардағы Балқаш көліне құятын өзендер суының жалпы ағымы 14,9 км³-ден 11,8 км³-ге кеміді, яғни көл жылына шамамен 3,0 км³ су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлшері жылына 7,0 – 8,0 км³-ге дейін өсті, оның 6,5 км³ суы егін суғаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 км³-ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абсолют биіктігі 340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылдамдығы жылына 15,6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 – 1946 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9,2 см/жыл) біршама жоғары. Іле өзені атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 2/3 бөлігі қысқарды. Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру. 3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.
Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығымы 1600 – 1800 м³/с-тан 700 – 800 м³/с-қа дейін төмендеді. Электр стансасы қажетіне байланысты су ағымы жылдам өзгеретін (0 – 1000 м³/с) болды. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін болды. 1986 жылдың аяғында Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалғаніле ғана қалды. Су шығымының 90%-ы тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына сыймай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңтүстік жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4 – 5-еуі ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлшері 17 – 18 мың тоннадан 10 – 11 мың тоннаға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мысалы, бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ын табан, жайын, көксерке, т.б. құрады. Ал аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды. 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералдығы күрт өсті. Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералдығы 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мысалы, 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аум. 1 км²-ден астам 86 ірі мұздықтың 6-уы ғана қалды. 1980 – 1990 жылдры Іле – Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғылыми-зерттеу жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 метрге төмендетілді, сөйтіп, көлемі 2 есеге (28 км³-дің орнына 14,5 км³) кеміді де, жер суғаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп – Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады.Экологиялық жағдайы өте нашарлағандықтан, көлден ауланатын көксерке балығы ауруға шалдығып, жеуге жарамсыз болып отыр. Балқаштың экологиялық жағдайын барынша жақсарту барша жұртты алаңдатып отыр. Қазір Арал-Балқашты қорғау қоры ашылды.
Балхаш-Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ірі тектоникалық құрылым. Негізінен Алматы облысының аумағында орналасқан. Солтүстігінде Сарыарқамен, шығысында Тарбағатай жотасымен, оңтүстігінде Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларымен, батысында Желтау , Айтау тауларымен шектелген. Балқаш және Алакөл ойыстарына бөлінеді. Жалпы ұзындығы 800 км. Ені Балқаш көлінің тұсында 300 км, Сасықкөл маңында 100 км. Ойыс табаны қатпарланған палеозой шөгінділерінен, магмалық және интрузиялық жыныстардан түзілген. Оларды бор, палеоген, неоген және төрттік кезеңдердің континенттік борпылдақ жыныстары жапқан. Ойыстың көпшілік аумағын абсолют биіктігі 342-600 м Сарыесік ,Атырау, Лөкқұм (Лекқұм), Тауқұм сияқты төрттік кезеңнің құм алқаптары алып жатыр. Климаты тым континенттік. Қысы қатаң, аязды. Қаңтар айының орташа температурасы –12–140С, бұрқасынды, әрі үскірік аязды күндер (–30–350С) жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ әрі құрғақ. Шілде айының орташа температурасы 22–240С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120–200 мм шамасында. Ойысты қоршап жатқан таулардан бастау алатын Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Үржар, Қатынсу, Еміл, Ырғайты, Жаманты, Тентек өзендері ойыстың табанындағы Балқашқа, Алакөлге, Сасықкөлге, Жалаңашкөлге құяды. Балқаш көліне құятын судың үштен екісінен астамы Іле өзенінің үлесіне тиеді. 3–10 м тереңдіктегі (кейде 100 м , Тауқұмда) жер асты суы көбіне тұщы келеді. Алакөл артезиан алабында арынды су қоры мол. Балқаш – Алакөл ойысында сексеуіл, жусан, бұта, сораң өзен аңғарларын бойлай тал, тораңғыл, жиде және құрақ, қамыс бидайық, астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Өзен аңғарлары мен құм төбелер – қысқы мал жайылымы, тау бөктеріндегі жазық–суармалы егістік ретінде пайдаланылады.
2.2 Балқаш көлінің табиғат байлықтары
Көл әр түрлі моллюска, шаян тәрізді ұсақ жәндіктер мен планктонға бай. Балықтың 20-дан аса түрі бар. Оның 6 түрі – тек Балқашта өсетін балықтар. Олар – Іле және Балқаш көкбасы, ұрпағын тірі туатын голомянка, кәсіптік маңызы бар сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, шармай аққайрасы т.б. су тышқаны (ондатра) жерсіндірілген. Іленің атырауында өскен қамыстардан малға жылына 1 млн. тоннаға дейін шөп дайындайды. Жабайы аңдарға бай. Көлдің суын жағалауында орналасқан кәсіпорындар пайдаланады. Көлде кеме қатынасы үзілмейді.
Балқаш алабұғасы ( Perca schrenki ) – алабұқа тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Дене тұрқы 50 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай. 18 жылдай тіршілік етеді. Балқаш алабұғасының кәдімгі алабұғадан айырмашылығы: алдыңғы арқа қанатында қара дақтары болмайды, астыңғы жақ сүйегі ілгері қарай шығыңқы келеді. 2-4 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Наурыз – мамыр айларында судың температурасы 6-80С-қа жеткенде, уылдырығын (220 мыңға дейін) таяз (0,5 м) әрі тасты су түбіне шашады. Ұрығы бір айда жетіледі. 1961 жыла дейін Балқаш көлінен жылына 2300 тонна Балқаш алабұғасы ауланса, 1965-1966 жылдары бұл көрсеткіш 10 тоннаға дейін төмендеді. Ал. Қазір санының өте азайып кетуіне байланысты азғана популяциясы Іле алабындағы Күрті, Сазталғар бөгені мен Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы Басқан өзенінің төменгі сағасында ғана кездеседі. Балқаш алабұғасының – жойылып бара жатқан эндемик түр ретінде халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа енгізілген» (1996).
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі уақытта өзінде осынша ма кереметтер мен ғажайыптарды өзінің бойына жинаған,дүниедегі «экологиялық парадокстың бірі» болып саналатын Балхаш көліне орасан зор қауіп төніп тұр.Адамның санасыз жүргізген саясатынан Балхаштың экологиялық тепе - теңдігі бұзылып, ол жақын уақыттың өзінде бұрын үлкен теңіз болып,кейін сол адамның ойланбай істелген істерінің нәтижесінде аз - ақ уақыттың ішінде құрып кеткен Арал теңізінің кейпін киіуі мүмкін.Ал бұндай жағдай өріс алса,ол Қазақстан үшін тек қана зардабы көптеген жылдарға созылатын экологиялық апат қана болмайды,ол елдің экономикасын орасан зор көлемде материалды шығын ұшыратады, болашақ ұрпақтың есіндегі өшірілмес қайғы - қасіретке айналады және біздің еліміздің жарқын болашаққа еркін аяқ басуымызға үлкен тежеу болады.
Сол үшін біз бұл Балхаштың экологиялық ақуалы болашақ ұрпақтарымыздың мойына ауыр жүк болып ілінбеуі үшін, мүмкіндігімізше өзіміздің бар қауқарымызды салып,ұлан - ғайыр жеріміздегі бұл бір таңғажайып өлкені сақтап қалуымыз керек. Себебі қазіргі Қазақстан сонау байырғы заманнан бері, ата - бабамыздан келе жатқан,біз үшін тапсырылған аманат екенін ұмытпау керек. Ал,бізге оны болашақ ұрпақ үшін аталарымыз бергендей аман - есен аманат ретінде тапсыру міндет. Соған байланысты үкімет басшыларынан бастап әр қарапайым қазақстандыққа дейін бір күнмен өмір сүрмей,тек өз басының қажеттіліктерін қамтамасыз етумен айналыспай, болашақтың қамында ойластырғаны жөн. Ойланбай жасалған кез - келген қадам әрқашанда қиындыққа ұрындыратынын және оның өзі жайлы күтпеген жерден хабар беретінін есте сақтау керек. Тарихтың сабағы үйрететіндей адамның қолынан ең жақсы келетіні қирату, себебі оған дейін миллиондаған жылдар бойы тұрған табиғаттың кереметтері,адамның әрекетінің кері әсерінен не бәрі жарты ғасырда жоқ болып, жоғалып кетеді.
Балхаштың және өзге де Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу үшін міндетті түрде қолда бар ресурстарды біріктіре отырып,мүмкін болса қажетті мөлшерде қаржыны бөліп және көмекке көптеген дүниежүзілік табиғат қорғаумен айналысатын әртүрлі бірлестіктерді, ұйымдарды тарта отырып, дүние жүзіндегі және көрші елдермен одақтаса,атқарылған жұмыстар үстінен қатал бақылау орнату арқылы, бұл проблемаларды шешуге болады. Балхашты сақтап қалу үшін ең алдымен оның бұрынғы экологиялық тепе - теңдігін қайта орнына келтіру керек. Ол үшін ең алдымен Балхаштың су қорын қалыптастыратын,оған келіп құйатын өзендердің суын ауылшаруашылық қажеттіліктеріне алудың жүйесін реттеу,су ресурстарын ретсіз қолдануды тоқтату, көлдің жағасындағы өнеркәсіп орындарындағы зиянды қалдықтарын сыртқа тастауын реттеу,оларға жаңа технологияларды қолдануды міндеттеу,себебі қазіргі уақытты жаңа технологияларды қолдану арқасында өнеркәсіптердің табиғатқа келтіретін зиянын еселей кемітуге болады, бұл жерлерді мемлекеттің өз тарапынан қамқорлығына алуы керек. Балхаштың тағдырына қазіргі уақытта Қытай мемлекетінің тарапынан үлкен қауіп төніп тұр. Себебі қазіргі Қытайда бұрын соңды болмаған экономикалық жарылыс болып,бұл ел керемет қарқынмен дамып жатыр. Бірақ Қытайдың бұндай қарқынмен дамуы кейбір елдерге қолайсыз жағдай тудыруда. Сол елдердың бірі Қазақстан. Қазір күшті дамып келе жатқан Қытай, өзінің батыс ауданын жаппай,кеңінен игере бастады. Бұрынғы қалалар үлкейіп, жаңа қалалар салына бастады. Өнеркәсіп кеңнен дамып, ауылшаруашылығының дамуыда да бір жерде тоқтап қалған жоқ. Қарамай мұнай кенішін игеру үшін,мол су ресурсы керек деген желеумен Ертіс - Қарамай су каналын салмақшы. Оның жоспарланған ұзындығы 300 километр,ал ені 22 метр. Ал егер ол салынса бүкіл Рессейдің Сібірі мен Қазақстанның Шығысы мен Павлодар облысы су тапшылығын сезінетіні сөзсіз. Егер де Қазақстанның бұл жерлерде екі миллион халқы тұратынын ескерсе,жағдай тіпті нашар болуы мүмкін. Ал жақын уақытта Қытай тарапынан Балхаш көлінің нәрі болып табылатын Іле өзенінің өзінде басталатын бөлігін бөгеп , өзінің батыс аудандарын сумен қамтамасыз ету мақсатында онда құрылыс жұмыстарын бастау жәйлі мәлімдеме берді. Бұл мәселелердің өзі қазірігі уақытта үлкен дау - дамай туғызуда. Ескертетін бір жәйіт ол, егер де Қытай өз тарапынан Іле өзенін 15%-ін бөгеп онда құрылыс жұмыстарын бастаса және сондай көлемде суды ұстап қалса онда Балхашта сөзсіз жақын уақытта экологиялық апат орын алуы мүмкін. Бұндай апатты болдырмау үшін Қытаймен екіжақты және кеңейтілген келіссөздер жүргізіп ( көбінесе Қытай тарапынан өзге елдердің пікірімен , жағдайымен онша санаса бермейтіні біраз қыңжылтады ),бұл проблеманы тез арада шешу керек.
Бірақ адам баласы бірлесіп істесе шешілмейтін дау - дамай,мүмкін емес іс жоқ. Сол себебті біздің Балхаштың және өзгеде экологиясы нашарлап кеткен жерлердің жарқын болашағына деген үмітіміз мол.
Бұл өлкелерде бұрын көрмеген және ауыз аштырар ғажайыптар өте мол. Бұл орындардың әсемдігі ежелден адам үшін шабыт көзі болатын. Ол дала және шөлдер, өзендер мен көлдер, құстар мен жануарлар туралы ғажайып аңыздар туғызды. Әрбір геологиялық атау осы жерлердің ежелгі поэзиясынан ақпарат береді. Ежелгі адам табиғатқа аялай қарайды білді, ол өзінің жаны барға деген қатынасын сезінді, қазіргі глобалдық экологиялық апат және зілзалалар кезінде қоршаған әлемге деген адамның ойлы қатынасының проблемасы актуальдылыққа ие болды. Қазіргі адамның әрбір қадамы есепті және сақ болғаны жөн. Не үшін қолдан шөлдер жасауымыз керек, егер онсыз да Қазақстанда олар жеткілікті болса?
Қолданылған әдебиеттер.
1. « Экологиялық бағдарлама ». Алматы. Атамұра. 2004 жыл.
2. «Қазақстанның Республикасының экологиялық ахуалы және оны мәдени қайта құру негіздері» Жақсыбеков,Әбдіғапшар ,Сейдуллаұлы.
3. «Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтары». Алматы 1991 жыл.
4. «Қазақстанның қазіргі экологиясы».Нұрихан Нұрманқұлқызы Сейдақұлова. Алматы. Мерей. 2002 жыл.
5. «Қазақстанның биосферасы : жер,су,радиоэкологиялық жағдайы». Нұрихан Құрманқұлқызы Сейдақұлова. Алматы. 2001 жыл.
6. «Экология мен табиғатты тиімді пайдалану». Алматы. Ғылым. 2004 жыл.
7. «Экология Казахстана». Панин Михаил Семенович. Семипалатинск.2005 год.
8. «Экология». Бейсенова Әлия Сәрсенқызы. Алматы. Ғылым 2001 жыл.

- Балық жəне балық өнімдерінің микробиологиялық зерттеу
- Балық - омыртқалы жануар
- Балық туралы жалпы түсінік
- Бальнеологические курорты восточной Европы
- Бальнеологические курорты России
- Бальнеологические курорты РФ
- Бальнеологические курорты Северного Кавказа
- Балочное перекрытие рабочей площадки
- Балочные пролетные строения автодорожных мостов с ортотропными плитами
- Балтийская политика России
- Балтийский регион
- Балтийский флот в великой отечественной войне
- Балтийское море
- Балхаш көлі