Интеграциялап оқытудың ерекшеліктері

 
 
 
 
 
 
 
 
 

Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық ерекшеліктері (2-3жас) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ

      Кіріспе

      1 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің теориялық негіздері

      1.1  Мектепке дейінгі білім берудегі интеграция мәселесінің теориясы мен практикасы

    1.2  Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің құрылымдық үлгісі мен педагогикалық шарттары

    2 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің жолдары

    2.1 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктіру мазмұны

    2.2  Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің интеграциялаудың әдістемесі

    2.3 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктіруге арналған тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері

    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    Қосымшалар 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

      КІРІСПЕ 

     Зерттеудің  көкейкестілігі: Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және экономикалық даму білім беру мәселелеріне аса мән беруді, қазіргі білім беру жүйесін жаңартуды талап етуде. Оның маңызды қырларының бірі – білім беруді  кәсібилендіру, яғни оның барлық деңгейлерінде тұлғаны даярлауға құзыреттілік тұрғысынан келіп, білім берудің сапасын арттыруға бағыттау болып табылады[1].

     Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселе – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа  ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Ол үшін оқу орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру, білім берудегі жалпы және кәсіби мәдениетті әлемдік деңгейге жеткізу қажет[2].

     Білім берудің әр кезеңіне сәйкес бөлінетін  уақыттың шектелуі мен игеруге қажетті ақпарат көлемінің артуы, сондай-ақ кәсіби даярлау бағыттарының көптүрлігі мен кәсіби білім беру орындарының түлектерінің даярлығына қойылатын талаптардың үнемі артып отыруы, дәстүрлі оқытудың басымдығы мен ақпаратты игерудің ғылыми-техникалық жетістігінің деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы оған  қол жеткізуге тура келеді.

     Ғылым мен білім берудегі интеграциялық  үрдістердің әлеуметтік-экономикалық негіздері адамның қазіргі жағдайдағы шаруашылықты жүргізу әрекетінің тиімділігін  арттыруға байланысты болып отыр. Интеграциялық тұрғыдан келудің әлеуметтік практикасын ХХІ ғасырдың жаһандық мәселелері де талап етуде[3,4]. Өйткені, білімнің ғылыми сыйымдылығының өсуі, ғылымның әртүрлі саласындағы зерттеулердің қолданбалы бағыттылығы мен қоғамдық дамудың ақпараттық-техникалық құраушысының күшеюі еңбек үрдісінің жоғары зияткерлігін талап етуде[5]. Сондықтан, қоғамның колледждер алдына қойып отырған міндеттеріне жоғарыда аталған үрдістер белгілі бір дәрежеде әсер етеді.

    Қазіргі уақытта білімді интеграциялау мәселесін педагогикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан зерттеуге ерекше маңыз берілуде. Интеграция теориясы бойынша көптеген ресейлік ғалымдар Г.Г. Авзалова[6],  А.Я.Данилюк[7],  Н.А.Лошкарева[8], В.Н. Максимова[9], М.А.Данилов[10], В.В.Давыдов[11], В.Н.Монахов[12] т.б., сол сияқты елімізде бұл мәселемен А.А.Бейсенбаева[13], Ә.М.Мұханбетжанова[14], С.К.Ерімбетова[15],  Г.К.Шолпанқұлова[16] т.б. айналысады. Ғалымдар интеграцияның философиялық, психологиялық, педагогикалық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қарастырған. Сонымен қатар, негізгі түсініктерін, заңдылықтарын, категориялары мен идеяларын ашып, білім берудің мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін ғылымдар жүйелігі мен байланыстылығы негізінде талдайды.

    Қазіргі жаһандану жағдайында жедел өзгеріп  отырған әлем және ақпарат легінің артуы, оның одан әрі шектеусіз өсуі адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қою нәтижесіз мақсат екендігін көрсетіп отыр. Ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады.

      Бірақ, өте үлкен көлемдегі оқу және ғылыми мәліметтерді меңгеру қазіргі  әлеуметтік-экономикалық жағдайда болашақ  мамандардың кәсіби және өмірлік қалыптасуы үшін жеткілікті бола бермейді. Сондықтан  ақпаратты сұрыптаудың жаңа тәсілдері мен жаңа ақпараттық технологияларды игеру нарық жағдайында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін міндетті талапқа айналуда. Бұл жағдайда білім беру үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды қолдану білімнің жаңа сапасына  қол жеткізуге мүмкіндік береді.

     Елімізде  қазіргі заман талабына сай кәсіби білім берудегі ақпараттандырудың алатын орны мен маңызын Б. Әбдікәрімов[17], Қ. Бектаев[18], Е.Бишімов[19], Б.М. Момынбаев[20], Ш.Х.Құрманалина[21],  М.Х.Қаламғалиев[22],   және т.б., сол сияқты әртүрлі ғылымдар бойынша білім беруде компьютерді қолдану мәселесімен Е.Ы.Бидайбеков[23], Д.М.Жүсібалиева[24], Г.К.Нұрғалиева[25], Ж.А.Қараев[26], Н.Ғ.Даумов[27], Б.Д.Сыдықов[28], Ж.И.Сардарова[29], Ж.Ж.Нұржанова[30], А.Б. Медешова[31] т. б. еңбектерінен көреміз.

      Бүгінгі күні білім беру мақсаттарының жиынтығы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді, оның негіздеріне көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, білімді практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру икемділігі, өмірлік жағдаятты бара-бар бағалай алу, проблеманың шешу жолдарын табу және т.б. Бұл мақсатты білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келу арқылы жүзеге асыруға болады.

Түлектердің құзыреттіліктерін қалыптастыруда олардың білімін интеграциялауды  жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен  жүзеге асыру бүгінгі күнгі көкейкесті мәселе болып табылады. Сондықтан, оны  педагогикалық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. Біріншіден, колледж оқушыларының жалпы, кәсіптік және арнайы білімдер интеграциясына негізделген қорытылған ойлауын  дамытудың қажеттілігі туындап отырғанымен, колледжде білім беру мазмұнының көппәндік бағыттылығы сақталған; екіншіден, колледждің білім мазмұнына ғылымның соңғы жетістіктерін қамтитын жаңа пәндік аймақтар енгізіле тұрғанымен, оқу үрдісін оңтайландыруда қазіргі мүмкіндіктер жеткілікті пайдаланылмай, негізінен дәстүрлі оқыту басымдықта қолданылуда; үшіншіден,  оқу үрдісін интеграциялауға негізделген модельдеу әдісі, жобалау әдісі, рольдік және іскерлік компьютерлік ойындар сияқты интерактивті технологияларды колледждің оқу үрдісіне бейімдеу жүзеге асырылмай келеді. Өйткені, колледж оқушылары білімдерін интеграциялауды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асырудың педагогикалық шарттары анықталмаған.

 Зерттеудің нысаны:

     Зерттеудің  пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың білімдерін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы  интеграциялаудың педагогикалық ерекшеліктері.

     Зерттеудің  мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың білімдерін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы интеграциялауды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу.

     Зерттеудің  ғылыми болжамы:  Егер мектепке дейінгі мекемелердің  білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланылса, онда балалардың білімі интеграцияланған жаңа сапалық нәтижеге жетеді, өйткені  жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерінің дамуына ықпал етеді.

     Зерттеудің  міндеттері:

     Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:

      Зерттеу әдістері:

     Зерттеудің  негізгі кезеңдері: алғашқы кезеңде (2008-2009 жж.)

      Екінші  кезеңде (2009-2010 жж.) ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысы  жүргізілді және оны колледж оқушылары білімін интеграциялауда қолданудың педагогикалық шарттары анықталды, құрылымдық моделі жасалып, тиімділігі тексерілді. Интеграцияланған оқу бағдарламалары, жобалар жасалып, оны колледждің білім беру үрдісінде қолдану әдістемесі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.

      Үшінші  кезеңде (2006-2007 жж.) тәжірибелік-эксперимент жұмысы негізінде нақты қорытындылар жасалды. Жұмыстың әдістемелік тиімділігі тексеріліп, нәтижелері практикаға енгізілді, ұсыныстар берілді. Зерттеу қорытындылары негізінде әдістемелік құралдар мен арнайы курс бағдарламалары жасалды, диссертацияның рәсімделуі аяқталды.

      Диплом  жұмысының құрылымы.

      Диплом  жұмысы кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған  ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

      Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, обьектісі, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, дерек көздері,  зерттеудің әдістері мен негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

      Қорытындыда диссертациялық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

      Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері көрсетілді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Негізгі бөлім

  1. Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық-психоогиялық мәселелері
    1. Кіріктіру ұғымының теориялық негіздері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1.2 Ойын және пәндік әрекетін  кіріктірудің педагогикалық негіздері 

  Пәнаралық байланыстан –  интеграцияланған білімге

        Әлемді шарлаған экономикалық дағдарыс барлық мемлекеттердің бұл проблеманы кеңесе отырып, бірлесе шешу қажеттігін алға қойып отыр. Соңғы жылдардағы Қазақстанның  экономикалық дамуы білім беру саласына да жаңа көзқарас тарапынан қарауды ұсынады. Отанымыздың білім беру саласы еліміздің ақыл-ой білімдік әлеуетін қалыптастыра отырып, экономикамыздың бәсекелестігін қамтамасыз ететін сапалы жаңа деңгейдегі кадрлар дайындауға үлес косады. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу ел қатарына кіруі үшін әуелі осы межедегі білім бәсекелестігіне қол жеткізуіміз керек.

  Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы білім беруді өркениеттің  кілті, ұлттық құндылық, ұлттың гүлденуінің  негізі деп қарап, адамның даралық  және әлеуметтік табысының кепілі ретінде  «білімді баршаға және әркімге өмір бойы» деген бағытта дамытады, сонымен қатар білімнің бейбітшілік және келісімшілік рөлін орнықтыруды басты ұстанымдардың бірі санайды. Сондықтан еліміз білім саласына инвестиция салуды басты назарда ұстауда.

  Біздің  қоғамымыздың негізгі байлығы адам. Қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы адам үшін, адамның өмірінің жаңа, биік сапаға жетуі үшін жасалады. Әлеуметтік   жағдайлар өзгеріп жатқан уақытта білім беру қоғамның негізгі іргетасы болып отыр. Өзгермелі қоғамда әрбір жеті жыл сайын мамандықтар тізімінің жартысына жуығы жаңарады өмірлік мақсатына жетуі үшін әр адамға үш-бес рет мамандығын қайта өзгертіп, қайта мамандануға тура келеді. Елімізде бастау алған «Жол картасы» бағдарламасы да әр қазақстандық азаматты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қайта даярлауды, кәсіптік мамандығын жетілдіруді және ауыстыруды қажет етеді. Бүгінгі заманда көпвариативті, көптүрлі қосалқы мамандықтар алу үшін білімді интеграциялау қажет.

  Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2009 жылғы «Дағдарыс  арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдаудауында «Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлеет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы мияқты құндылықтар мәңгі қалады» деген еді. Елбасымыздың бұл сөздері ұрпақ болашағын ең киелі, ең қасиетті орынға қойып отырғанын көрсетеді. Халқымыздың басына түскен экономикалық дағдарыстың сынағына қарамастан, Елбасының «100 мектеп салу» жобасы жоспарға сай орындалып жатыр. Жолдауда айтылғандай, «біз жиырма жыл бойы жаңа елді, ашық та өркенді елді құрып жатырмыз». Ендеше еліміздің білімі саясаты да өркениетке бет бұрып, халықаралық білім стандарттарына сай болуы керек.

  Байқап  отырғанымыздай, халықаралық мектептердің оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық  стандарттармен үйлесе жасалып, пәндер интеграцияланып, әлемдік білім  бағдарламасымен дифференциаланып, отандық стандарттарға, талапқа сай келеді.

  Еліміздің білім беру жүйесі 1988 жылы Болоньянда құрылған Еуропалық жоғары білім  беретін университеттер партиясына, 1998 жылғы Еуропа министрлері қабылдаған «Сорбонна» декларациясына қосылды. Қабылданған құжаттар ұлттық білім жүйесін еуропалық стандарттарға сәйкес интеграциялауды ұсынады.

    Осыған байланысты ұлттық білім  беру жүйесінің алдында мынадай  міндеттер түр:

  • Білім беруді интеграциялауға деген жаңаша көзқарас қалыптастыру;
  • Ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім стандарттарына сай сапалы білім беруге бағыттау;
  • Білім кеңістігіндегі интеграциялық ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеру.

  Біз әлемдік білім қауымдастығына ұлттық білім жүйеміздің ерекшелігін сақтап баруымыз керек. Оқу мен тәрбиенің, негізгі және қосымша білімнің, сынып және сыныптан тыс жұмыстардың, инвариативті және варииативті білімнің, білім, білік, дағдының, сабақтың білім беру, тәрбие беру, дамытушылық мақсаттарының сабақтастығын ешкімде жоққа шығара алмайды. Яғни, интеграцияға баратын жол осы салалардың бірігуінен басталады.

  Интеграциялық білім баланың ақпараттық, когнитивті және коммуникативті құзыреттілігін қалыптастырады. Ресей ғалымдары білімнің танымдық мақсаттарын ашу, білім көлемі, сапасы мен көптүрлілігін қамтамасыз ету, баланың өсіп келе жатқан жас ерекшелігіне және оқытудың басты мақсаттарына сай жаңа  технологияларды пайдалануды кешенді жоспарлауды білім берудің эволюциялық жолы ретінде қарастырады. Осы бағыттағы мақсаттардың орындалуына соңғы жылдар ішінде пайда болған: оқытудың интегралды технологиясы; жаһандану дәуіріндегі ақпараттық білім беру технологиясы; когнитивті технлогия; оқытудың проблемалық-бағдарлы технологиясы арқылы өнертапқыштық міндеттерді ашу технологиясы; интеллект карт әдісі негізіндегі оқыту технологиясы үлес қосады.

  Бұл  технологияларды оқыту үрдісінде кешенді қолдану арқылы баланың танымдық даму дәрежесі артады: ақпаратты алу, қабылдау, сараптау, сақтау және қолдану өрісі кеңиді, баланың бейнелі ойлау, сөйлеу қабілеті, біртума құндылық жасай алатын креативті, шығармашыл, дарындылық қасиеті дамиды; бүгінгі өркениет нәтижесінде пайда болған күрделі мәтіндер әлемін түсіне алатын, логикалық ойлау жүйесі өзгеше қабілетке ие болады; ұжымдық еңбек үрдісі арқылы қатысымдық дағдысы артады.

  Оқытудың  интегралды технологиясы міндет қоя отырып, балалардың осы міндетті шешудегі мақсаттарын айқындайды, мақсаттар көпдеңгейлі диагностикалық жүйеде болып келеді. Міндеттер қою арқылы мақсаттарды айқындау бейінді оқытудың нақты жүзеге асырады. Интегралды технологияның құрылымын анықтайтын дидактикалық бірлігі блок-сабақтар болып табылады, блок-сабақтар білім мазмұнындағы ұғым бірліктерін ірілендіреді. Блок-сабақтар мемлекеттік білім стандартындағы талаптарды орындап қана қоймай, оқу жоспарының инваритивті және вариативті бөлімдерін біріктіре отырып жоғары деңгейдегі білім бере алады.

  Жаһандану дәуіріндегі ақпараттық білім беру технологиясы да интегралды білім беру технологиясын жетілдіріп, ақпатрат көздерінің қолжетімдігі, көптігі, алуан  түрлілігі арқылы жеке тұлғаны дамытып, мұғалімнің ақпарат тасушы ретіндегі еңбегін жеңілдетеді. Яғни, мұғалім – ақпарат көзі, оны жеткізуші трансфлятор емес, оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамытушы фасилитаторға айналады.

  Когнитивті  технология когнитивті психология жетістіктеріне сүйенеді. Ол білім мазмұнындағы қиындықтарды жою үшін ойлау операцияларын жетілдіру, оқушылардың қиын материалды түсінуіне жол  ашу, оқыту үрдісінің әдіс-тәсілдерін оқушылардың танымдық қызығуын арттыруға бағыттау, жалпы пәндер бойынша оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, сыни ойлау дәрежесінің даму динамикасын бақылау, жалпы оқу үрдісінің көп дәрежелі мониторингін құру, сабақтар барысында оқушыларға қолайлы психологиялық жағдай туғызу мақсаттарын қамтиды.

  Оқытудың проблемалық-бағдарлы технологиясы ойлау дәрежесінің жоғары сапалық белгіліерін қалыптастырудан пайда болатын өнертапқыштық қасиетті дамытады. Осы екі міндетті байланыстырып кешенді дамытатын педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалар зерттеу, ізденіс жұмыстарына бейім болып шығады. Бұл қай пәннің болсын алдына қойған мақсаты әрі жетістігі болып табылады.

  Қазіргі ғаламдық ақпараттар тасқынында әрбір баланың немесе топтың ақпараттық ізденіс жұмыстарын бақылау, сараптау, түзеу, конспектілеу және аннотация жазу мақсатында интеллект-карт технологиясы енгізіледі. Бұл жұмыс жүйелі жүргізілсе, баланың аналитикалық ойлау, ақпаратты қабылдау, ұйымдастырушылық қабілеттері артады.

  Жоғарыда  аталған технологиялар білім  беруде пәндердің ішкі тоғысуы(пәнаралық  байланыс), оларды жаңаша жүйелеу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, таным мәселесін сабақ мақсатының алдыңғы қатарына шығару, көп-салалы мәдени білім беру, білімді өмірімен байланыстыру салаларында қолданылады. Яғни, интегралды оқыту технологиясы басқа технологиялармен кешенді байланысқанда ғана оң нәтиже береді.

  Пәнаралық байланыс арқылы бір ғылым саласының  заңдылығын айқын, дәл білу үшін басқа ғылым саласындағы ұқсас құбылыспен байланыстырып, салыстыруға мүмкіндік туады.

  Интеграция -  ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дифференция үрдісімен қатар  жүреді. Пәнаралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс әлемдік білім кеңістігімен интеграциялануға жол ашады.

  Баланың дүниетанымын қалыптастыру – барлық пәндердің міндеті. Пәнаралық байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бірізді, үйлесімді дамытады. Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан ерекшелікті таныту – әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден-бір жол. Негізгі нысаны – адамды жан-жақты дамыту болып табылатын қазақ тілі мен тіл дамыту пәндері өзара байланыса отырып табиғи ортаның, қоғамның, әлеуметтік  ортаның даму заңдылықтарын тереңдете танытатын неғұрлым ірі интеграциялық байланысқа –қоғамдық ғылымдармен байланысқа ұласады.

  Тіл материалы –сөз. Сөз – белгілі  бір заттың, құбылыстың атауы. Сөз  болмысты бейнелейді. Сөз – айналадағы қоршаған ортаның, заттардың санамызда шындықпен сәулеленуі. Егер балаға затты, құбылысты дұрыс таныта алмасақ, шәкірт оны сөздік таңба арқылы дұрыс бейнелеп айта алмайды, тілдік қолданыста сөзді мағынасына сай қолданбау осыдан шығады. Ой мен тілдің, болмыс пен сананың арасындағы байланыс интегралды және кешенді сипат алады.

  Тіл білімі оқушыға бүкіл тілдік жүйені меңгертуге қатар ана тілі арқылы материалистік көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Өйткені тіл – сананың, (ойдың) материяның көрнісі, негізі. «Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам болмайды. Тіл мен ой ажырамас бірлікте. Сана әрдайым белгілі тілдік негізде өмір сүреді, ол тілмен бірге дамиды» дейді философ ғалым Д.Кішібеков. Баланың өмір шындығына сай реалистік ойлау қабілетін дамыту, өмір тәжірибесін жетілдіру, сөзді болмысты таңбалаудың белгісі ретінде қабылдау, сөз мағынасын өмірдегі белгілі бір ұғымға теліп үйрету, өмірдегі саналуан құбылыстардың сын-сипатын таныту арқылы сөздерді саралап, таңдап-талғап пайдалану – кешенді мақсаттардың бірі.

  Пәнаралық байланыс білім берудің негізгі парадигмаларымен тәкелей байланысты. Сөздер мағыналық байланысына қарай парадигмалар жасайды.

    Ғалым А.Айғабыловтың пікірінше,  «Лексикалық парадигма дегеніміз  – айналадағы заттар мен құбылыстардың  бір-біріне қатысы қандай болса, оларды білдіретін сөздердің бір-біріне қатыстылығы сондай болады.»

  Жаһандау  дәуірінде білімнің мәдени ықпалдастығын  кеңейту, интеграциялық білімнің мақсаттарының  жалпы адамзатты толғандыратын мәселелерге араластыру, оны ғаламдық ойлау дәрежесіне көтеруғ оқушыларды алуан түрлі мәдени құндылықтарды құрметтеуге, оған төзімділікке тәрбиелеу, шәкірт бойында жалпы адамзаттық сананы қалыптастыру және қазақстандық білім беру жүйесі ашық жүйе болып табылып, жеке тұлғаны әлеуметтендіруге белсене қатысады.

  Бұл салада әлемдік тәжірибеге сүйенбеу мүмкін емес. Ол үшін әлемдік білім беру жүйесінің ұйымдастыру-құрылымдық жағымен интеграциялана отырып, білім беру технологиясының алдыңғы қатарлы жетістіктеріне сүйенуіміз қажет.

  Әлемдік  білім берудің негізгі тұжырымдымасы мен бағдарлы құндылық бағыттарының ерекшеліктері: білім беруді ізгілендіру, білім берудің мазмұны мен технологиясын жеке тұлғаға бағдарлай отырып ортақ қоғамдық құндылықтарды дамытатын тұлға қалыптастыру болып табылады. Алдымызда шығармашылық жағынан белсенді, интегративті тұлға қалыптастыру мақсатында білім мазмұнының тұтас, жан-жақты, проблемалық, пәнаралық байланыстарын ашатын технологиялар таңдау міндеті тұр.

  Яғни, Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін  сүй бауырым деп», «Атаның баласы болма,  адамның баласы бол!» деген үндеуін орнықтыру үшін шәкіртке өзін ғаламның бір бөлшегі екенін сезіндіріп, оны жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарымен таныстырып, құрметтеуге үйретуіміз керек.

  Ғалым А.Бейсенбаева пәнаралық байланыстың шартты түрде қолданылып жүрген үш түрін көрсетеді. Ғалымның пікірінше:

  1. төменгі деңгейдегі пәнаралық байланыста пән мұғалім оқу бағдарламасы шеңберінде оқу материалын өзі толықтыра отырып, ақпарат дайындап, түсінік береді. Мұндай  жағдайда оқушылар өз бетінше  білім  алудан шет қалады;

2) орта деңгейдегі пәнішілік және пәнаралық байланыста әр циклдегі білімнің жалпы идеясы, теориясы, мазмұндық ортақ  қасиеттері ашылады. Шебер мұғалім пәнаралық операцияларды мүшелейді;

3) бұл  жағдайда әдіснамалық тұрғыда  пәндердің бірігуінен интеграциялық  білім мазмұнында біртұтас теориялық түсінік пайда болып, ортақ игеріледі. Бала дүниетанымы да қоршаған ортамен диалектикалық байланыста  болып, рухани әлемі жан-жақты дамиды.

  Біздің  қосарымыз, бүгінгі қоғамда білімнің ғаламдану салдарынан пәнаралық  байланыстың төртінші түрі қалыптасты. Ол әлемдік ашық білім кеңістігіне байланысты білім мазмұнының «тасмалдануына» және интеграциялануына байланысты туып отыр. Яғни, елімізде ғаламдық интеграциялық  үрдістің пайда болуы нәтижесінде халықаралық дәрежеде білім берудің негізі қаланып жатыр.

  Бұл үрдістің көрністері – орта  білім  беру жүйесінде пайда болған халықаралық  деңгейде интернационализациялау арқылы туып отырған интеграциялық үрдіс  білім беру мен тәрбие шараларының  кешені арқылы жасалады. Яғни, жастардың, бүкіл адамзаттың мекені – Жер планетасында өтіп жатқан барлық құбылыстар мен оқиғаларға бейжай қарамай, сезімталдықпен қарап, әртүрлі этникалық, нәсілдік, мәдени топ өкілдерін бөліп-жармай, оларға керек кезінде көмек қолын созуы, көптүрлі мәдени плюрализмді қабылдауы, ғаламдық қоғамдық қауымдастықта өмір сүре алатын білім, білік дағды жинауы басты назарда тұр.

  Қорыта  айтқанда, әрбір ұстаз – өз заманының  алдыңғы қатарлы білімдар өкілі. Ол өз бойына ғұламаларымыз Әл-Фараби, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, т.б. жинаған энциклопедиялық білімнің негіздерін жинап, осы қасиетті шәкірттеріне сіңіре білуі қажет.

    Ол үшін әр сабағында пәнішілік,  пәнаралық байланыстан бастау  алатын интеграциялық білімнің  біртұтас жүйесін ендіріп, балаларды әлемдік ақыл-ойдың қол жеткен табыстарымен сусындауына, өз бетінше білім алуына, шығармашыл бастамаларға бейім болуына баулуы –заман талабы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру 

     Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ.

     Осыған орай интеграция, интеграциялық  оқыту мәселесі сан қырынан  зерттелуде. Оқыту  мен тәрбиелеудегі  пәнаралық байланыс мәселесін  және білім берудегі интеграцияны  әр түрлі негізде жасауға Н.В.Малахов, И.А.Лошкарева, И.Д.Зверев, В.Н.Максимова, Т.Г.Рамзаева, Н.Н.Светловская, М.Р.Львов, Н.Я.Виленкин, Л.И.Бурова, т.б. зор үлес қосты. Бұл  педагог-ғалымдардың еңбектерінде интеграция туралы мәселе жан-жақты қарастырылады.

   Интеграция дегеніміз - пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Сондықтан да интеграция мен пәндердің өзара байланысы ұғымдарын мәндес ұғым ретінде түсінуге болмайды. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді

   Осы тұрғыдан алсақ, интеграциялық оқыту  мәселесінің педагогикалық рөлі, мәні мен мазмұны, әсіресе бастауы сыныптағы білім жүйесіндегі педагог жұмысыда арта түседі. Өйткені, педагог – шын мәніндегі қоғамдық-әлеуметтік даму үрдісінің адам санасындағы күрделі жаңғыру барысына тікелей қатысы бар болашақтың жасампаз маманы. Сондай-ақ, оқу бағдарламасында: «Мектепке дейінгі кезең  – баланың зердесі дамуының іргетасы» делінген.

   Қазақстандық  педагогикада жалпы білім беретін мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін Б.Т.Нәбиева, А.Р.Бектениярова, А.Ерімбетова, Р.К.Аббасава, А.А.Әбдиев, т.б. сипаттаса, жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе интеграциясының педагогикалық негізін Г.К.Меңдіғалиева, аспиранттардың оқу және зерттеушілік қызметі интеграциясы мәселесін К.Жүнісова, Ә.Бидайбекова, мектепке дейінгі білім мазмұнын интеграциялау мәселесін К.Жүнісова, Ә.Мұханбетжанова және т.б. қарастырған. Олардың ғылыми еңбектердің аса құнды екендігі мәлім.

   Біздің  ойымызша, интеграциялық оқытуды жүзеге асыру балалардың танымдық қызығуы мен білім сапасын арттырумен қатар, бір сабаққа бірнеше пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.

Интеграциялап оқытудың ерекшеліктері