Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу
Жоспары
КІРІСПЕ ..............................
- ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДІ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ
- 1.1 Келіссөздерді жүргізу әдістері және олардың тактикалары........4
- 1.2 Келіссөздер жүргізудегі үшінші тараптың рөлі: «үшінші тарап» түсінігі, мәні мен мақсаттары....................
.............................. .....................7 - 1.3 Дипломатиялық қабылдаулар -дипломатиялық келіссөздер формасы ретінде.......................
.............................. .............................. ...........................9 - ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ РӨЛІ
- 2.1Дипломат сұхбаты келіссөздердің қайнар көзі ретінде: этика және тактика.......................
.............................. ........................ .............................. ..12 - 2.2 Қақтығыстарды шешудің келіссөздік жолы: batna және келіссөздер кеңістіктері..................
.............................. .……........................... ...................14 - 2.3 Қақтығыстарды реттеудің негізгі принциптері мен кезеңдері. Келісімдер түрі..........................
.............................. .............................. .........15 - 2.4 Келіссөздердің қорытынды құжаттары.....................
......................17 - ҚОРЫТЫНДЫ.....................
.............................. .............................. ...........19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Тақырыптың өзектілігі. Келіссөздер – дипломатиялық қызметтің негізгі формаларының бірі болып табылады. Халықаралық келіссөздер көптеген халықаралық мәселелерді шешудің негізгі құралы ретінде шыға алады. Халықаралық қатынастарды реттеуде дипломатиялық келіссөздердің рөлі жоғары. Дипломатия қарастырылып отырған мәселе бойынша келісімге келу, ақпарат алмасу, даулы мәселелерді шешу секілді мемлекеттер, мемлекеттің өкілдері арасындағы процесс болып табылады. Келіссөздердің дипломатияның құралы ретіндегі маңыздылығы көптеген мемлекеттік қайраткерлер мен дипломаттармен айтылған. Келіссөздер туралы ежелгі философтар, содан кейін «халықаралық құқық әкейлері» де айтқан еді. Осы салада арнайы жұмыстар XVIII (б.з.912) пайда болған.
Мемлекеттердің сыртқы саясатының ерекше сипаттамасына дипломатиялық келіссөздерді жүзеге асыру маңыздылығының өскені байқалады. Көптеген дипломаттар мен ғалымдар келіссөздердің арнайы теориясын құру қажеттілігін айтады. Дипломатиялық келіссөздердің мақсаты – халықаралық сахнада пайда болған сұрақ төңірегінде келісімге келу. Сонымен қатар, дипломатияда келіссөздерді жүргізудің сан түрлі әдістері мен жолдары бар.
Қазіргі Қазақстан дипломатиясының шарықтауында дипломатиялық келіссөздер мен оларды жүргізу ерекшеліктері маңызды орын алады. Дипломатиялық келіссөздерде Қазақстан дипломатиясы, әсіресе дипломатиялық келіссөздер жүргізуінің тактикасына көп көңіл бөледі.
Зерттеудің мақсаты. Келіссөздердің дипломатиялық қызметтегі негізгі формаларының бірі ретінде, оның маңыздылығын, жүргізілу әдіс-тәсілдерін, түрлері мен ерекшеліктеріне тоқталу, келіссөз нәтижесіндегі негізгі дипломатиялық құжаттардың түрлері мен дайындау ерекшеліктерін қарастыру. Халықаралық қатынастарды реттеуде дипломатиялық келіссөздердің рөлі жоғары. Сондықтан әр мемлекет келіссөздерді жүргізе білу қабілеті мен тәжірибесіне ие болуы тиіс. Сонымен келіссөздердің халықаралық мәселелер, соның ішінде қақтығыстар мен жанжалдарды шешудегі таптырмас құралдардың бірі. Қазіргі кезде аймақтық қақтығыстарды шешуде көп таралған келіссөздердің бірі - үшінші тараптың көмегін-делдалдықты пайдалану.
Зерттеудің міндеті. Курстық жұмыстың міндеттері:
- Дипломатиялық келіссөздер, оларды жүргізу;
- Келіссөздердің ерекшеліктерін ашып көрсету;
- Халықаралық қатынастарда және саясатта келіссөздердің маңыздылығын көрсету;
- Келіссөздер нәтижесіндегі негізгі дипломатиялық құжаттар және олардың ерекшеліктеріне тоқталу.
- Дипломатиялық келіссөздер жүргізудің ерекшеліктерін сараптау.
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық тәжірибесіндегі келіссөздер рөлін ашып көрсету.
Зерттеудің деректік негізі. Курстық жұмысты жазу барысында көптеген дерек көздері қолданылды, олардың қатарына – дипломатиялық келіссөздерді жүргізу ерекшеліктеріне арналған теоретикалық зерттеулер және ҚР Сыртқы істер министрлігінің құжаттары кіреді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Курстық жұмысты жазу барысында Захарова Л.М., Коновалова А.А. өзінің «Основы дипломатической и консульской службы» еңбегінде дипломатиялық және консулдық қызметтің негізгі қағидалары, айырмашылығын айтса, Фишер Р., Юри У. - « Путь к согласию или переговоры без поражения» - кітабында дипломатиялық келіссөздерге бару жолдарын ашық нақтылай көрсеткен. Загорский А.В., Лебедева М.М. «Теория и методология анализа международных переговоров» кітабында болса халықаралық келіссөздерді методологиясы мен теориясына талдау жасаған. “Дипломатический словарь” деген кітапта көбіне дипломатиялық келісөздегі қолданылатын сөздер, арнайы дипломатиялық тұрақты тіркестерге тоқталған.
Зерттеудің методологиялық ңегізі. Бұл курстық жұмыста когнетивті анализ, яғни саяси тұлғаның саяси мәселелері бойынша айтқан мақалалары қолданылды. Екіншіден - контентті анализді қолданылды.. Бұл Эксплатативтік әдістің түрі. Ол бойынша –жазбаша мазмұны бар тексттерді жүйеге келтіріп зерттеу. Үшіншіден –Эксплатативті әдістің инвент тәсілі бойынша – нақты бір сюжетті алып, қандай жағдай, қай жерде, қашан болғандығы жайлы талап жазылды. Одан басқа тарихи, жүйелеу, талдау, салыстыру, қорытындылау әдістері қолданылған.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу негіздері
1.1 Келіссөздерді жүргізу әдістері және олардың тактикалары
Халықаралық келіссөздері үш тактикалық түрге бөлінеді:
- бастапқы позиция келіссөз басында болады, сосын өзгерістер енгізіледі;
- келіссөздер барысында бастапқы позиция өзгеріссіз қалады, алайда соңғы моментте компромиске деген дайындығы байқалады;
- бастапқы позиция өзгермейді және келісімді басқа мүшелер қабылдайды.
Бірінші позицияда, бастапқы позиция асырмалы болуы мүмкін, ал ол мемлекет-мүшесіне жеңілдікке баруға мүмкіндік береді. Алайда, ондай тактика әрқашанда нәтижелі бола бермейді, өйткені басқа мүшелер, олардың біреуі жеңілдікке барса, онда олар өз талаптарын қаталдау қылуы мүмкін. Нәтижеге қол жеткізу екінші нұсқада ғана мүмкін бола алады, яғни делегацияның барлық мүшелерінің позициялары мен мүдделері жан-жақты ескерілгенде. Егер бірінші және екінші нұсқалар компромисстерді, жеңілдіктерді қарастырса, онда үшінші нұсқада ондай мүмкіндікті қарастырмайды. [1, с, 24].
Америка зерттеушілері Р.Фишер мен У. Юри келіссөздердің тағы да үш нұсқалуарын назарымызға ұсынады:қатаң, жұмсақ және принципиалды.[2, с, 48].
Қатаң кезде келіссөзшілер қарсыласушылар ретінде қарастырылады, ал келіссөз қорытындысы – жеңіс. Тараптардың әрқайсысы жеңілдікті талап етеді, өз позицияларына берік болады, сонда ғана қарсыласы сөзсіз оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады.
Жұмсақ әдіс қатаң әдіске қарама-қайшы болады. Ондай нұсқада келіссөзшілер келісімге жету үшін өзара жеңілдіктерге бара алады. Ондай келіссөздердің мақсаты – достық қатынасты сақтау.
Екі жүріс тиімді және конструктивті емес немесе қабылданған шешімдер компромисс сияқты болады, ал ол шын мәнінде тараптар мүдделерін атқармайды.
Ең нәтижелі әдіс- принципиалды жүріс болып табылады, онда саудаласу болмайды, позицияларға емес тек мүдделерге назар аударылатын келіссөз болады. Ондай келіссөздің мақсаты – партнерлердің мүдделерін ескере отырып проблеманы ортақ шешу.
Енді келіссөздер нұсқауларына назар аударсақ:
Қатаң әдіс |
Жұмсақ әдіс |
Принципиалды әдіс |
|
Тараптар-қарсыласушылар |
Тараптар-достар |
Проблемаларды партнерлердің ортақ шешуі |
|
Мақсаты-жеңіс |
Мақсаты-келісім |
Мақсаты әділетті критерилерге негізделген рационалды шешім қабылдау |
Проблемаларды шешуде партнерлерге қатысты қатаң бағыт |
Проблемаларды шешуде партнерлерге қатысты жұмсақ бағыт |
Адамдардың проблемалардан бөлінуі, адамдарға қатысты жұмсақ, ал проблема-ға қатысты қатаң бағыт ұстау |
|
Партнерлерге сенбеу |
Партнерлерге сену |
Сенім деңгейіне қарамастан келіссөздер жүргізу |
Келіссөз процесінің барысында позицияларды сақтау |
Келіссөз процесінің барысында позицияларды өзгерту |
Альтернативті нұсқаларды қарастыру |
Қорқыту, ультиматумдар |
Ұсыныстар |
Объективті критерилер қолдану |
Жеңілдіктерді талап ету |
Жеңілдіктерге баруға деген дайындық |
Мүшелердің дәлелдерін назарға алу |
Сіз баратын шешімдерді іздеу және қысым қолдану |
Партнерлер баратын шешімдер іздеу |
Қысымға емес дәлелдерге жол беру |
Келіссөздер қалай табысты бола алады?
Біріншіден, мүшелер тек өзінің ғана емес, сондай-ақ әріптестің мүдделерін ескеру керек және де өзінің көзқарастарын идеалды көзқарас деп қарамау керек. Әрине олар өз позицияларынан бас тарту керек дегенді білдірмейді.
Екіншіден, принципиалды әдіс адамдардың проблемалардан бөлек болуын, адамдарға деген қатынастары өте жұмсақ, проблемаға деген қатынастары қатал, принципиалды болуы керектігін қарастырады.
Дауысы ырғағы сабырлы, берік аргументация, эмоцияның болмауы келіссөздерде қолайлы психологиялық климат тудырады.
Үшіншіден, өзара тиімді шешімге жету үшін көптеген альтернативті нұсқалар болуы керек. Егер келіссөздер қандай-да бір тарапқа тиімсіз болса, олар кез келген сәтте үзілуі мүмкін, сондықтан альтернативалар қоры болуы керек. Ал, нұсқалар қоры дайындық кезінде құрылуы керек. Әрбір жұмыс белгілі бір тактикаларды талап етеді. [2, с,105].
Келіссөздерді қатаң жүргізгенде адал емес әдістер де қолданылады, мәселен алғашқы талаптарды арттыру, бірақ олардың жартысын кейінірек шегінудіруге болады. Ондай кезде өз позициясында да өтірікті қолданады. Ол дегеніміз, салями әдісі партнерді өз позициясын бірінші болып аштыруын қарастырады, ал өз мақсаттары туралы ақпаратты, өте кішкентай үлеспен білдіруді қарастырады (колбасаны өте жұқа кескендей «салями» принципі).
Кейде келіссөздерді созу мақсатында немесе созу көмегін пайдаланбай ештеңені шешкісі келмесе, өз ұсыныстарынан бас тарту әдісін қолданады, серітес оларды енді қабылдауға кіріскенде.
Екінші реттік талқылау әдісі соңғы стадияда қолданылады, серіктес байқамаған екі ой құжатта болады. Ары қарай уағдаластық бұзылмайтын сияқты көрінгенмен, алайда бір тарапқа тиімсіз болады. Мұндай жағдай мүшелер ортақ пікірге келе алмағанда, келісімді дереу бекіту керек болған кезде орын алады. Осындай әдісті Г. Киссинджер конструктивті екі ойлылық әдіс деп атаған.
Қорқыту, ультиматумдар, шантаж - өткен уақыттардағы кең қолданылған әдістер, алайда бүгінгі күні де қолданылады (мықтысы әлсіз серіктесті қорқытады, ал бұл жиі-жиі нәтижелер әкеледі).
Мықты тарап дайындықты қажет етпейді, өз мүдделерін асыра бағалайды. Сонау XVII ғ венгер қолбасшысы, дипломат, ақын және публицист Миклош Зриньи: «егер қарсыласушы піл сияқты күшті болса, оған қарсы шық, ал егер бүрге сияқты әлсіз болса онымен кездесуге мұқият дайындалып бар». Сондай-ақ, қорқыту серіктесті төмендетеді, балағаттайды. Ал төмендету – құдіретті күш.
Қорқытқанда реакция да әрі болады: талаптарды орындау, қорқытуды елемеу, қарсыласушыны да қорқыту. Мұндай әдістер жақсы нәтиже бермейді.
Жұмсақ әдіс партнердің әрбір ұсынысын қабылдаттырады, жеңілдіктерге баруды, өз позициясын ашық көрсетуді қарастырады.
Егер бір тарап жеңілдік үстіне жеңілдік жасаса, онда басқа тараптарда серіктес келіссөзге дайын емес, немесе келіссөз оған қызықты емес, не болмаса оған келісім өте керек, сондықтан әрбір талапты орындауға дайын, я болмаса келісім өзі үшін де және тарап үшін де ұтыс деген ой қалыптасуы мүмкін.
Ал принципиалды келіссөзде тараптардың позицияларды мен мүдделері ортақ болып келеді.
Мәселелердің шешілуіне де мынадай тактикалық әдістер де септігін тигізе алады:
- ортақ зона шешімдерін іздеу (бастапқыда ортақ формула, сосын детальдар келісіледі);
- компромисстерді қолдану;
- партнерлердің өзара мүдделерін ескертетін ұсыныстарды енгізу;
- проблемаларды фрагменттерге бөлу.
Ең басында жеке элементтерді шешу мүмкіндігі қарастырылады.
Олардың біреуін шешу мүмкін болмаса, талқылау мен шешімді кейінге қалдырған жөн. Осындай жағдайда уағдаластық толық сипатта болмайды. Алайда, егер осы уағдаластық тараптарды біраз қанағаттындырса, уағдаластықты өзара қатынастарда алғашқы қадам деп санауға болады. Көпжақты келіссөздерде бәрін қанағаттыра алатын шешім табу өте қиын. Сондықтан олар блоктық тактикаға жүгіреді (ортақ мүдделері бар партнерлер ортақ блок болып шығады). [3, с, 38].
Қабылданатын шешімдер блоктың ішінде келісіледі, сосын блок арасында.
Егер серіктес өзін адал ұстамағандығы білініп қалса, «кір әдістерді ұстайды», оған солай жауап бермеу керек.
Ондай кезде:
- партнердің осындай тәртібінің себебін талқылау керек (кейде партнерлерді ауыстырады);
- келіссөздерде іскерлік атмосфера құру керек;
- кідіріс ұсыну керек, сол кезде сарапшылармен кеңес жүргізу керек.
Келіссөздер тактикасы дайындық кезеңінде де қарастырылуы керек, алайда көптеген зерттеулер, дипломаттар айтқандай, ол тоқтап қалмауы керек, әйтпесе уағдаластыққа жету процесі үзіліп қалуы мүмкін. [4, с, 95].
Қорытындылай келсек,
1.2 Келіссөздер жүргізудегі үшінші тараптың рөлі: «үшінші тарап» түсінігі, мәні мен мақсаттары
«Үшінші тарап» түсінігі өте кең және өзіне мынадай терминдерді қосады: «делдал», «келіссөз процесінің жүрісін бақылау», «арбитр».
Үшінші тарап қақтығысқа не дербес, не қақтығысушы тарапының өтініші бойынша шыға алады. Үшінші тараптың бірінші міндеті - тараптарды және қақтығыс проблемасын анықтау. [5, с,23].
Үшінші тараптың екінші міндеті – сол тараптардың өздерін шақыру, және олардың қарама – қайшы мүдделерін талқыға салу. Үшінші тарап қақтығысқа қатысушылардың біреуіне көмек көрсету үшін араласпайды, керісінше оған бейбіт реттеу мақсатында араласады.
Үшінші тараптың ықпалы әртүрлі болады. Ықпал ету құралдарының ішінде екі топ болады:
Бірінші топ -бейбіт шешімді табуға көмектесетін, көндіретін топ;
Екінші топ - мәжбүрлеу, қысым көрсету тобы болып табылады.
Бірінші топта қақтығысты реттеудің бейбіт құралдары бар: ізгі қызмет (добрые услуги); делдалдылық; тергеу және келісімді комиссия.
Ізгі қызмет және делдалдық орта ғасырлардан бастап кең таралған, және 1907 жылы Гаага конвенциясында да көрініс тапқан. Ізгі қызмет пен делдалдық көрсетуде үшінші тарап бастамашы болып, өзінің дауды шешудегі тиімді шарттарын ұсынады, қысымды бәсеңдетеді, бірақ оның дауды нақты шешуі, тараптар үшін міндетті болып табылмайды.
Бақылаушы да тараптар арасындағы қысымды
бәсендетіп, бұрын қабылданған
Қақтығысты бейбіт реттеу құралдарының тағы біреуі – комиссияның құрылуы.
Тараптармен паритетті түрде халықаралық тергеу комиссиясы құрылады, ал кейде үшінші мемлекеттің өкілі басшылығымен. Тараптар комиссия қорытындыларын өз қараулары бойынша қолдана алады.
Халықаралық келісімді комиссия тараптарға ұсыныстар бере алады, ал ол ұсыныстар тараптар үшін міндетті болып табылмайды.
Бейбіт реттеудің тағы бір дәстүрлі құралы – халықаралық арбитраж болып тыбылады, тәжірибеде оның табысы өте аз. Халықаралық арбитраж - дауды бейбіт реттеу мақсатында тараптармен еркін құрылған топ, оның шешімі тараптар үшін міндетті болып келеді. [5,с, 25].
Үшінші тарап ретінде жеке арбитр шыға алады, ол үшініші мемлекеттен құрылған арбитр тобы, қақтығысушы тараптардан паритетті негіздегі арбитр тобы және нейтралды төраға жанындағы - суперарбитр болады.
Сот талқылауы (разбирательство) негізінен третей сияқты, тек олардың айырмашылығы құрамындағы адамның санына байланысты.
Алғашқы тұрақты халықаралық сот - Халықаралық сот тұрақты Палатасы болып табылады, оның статуты Ұлттар Лигасында қабылданған 1920 жылы, 1921 жылы ол өз күшіне енді. Палата өз тіршілігін 1946 жылы ресми түрде тоқтатып, сол уақытта 30 мемлекеттің мүддесіне байланысты 65 жұмыс атқарыпты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, БҰҰ-ның Халықаралық Соты кұрылады.
Үшінші тарап сондай-ақ әртүрлі шектеулер мен мәжбүрлеу колдана алады, мысалы экономикалық көмек көрсетуден бас тарту, санкцияларды қолдану; тараптар үшін бітімгершілік күштерді енгізу.
Осы шаралар кейде уағдаластыққа қол жеткізгеннен кейін де, келісімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін тараптарға қолданылады .
Бейбітшілікті қолдау операцияларының жұмысы: бітімгершілік күштерін жіберу болып табылады.
Бітімгершілік күштері қақтығыс қарулы күреске айналғанда, жіберіледі. Мәселен, 1948 жылы (ООНВУП) БҰҰ-ның бітім шарттарын орындау бойынша бақылау Органы. 1992 жылы БҰҰ ЕҚЫК-ке бейбітшілік операцияларынын жүргізуге өкілдік берді.
Санкциялар енгізу: оларды халықаралық ұйымдар шешімдері бойынша немесе мемлекеттердің бастамалары бойынша енгізіледі. Санкция: сауда, қаржы, саяси санкциялар болып бөлінеді. Санкциялар негативті салдарларға әкеліп соқтыруы мүмкін
Біріншіден, санкциялардың конфликтті
саяси реттеу проблемаларын
Екіншіден, санкциялар конфликттің жалғасуын қолдайтын ұлттық лидердің күшеюіне әкелуі мүмкін.
Үшіншіден, санкциялар сол елдің экономикасына ғана емес, сонымен қатар оларды енгізіп отырған елдің де экономикасына кесірін тигізеді.
Қорытындылай келсек, конфликтті реттеу дегеніміз - элиталар арасында бейбітшілікті орнату.
Келіссөздер мен делдалдық әр тараптың ең жоғарғы деңгейінде(элиталар деңгейінде) жүзеге асырылуы қажет.
1.3 Дипломатиялық қабылдаулар – дипломатиялық келіссөздер формасы ретінде
Дипломатиялық қабылдаулар – үкіметтік, сыртқы істер ведомстволарының, дипломатиялық өкілдіктердің және дипломаттардың сыртқы саяси қызметтерінің жалпы қабылданған және кеңтаралған формаларының бірі.
Қабылдаулар елшіліктің қабылдаушы мемлекетпен байланысты әрі қарай дамытуына септігін тигізеді. Қабылдаулар маңызды оқиғалар (ұлттық мерекелер, юбилейлер, келісімдердің жылдығы, елге делегациялар немесе аса құрметті қонақ келгенде) кезінде өткізіледі. Қабылдауларда шетел дипломаттары өз елдерінің саясатымен таныстырады, қабылдаушы мемлекет туралы ақпараттар жинап, маңызды халықаралық проблемалар бойынша пікірлермен алмасады. [6, с, 12].
Біздің халықаралық хаттамада, барлық елдерде қабылдаулар күндізгі, кешкі, жайғастыру (рассадка), жайғастырмау қабылдаулары болып бөлінеді. Шампан бокалы ереже бойынша сағат 12 де басталып, бір сағат көлемінде болады. Бұл қабылдауға себеп ұлттық мерекенің жылдығы, елшінің кетуі, елге делегацияның келуі, көрменің ашылуы болуы мумкін.
Қабылдау кезінде қонақтарға шампаннан басқа тағы да басқа сусындар (шарап, шырында, минерал су) ұсынылуы мүмкін. Сусындар мен дәмтатымдарды даяшылар таратады. Бұл қабылдау өте қарапайым болғандықтан, үлкен дайындықты қажет етпейді.
Таңғы ас – дипломатиялық қабылдаудың ең кең таратылған түрі.
Танғы ас сағат 12-15 аралығында ұйымдастырылады. Таңғы ас менюі ұлттық дәстүр бойынша жасалынады. Меню екі-үш суық дәмтатымнан, бір балық немесе ет және десерттен турады.
Таңғы ас алдында қонақтарға шырындар ұсынылады. Таңғы ас барысында құрғақ жүзім шараптары, ал соңында шампан, кофе, шәй беріледі. Таңғы ас әдетте біржарым сағат жалғасады, бір сағат үстел басында, ал 30 минут кофе, шәйға арналады (кофе, шәй қонақ бөлмесінде де беріледі). Қонақтар ереже бойынша күнделікті киімдерінде келеді, егер киім формасы шақыруда ескерілмесе.
Кешкі қабылдаулардың бірнеше түрі болды.
«Коктейль» сағат 15-18 екі сағат көлемінде болады. Қабылдау кезінде, даяшылар сусындар мен суық дәмтатымдар таратады, ыстық тамақтар да берілуі мүмкін.
Кейде буфет ұйымдылады, онда даяшылар сусындар ұсынады. «а ля фуршет» қабылдауы «коктейль» сияқты сол уақыттарда өткізіледі. Алайда фуршетті қабылдауда ыстық тамақтары бар үстелдер жасалынады. Қонақтар үстелдерге өздері келіп, дәмтатымдар алып болған соң, басқалар алу үшін, ары қарай жүріп кете береді.
«Коктейль» және «а ля фуршет» қабылдаулары түрегеліп ұйымдастырылады. Соңында қабылдаудың салтанатын ерекше қылу үшін шампан, балмұздақ, кофе ұсынылады. Егер қабылдау ұлттық мереке болғанда немесе құрметті қонақ үшін жасалса, қабылдаудың соңында кішігірім концерт ұйымдастырылады немесе фильм көрсетіледі. Онда шақыру билеттерінде киім формасы ескеріледі. Түскі ас құрметті қабылдау түріне жатады. Әдетте ол сағат 20 немесе 20.30 басталады Түскі ас менюі ұлтық дәстүрлерге байланысты екі-үш суық дәмтатымдар, бірінші ыстық балық, бірінші ыстық тамақ және дсерттен тұрады.
Сусындар таңғы астағы сияқты беріледі. Түскі ас әдетте екі-үш сағат жалғасады. Үстелден кейін, қонақтар әнгімелесуге қонақ бөлмеге барады, онда кофе, шәй беріледі. Түскі аста қонақтар арнайы киім киеді (ерлер – смокинг және фрак, әйелдер – көйлек).
Кешкі ас сағат 21:00 де басталады. Обед – буфет кешігірім үстелге 4-6 адам жайғасады. Онда да дәмтатымдар, сусындар беріледі. Қонақтар дәмтатымдар алып өз қараулары бойынша үстелге жайғасады.
Мұндай қабылдау концерт, фильмнен кейін ұйымдастырылады. Кешкі қабылдауларға, сондай-ақ «шәй» 16-18 сағат аралығында ұйымдастырылады, ереже бойынша әйелдер үшін, Сырт Істер министрінің жұбайы елшілер жұбайларын «шәйға» шақырады. Қабылдаудың бұл формасы дипломатиялық өкілдіктердер басшыларының жұбайлары сыртқы істер министріне қоштасу сапарын жасағанда қолданылады. Шақырылулар санына сәйкес «Шәй» үшін бір немесе бірнеше үстелдер ұйымдастырылады. Онда конфеттер, печеньелер, жемістер, сусындар беріледі.
Халықаралық практикада «жур фикс» қабылдауы да кездеседі. Елшінің немесе сыртқы істер министрінің жұбайы бір мезгілге әрбір апта сайын қонақтарды күтеді.
Күзгі-қысқы мезгілге бір шақырылу бланкасы таратылады.
Дипломатиялық қабылдаулардың басқа да түрлері бар: музыкалық, әдебиетті, би кеші, дипломаттардың спорт жарыстарындағы кездесулері бар. Әрбір қабылдауға мұқият дайындалу керек. Қайда өткізілетінін, қонақтардың тізімі, алдын ала шакыруларды тарату, меню жасау, үстелге отырғызу жоспары, осының бәріне жақсы дайындық керек. Егер қабылдау елшінің резиденциясында ұйымдастырылса немесе елшілікте, онда елшінің жұбайы ғимаратты дайындауға, сервировкаға, даяшылар инструктажына көңіл аудару керек.
Егер қабылдау резиденцияда болмаса мейрамханада ұйымдастырылады. Елшілік арендаға алған ғимаратта қабылдаушы мемлекет пен өз елінің ұлтттық туы ілініп тұрады. Қабылдаушы мемлекеттің дәстүрі ескеріледі. Қонақ тарапынан жауапты мероприятие болмайды.
Қабылдау мереке күні, жұмыс емес күндері, ал мұсылман елдерінде «рамазан» діни мерекесінде ұйымдастырмайды, сондай-ақ ұлттық траурда.
Қонақтар тізімін жасау - дайындық жұмысының ең маңызды элементтерінің бірі. Қабылдауға құрметті қонақ құрметіне ретінде ресми сапармен жүрген шетел делегацияның құрметіне, қонақ елінің елшісі және елшіліктің үлкен дипломатиялық қызметкерлері шақырылады. Ал қабылдаушы тарапынан қабылдауда мемлекет жетекшілері, министрлер, басқа да ресми тұлғалар қатысады. Қонақтардың жалпы саны анықталып, ғимараттың көлемі қонақтардың санына сәйкес болады. Елшілік ұйымдастыратын қабылдауға елдің жетекшілері, ведомстволарының ресми тұлғалары, мәдени және ғылыми топтың өкілдері шақырылады.
Егер қабылдау юбилей күніне арналса, екі жақты қарым -қатынаста, онда дипломатикалық корпус шақырылмайды.
Қабылдаулар өте қарапайым болу керек, спиртті сусындардан аулақ болуы керек.
Қабылдауда қонақтардың ұлттық, діни дәстүрлері ескерілуі керек.
Қонақтың елінде құс аулауға тыйым салынса, қабылдауда құс берілмейді.
Менюде ұлттық тамақтар болу шарт.
Барлық тамақтар өте дәмді болуы керек, әдемі берілулері керек.
Ыдыс - аяқтар хрусталь, фарфор, күмістен болуы керек. Үстелде гүлдер болу керек.
Мемлекет басшысының құрметіне қаблдыаушы ел мен өз елінің әнұрандары орындалуы тиіс. Қабылдау соңында басты қонақ бірінші болып шығып кетеді. Оркестр салтанатты марш орындайды. Ғимарат алдында караул болады.
Шақыру бланктері

- Дипломатия на современном этапе
- Дипломатия Российской империи
- Дипломатия стран СНГ
- Дипломатия Туркменистана
- Дипломатія Олександра Македонського
- Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат
- Дипозиттiк операциялар
- Дипломатическое право
- Дипломатическое право
- Дипломатическое представительство
- Дипломатия
- Дипломатия Александра I
- Дипломатия Византии
- Дипломатия как современное средство решения международных конфликтов