Дипломатическое право. 5

Жоспар 

І. Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық  құқық ұғымы және қайнар көздері.

ІІ. Сыртқы қатынас органдары.

ІІІ. Дипломатиялық өкілдіктердің  міндеттері, артықшылықтары және иммунитеттері.

ІV. Сауда өкілдерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.

V. Консульдық құқық  ұғымы, қайнар  көздері.

VІ.  Консульдық артықшылықтар  мен иммунитеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І.Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық  құқық ұғымы және қайнар көздері. 

      «Дипломатия»  ұғымы грек сөзі diploma-екі бүктелген бет, құжат деген мағынадан шыққан. Бұл жерде «дипломды ұстаушы» деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім грамоталары.

      Кең  мағынадағы дипломатия ұғымы-бұл халықаралық құқық субъектілерінің өкілдері жөніндегі, бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру жөніндегі, халықаралық қатынас қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін бейбіт жолмен қорғау жөніндегі ресми қызмет. Дипломатия-бұл халықаралық құқықта рұқсат етілетін арнайы дипломатиялық шаралар, әдістер мен тәсілдер көмегімен мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір құралы болып табылады.

      Тар мағынадағы дипломатия ұғымы-бұл келіссөздер жүргізу мен шарттар, келісімдер жасау шеберлігі. Осындай шеберліктің қоғамның даму заңдылықтарын білуге, халықаралық қатынас тарихын, жеке елдер тарихын, халықаралық құқықты, жеке елдердің конституциялық құқықтарын, шет тілдерді зерттеп-білуге негізделетінін айту керек.

      Адамзат қоғамының даму тарихында мемлекеттердің сыртқы саясат мәселлерінде оның маңызды құралының бірі-дипломатия әрқашан бірінші орында келеді. Бір-бірімен жанжалдасып қалған мемлекеттердің, тұтастай халықтардың тағдыры осындай мәселелердің тиімді шешілуіне тікелей тәуелді болады.

      Барлық  мемлекеттердегі орталық және шетелдердегі орган түріндегі дипломатиялық  аппараттарды (Сыртқы істер министрлігі, елшіліктер, миссиялар, консульдықтар) дипломатиялық қызметтердің негігі жетекшісі және орындаушысы ретінде  айтуға болады, оларда арнайы жасақталған және дайындалған дипломатиялық кадрлар тұрақты  жұмыс істейді. Мұндай кадрлардың жұимыс жүйесі мемлекеттің дипломатиялық қызметін құрайды және ол мемлекеттік қызметтің маңызды бөлігі болып табылады. Дипломатиялық аппарат-бұл мемлекеттік аппараттың бір бқлігі, оның қызметінің бағыты мен мазмұны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымымен айқындалады.

      Дипломатиялық аппаратты жетілдіру, дипломатиялық  кадрларды іріктеу мен дайындауды жақсарту, дипломатияның ең озық тәжірибелерін  зерттеу және пайдалану, оның ғылыми негідерін дайындау және дамыту-халықаралық мәселелерді бейбіт жолдармен шешу үшін және бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүру саясатын нығайту үшін дипломатияны қолдануға мүдделі барлық мемлекеттердің алдына қойған маңызды міндеттері болып табылады.

      Дипломатия-бұл мемлекеттің сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің құрамдас бір бөлігі. Сыртқы саясат дипломатияның мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және сол арқылы іс жүзіндегі шаралар жиынтығын, сондай-ақ сыртқы саясатта қолданылатын нысандарды, құралдар мен әдістерді айқындайды.

      Өркениетті  әлемдегі дипломатиялық тәжірибе тәуелсіз мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мүдделерінде дипломатиялық қызметтің дәстүрлі әдістерінің және жаңа нысандар мен  әдіс-тәсілдерінің қолданылып келе жатқанын көрсетіп отыр. Дипломатиялық қатынас пен талқылаудың түрлі нысандары ерекше маңызға ие болуда. Оларға мемлекет басшыларының кездесуі, мемлекеттер арасында жүргізілетін жоғары  деңгейдегі  көп жақты келіссөздерді жатқызуға болады.

      Дипломатиялық қызмет нормативтік қамтамасыз етуге, халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне қатысты олардың жүзеге асу тәртіптеріне мұқтаж болуда. Көптеген ғасырлар бойы осы құқықтық нормалар реттеу заты бойыншасалыстырмалы түрде тұрақты және дербес саланы жасап шығарды. Азіргі таңдағы дипломатиялық құқық халықаралық құқық салаларының ішіндегі анағұрлым жүйеленген және  үдемелі дамыған салалардың бірі. Дипломатиялық құқық-бұл құқықтың байырғы салалардың бірі. Ол ең алдымен елшілік құқық ретінде пайда болып, дамыған еді. ХХ ғ. басына қарай елшілік құқық дипломатиялық құқыққа айналды.

      Дипломатиялық құқық-бұл халықаралық қатынасқа қатысушы халықаралық құқық субъектілерінің еркін білдіретін қағидалар мен нормалардың халықаралық құқық субъектілерінің келісім және қамтамасыз ету нәтижелерінде бекітетін жиынтығы; бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүруді қолдау және нығайту мақсатындағы ресми органдарының жағдайы мен қызметін (функциялары мен мәртебесін) реттейді.

      Бірқатар  оқулықтар мен оқу құралдарында «сыртқы қатынас құқығы» деген ұғым кездесіп қалады. Сыртқы қатынас құқығы тұжырымдамасы халықаралық өмірдің  нақты жағдайлары объективті түрде осы саладағы халықаралық құқық нормаларының  жүйеленуі мен үдемелі дамуы осы саланың мемлекеттердің шетелдерде тіркелген дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің қызметін ғана емес, сонымен бірге сыртқы қатынастың ішкімемлекеттік органдарының, арнайы миссияларының, халықаралық конференциялардағы делегацияларының, халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттердің өкілдіктерінің және солардың жанындағы тұрақты бақылаушылар миссиясының қызметін реттеуге біртіндеп жол қойылатындығында. Міне, сол арқылы ғылыми айналымға «сыртқы қатынас құқығы» деген кеңірек ұғымды енгізуді түсіндіруге болады.

      Шарт  және салт-дәстүр дипломатиялық құқықтың негізгі қайнар көздері болып табылады. 1961 ж. дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясы дипломатиялық қызмет саласындағы негізгі қайнар көздің бірі. Сонымен қатар, дипломатиялық құқық мемлекеттердің арнайы миссияларының қызметін, сондай-ақ халықаралық конференциялардағы өкілдіктердің құқықтық мәртебесін реттейді. Ол, ең алдымен 1969 ж. арнайы миссиялар туралы Конвенция, мемлекеттер өкілдіктерінің әмбебеп сипаттағы халықаралық ұйымдарымен қатынастары тураы 1975 ж. Вена Конвенциясы.

      Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оның жариялауы шетел мемлекеттерімен саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да қатынастарын дамытты. Сондықтан халықаралық қауымдастықпен қатысу нысандары мен тәсілдерін жаңарту қажеттілігі пайда болды. Халықаралық қатынастардың ұлғаюы, шетелдерде қазақстандық өкілдіктердің көбеюі мен қазақстандық азаматтар санының артуы дипломатиялық және консулдық қызметтің мазмұнына сапалық өзгерістер енгізді. 1993 ж. көктемінде Казақстан сыртқы саясатты жүзеге асыру саласындағы халықаралық стандартқа қосылды. Дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Вена Конвенциясына және консулдық қатынас елшілік, миссия немесе консулдық аймақ деңгейіндегі  қатынастар орнатады. Дипломатиялық қатынастарда біз түрлі нысандарды қолданамыз. Мәселен, Қазақстан Республикасының Президентіне  мемлекет басшылыарының (АҚШ, Жаңа Зеландия) жеке жолдаулар, дипломатиялық қатынас орнату жөніндегі Сыртқы істер министрлігінің біріккен мазмұндамалары (ҚХР, Испания, Австрия), дипломатиялық қатынас орнату жөніндегі хаттамалар (Моңғолия, Франция, Үндістан), ноталар алмасу (ОАР, Египет, Израиль) дипломатиялық қатынастарды орнату нысандары болды. Консулдық қатынастар үшін консулдық конвенцияларға қол қою (Ресей Федерациясы, Венгр Республикас), визаларды өзара мойындау туралы келісімдер (Грузия Республикасы, ТМД елдері), азаматтардың өзара сапарлары және визалар берудегі өзара түсіністіктер туралы меморандумдар (Пәкістан Ислам Республикасы, Иран Ислам Республикасы), консулдық шарттар (Украина, Түркменстан) консулдық қатынастар орнатудың кең таралған түрлері.

      Шетел мемлекеттерінің тәжірибелерін  ескере отырып Қазақстан дипломатиялық  және консулдық қызметтерді ұйымдастыру жөнінде өз заңдарын қабылдауда, сыртқы саяси ведомство-Сыртқы істер министрлігінің жұмысын жетілдіруде, консулдық заңдастыру туралы арнайы нұсқаулық материалдарын жасауда; Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел адамдарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты құжаттарды Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы сұрату тәртібі туралы; Қазақстан азаматтарын шетелдерде есепке алу және тіркеу туралы; Қазақстан азаматтарының шетелде тұрғылықты тұруларына рұқсат  беруді ресімдеу туралы және т.б. жөнінде арнайы нұсқаулық материалдар дайындайды. Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет Ұлттық заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардағы азаматтардың кәсіби қызметі. Біздің мемлекетіміздегі дипломатиялық лауазымға тағайындау тәртібі халықаарлық стандарттарға сай. Мәселен, дипломатиялық қызметке жоғары білімі бар, шет тілдерін білетін, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті қабілеттері бар азаматтар тағайындалады. Біздің ойымызша, жақын болашақта, біз арнайы жоғары білім және мемлекеттік тілді білу сияқты талаптарды да қоса айтатын болармыз. Мұндай өзгерістердің болуы уақыт талабы. Сыртқы істер министрін тағайындау тәртібі, дипломатиялық қызметті өткеру және тоқтату ерекшеліктері, дипломатиялық қызмет қызметкерлерін қамтамасыз ету, кепілдік беру және өтемақылар, құқықтар мен міндеттер көлемі, жауапкершілігі мемлекеттік қызметтің осы бөліміне ерекше жағдайды қамтамасыз етеді.

      Біздің  мемлекетіміздің дипломатиялық  және консулдық қатынастарын шетел  мемлекеттеріндегі өкілдіктер мен  халықаралық ұйымдардағы өкілдіктер қаматамасыз етеді; Қазақстанның БҰҰ қызметіне қатынасуы, мемлекет мүддесін  сыртқы саясаттағы түрлі мәселелерінде қамтамасыз етеді. Дипломатиялық құралдар мен тәсілдер арқылы мемлекеттің халықаралық бейбітшілікті, ұжымдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әрекеттерін жүзеге асырады.

      ІІ. Сыртқы қатынас  органдары

      Сыртқы  қатынастарда мемлекет өзінің тәуелсіздігі арқылы халықаралық құқық субъектілікке  ие болатын бүртұтас құрылым ретінде  көрінеді. Сыртқы қатынас органдары  мемлекеттің шетелдегі өкілдіні ретінде болады және олардың құзыреттері  шегінде іске асырылатын барлық әрекеттері мемлекеттің шетелдегі өкілінің әрекеті ретінде қарастырылады және оған халықаралық құқық нормаларына орай жауапкершілік жүктейді. Кез келген мемлекеттің сыртқы қатынас органдары ішкі мемлекеттік (немесе орталық) және шетелдік болып екіге бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы сыртқы қатынастың ішкі мемлекеттік органдарына мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет басшысы және Үкімет, Сыртқы істер министрлігі-мемлекеттің сыртқы қатынасын тікелей жедел басқаратын орган.

      Мемлекеттің шетелдік сыртқы қатынас органдары, өз кезегінде тұрақты және уақытша  болып бқлінеді. Қазақстан Республикасындағы  тұрақты сыртқы қатынас органдарына  Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері (елшіліктер мен миссиялар); консулдық мекемелер, тұрақты өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты бақылаушылар миссиясы жатады. Осы топқа сауда өкілдіктері де жатқызылады.

      Мемлекет  басшысының өкілеттіктері-Қазақстан Республикасының Президентінің, Парламентінің, Үкіметі мен Үкімет басшысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, тиісті нормативтік актілермен белгіленген. Бұл мәселелер конституциялық және әкімшілік құқықтарда егжей-тегжейлі зерттелген.

      Сыртқы  істер министрлігі-Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу  жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды және сыртқы қатынастар саласындағы мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі басшылығымен жүзеге асырады. Жалпы мәселелер жөніндегі министрліктің қызметіне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі басшылық жасайды. Өз қызметінде Министрлік Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Срытқы істер министрлігі туралы Ережені, дипломатиялық қызмет туралы 2002 жылғы заңды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің негізгі міндеттері мыналар болып  табылады:

  • Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне тиісті ұсыныстарды тапсыру;
  • Қазақстан Респбликасының сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті үшін Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясын жасау, Президенттің халықаралық бастамаларын жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасынығ егемендегіні, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарындағы және халықаралық аренадағы мүдделерін қорғауды дипломатиялық құралдар мен әдістермен қамтамасыз ету;
  • Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық және консулдық қатынастарын, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
  • Шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдарменқатынастарда Қазақстан Республикасының біртұтас сыртқы саяси бағытты жүргізуін  қамтамасыз ету мақсатында  атқарушы өкіметтің басқа да органдарының қызметін үйлестіру және жұмысына бақылау жасау.

      Мұнан басқа, Министрліктің қызметін мынадай  міндеттер кіреді: Қазақстан Республикасының құқықтық іс-тәжірибесінде халықаралық нормаларды жүзеге асыруға жәрдемдеседі, республика заңдарын жетілдіру, оларды Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарды даярлайды.

      Министрлік Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен мемлекеттік қауіпсіздігі құқықтық тәртіпті қорғауды, айналадағы ортаны сақтауды қаматамасыз ету, Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттерменжәне халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық және қаржылық байланыстарын, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге де алмасуларын дамыту мен кеңейту жөніндегі нақты іс-шараларды әзірлеуге қатысады, халықаралыө бейбітшілікті, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті, сонымен бірге Қазақстан Республикасының БҰҰ мүшесі, жалпы еуропалық және басқа да аймақтық процестердің қатысушы ретінде қаматамасыз етеді, Қазақстан Республикасының БҰҰ, басқа да халықаралық ұйымдарының, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз етеді, аштық пен артта қалушылықпен, халықаралық терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен және есіркілердің заңсыз айналымымен күресу, сондай-ақ экологиялық жағдайы нашар және техногендік апаттар аймақтарындағы салдарды жою жөніндегі халықаралық акцияларға қатысады.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратының құрылым  мынадай болады:

  • Басшылық;
  • Әкімшілік және бақылау департаменті;
  • Консулдық қызмет департаменті;
  • Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратын және оның Шетелдегі мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаменті;
  • Бірінші департамент (БҰҰ және халықаралық экономикалық ынтымақтастық Басқармасы, Халықаралық қауіпсіздік Басқармасы)
  • Екінші департамент (Еуропа және Америка Басқармасы, Мемлекеттік хаттама басқармасы);
  • Төртінші департамент (Азия, Таяу Шығыс және Африка Басқармасы, Шарттық-құқықтық басқарма).

      Дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекетке келген елші Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік  хаттама басқармасының меңгерушісіне  бірінші кіріп, одан сенім грамотасын тапсырудың бекітілген тәртібін сұрайды. Сенім грамотасы-бұл елші немесе уәкілдік сыныбындағы дипломатиялық өкілдік асшысына оның өкілдік сипатын және шетелдік мемлекетте тікелініп кәуландыруға берілетін құжат. Сенім грамотасын тапсыру актісі елшінің өз міндеттерін орындауға кірісу актісі болып есептеледі.

      Елшілік және миссия-бұл дипломатиялық өкілдіктің екі түрі. Қазақстан Республикасының Елшілігі сыртқы қатынастағы мемлекеттік орган және дипломатиялық өкілдік орналасқан еліндегі  оның жоғарғы дипломатиялыққ өкілдігі болып табылады. Елшілік өз қызметінде дипломатиялық қатынас туралы 1961ж. Конвенкия ережелерін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының қаулылары мен бұйрықтарын, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің нормативтік құжаттары мен нұсқауларын басшылыққа алады.

ІІІ. Дипломатиялық өкілдіктердің  міндеттері,

артықшылықтары  және иммунитеттері.

      Дипломатиялық өкілдік пен оның персоналының мәртебелерінің дамыған шарттық негіздерінің болуы дипломатиялық іс-тәжірибенің сұранысын толық қанағаттандырады деген тұжырымдама дұрыс емес деп ойлаймыз. Дипломатиялық өкілдік институты эволюциясының себеп-салдарына мыналар жатады:

  • Мемлекеттердің өзара тәуелдлігінің күшеюі;
  • Мемлекеттер арасындағы байланыстардың дамуы.

      Дипломатиялықөкілдік  дипломатиялық өкілдік орналасқан елдені мемлекеттің өкілдіне қызметін жүзеге асырады. Өз еммлекетінің, оның ұйымдарының, өкілдіктерінің, заңды  және жеке тұлғаларының мүдделерін халықаралық құқық рұқсат беретін шектерде қорғайды. Дипломатиялық өкілдік қыметі мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени, ғылым және басқа салалардағы қатынастарының дамуына жәрдемдесуі керек.

      Иммунитетұғымы  дипломатиялық және консулдық құқытағы негізгі ұғымдардың біреуі, immunitas деген латын сөзі тәуелсіз, тартылмайды деген мағынаны береді. Халықаралық келісімдерде белгіленген артықшылақтар мен иммунитет сөздерін айыра білу керек. Артықшылықтар деп мемлекет басшылары мен олардың өкілдіктерінің ерекше құқықтық артықшылығын айтамыз. Иммунитет деп мемлекет басшыларының, үкімет басшылары мен мүшелерінің, шетел мемлекеттерінің парламент мүшелері мен қкілдерін, сондай-ақ шетелдегі мүліктер мен мемлекеттік кемелердің дипломатиялық өкілдік орналасқан елдің сотының, қауіпсіздік қызметінің қаржылық аппараттының мәжбүрлі әрекеттерінен қорғалуын, оның ішінде талап-арыздан, қамаудан, тінтуден, жауап алудан және т.б. қорғалуын айтамыз.

      Халықаралық құқық доктринасында дипломатиялық  өкілдіктер мен олардың персоналдарының мәртебелерін халықаралық-құқықтық реттеу үрдістері бар. Халықаралық-құқықтық реттеуге 2 үрдіс тән: біріншісі, иммунитеттер мен артықшылықтарды шектеуге бағытталса, екіншісі-оларды дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда мынадай үрдістер бар:

  • Батыс елдерінің көпшілігі дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар аясын кеңейтудіжақтайды. Дипломатиялық өкілдіктердің қалыпты қызмет етуін тұрақты  және сенімді қамтамасыз етуге ұмтылу шетел дипломатиялық өкілдіктерінің иммунитеттері мен артықшылықтарын өрескел бұзушылықтар болмаған жағдайда көрініс табады.
  • Екінші жағынан алғанда, жетекші батыс мемлекеттерінде, әсіресе, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Франция елдерінде дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтарды әкімшілік құқық нормалары арқылы шектеуге бағытталған саясат бара-бара ашық жүргізіліп келеді.

      Дипломатиялық, әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетуші  персоналдардың негізгі  иммунитеттері мен  артықшылықтары жүйесі. Мәселен, дипломатиялық персоналдың иммуниттері мен артықшылықтарын анықтауда жеке басына қол сұғылмаушылық, юрисдикциядан және дипломаттың қылмыстық жауапкершілікке тартылудан иммунитетті шектеу мүмкіндігінің иммунитеттері басты мәселлер болып табылады. Әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетуші персоналдардың артықшылықтар мен иммунитеттері жөніндегі мәселерді қарастырғанда  персоналдар санатын белгілеу қызметтік иммунитеттер проблемалары туралы мәселлерді айқындау қажет.

      Дипломатиялық өкілдік мәртебесінің кейбір проблемалары.

      Осы заманғы қатынастардың іс-тәжірибесі мен теориясында дипломатиялық өкілдіктің ішкікүзет мәртебесі туралы мәселе талқылануда; дипломатиялық өкілдік ғимаратында баспана беру және паналатудың осы заманғы кейбір үрдістер айқындалуда.

      Халықаралық дәстүрде дипломатиялық өкілдіктер ішкі өмірлерін өз қалаулары бойынша  және өз елінің салт-дәстүрлеріне сәйкес ұйымдастыруына берілген артықшлықтарды пайдаланады. Осы артықшылыққа сілтеме жасай отырып,  дипломатиялық өкілдіктің ішкі кұзетін құруға рұқсат беруді түсіндіруге болады. Дипломатиялық өкілдіктің ішкі күзетін ұйымдастыру бүгінгі таңда кеңінен таралғанын айту керек және оған мемлекет тарапынан қарсылық та жасалып отырған жоқ.

      Дипломатиялық іс-тәжірибеде тіркеуші мемлекет пен  дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекет арасында дипломатиялық өкілдіктің ішкі күзетін ұйымдастыруды және  оның мәртебесін реттейтін екі жақты келісім жасасу сирек болса да кездесіп тұратын құбылыс. Ішкі күзеттің дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекет құзіретіне қатысты қызметінің кейбір аспектлері тіркеуші мемлекет пен дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекет арасындағы қатынастарда өткір дау-жанжалды жағдайларды жиі туындатады. Оларға мыналар жатады:

  • Ішкі күзет құзіретінің шегі туралы мәселе, әсіресе мәжбүрлі әрекеттерді қолданған жағдайларда.
  • Ішкі күзеттің қаруды әкелу, сақтау, алып жүру және  қолдану мәселелері реттелмеген.
 

ІV. Сауда өкілдіктерінің, арнайы миссиялардың

құқықтық  мәртебесі 

      Бұрыңғы КСРО сыртқысаяси қызметін жүзеге асыруды  бастаған кезде сауда өкілдіктері  мемлекеттің шетелдегі сырқы  экономикалық қызметтерінде монополия  құқығын жүзеге асыру үшін құрылған болатын. Сөйтіп, сауда өкілдігі мемлекеттің шетелдегі өкілдігі болып табылады және осы мемлекеттің сыртқы сауда саласындағы қызметтерін жүзеге асырады. Сауда өкілдігі тиісті мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз қызметін елшінің жалпы жетекшілігімен жүзеге асырады. Сауда өкілдігін үкімет тағайындайтын сауда қкілі басқарады.

      Сауда өкілдігінің негізгі міндеттер  мынадай:

  • өкілдік орналасқан мемлекетте сыртқы экономикалық қызметтің барлық мәселелері бойынша мемлекет мүддесін көрсету және олардың қорғалуын қамтамасыз ету;
  • өз мемлекетінің сыртқы экономикалық саясатын тиісті елдерде тиімді жүзеге асыру;
  • өзі өкілдік ететін ел мен өкілдік орналасқан елдің арасындағы экономикалық қатынастардың дамуына жәрдемдесу;
  • сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің өз мемлекеттерінің мүдделерін сақтауына бақылау жасау және олардың өкілдік орналасқан елдегі әрекеттерін үйлестіру;
  • өз мемлекетінің экономикалық мүдделерін қорғау және басқалары.

      Жоғарыда  аталған міндеттерге сәйкес, сауда өкілдіктері шетеле бірқатар қызметтер атқарады. Оларға мыналар жатады:

  1. Сыртқы сауда айналымына қатысатын ұйым үшін сыртқы сауда бойынша операциялар жүргізу.
  2. Сыртқы сауда айналымына қатысатын мекемелерге мәмілелер жасау үшін рұқсат беру.
  3. Сыртқы саудаға дербес шыға алатын ұйымдардың қызметін реттеу және бақылау.
  4. Тауарлар әкелуге рұқсат беру, тауарлардың өтуі туралы куәліктер, тауарды транзиттік тасымалдауға рұқсат беру.
  5. Өкілдік орналасқан  елде сыртқы сауда айналымына қатысатын ұйымдардың сыртқы сауда туралы заңдарды орындауын бақылау.
  6. Сыртқы сауда мүдделері үшін сауда өкілдігінің өкілдік орналасқан елдің жалпы экономикалық шарт-жағдайларын және сауда конъюнктурасын зерттеуі және басқалары.

      Елшіліктің  бір бөлігі ретінде суда өкілдіктері  дипломатиялық қатынас туралы 1961 жылы Вена Конвенциясына сәйкес, дипломатиялық өкілдіктерге берілетін барлық артықшылықтар мен иммунитеттерді толық көлемде пайдаланады.

      Сауда өкілдіктерін мүдделі мемлекеттер  халықаралық шарт негізінде құрады. Егер өкілдік орналасқан елде мемлекеттің елшілігі немесе консулдығы болмаса, онда сауда өкілдігі дербес жұмыс істейді.

      Арнайы  миссиялар-сыртқы қатынастардың шетелдегі уақытша органдардың бір түрі, ол араларында айқындалатын нақты міндеттерді орындауы үшін бір мемлекеттің екінші мемлекетке жіберетін өкілдерінен тұрады.

      Дипломатиялық қатынастардың даму тарихы осы арнайы миссиялар дипломатиясы түрінде  пайда болған еді. Арнайы миссиялар  нысандары бойынша әр түрлі болйып келеді., ал кейде өзінің әр түрлі  болуымен дипломатиялық өкілдікті толықтырады немесе ауыстырады. Мысалы, арнайы миссиялар туралы 1969 жылы Конвенцияның 7-бабына сәйкес, арнайы миссиялар дипломатиялық өкілдіктер болмаған жағдайда, сондай-ақ оны мемлекет немесе үкімет мойындамаған жағдайда қызмет етуі мүмкін. 

      V. Консулдық құқық ұғымы, қайнар көздері 

      Бүгінгі таңда, экономикалық байланыстардың дамуына  орай, сыртқы саясатты жүргізуде сыртқы қатынастың мемлекеттік органдарына, оның ішінде консулдық қызметке маңызды  рөл берілген. Мемлекеттер консулдық  қатынастарды және консулдықтың лауазымды адамдардың артықшылықтары мен иммунитеттеріне байланысты қатынастарды реттеу жөнінде көптеген келісімдер жасады.

      Консулдық қатынас мәселелері жөніндегі мемлекеттердің халықаралық келісімдері, дәстүрлі және ішік мемлекеттік заңдардың белгілі бір нормаларының жиынтығы консулдық құқықтың негізін қалайды.

      Консулдық құқық-бұл консулдық мекеменің құқықтық жағдайын, сондай-ақ консулдықтың лауазымды адамдарын тағайындауды қызметтерін, артықшылықтары мен иммунитеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығы.

      Консулдық құқықтың қайнар көздері мемлекеттердің халықаралық шарттары, салт-дәстүрлері мен ұлттық заңдар жатады. Халықаралық  құқық іс-тәжірибесінде консулдық  мәселелер бойынша көпжақты конвенция  жасап шығаруға талпыныс жасалды. Оларға Консулдық қызметтер туралы 1911 ж.Каракас конвенциясын, Консулдық шнеуніктер туралы 1928 ж. Гавана конвенциясын жатқызуға болады. Жоғарыда аталған құқықтық актілер әмбебеп сипат алған жоқ. Еуропа Экономикалық Қауымдастығы елдері арасында асалған Консулдық қызмет туралы 1967 ж. Еуропа конвенциясы да аймақтық сипатта болған еді.1963 ж. халықаралық қауымдастық Венадағы БҰҰ конференциясында консулдық құқықты жүйелеуге тағы бір әрекет жасап көрді, рның нәтижесінде Консулдық қатынас туралы Конвенция қабылданды.

      Келісуші  мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес консулық лауазымды  адам өзіне жүктелген міндеттерді  орындайтын консулдық мекеме орналасқан мемлекеттік белгілі бір аумағын  консулыдқ округ деп айтады.

      Консул-бұл басқа бір мемлекеттің белгілі бір аумағына келісіммен тағайындалатын мемлекеттің лауазымды адамы, ол осы ауданда өз мемлекетінің, заңды және жеке тұлғаларының мүдделерін қорғайды, саяси, экономикалық, ,ылыми, мәдени және басқа да байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі. Консулдың қызметін өкілдігін жіберген мемлекет бақылау жасайды. Консулдардың бірнеше түрлері болады. Бас консул-бас консулдықтың басшысы, оның құқықтық жағдайы консул жағдайымен ұқсас келеді. Штаттан тыс консул-дипломатиялық қызметте тұрмайтын, бірақ өкілдігін жіберген мемлекеттің тапсырмасы бойынша және консулдық мекеме орналасқан мемлекеттің келісімі бойынша консулдық міндеттер атқаратын адам. Штаттан тыс консул өз міндеттерін орындаған кездерінде ғана берілетін жеке басына қол сұғылмаушылықты қоспағанда, штаттағы консулдар сияқты артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады. Жеке консул-дипломатиялық өкілдіктен дербес консулдық мекемені басқаратын адам. Оны арнайы құжат арқылы-консулдық мекеме басшысы қызметінде тағайындауды растайтын патент, құжат негізінде жұмысқа тағайындайды. Бөлім консулы-консулыдқ бөлімді басқару тапсырылған дипломатиялық қызметкер. Вице-консул бөлім консулы ретінде қызмет ете алады, алайда көбіне ол дәрежесі жоғары консулдық қызметкерлердің көмекшісі ретінде қызмет атқарады. Консулдық агент-атташе, әдетте қосалқы міндеттерді орындайды, ол кейбір мемлекеттердің іс-тәжірибесінде кездесетініндей, жеке постыда жұмыс істейтін болса, жақын консулдық немесе дипломатиялық өкілдікке бағынады.