Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары. 2

МАЗМҰНЫ


 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3

 

I-тарау.  Дарындылық психологиясының теориялық

               қағидалары

    1. Дарындылық туралы жалпы түсінік....................................5-9бб
    2. Дарындылық проблемасын зерттеу тарихынан..................9-18бб

 

II-тарау.  5 сынып оқушылары дарындылығын

                эксперименталды зерттеу

 

    1. Зерттеу мақсаты,  болжамы,  әдістемелері…………….19-21бб
    2.   Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары......................22-24бб

 

Қорытынды……………………………………………………………….25б

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………..26-27бб

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жұмыстың өзектілігі: Дарындылық дегеніміз не?  Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе  әлеуметтік шындық па?   Және дарынды балаларға қалай қарау керек?  Олар ерекше бағыт пен еркеше даму,  көзқарасты қажетсіне ме?

Дарындылық көптеген балалар үшін,  ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр.  Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып,  ең алдымен оның шынайы байқаулары,  анықталу тәсілдері,  дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады.  Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық  -  бұл ертеңгі ғылым,  мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық.  Қазіргі таңда  мұндай ерекше балаларды,  анықтау тәсілдері,  өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру   бағдарламалары бар.

Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты.  Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі.  Ол американдық психологтар:  Дж. Гилфорд,  П. Торренс,  Ф. Баррон,  К. Тейлор.  Ал  психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды.  Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты.  (“одаренные дети:  психолого-педагогические исследования и практика”).

Дарындылық проблемасын отандық психологтар да зерттеді.  Олар:  А. М. Матюшкин өзінің “Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы”  еңбегінде,  Шумакова Н.Б.  өзінің бірқатар еңбектерінде,  Чистякова Г.Д.  өзінің  “Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық”  атты мақаласында С. Юркевич  “Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары”  еңбегінде баяндалады.

Зерттеу міндеттері:

    1. Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.
    2. Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.

Зерттеу әдістері:

    1. балалардың дарындылығын бақылау.
    2. Олардың ерекшелігін психологиялық анықтау әдістері.

Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы,  А.М. Матюшкиннің шығармашылық дарындылық тұжырымдамасы,  С. Юркевичтің,  дарындылықты анықтау еңбектері,  С.М. Джакуповтың танымдық іс-әрекет психологиясы.

Зерттеудің теориялық құндылығы. Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздемесі құрылып,  дарындылық  табиғаты жөнінде қазақ тіліндегі әдебиет қатары толықтырылды.

Зерттеудің практикалық мәні:  Дарынды балаларды диагностикалау,  олардың танымдық мүмкіндіктерін ажыратуда әрі дамытуда қажетті практикалық құрал болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-тарау.  Дарындылық психологиясының теориялық

қағидалары

 

    1. Дарындылық туралы жалпы түсінік

 

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады.

Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау.

Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз.

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық - адамда обьективтілікті жан-жақты бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну, қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.

Адам   қабілеттілігінің    даралық    ерекшеліктеріне    дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ болады. Дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.

Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп, жетілдіріп дамытуға тікелей тәуелді.

Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші -тарихқа және біреулер - қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі.

Дарынды балалар - жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген).

Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге байланысты.

Баланың дарындылығы деп - бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі.

«Дарындылық» - бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» - бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. «Қабілеттілік» сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д.Н.Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша :

- табиғи дарын

- бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі

 «Қабілеттілікке» философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік берілген: «Қабілеттілік - бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс -әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері». Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі психологиялық регулятор болып табылады.

Дарындылық    -    бұл    бірдей    өмір    шартында,    қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық - бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық - бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр.

Ата-аналардың бала дарындылығына деген қатынасы маңызды болып табылады. Бұл фактор - бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негізділердің бірі. Бұл жағдайда қарым-қатынас типтері мынадай болып келеді:

•   теріс

•    ашуландырушы (игнорирующее)

•   дұрыс-оң

•    гиперсоциализация    (ата-аналар    дарындылықты,    өз-өзін    таныту мүмкіндігін, өз баласының қабілеті арқылы   жасауы немесе өздерінің орындалмаған потенциалды мүмкіндіктерін іске асыру).

Дарынды балаларда әділеттілік сезімі болады. Адамгершіліктің ерте дамуы қабылдау мен таным процестерінің дамуы алға басуымен байланысты.

Олар қоршаған ортадағы әділетсіздікке өте сезімтал болады, өздеріне және айналадағыларға үлкен талаптар қояды.

Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған (ойдан шығарған достары, аға-інілері, апалары).

Дарынды балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады.

Дарынды балалар эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта шыдамсыз болады.

Дарынды балалар энергиясы көп болуымен және олар аз ұйықтауымен ерекшеленеді. Олардың моторлы координациясы мен қолдарын басқару, танымдық қабілеттерінен артта қалады. Оларға практика қажет. Мұндай балалардың интеллектуалды және дене-физикалық дамуының арасындағы ерекшеліколарды толғандырып, өзбеткейлігінің дамуына әсер етуі мүмкін. Дарынды балалардың көру процесі 8 жасқа дейін тұрақсыз, оларға жақын қашықтағы фокусті алыстағыға алмастыру қиынға соғады.

Дарынды бала қарым-қатынас жүйесінде де ерекшеленеді.

 

Дарындылықтың негізгі түрлері

 

Дарындылық түрлерінің дифференцияциясы сыныпификацияға негізінделген критерий бойынша анықталады. Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні бөлуге болады.

Дарындылықтың сапалық мінездемесін талдау бойынша түрлерді адампың психикалық мүмкіндіктерінің спецификасына және оладың қандай да бір іс-әрекетте көрінуіне байланысты бөлуді ұсынады. Дарындылықтың сандық мінездемесін талдау адамның психикалық мүмкіндіктерінің деңнейін сипаттауға мүмкіндік береді.

Ғалымдар дарындылық мәселесін зерттей келе, оның жалпы және әдейі немесе арнайы түрін бөліп көрсетеді. Дарындылықтың 2 түрі де іс-әрекеттің әр түрлілігі мен формасында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Осылай, жалпы ақыл-ой дарындылығы іс-әрекеттің барлық түрімен қамтамасыз етілгенде ғана орындалады. Олардың табысты орындалуы үшін белгілі ақыл-ой сапасы, «ақыл-ой қүндылығы» қажет болады.

Арнайы дарындылық, өзі ерекше ашылып көрінетін белгілі іс-әрекет түрлерімен байланысты (математикалық, техникалық, музыкалық, сурет салу өнері, ақындық дарындылық және т.б.).

Кәсіптік қабілеттерді зерттеумен танымал ғалым Ч.Спирмен ақыл-ой энергиясының жалпы факторы бар екенін көрсетті. Ол фактор түрлі іс-әрекеттің табысты шешілуін анықтайды.

Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың бәрінде болады (жалпы сұрақ-әртүрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті мүмкіндігінің бірдей болмауы). Мектептің жалпы білім беру шартындағы оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші орынға шығады.

Мектепте «орташа оқитын» оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында қүрбыларын интеллект бел^ілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару - мектептің көкейтесті міндетінің бірі болып табылады.

Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары арналған. "Ақыл-ой» мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі «интеллект» сөзімен белгілейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда: интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол таным және шығармашылық мүмкіндіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге арналады (ақыл-ой сферасында), яғни көбіне «ақыл-ой дарындылығы» түсінігінің термині ретінде қолданылады.

Интеллект - өсіп жатқан адамның түрткі болулары мен ұмтылыстарымен біртұтас дамуы күмәнсіз. Ақыл-ой дарындылығы интеллектке сай келмейді. Дарындылық - бұл жеке тұлғаның ерекше қүрылымы.

Ақыл-ой дарындылығының арнайы  түрлері, яғни философиялық-теоретиялық жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында, техникаға немесе ұйымдастырушылық -практикалық іс-әрекет түрлеріне дарындылық - Мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.

Ақыл-ой дарындылығы - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аударуға көмектеседі. Бірінші категорияда - өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінгі және төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда - арнайы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда - оқуда табысты болып үлгермеген, бірақ психикасының оригиналдылығымен, танымдық белсенділігімен, сирек кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде потенциалды немесе «жасырынды» дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді.

Потенциалды дарындылық - бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары жетістікке жету үшін, белгілі психикалық алғышарттары потенциалды болатын баланың психологиялық ерекшелігі. Бірақ бала, бұл мүмкіндіктерді тап осы уақытта қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай алмайды. Бұл потенциалды мүмкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен    бірге         жүруі    мүмкін    (жанұялық    қиын    жағдаймен, квалификацияланған   мұғалім - кәсіпкерлердің болмауынан тағы басқа). Потенциалды     дарындылықты     анықтау,      кезеңмен     жүргізілген диагностика бойынша орындалуы  мүмкін.  Өйткені    әрі  қарай    дамуы туралы, тек кейбір   белгілер бойынша   айтуға болатын, әлі қалыптасып болмаған қабілеттіліктер туралы сөз болып отыр.

Дарындылықтың бұл турлері, бұған дейін айтылып кетілген іс-әрекет түрлерімен сәйкес жүреді. Шығармашылық дарындылығына байланысты дарындылықтың белгілі түрінің креативтілігін бөлуде ғалымдар пікірінде айырмашылық байқалады.

Жасырынды дарындылық іс-әрекетте аздап білдірілген формада көрінеді. Сондықтан да дарындылықты балалардан анықтау және олармен жұмыс жасауда қателер кетуі мүмкін. Осымен қатар, мұндай «перспективасы жоқ балалар» уақыты келе жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін. Мүндай қателер келтірмеу үшін, балаларға әдістемелерді кешендік-кезеңді қолданумен диагностика жүргізу қажет.

Шығармашылықта психикалық процестер (ойлау, ес, қиял, эмоциялар т.б.), психикалық күйлер (құмарлық, зерігу, яғни уайымдау мен қылықтың бірлігі) және индивидтің жеке түлғалық қасиеттері байқалады (Н.Д-Р.евитов, А.О.Прохоров). Ғалымдардың айтуы бойынша мүндай түсінік дарындылық типологиясының әлеуметтік критерийлерінен (әлеуметтік маңызды іс-әрекет пен жетістік деңгейінің басқа түрлері бойынша), дарындылықтың психологиялық құбылыс ретінде даму деңгейі үшін   психологиялық критерий жасауға әсер етеді.

•   психологиялық процесс түрінде, ол кейде эпизодтық    түрде    пайда болады,   өйткені   белгілі   индивидтің  жеке  түлғалық  дамуына   әсер етпейді.

•   психикалық күй түрінде, бұл уайым мен жеке тұлғалық өзін-өзі сыйлау үшін ситуациялар іздеу және қалыптастыру ретінде кездеседі. Бірақ ол белгілі   индивид  үшін   «өміріндегі  жалғыз  ғана   мән-мағына»   болып табылмайды

•   жеке тұлғалық мінездеме түрінде.  Бұл «өмірдің жалғыз мағынасы» болып табылатын және шығармашылық актінің кез-келген ситуацияда өмір сүру   қажеттілігінде  көрінетін және кез-келген  іс-әрекет түрінің, әсіресе     жеке     тұлғаға     қызығушылық     туғызатын      іс-әрекеттің орындалуында көрінетін, жеке тұлғалық мінездемелер ерекшелігі .

 

    1. Дарындылық проблемасын зерттеу тарихынан

 

Бірқатар жас ғалымдар  -  Дж. Гилфорд,  П. Торренс,  Ф. Баррон,  К. Тейлор және тағы басқа психологияда шығармашылық дарындылықтың жаңа шекарасын белгілейтін бірқатар ауқымды ірі зертетулерді жүргізді.  Бұл зерттеулер және жеке-дара айырмашылықтар психологиясы бойынша теориялық зерттулердің шоғырлауына себепші болды.

70-ші жылдардың басында жеке-дара  айырмашылықтар психологиясы практикалық  ғылым болып қалыптасады.  Зерттеулер  білім саласына ығысады.  70-ші жылдардың соңы  -  80-ші жылдардың басында енді мүлдем жаңа,  психологияның қолданбалы саласы  -  таланттылар психологиясы  саласы пайда бола бастайды.

Дж. Гилфорд еңбектері мынаны көрсетті:  мектептің соңында көптеген дарынды балалар ауыр депрессия күйін бастап кешеді,  өз құрбылары мен ересектер өз дарындылығын жасырғысы келеді.

Дарынды балалар мектепте олар үшін даралап оқыту болмағандықтан “дискриминацияны”  сезінеді  (С. Марленд,  1972).

70-ші жылдардың соңында тек  жеке емес,  әрі мемлекеттік  мектептер даралап оқытуды таңдауға  көшті.

80-ші жылдардың басында дамыту  жоғары дарынды балалар мүмкнідігін  дамыту бойынша халықаралық ірі  жоба жүзеге асты АҚШ-та дарынды  балалардың жетекшілігі (лидерлігі)  бойынша оқытудың арнайы курстары құрылды.

Біздің елімізде 20-шы-30-шы жылдары дарындылықты зерттеудің пәні ретінде когнитивті әдістемелер диагностикасы табылды.

В. Штерн дарындылыққа мынандай анықтама берді:  “Ақыл-ой дарындылығы жаңа талаптарға өз ойлауын саналы бағыттау,  жаңа міндеттер мен өмір жағдайларына бейімделудің жалпы ақыл-ой икемділігі болып табылады”.  Дарындылықтың мұндай сипаттамасы оның деңгейлерін саралап бөлуге мүмкіндік берді.

Ерте уақыттан бастап, ХІУ ғасырға дейін данышпандық тек өнерде көрініс береді деген тұжырым қалыптасты.  Мемлекеттік іс-әрекеттенушілерге,  әскери басшыларға,  ғалымдарға данышпандық атағы берілмеді.  Бірақ бұл көзқарасты қайта қарастыруға талпыныс болды.  Аристотель көркем шығармашылықтың интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысын ескерген.  “Созерцательная деятельность разума”  терминін енгізе отырып,  ол адам іс-әрекетінің түрлерін ерекшелеуге талпынды.  “Сананың мазмұнды іс-әрекеті”  (ғылыми және көркемдік),  оның ойынша кез-келген басқа іс-әрекеттен жоғары рақымдылық іс-әрекеті  (саяси және әскери)  басқалардан әдемілігімен,  кеңдігімен ерекшеленеді.  Осыған қарамастан Аристотельде шығармашылық процесі белгілі бір деңгейде мистикалық көрінісін жоғалтады.  Оның пікірі бойынша шығармашылық бақылауға жүктелген.  Ол өнер шығармашылығы қажет болып табылатын ережелер,  нормалар қатарына негіздеуге талпынды.  Аристотель көркем шығармашылықты оқу қажет деген талап қойды.

Ертедегі грек философтары данышпандылықты құдай күшімен пайда болды дей келе,  тәрбие мен білімнің маңызды екенін айтты.  Бірақ олар талантты дамыту үшін қоршаған орта мен оқытудың маңыздылығын “құдайылық”  қабілеттілігімен салыстырғанда қосалқы,  екіншілік деңгейдегі іс деп санайды.

Жаңа дәуірде дарындылықтың табиғатын испаниялық дәрігер Хуан Уарте мәнді түрде түсіндірді.  Ол Испаниялық империяның жаңа дәуірдегі перспективасын мемлекеттік қызметте максималды түрде ерекше дарынды балалармен байланыстырды.  Оның зертетуінің негізгі міндеті кәсіптік таңдау мақсатымен қабілеттілігі даралық ерекшеліктерді зерттеу болып табылады.  Бұл зерттеу дифференциалды психологияның пайда болуына үлкен әсер етті.

Х. Уарте іс-әрекеттің кез-келген түрінде анықталатын негізі қабілеттіліктер сапасы ретінде қиял,  ес және интеллектті бөліп көрсетті.  Оның ойынша,  бұл қабілеттіліктің адамда көрініс беруі “ми темпераменті”  бойынша анықталады.  Ол белгілі бір ғылым,  өнер салсында талап етілетін қабілеттіліктерге талдау жасаған.  Осы мақсатпен қолбасшы дәрігер,  заңгер,  геологтар тағы басқа “психологиялық портретін”  құрастырды.  Х. Уарте талант табиғаттан,  генофонға тәуелді дей отырып,  оның дамуы үшін тәрбие мен еңбек қажет екенін айтты.  аДамның табиғи қабілетіне сәйкес келетін мамандықты таңдауда шатаспас үшін,  кіші жасында көмектесетін әдейі ақыл-ойы  мен білімі жоғары адамдарды бөліп көрсету керек.  Жеке тұлғаның қабілет және дарындылық мәселесін Орталық Азия мен Қазақстанның көптеген ғалымдары мен ағартушылары зерттеген.

Арабтың сөз бостандығының негізін қалаушылар  (Әл-Хорезми,  Ферғани,  Әл-Фараби,  Ибн Сина,  Беруни тағы да басқалар)  философия,  логика,  химия,  атсрономия,  география,  медицина,  психология,  сонымен қатар жасөспірімдерді тәрбиелеуді дамыту үшін үлкен үлес қосты.

Осылай,  Әл-Фараби “Бақытқа жету туралы”  трактатында этикалық сұрақтармен қатар,  адам қабілеттілігіне,  оқуды жақсарту мақсатындағы түрлі тәсілдерді қолдануға назар аудартады.

Ғылымды дифференциациялаумен байланысты  (ХІХ ғ.)  психология мен педагогикада адам психологиясы мен қабілеттілігі туралы зерттеу жұмыстары жүре бастады.  Қабілет түсінігінің алғаш негізін қалаушылардың бірі  -  англиялық психолог Френсис Гальтон  (ХІХ ғ.).  Ол  адамдардың даралық ерекшеліктер мәселесін зерттеді.  Ф. Гальтон өзінің “Таланттың тұқым қуалаушылығы:  оның пайда болуы мен заңдылығы”  атты еңбегінде қабілеттің пайда болуының әдістемелік базасын негіздеді және келесі заңдылықтарды бөліп көрсетті.

    • Егер адам аса жоғары қабілеттерге ие болмаса,  бір де бір адам қоғамда жоғары дәрежеге ие болмайды.
    • Тек жоғары қабілетке ие болатын адамдардың өмірбаяны талдай келе, қабілеттің кез-келген деңгейі тұқым қуалаушылыққа негізделген деген қорытындыға келеді.

Э. Мейман (ХІХІ-ХІХ ғ.ғ.)  дарындылықтың теориялық негізін зерттеуді жалғастырды.  Ол дарындылықтың туа біткен аспектілерін зертетй отырып,  осының негізінде “нышан типтерін”  бөлді.  Осымен қатар,  Мейман табиғи,  жасанды моменттерді біріктіруге ұмтылды.  Бұл феномен түрлерінен дарындылықты ес,  қиял тағы басқа даралық ерекшелітерді зерттей отырып,  олар бөлек адамдарда кездесетінін анықтады,  әрі адамдардағы дарындылықтың деңгейін анықтауға көңіл бөлді.  Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектісін:  тәрбие мен дарындылықтың,  табыстылықтың және жұмысқа қабілеттілігінің байланысын зерттеген.

Диффренциалды психологияның зерттелу көзі  -  адамның жекелігі болып табылады,  бұл істің бастауында неміс психологы В. Штерн (ХХ ғасырдың бірінші жартысында) тұр.  Ол ойлау қабілетін бағалаудың шараларын зерттеп,  “ойлау қабілеттерін” зерттеу үшін пайдаланған.

В. Штерн бойынша ақыл-ой қабілетінің белгілері ойлаудың қандай да бір жаңашылдыққа бағытталуы  (ақыл-ой қабілетін естен ерекшелейді)  және сыртқы жағдайға тәуелділікті мінездемелейтін  (өмір талаптары,  міндеттері)  және өзіндік шығармашылық мәні бар данышпандықты ақыл-ой дарындылығынан ерекшелейтін үйренусішілік болып табылады. Үйренусішілік қабілеттің жалпылық белгілері,  ақыл-ой дарындылығын мінездемелік ерекшелігі бойынша,  ақыл-ой қабілеті бар ғана облыстың мазмұнын қамтумен шектелетін талант ұғымын ерекшелейді.

Адам тек түрлі шарттардағы және түрлі облыстардағы жаңа талаптарға оңай үйренісе алатын болса ғана,  ақыл-ой дарындылығымен қамтамасыз етіледі.  Бұл белгілердің бөлінуі зерттелушілерде “санадағы зерттеуді емес,  ақыл-ой дарындылығын” зерттеуге мүмкіндік береді.  Ақыл-ой дарындылығының диагностикасын жасау үшін тесттер сериялары жасалды  (Бине-Симон әдістемесі).

В. Штерн психологиялық теорияда алғаш рет жеке тұлға біртұтастылығы принципіне негізделген,  қабілеттілік пен дарындылықты барлық психикалық процестер мен жеке тұлғалық сапалармен тығыз байланыста қарастырады.

ХІХ ғасырда халықтық ағартуға байланысты,  қазақтың орыс мәдениті негізделуіне,  балаларды жүйелі дамыту және оқыту қажеттілігі туылғаннан қазақ педагог-ағартушылары мен қоғамдық қызметкерлері әрекет ете бастады.  Осылай,  Ы. Алтынсарин  “табиғи ойлау тек өзін қоршаған ортаны қамтамасыз етуге қабілетті,  ал оларды дамыту үшін және оның көрмегенін біліп,  үйренуге тек білім беру ғана қабілетті”  деген.  Біз осыны саналы түрде түсінеміз және осыған қарамастан өз балаларымыздың орысша-қазақша мектептерге береміз.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие мен оқытудың шешуші рөлі туралы Мәселені өз шығармаларында Ш. Уәлиханов қарастырды.  Оның ойынша,  ақыл-ой қабілеті мен деңгейі адам мәдениетінде негізінен тәрбиеге жүктелген.  Қазақтардың ақыл-ой қабілеті туралы,  ең жоғары пікірде болды,  “қырғыз-қазақтар табиғатынан ақылды және таң қаларлықтай әсерленгіш".

Абай  Құнанбаев “адамдарды қоршаған ортадағы объективті шынайылықтың табиғи бөлігі дей отырып,  балаға туғаннан білімге ұмтылу дарыны беріледі,  бірақ өсе келе,  ол біртіндеп бұл дарынды жоғалтады”. Ақынның тұжырымы бойынша,  сана мен ақыл-еңбек іс-әрекеті,  еңбек процесінде қалыптасады.  Осылай,  қазақ ағартушылары қабілеттің туа біткенімен келісе отырып,  жеке  - тұлғаның қалыптасуында тәрбиенің күші,  еңбек іс-әрекеті және қоршаған ортаның әсері бар деген.

Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары. 2