Бетондаудың кешенді процесінің мағынасы мен құрылымы

                                 Мазмұны

 

 

Кіріспе                                                                                                                                           4

1 Негізгі бөлім            

1.1 Негізгі мәліметтер және жоба  құрамы                                                                7

1.2 Тұтас құймалы бетон және  темірбетон процестерінің технологиясы  бойынша жалпы ережелер                                                             8

1.3 Бетондаудың кешенді процесінің мағынасы мен құрылымы             8

1.4Қалыптардың міндеті және түрлері                                                                    10

1.5 Қалыптарды жіктеу                                                                                                       13

1.6 Құрылымдарды арматуралау                                                                                  14

1.7 Арматура болаттарының жілтелуі  және оларды нығайту т

әсілдері                                                                                                                                         15

  2 Технико –технологиялық бөлім

2.1 Жұмыс көлемін және еңбек  сыйымдылығын анықтау                         43

2.2 Жұмыс өндірісінің тәсілін  және машиналар жинағын таңдау      48

2.3 Машиналар жинағының пайдалану  өнімділігін және санын анықтау                                                                                                                                  49

2.4 Калькуляция мен машиналық  уақыт шығындалық және жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспарын жасау                                                               52

2.5 Жұмыстардың тасқынды өндірісін  жобалау және жұмысшылар бригадасы  мен звенолар санын анықтау                                                            52

2.6 Техника-экономикалық көрсеткіштер                                                            53

3  Техника қауіпсіздік бөлімі

3.1 Бетондау процесстері технологиясының  төтенше жағдайлардағы ерекшеліктері                                                                                                                        56

3.2 Бетон жұмыстарын  құрғақ ыстық климатты жағдайларда  орындау ерекшеліктері                                                                                                                           61

3.3 Бетон және темірбетон  жқұмыстарының сапасын бақылау             62

Қорытынды                                                                                                                                65

Пайдаланған әдебиеттер                                                                                                66

                                    

 

 

Кіріспе

 

    Бетон көбінесе өнеркәсіптік, азаматтық ауылшаруашылық үймереттерді тұрғызғанда және тағы басқа салаларда кең қолдануда. Темірбетонның әмбебаптылығы және үнемділігі құралымдар жөніндегі жобаның есебі және технологиялық тәсілдері әбден жетілдіру, жоғары берікті және жеңіл бетондар әр түрлі, қосымшалары бар бетондарды қолдану әдістерін жетілдіру. Бетон құрылымы пайда болу теориясы даму мүмкіндігінше жоғарылайды. Бетон және темірбетон қолдану саласын кеңейту көп құрастырмалы құрылымды шығаруды қамтамасыз ететін процестермен жұмыстарды мұнан ары озат техника негізінде кең жайылған механикаландыру және автоматтандыру мүмкіндігін туғызады. Зауыттар тек қана дайын құрастырмалы темірбетон құрылымдарды ғана емес қалыптар жинағы,арматура қаңқасы мен торлрар тауарлы бетон қоспасы,бетон ж/е ерітінділер үшін құрғақ қоспа, физика-механикалық ж/е технологиялық қасиеттерін меңгеруге мүмкіндік беретін бетон қоспалары мен ерітінділеріне әр түрлі қосымшалар шығарады.

     Бетон жұмыстары ұқыпты жасалған жұмыс өндірісінің жобасы негізінде жүргізіледі,онда бетон қоспасы ж/е бетонда өтетін физика-химиялық процестер бетон жұмыстары технологиялық процестермен үймереттермен ғимараттардың салыныатын құрылымдар ерекшеліктерімен,жергілікті жағдайларды ескере отырып үйлестіріледі.

    Тұтас құйма түзілістер жасау дайындық ж/е құрылыс басындағы процестерден құрылатын жұмыстар кешенін орындау арқылы тікелей құрылып жатқан объектілер өндіріледі. Сонымен дайындық процестер құрылыс алаңы маңынан тыс, ал құрылыс басындағы белгілі технологиялық жүйелікпен объектіден орындалады.

     Тұтас құйма бетон ж/е темірбетон түзілістерді жасаудың кешенді процесі тасқынды жедел әдіспен жүзеге асырылады, ж/е оған жататыны:

Қалыпты тасымалдау ж/е  орнату, соңынан ажырату;

Арматураны тасымалдау ж/е орнату;

Бетон қоспасын тасымалдау,төсеу  ж/е тығыздау;

Түзілістерді жасау процесінде бетонды баптап күту;

Төсеу ж/е тығыздау процесінде бетон  қоспасының ж/е қайталап төселгген  бетонның қату процесінде сапасын бақылау.

Тұтас құйма бетон  ж/е темірбетон жұмыстары құрылыста  еңбекті өте көп қажет етеді  сондықтан олардың кешенді механикаландыру  мәселесін шешкенде тұтас құйма түзілістер жасау технологиялық процесін бетон қоспасын дайындаудан бастап (әсіресе ауылдық жерлерде)оны қалыпқа төсеумен аяқтап қарау керек. Тұрғызылған тұтас құйма бетон ж/е темірбетон түзілістер үймереттер мен ғимараттардың нөлдік белгісінен төмен ж/е жоғары  орналасуы мүмкін.

    Нөлдік цикл түзілістеріне: үймереттер мен ғимараттар ж\е технологиялық жабдықтардың ірге тастары, түтіктер, науалар, өнеркәсіп үймереттердің жер асты тонельдері, үй асты қабырға ж\е далалары, төмен отырғызған сыйымдылықтар ж\е ғимараттар бірінші қабат еден астына бетон дайындықтары ж\е т.б жатады.

   Жер үсті бөлігі түзілістеріне: үйереттердің қабырғалары ж\е қаңқасы, жабынды ж\е жамылғылар, күмбездер, арқалар, резервуалар, түтін ьұржалары, сүрлемдер ж\е т.б.

  Нөлдік цикл ж\е жерүсті  бөлімдер тұтас құйма түзілістерінің  өзіндік технологиялық ерекшеліктері  ж\е түрлі механикаландыру құралдары  бар. Олар жұмыс өндірісінің  жобасын жасағанда есепке алынуы  керек. 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               1. Негізгі Бөлім

 

              1.1  Жоба Құрамы Және 1Негізгі Мәліметтер

 

Тұтас құйма бетон ж\е темірбетон жұмыстарын өндіру жобасын жасау  үшін негізгі мәліметер: үймереттер мен ғимараттардың бетон ж\е  темірбетон түзілістерінің жұмыс сызбалары; құрылыс ауданы ж\е жұмыс орындау мезглі.

        Жұмыс өндіру  жобасы түсініктемесіне барлық  жұмыс кешені ж\е оның құрамдарының  көлем ж\е еңбек сыйымдылық  есебі, жұмыс өндіру тәсілі  ж\е машиналар жинағын таңдауы,  алым шамасы ж\е саны,бригада  ж\е звенолар құрамын анықталуы,  жұмыс өндіруге қабылданған тәсілдерді дәлелдеу ж\е баяндауы, техника-экономикалық көрсеткіштер есебі, жұмыс өндіру мерзімдік жоспарын жасауы ж\е олардың орындау мезгілін дәлелдеуі, жұмыс жіктерін жасауы, жұмысты қауіпсіз тәсілмен жүргізу бойынша шаралар қолдануы, жұмыс сапасын бақылауы қысқы мезгілде ж\е ыстық климат жағдайларда өндіру ерекшеліктері кіреді.

    Жобаның графикалық бөлімінде мыналаркөрсетілуі керек: алымдарға бөлінген ж\е шамалары көрсетілген бетондайтын алаңдардың пландары, биіктігі бойынша ярустерге бөлінген бетондайтын түзілістердің пландары мен шамалары, бетоншылар ж\е жұмыстары байланысты басқа жұмысшылардың жұмыс орнын ұйымдастыруы, бетон қоспасын төселетін жерге беретін тәсілдері, жұмыс жіктері жасалатын орындар, қалыптарды жаңа жұмыс орнына ауыстыру тәсілі ж\е олардың ажырату тәсілдері(арқаларда, күмбездердеж\е т.б), жұмыс өндіру жоспары.

 

Тұтас Құймалы Бетон Және Темірбетон Процестерінің Технологиясы Бойынша  Жалпы    Ережелер.     

   Бетоннан ж/е темірбетоннан жасалған құрылымдар жұмыс өндіру тәсілі бойынша ширатылған ж/е ширатылмаған арматурасы бар құрастырмалы,тұтас құймалы ж/е құрастырмалы тұтас құймалы болады.

  Құрастырмалы құралымдар арнайы  зауыттарда ж/е полигондарда жасалады,сонан-соң  көлікпен салынатын объектіге  жеткізіліп жинақтау механизмдерімен жобалық қалпына орнатылады.

  Құрастырмалы тұтас құймалы  құралымдар зауыттар жасалған  құрастырмалы элементтерден ж/е  оларды бір біріне біріктіретін  тұтас құймалы бөлігінен тұрады.

   Тұтас құймалы құралымдар алдын ала дайындалған қалыпқа арматура мен бетон қоспасын салу арқылы тікелей тұрғызылатын объектіде жатады. Бұл жағдайда құрылыс алаңына қалып, арматура ж/е бетон қоспасы жеткізіледі.

   Кей жағдайларда құрастырмалы темірбетонмен салыстырғанда тұтас құймалы бетон мен темірбетон қолдану тым ұтымды, әсіресе сейсмикалық аймақтарда,т энергетикалық ж/е су шаруашылық құрылысында,биік үймереттер мен ғимараттар тұрғызғанда.

 

             1.2 Бетондаудың кешенді процесі және оның құрылымы

 

Тұтас құймалы бетон ж/е темірбетоннан  жасалған үймереттер мен ғимараттардың тұрғызудың кешенді технологиялық процесін дайындау ж/е құрылыс процестері түрінде көрсетуге болады. Бұлардың біріншісі құрылыс процестері,белгілі технологиялық жүйемен аяқталған өндірістік циклин жасап, тіеклей объектерде өндіріледі, оның нәтижесінде тұтас құймалы бетон әлде темірбетон құрылымы н/е ғимарат шығарылады (1.1 сурет) Тұтас құймалы бетон ж/е темірбетон жұмыстарын өндіру кешенді процесі шапшаң тасқынды әдісі бойынша жұмыстардың барлық процестерін өзара үйлестіріп орындаудан тұрады ж/е өзіне келесі процестерді енгізеді: қалып тасымалдау ж/е орнату, соңынан оны ажырату, арматураны тасымалдау ж/е орналастыру; бетон қоспасын тасымалдау, төсеу ж/е тығыздау; тұрғызу процесінде ж/е қату процесінде бетон қоспасының сапасын бақылау.

 

            

 

         Сурет  1.1 Темірбетон жұмыстарын өндірудің технологиялық

                                жүйелігі.

 

 

Жетекші процесс бетон қоспасын төсеу болады, оған барлық қалған процестер  бағынады.

Жұмыс өндірісінің тасқынды әдісі  жеке алымдарға бқлінген жұмыстардың барлық кешенін орнатудың кең ырғағын қамтамасыз етеді. Сонымен әр алымда темірбетон жұмыстарының барлық кешенінің тиісті құрама процестері орындалады.

Жұмыс I алымды қалыпты орнатудан  басталады. Бір алымнан жұмыс  орындау шамасымен жұмыс орындау шамасымен жұмысшылар келесі алымға ауысады, ал босаған алымға басқа мамандық жұмысшылары келеді.

 

                  

 

 

            Сурет 1.2 тұтас құймалы темірбетонды өндірудің тасқынды

                                әдісінің үлгісінің сызбасы

 

             1.3 Қалыптардың міндеті және түрлері туралы түсінік

 

    Бетондалатын құралымдарды жобалық өлшемдері мен сырт пішінін қамтамасыз ететін формаларды қалып деп атайды. Қалып әр түрлі материалдардан жасалған ж/е әр түрлі құрылымды жүк көтеруші,тіреуші ж/е форма жасайтын элементтерден тұрады. Қалып дағдыдағыдай арнайы зауыттар мен цехтарда жасалған элементтерден жиналады.

    Қалып құралымдар тұрақтылық, өзгермейтінділік, қаттылық ж/е беріктілікке ие болу, форманың дұрыстығын бетон бетінің сапасын қамтамасыз ету,тез жиналып ж/е ажырату, арматураны орналастырғанда, бетонды төсегенде ж/е тығыздағанда кедергі жасамау к/к.

  Қалып құрылысын алаңына  дайын элементтер ж/е қалып  арматура блоктар түрінде жеткізілуі  к/к.

  Қалып оған әрекет ететін негізгі күштерді есепке алу мен есептеледі:бетон қоспасымен арматура массасы, қалып ж/е ағаштардың өз салмағы, қалып ж/е төселерде істейтін адамдар, механизмдер массалары, жел дірілдеу ж/е бетон қоспасының бүйір қысымының әсері.

   Қолданудың қайталау белгісі бойынша қалыптар инвентарлы ж/е тұрақтыға бөлінеді. Сонымен құрылымды ерекшеліктеріне ж/е атқаратын міндеттеріне байланысты инвентралды қалып жинамалы ауыстырмалы ж/е жылжымалы болуы мүмкін.

  Қалып жасау үшін  қолданатын материалдар бойынша  олар металл, ағаш, ағаш-металл, темірбетон, армоцемент ж/ синтез н/е резеңкелерден матадан жасалған иневматикалыққа бөлінеді.

   Ең ұтымдысы жүк көтеретін ж/е тіреуіш элементтері металл, бетонмен жанасатын тақтай ретінде кесілген ағаш материалдар суға төзімді фанера, пластитан жасалған құрастырмалы құралымдар болады.

   Ағаш қалып тақтай, фанера ағаш жаңалы ж\е ағаш талшықтары тақталардан жасалады. Сонымен бетонға тікелей жанасып тұратын қалып тақталарының ені 150 мм артық болмау керек. Инвентарлы қалып жасау үшін қолданатын ағаш жаңқалы ж\е ағаш талшықты тақталар суға төзімді болу керек.

    Кесілген ағаш материалынан қалып жасау үшін жапырақты ж\е қалқан жапырақты ағаш тұқымын пайдаланады. Жүк көтеретін қаңқалар жасау үшін әдетте дымқылдығы 15%, ал басқаларға 25% артық емс қылқан жапырақты ағаштар қолданады.

   Металл қалып қалыңдығы  1,3-2 ммболат табақ ж\е прокат  пішіндерінен жасалады.

  Темірбетон қалып өзімен  жоба қалпына алдын-ала орнатылатын  ж\е жасалатын құрылымның жағы  болатын темірбетон тақталардан  тұрады.

    Армоцементті қалып сым термин арматураланған уақ түйіршікті бетоннан дайындалатын, қалыңдығы 15-20 мм ярмоцементті тақталар түрінде қолданады.

  Синтетикалық материалдардан  жасалған қалып қатты қатты  материалдпрдан дайындалады. Арматураланған  әйнек пластик ж\е полипропилен, эпоурсит шайырынан жаслған қатты ж\е резеңкеленген матадан жасалған иілгіш материалдар кең таралуда.

   Палуба төсемдер ж\е жабын қалыбы ағаш шеберлерін есептегенде адамдар ж\е көлік құралдар салмағы25 Мпа тең алынады, ағаш шеңберлер тірейтін түзілістерді есептегенде 15 Мпа ж\е ағаштар тіреуін есептегенде 10 Мпа.  Бетон қоспа массасы 250 Мпа тең алынады.

  Бетон қоспасының  қалып қабырғаларындағы бүйір  керуі Р СНап Н-15-76 сәйкес алынады.

                                 

P= yh, Мпа

 Бұл ішкі дірілтеткішпен  тығыздағанда төселетін қоспаның  қабат биіктігі h,m, оның қозғалту  радиусының R,m аз немесе тең болса  ж\е бетондау жылдамдығы V > 0,5  м/сағ болса, мұнда ɤ қоспасының көлемдік массасы, h>1 м ж/е v>болғанда

                                        P=ɤ(027V+078) K МПа <

 Мұндағы:  қоспаның жылдамдығына байланысты коэффицент (конус отыруы 0-2 см

                          бетондар үшін 0,8 тең конус отыруы 4-6см Место для формулы.қоспалар

                         үшін 1,0 тең ж/е конус отыруы 6-12 см бетондар үшін тең);

                     бетон қоспасын температура әсерінен есепке алатын коэффицент

                               (температурасы 5-7˚С қоспалар үшін 1,5 тең, 12-17˚С 1,0 ж/е 28-32˚С

                        =0,85)

 

           Бетон қоспасын түсіргендегі шайқалу жүктемелігі

   

Қоспаны төсеу тәсілі

Көлденең жүктемелік,

Мпа

1

2

Науа мен пілтұмсық арқылы және бетон      құбырынан түсіру

40

Сыйымдылығы 0,2 ден 0,8 дейін   қауғалардан түсіру

40

Осындай сыйымдылығы 0,8 артық

50


 

 

 

Ал сыртқы дірілдеткіштермен  тығыздағанда V>45 ж\е h<2R болса 

                                           

                                         P=yh

                                V>45 ж \е  h<2R

                              P=y(027V+078)

      Жел жүктемелері   СНиГП 11-6-74 сәйкес алынды. 6,5 кестедегі  мәліметтер бойынша есепке алынды.

    Барлық мөлшерленген  жүктемелерді есенпке алғанда артық салмақ коэффицентті енгізіледі.

   Қалыпты орнатуды ж/е  ажыратуды темірбетон жұмыстарын  механикаландыру тәсілімен тасқынды  өндіру графигіне сәйкес жасау  керек.

 

                            Қалыпты артық салмақ коэффиценттері

 Мөлшерленген жүктемелер

Артық салмақ коэффиценттері

Қалып ж/е ағаштар массасы 

1,1

Адамдар және көлік құралдары қозғалысының жүктемелерінен

1,3

Бетон және арматура массасы

1,2

Бетон қоспасының бүйір керуі

1,3

Бетон қоспасының түсіргендегі шайқалудың динамикалық жүктемелері

1,3


 

 

 

            1.4 Қалыптардың түрлері

 

        Қалыптарды бетондалатын құралымдар типіне ж/е жұмыс өндірісінің қабылданған технологиясына байланысты функционалді міндеті бойынша жіктеледі. Осыған сәйкес қалыптардың келесі типтерін айырылып таниды.

   Жинамалы- ауыстырмалы қалып  дайынинвентралы қалқандардың бекіту  тіреуіш элементтерінен тұрады. Қалыптың осы типі құрылыста  жиі қолданылады ж/е ауыспалы  н/е қайталатын өлшемдері бар  әр түрлі тұтас құймалы құралымдар  тұрғызу үшін пайдаланылады.Бетон ажыратуға мүмкіншілік беретін беріктікке жеткен соң қалып элементтері бөлшектеніп жаңа орынға ауыстырылады. Жиналмалы ауыстырмалы қалыптың элементтерінен жеке элементтерге бөлшектемей кранмен жинақталып ж/е ажыратылатын ірі панельдер мен блоктар жасауға болады.

     Көтермелі – ауыстырмалы қалып қалқан, арнайы бекіткіш ж/е көтеру тетіктерінен тұрады ж/е ауыспалы қалыңдығы бар қабырғалы темірбетон ғимараттарын тұрғызу үшін қолданылады.

  Жылжымалы қалып домкрат  рамаларына бекітілген қалқандардан жұмыс еденінен, домкраттардан, жетекші станциядан ж/е басқада  элементтерден жиналады.  Қалыптың бұл типі темірбетонды үймереттердің тік элементтерін ж/е біршама үлкен биік ғимараттарды тұрғызғанда қолданылады.

     Көлденең ауыспалы қалып қаңқадан ж/е бетондайтын ғимараттың бет алысымен ауысатын арба н/е табанға орнатылған қалып қалқандарынан тұрады ж/е ашық тәсілмен тұрғызатын тірек қабырғасы, коллекторлары ауа жүргізгіштер типі құралымдарды бетондау үшін қолданылады.

      Блок-форма қалқандар ж/е бекіткіштерден тұратын ірі габаритті кеңістік қаңқалы құралым болады, ол ростверк сатылы фундамент, типі бір шама аз көлемді бекітілуі құралымдарды бетондау үшін қолданады.  Қалыптың осы типі құралымның ерекшелігі оны жинақтау кранмен тұтас орнату мүмкіншілігі болады.

    Алынбайтын қалыптың элементтері құралымдарды бетондау аяқталған соң сонда қалдырылады ж/е кейбір жағдайда су айырғыш жылу сақтағыш, қаптау міндеттерін орындайды ж/е ол тоқымалы тор,металл, пласмасса, армоцемент әйнек цемент, темірбетоннан жасалады.

     Пневматикалық қалыптың ғимарат пішініне сәйкес иілгіш ауа өткізбейтін қабақ пішіні болады. Оны жұмыс қалпына орнатып бетонмен толтырады, сонан соң оның ішінде ауа н/е газдың артық қысымын жасау арқылы жоба қалпына көтереді.

  Бірнеше рет пайдаланылған қалыптың толық құны мына формуламен анықталады

                        =C+(n-1)a C

    Мұндағы: С- қалыптың  алғашқы құны,тт

                         П-қалыптың айналымдылығы

                         А-тозу коэффиценті,ал әр айналымның құны мынаған тең

                    -C[(1-a/n+a]

 

 

 

  1.5 Құрылымдарды арматуралау

 

    Тұтас құймалы құрылыстың артықшылығына көбінесе құралымдарды орынды арматуралау себепші болады. Тұтас құймалы темірбетон құралымдары үшін арматура типі осы құрылымдардың жұмыс ерекшелігін олардың өлшемдері мен пішінін үйлесімін, жұмыстардың технологиясы мен ұйымдастыруын еске алып таңдалады. Арматуралар әдісін белгілегенде арматуралық толтыру құруының технологиялығы еске алынады, ол еңбек шағындарын, механикаландырылған еңбектің  мөлшерін жұмыстарды орындау өнімділігін анықтайды.

    Темірбетон құралымдарын жасау еңбек сыйымдылығы ж/е үнемділігі көбінесе құралымдарды арматуралау бойынша қабылданған шешімдерге байланысты,құрылымдарды арматуралау жұмыстардың жалпы циклінде 17-30% құнынан ж/е 15-25% еңбек  сыйымдылығынан тұрады.

     Арматура ретінде болат ж/е пласмасса, әйнек базальт ж/е органикалық материалдардың талшықтары пайдаланылады.

   Арматура жұмыстары екі негізгі процестерден тұрады: арматура бұйымдарын жасау ж/е оларды бетондалатын құрылымның қалпына орнату.

   Арматура бұйымдары дағдыдағыдай арматура-пісіру зауыттарында әлде құрылыс индустриясы кәсіпорындарының цехтарында жасалады, онда жасау процестері барынша  механикаландырылған болады.

     Арматура объектіге жұмыс сызбалары бойынша дайындалған  арматуралық  бұйымдар түрінде жеткізіледі.

    Дайындалған жерден орнату жеріне дейін арматураны тасымалдау, оның білуіне ж/е деформация алуына мүмкіндік болмайтын тәсілдерді қолданып орындау к/к.

   Арматура бұйымдарын жасау операциялары арматуралық болатты тасымалдау, түзету, тазарту ж/е кесу, шыбықтарды бүгу тор жҺе қаңқалар пісіру, оларды бүгу, кеңестік қаңқаларын құрастыру ж/е қоймаға дайын бұйымдарды тасымалдаудан тұрады.

   Маңызы бойынша жинақтау-орнату процестерінің технологиясы ширатылған ж/е ширатылмаған арматураға әр түрлі болады.

  Дағдылы ж/е ширату-арматураланған  құралымдарды ширатылмаған арматураны  құралым бетондауы аяқталып ж/е  бетон қажетті беріктікті алған  соң орнатады. Бұл үшін арматураны бетонда  қалдырылған өңешке кіргізеді,  сосын жирату жасайды, арматура элементтерінің ұштарын бекітеді ж/е өңештерді бітейді.

   Арматуралық бұйымдарды тасымалдау үшін көлік құралдарын таңдау құрылыс жағдайы, тасымалдау қашықтығы арматуралық түзілістердің массасы ж/е шамаларына байланысты өндіріледі. Арматураны әдетте вагонетка платформа, жүк автомобильдер темір жол платформаларымен тасымалдайды. Арматураны арту ж/е түсіру кранмен жүзеге асырылады. Сонымен қаңқаларды алдын ала қызыл бояумен белгіленген жобада көрсетілген түйіндерден стропылау к/к.

    Арматура жинақтауын мамандандырылған арматурашылар звенолар жүргізеді. Звенолар құрамы ж/е саны жинақталатын арматура түрі ж/е жұмыстар көлемімен анықталады. Тым ауыр элементтер кран арқылы жинақталады.

 

              1.6 Арматура болаттарының жіктелуі

 

  Арматура болат механикалық қасиеттеріне (беріктік шегі ж/е аққыштық шегі) байланысты төрт негізгі класстарға А-1 , А-ǀǀ, А-ǀǀǀ, А-ǀV, жатқызуға болады. Арматура болатты өнеркәсіп диаметрі 3-90мм дейін шығарады. Жасау технологиясына байланысты арматурра болатты ыстықтай прокатпен алынатын шыбықты ж/е сұйық күйінде созумен жасалатын сымға бөлінеді.

    Шыбықты арматура жатық ж/е өзгермелі пішінді жасалады. Өзгермелі пішінді ыстықтай жұқартып жасалған болаттың бетіне арматура мен бетонның жақсы тұтасуын қамтамасыз ететін екі бойлай жуандау ж/е көлденең бұранда тәрізді шошақтар болады.

    Суық таратылған сым арматурасы арматура үшін (диаметрі 3-8мм класы В-1)ж/е жоғары берік ширатылатын арматура (диаметрі 3-8мм класы Вр-2) үшін шығарылады. Арматуралық сым ж/е өзгермелі пішінді болып жасалады (диаметрі 3-8мм класы Вр-2)

   Өзгермелі пішінді сымның класын белгілегенде В (волочения-созылған) көрсеткішіне қосылған «Р» (рефления- кедір бұдырланған)деген мағынаны көрсетеді. Болат маркасы оның химиялық құрамына байланысты белгіленеді. Мысалы, болат құрамына кіретін ьеталдарды әріптермен белгілейді.

   С-кремний, Г-марганец, Т-титан, Болат23х2Г2Ц маркасында бірінші цифрлар пайыздың жүзінші үлесімен көміртек мөлшерін көрсетеді; әріптерден кейінгі цифрлары тиісті элементтің  мөлшерін белгілейді (цифр жоқ болса оның мөлшері 1,0%аспайды).

     Арматуралық болат құрылыс алаңына жеке шыбық н/е оралма түрінде ірілендірілген құралымдық элементтер, дайын оралмалы ж/е жазық дәнекер торлары түрінде түседі.

   Алайда болат куәлікке сәйкес қабылданады,онда даярлаушы зауыттың аты, болат маркасы, балқыту нөмері болаттың химиялық құрамы мен механикалық сипаттамасы көрсетілуі к/к.

   Арматура болаттарының беріктік шегі жоғарылаған сайын оның шығыны азаяды, бұл темірбетонды арзандатуға ж/е болатты үнемдеуге жеткізеді.

   Осы мақсатпен ыстық таптан жасалған арматура болатты суық өңдеуге салады-тарту, суықтай сопайту ж/е күшпен калибрлеу. Сонымен тойтарту құбылыс нәтижесінде металдың  аққыштық шегі көтеріледі.

    Тарту диаметрі 10мм дейін сымды нығайтуға қолданады. Процесс шығатын бөлігі кірістен кіші конус тәрізді болат тақтасында жасалған тесіктерден тартудан тұрады . Сонымен болат беріктігі 20-25% көтеріледі. Тартудан өткен болат сымды сұйықтай тартылған деп атайды.

       Суықтай сопайту үшін дөңгелек болатты арнайы станоктық белдік жүйесінен өткізеді. Осының нәтижесінде болаттың бетінде екі өзара перпендикулярлы жазықтықтарда жатқан іздер пайда болады. Сонымен арматура аққыштық шегі30-40% көтеріледі.

     Арматура  болатын күшпен калибрлеу, оның арнайы қондырғыда созудан тұрады, содан кейін 4-8%созылады. Күшпен калибрлеу диаметрі 6-12мм арматура үшін қолданады ж/е оның аққыштық шегі 20-25% жоғарылайды.

 

                 

 

 

                   .Сурет 1.3. Арматура болатын нығайту.

 

                                     А- тартумен

                                     Б- Суықтай сопайтумен

 

      

 

 

 

 

              1.7  БЕТОН ҚОСПАСЫНЫҢ  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

 

         Бетон   қоспасы  деп дұрыс таңдап  алынған, біркелкі  күйге дейін араластырылған, байланыстырылған материал, толтырғышта, су  және  қажетті жағдайлардан  тұратын, әлі қатпаған  қоспаны, ал  төселген  және  қалыпталған бетон қоспаны бетон деп атайды.

Бетондаудың кешенді процесінің мағынасы мен құрылымы