Дипозиттiк операциялар

 

    Кіріспе 

 

 

     Банк  жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен  және айналымымен қатар өсіп және тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер  ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта  бөлуде арадағы делдал ролін атқарып  өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің  өсуіне жағдай туғызады.     

Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық  ролі мемлекетте төлемдер мен есепайырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп  бөлігін салымдар, инвестициялар  және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер  халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің  ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы қозғалысын реттейді.      

 Қазіргі банктік жүйе – бұл  өз клиенттеріне сан салалы  қызметтерді ұсыну – кәдімгі  депозиттік, сонымен қатар ең  басты несие және есеп айырысу-касса  операцияларынан бастап банктік  құрылымдар пайдаланып отырған  ең жаңа ақша-кредиттік және  қаржылық құралдар (лизинг, факторинг,  траст және т.б.). Депозиттік рынок  егер ол мықты дамып және  салымдарды ең төменгі тәуекелдермен  сенімді орналастыруға байланысты  жиынтық ақша жинағында жеткілікті  үлкен үлес салмағы болса, онда  ерте деп есептеледі.     

Халықтың  бос ақша қаражаттарын елдің инвестициялық  әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған  нысандарға тартудың тиімді тетіктерін жасау өзінің ең бірінші кезектегі міндеті етіп экономиканың жалпы жинақ ақшаларын дұрыс қалыптастыру және тиімді пайдалануды қоюы тиіс. Яғни ақша жинақтау әдеттерін қалыптастырып және оларды қаржы рыногының инфрақұрылымы арқылы Қазақстан экономикасының даму мақсатында пайдалану келешекте макроэкономикалық ретеудің басым бағыттарының бірі болуы тиіс.     

Менің жұмысымның мақсаты депозиттік нарықтың дамуын, банктердің депозиттік саясатын көрсету болып табылады. Осы мақсаттан туындайтын негізгі міндеттер мыналар:      

- депозиттер ұғымын зерттеу, олардың  пайда болуы, мәні;     

- депозиттік нарықтың баға саясаты мәселесін қарастыру;    

- клиенттерге кепілдік беруді  енгізудің мәселелерін қарастыру және т.б.   
  
  
  
  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1 Депозиттік операциялар     

1.1 Депозиттік операциялардың  банк қызметіндегі рөлі  
     

  Банк  мекемесінің коммерциялық кәсіпорын  түрлерінің бірі ретіндегі ерекшелігі оның ресурстарының басым көпшілігі өзінің жеке қаражатынан емес тартылған заемдық қаражаттардың есебінен қалыптастырылуында. Банктердің қаражатты тартуының шегі бар және ол кез келген мемлекеттің Орталық банкі тарапынан реттеліп отырады.     

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу  үшін пассивтi операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған  қаржыларды қолданады.   Коммерциялық банктің пассивтi операциялары келесi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн:    

— банк қорын қалыптастыру және ұлғайту  үшін банктердің пайдасы есебiнен  аударулар;     

— басқа заңды тұлғалардан алынған  несиелер;     

— депозиттік операциялар.    

Депозит латынның (depositum) деген сөзінен алынған, ол сақтауға берілген затты немесе депозиттік операциялардың субъектілері банкке енгізетін белгілі ақша қаражатын  немесе банктік және қаржылық операцияларды  жүргізу тәртібіне байланысты белгілі  уақытқа банктердің есепшоттарында болатын қаражатты айтады.     

Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңында депозиттің анықтамасы былай деп берілген –  бұл бір тұлғаның (депозитордың) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) бірінші талап бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін қайтарылуы тиіс пе, тиіс емес пе, оған қарамастан толығымен немесе бөлшектеліп, алдын ала айтылған үстеме ақымен немесе онсыз, тікелей депозиторға немесе оның тапсырысы бойынша үшінші тұлғаға ұлттық мәнде қайтарылу талаптарымен берілген ақшасы.    

Демек, депозиттік нарық – салымдар және депозиттер нарығы – халықтың ақша қаражатын пайда табу мақсатымен белгілі талаптармен әртүрлі  қаржы мекемелеріне салу жөніндегі  экономикалық қатынастар саласын көрсетеді.     

Депозиттік  операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары  бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.    

Депозиттік  операцияларды жүргізу кезiнде  кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегiнде келесi ережелерге негiзделедi:    

— депозиттік операциялар банктің  пайда табуына немесе болашақта  пайда табуға мүмкіндік жасауға  негiзделiп ұсынылады;    

— депозиттік операцияларды ұйымдастыру  үдерiсiнде депозиттік операциялар  субъектiсiнiң ар түрлiлiгiне және депозиттердің  әр түрлi нысандардың үйлесiмдiлiгiне ұмтылыс болады;     

— депозиттік операцияларды жүзеге асыру  барысында осы және депозиттер мен  несиелiк салымдардың мерзiмдерi мен сомалары бойынша несие ұсыну  операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;    

— депозиттік операцияларды ұйымдастыру  үдерiсiнде банк балансының өтiмдiлiгiн  жоғары деңгейде қамтамасыз ететiн  мерзiмдiк депозиттерге ерекше назар  аударған жөн;    

—  депозиттік операцияларды ұйымдастыра  отырып, банк депозиттік шоттардағы бос  қаржы резервтерінің ең аз болуына  талпынуы керек;    

— депозиттердi тартуға әсер ететiн  банктiк қызметтерді дамыту және қызмет керсету сапасы мен мәдениетiн  жоғарылату шараларын қарастырған  жөн.     

Көптеген  ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзi болып  табылады.  
     

1.2 Депозиттік операциялар  түрлері  
     

Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа кәсіпорындар мен  ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос  ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде  ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк  кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.    

Салымдар  санаттарына орай депозиттер былай  бөлінеді:    

- заңды тұлғалардың (кәсіпорындардың,  ұйымдардың, банктердің және т.б.) депозиттері    

- жеке тұлғалардың депозиттері.       

 Халықаралық банктiк тәжірибеде  барлық депозиттер экономикалық тағайындалуы бойынша төрт топқа бөлiнедi:     

— мерзiмдi депозиттер;    

— талап етiлмелі депозиттер;    

— жинақ салымдары;    

— бағалы қағаздар.        

 Бiрiншi топ — талап етiлмелi депозиттер, олар сондай-ақ чектiк депозиттер  деп те аталады. Талап ету  депозитi түрiнде қаржы тарту  кезiнде банк пен салымшы арасында  келiсiмшарт жасалады .Чектiк депозит  — бұл міндетті түрде өтелуге  тиiстi, салымшыға чек жазуға құқық  беретiн шот. Чектiк депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауiпсiздiгiмен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсiндiрiледi. Сонымен катар олар бiрiншi талап бойынша накты ақша алуға мүмкiндiк бередi. Чектiк депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемi керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгiлейдi. Бұл кезде төлем мөлшерi бiр ай көлемiнде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруiмен өзгертiледi. Егер салымшы бiр ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткiлiктi баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбiр кездерде бұл төлемдердi алудан бас тартады.        

 Талап ету депозиттік шотының  ерекшелiктерiне мыналарды жатқызуға  болады:    

— ақшаны салуға немесе алуға шектеудiң  болмауы;    

— ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегiмен алынуы мүмкiн;    

— шот иесi банкке тұрақты айлық  мөлшерде немесе әрбiр жазылған чек  үшін коммисия төлеуі;    

— Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзiмдiк  депозиттермен салыстырғанда үлкен  үлесінің сақталуы.         

 Талап ету депозитінің бір  түрі банктің клиентпен барлық  операциялары есептелетiн контокоррент  — бірыңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк қарыздары,  сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы  бойынша барлық төлемдер және  де шотқа салым, аударым және  т.б. түрде түсетін барлық қаржы  көрсетіледі. Контокорренттi шот  ерекше сенiмдiлiк белгiсi ретiнде  тек сенiмдi клиенттерге және бiрiншi сыныпты қарызшыларға ашылады.  Шот иесi шығындардың түсiмдерден  артуы кезiнде әрбiр жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банкпен  жасалған келiсiмге сәйкес анықталған  сома шегiнде несие алуға мүмкiндiгi  бар.         

 Талап ету депозитiне сондай-ақ  ағымды овердрафт шотын жатқызуға  болады, овердрафт — банк пен  клиент арасындағы келісiмге сәйкес, банк анықтаған мөлшерде шотта  бар қаржы көлемiнен артық соманы  алуға мүмкіндік беретін шот,  бұл да несие алмасуды бiлдiредi  Овердрафтың контокорренттен айырмашылығы  кездейсоқ сипатты болуында. Атап  өтетiн жайт, овердрафт шоты қосымша  депозиттік шоттар ашу мүмкiндiгiн  шектемейдi. Овердрафт ағымды шоты  жеке және заңды тұлғалардың  уақытша шығындарын жабу үшін  ашылады.  

Талап ету депозитінің басқа бiр түрі — нау-шоттар -пайыздық мөлшерінің жоғары шегі  жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы  болуы мүмкін. Супернау-шоттар —  бұл қолма -қол ақшаны қолдану  шоттары оларды ашу кызметтер  кешенiн ұсынады.           

 Депозиттік шоттардың келесi түрі  — автоматтық аудару шоттары  (АТS-шоттар). Жинақ шоттарынан ақша  қаржыларын автоматты түрде аударуға  мүмкіндік беретiн, чектердi жабу  үшін чектiк депозиттерге пайыз  әкелетiн депозиттің түрі. Банктер  салымшының келiсiмiн жетекшiлiкке  ала отырып пайыз әкелетiн шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектiк шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туыдаған кезде автоматты түрде қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейiн сақтауға және бiр мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға мүмкіндік бередi.

Бұл депозиттерден тыс көптеген  банктердің баланстық есеп берулерiне  «банк қызметкерi жазған чектер  және куәландыратын чектер» деп  аталатын шағын баптар енгiзiлiп  жүр. Куәландырылған чектер —  банк қызметкерлерi беретiн төлемi  кепiлденген чектер. Банктер чектi куәландыру кезiнде, куәландырылған  чекте керсетiлген соманы салымшы  шотынан алады және оны жеке  шотта ұстайды. 

Сонымен қатар,  чектi банк қызметкерлерiнің бiрi  немесе банктің меншiктi шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің  жүргiзiлуiн күте отырып, қызметкерлер  жазған чек сомасына теңестiрiп  депозит құрайды. Талап ету  депозиттерi бойынша эксплициттiк  пайыздың кiрiстер төленбеуiне  байланысты банктің көтеген клиентттсрi осы типтес депозиттердегi қаржыларының  мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы  әдістерiнің бiрi автоматты тазалау  шоттары қолданылатын мүмкіндіктердi  пайдалану. Мұндай шоттармен ағымдағы  операцияларды жүргiзе отырып, банк  клиентпен келiсiлген аз шектен  асатын кез келген ақша сомасынан  шотты “тазартады” немесе оларды  аударады, оларды пайыздық кiрiс  әкелетін қаржылық құралдарға  орналастырады, мысалы, қайта сатьш  алу туралы мәмiлеге, яғни операцияны  банк күнде iскерлiк күн соңында  орындайды. Мұндай жағдайларда,  банкке бұл операцияны өткізуге  қажеттi чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан талап ету  депозитiне аударылады.         

 Көптеген банктер өзінің клиенттерiнен  компенсациялық балансты ұстануды  талап өтедi, бұл талап ету салымдары  бойынша пайыздық кiрiс әкелмейтiн  нысанды, яғни банктерге банктiк  қызметтердi төлеу үшін қажет.  Компенсациялық баланс яғни ақша  корларын тартуға орташа шығындарды  азайту жолымен қорлардың орташа  құнын төмендету айтарлықтай  тиiмдiлiк бередi. Кейбiр жағдайларда  компенсациялық баланс неие ұсыну,  сондай-ақ банктiк карыз бойынша  пайыздық төлемдер туралы келiсiмдi ұстану қызметтерi үшін төлемдi ұсынады.         

Депозиттің келесi тобы — жинақ  салымдары. Жинақ депозит туралы  келiсiм (1 -қосымша) негiзiнде ашылады.  Қазiргi кезде жинақ депозиттерiнің  басты типi жинақ кiтапшаларындағы  шоттар, жинақ салымының жағдайы  туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ  ақша нарығының депозиттік шоттары  болып табылады.      

 Жинақ кітапшаларындағы шоттар  — бұл жедел алуға болатын,  пайыз әкелетiн чектiк емес  депозиттер.       

 Олардың ерекшелiктерiне мыналар  жатады:    

— кiтапшалы жинақ салымында тұрақты  мерзiмiнің болмауы;    

— банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл  шоттардан ақша қаржыларын алуда  банктер ол талапты аз қояды;    

— шоттың жоғары шегiн белгiлеу мүмкіндiгi;     

— салым иесiнің шоттан ақша алу  немесе салу үшін жүргiзiлген операциялардың барысы жазылатын жинақ кiтапшасын ұсыну міндеттемесi;     

— шоттағы міндетті ең аз баланстық  қалдық мазмұны туралы талаптардың  болмауы.         

 Жинақ салымының жағдайы туралы  жазбасы бар шотттар жинақ  кiтапшаларындағы шоттарға ұқсас,  алайда олар үшін шот жағдайы  туралы кезеңдiк жазбалар жазбаның  жүргiзiлу тұрғысынан жинақ кiтапшаны  ауыстырады. Олар бойынша осындай  пайыз төленедi және олар осындай  функцияны орындайды.         

 Ақша нарығының депозиттік шоттары  алғаш рет 1982 жылы енгiзілген  жинақ салымдарының бiр түрін  ұсынады. Қазiргi кезде оларда  жинақ кiтапшасындағы шоттармен  салыстырғанда, ол бойынша пайыз  мөлшерi нарықтың пайыздық мөлшерлерiнiң  өзгеруiмен реттелетiндiгiн және  бұл шоттарды қолдану кезiнде  операцияларды тiркеу үшін жинақ  кiтапшасының тосылмайтындығын есептемегенде,көптеген  ұқсас сипаттары бар.       

 Жинақ салымдарының ерекшелiгi  мынадай:    

— бұл шоттардың анықталған мерзiмдерi жоқ;    

— салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бiрдей ала алады;    

— бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етiлген, қазiр банктер оны сақтауды талап  етпеуге құқылы;    

— осы шоттар бойынша салымшы чектердің  тек санаулы шектелген санын  жазуға құқылы;     

— бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында қолданылады;    

— банк шығындарын өтеу мақсатында шот  иесiнен белгiленген төлем алынады;    

— егер салымшылар — корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша белгiленген резервтi сақтауға мiндеттi.         

 Кең тараған топтардың бiрi  — мерзiмдiк салымдар, оған мерзiмдiк  салымдар және салымды алу  туралы алдын ала хабарлауы  бар салымдар кiредi. Бұл салымдар  неғұрлым ұзақ мерзiмге, яғни  бiр айдан кем емес мерзiмге  салынады. Салымшылар басқа депозиттерге  қарағанда неғұрлым үлкен пайыз  алады және салым салымшыға  алдын ада келiсiмде көрсетiлген  мерзiмде қайтарылады. Банктер  салымды өз жарауы бойынша  келiсілген мерзiм ағымында толық  пайдалана алады. Депозиттің бұл  типiн ашу үшін мерзiмдiк депозит туралы келiсiм жасалынады (2- қосымша). Бұл салымдар қабылданатын мерзiміне қарай жіктеледі:

  • 30 күнге дейінгі;

 

    — 30 – 90 күнге дейiнгі;    

— 90 – 180 күнге дейiнгі;    

— 180 – 360 күнге дейiнгі;    

— 360 күннен жоғары.       

 Мерзiмдi салымнан қаржы алу үшін  банкке күнi бұрын хабарланған  салымшының арнайы өтiнiшiнiң түсуi талап етiледi, оның мерзiмi келiсiмде  көрсетiледi. Бұл мерзмге сәйкес  пайздық мөлшер белгiленедi. Егер  клиент банктi қаржы алу туралы  хабардар етсе, банк болатын өзгерістердi  ескере отырып, өзінің активті  операцияларын басқа көз есебiнен  қайта қаржыландырады, қаржыларды  алу кейбiр шығындармен байланысты, сол себептi банк клиент кiрiсiн  азайтуға құқылы.         

 Депозиттердің төртiншi тобы —  бағалы кағаздар, депозиттер түрі  ретiнде былайша бөлінедi:     

— аталған банкке тиесiлi кәсіпорындар мен ұйымдардын, кооперативтің, акционерлiк  қоғамдар мен компаниялардың акциялары  және облигациялары;    

— сақтаудағы және қарызды қамтуға  қабылданған акциялар мен облигациялар;     

— шетел операциялары бойынша құндылықтар  мен құжаттар;    

— Депозиттік сертертификаттар.         

 Депозиттік сертертификаттар қаржылық  құралдардың ең бір кең 

тараған  түрі.    

Депозиттік  сертификат — эмитент банктің  ақша қаржыларының салымы туралы,салымшы  немесе оның құқық кабылдаушының  мерзiмi аякталғанда салым бойынша  салым сомасын және ол бойынша  пайыз алу құқын куәландыратын  жазбаша куәлiк.     

 Депозиттік сертификат  — кiрiстi бағалы қағаздың бiр  түрі, сол себептi ол сатылған  тауар немесе көрсетiлген қызмет  үшін есеп айырысу немесе төлем  құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ  оларды бiр заңды тұлғадан екiншiсiне  жолдауда шектеулер болады. Талап  ету құқын ұсыну — цессия, ол  Депозиттік сертификаттың сырткы  бетінде екi жақта мәмілемен ресiмделедi: өз құқын ұсынушы тұлға —  цедент пен құқық алушы цессионарий.  Сертификатты қайтару мерзiмi  жеткенде, банк сертификатты және  қаржы түсетiн шот көрсетiлген  салымшы өтінішіне қарсы төлем  жасайды. Банк талап ету құқын  ұсыну туралы келiсiмнің үздіксіз  орындалуын, сондай-ақ өкiлеттi тұлғалар  аты-жөнiн, мөрінің және қолдарының  сәйкестiгiн тексередi.    

Депозиттік  сертертификаттардың екi түрі болады:    

— жолданбайтын — салымшыда сақталады  және төлем мерзiмi жеткенде банкке    ұсынылады;     

— жолданатын — екiншi нарықта сатылуы  немесе басқа тұлғаға өтуi мүмкін.        

 Жолданатын депозиттік  сертификаттар  капиталды кез келген мерзiмге  тиiмді инвестициялауға  көмектеседi ал қажет болған жағдайда сертификаттардыды  тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға  болады.     

Сертификаттар келесі белгiлерi бойынша бөлінедi:    

• Шығарылуыбойынша:    

— бiр рет;    

— сериямен шығарылатын.    

• Ресiмдеу тәсілі   бойынша:    

— арнайы;    

— ұсынушыға.    

• Төлеу шарттары бойынша:    

—анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға дейiн  пайыздың мөлшерi үнемі       

 • Төленіп тұратын сертификаттар;     

— сертификатты өтеу кунi пайызы төленетiн  сертификаттар.         

 Депозиттік сертификаттарды жаңа  шығарымдармен, салымның басқа  түрлерiне немесе талап етiлмелi депозиттерiне қолма-қолемес аударымдармен  және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар  үшін) өтеле алады.       

 Банкте шығарылатын сертификаттарды  баспалық тәсілмен шығарылуы  және осы сияқты бағалы қағаздарға  қойылатын талаптарға жауап беруі  тиіс.        

 Сертификаттарда мiндеттi түрде  келесi деректемелер болуы тиiс:    

— аты;    

— сертификатты ұсыну себебi;     

— ұсыну күні;    

— салым сомасы;    

— депозитке енгiзiлген соманы қайтаруға  банктің сөзсiз мiндеттемесi;    

— сертификат сомасын талап ету  күнi;    

— пайыз мөлшерi және есептелетiн пайыз  сомасы;    

—эмитент  банктiң аты және мекен-жайы;     

— банк мөрiмен бекiтiлген осындай мiндеттемелерге  қол қоюға өкiлеттi екi        тұлғаның қолы.       

Банк сертификаттар шығарады  және меншiктi сертификаттарды шығару  мен орналастыру шарттарын еркін  дайынайды. Өз сертификаттардын  тиiмдi орналастыру үшін банктер  келесi мiндеттемелерді назарға  алады:    

— инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме   деңгейі;    

—салымшыға  ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;    

— пайыздық мөлшер қайта қараудың икемді механизмі;    

— шығарымды стандартты шарттарын ;    

— номинал құны және қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;     

— кең жарнаманы.       

 Жай депозиттiк сертификаттармен  рәсімделген мерзімдік салымдармен  салыстырғанда, сертификаттар бірнеше  артықшылықтарға ие:    

—сертификаттарды  тарату айналымындағы мүмкіндік  қаржылық делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейеді;     

— екiшi нарық аркылы сертификат иесі үшінші тұлғаға,сақтаған  мерзімі       

 үшін кiрiс ала отырып, банк  ресурстарының көлемiн өзгертпей-ақ  жедел сатуы мүмкін.         

Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелi шоттары  мен мерзiмдiк салымдардағы кірістерге  сияқты табыс салығы салынбайды.        

 Мерзiмдiк салымдармен салыстырғанда  сертификаттардың жетiспеушiлiгi  оның эмиссиясымен байланысты  банктің жоғары шығындарының  болуы.    

Банк  векселі банктің белгілі тұлғаға  немесе оның мұрагеріне белгіленген  мерзімде белгілі ақша сомасын төлеу  жөніндегі ештеңемен келісілмеген біржақты міндеттемесін білдіреді.  

Банкаралық  депозиттік операцияларда мерзімдік  және талап етілгенге дейінгі  болып бөліндеі. Мұндай операциялар, әдетте, банк балансының есепайырсуларын  және өтімділігі деңгейін реттеу мақсатында жүргізіледі.     

Депозиттік  базаның тұрақтылығына қолдау көрсету  үшін мынадай көрсеткіштердің өзгеру серпінділігін анықтайтын депозиттердің  талдауын жүргізу керек:    

1. Салынған теңгенің орташа сақталу  мерзімі:     

Ст = ОВ * Д / ОВК,    

мұндағы ОВ – салымдар қалдығының орташа мәні;    

ОВК – кредиттерді беру бойынша айналым  мәні.    

Бұл көрсеткіш салымның тұрақтылығын көрсетеді, ал бұл оларды қысқамерзімдік кредиттеу  ресурстары ретінде бағалау үшін ерекше маңызды.     

2. Салымдарға түскен қаражаттың  шөгіп қалу деңгейі:     

У = Овк – Овн/Вп * 100%,    

мұндағы Овк – жыл соңындағы салымдар қалдығы;     

Овн – жыл басындағы салымдар қалдығы;     

Вп  – салымдарға түскен қаражат.

3. Кәсіпорын үшін шығынсыз жоспарлы  мерзімде мерзімдік депозиттік  есепшотқа (d oc) орналастыруға болатын  есепайырысу шотында шөгіп қалатын  жоспарлы қолма-қол ақша қаражатының  үлесі:      

d oc = Ппл * ОС/Пфакт * 100%,    

мұндағы ОС - өткен жылдың тиісті кезеңіндегі есепайырысу шотындағы қаражаттың орташа қалдығы;    

Пфакт – есепайырысу шотына нақты түсімдер;     

Ппл – жоспарлы кезеңдегі есепайырысу  шотына күтілетін түсімдер.    

4. Халықтың өз салымдарына көзқарасы.  Бұл көрсеткіштің төмен мәні коммерциялық банктің халық салымдарын тартуды кеңейту қажеттігін көрсетеді.     

Сонымен қатар депозиттердің серпінділігін  талдау қажет. Төленетін депозиттердің  орташа қалдықтарының серпінділігін  талдай отырып бір жағынан олардың банктердің ресурстық базасына тұрақты етсе, екінші жағынан бұлардың өсуі проценттік ставкалардың көтерілуіне алып келетіндіктен салыстырмалы түрде қымбат ресурстар екенін есте сақтаған абзал. Мерзімдік депозиттердің пассивтердегі рұқсат етілетін деңгейі 60% болады.     

Коммерциялық  банктерге өз қызметі үшін ресурстар  тарту мақсатында коммерциялық банктердің жарғысында бекітілген жоғары пайда  табу мен қажетті банк өтімділігін  сақтау мақсатына және міндеттеріне орай депозиттік саясат стратегиясын әзірлеу маңызды.  
    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1.3 Депозиттер бағаларының  ерекшеліктері     

Ресурстарды тару үшін банктер арасындағы бәсекелестік күресінің негізгі құралы проценттік саясаттың әртүрлілігі болып табылады, себебі салынған қаражатпен табыс табу клиенттерді салым жасауға елеулі ынталандырады. Депозиттік проценттік ставкалар деңгейін әрбір коммерциялық банк ҚР Ұлттық банкінің есептеу ставкасын бағдарға ала отырып, ақша рыногының жағдайына және өзінің депозиттік саясатына орай жеке белгілейді. Депозиттік есепшоттардың жекелеген түрлері бойынша табыс көлемі салымның мерзіміне, сомасына, есепшоттың қызмет ету түріне, қосымша қызметтердің көлемі мен сипатына және т.б. орай анықталады.     

Талап етілгенге дейінгі есепшоттар жоғарыда айтылғандай иелерінің ағымдағы операцияларды жасауы үшін қолданылып, қалдықтың тұрақсыздығымен сипатталады, және осыған байланысты бұл есепшоттар тобы төменгі табыстылығымен ерекшеленеді. Заңды тұлғаларға ашылған талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы қаражат қалдықтары бойынша проценттер тіпті есептелмеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда әдетте, клиенттен есепайырысу-кассалық қызмет үшін төлем алынбайды. Дегенмен талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы табыстың жоқтығы олардың иелерін мұндағы қаражатты азайтуға және артылған сомаларды табыстылығы жоғары салымдарға (мерзімдік салымдар, бағалы қағаздар және т.б.) орналастыруға ынталандырады. Бұл есепшоттардан қаражаттың басқа жаққа кетуіне жол бермес үшін көптеген банктер кезең (әдетте тоқсан сайын) ішіндегі орташа қаражат қалдығына аздаған проценттер есептеуді қолданады.      

Кейбір банктер клиенттердің талап  етілгенге дейінгі есепшоттардағы қаражат қалдықтарын тұрақты  ұстауын мынадай түрде ынталандырады: олар есепшоттағы қаражаттың ең төменгі  қалдығына жоғары проценттер ұсынады, немесе клиенттерге төмендемейтін  ірі қаражат қалдықтары үшін сыйлықақылар ұсынады.     

Дипозиттiк операциялар