Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат

 

КІРІСПЕ

 

Сертификаттау, латын тілінен аударғанда, «дұрыс жасалған» дегенді білдіреді. Өнім «дұрыс жасалған» дегенге куә  болу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес болуы керектігін және осы сәйкестіктің шынайы дәлелін қалайша алуға  болатындығын, білу қажет. Осындай дәлелдің көпшілік қабылдаған тәсілінің бірі – cертификаттау болып отыр.

Сертификаттаудың  негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау болып табылады.

"ҰССО" АҚ сертификаттау саласында жұмыс істейтін, өнім сәйкестігін растау жөніндегі орган болып табылады. Органның сынау орталығы  жаңа заман талабына сай өлшеу құралдарымен, сынау жабдықтарымен қамтамасыздандырылған. Бұл, өз алдына, өнім сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстардың жоғары сапалылығын қамтамасыз етудің қажетті шарты екені сөзсіз. 

Дипломдық жұмыста "ҰССО" АҚ АФ-ның сынау орталығында «Siam Steel Works, LTD., Тайланд» фирмасы өндіретін болат құбырды сынау және оған сертификат беру процедуралары талданады.

Негізінен құбыр өндірісі басты және маңызды  салаларды қамтиды: жылу-энергетикалық  кешен, машина жасау, құрылыс индустриясы, қорғаныс саласы және әсіресе көп  құбырды қажет ететін – мұнай-газ  кешені.

Жаңа  технологиялардың пайда болуымен қазіргі  өндіріс әр түрлі материалдардан, соның ішінде пластмассадан жасалынатын  құбырларды шығаруды игерді. Алайда өткен  шақта кең қолданыста болған болат  құбырлар қазіргі кезде де аса маңызды болып қала береді.

Қазақстан Республикасында құрылыс, мұнай-газ және басқа да кешендердің дамығандығы баршаға мәлім. Ендеше, елімізде болат құбырға деген сұраныс та жоғары екені белгілі. Ал осы кешендер тікелей халық, мемлекет мүддесіне қызмет ететіндіктен, оларда қолданылатын материалдар, берілген жағдайда, болат құбырлар сапасының алатын орны зор. Осы сапалылықты дәлелдеу үшін сертификаттау саласына, яғни, өнімді сертификаттаумен айналысатын органдарға жүгіну қажет.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР

 

1.1 Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат

Бастапқы  ақпарат негізінен мына түрлерге бөлінеді: базалық, басшылық етуші, анықтамалық. Берілген жағдайда дипломдық жұмысты  әзірлеуге базалық, басшылық етуші  және анықтамалық ақпарат ұсынылған.

Базалық ақпарат: "ҰССО" АҚ құрылымдық сұлбасы, даму тарихы, сапа менеджменті жүйесі, болат құбырлар туралы ақпарат, өткізілген сертификаттау жұмыстарының құжаттары, сынау орталығы.

Басшылық  етушіге мыналар кіреді:

- ИСО 9001:2000 Сапа менеджмент жүйесі;

- ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 – 2007 Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар;

- ҚР-ның техникалық регламенті «Сәйкестікті растау процедуралары»;

-  «ҰССО» АҚ сынау зертханаларының  сапасы туралы басшылық  ҚР 01-09-01;   

 Анықтамалық ақпаратқа мыналар кіреді:                                                      - «ҰССО» АҚ АФ аккредиттелген сынақ орталығының жағдайы;

- Сынақ зертханасының лауазымдық нұсқауы ДИ АФ АО-42-05;

- ДП АФ АО-44-05 Құжатталған процедура. Қойылған талапқа сәйкес емес сынауларға арналған жұмыстарды басқару;

- РИ АФ  АО-44-07 Сынау жабдығы (СЖ) мен өлшеу құралдарының (ӨҚ) техникалық қызмет көрсетуi бойынша нұсқау; 

-МСТ 8696-74 «Жалпы тағайындаудағы спираль жікті электрлі пісірілген болат құбырлар. Техникалық шарттар»;

- ҚР СТ 3.19 – 2001 «Мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтарын сертификаттау тәртібі»;

-  МСТ  28548-90 «Болат құбырлар. Терминдер мен анықтамалар»; 

-  Сынау орталығының төлқұжаты;

- «ҰССО»  АҚ АФ– да өндірістік практикада жинаған материалдар.

 

1.2 «ҰССО» АҚ Ақтөбе филиалының тарихы

Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалында ИСО 9001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес әзірленген және «Русский Регистр» сертификаттау жүйесінде сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және жұмыс істеуде.

Филиал төмендегі жұмыстарды атқарады:

-стандарттау бойынша;

-сәйкестікті растау бойынша;

-метрология бойынша;

-сынау саласында;

-тауардың шығу тегін сараптау бойынша.

Қызметкерлердің жалпы саны – 82 адам, соның ішінде:

-ӘБҚ – 11 адам;

-сәйкестікті растау бөлімі – 23 адам;

-стандарттау бөлімі -11 адам;

-метрология бөлімі – 20 адам;

-сынау орталығы  - 9 адам;

-шаруашылық сектор – 8 адам.

1929-жылдан бастап Семей өлшем және салмақ палатасы өлкелік өлшем және салмақ палатасына қайта құрылды және бес жаңа бөлімше құрылды: Алматы, Орал, Фрунзе, Петропавл және Ақтөбе бөлімшелері. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының тарихы 1929-жылы Ақтөбе өлшем және салмақ палатасы құрылған уақыттан басталады.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ АФ тарихы Қазақстан Республикасының өлшем және салмақ жүйесінің қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты.

Стандарттар мен өлшем құралдарын  мемлекеттік бақылау зертханасынан бастап дами отырып стандарттау және метрология орталығы өз дамуының барлық кезеңдерінде стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша барлық жұмыс кешендерін жүзеге асырды.

2000-жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мемстандартының территориалдық органы – «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы деп қазіргі атауымен аталады.

«ҰССО» АҚ Ақтөбе филиалы оның бөлімшесі бола отырып, техникалық реттеу және метрология саласындағы біртұтас мемлекеттік саясат жүргізеді. 

Бүгінгі «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалы бұл:

-өнімнің, қызмет көрсетулердің, сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау бойынша аккредиттелген орган; 

-метрология бойынша аккредиттелген орган;

-тамақ және өнеркәсіп өнімдерін сынауды қамтитын аккредиттелген сынау орталығы;

-жоғары білікті мамандар штаты, олардың  ішінде: қызмет ету, өнімдер және қызмет көрсетулердің 86 түрі  бойынша 38 сарапшы-аудитор, 1 техникалық ғылымдардың кандидаты,  1 экономикалық ғылымдардың кандидаты, олардың ішінде өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы 4 сарапшы-аудитор, сапа менеджменті сәйкестігін растау бойынша 11 сарапшы-аудитор, 1 маманның негізгі бағалаушылар (техникалық сарапшылар) курсын аяқтағаны жөнінде сертификаты бар,  сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторлыққа 5 кандидат, өлшем құралдарының 15 аттестатталған салыстырып тексерушісі.

-жүйелі түрде өзін-өзі жетілдіру, Қазақстаннның жетекші оқыту орталықтарында мамандардың біліктілігін жоғарылату;

-өлшемдердің 14 түрінің өлшем құралдарын салыстырып тексеру ісімен қамтуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы және тұрақты түрде жаңартылып отыратын салыстырып тексеру құрал-жабдықтарының қоймасы; 

-Батыс аймақ бойынша метрология саласындағы көшбасшы ереже; 

-еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру және оны барынша автоматтандыру; 

-қағаздағы, сондай-ақ  электронды тасушылардағы 30 00-нан астам дананы құрайтын  актуалдандырылған және тұрақты түрде толықтырылып отыратын нормативтік құжаттар қоры;

-НҚ қоры туралы ақпаратты құрайтын деректер базасы;

-стандарттау, метрология, сертификаттау істерінің актуалды мәселелерін, Ақтөбе филиалының қызметі мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрақты түрде баяндап  отыру;

-шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін оңтайлы жеңілдіктер жүйесін қолдану;

-Шеттен әкелінетін және өндірілетін өнімнің сапа мәселелері бойынша облыс әкімшілігімен, Ақтөбе облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитетінің департаментімен, кәсіпкерлікті қолдау басқармасымен, қалалық экономикалық және кәсіпкерлікті дамыту бөлімімен, экономика және индикативтік жоспарлау департаментімен, кедендік бақылау департаментімен, мемсанэпидқадағалау және ветқадағалау органдарымен, ТЖ бойынша Ақтөбе басқармасымен  тұрақты түрді бірлесіп қызмет ету ісін жүзеге асыру; 

«ҰССО» АҚ Ақтөбе филиалының арнайы дайындықтан өткен жоғары білікті мамандары бар, қазіргі заманғы салыстырып тексеру, сынақтан өткізу, өлшеуіш құрал-жабдықтарымен және өлшем құралдарымен жабдықталған. Біздің жұмысымыздың мақсаты – өтінім берушілердің сұраныстарын қанағаттандыру, осыған сәйкес жүргізілетін жұмыстардың сапасы басты басымдық болған және  болып қалуда.

 

1.3 "ҰССО" АҚ АФ ұйымдастырушылық құрылымы

"ҰССО" АҚ АФ ұйымдастырушылық құрылымы 1-суретте көрсетілген. Мұнда протоколга жауаптылар: 1)құрылыс өнімі бойынша; 2)тоқыма, аяқ-киім, былғары өнімі бойынша; 3)аса қауіпті өндіріс, дефектоскопия және электротехникалық өнім бойынша; 4)АТС және машина жасау өнімі бойынша; 5)ауыл шаруашылық және тамақ өнімі бойынша; 6)парфюмеро-косметикалық және химиялық өнім бойынша; 7)радиациялық қауіпсіздік бойынша; 8)санитаро-гигиеналық өнімі бойынша.

 

 


 

 

1- сурет. "ҰССО" АҚ АФ ұйымдастырушылық құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Болат құбырлар сипаттамасы 

 

2.1 Болат құбырлардың жіктелуі

Құбыр өндірісі – металлургиялық кешеннің ең жауапты  сегменттерінің бірі: бір уақытта  отандық металл өнеркәсібінің сапа көрсеткіші және экономикамыздың ең басты иінтірегі – мұнай-газ  кешенінің анықтауышы болып табылады.

Негізінен құбыр өндірісі басты және маңызды  салаларды қамтиды: жылу-энергетикалық  кешен, машина жасау, құрылыс индустриясы, қорғаныс саласы және әсіресе көп  құбырды қажет ететін – мұнай-газ  кешені.

Жаңа  технологиялардың пайда болуымен қазіргі  өндіріс әр түрлі материалдардан, соның ішінде пластмассадан жасалынатын  құбырларды шығаруды игерді. Алайда өткен  шақта кең қолданыста болған болат  құбырлар қазіргі кезде де аса маңызды болып қала береді.

Анықтамасы  бойынша, болат құбыр -  сақина тәрізді, сопақша, көпбұрышты немесе басқа пішіндегі  тұтас тік қималы болаттан жасалған, үлкен ұзындықтағы бұйым.

Болат құбырлар өндіру әдісі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Жіксіз (бесшовная) болат құбыр – пісіру жігі жоқ немесе басқа да біріктірусіз өңделген болат құбыр. Мұндай құбырлар соғу (ковка), илемдеу (прокатка), сымдау (волочение), баспалау (прессование) әдістерінің бірімен дайындалады. Жіксіз болат құбырларды құбыр жолдарын салуда, қазандық қондырғыларын монтаждауда пайдаланады, сонымен қатар автомобиль өндірісінде, авиа және кеме жасауда, болат құю машиналарында қолданады. Бұл құбыр түрі қымбатырақ және сенімдірек келеді.

Егер  құбыр қайта кристалдану температурасынан жоғары температурада дайындалса, ол ыстықтай деформацияланған (дайындау әдісіне байланысты ыстықтай соғылған, ыстықтай илемделген, ыстықтай баспаланған) жіксіз болат құбыр деп аталады.

Қайта кристалдану  температурасынан төмен температурада  деформацияланған болат құбырды  жылылай деформацияланған (жылылай  илемделген және жылылай тартылған) жіксіз болат құбыр деп атайды.

Суықтай деформацияланған жіксіз болат құбыр (суықтай илемделген, суықтай тартылған) – қажетті өлшемі суық деформация тәсілімен алынған жіксіз болат құбыр. Мұндай құбырлар көміртекті, сонымен қатар, қоспаланған (легированная) болаттан дайындалады.

Пісірілген  болат құбыр – штрипстерден немесе қаңылтыр илемнен қорамалау (формовка) және пісіру жолымен дайындалған болат құбыр. Жікті біріктіруді пісіру әдісімен орындайды.

Электрлі  пісірілген болат құбыр - штрипстерден немесе қаңылтыр илемнен қорамалау және электрлік пісіру әдісімен өңделген болат құбыр. Пісірілген болат құбырларды түзу жікті және спираль (шиыршық) жікті деп бөледі.

Түзу  жікті электрлі пісірілген болат  құбыр – құбыр осіне параллель түзу түйісті (стык) пісіру жолымен дайындалған электрлі пісірілген болат құбыр. Мұндай құбырлар өз алдына ыстықтай және суықтай деформацияланған деп бөлінеді.

Ыстықтай  деформацияланған түзу жікті электрлі пісірілген болат құбыр – пісірілгеннен кейін ыстық деформацияға ұшыраған түзу жікті электрлі пісірілген болат құбыр.

Суықтай деформацияланған (суықтай илемделген, суықтай тартылған) түзу жікті электрлі пісірілген болат құбыр – пісірілгеннен кейін суық деформацияға ұшыраған түзу жікті электрлі пісірілген болат құбыр.

Спираль (шиыршық) жікті электрлі пісірілген болат құбыр – штрипстерден немесе қаңылтыр илемнен шиыршық бойынша қорамалау (формовка) және түйісті спираль жікпен үздіксіз пісіру жолымен дайындалған электрлі пісірілген болат құбыр.

Пеште  пісірілген болат құбыр – қыздырылған штрипстерден қорамалау және пісіру әдісімен дайындалған болат құбыр. Бұл әдіс пеште жоғарғы температураға дейін қыздырылған, сығылатын металл беттерінің молекулярлы ілінісу қабілетін пайдалануға негізделген.

Дәнекерленген (паяная) болат құбыр – штрипстерден қорамалау және дәнекерлеу жолымен дайындалған болат құбыр.

Оралған екі қабатты дәнекерленген болат  құбыр – штрипсті екі қабаттап орап, кейін қабаттар әсерлесетін  беттің барлығын мыспен дәнекерлеу жолымен  дайындалған дәнекерленген болат  құбыр.

Құйылған  болат құбыр – құбыр құю машиналарында алынатын болат құбыр.

Болат құбырларды өндірісінде жоғары беріктікке ие, ескіруге бейімділігі төмен, пісіруге икемділігі жақсы, жоғарғы сапалы көміртекті немесе аз қоспаланған (марганец, хром қоспаланған) болатты пайдаланады.

Болат құбыр  әр түрлі қаптамамен (покрытие) –  металл, бейметалл (полимерлі) жасалуы  мүмкін. Бұл жағдайда құбыр іштей  және (немесе) сырттай қапталады.

Бейметалл қаптамалы болат құбыр – іштей және (немесе) сырттай бейметалл қабатпен қапталған болат құбыр.

Металл  қаптамалы болат құбыр – іштей және (немесе) сырттай металл қабатпен қапталған болат құбыр.

Құбыр беті ажарлау (шлифовка) немесе әрлеу (полировка), сонымен қатар жону (обточка) әдістерімен  өңделуі мүмкін.

Жонылған  болат құбыр – іштей және (немесе) сырттай жону әдісімен өңделген болат құбыр.

Ажарланған  болат құбыр – іштей және (немесе) сырттай ажарлау әдісімен өңделген болат құбыр.

Әрленген  болат құбыр – іштей және (немесе) сырттай әрлеу әдісімен өңделген болат құбыр.

 Қима пішіні бойынша болат құбырлар келесі түрлерге бөлінеді:

-  дөңгелек болат құбырлар;

  • квадрат болат құбырлар;
  • тік бұрышты болат құбырлар;
  • тамшы тәрізді болат құбырлар;
  • сопақша болат құбырлар;
  • жазық-сопақша болат құбырлар;
  • басқа қима пішінді болат құбырлар.

Құбыр шетін  өңдеу түрі бойынша болат құбырлар:

  • қиылған болат құбырлар;
  • шеттері тарылған болат құбырлар;
  • шеттері кеңейтілген болат құбырлар;
  • шеттерінің бөлігі шөгілген болат құбырлар.

Құбырдың  сыртқы диаметрінің оның қабырғасының қалыңдығына қатынасына байланысты жұқа қабырғалы және қалың қабырғалы болат құбырлар болады.

Тағайындалуы (пайдалану жағдайлары) бойынша болат  құбырлар жалпы тағайындалған және мақсаттық тағайындалған болат құбырлар деп бөлінеді.  Мақсаттық тағайындалған болат құбырлар түрлері:

  1. Мұнай және геологиялық барлауға арналған болат құбырлар
  • бұрғылаушы болат құбырлар;
  • обсадкалы болат құбырлар;
  • сорғылы-сығымдағыш болат құбырлар;
  • мұнай өткізгіш болат құбырлар.
  1. Су-газ өткізгіш болат құбырлар
  1. Желілік болат құбырлар
  2. Мойынтіректі болат құбырлар
  3. Жоғарғы температураларда кепілденген қасиеттері бар болат құбырлар
  4. Жоғары қысым астындағы болат құбырлар
  5. Тот баспайтын болат құбырлар
  6. Ыстыққа төзімді (қазандық) болат құбырлар
  7. Химиялық құрылғыға арналған болат құбырлар

Болат құбырлардың, әсіресе желілік, әр түрлі газды-сулы ортада, теңіз суында тозуға төзімділігі, коррозияға төзімділігі жоғары болуы  керек. Көптеген аймақтардың атмосферасы  мен топырағының коррозиялық  агрессивтілігінің артуына байланысты құбыр өткізгіштерді коррозиядан  қорғау мәселесі маңызды болып отыр. Қазіргі өндіріс жағдайында белгілі  бір қасиеттерге ие болат құбырларды шығару игерілді. Осы технологиялардың бірі – болат құбырларды цементті-құмды  оқшаулау (ЦҚО), сонымен қатар сырт бетін коррозияға қарсы полиэтиленмен  қаптау болып табылады. Мұндай екі  жақты оқшаулау құбырды пайдалану  мерзімін елеулі ұзартады. Жаңа заманғы  коррозияға қарсы қаптама түрі –  термодиффузиялы мырыш қаптама. Мұндай мырыштау әдісінде мырыш атомдары құбыр беттеріне тұнып қана қоймай, негізгі құбыр материалының кристаллдық  құрылымына енеді. Бұл кезде құбырдың төзімділігі әдеттегі мырыштау тәсілімен салыстырғанда үш есе артады [14].

 

 

2.2 Түр жиыны (сортамент)

Құбырлардың өлшемдері 1- кестеде көрсетілген өлшемдерге сәйкес келуі қажет [14].

 

1- кесте. Болат құбырлар өлшемдері

 

Сыртқы диаметрі, мм

Қабырғасының қалыңдығы, мм, болғандағы құбырлардың сызықтық тығыздығы, кг/м

3,5

4,0

5,0

6,0

7,0

8,0

9,0

10,0

11,0

12,0

13,0

14,0

 

159

 

219

 

273

 

325

 

377

 

426

 

480

 

530

 

630

 

720

 

820

 

920

 

1020

11220

11420

11620

11720

13,62

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

15,52

21,53

26,94

32,15

37,35

42,25

47,66

52,66

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

26,79

33,55

40,05

46,56

52,69

59,45

65,70

78,22

89,48

102,0

--

--

--

--

--

--

--

--

--

47,91

55,72

63,05

71,18

78,69

93,71

107,2

122,3

--

152,3

--

--

--

--

--

--

--

--

--

73,41

82,87

91,63

109,1

124,9

142,4

--

177,5

212,5

--

--

--

--

--

--

--

--

83,70

94,51

104,5

124,5

142,6

162,6

182,6

2102,6

242,7

282,7

--

--

--

--

--

--

--

--

--

117,4

139,9

160,2

182,7

205,2

227,7

272,8

317,8

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

155,2

177,7

202,7

227,8

252,8

3102,9

352,9

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

195,2

122,7

250,3

277,8

332,9

388,0

--

-

-

--

--

--

--

--

--

--

--

--

212,6

242,7

272,7

3102,8

362,9

422,9

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

457,9

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

--

492,7

--


 

Құбырлардың теориялық массасы, болаттың салыстырмалы тығыздығы 7,85 г/см3 кезіндегі жіктердің нығаюын ескере отырып, есептелген. Тұтынушы талабы бойынша 1-кестеде қарастырылған қалыңдықтар шегінде, аралық қалыңдықтағы құбырларды дайындау рұқсат етіледі. Құбырларды 10 м-ден 12м-ге дейінгі ұзындықта дайындайды. Партияда 6 м-ден кем емес ұзындықтағы, қысқартылған құбырлардың саны 5%-ға дейін болуы рұқсат етіледі.

Құбырлардың сыртқы диаметрі бойынша шекті ауытқулары 2-кестеге сәйкес болуы қажет.

 

2-кесте. Құбырлардың сыртқы диаметрі бойынша шекті ауытқулары

 

Құбырлардың сыртқы диаметрі, мм

Сыртқы диаметр бойынша шекті  ауытқу, 

дайындау дәлдігі

қарапайым

жоғары

159

159 дан жоғ.273 ке (қосқ.) дейін 

>> 273 >> 377 >>

>> 377 >> 720>>

>> 720 >> 920 >>

±1,5

±2,0

±2,5

±2,0

±2,5

±1,4

±1,8

±2,2

±1,6

±1,6

1020

1020 дан жоғ.1420 ға (қосқ.) дейін

1620

1620 дан жоғ.2520 ға (қосқ.) дейін

±3,0

±3,5

±4,0

±0,3%

±1,6

±1,6

±3,5

±4,5


 

Қабырға қалыңдығы бойынша шекті ауытқулар - орамдық және қаңылтыр болаттың максимал ені үшін  металл қалыңдығының МСТ 19903 қарастырылған шекті ауытқуларына сәйкес келуі керек.

Жиектердің  ығысуы қабырғасының номинал қалыңдығының 25%-нан аспауы керек, алайда диаметрі – 530-1420 мм, қабырғасының қалыңдығы – 14 мм-ден аз құбырлар үшін – 3 мм-ден, диаметрі – 1420-2520 мм, қабырғасының қалыңдығы – 14 мм-ден аз құбырлар үшін - 5 мм-ден аспауы керек.

Б тобындағы  құбырлар үшін жік ұзындығының 10%-на дейінгі бөліктерде жиектердің жергілікті ығысуы құбыр қабырғасы қалыңдығының 30%-на дейін болуы рұқсат етіледі.

Дайындау  дәлдігі жоғары құбырлардың жиектерінің  ығысуы төмендегі мәндерден аспауы керек:

диаметрі 530-1420 мм құбырлар үшін:

қабырғасының  қалыңдығы 4 мм болғанда - 1,0 мм;

қабырғасының  қалыңдығы 5 мм болғанда - 1,2 мм;

қабырғасының  қалыңдығы 6 мм болғанда - 1,4 мм;

қабырғасының  қалыңдығы 7 мм және одан көп болғанда - 1,6 мм;

диаметрі 1620-2520 мм құбырлар үшін:

қабырғасының  номинал қалыңдығының 15%.

Құбырлардың сопақтығы - сыртқы номинал диаметрдің 2%-нан аспауы тиіс.

Дайындау  дәлдігі жоғары құбырлардың сопақтығы - номинал диаметрдің 1%-нан аспауы тиіс.

Құбырлардың жалпы қисықтығы - олардың ұзындығының 0,2%-нан аспауы тиіс.

Дайындау  дәлдігі жоғары құбырлардың жалпы  қисықтығы - олардың ұзындығының 0,1%-нан  аспауы тиіс.

Құбырлардың шеттері тік бұрыштап кесілуі  керек. Кесік қисықтығы 2 мм-ден аспауы керек, ал диаметрі 1420 мм және одан да көп және қабырғасының қалыңдығы 14 мм және одан да көп құбырлар үшін – 4 мм болуы керек.

Құбырлардың шеттерінде құбыр шетжағына (торец) 25-30о бұрышпен қиықжиек (фаска) салынуы керек, бұл жағдайда ені келесідей бүйірлік сақина қалдырылуы тиіс:

қабырғасының  қалыңдығы 4-7 мм болғанда - 1-3 мм;

қабырғасының  қалыңдығы 8-14 мм болғанда - 1-4 мм;

қабырғасының  қалыңдығы 15-25 мм болғанда - 1-6 мм.

Бүйірлік  сақина ені жік аймағынан 80 мм қашықтықта бақыланбайды.

Сыртқы  жіктің нығайтылуы келесідей болуы  керек:

қабырғасының  қалыңдығы 10 мм-ге дейін болғанда – 0,5-3,0 мм;

қабырғасының  қалыңдығы 10-14 мм болғанда – 0,5-3,5 мм;

қабырғасының  қалыңдығы 15-20 мм болғанда – 0,5-4,5 мм;

қабырғасының  қалыңдығы 20 мм және одан да көп болғанда – 0,5-5,0 мм.

Дайындау  дәлдігі жоғары сыртқы жіктің нығайтылуы келесідей болуы керек:

қабырғасының  қалыңдығы 10-14 мм болғанда – 0,5-3,2 мм;

қабырғасының  қалыңдығы 15 мм және одан да көп болғанда – 0,5-4,5 мм.

Ішкі  жіктің нығайтылуы 0,5 мм-ден кем болмауы  керек.  Тереңдетулер орнындағы жік  қалыңдығы құбыр қабырғасының рұқсат етілетін минимал қалыңдығынан кем  дегенде 1 мм-ге артық болатын жағдайда, ішкі жікте 2 мм-ден аспайтын ершіктік (седловина) немесе бөлек тереңдетулер рұқсат етіледі.

Болат құбырлардың  шартты белгіленуінің мысалы:

Сыртқы  диаметрі 630 мм, қабырғасының қалыңдығы – 7 мм, өлшенбейтін ұзындықтағы, Ст2кп маркалы болаттан жасалған құбыр, Б тобы бойынша дайындалады МСТ 8696-74:

Құбыр 630-7 – Ст2кп МСТ  8696-74

Сыртқы  диаметрі 630 мм, қабырғасының қалыңдығы – 7 мм, өлшенбейтін ұзындықтағы, Ст3сп2 маркалы болаттан жасалған құбыр, В тобы бойынша дайындалады МСТ 8696-74:

Құбыр 630-7 – Ст2сп2  МСТ  8696-74

Сыртқы  диаметрі 630 мм, қабырғасының қалыңдығы – 7 мм, өлшенбейтін ұзындықтағы, Д тобы бойынша дайындалады МСТ 8696-74:

Құбыр 630-7 –Д  МСТ  8696-74.

 

 

 

2.3 Болат құбырларға қойылатын техникалық талаптар

Сапа  көрсеткіштеріне байланысты келесі топтағы құбырларды дайындайды:

  1. механикалық қасиеттері бойынша 1-категориялы Ст2, Ст3 (барлық қышқылдану дәрежесіндегі) маркалы көміртекті болаттан, МСТ 14637 бойынша;
  2. химиялық құрамы бойынша Ст2, Ст3 (барлық қышқылдану дәрежесіндегі) маркалы көміртекті болаттан, МСТ 14637 бойынша;
  3. химиялық құрамы мен механикалық қасиеттері бойынша 2- категориялы Ст2 барлық қышқылдану дәрежесіндегі), 2 және 3 категориялы Ст3 (барлық қышқылдану дәрежесіндегі), 4 және 5 категориялы Ст3пс және Ст3сп көміртекті болаттан МСТ 14637 бойынша; 20 маркалы болаттан МСТ 1050 бойынша; аз қоспаланған болаттан МСТ 19281 бойынша және химиялық құрамы 3 кестеде келтірілген аз қоспаланған болаттан. Аз қоспаланған болат маркасын К45, К50, К52 және К55 беріктік кластары үшін бекітілген механикалық қасиеттердің нормалары бойынша талаптарды ескере отырып, құбырды дайындаушы таңдайды;
  • химиялық құрамы мен механикалық қасиеттерін мөлшерлеусіз.

 

3-кесте.  Аз қоспаланған болаттың химиялық  құрамы 

 

Элементтердің құрамы, %, артық емес

Көміртегі

Марганец

Кремний

Ванадий

Ниобий

Күкірт

Фосфор

Молибден

0,12

1,70

0,50

0,08

0,06

0,01

0,02

0,30


 

Бұранда кескіштердің 20% үшін алюминийдің 0,05%-ға дейінгі, фосфордың 0,025%-ға дейінгі қалдық құрамы рұқсат етіледі.

Көміртегілі болаттан жасалған құбырлардың негізгі  металының механикалық қасиеттері 4-кестедегілерге сәйкес болуы керек.

 

4-кесте. Көміртегілі болаттан жасалған құбырлардың негізгі металының механикалық қасиеттері  

 

Болат маркасы

Созуға уақытша қарсы тұруы,

, Н/мм2 (кгс/мм2)

Аққыштық шегі,

, Н/мм2 (кгс/мм2)

Салыстырмалы ұзаруы,

, %

кем емес

Ст2кп

324 (33)

216 (22)

25

Ст2пс

Ст2сп

334 (34)

225 (23)

24

Ст3кп

363 (37)

235 (24)

23

Ст3пс

Ст3сп

372 (38)

245 (25)

23

20

412 (42)

245 (25)

23

Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат