Белсенді туризм. 2
Белсенді туризм
ЖОСПАР
Кіріспе 3
I-тарау.
Экскурсияның мәні және
1.1. Экскурсия түрлері, белгілері және олардың сипаттамасы 4
1.2. Экскурсияның түрлерінің пішіні мен топтары 7
1.3. Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар 11
II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар 15
2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы экскурсиялар 15
2.2.
Белсенді саяхаттың
III-тарау. Жорықты ұйымдастыру
3.1.
Жорықта қауіпсіздікті
3.2. Экскурсия жасаудағы кедергілер 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге, халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ экскурсияға шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма? Әрине, олай емес. Экскурсияның танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметтері де бар.
Қазақстанның ұшы-қиырсыз кең даласында
Экскурсия– белгілі бір аймақпен танысу және оны зерттеу т.б. мақсаттармен іске асырылатын шаралар. 18-19ғ-ға дейінгі экскурсиялар елдердің табиғатын, халқын, тарихын және шаруашылығын зерттеу үшін жасалды.
Экскурсия- ол тек қана күн өткізу емес, ол белгілі бір физикалық және рухани шығынды қажет ететін бос уақыттағы немесе оқу уақытындағы интеллектуалды іс-шара.
Зерттеу мақсаты. Экскурсияның түрлері және олардың сипаттамаларымен танысу.
Зерттеу құрылымы. «Экскурсияның түрлеті және белгілері» атты курстық жұмысым 2 бөлімнен және 7 бөлімшеден тұрады.Бірінші бөлімінде экскурсияның мәні,мазмұны және оның түрлері туралы айтылады, екінші бөлімінде белсенді туристік саяхаттар туралы қарастырылады.
I-тарау. Экскурсияның мәні және мазмұны
- Экскурсия түрлері және олардың сипаттамасы
«Экскурсия» (лат.excursio- сапар,жорық)- топпен немесе жеке көрікті жерлерді аралау: мұражайларды, оқу орындарын және мәдени жерлерді экскурсоводтың көмегімен аралау.
Жалпы экскурсия барысы «
Емельянов экскурсияны
- Уақыттың ұзақтығы бойынша;
- Экскурсияға (15-30) адамның қатысуы;
- Экскурсоводтың квалификациясының жоғары болуы бойынша;
- Экскурсиялық объектілермен таныстыру;
- Объектілерді автобуста жүріп немесе тоқтап тұрғанда бақылау;
- Тақырыптың дұрыстығына байланысты;
XXғ. 70жылдардан бері осы күнге дейін ауыстырылмаған
- Мазмұнына;
- Қатысушыларпрқұрамына;
- Өткізупажеріне;
- Жылжуына;
- Өткізілуіне;
Экскурсияға қатысушылар
- Үлкен азаматтар тобы (студенттер, маман топтар, ұйымдар, т.б.);
- Кішкентай азаматтар тобы (мектеп жасқа дейінгі балалар, жалпы мектеп балалары);
- Тұрғылықты тұрғындар тобы;
- Басқа қаладан келген азаматтар тобы;
- Шетелдіктер тобы;
Емельяновтың айтуы бойынша экскурсия
- Қарапайым экскурсиялар;
- Оқулық;
- Массалық;
- Экскурсиялық серуен;
- Экскурсиялық концерттер;
Экскурсия маршруттарының күрделі жағдайын, түрлі нұсқасын қамтитын еліміздің кез келген ауданына апарар қозғалыстың әртүрлі қабілетінің – мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жасалынады. Жаяу, таумен, сумен, шаңғымен, атпен, велосипедпен, мотоциклмен жүзеге асады.
Жаяу жорық - барша адамның қолы
жететін жорық. Бірақ жаяу саяхатқа шығушы
өзі көтеретін жүк салмағын есепке алуы
керек, себебі бұл жағдай елсіз жерлермен
ұзақ жол жүргенде көп қиындыққа душар етуі
мүмкін. Ең негізгі кедергілер өзеннен,
батпақтан, орман-тоғай белдеулерінен
өткенде кездесері сөзсіз. Жаяу саяхатшысының
жер жағдайын жетік аңғарып, дұрыс бағдарлай алуының,
компасты пайдалана отырып, жазылған азимут
бойынша жүруінің маңызы үлкен. 15-тен 20
шақырымға дейінгі аралықты күндіз жүріп өту
- бұл көрсеткіш саяхатшылар ертелі-кеш жол
Саяхаттың ең қызықты, сонымен бірге күрделі түрлерінін бірі- таулы аймақтағы жорық. Тау соқпақтармен өтетін жорық желілері көп уақытты керек ететін қырға одан төмен түсу қиындығын ескеру нәтижесінде жасалады. Ең биікте ауаның жетіспеуінен тыныс алу ауырлайтыны мәлім. Күн мен түннің температурасы тез өзгереді. Ауа райы да құбыла түседі, әрі соқпақтардан тыс жүру қауіпті, ал тау өзендерінен, құлама жартастардан, шындардан, үрінді қар мен мұздан өту одан да қауіпті. Мұндай жағдайда саяхатшылар альпинистердің амал және айла-тәсілдерінен, таулы аймақтағы қозғалыстың тәсілдерінен хабардар болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Саяхаттың ішіндегі ең қиыны, ең күрделісі биік таулы аймақтағы саяхат болып есептеледі. Сөйте тұра, ол саяхатшыларды ғажайып көріністермен қуантып, төзімділігін сыннан өткізуге, табиғат күшімен күрес барысында ерлігі мен ерік-жігерін шындап, тәрбиелеуге мол мүмкіндік береді. Дұрыс және шынайы дайындық жасап, тауда жүріп-тұрудың ережелерін дұрыс сақтаған жағдайда жорық қауіпсіз болады.
Сумен саяхат жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың жүзе білетін, қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті.
Қайықты бастапқы орнына
Жаяу саяхатқа қарағанда сумен саяхатта бағыт-бағдар ұстану әлдеқайда оңай, оны өзннің ағысы арқылы анықтауға болады.
Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.
Саяхаттың ең күрделі түрлерінің бірі –шаңғы арқылы жасалынатын саяхат. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтағы шаңғы тебу тәсілін жетік меңгеру қажеттілігі, қалың қарларда жүрудің қиындығы, температураның төмендігі, боран және т.б. саяхатқа қатысушылардың дене тәрбиесін арттыруды жүктейді.
Қыстың күндері жолды бағдарлау
Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға
қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен
есте қалып, оған қатысушылардың дене
құрылысын шынықтыруда зор
Шаңғы саяхатына қатысушылардың басты кедергілері: қар жауып тұрған кездегі қозғалыс әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда, биік, ұйлыға өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, биік, қия, жоталар.
Қардың қалың, жұқа түсүіне, жердің жазық, немесе ойлы-қырлы болуына байланысты шаңғымен саяхаттың күндізгі орташа қарқыны 15-35 шақырым болады.
Еліміздің көптеген аудандарының адыр-бұдырлы даласын кесіп өтетін жақсы жол тораптары велосипедпен саяхат жасау түрін кең дамытуға мүмкіндік береді. Саяхаттын басқа түрлеріне қарағанда велосипедпен жасалынатын жорық әлдеқайда алыс сапар шегуге жағдай жасайды және оған қатысушылардың зерттеу жұмыстарын жџргізуге жағдай жасайды.
Алайда, жолдан бұрылып шыға алмаушылық көп жерлерді аралап көру мүмкіндігінен айырады. Рас, жолсыз жермен де жүруге болады, бірақ онда велосипедпен саяхаттың барлық артықшылығы жойылады. Кейде велосипедпен саяхат велосипед жарысына айналып та кетеді.
Саяхаттың негізгі мақсатына нұқсан келтірерлік қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс пайдалануға болмайды. Велосипедпен саяхат жасаушылар күндіз орта есеппен 50-60 шақырымдай жүрулері керек.
Велосипедшілердің негізгі кедергілері жолсыздық, құмды жолдар, тік қырлар мен өңістер, өткелдер болып табылады.
Автомобильмен және мотоциклмен саяхат та кең қанат жайып отыр. Ол демалыс күндері жергілікті жерлерге жорыққа шығумен ерекшеленеді, мыңдаған шақырым алыс қашықтықтарға сапар шегу қызық.
Спелео - үңгір саяхаты өзіндік мағынаға ие. Бірінші ерекшелігі – күндізгі жорықтың болмауы. Жерасты саяхатының ең басты қауіптілігі –қараңғылық. Жарық жоқ жерде қозғалу, бағытты бағдарлау қиындай түсетіні белгілі. Соның салдарынан шұңқырға немесе құдыққа құлап кетуге де болады. Мұндайға ұшырмау үшін саяхатшылар жарық сыйлар құралдарды өздерімен бірге алып жүрулері керек.
Үлкен үңгірлер енетін
жол тараптарының көптілігімен
күрделі, онда адаспай
Жерасты саяхат кезінде адамды тұншықтырар немесе жарылыс туғызар газдардың жиналып қалғанын кездестіруге болады. Жалпы үңгірлер сол жердің үстіндегі климатқа ұқсамайтын өзіндік климатқа ие.
Үңгірге түскен әр саяхатшы
альпинистік тәсіл негіздерін, шыңға
шығу әдістерін игеріп, мұзды өңістерден
аман өтуі, жүргенде қауіпсіздік ережелерін,
т.б. сақтауы тиіс. Жерасты саяхатына
байланысты кездесетін қиындықтар әркімнен
батылдықты, тапқырлықты, төзімділікті,
тез қағып алушылықты, денсаулығының
мықты болуын талап етеді. Жерасты
саяхатына кетіп бара жатып үңгірлердің
қауіпті екендігін бір сәтке
де ұмытуға болмайды. Ең алдымен
біреу бақытсыздық жағдайға ұшырап
қалса, оған сырттан қалай көмек
көрсетудің шаралары, сондай-ақ саяхатшылардың
үңгірден қашан оралатыны туралы
күні бұрын бақылау мерзімі
1.2 Экскурсия түрлерінің пішіні мен топтары
Елімізде дене тәрбиесі мәдениеті мен спорт дамуының міндеттерін шешуде саяхат спорттық тынығудың ең бағалы түрлерінің бірі ғана емес, сондай-ақ еңбекшілерді дене тәрбиесінің мәдениетіне тәрбиелеу құралы да болып табылады. Қозғалыс жаяу, шаңғымен, қайықпен, атпен немесе салмен, велосипедпен, т.б. жүру арқылы белсенді түрде орындалатын саяхаттық жорықтар адамды жан-жақты дене тәрбие мәдениетінің негізгі мәселелерін шешеді.
Жорық кезінде саяхатшы жол жүру дағдыларын бойға жинауға, таныс емес жерлерде: ормандарда, тауларда дұрыс бағыт ұстай білуге, жаңа, белгісіз жайларды бақылай есте сақтап, іздеп аша білуге үйренеді.
Бүгінгі таңда елімізде саяхат жоспарлы түрде қалауы бойынша дамып отыр. Жоспарлы түрдегі саяхат жорық жоспарларымен арнайы базаларда демалуды, сондай-ақ ұжымды экскурсия жасау және сауықтыру мақсатын көздеген транспорт құралдарын пайдалану арқылы ұйымдастыру қарастырылған. Бұл бағытта тікелей саяхат базаларында ұйымдастырылатын белсенді демалыс түрлерін бөле-жара атаған жөн: Әртүрлі саяхат жерлері, маршруттары негізгі үш топқа бөлінген: жан-жаққа тарамдала тартылған, сызық бойынша және сынақтық.
Тарамдала тартылған саяхат жерлері маршруттары саяхатшыларды кез келген бір қаламен, ауданмен таныстыруды мақсат тұтады. Осындай желінің, маршыруттың базасына келген саяхатшы үнемі сонда тұрып, жергілікті музейлерге, көрікті орындарға барып, базаның төнірегіне экскурсиялар жасайды.
Саяхаттың сызық желісі маршрутты бойынша сапарға шыққан саяхатшы бір базадан екінші базаға барады, әр жаңа жерде сол ауданның ерекшеліктері туралы мәлімет беретін экскурсияларға қатысады. Жан-жаққа тарамдала тартылған маршрут сияқты сызық бойынша жүргізілетін жорықта саяхатшыны бірінші базаға жеткен сәттен-ақ қажетті жағдайлардың бәрімен: қонатын бөлмемен, экскурсиямен, мәдени қызмет саласымен, кітапханамен, ақыл – кеңеспен, транспортпен қамтамасыз етеді. Бұл жорықтарда демалыс саяхатшылардың Отанды танумен, дүниетанымын кеңейтумен, болған жерлеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеумен ұштасып отырады.
Дегенмен, денені шынықтыру, дамыту, жорық дағдыларын бойға дарыту тәрізді саяхаттың басқа міндеттері бұл жерде тек өте әлсіз ғана қызмет атқарады. Саяхаттың жоғарыдағы міндеттері белсенді қозғалыс құралдарына негізделген сынақтық желілер, маршруттар бойынша ұйымдастырылған жорықтарда шешім табады.
Сынақтық маршруттар еліміздің неғұрлым табиғаты сұлу, қызықты аудандарын таңдайды, әрі мұндай жорық бір базадан екінші базаға жаяу, шаңғымен жүру, қайықпен жүзу арқылы жүзеге асады. Мұндай саяхаттар оған қатысушылардан әдетте, саяхат маршрутының алғашқы базасында орындалатын белгілі дайындықты талап етеді.
Дайындықтан өткен саяхатшылар тобы қажетті құралдармен, азық-түлікпен қамтамасыз етіледі және басшылығымен саяхатқа аттанады. Бір база мен екінші база аралығы бірнеше асулардан тұрады, сол себепті саяхатшылар жолда палаткаларда түнеп, өздері тамақ әзірлейді, жүрер жолдарын схемалар, компас көмегімен анықтау бағдарлайды. Мұндай саяхаттар еліміздің шетте, жолдан шалғай биік таулы, кеме жүре алмайтын аудандардың түкпір – түкпірімен танысуға мүмкіндік береді.
Мерзім мен аудандарды белгілеп, күні бұрын жасалған маршруттар бойынша өткізілетін саяхаттар бәрінің көңілінен шыға бермейді. Сол себепті саяхат өзінің ұйымдастыру жағынан басқа түрімен өз қалауы бойынша ұйымдастырылатын әуесқойлық саяхат.
Топ мүшелерінің өздері таңдаған әуесқойлық саяхат маршруты қарталардың, схемалардың, әдебиеттердің және жер жағдайын білетін адамдардың көмегімен жасалады.
Сонымен бірге әуесқой саяхатшылар тобы белгілі базаларға белгіленген мерзім ішінде жетуге міндетті емес, олар өз еріктерінше, өздеріне қолайлы уақытта келе береді. Саяхат кезінде жұмыс жағдайын ойластыру, саяхат маршрут бойынша жүру жергілікті жер ерекшелігіне байланысты жүзеге асырылады. Әуесқой саяхат ешқандай белгілі бір аудандармен, желілермен, бағаттарымен шектелмейді, олардың бәрін саяхатқа қатысқысы келетін топтың қызығушылығымен ынта-ықыласы шешеді. Әуесқой саяхаттың ең басты артықшылықтарының бірі осы.
Саяхат шаралары демалыс күндері жорық жасаумен, саяхаттық слет, жарыстар өткізу түрлерімен де жүзеге асырылады.
Спорттық саяхат жорықтарының топтастырылуы саяхат түрлері мен олардан туындайтын қиындық категорияларынан тұрады.
Топтастыруға бүкілодақтық біртұтас спорттық жүйелеуде көрсетілген разрядтық талаптарға сай саяхат түрлері бойынша жүргізілген жорық маршуруттары жатады. Спорттық жаяу, шаңғымен, тау, су арқылы, велосипедпен, автомобильмен, мотоциклмен және спелео-үңгір саяхаты тәрізді саяхат түрлері бойынша жүзеге асырылады. Жоспарланған және әртүрлі өлкеде өткізілген қорықтарға берілер баға оларды салыстыру жолы арқылы маршруттар өлшемімен беріледі.
Маршруттар жіптерінен тыс ресми құжат боп саналатын және маршруттар топтасының негізгі принциптеріне, олардың қызықтырушылығы мен ұзақтығына, түзілу логикасына, кедергілердің сандық және сапалық мінездемелеріне әдістік нұсқаулар бар. Бұл, не ол маршрутты күрделіліктің белгілі категориясына жатқызу үшін үш көрсеткіш: ұзақтық, қызықтырушылық және тәсілдік күрделілік негізгі өлшем етіп алынады.
Жорық ұзақтығы топтың дайындық желісінен маршрутынан міндетті түрде мейлінше аз күн ішінде қарастырылады.
Жорық ұзақтығы күрделілік категориясына тән сынақтық маршруттың мүмкін болған ең аз ұзақтығы.
Маршруттың тәсілдік күрделілігі кедергілердің сипатымен және әртүрлілігімен анықталады.
Кедергілер сипаты кедергіден өткен қауіпсіздікті қай деңгейде талап етуімен анықталады. Күрделік тобының маршрутына өздеріне тән кедергілердің деңгейі сай келеді. Жорық - тардағы қауіпсіздіктің негізгі бұрынғы жорықтарда іс жүзінде жинақталған саяхат тәжірибесі болып табылатынын есте ұстаған жөн. Бұл тәжірибенің ең аз міндеті деңгейі саяхаттық, спорттық жорықтарды өткізу ережелермен анықталады.
Жорықтар күрделілігі тобы белгіленген өлшемдер және классификациялық асулар мен үңгірлер тізбегімен анықталады.
1.3 Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар
Жорық кезінде, оның ұзақтығына байланысты кішігірім демалу мен тамақтанатын, қонатын және түстенетін жерлер болады. Дем алатын орынды ұйымдастыруда ең басты міндет – орынды дұрыс таңдай білуге, алаңды әзірлеуге, палаткалар тігуге, от жағып, лагерь қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты болмақ.
Орынды таңдау. Ашық дамылдайтын орын бірнеше басты талапқа жауап беруі керек. Соның біріншісі-қауіпсіздік. Әсіресе таулы жерлерде, орманды жерлер бойынша өтетін жорық маршруты кезінде қауісіздік шараларын сақтаған жөн. Сондықтан, қар көшкіні қаупі бар тік құлама қыр, жарқабақ етегіне қонуға болмайды. Нөсерден соң тауда лайлы су тасқыны жүретіні белгілі, сол себепті лагерь палаткасын құрғап қалған өзен арнасына, жылға табанына тігу қауіпті. Оны лайлы тасқын өзімен бірге алып кетуі мүмкін.
Палаткаларды тіккен кезде желдің бағытын ескеруді есте ұстаған жөн. Палаткаға кірер есік желдің ық жағында болғаны абзал.
Лагерді өзен ағысы бойынша төменгі
Кейбір жетекшілер лагерьді эстетикалық талғам бойынша орналастыруға баса көңіл бөледі. Палаткаларды қатаң тәртіппен ошақ басынан бір қатарға және бірдей арақашықтыққа орналастырғанды қолдайды. Әрине, тиісті жағдай болса, мұның бәрі жақсы дем алуға мүмкіндік береді, бірақ келесі бір кезекте жорыққа қатысушылар үшін үлкен қолайсыздық туғызатын аясы тар мақсатқа айналмауы керек. Мұндай бір палаткалар жел мен жаңбырдың өтінде, екіншілері-жол табанында, басқалары-массасы көп бұталардың арасында қалауы мүмкін. Осыған орай, лагерьге орын таңдағанда бәрінен бұрын қайсысы басты, қайсысы жанама мәселе екенін ұмытпаған жөн.
Ашық далада дамылдау
Кең ауқымды жұмысты үзбей жүргізу үшін жетекші сол кезеңде аса маңызды болып табылатын участокке адамдарды дер шағында көбірек ауыстырып отыруы қажет. Жорыққа қатысушылардың бәрі дерлік мына кеңесті тындауға міндетті: Бірінші - жолдасынан алған затты әр-дайым өз қолына беруі керек. Онсыз тұрақты түрде не ана зат, не мына зан жоғалуымен болады. Екінші - бөгде беруге ақтартпауы қажет. Кейде кезекшілер тарапынан: Тұз сенің жол дорбанда ма, әлде менікінде ме? Менің жол дорбамнан ала сал дегенді естіп қаламыз. Кезекші оның жол дорбасын іздеп, талай уақытын кетіреді, онымен қоймай басқа жол дорбаларды да аударып, төңкереді. Ал жорыққа қатысушылардың біріне арнайы тапсырма, ол өзінін жол дорбасының қайда қоярын жақсы біледі және іздеген затын тез-ақ тауып алады. Әлі бөлінген жұмысын бітіре алмай жатқандарға көмектесіп, тапсырманы тезірек орындауға қолқабыс жасағаны абзал. Немесе шұлықтарды, аяқ киімдерді кептіруді, немесе отты жағалай отыратын орындықтар әзірлеуді, таңертеңге отын дайындауды қолға алғаны да артық емес. Есте ұстайтын жай, жұмыс барлық жорыққа қатысушылар үшін бір мезгілде аяқталған абзал.
Палаткаларды орналастыру. Ең алдымен палаткаларды тігетін орынды таңдау қажет. Ол орында мысықтар, суырлар, өсіп тұрған ағаштар және тастар болмауы тиіс. Таңдап алынған орын қия беткейлі келіп, түнде ұйықтап жатқанда адамдар ылдиға домалап жүрмеуі қажет. Егер аздаған еңісті жер болса, онда палатканы оның бауырына тіккен жөн.
Бұдан кейін палатка шаңырағын
ұстап тұратын тірек қазық
орналастырады. Палатканы жыртып алмау
үшін тірек қазық палатканың сыртынан,
артқы қабырғаға тақай және шыға
беріс тұсқа қойылады. Тірек қазықты
орналастыру ережесі мынандай. Топтың
бірі тірек қазықты шыға беріс
тұсқа бекітіп, оған бауды байлайды.
Топтың екінші бір мүшесі дәл сондай
әрекет жасап, тірек қазықты палатканың
артық қабырғасына
II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар
2.1 Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы экскурсиялар
Ежелгі Қазақстан тарихындағы
Аталған кезеңде Ұлы Жібек жолының солтүстік түркі тармағы бойынша VI-XIV ғасырлардағы саяхаттар тек қана сауда үшін ғана емес, сонымен қатар қажылық, емдік және білім алу мақсаттарымен де болғаны туралы жеткілікті негіздемелер бар.
Қазақстан аумағындағы ең бірінші туристік нысандар түркі тайпаларын жаулап алумен және олардың атамекенінен ауа көшуімен байланысты болды.
Қазақстанда қажылық саяхатты ең бірінші ұйымдастырған Әмір Темір болды және оның есімімен байланысты орында әр жылдары әр түрлі әлеуметтік туризм түрлері жүзеге асырылды. Осындай ескерткіштердің негізгісі 1399ж. Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне салынған кесене болды. Б.з.б. көне заманнан осы уақытқа дейін Александр Македонскийдің жорықтарына жолбасшы болған Геродоттың саяхаттарының жазбалары сақталған. Орта ғасыр саяхаттарының классикалық үлгісі ретінде М. Поло және А.Никитиннің саяхаттарын келтіруге болады. Географиялық ұлы ашулар кезеңі адамзаттың планета жөніндегі көзқарастарын түбегейлі өзгерткен саяхаттарға толы болды. Жердің шар тәрізділігі туралы идеяның біржола қалыптасуы осы кезеңге сай келеді. Кейінiрек Жер туралы ұғымды кеңейтуге Д.Ливингстон және ағылшын саяхатшысы Г.Стэнлидің, Н.М.Пржевальскийдің, Ш.Уәлихановтың т.б. саяхаттары зор ықпал етті.
Бірақ Қазақстан туризмі тарихындағы ең елеулі табыстардың көбі жаңа заманда жүзеге асты.
1929ж. Таулы туризмнің энтузиастары Б.И. Белоглазов, Ф.Л. Савин, В.И. Зимин ĺле Алатауына бірнеше туристік саяхаттар, жорықтар жасады. Бұл жылдың жазында олар бірінші туристік саяхатты Ыстық көлге ұйымдастырды. Бұл жорыққа Алматы қаласы мектептерінің 17 мұғалімі қатысты.
1930ж. Савиннің қолбасшылығымен
1931ж. қаңтарында В.Н. Зимин алғаш
рет туристерге қысқы
Қазіргі таңда мұндай саяхаттарға оқушылар да қатысып жүр.
2.2. Белсенді саяхаттың
Белсенді туризмдегі классификацияланған туристік экскурсия- дегеніміз, белгілі бір қиындық категориясына сәйкес келетін бағытты айтамыз.
Туристік маршрут дегеніміз — белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі бір уақытқа арналған алдын-ала жоспарланған Туристердің жылжу трассасы.
Халықаралық альпинистер одағының (ХАО) ұсынуымен 1947ж. туристік экскурсиялардың қиындық шкаласы ресми түрде қабылданған:
I-категориялы экскурсиялар— аз қиындық, қиын емес жеңіл категориялы жорықтар болып табылады. Бұл жорық барысында қозғалыс кезіндегі тепе- теңдікті сақтау үшін қолдың көмегі кейбір кезде ғана керек. Бұл маршруттардан өту үшін туристерге өзіне деген сенімділік пен тереңдіктен қорықпау қажеттілігі керек.

- Белсенді туризм
- Бельгийская кухня
- Бельгийская федерация и ее особенности
- Бенефиционная система как элемент материального стимулирования
- Бензин, его марки. Производство бензина
- Бензиновый двигатель для легкового автомобиля мощностью N
- Бензпинакон
- Белорусское участие в международной акции «Ночь музеев»
- Белорусско-китайские отношения в политической сфере
- Белорусско-российская экономическая интеграция
- Белорусско-российская экономическая интеграция
- Белорусско-российская экономическая интеграция: цели, особенности, инструменты, проблемы и перспективы развития
- Белорусско-французские культурные связи
- Белсенді туризм