Бюджет деңгейлері арасында түсімдердің қалыптасу
1.2.Бюджет деңгейлері арасында түсімдердің қалыптасу көздері.
Бюджеттік кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген.
Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады.
Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.
Негізгі
капиталды сатудан түсетін
Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Бюджеттің
шығындары қайтарылмайтын негізде
бөлінетін бюджеттік
Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар.
Қаржылық активтерді сатып алу - заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Қарыздарды
өтеу - қазақстан Республикасы ратификациялаған
мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы,
сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық
келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты
өтеуге бағытталған бюджеттік
Таза бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рэсімдерін кіріктіретін үдеріс. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.
Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады.
Қаржылық активтермен операциялар:
қаржылық активтерді сатып алуды;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.Қаржылық активтер мен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржылық активтерді сатып алу және мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және кажылық активтермен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджеттік қаражаттар калдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу соіуасынан асып түсуі ретінде айқындалады.
Фюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.
Бюджет профицитін пайдалану қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты бос қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді. Республикалық бюджеттің мұнайга қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.
Мемлекеттік бюжеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы көзделді.
Үкімет пен жергілікті атқарушы орғандардың резевтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында щұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Бұл резервтер: төтенше резервті, шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар кала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтерді кіріктіреді.
Үкімет резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.
Жергілікті атқарушы орған резервінің жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. Төтениіе резерв Қазақстан аумағындағы табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою максатында пайдапанылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві Қазақстанның басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетілуіне де пайдапанылуы мүмкін. Шүғыл шығындарга арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік- аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына катертөндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарга арналған резерві, сондай-ак оның шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін. Соттардық иіешімдері бойынша міндеттемелерді орындауга арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемелекеттік орғандардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы орғандардың міндеттемелерін орындауга пайдаланылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орған қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орған резервтерінің мөлшерін үлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы орғанның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы орғандардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік бюджеттің кірістерінде шамамен 70% салықтық түсімдер болып табылады. Салықтық түсімдердің ең үлкен үлесі республикалық мониторинг жүргізуге жататын 300 ірі кәсіпорынды қамтитын ұйымдарға келеді. 2008-2010 жылдар кезеңінде кәсіпорындар бойынша республикалық мониторинг жүргізуге жататын салықтық түсімдер 19,6% артты.
2008-2010
жылдары басқа төлеушілер
Диаграммада
көрінгендей 2009 жылы салықтық түсімдердің
құлдырауы орын алды, ол корпоративтік
табыс салығы бойынша 30%-дан 20%-ға дейін
және қосылған құн салығы бойынша 13%-дан
12%-ға дейін ставкалардың төмендеуімен,
аванстық төлемдерді төлейтін (төлемдер
жылдық декларация қорытындылары бойынша
жүргізіледі) кәсіпорындардың корпоративтік
табыс салығын төлеу мерзімінің өзгеруімен
және ҚҚС бойынша салықтық кезеңнің ай
сайынғыдан тоқсанға өзгертілуімен түсіндіріледі.
Динамикада
көрініп отырғандай 2001-2010 жылдардағы
кезеңде ҚҚС бойынша түсімдер 4,2 артылды.
2009 жылы ҚҚС төмендеуі күрт азайды, ол
бәрінен бұрын экономикалық дағдарыстың
әсерімен,ставканың 13%-дан 12%-ға төмендеуімен
және импорттың кідіруімен байланысты.
2009 – 2010 жылдары ҚҚС қайтару қарқыны қалпына
келтірілді.
Жер пайдаланушылардан бюджетке мынадай арнайы салықтар түседi: пайдалы қазбалар өндіруге (ПҚӨС) салық, рента салығы, үстеме пайдаға салынатын салық (ҮПС) және өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі.
2008-2010
жылдар кезеңінде жер
Төменде
келтiрiлген диаграммадан салықтар бөлінісінде
түсімдердің өзгерісін көруге болады.
2009 жылы ҮПС қоспағанда арнайы салықтар
түсімдерін төмендету байқалады, яғни
ҮПС алдағы жылғы қызметтің қорытындысы
бойынша төленеді. 2008 жылы 2009 жылға қарағанда
мұнай мен минералдық шикізатқа баға айтарлықтай
жоғары болды. 2010 жылы ПҚӨС және рента
салығы түсімдері мұнай мен минералдық
шикізатқа бағаның артуына байланысты
күрт артты. Осылай, 2009 жылы мұнайға дүниежүзілік
баға орташа алғанда баррелі 61,9 АҚШ долларын,
2010 жылы - баррелі 79,6 АҚШ долларын құрады,
дүниежүзілік баға 2010 жылы темiр рудасы
бойынша 35,8 %, алюминий бойынша - 10 %-ға,
мыс бойынша - 21,5 %-ға, алтын бойынша - 18,6
%-ға, мырыш бойынша - 14%-ға артты.
Төменде
берілген диаграммада 2008-2010 жылдар кезеңінде
жер пайдаланушылардан арнайы салықтар
мен экспорттық кеден бажының түсімдері
көрсетілген. Мұнайға экспорттық кеден
бажы 2008 жылы қолданылды, 2009 жылдан бастап
2010 жылғы 15 тамызды қоса алғанда баж алынған
емес, өйткені нөлдік ставкасы белгіленген
және 2010 жылғы 15 тамыздан бастап мұнай
секторы ұйымдары тоннасына 20 доллар ставкасы
бойынша мұнайға экспорттық кеден бажын
төледі. Тиісінше 2010 жылы мұнай секторы
ұйымынан түскен түсімдер айтарлықтай
артты.
Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінде акциздердің болмашы ғана үлесі бар. Осылай 2001 жылы салықтық түсімдерде акциздер үлесі 3,4% құрады, 2010 жылы үлес 2% дейін қысқартылды.
Төменде
экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде
республикалық мониторинг жүргізуге
жататын салық түсімдері, кәсіпорындар
бойынша салық жүктеме
Салық жүктемесі коэффициенті (бұдан әрі – СЖК) салық түсімдері сомаларының экономикалық қызмет түрлері бойынша жеке іске асыру бойынша айналымға ара қатынасы жолымен анықталады.
СЖК республикалық мониторинг жүргізуге жататын кәсіпорындар бойынша 2010 жылғы 9 айдың ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 12,5-тен 16,4 %-ке дейін артты. СЖК артуы шикі мұнайды және табиғи газды өндіру бойынша 31,5-тен 37,0%-ке дейін, металлургиялық рудаларды өндіру бойынша 9,7-дан 15,2%-ке дейін, металлургиялық өнеркәсіп пен дайын металл бұйымдарын өндіру бойынша 5,7-ден 8,9%-ке дейін, көмір өндіру бойынша 11,2-ден 17,6%-ке дейін салық жүктемесін шикізат емес сектордан шикізат секторына ауыстырумен түсіндіріледі, темекі бұйымдары мен
сусындарды өндіру бойынша СЖК артуы 23,3-тен 30,1%-ке дейін және 8,8-ден 13,5%-ке дейін тиісінше отандық және импортталатын акцизделетін тауарларға ставкаларды бірегейлендіру нәтижесінде акциз ставкасының артуына байланысты.
| Экономикалық қызмет түрлері бойынша мониторингте тұрған кәсіпорындар бойынша 2009-2010 жж. 9 айға салықтық түсімдер, салық жүктемесінің коэффициенті. | |||||||||
| Млн.теңге | |||||||||
| ЭҚСЖ | 2009 жылғы 9 айда | 2010 жылғы 9 айда (алдын ала деректер) | |||||||
| Нақты айналымы | ҚР ҚМ СК құзыретіндегі салықтық түсімдер | СЖК, % | Нақты айналымы | ҚР ҚМ СК құзыретіндегі салықтық түсімдер М МФ РК | КНН, % | ||||
| 300 ірі кәсіпорындар бойынша ЖИЫНЫ | 11 063 050 | 1 379 773 | 12,5 | 13 419 233 | 2 200 802 | 16,4 | |||
| Оның ішінде салалар бойынша | |||||||||
| Көмір, лигнит және шымтезек өндіру | 40 812 | 4 560 | 11,2 | 59 128 | 10 391 | 17,6 | |||
| Шикі мұнай мен табиғи газды өндіру; осы салаларда қызмет көрсетуді ұсыну | 3 269 259 | 1 031 348 | 31,5 | 4 701 362 | 1 738 502 | 37,0 | |||
| Уран және шымтезек рудалары | 83 973 | 8 631 | 10,3 | 113 279 | -839 | -0,7 | |||
| Металлургиялық рудаларды өндіру | 104 102 | 10 093 | 9,7 | 202 514 | 30 862 | 15,2 | |||
| Сусындар мен темекіні қоспағанда азық-түлік өнімдерін өндіру | 124 113 | 1 334 | 1,1 | 134 735 | 1 019 | 0,8 | |||
| Сусындар өндіру | 40 751 | 3 568 | 8,8 | 54 941 | 7 438 | 13,5 | |||
| Темекі бұйымдарын өндіру | 69 085 | 16 129 | 23,3 | 66 710 | 20 063 | 30,1 | |||
| Кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндіру | 105 635 | 17 249 | 16,3 | 151 970 | 26 036 | 17,1 | |||
| Химия өнеркәсібі | 34 892 | -263 | -0,8 | 36 196 | -1 701 | -4,7 | |||
| Металлургия өнерәсібі және дайын металл бұйымдарын өндіру | 783 692 | 44 576 | 5,7 | 1 201 958 | 106 525 | 8,9 | |||
| Өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіру | 22 173 | 1 636 | 7,4 | 23 925 | 1 361 | 5,7 | |||
| Электр энергиясын, газды және суды өндіру және тарату | 212 791 | 16 451 | 7,7 | 284 354 | 23 876 | 8,4 | |||
| Сауда; автомобильдер, тұрмыстық бұйымдар және жеке пайдалану зататрын жөндеу | 675 223 | 10 597 | 1,6 | 634 577 | 11 023 | 1,7 | |||
| Көлік және байланыс | 1 030 260 | 78 834 | 7,7 | 1 250 199 | 82 727 | 6,6 | |||
| Мұнай өнімдерін сату | 512 041 | 28 530 | 5,6 | 417 419 | 30 807 | 7,4 | |||
| Құрылыс | 433 543 | 23 365 | 5,4 | 348 502 | 33 572 | 9,6 | |||
| Банк қызметі | 3 239 319 | 60 246 | 1,9 | 3 501 332 | 46 027 | 1,3 | |||
| Жинақтаушы зейнетақы қорлары | 0 | 504 | 0,0 | 0 | 1 012 | 0,0 | |||
| Сақтандыру қызметі, аудиторлық қызметтер | 47 631 | 1 205 | 2,5 | 17 265 | 1 101 | 6,4 | |||
| Қызметтің басқа да түрлері | 233 753 | 21 180 | 9,1 | 218 868 | 31 003 | 14,2 | |||
Республика
бойынша СЖК 2010 жылдың 9 айы ішінде
алдағы жылдың сәйкес келетін кезеңіне
қарағанда 6,5-дан 7,8%-ке артты. Таукен өнеркәсібі
бойынша СЖК айтарлықтай артуы 25,9-дан
30,6%-ке дейін құрады, өңдеу өнеркәсібі
бойынша 5,4-дан 6,5%-ке дейін және жылжымайтын
мүлікпен операциялар, жалға беру және
тұтынушыларға қызметтерді ұсыну бойынша
7,6-ден 14,2%-ке дейін құрады.
| Экономикалық қызмет түрлері бойынша 2009-2010 жж. 9 айға салықтық түсімдер, салық жүктемесінің коэффициенті (МБ + ҰҚ). | ||||||||
| Млн.теңге | ||||||||
| ЭҚСЖ | 2009 жылғы 9 айда | 2010 жылғы 9 айда (алдын ала деректер) | ||||||
| Нақты айналымы | ҚР ҚМ СК құзыретіндегі салықтық түсімдер | СЖК, % | Нақты айналымы | ҚР ҚМ СК құзыретіндегі салықтық түсімдер | КНН, % | |||
| ҚР бойынша ЖИЫНЫ | 25 886 110 | 1 692 615 | 6,5 | 34 394 853 | 2 688 920 | 7,8 | ||
| Соның ішінде, салалар бойынша | ||||||||
| Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы | 55 997 | 2 392 | 4,3 | 57 356 | 3 443 | 6,0 | ||
| Балық аулау, балық өсіру | 2 265 | 224 | 9,9 | 2 546 | 171 | 6,7 | ||
| Тау-кен өндіру өнеркәсібі | 3 760 342 | 974 767 | 25,9 | 5 509 137 | 1 687 609 | 30,6 | ||
| Өңдейтін өнеркәсіп | 2 227 640 | 120 531 | 5,4 | 3 278 558 | 211 772 | 6,5 | ||
| Электр энергиясын, газды және суды өндіру және тарату | 521 249 | 34 552 | 6,6 | 630 033 | 44 318 | 7,0 | ||
| Құрылыс | 3 843 938 | 102 471 | 2,7 | 4 310 840 | 140 124 | 3,3 | ||
| Сауда; автомобильдер, тұрмыстық бұйымдар және жеке пайдалану зататрын жөндеу | 7 200 001 | 96 630 | 1,3 | 8 775 132 | 136 779 | 1,6 | ||
| Қонақ үйлер мен мейрамханалар | 97 628 | 8 750 | 9,0 | 85 424 | 8 502 | 10,0 | ||
| Көлік және байланыс | 1 767 023 | 93 928 | 5,3 | 2 036 468 | 107 869 | 5,3 | ||
| Қаржылық қызмет | 3 533 812 | 63 578 | 1,8 | 3 757 002 | 56 127 | 1,5 | ||
| Жылжымайтын
мүлікпен операциялар, жалға беру және
тұтынушыларға қызметтерді |
1 724 211 | 131 217 | 7,6 | 1 409 432 | 200 074 | 14,2 | ||
| Мемлекеттік басқару | 28 541 | 3 096 | 10,8 | 27 520 | 9 778 | 35,5 | ||
| Білім беру | 67 792 | 5 756 | 8,5 | 59 718 | 6 791 | 11,4 | ||
| Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ұсыну | 24 543 | 1 718 | 7,0 | 24 031 | 1 907 | 7,9 | ||
| Коммуналдық, әлеуметтік және персоналды қызметтер ұсыну | 172 697 | 13 720 | 7,9 | 170 967 | 16 273 | 9,5 | ||
| Өзгелер | 858 431 | 39 286 | 4,6 | 4 260 690 | 57 382 | 1,3 | ||
Қазақстан
Республикасының Ұлттық
қоры
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 2009 жылға тікелей салықтар түсімдері 98,5% орындалды.
2010
жылы жоспар 120% орындалды. Түсімдердің
артуы жоспарланған баррелі 65 АҚШ долларына
қарсы әлемдік бағаның артуына байланысты.
Төменде келтірілген диаграммадан 2008 жылы мұнайды өткізуден түскен айналым мен салықтық түсімдер 2009 жылмен салыстырғанда барынша жоғары болды, мұнайды өндіру көлемі 70,6 млн.тоннаны құрады.
2009
жылы қайта өткізуден түскен
айналым мен салықтық түсімдер
76,5 млн.тоннаға дейін мұнай
2010 жылғы
9 айдың ішінде өткізу бойынша
айналым сомасы 2009 жылғы деңгейге
жетуге тақады, өнім көлемі 59 млн.тонна
кезінде салықтық түсімдер 2009 жылғы
деңгейден асып кетті. Өткізу
бойынша айналым сомасына мұнайға
деген баға әсер еткендіктен, салықтық
түсімдер мен мұнайға әлемдік бағаның
тікелей тәуелді екенін атап өткен жөн
(2008 жылы – барреліне 97,6 АҚШ доллары, 2009
жылы – барреліне 61,9 АҚШ доллары, 2010 жылы
– барреліне 79,6 АҚШ доллары.
Диаграммадан
мұнай секторына салық жүктемесі коэффициенті
2008 жылы 30%-тен 2010 жылдың 9 айында 34,4%-ке
дейін өсті.

- Бюджет домашнего хозяйства
- Бюджет домашних хозяйств
- Бюджет домашних хозяйств
- Бюджет доходов и расходов организации
- Бюджет, его значение и виды
- Бюджет, его роль в развитии экономики и социальной сфере
- Бюджет, его роль в развитии экономики и социальной сфере
- Бюджет денежных средств
- Бюджет денежных средств
- Бюджет денежных средств
- Бюджет денежных средств, его цель и назначение
- Бюджет денежных средств на предприятии
- Бюджет денежных средств организации
- Бюджет денежных средств предприятия