Дарынды балалалрмен жұмыс

Қостанай мемлекеттік  педагогикалық институты

Жаратылыстану және математика факультеті

Биология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Жанабаева Арузат Мұратқызы

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Курстық жұмыс

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:  

                                Молдахметова Г.М.

аға оқытушысы                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай, 2010 ж.

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

Кіріспе.......................................................................................................................3

1 Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау.

1.1 Дарындылық туралы жалпы ұғым.................................................................4

1.2 Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерінің әр түрлі психологиялық көзқараста оқып-зерттелінуі....................................................10

2 Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары.

2.1 Дарынды оқушылармен жұмыс істеу аспектілері......................................15

2.2Шығармашылық дарындылықты дамыту жағдайлары мен мүмкіндіктері.......................................................................................................23

Қорытынды ..........................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Дарындылық  – адамның  ой – өріс  деңгейі мен өзіндік  іс-әрекеттің  

ерекше  өрістеуіне  себепкер болатын, жан – жақты дамудың  нәтижесі болып 

табылады.Көбіне балалық  шақта  байқалатын  табиғи нышандарды

ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі. «Дарындылық»

деген ұғым  «қабілеттілік»  деген ұғымға өте жақын.Қабілеттілік – адамның 

жеке  басына тән белгілі  – бір іс-әрекетті орындауда жетекші  рөл атқаратын 

ерекшелік.Дарындылық туа  біткен ерекше қасиет болып табылады.Адамның 

 өз бейімділігі арқылы,  шығармашылықпен  жұмыс істеу  арқылы 

қалыптасатын  қасиет ол – дарындылық болып саналады.      

Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және

 тәрбиелеудің психологиялық-  педагогикалық сұрақтарын қарастырумен

 Қазақстанда ұзақ уақыт  бойы өте аз айналысты, тіпті  айналыспады десекте 

болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, оларды әрі қарай

 дамуы үшін жағдайлар  жасалуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау

    1. Дарындылық туралы жалпы ұғым

 

          Әр адам балалық шағы мен  жасөспірім кезінен өмірде үлкен  жетістіктерге жетуді армандайды. Жастық шақ – іздеу, үміт, күдік,  алаң  уақыты. Көптеген балалар  ерте кезден бастап әр түрлі  іс-әрекеттерге байланысты қабілеттер  таныта бастайды. Дегенмен, бұл қабілеттер  уақыт өте келе өз күшін  жоғалтып, болашақта оның кәсіптік  қалыптасуына әсер етіп, ол қарапайым  «орташа маман» болып қалады.

«Дарындылық» пен «қабілеттер» түсініктері өзара ұқсас келеді. «Қабілет» сөзі екі мағынаны білдіреді: 1) табиғи дарындылық; 2) мүмкіндік, бір  нәрсе істеу.

Көбіне балалық шақта  байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай  үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің  түрі дарындылық деп аталады [1].

Дарындылық – адамның  ой-өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің  ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан-жақты  дамудың қайнар көзі, жекелеген қабілеттердің  шарықтап дамуының нәтижесі. Бұл –  балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс-тәсілдермен  бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі[2].

Дарындылық ұғымының мәні мен мазмұнын анықтауда интеллектуалдық, шығармашылық, талант, данышпандық, танымдық белсенділік ұғымдары маңызды болып  табылады.

Талант – қабілеттіліктің  жоғары деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен  шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түпнұсқалылығымен  ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады.

Данышпандық – қоғам өміріне  тарихи маңызы бар, шығармашылықпен  сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Данышпан адам өз ісінің аумағында  жаңа ғасыр тудырады. Әрине, бұл ұғымдар, жеке адамдық қасиеттер өзара  бір-бірімен тығыз байланыста пайдаланылады [3].

      ″Дарындылық" деген ұғым "қабілеттілік" деген ұғымға өте жақын. Қабілеттілік – адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік. Яғни, белгілі бір тәсілді игерудегі шапшаңдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, қабілеттілік – әркімнің қолынан, бірдеңе келуінің мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгіруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі[5].

«Қабілеттер» философиялық энциклопедиялық сөздіктерде бұл - белгілі бір іс-әрекеттің табысты  болуының  субъективті шарттары болатын тұлғаның жеке ерекшеліктері. Қабілет индивидтің білімі, дағдысы, іскерлігіне сәйкес келмейді. Ол кейбір іс-әрекеттерді  меңгерудегі әдістердің жылдамдығы, тереңдігі мен беріктігінде. Және ол ішкі психологиялық реттегіш болып табылады.   

Бүкіл дүние жүзінде дарындылық мәселесі аса үлкен қызығушылық  туғызды, өйткені бұл мәселесі кейде  мүлде болмады, ол кейде қызу талқылау үстінде болды. Бұл жағынан дарынды  балаларға арналған мектептер болды, бұл мектептерде  әртүрлі, көптеген сайыстар (интеллектуалдық, музыкалық, спорттық және т.б.) өткізілді,бұл сайыстар балалардың қабілеттерін ашуға көмек  берді. Екінші жақтан, тепе – теңдік мәселесі қабілеттерге де таралды. Оқудағы  элитарлық дарындыларға арналған сәйкестендіру (идентификациялық) тестілері әрқашан  қатал сынға алынды. Соңғы жылдары  бұл проблемаға деген қызығушылық  өсті. Дарындылығы жоғары дамыған  балаларға арналған мектептер ашыла  бастады.

Егер адам белгілі бір  қабілеттерге ие болса, бірі мінез жағынан, екінші әлемді қабылдаудан, бұлар қоршаған ортамен әртүрлі қарым – қатынас  жасайды және әртүрлі еңбектенеді. Біз көбінесе өз құрдастарынан аса  көп білетін дарындылық жайында  мәселе қозғаймыз. Бұдан да бөлек  және қиын тағы да бір дарындылық түрі бар. Бұл дарындылық түрі ұстаздың көзіне жеңіл түсіп, қиын қабылданатын жетекшілік немесе әлеуметтік дарындылық. Бұл  сөздің синонимі «ұйымдастырушылық  қабілеттілік».

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде  барлық дамыған елдерде дарынды  балаларды анықтау, оқыту, дамыту, жұмыстары  жандандырылады, себебі әлеуметтік-экономикалық,  саяси, мәдени процестерінде тұлғаның ролі өзгерді. Барлық мәдени, ғылыми, өнер, өндірістік, басқару өрістерге дербес, шығармашылық ойлауға қабілетті  жас мамандар қажетті болып келеді.

 Мұғалім дарындылық  түрлерін білу керек, біріншіден, баланың мүмкіндіктерін дұрыс  бағалап және оған оның мәселелелерін   шешуге көмектесу, болашақ мамандығына  дұрыс бағыт – бағдар беру, екіншіден, дарындылықтың түрін  білмеген соң, кейбір оның түрлерін  ажырата алмайды, баланың ақыл  – ой және шығармашылық әрекетінің  кәдімгі еместігін оның тәртіпсіздігі  немесе оғаштық болып есептелінеді. Көптеген мамандарға да осы  құбылыс күрделі және де жұмбақты  да болатын мәселеде мұғалім  өзінің оқушыларында дарындылықтың  негізгі түрлерін көріп, ажырату  керек. 

Адамның қабілеті жайлы сөз  болғанда оның іс-әрекеттің белгілі  бір түрін орындай алу мүмкіндіктері  есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді  меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.

Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды білім, жұмсалған уақыт, ақыл-ой дене күші) қабілетті кісі – қабілеті төмендеу адамға қарағанда істе мейлінше жақсы  нәтиже көрсетеді.

Қабілетті адамның жетістігі  – оның жүйкелік психикалық қасиеттері кешенінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.

Кез келген іс-әрекет күрделі  де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық  қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса –  онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса – онда индивидте қабілет болмағаны.

Міне, сондықтан қабілетті  адамның басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, сәйкестік  сезімі, музыкалық есту т.б.) шатастыруға  болмайды. Қабілет әр кезде де –  жеке адам қасиеттерінің жиынтығы.

Сөйтіп қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке  жетуде қамтамасыз етуде жеке адам қасиеттерінің бірігуі деп анықтауымызға  болады.

Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика  мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар  адамдардың қабілеттері де маңызды  орын алады. Осы айтылғандармен қатар  қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте шығармашылық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.

Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне  қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы  және арнаулы қабілеттерді зерттейді.

Жалпы қабілет ретінде  жеке адамның білім меңгерудің жеңіл  де нәтижелілігін салыстырмалы түрде  қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер  жүйесі ұғынылады. Шетел психологиясында  қабілеттің бұл түрін intelligens деп  атайды, бұл «ақыл-ой қабілеті» деген  сөздің мағынасын береді.

Арнаулы қабілет – іс-әркеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т.б арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін  жеке адам қасиеттерінің жүйесі.

Қабілеттің аталған осы  екі түрінен басқа сараптамалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. Қабілеттердің осындай жіктелуінің  негізінде іс-әрекеттің жекеленген түрлерінің (ғылым, өнер, тәжіребе) адамға қоятын өзіндік талап, тілектерін ажырата  білушілік жатады [4].

Көп жағдайларда «дарынды бала» дегенде, ең біріншіден ол интеллекті өте жақсы дамыған балалар  деген ой келеді. Бірақ, бұл дарындылықтың бір түрі ғана, одан басқа көптеген түрлері бар. Дарындылардың түрлері көп болғандықтан, олардың әрқайсысына жеке жұмыс жасалу керек. Психологтар мен ұстаздар осы дарындылық түрлерін жақсы білуге міндетті. Өйткені олар біріншіден, баланың қабілетін дұрыс бағалап, шешімдер шешуге жәрдемдесіп, олардың болашақ мамандығын таңдауға көмек бере алу үшін. Екіншіден, егер ұстаздар мен психологтар дарындылардың дұрыс білмесе, кейбір балалардың дарындылықтарын көрмей қалуы мүмкін. Белгілі бір баланың дарындылығы жайында ойланбай тұрып, баланың шынында дарынды ма екенін тексеру қажет. Қандай да болмасын дарындылық, тіпті спорттық болсын, ол көзге анық көрінетін немесе ашық нақты қызығушылық жүйесі арқылы көрінеді. Дарындылық жоқ жерде немесе ештеңеден пайда болмайды.

Ұстаздардың көзіне тез түсетін  дарындылық түрлері.

1.Ұстаздың көзіне тез  көрінетін «интеллектуалды» дарындылық. Ұстаздар әдетте осы балаларды  «ақылды» деп атайды, сонымен  қатар оларды «мектептің атағын  шығарады» деп үміттенеді. Бұл  оқушылар әдетте терең білім  алуға тырысады, өз бетінше күрделі  әдеби кітаптарды оқиды және  өз бетімен оқылған кітаптарға  сын көзімен де қарауы мүмкін. Бұндай оқушылар күнделікті алып  жүрген білімін терең сұрыптайды  және де әрбір мәселелерге  философиялық көзқараспен қарайды.  Жоғары және де өте жақсы  дамыған интеллекті мен ақыл-ойы,  әртүрлі мектеп пәндерін жеңіл  меңгеруге өз үлесін қосады. Бірақ  бұл балалар кейбір пәндерді  өте жақсы меңгеретін болса,  ал екіншілеріне меңгеру қиынға  соғады.

Интеллектуалды дарындылықтың  басты астарлы екі түрі, ол «жалпы интеллектуалдық қабілеттер» және «арнай бір аймақтағы білім». Бұл  екі астарлы түрдің айырмашылығы көбіне арнайы бір уақытқа байланысты, басында әрине жоғары қабілеттер барлық салаларда болады, уақыт өткен  қажеттілік дарныдылықтың басты  мінездемесі болады және де осындай  оқушыларда дарындылық өте анық көрінеді. Дарындылықтың осы түрі «вундеркиндтерде»  өте жақсы дамыған.

2. «Академиялық» дарындылық. Бұнда интеллектуалды дарындылықпен  қатар, бірінші орынға оқуға  деген арнайы қабілеттер шығады. Бұл оқушылар өте жақсы оқуға  қабілетті, олар оқуды рахаттанып  және де оларға оқу өте жеңіл  беріледі. Медалистер мектептің  мақтанышы әдетте дарындылықтың  осы түріне жатады. Әдетте осы  оқушылардан өз жұмыстарының  мамандар мен шеберлер пайда  болады.

Академиялық түрдің де астарлы  түрлері бар: оқуда кең қабілеті бар оқушылар (олар қандайда болса  салада сәттілікпен қауышады) және де бір немесе соған жақын салаларды  меңгеру қабілеті.

Кейбір кездерде мұғалімдерге интеллектуалды және академиялық дарындылықтарды  айыру қиынға соғады. Екеуінің айырмашылығы, интеллектуалды дарынды оқушының сындық ойлауы жоғары, өз бетімен глобалды және философиялық көзқарастардың мәселелерін  шешуінде. Ал академиялық дарынды  оқушы-ол оқудағы данышпандар және тағы сол сияқты.

3. Дарындылықтың тағы  да бір түрі, мұғалім оны ешқандай  диагноз қоймай көреді, ол шығармашылық  дарындылық. Дарындылықтың бұл түрі  қандайда бір шығармашылықта  жоғарғы жетістікке жету, оларға  – музыка, би, бейнелеу өнері,  сәулет өнері, сахналық өнері  жатады. Мұғалім баланың бұл қабілеттерін  көруі керек және де ол осы  балалардың өнерін одан әрі  дамытуға үлесін қосуға тырысуы  керек. 

     Жоғарыда айтылған  дарындылықтардың түрлерін мұғалім  психологтың көмегінсіз анықтай  алады. Бірақ, кейбір дарындылығы  ашық көрінбейтін оқушыны мұғалім  «әлсіз» «болашағы жоқ» деп  санауы мүмкін. Бұл дарындылық  креативті түріне жатуы мүмкін.

4. Креативті түр. Бұл  дарындылық түрінің ең басты  ерекшелігі ойлауда, әдетте олар  басқалардан өзгеше ойлайды. Дарындылықтың  бұл түрі мектеп практикасында өте қиын анықталады, мектептің стандартты бағдарламасы бұл балалардың өз-өзін ашуға мүмкіндік бермейді. Бұл балалардың кемшіліктерін өте оңай көруге болады, ал олардың мектептегі ерекше шығармашылық қабілетін көру өте қиын, кей кезде тіпті көруге болмайды. Көбінесе осындай дарындылығы бар оқушылар сабақты оқымайды және бұған өте көптеген себептер болады. Мысалға: олар біреудің дайын жасап қойған мәліметтерін оқығысы келмейді, одан гөрі олар өздерінің ойларын оқып, зерттегісі келеді.

Ұстаздың көзіне жеңіл  түсіп, бірақ оны қиын қабылдау дарындылық түрі жетекшілік немесе әлеуметтік дарындылық. Бұл сөздің синонимі «ұйымдастырушылық  қабілеттілік» болады. Дарындылықтың  бұл түрі адамдарды түсіну, құрылымдылық қарым-қатынаста болу және басқару. Жетекшілік дарынды адам, зерттеушілердің  айтуы бойынша, интелекті жоғары дамыған, адамдардың сезімдері мен  талаптарын түсіне білу, бөтен адамадар үшін қайғыру, уайымдау, күйзелу және де осы  дарындылық түрінде айқын  әзіл-сықақ сезімі болады, ол басқа  адамдарға ұнау үшін оларға көмек  береді. 

          Әлеуметтік дарындылықтың өте  көптеген нұсқалары бар. Олар  эмоционалды жетекшілер, бұл адамдардан  әрқашан кеңес сұрайды ұнатады  және де көптеген жағдайларда  соңғы шешімді осы адам қабылдайды. Іс-әрекет, іс-қимыл, қозғалыс дарындылығы  бар, бұлар көпке қолайлы шешім  жасайды, олардың мақсаты мен  міндеттерін анықтайды және олар  адамды өз артынан жүргізеді.

          6. Дарындылықтың енді бір түрі  психоматорлық және спорттық  дарындылық. Ең басында қазіргі  кезде кең таралған көз-қарастар  бойынша спортшылардың ақыл-ой  қабілеті төмен дамыған деген  пікір дұрыс еместігін айтып  кеткен жөн. Көптеген зерттеулерге  қарайтын болсақ, олардың нәтижесінде  көптеген танымал спортшылардың  ақыл-ойы орташадан жоғары болып  келеді. Оған интеллектуалдық спортпен  қатар, ауыр атлетика мен футболды  жатқызуға болады. Осыларға мысал  келтіретін болсақ, көптеген спортшылар  спортты тастап, біреулері жазушы ( Юрий Власов ) екіншілері сәтті  бизнесмен ( Пеле) тағы сол сияқтылар  болады. Спорттық дарындылығы бар  оқушылар әдетте жақсы оқымаса  да, ол олардың уақыт жоқтығымен  немесе тілек пен ықыласы болмауынан [4].

                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Дарынды балалардың  психологиялық ерекшеліктерінің  әр түрлі психологиялық көзқараста  оқып-зерттелінуі

 

Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа  берген тамаша сыйы.  Бұл қабілет  барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге  аздау,  ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық.

Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының  соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Кезінде Платонның өзі ақындықты  «өнер мен білімнің арқасында  емес, құдайдың анықтауы мен кернеген сезімнен» туындайды деген болатын. Ал Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде  «маған көмекке әрдайым мейірімді  перім – гений келеді» деген  екен.

Канада ғалымы Д.Хебб «генотиптік  интеллект» деген ұғымды енгізді. Бұл  таза тұқым қуалайтын интеллект  сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, «фенотиптік интеллектіні»  құрайды. Оның ойынша, ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8 – тұқым қуалаушылық, 2 – сыртқы орта. Осыдан ол мынадай  қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) – бұл мәдени-әлекметтік орта мен  индивидтің тәжірибесінен пайда  болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана  білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты.

ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында  ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А.Бэн, В.Вундт, Д.Милль, Г.Спенсер, Т.Циген сияқты психологтер ой –өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау. Тек ХХ ғасыр басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әр түрлі қзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В.Штерн жалпы дарындылық – интеллектіден өзгеше, оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілеті  деп түсіндіреді. Арнаулы дарындылық дегеніміз – бұл белгілі бір бағытта ерекше қабілеттер таныта білуі. Мысалы, қолөнер, сурет, ақындық және т.б. сонда көптеген біріне бірі байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін, яғни интеллектіні құрайды.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдары  «креативтілік» ұғымы «интеллект»  ұғымының дарындылықты сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен ацыра бастады [6].

Д.Ж. Рензули бойынша дарындылық дегеніміз – үш байланыстың үйлесімділігі  жоғары интеллекілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын  ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал креативтілік нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі.

Л.А. Венгердің,  Г.В. Бурменскаяның  «Дарынды балалар» еңбегінде «Егер  оқушы кез келген еңбегінде, шығармашылық жұмысында жоғары көрсеткішке жетіп, өз құрбыларынан ерекшеленсе, ондай  оқушы дарынды болатынын айтады».

Дарынды оқушылардың ерекшеліктері:

  1. Ойлау ерекшелігі;
  2. - Шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеуі;
  • Әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;
  • Кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы.
  1. Ішкі сезім ерекшелігі:
  • Сезім мүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс);
  • Интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады, құрдасарынан көп біледі);
  • Жан дүниесінің тереңдігі;
  • Кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгерім таныту.
  1. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
  • Өз талап тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму;
  • Жоғары дәрежедегі әділдік сезімі.
  1. Академиялық тұрғыдағы дарындылық аясында:
  • Оқуды есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады;
  • Математика пәнінде оқушы өлшеу, сызу, математикалық ұғымдар арасындағы байланыстарды ашуға берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындап, математикалық белгілерді есте сақтап, өздеріне қажет жағдайда қолдана алады;
  • Қоршаған дүниені танып білуде сұрақтар қояды, заттардың пайда болуы, құбылыстар туралы зерттейді, тәжірибе жасайды, арасындағы қарым-қатынасты жақсы түсініп, өзіндік жаңалықтар ашады;
  • Шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады, көбінесе өзі тың нәрсе жасайды, көркемдік-қолданбалы еңбекте заттарды өзі жасап аяқтайды.

Дарындылардың ішінде де үлгерімі төмен немесе үлгермейтін оқушылар кездеседі. Оның себебі:

  1. Талаптың, мотивацияның төмендігі;
  2. Жұмыс істеу құштарлығының төмендігі;
  3. Білім қабылдаудың дұрыс ұйымдастырылмағандығы.

Осы себепте, оқушылар бір  сатыдан екінші сатыға көтерілгенде, мектеп «неврозына» (мектептен қорқу) шалдығып кетпеу үшін мектеп психологтары үлкен жұмыс атқаруы қажет.

Белгілі ағылшын психологы  П. Торанстың зерттеуі бойынша, қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік  туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы  бөлек, осы сияқты қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың  арасында да аз емес екендігін айқындаған. Ресей психологтары дарындылық туралы мынандай анықтама берген: «Дарындылық  – психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын  қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда  іс-әрекеттің бір немесе бірнеше  түрінде адамдардың ең жоғарғы нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды»[7].

Баланың шығармашылық белсенділігін  ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Көбінесе «дарынды оқушы – бұл  жақсы оқитын оқушы» деген пікір  қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі  П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті,ұйымшыл,  білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті  жеткізе алатын оқушылар көбірек  ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын,қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері  нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін және оның  «нашар» оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған[3].

Шығармашылық  қабілет  – бұл бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен  бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері – шығармашылықтың  нәтижесі. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау  психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің  барлық дәуіріндегі  ойшылдардың  назарында болғандығын "шығармашылық теориясын" жасауға деген көптеген ізденістерден байқауға болады. Бұл  әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан  шығармашылық педагогикасының негізгі  мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты  жаңа сапа, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Көтеріліп  отырған  мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз: Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамыту мәселелерін үнемі көтеріп отырған.

И.П.Павловтың жоғарғы  жүйке жүйесінің типтері туралы ілімінде адам қабілетінің өзіндік  ерекшеліктеріне байланысты екендігі айтылады. Ұлы физиолог сигнал жүйелерінің  үш түрлі типі болады деп тұжырымдайды. Олар: суретші тип, ойшыл тип, аралас тип. Мысалы, "суретші" өкілдерінде  бірінші сигнал жүйесінің қызметі  басым болып отырады. Өйткені  суретшілер, музыканттар іс-әрекетте есту, т.б. сезім мүшелерінің қызметіне  сүйенеді. Ал өз тіршілігінде сөзді  қару ететіндердің іс-әрекеттерінде  екінші сигнал жүйесі жетекшілік рөл  атқарады.

Қабілеттінің дарындылық (балалық кезде  ерекше байқалатын, туыстан берілетін нышандар жүйесі), талант данышпандық деп аталатын кез-келген адамда бола бермейтін жоғары түрлері де болады. Қабілеттің қандай түрі болмасын өлшеусіз ерен еңбектен туындайды. Маңдайдан тер төгілмейінше, ешқандай қабілет өз мәніне ие бола алмайды. Қабілет адамның жан  қуаттарымен тығыз байланысты. Ол – наным мен сенім, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, алғыр зейін, еңбек  сүйгіштік, өзіне-өзі қатты талап  қоя  білу, т.б. осы сияқты сапалармен ұштасып, бұлар бірін-бірі ылғида толықтырып отырады. Қабілеттілікке жақын тұрған қасиет бейімділігінің ертерек көзге  түсуі, өзіне-өзі сенуі, өз қабілетін  бағдарлай білуі. Бейімділік – адамның  белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұруы, оған ерекше көңіл аударуы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы  белгісі.

Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н.С.Лейтес қабілетке «іс-әрекеттің белгілі  бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық қасиет» - деген анықтама береді. Ақыл-ой қабілетінің алғышарты  – белсенділік және өзін-өзі реттеу деген қорытынды

жасайды. Педагогикалық қабілеттерді арнайы зерттеген Н.В.Кузьмина оның құрамының 3 түрлі қасиеттер тобынан  тұратындығын анықтап, олардың бір-бірімен  байланысын ашып көрсетеді. Қабілет  жайлы еңбектер мен зерттеулерді талдай отырып, бұл проблемаға деген  қызығушылықтың үнемі болып отырғандығын және оларда соншалықты қарама-қайшылықтардың жоқ екенін байқауға болады. Аталған  еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, әрі қарай жетілдіру  жолдарын белгілеуге үлес қосады.қабілет  әрекеттің белгілі бір түрімен  айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. «Бейімділік – адамның  әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы белгісі» - деп жазады академик Т.Т.Тәжібаев. бала кезде ерекше көзге түсетін  бейімділік оның келешек қабілетінің  көрсеткіші екендігін айтады.қабілеттер мәселесін қарастыруда «талант», «дарын» терминдерін айналып  өтуге болмайды. Көптеген зерттеушілер мен психологтар «таланттылық»  деп белгілі бір салада (өнер, музыка, т.б.) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті айтады. Олар таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп кездесетін жағдай болғанымен, бірден-бір фактор бола алмайтындығын дәлелдейді.(З.Гильбух,  В.С.Юркевич).

Дарынды балалалрмен жұмыс