Буддизм діні және оның саясаты

                                                  Кіріспе

Әлемдік діндер - қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету: а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед); в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою, мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен, соның ішінде, "өркениеттік" індеттермен - СПИД-пен, наркоманиямен, алкоголизммен, токсикоманиямен және т.б. күресу) бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары әткізіліп отырылуы керек. Жаңғыртылған иудаизм өкілдері иудаизмді, "Кришна санасының қоғамы" - өз жақтаушыларын, ал "Вера бахай" шіркеуінің өкілдері - өздерінің діндестерін әлемдік діндер қатарына жатқы- зады. Алайда, жоғарыда аталған үш ірі әлемдік діндердің қызметкерлері, діндарлары бүл қозғалыстардың әлемдік дін дәрежесін мойындаудан бас тартады.

Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң  бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.

Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе  және дiннен бас тартар болса, қоғам  зандылықтары бұзылып, дүние ойран  болады. Ислам философиясы – дiн  адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, – дейді мамандар.

Діннің  құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек», – деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Әлемдік діндердің мәні мен шығу тарихын да осы тұрғыда саралаған жөн. 

                           2.1. Буддизм діні және оның саясаты

Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам үстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар.Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен қүтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен қүтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:

  1. өмір - азап;
  2. азап нәпсіден туады;
  3. нәпсіні ауыздықтаса, азаптан қүтылады;
  4. нәпсіден қүтылудың төрт сатысы бар:
    1. жүректің оянуы;
    2. ниет, ақыл, ойды түзету;
    3. мінез-қүлықты түзету;
    4. адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаб- батқа жету (аһимса - адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бірі көрінісі).

Аһимсаны  жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан қүтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - қүтқару- шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол ваджраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бүл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақ- саттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм неме- се метабуддизмнің бірқатар жаңа ба- ғыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда үйымдары Азия елдерінде эр түрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, үлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува АССР-лерінде түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын қүтқарудың қамын ойлауы керек. Бүл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің қүрылуына эсер етті. Бүлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. қүрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.

                           Буддизм және саясат

Бір- біріне белгілі бір қатынастағы әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін  анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды ережесі түрмыс пен азап шегуді үқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм адамды өзі туған, өмір сүріп отырған әлеуметтік шындықтан алшақтатуға тырысады. Осы орайда, буддизмде әлеуметтік док- тринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады 
 

2.2. Ислам діні және  оның тарихы, негізгі кағидалары мен әдет-ғұрпы.                              

                                                       Құран

  Ислам (арабтың – Аллаға тәуап ету, мойынсұну  сөзі) – әлемдік діндердің бірі. ҮІІ ғасырда таптық араб мемлекеттері орныға бастаған тұста Батыс Аравияда пайда болған. Исламның діни уағыздары  Құранда баяндалады. Бұл кітап Жаратушы Алладан Мұхаммед пайғамбарға түскен. Исламның негізгі ұстанған жолы – жалғыз құдайды – Алланы ғана мойындау.

  Ислам ақиқат және ең ақырғы дін. Қазақ өзін «мұсылманмын» деп санағанымен, исламнан бұрынғы діндердің де дәстүрлерін  ұстанады.

  Қазақтар  әулие-әнбиелердің бейiттерiне барады, құран оқиды, сыйынады. Қиын жағдайға душар болғанда, әулиелердің мазарына барып құрбандық шалып, көмек  сұрап жалбарынады. Мұндай қасиетті жерлер Қазақстанда көп. Халық оларға қазір де сенеді. Атақтысы – Қожа Ахмет Яссауидың кесенесі, ел аузында «Мәдинеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» деген сөз бекер сақталмаған.

  Түркістанда Арыстан бабтың кесенесі бар. Арыстан  баб – Қожа Ахмет Яссауидың  рухани ұстазы болған. «Түркiстанда –  түмен Баб, ең үлкенi – Арыс-тан Баб» деген де сөз бар. Ақтау қаласынан үш жүз шақырымдай жерде Бекет ата мазары, Қызылордада Оқшы ата мазары орналасқан.

  Қазақтарда  жиi айтылатын сөз – «Құдай». Түркітілдес  халықтар ислам пайда болғанға дейін  Алланы «Құдай» деп атаған. Б.э.д. ІІІ ғасырда пайда болған зороастризм дінінің «Авеста» кітабында осы сөз жазылған. Зерттеушi С.И.Оспановтың айтуынша, «Авестаның» тілі – көне түркi тiл. «Құдай» сөзі екi түркi сөзінен: «Құт(ты)» және «ай»-дан құралады. «Байлық, бақыт, аманшылық беретін – ай» деген мағынаны бiлдiредi. Айды сол замандарда құдайдың деңгейiне дейiн көтерген.

  Зороастризм – исламнан бұрын пайда болған дін. Қазақтар күн мен айды қастерлеген. Ай туғанда, ата-бабаларымыз алақанын жайып: “Ескi айда есiрке, жаңа айда жарылқа” деп тілек тілеген.

  Байырғы түріктердің жын-шайтан туралы да түсініктері болған. Жындарды: албасты, қарабасты, т.б. деп атаған. Түсініктерінде жындардың жаманы, жақсысы болған. Жаманы адамды ауруға ұшыратқан. Шайтанды түркілер «эрлік» деп атаған.

  Қазақстанға христиан дінін орнатпаққа Рим папасы өз тыңшыларын жiберген. ХІІІ ғ. екінші жартысында Марко Поло атты италияндық саяхатшысы қазақ даласына арнайы миссионерлік мақсатпен келген. Алайда көшпелі өмір салты қалыптасқан қазақ үшін шіркеу, костел, сурет сияқты христиандық ұғымдар қабылданбады.

  Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүр, мәдениетіне  берік болды. Қожа Ахмет Яссауи исламды  өз реформасымен халыққа жақын, әрі  түсiнiктi етіп ыңғайластырғаннан кейін  ғана ислам діні қазаққа тарай  бастады. Нәтижесінде шариғат заңдары  исламға дейiнгi діндердің ырымдарымен араласты. Мысалы ортодоксальды мұсылмандар жылқы етін жемеген, қазақтар керісінше оны Алланың атына құрбандыққа да шалған. Өйткені Қожа Ахмет Яссауидың реформасы бұған рұқсат берген. Бірақ Алланы жан дүниемен сүюге шақырған.

  Сөйтіп, Қожа Ахмет Яссауи көшпелілерге ислам-ның кейбір қатал шарттарын үйлестірді. Қожа Ахмет Яссауи құранның кейбір уағыздарын, Мұхаммед (с.ғ.у.) пайғамбардың өсиеттерін орындамаған молдалар, имандарды, басшыларды (сұлтандар, әмiрлер), таразыдан жеген саудагерлерді, ар-ұждансыз әйелдерді сынап, дұрыс жолға бағыттап отырған. Осы қадамдар ислам дінінің көшпелі халық жүрегінен ойып орын алуына ықпал етті.

  Ислам 714 ж. Сайрам (Испиджаб), Яссы (Түркiстан) аудандарын, Сырдария өзенiн бойлай отырықшы халыққа кең тарала бастады. Бұл жерде Үзген, Жент, Жұбан-ана, Саудакент, Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар сияқты қалалар орналасқан.

                                        Тарихы

Ислам діні жазирату-л-араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде дүниеге келді. Мұсылмандар Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш тайпасынан шыққан Абдуллаһ ұлы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға Алла тағала қасиетті уахи етті деп санайды.

Мұсылмандар жаңа дін жаратылғаннан аз жылдардан соң Араб түбегінен шағындап шығып, осы күнгі Сүрия, Паластин, Ирақ жеріне жетті, Исләмды ту еткен араб қосындарының бір бөлігі Қызыл теңізден өтіп Мысырға табан тіреді, соңыра әрі қарай қазіргі Мағриб араб елдеріне де байрағын желбіретті. Либия, Тунисия, Әлжезаир, Мағрибия (Марокко) исләмге мойынсұнды.

711 ж.ы мағрибтық мұсылмандар жаңа дінді жалау етіп Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі бөліп жатқан Жебелі-Тарық бұғазынан өтіп, Андалусияға (Испанияға) аяқ басты. Олар сондай-ақ Испания мен Франция арасындағы Пиреней тауларына да жетті. Кейінірек Ислам діні Солтүстік Африка ғана емес, Орталық Африканың да біраз жерлері мен елдеріне тарады.

Араб  жасақтары тек Батысқа ғана емес, сондай-ақ осы күнгі Кіші Азия мен Кавказ тауларына да ат басын бұрды. Бірте-бірте жаңа дін Мауараннаһр деп аталған Орта Азиядағы түркілер өлкесіне де жетті. Бұқар мен Самарқан, Шаш (Ташкент) пен Отырар, Хорезм өлкесі де исләмды қабылдады.

Сөйтіп  Ислам діні IX —X] ғасырлары сұнниттік  бағытта бірте-бірте түркілер әлемінде де нығая бастады. Әйтсе де қазақ жеріне түгел тарап, біржола орнығуына әлі де біраз уақыт қажет еді. Мұхамед Пайғамбар 40 жасында пайғамбар болады. Ол әділ адал болады

Негізгі қағидалары

Исламда бес парыз бар:

  1. Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед (с.ғ.с) (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беру;
  2. Бес уақыт намаз оқу;
  3. Зекет беру;
  4. Шамасы жетсе, қажылыққа бару;
  5. Рамазан айы бойы ораза тұту;

Ол парыздар мұсылманның мойнына бойжеткеннен бастап жүктеледі.

                                   Ислам дінінің әдет-ғұрпы

Ислам дініне дейінгі діндерден алынған, ислам дінінде оларға жаңа әлеуметтік сипат және мән берілген. Құдайға құлшылық ету табыну ислам дінінде 2 бөлімнен тұрады: 1. Міндетті түрде орындауға тиісті шаралар: бұған бес парыз (иман, бес уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару) жатады. Шариғат бойынша бұл парыздарды мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша «құдай-тағаланың әмірін орындап, құлшылық еткендер», яғни намаз оықп, ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер ғана «жұмақтың» тәрінен орын алады да, ал оларды орындамағандар «тозаққа» барады. Дін иелері, молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап етеді. 2. Ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мұстахб, Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі қазақтан арасында тарамаған.

                                         Құрбан шалу

Құрбан  шалушылық араб тайпаларының алғашқы  діни ғұрыптарынан алынған. Ерте кезде  олар Меккеге келіп, Кааба құрбандық  жасаған құдайларынан малдарын аман сақтауды, төлін көбейтуді, егін шығымын жақсартуды сұраған. Кейін келе осы ғұрып жаңа мағынаға ие болды да, Ибрагим пайғамбардың жалғыз баласы Исмаилды алла жолына шалмақ болыпты-мыс деген аңызбен ұштасады. Құрбанның мөлшері әртүрлі. Мысалы, бір адамға ұсық мал, 7 адамға сиры, 9 адамға түйе шалуға рұқсат етіледі. Құрбандық малы жоқтарға – тауық-қаз союға, оларда болмаса ақшалай құдайы беруге рұқсат етіледі. Құрбандыққа тек аша тұяқ малдар сойылған. Құрбандыққа шалынған мал «О дүниеге барғанда қыяметтің қыл көпірінен қиып өтетін пыраққа айналады-мыс. Ал күнәсі көп адамдар қыяметтің қыл көпірінен өте алмай – тозақ отына жанады-мыс».

                                            Сүннет

Сүннет  екі түрлі.

  1. Намазға байланысты орындалады. Өйткені шариғат бойынша намаз парыздан және сүнеттен тұрады. Сүниттер екеуін де оқиды, ал шиитер сүнетін оқымайды.
  2. Сүнеттің екінші түрі – балаларды сүндетке отырғызу. Молдалар бұл ғұрыпты Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар өсиет еткен дейді. Баланы сүндетке отырғызуды алғаш рет діни кәдеге еврейлер айналдырған. Содан кейін ол ислам дінінен орын тепкен, жаңа мазмұн алған. Яғни сүндетке отырғызу дінге сенушіліктің сырт көрінісі мен мұсылмандарды басқа діндегілерден оқшаулайтын және дәріптейтін құралға айналды.

                                Ислам мейрамдары

Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Оларды дерлік барлығы, оның әдет-ғұрыптары  және догмаларымен тығыз байланысты. Солардың ішіндегі кең тарағаны ораза  мен құрбан айттары. Бұл айттардың  алғашқы түрлері ислам дінінен  көп жылдар бұрын пайда болған және ораза ұстау мен құрбан шалу әдет-ғұрыптарына байланысты орындалып отырған. Ислам дінінде ораза және құрбан мейрамдары жаңа мәнге иен болды. Ораза мейрамы ораза біткеннен соң Рамаза айынан кейінгі Шаввал айының бірінші күні басталатын ауыз ашу (айт) мейрамы. Бұл мейрам кезінде мұсылманда ислам дінінің талаптарын толық орындауы тиіс. Кімде-кім ораза ережесін бұзса немесе ораза ұстамаса, ол күнәлары үшін айып тартуы – пітір-садақа беруі тиіс. Құрбан мейрамы ораза мейрамынан кейін 70 күн өткеннен соң жасалады. Айт мейрамы күндерінде дінге сенушілердің іс-әрекеті тек дін жолымен ғана өлшенетін өмір нормаларының орындалатынын баса айтамыз. Себебі – догма бойынша бұл күндері әр адам өз бойындағы күналарынан арылу үшін құрбан шалуға тиісті. Ислам діні тараған кездерде шариғатқа сүйеніп істелетін халық арасына сіңісті болып кеткен ескілікті әдет-ғұрыптардың басқа да түрлері бар. Мысалы, жеке адам өміріне байланысты орындалатын жанұя тұрғысынан алынған бала туу, үйлену, өлім және т.б. құбылыстарымен байланысты мейрамдар мен қайғылы-қаралы күндерді өткізу дәстүрлері. Әулиелер аруағына табыну өте көне әдет-ғұрыптардың бірі. Бұл мәселенің де әлеуметтік мазмұны, саяси бағытының болғаны мәлім. Себебі, мұсылмандық әулиелер қатарына халифтер, сұлтандар, хандар мен билер, яғни өмірдегі алған орнын ол өлгеннен кейін де дәл айқындығынан айырамыз. Сол үшін олардың табытын сақтайтын күмбездер, мазарлар, табыттар ислам діні тараған барлық жерлерде орын алды десек, қазіргі Қазақстан территориясында оның мәні мазмұн-мақсаты өте жоғары. Мысалы – Қазақстан жеріндегі ерте дәуірдегі ірі қалалар Тараз, Сайрам, Түркістан т.б. көптеп саналатын әулие жерлер мен орындардың өзі осы ойымыздың айғағы деп түсуініміз керек. Сонымен бірге, ислам дінінің алғашқы шаққан уақытынан бастап-ақ, оны қостаушылардың және қарсы жақ өкілдерінің арасында түсініспеушіліктер болғанына тарихтың өзі куә. Соның нәтижесінде ерестік, еркін ойлық пікірлердің қалыптасуы, әлеуметтік-саяси қайшылықтардың шығуы, ресми, табиғи ислам дінінің сунизм және шиизм сияқты екі бағыттың дүниеге келуін, ықпал үшін күрестің әсері деп білуіміз керек. Сунизм – қоғам дамуының талаптарына байланысты үстем тап қажетін өтеуге құрандағы догмалар жеткіліксіз болды. Сондықтан, заман ағысына қарай адамдардың өзара қатыынасын, халифтің ірі феодалдардың ісін растайтын Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың тірі кезінде айтқан сөздері, жарлықтары, істеген істері, дағдылары туралы қасиетті аңыздар деген хадистер жинағы есунна шықты. Сунна жекелеген топтардың үстем таптардың мүдделерін қорғауға айналады. Біріне-бірі қайшы келетін хадистердің көбеюі оларды ретке келтіріп, жинақтауды қажет етті. Оныі ішінде бізге белгілі алты сүнну жинағы, осы күнге дейін қадірлі деп саналатыны Бұхари Имам құрастырған жинақ «ас-Сахих». Сөйтіп, сүннәні құранмен бірдей мойындаған көпшілік мұсфлмандар ахль-ас сүннә яғни сүниттер деп атады. Шиизм (арабтың ши,-партия, топ деген сөз) ислам дінінің алғашқы уақытында ортодоксальды сүннизм бағытына қарсы шыққан діни бағыт. Алғашқы шиизм партиясының, тобының өкідері төртінші халиф Әлидің (Ғалидің) маңайына жиналды. Шиналар сүннәні мойындағанымен құранмен қатар өздерінің аңыздар жинағы хабарды пайдаланды. Құранға екі «Нұр» дейтін сүре қосты. Ол екі Нұры – Мұхаммед (с.ғ.с) пен Әли. Шиналар қазір Иранда, Иракта, Йеменде, Кенияда, Азербайжанда кездеседі. Сопылық (дәруіштік) – Ислам дінінің алғышқы жылдары пайда болған аскеттік ағым ретінде IX ғасырда пайда болды. Дегенмен бұл бағыттың алғашқы көріністері араб қоғамында VIII ғасырдың өзінде-ақ кездесетін. Ал кейіннен аскеттер киетін күн шанның «Сүфи», одан «софылық» деген атына байланысты ол сопылық деп аталды. Олардың негізгі мақсаты – шектен шыққан кедейлік, баспанасыздық, ауыр экономикалық жағдай, қарапайым адамдардың ауыр халден шығатын жол іздеуі керек екендігін көрсетті. Ол жолды олар аскеттік өмірден көрді фатализм – тағдырға сену, бұл дүние қызығын қабылдамау, жаман киім кию - алғашқы сопылықтың әлеуметтік саяси қанауға қарсы қойғандары болды. Сопылардың фанатик-діншіл болуды үгіттеуі билік қолдарында тұрған дін иелеріне ұнады да. Кейіннен сопылар қауымы шығып, оны басқаратындарды Шейх деп атады. Беделді Шейхтар өз жандарында оқушыларды ұстайтын. Олар Мюридтер (Мұрт) деп аталатын болды. Сопылар мектебі бірнеше ағымдарға бөлінді. Орта Азия мен Қазақстанда сопфлар мектебінің Ясевизы, Нақшбандизм сияқты ағымдары орын алды. Сопылықтың ең күрделі түрі Дершивизм, диванизм түрінде қазіргі Тәжікстан аймағында көптеп кездеседі. Сопылық XI-XII ғасырларда ислам дінінің негзгі бағыттарымен тоғысып кеткенімен, өзінің дербестігін сақтап қалды. Сопылық қауым байыған Шйхтарға және бұрынғыша аскеттік өмір жасайтын, араларында арамтамақ, алдауыштарды көп дәруіштерге бөлінеді. Дегенмен, олар да феодал дана бастап, әсіресе нахшбандия ағымының ірі өкілі Ахрардан кейін Шейхтар арасынан қарамағында мыңдаған Морид-құлдары бар феодалдар шыға бастады.

                                             Құран

Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қаиметті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхамедтің (с.ғ.с) аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды. Ол қасиетті кітапта егін салған халықтардың әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар да толып жатыр. Осындайлық діни қағида, заңдармен қатар, құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы әлемнің жер үстіндегі тіршіліктің жаратылуы да көптеген жорамалдар бар. Дін құранның негізгі нұсқасы жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады дейді, Әзірейіл періште құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке (с.ғ.с) мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты, пайғамбар мұны жазып отырыпты. Құдайдың берген өмірі, өткендігі оқиғалар мен қазіргі мен болашақ оқиғалардың барлығы осы кітапта жазылған. Сол жазудың мазмұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай сөзі болғандықтан құран-өмірдің шын мәнісіндегі ережесі және кез-келген діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешбір де ешбір шек келтіруге тиіс емес, өйткені оны құдадың өзі көктен аян етіп, адамдарға сыйға тартты делінеді. Мұсылмандар құранның өзін ғана емес, мазмұнын ғана емес, әрбір әріпі мен қағазын да қасиетті санайды, құран сөзіне еш нәрсені теңімейді, құраннан асыл, онан артық бұл дүниеде ештеңе жоқ деп біледі. Құран ұстап ант береді. Бірақ қазақ арасында құраннан нанды жоғары қою дәстүрі бар. Егер нанға қолың жетпесе, құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды. Құранның 12 сүресінің 2 аятында құдай атынан: «мен оны (құранды) сендерге түсінікті болсын деп араб тілінде жібердім» делінген. Кейін ислам діні басқа елдерге тарай бастаған кезде мұсылман дін басшылары құранды бөтен тілге аударуға тыйым салады да, «құран оқу құдайға құлшылық ету араб тілінде болсын» деген тәртіб енгізеді. Мұның араб тілін білмейтін мұсылмандар арасында «құран қаисетті кітап» деген сеніп орнап, Аллаһқа сиынып, жалбарынды. Құран орта ғасырдың бас кезінде таяу шығыс елінде көптеген авторлардың көмегімен бірте-бірте жазылды. Оны жазуға, іріктеп өлшеуге, толықтырып-түсіндіруге ғасырлар бойы діншіл ұрпақтың бірнеше өкілі қатысты. Құранның соңғы түрі ислам діні шыққаннан кейін белгіленеді: Мұхамедтен (с.ғ.с) кейін болған халифтер тұсында құран жинағы болмады. Құранның ұмыт болу қаупінен сезіктенген халиф Әбу-Бекір құран үзінділерін жинақтауды әмір етті. Халиф Омардың тұсында ғана Мұхаммедтің (с.ғ.с) өсиеттерін Медина мұсылмандары жинай бастады. Олар Мұхаммедтің (с.ғ.с) ел аузында жүрген аңыздарын қағазға, тастарға, сүйектерге азылып қалған үзінділерден, ауыз-екі айтылып жүрген әңгімелерден жинап құрастырды. Бұрын Мұхаммедтің хатшысы болған Сәбит-ибн-сейт халиф Осман тұсында құранның төрт данасын құрастырып шығарды. Оның бір данасы Мединада қалдырылды да, қалғандары Куфаға, Басыраға және Дамаскіге жіберілді. Құранның басқа даналары алауыздық туғызбас үшін құртылды. Бізге жеткен сол Сәбит-ибн-сейт құрастырған жинақ, ол «Осман шығарған құран» деп те аталады. Құран тіл байлығы өте кедей ертедегі араб тайпасы Куфа тілінде, қара сөзбен жазылған. Бұл тілді білмейтіндер оның әсерлі үнінен ғана үрей көреді. Құранда барлығы 114 сүре, 6225 аят бар. әр сүредегі аят саны біркелкі емес: кіріспеден екінші сүреде 286 аят, ал 110 сүреде не бары 3 аят бар. Осы кездегі құранның өзі де әртүрлі. «Медина құранында» аяттардың саны 6000.[1] «Куфа құраны» мен үнді мұсылмандарының құранында 6232 аят бар, шиитер қолданып жүрген құранда 115 сүре бар. Сүрелер көлеміне қарай орналысқан, басында ұзақ сүрелер, одан кейін орта ақырында қысқа сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады. Бірақ біраз жағдайларда сүренің аты өз мазмұнына сәйкес келмейтіні де бар. Кейде сүре тақырыбына осы тарауда кездесетін кейбір сөздер алына салынған. Құран сүрелері мен аятары ешқандай тарихи тәртіптілік сақталған. Сонымен бірге, оларда бірімен-бірі қайшы келетін пікірлер де кездеседі. Құран аяттарынан араб жұртының бағзы бір замандарындағы тұрмыс ерекшеліктері, табиғат құбылыстарына бағынулары байқалды, құран ертегілерінің ішінде ежелгі арабтардың да, Януди дінінің де, христиан дінінің де, парсы жұртының өте көне дінінің бірі зороастризмнің де, қиял-ғажайып аңыздарының да үзінділері кездеседі. Құран мазмұнынынң төрттен біріне жуығы таурат пен інжілден алынған пайғамбарлар жайындағы аңыз – ертегілер. Бұлар – Мұса (Моисей), Жүсіп (Иосиф), Ғайса (Иисус), Жеқып (Якуб) т.б. Жоғарыда атап өткен пайғамбарларды құран «алланың әділ сөзін» адамдарға жеткізу үшін, оларды «алла тағаланың ең қалаулы діні-ислам діні» жолына түсіру үшін келген көктегі құдайдың өкілдері деп жариялайды. Ислам діні көбінесе үгіттен гөрі соғыспенен таратылып, күшпен мойындатылады да, жаппай үрей тудырып, адамның ақыл-ойын шандып, матап тастайды.

                 2.3. Христиан діні. Зороастризм және Даосизм

                                              Христиан діні

  Әлемдік діндердің бірі – христиан діні. Иса (с.ғ.)-ға түскен «Інжіл» кітабы адамдардың қолымен өзгертіліп жазылып, сол мазмұн бойынша тараған дін. Інжіл кітабының алғашқы түпнұсқасын өңдеп жазғандар: Матфей, Марка, Лука және Ионна еді. Кітаптардың түпнұсқасын жазған Павел деген апостол. Оның жазбасының 27 түрлі ерекшелігін Ионна атап көрсеткен. Діндарлардың көзқарасынша, кітаптың алғашқы түпнұсқасында әрбір әріп жоғарыдан, яғни жаратушы иеден, ал қоспа сөздерді адамдар өз қолдарымен жазды деген тұжырымдамаларды айтады. ІҮ ғасырда «Шіркеу тарихы» деген кітаптың авторы Кесарий кітапқа қосылған Ионна мен Павелдің қоспаларын атап көрсеткен.

  Әртүрлі автордың жазғанынан Евангелий қолжазбаларының  өзгергені соншалық, бір-бірінен  ажырату немесе бір-біріне қабыстыру  мүмкін емес. ІІ ғасырда-ақ христиан идеологтары  Евангелийдің түпнұсқасын немесе біркелкі мәтінін анықтауға әрекет жасады. Әртүрлі пікірталастан кейін негізгі үш мәтінді қабылдады. Олар Александриялық Гесихия, Кесарийлік Памфила, Антиохийлік Лукиана мәтіндері.

  Христиан  дінінің пайда болу кезеңі Иса (с.ғ.)-ның  туған кезінен, яғни дәуіріміздің бірінші ғасырының басынан деп белгіленеді. Бірақ оның кітабы – Інжіл бірнеше ғасыр бойы жазылып, өңделіп келді.

  Дегенмен, христиан діні – адамзат тарихындағы  ең ірі діндердің бірі. Ол Рим  империясының шығыс бөлігінде пайда  болды. Бұл кезеңде терең әлеуметтік күйзеліс империяны жайлаған еді. Күйзеліс дәстүрлі өндіріс, мемлекет, саясат, идея, сенім түрлерін ыдыратып жіберді. Мұндай дағдарысқа құлдар бұқаралық көтеріліспен жауап берді. Көтерілісшілерді басып тастауға Римнің күші жеткілікті еді. Өжеттерді жазалап, қинап, өлтіріп жатты. Ол кездегі Спартак көтерілісі де қанға боялды. Спартак көтерілісінен кейін құлдардың, езілуші таптың бостандықтан үміті үзілді. Ал, құлдардан басқа жер иеленушілер, саудагерлердің жағдайы өзгеше болды.

  Рим империясы Жерорта теңізі бойындағы елдерді өзіне бағындырып, нағыз құл иеленуші болып алған. Олардың қасиетті жерлерін талқандады, дәстүр, әдет-ғұрпын, сенімдерін қорлады.

  Римдіктер жаулап алған Шығыс халықтарының ескі тайпалық діндері, римдіктердің ұсынған  ұлттық діндері халықтың көңіліне жұбаныш  әкеле алмады. Сондықтан барлығына  түсінікті дін қажеттігі туды.

  Христиан  діні осындай кезеңде, яғни барлық езуші  таптарды біріктіру кезеңінде пайда болған дін. Оның негізгі идеялық негізін қалауда әртүрлі шығыстық діндер және әлемдегі бірқатар философиялық түсініктер әсер етті.

  Келешектің  жақсылығынан, «көктен келген құтқарушының»  шапағатынан үміттенген Рим империясының адамдары оның іздерін иудей миссиясынан, Филоней Погосынан іздеді. Осындай жайлардан Құдай-адам, яғни Исус Христос бейнесіндегі құдай пайда болып, Христостың атымен христиан діні аталды. Бұл діннің негізін салған адам туралы, оның болғаны жайлы пікірталастар, дау-дамайлар осы күнге дейін жалғасып келеді. Өмірде болғанына сенімсіздікпен қараушылар көп.

                                             ЗОРОАСТРИЗМ

  Зороастризм отқа табынушылық діні. «Зороастр» сөзінің мағынасы «зоро» – адам, «астра» – жұлдыз.

  Зороастризм діні ең алғаш протоинди ирандықтарынан шыққан. Олардың мекендеген жері Азияның кең байтақ далалары, Жайық өзенінің шығыс жағалауы. Протоинди ирандықтары Иранды жаулап алған және сонда мекендеген. Олар б.э. 3000 жыл бұрын өмір сүрген. Бұл дінді ең алғаш рет таратқан ирандық жігіт – Зороастр.

  Ол  туралы мынадай аңыз бар: 30 жасында  бір сәуле көреді, оны «уаху  мая» дейді. Қазақша аударғанда «ашық  сәуле» деп аталады. Оны құдайлардың  ең үлкені Ахурамаздаға апарады. «Ахура»  қазақ тілінде – ақылды, «мазда»  – құдай деген мағынаны береді. Ахурамазда Зороастрды өзінің елшісі етіп сайлайды. Содан Зороастр Ахурамазданың ең жоғарғы құдай екенін сезіп, әділетті, мейірімді Жаратушы құдай деп дәріптейді. Ахурамаздаға қарайтын 3 құдай бар:

  1. Митру құдайы. Міндеті: жарату.

  2. Анахиту – су құдайы.

  3. Варуну – соғыс және жеңіс  құдайы.

  Бұларға қарсы Ақырман – зұлымдық құдайы. Кезінде қазақтар балаларын «Ақырман келеді» деп қорқытқан.

  Зороастр  дініндегілер күнделікті дәрет алып, 6 рет жуынады. Бұған қоса құммен тазаланады. Бұл тазалықтары 2 аптаға жетеді.

  Құммен  тазалану рәсімі: құмға дәрет сындырып, оны араластырып сүртінеді. Тазаланып  болған соң жанына итті қойып іштей  ғаттаны оқиды. Итті қазақтар сияқты қасиетті жануар санаған.

  Қатаң тәртіптері бар: құмырсқаны, жыланды, осыларға ұқсас жәндіктерді ұстауға болмайды. Ұстау – күнә. Осымен қатар ет жеуге, жаңбырлы күні далаға шығуға болмайды, себебі жерді кірлетеміз дейді.

Буддизм діні және оның саясаты