Банк ісіндегі ақпараттық жүйе
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында рыноктық әдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады. Өмірде, әсіресе қазіргі кезде өте күрделі кездейсоқ жағдайлар толы. Адамның өмір сүру әрекеті негізінде жол апатына, тонауға, ауырып қалуға, нарықтық экономикалық жағдайда алдын-ала болжаған ақша, не материалдық шаралары пайда әкелмей, керсінше зиянға ұшырауы әбден мүмкін. Адам өзінің өмір сүру кезеңінде толы жағдайлардың алдын алып, кездейсоқ жағымсыз жағдайларға тап болмаc үшін, тіпті тап болған жағдайдайдың өзінде де, аз шығынмен шығу үшін алдын-ала сақтандыру шараларын жасауымыз керек.
Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша
сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі.Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай қосалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және
ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру шараларының жұмыстарын арнайы мекемелер және арнайы
маман жұмыскерлер жүргізеді. Олар сақтандыру келсім шарттарын
азаматтармен және ұйымдармен жасайды, алымдарды жыинайды, басқа да
керекті құжаттарды жүргізеді. Азаматтардан алынған алымдардан “Сақтандыру қоры” жасалынады да, шартында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, сақтандыру шартында көрсетілген ақша сомасы төленеді.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен кутпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тулғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – сақтандыру мәнінің өмірімізде өте қажет және оны құқықтық нормада толтыру, онымен танысу, сақтандыру ұғымын жеткілікті меңгеру. Сақтандыру қазіргі кезде өте қажет және оның қолданылуы сапалы түрде жүргізіліп жатқанын көздегім келеді. Сақтандыру саласы қоғамға қызмет көрсетудің керекті саласы. Әр азаматтың сақтануы өз қолында.
1 МҮЛІКТЕРДІ САҚТАНДЫРУДЫҢ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН
ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары мен жеке заңды тұлғалар
арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе
сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге
қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері
(жауапкершілікті сақтандыру). Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен
өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады. Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын
болжалды
оқиға сақтандыру тәуекелдігі
(қатері) болып табылады. Сақтандыру
тәуекелдігі ретінде
сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру
жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді.
Мүлікті
сақтандыруда сақтандыру
тарифтерін сақтандырушылар дербес есептейді. Сақтандыру тарифінің нақты
мөлшері тараптардың келісуімен арнаулы шартта айқындалады. Сақтандыру объектісін бір шарт бойынша бірнеше сақтандырушы бірлесіп сақтандыруы
мүмкін (ортақ сақтандыру). Бұл орайда шартта әрбір сақтандырушының
құқықтары мен
міндеттерін айқындайтын
Сақтандырушы тәуекелдікті сақтандыруға қабылдай отырып, теңдестірілген
сақтандыру қоржынын жасау және сақтандыру операцияларының
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ол бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін
уағдаласылған шартпен басқа бір сақтандырушыға беруі мүмкін. Мұны қайта
сақтандыру дейді. Қайта сақтандыруға қатысушы тиісінше қайта
сақтанушы”(сақтандырылған тәуекелдікті ішінара қайта сақтандыруға берген сақтандырушы) және “қайта сақтандырушы” (тәуекелдікті сақтандыруға қабылдаушы) деп аталады. Сақтандырушыларда төленген жарғылық
капиталдың және сақтандыру сақтық қорларының болуы, қайта сақтандыру
жүйесі сақтандырушылардың
сақтандыру бойынша алынған сақтандыру жарналарынан құралады.
Мүлікті сақтандыру – құқықтық қатынас объектісі ретінде әртүрлі мүлік болатын сақтандыру саласына жатады. Оның экономикалық міндеті –
сақтандырылған жағдай туғанда болған шығынның орнын толтыру.
Сақтандырушының меншігіне жататын мүлікпен қоса, оның иесіне мен оның
сақтандырылуына жауап беретін басқа да жеке және заңды тұлғалар бола
алады.
Сақтандыру тәуекелдері:
- өрт, түтін, жарылыс, найзағайдың түсуі,;
- судан бүліну,;
- үшінші тараптардың құқыққа қарсы әрекеттері;
- табиғат апаттары: жер сілкінулер, жанартау атқылаулары немесе жерасты отының, көшкіндердің (соның ішінде қар көшкіндерінің), боранның, құйынның, дауылдың, дауылды (бораған) желдің, теңіз дауылының, тайфунның, су тасқынының, сел басудың, бұршақтың әсерлері, топырақ астындағы сулардың, селдердің, цунамидің әрекеттері, грунттың ағып жиналуы, газдың атылуы, мұздан бүліну, көктайғақтың қабаттануы, жергілікті жерге тән емес: нөсер жауындардың, қалың қар түсулердің, бұрқасындардың және аяздардың, найзағайдың әсерлері;
- самолеттердің және басқа да әуе объектілерінің , сондай-ақ олардан лақтырылған заттардың құлауы;
- бу қазандарының жарылысы, газ және мұнай қоймаларының, газ және мұнай құбырларының, машиналардың, аппаратардың және басқа да осы тектес құрылғылардың жарылысы;
- бұзып кіріп ұрлық жасау әрекеттері, тонаушылық,;
- терезе әйнектерінің, айналардың және витриналардың сынуы.
Сақтандыру жағдайы –
қарастырылған оқиғаның болуы. Бұл оқиға болған кезде сақтандырушы
сақтанушыға немесе өзге үшінші тұлғаға сақтандыру өтемін төлеуге міндетті.
Сақтандыру
уақиғасы – болжалды, ықтимал оқиғаны
сипаттайтын сақтандыру тәуекелінен
өзгеше түрде, болған оқиға. Мүліктік сақтандыру
түрлері бойынша
денсаулығынан айырған жазатайым уақиға, т.б. сақтандыру уақиғасы деп
есептеледі. Жауапкершілікті сақтандыруда сақтандыру уақиғасы –
сақтанушының өз кінәсынан біреуге зиян келтіруі, бұл зиянды ол заңнамаға
сәйкес өтеуге тиіс, мұндай кінәларға, мысалы, автомашинаның жаяу жүргіншіні
басып кетуі, қайсыбір нысанға соғуы, адамды еңбек ету қабілетінен айырған дұрыс жасалмаған хирургиялық операция, үйді жобалауда немесе салуда жіберілген қателіктердің салдарынан оның қирауы, т.б. жатады.
1.1 Сақтандырудың даму тарихы
Сақтандыру ерте заманда пайда болған. Сақтандыру шараларының бастауы ХVIII ғасырда Лондон қаласының тұрғыны Эдворт Ллойдың
кофеханасында басталған.Ллойылдың кофеханасында бай күпестер жиналып, көбі өздерінің шеккен төтенше жағдайлары туралы әңгімелесе келіп, кемені теңізге шығарғанда күпестің қолайсыз қалған жағдайында «Конституциялық көмек қоры» ұйымдастырылуы керек деген қортындыға келген. Осыдан бастап, әрбір теңіз кемесіне жүк артқан саудагерлер, кемеге жүгінің көлеміне тәуелді арнайы төлемдер төлеп «Көмек қорын» жасаған. Осы орайда кездейсоқ апатқа, не шығынға ұшыраған саудагерге көмек көрсетіп, ол туралы құжаттар жүргізген. Олар сақтандыру жұмыстарын және оның құжаттарын жетілдіріп отырған. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы сақтандыру компаниялары 1990 жылы пайда болды. Олардың ұйымдастыру құрылымдары кооперативтер пен
серістестіктерден акционерлік қоғамдарға дейін дамыды. 1993 жылы,
«Сақтандыру туралы» заңның қабылдануымен біздің мемлекетіміздің
сақтандыру
заңнамасының негіздері
Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
- әлеуметтік сақтандыру түрі
ретіндегі сақтық қорғауды
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
- сақтық рыногының қазіргі
сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы,
сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандарттарды
- сақтық және қайта сақтандыру
ұйымдарының қаржылық
- осы заманғы сақтандыру
- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру. Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде,
заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша-кредит саясатын
жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары
жүмысының сенімділігіне байланысты болады. Сақтандыруда ӛндіріс, айналым, материалдық игіліктерді айырбастау және тұтыну процестерде адамдар
арасында қалыптасатын
барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғам мүшелеріне
шығындарын өтеуде кепілдік береді, яғни көптеген тұлғалар арасында бөлу
арқылы заңды немесе жеке тұлғаның мойнына алған шығындарын өтеу әдісі ретінде көрініс береді. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай халықаралық стандарттарға сай және қарқынды дамыған сақтандыру қызметін дамытуды
қамтамасыз ететін біртұтас сақтандыру жүйесін құруды талап етеді.
Сақтандыру секторы қалыпты дамымай мемлекеттің тұрақты дамуы
туралы айту қиын. Сақтандыру қызметі рыногының жеткіліксіз дамуы
сақтандыру компанияларына келетін капиталдың аздығынан болып отыр, ол өз
кезегінде сақтандыруға деген ынталандырудың жетіспеушілігінен, соның ішінде өмірді сақтандыруға, халықтың отандық қаржы ұйымдарына деген
сенімділігінің өмендігі, әсіресе
ұзақ мерзімді салымдар жасауға көп
халықтың сенбеуінде болып отыр.Сақтандыру –
жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін
сақтандырылушылардың
жауапкершілікті сақтандыру , кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру , әлеуметтік
сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады. Сақтандыру түрлері кәсіп орындардың, ұйымдардың,
азаматтардың нақты
сақтандыру мүдделерін
сақтандырмалық қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі уақытта
сақтандыру нарығында әр түрлі меншіктегі ұйымдар жетерлік.Олардың қызмет ету аясы тәуекелді сақтандыру аясын қамтиды: биржалық келісімдерді,
жүктерді, несиені сақтандыру және коммерциялық, құқықтық және басқа да
арнайы тәуекелдерді сақтандыру.
1.2 Сақтандыру қызметі және оның механизмдері
Сақтандыру механизмдерінің
азаматтардың мүлкін сақтау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің
макроэкономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару болып
табылады. Сондықтан, рыноктық шаруашылығы дамыған мемлекеттерде
сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың
стратегиялық секторы болып отыр.
Сақтандыру қызметі өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді.Қазіргі
әлеуметтік-экономикалық жағдай халықаралық стандарттарға сай және
қарқынды дамыған сақтандыру қызметін дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас сақтандыру жүйесін құруды талап етеді. Сақтандыру секторы қалыпты дамымай мемлекеттің тұрақты дамуы туралы айту қиын.Сақтандыру қызметі рыногының жеткіліксіз дамуы сақтандыру компанияларына келетін капиталдың аздығынан болып отыр, ол өз кезегінде сақтандыруға деген ынталандырудың
жетіспеушілігінен, соның ішінде өмірді сақтандыруға, халықтың отандық
қаржы ұйымдарына деген сенімділігінің төмендігі, әсіресе ұзақ мерзімді
салымдар жасауға көп халықтың сенбеуінде болып отыр.
Сақтандыру қызметі – бұл қаржылық тұрақтылықты және төлем
қабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында қаржы рыногында пайда алу
үшін қордың уақытша бос қаражаттарын пайдалану және дәстүрлі мәміле
аясында сақтандыру оқиғаларының туындауы себебінен болған зияндарды
қайтару жағдайында, заңды тұлға тарапынан кәсіпорындардың, ұйымдардың,
азаматтардың салымдарын (сақтандыру сыйлықақылары) мәміле есебінен төлеу бойынша сақтандыру қорын құруға негізделген кәсіпкерліктің ерекше түрін көрсететін сақтандыру қызметінің қатысушылары арасындағы ерекше
тұйықталған қатынастар жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде сақтандыру – сақтандырушы мен
сақтанушы арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы, яғни 8
мүліктің бір бӛлігі сақтандыру сыйақысы ретінде (ақшалай немесе натуралды
үлгіде) бір субъектіден екінші субъектіге сақтандыру төлемі түрінде
сақтандыру оқиғасы туындаған кезде қайтарым жағдайына беріледі.
Сақтандыру қызметі өркениетті қоғамның ажырамас бөлігі болып
табылады. Осыған орай оның даму стратегиясы республиканың жалпы
экономикалық дамуының стратегиялық міндеттерімен тығыз байланыста болуы шарт. Сондықтан, ұлттық сақтандыру қызметі рыногын дамыту стратегиясын әзірлеу барысында обьективті және субьективті түрдегі келесі
талаптар ескерілуі қажет:
- сақтандыру қызметі рыногын дамытудың ұйымдық тұжырымдамасын
әзірлеу;
- бағалаудың сапалық және сандық ӛлшемдерінің жүйесін анықтау және
даму бағыттарын таңдау мен негіздеу;
- «Қазақстан - 2030» елдің ұзақмерзімді стратегиясы дамуының негізгі
сатыларына сәйкес келетін сақтандыру қызметінің даму
стратегияларын,олардың мақсаттары мен міндеттерін әзірлеу;
- ұлттық және халықаралық рыноктағы ӛз орнын нығайту және бәсекелік
артықшылықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сақтандыру
жүйесі дамуының стратегиялық бағдарламалары мен жобаларын
стратегиялық маңызды бағыттар мен салаларға бағыттай отырып
әзірлеу;
- әлемдік стандартқа сай келетін сақтандыру қызметінің даму
процестерін реттеу механизмдерінің жүйесін дайындау.
Сақтандыру және оның қоғамдық экономикалық қатынастардағы жүйесі
ұлттық табысты қайта бөлу (айырбастау) сатысынан итеріле отырып, төрт
сатыдан тұратын өзіндік ұдайы өндіріс қызметін жүзеге асырады (1.1 кесте).
1.1 кесте – Сақтандырудағы экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі сатылары.
Өндіріс |
Тарату (қайта бөлу) |
Айырбастау |
Тұтыну, Қолдану |
Өндіріс факторлары иелерінің арасында брутто- табысты өндіру мен тарату олардың бір бөлігін сақтандыру қорына салудың потенциалды мүмкіндігін береді. |
Өндіріс факторлары иелерінің нетто- табыстарының бөлігін сақтандыру жарнасына (сыйлықақы) айналдыру, ол өз кезегінде келесі сатылардан тұратын нақты сақтандыру үдерісінің бастамасы болады: |
I саты – сақтандырушылармен сақтандыру өнімін сату нәтижесінде сақтандыру төлемдерін өндіру үшін олардан сақтандыру қорын құру. |
II саты – сақтандыру топтары, сыныптары, түрлері және басқа бағыттары бойынша сақтандыру қорларын құру және тарату. |
III саты – сақтандыру шарттары бойынша (сақтандыру қорларын бағыты бойынша жұмсау) сақтанушыларға сақтандыру тӛлемдерін өтеу. |
IV саты – сақтанушылардың немесе бүлінген нысандарын қайта қалпына келтіру үшін қолдануы. |
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің бірінші сатысы
азаматтардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік институттардың ерікті және
міндетті сақтандыру тізбесі бойынша сақтандыру қорғанысы қызметін сатып
ала отырып, нетто-табыстан сақтандырушыларға төлейтін сақтандыру
сыйлықақыларының есебінен, сақтандыру қорларын құру арқылы сақтандыру
қорғанысын қамтамасыз етеді.Бұл сақтандыру қызметін сатып алу- сату сатысы.Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің екінші сатысы –
сақтандыру қорларын құру және тарату. Бұл сатыда сақтандырушылар
біруақытта сақтандыру қорларын құра отырып, оларды сақтандыру
нысандарын қайта қалпына келтіру үшін қолдануы.
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің үшінші сатысы –
сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жолымен, нақты зардап шеккен
сақтанушыларға жоғалтуларын өтеп беру үшін сақтандыру қорын пайдалану
арқылы сақтандыру қорғанысының жекелей жүзеге асуымен байланысты.
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің төртінші сатысы –
сақтандыру төлемдерінің сақтанушылардың ие болу, басқару, қолдануымен
байланысты мүліктік қызығушылығын, олардың үшінші тұлға алдындағы
жауапкершілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етуімен байланысты.
Жоғарыда айтылған тұжырымдарды талдай келе, біз «сақтандыру қызметі»
терминіне қатысты үш категорияны береміз. Біріншіден, бұл қатысушылар
арасында туындайтын экономикалық қызығушылықтарды қорғау тәсілі болып табылады. Екіншіден, сақтандыру қызметі – қоғамдық қатынаста жүйесінің ажырамас бөлшегі болады.Үшіншіден, сақтандыру қызметі – бизнес түрі болып табылады.
1.3 Сақтандырудың экономикалық мәні және қалыптасуы
Сақтандыру
классификациясының барлық звеносы
сақтандырудың екі түрін
1. Міндетті сақтандыру.
2. Ерікті сақтандыру.
Міндетті сақтандыру – заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды білдіреді. Міндетті сақтандырудың инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң арқылы міндеттейді. 1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және
белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.
Ерікті сақтандыру – міндетті сақтандырудың әрекетіне қарағанда
азаматтық, құқықтық қатынастар негізінде пайда болған сақтандырушы
(сақтандыру
компаниялары) және сақтандырушы (жеке
және заңды тұлғалар) өзара келісім
негізінде пайда болды.Ерікті
сақтандырудың инициаторы
Міндетті сақтандыру:
- автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
- жолаушылар
алдындағы тасымалдаушының азаматтық
жауапкершілігін;
Ерікті сақтандыруды екі үлкен салаларға
бөлуге болады:
1. Мүлікті сақтандыру.
2. Жеке басты сақтандыру.
Сақтандыру өз іс-әрекетінде танымның теориялық және эмпирикалық
тәсілдеріне
сүйенеді және бірқатар
статистиканың,
ықтималдықтардың теориясының нәтижелеріне
негізделеді.
Сақтық қорғауы ұйымдастырылатын құбылыстардың
бұқаралық сипатына байланысты, сақтандыру
саласы барлық ақпаратты жинауға, топтауға,
жүйелеуге және жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды сақтандыру саласы
қызметінің тиімділігін арттырудың тиімді стратегиясын жасау үшін
қолданылады.
Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде
сақтандыру сақтық жауапкершіліктегі
әртүрлі объектілер мен субъектілерді,
заңдық ережелер мен тәртіптерге сәйкес
қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды.
Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін
реттеп, бірыңғай және өзара байланысты
жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу
қажет. Сақтандыруды жүйелеу әрбір сақтандырудың
келесі буыны алдыңғы буынның бөлігі
болатындай буындар мен салаларға бөлудің ғылыми жүйесі болып табылады. Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критериясы алынған: сақтандыру
объектілеріндегі өзгешелік және сақтық жауапкершілігі көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады: сақтандыру объектілері бойынша және қауіптің тегі бойынша. Кеңейтілген және нақты мағынада
сақтандыруды жіктеу сақтандырушыларда және олардың жұмысында,
объектілерді,
сақтандырушылар
көлемінде және сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді көрсету түрін бейнелейді. Нарықта меншік түрі жағынан мемлекеттің және мемлекеттік емес болып бөлінетін арнаулы сақтандыру ұйымдары қызмет көрсетеді. Бұл ұйымдардың қызмет ету саласы ішкі, сыртқы және аралас нарық салаларын қамтиды. Бұл экономикалық қызмет түрі ретіндегі сақтандыру саласын
ұйымдық жіктелуі болып табылады.Ұйымдастыру түріне қарай сақтандыру
мемелекеттік,акционерлік, өзара кооперативтік болып бөлінеді.
Ерекше ұйымдық түрге дәрігерлік сақтандыру жатады.
Мемлекеттік
сақтандыру – сақтандырушы ретінде
арнайы өкілетті ұйым тұлғасы арқылы
мемлекет болатын ұйымдастыру түрі:
мемлекет мүдделерінің щеңберіне оның
кез-келген және жеке сақтандыру түрлерін
жүргізуге үстемдігі жатады.
Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы
ретінде жарғылық қоры жеке және заңды
тұлғаларға тиесілі акциялардан және
басқа құнды қғаздардан жиналған акционерлік
қоғам түріндегі жеке капитал болатын
мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне
жатады. Бұл ұйымдастыру түрі сақтандыру

- Банк как комерческая организация
- Банк как коммерческая организация
- Банк как коммерческая организация
- Банк как коммерческая организация
- Банк как коммерческая организация
- Банк как коммерческая организация
- Банк, как коммерческая организация
- Банківські послуги
- Банківські послуги в сфері вексельного обігу
- Банківські послуги і їх характеристика
- Банківські послуги та їх роль у розвитку банку
- Банківські продукти та їх види
- Банківські ризики та засоби захисту від них
- Банкіівська система України