Когамнын саяси жуйеси

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

І.  ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ  ЖҮЙЕСІ

1.1. Қоғамның  саяси  жүйесінің түсінігі, түрлері.................................................6

1.2. Азаматтық қоғам,  оның мазмұны, белгілері..................................................9

 

ІІ. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ  БЕЛГІЛЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

2.1. Қоғамның саяси  жүйесі, оның мазмұны......................................................12

2.2. Қоғамның саяси  жүйесіндегі мемлекеттің орны  мен ролі..........................14

2.3. Қоғамның саяси  жүйесінің даму заңдылықтары.........................................19

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................23

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................25 

КІРІСПЕ

Қоғам өмірінің  саласы - саяси-құқықтық сала. Ол сонау көне цивилизация дүниеге келген кезде  пайда болды. Аристотель адамды «Zoon Politicon» - саяси жануар деп сол кезде - ақ атап кеткен. Сол заманнан бері осы уақытқа дейін адам саяси пенде, өйткені ол - әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса ұлттың үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын анықтауға тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтармен қарым-қатынасқа түседі. Саясаттың екінші жағы - әртүрлі мүддесі бар топтың басын біріктіріп, қарым-қатынастарын ретке келтіріп, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу болмақ.[1;43б]

 Саяси жүйе әлеуметтік қатынастарды, қоғамдағы өзара әрекеттестікті, қоғам мен мемлекеттің арасындағы қатынастарды бейнелейді. Демек, қоғамның саяси жүйесі бір ғана саяси институттармен анықталмайды. Оның ауқымы кеңірек. Саяси жүйеге оның бөлшектерін үйлестіру, олардың атқаратын қызметтері және қоғам мен оның арасындағы қатынастары кіреді. Оны саяси қоғам деп атайды,яғни саяси міндетті қызметті атқаратын, саяси мекемелерді, басқаратын аппараты, билік орындарын, саяси партиялар мен қозғалыстарды және тағы басқаны құратын адамдардың қоғамдық жіктері мен топтардың жиынтығы. Саяси жүйе – мемлекет пен қоғамның арасындағы әлеуметтік саяси өзара әрекеттестіктің тетігі, беріліс, дәнекерші құрылғысы.

 Мемлекет - қоғамды басқаруды, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғауды іс жүзіне асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты, марксистердің пікірінше, таптық антагонистік қоғамда экономикалық жағынан үстем таптың қолында болады және ең алдымен солардың әлеуметтік қарсыластарын басу үшін пайдаланылады. Мемлекет типі оның қай  тапқа қызмет ететініне, демек, түбінде белгілі бір қоғамның экономикалық базасына қарай анықталады. Қазіргі шетелдік мемлекетке парламентті, авторитарлы, әскери диктаторлық сипаттағы және кейбір басқа да саяси режимдер тән. Мемлекеттің негізгі функцияларын ішкі және сыртқы деп қабылданған. Ішкі функцияларына  өмір сүріп отырған өндіріс тәсілін, экономикалық және әлеуметтік жүйені қорғау, таптық қарсыластарды жаншу, экономиканы басқару немесе шаруашылық қызметті реттеу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғау және тәртіпті сақтау, әлеуметтік қатынастарды реттеу, мәдениет тәрбие, идеологиялық қызмет және т.б. жатады. Сыртқы функциялары: халықаралық аренада осы берілген мемлекеттің өз мүдделерін басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста қорғау,елді қорғауды қамтамасыз ету, басқа мемлекетті дұрыс қатынастарды дамыту, түрлі әлеуметтік құрылысы бар мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің принциптері негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.  

Қоғам-экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.

Саяси жүйе- елдің саяси  өміріне қатысатын мемлекет пен  мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың  біртұтас кешенде қарастырылуы, мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі- мемлекет. Саяси  жүйенің қоғамды басқарудағы  ең орталық буыны- мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз- қоғамдағы қарым- қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.[2;63б]

Жоғарыда көрсетілген  саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси  жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы- жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.

  1. Формациялық саяси жүйелері- құл иелену, феодалдық, жуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері.
  2. Авторитарлық саяси жүйелер- тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси жүйелер.
  3. Демократиялық саяси жүйелер- либерал- демократиялық, залықтық- демократиялық, социал- демократиялық т.б.
  4. Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б. саяси жүйелер.

Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері:

    • Қоғамның саяси жүйесі туралы мәлімет беру;
    • Қоғамның саяси жүйесінің түрлері мен функциялары туралы толық мағлұмат алу;
    • Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұнымен танысу;
    • Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі анықтау.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

І.  ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ

1.1. Қоғамның  саяси жүйесінің түсінігі, түрлері

Қоғамның саяси жүйесі- бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және өызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:

  1. Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басп- жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.
  2. Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық – ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық  экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы жаулар алуға тырысады, құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.
  3. Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі- аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.[3;87б]

Саяси жүйелердің пайда  болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері  болады: тоталитарлық, либералдық- демократиялық  және аралас жүйелер; ал өзара байланасу  сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.

Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болады. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табнушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.

Саяси жүйенің екінші түрі- дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына  сәйкес дамуы. Бұл еллдерде де толық бостандық әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы, таптардың , топтардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы.

Саяси жүйенің үшінші түрі- ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс- конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.[3;91]

Адам қоғамының тарихында  ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік саяси жүйелері қалыптасқан, аз болса да өмір сүрген.

Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежүзілік бірлікке, одаққа бет бұруда. Бұл объективтік  прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.

Сонымен, қоғамның саяси  жүйесі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Саяси жүйенің төрт бағыты болады.

  • институционалдық- мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды:
  • реттеуші- құқық, саяси  нормалар, әдет- ғұрып, мораль т.б.;
  • функционалдық – саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;
  • идеологиялық- саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.

Саяси жүйенің негізгі  элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси іс- әрекет, саяси сана және саяси мәдениет.[4;82]

1.2. Азаматтық қоғам, оның мазмұны, белгілері

 Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай- бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гекель.

Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылардың айтуынша- қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес.

Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы  объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол  арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К.Маркс қысқаша: «Қоғам- адамдардың өзара еңбек жасауының одағы»,- дейді.[5;93]

 Қоғамдық мүдде- мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші- клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлістік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның  ішіндегі қарым- қатынастарды реттеп, басқару керек болады. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды.

«Адамдар өз тарихын  өздері жасайды,- деген Маркс,- бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрыңғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады».

Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:

  • саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
  • қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың қалыптасуы;
  • адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;
  • қоғамдық мүдде- мақсат, тілек арқылы қарым- қатынастарды- басқару;
  • қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.

Қоғам- саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін сапалы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде- мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.

Адамның объективтік  тарихи даму процесіне және күнделікті қарым- қатынасында қоғамның бірнеше  түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық  қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс- әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.[5;103]

Азаматтық қоғам- мемлекеттік  құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік- экономикалық және мәдени- рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің  барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

Азаматтық қоғам- мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы  қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз- дербестікке дамыту.

Республика Конституциясы  Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы- онда «Азаматтық қоғам» бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру  үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды.

Оған: тең дәрежеде танылатын  және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-баптың 1- тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (ІІ бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27- бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5- бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық- азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен  шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде- мақсаты.[6;115]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

2.1. Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны

Саяси жүйе қоғамның объективтік  даму процесінде қалыптасып, өміреге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани-мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуірде әр қилы  оқиғалардың болуы да заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады.

Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдата немесе баяулата алады.

Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге  өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын  жұмысы ұшан- теңіз. Қоғамдағы барлық  мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.

Қоғамда бір мүдде- мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік  қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде- мақсатының дұрыс жақсы орындалуы  мүмкін емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық билік т.б. ірі- ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетепен бірігіп қоғамның бағдарламасын, мүдде- мақсатын анықтап, оның бағыттарын, орындау механизмін белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар, іске асуын бақылап отырады.[7;131]

Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси  жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің  құзырында.

Қоғамдық саясаттың  тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты- феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты- капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты- (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ)- жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т.б.

Әлеуметтік мазмұнына  қарай саяси жүйе бірнеше түрге  бөлінеді: демократиялық, либерал- демократиялық , шовинистік, ұлтшылдық, расистік, тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы және құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.

Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын  саяси жұмыстары өздерінің ережелері- уставтарының мазмұнына сәйкес келеді, өздерінің қоғамының құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын біріктіріп айтсақ- олардың қоғамдық мүдде- мақсатты орындауда, саясатты іске асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт, фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін дамытып нығайтады.[7;124]

 

2.2. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі

Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөлік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген.Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны:

1)негізгі өндіріс құралдарының,табиғи  байлықтың меншік иесі ретіндегі  рөлі айрықша болады;

2)қоғам дамуының басты  бағыттарын айқындайды;

3)барлық азаматтардың  саяси ұйымы болып саналады;

4)мемлекеттік басқару және мәжбүрлеу органдарының жиынтығы болып есептеледі;

5)жалпыға бірдей міндетті  құқық нормаларын қабылдайды;

6)мемлекеттік егеменді  болады;

7)ішкі және сыртқы функциялары(қызметінің бағыттары)болады;

8)елдің ресми өкілі  ретінде мемлекеттік билікті қоғам көлемінде жүзеге асырады.[8;92]

 


 

Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:

  • мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде нормалар арқылы жүргізіледі;
  • мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;
  • мемлекет ішкі- сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.

Мемлекет қоғамның саяси  жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды  біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:

  1. Мемлекет Конституция арқылы барлық азаматарға өздерінің бірлестіктерін, ұйымдарын құруға толық мүмкіншілік береді; қоғамдағы демократияны дамытуға міндетті.
  2. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің көлемін, шеңберін анықтайды.
  3. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына толық мүмкіншілік беріп, оларды қорғап отырады.

Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы  барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде- мақсатын дұрыс, жақсы орындауын , демократияның  дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан- жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.

Саяси жүйенің барлық саласы өздерінің  жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізіледі. Мемлекет, барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар  заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды.

Мемлекет қоғамдық және саяси жүйенің  құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы  ең маңызды бірлестік. Оның себептері:

  1. Мемлекет қоғамдағы қайшылықтарды өршітпей, дамытуды дұрыс келісімге келтірудің әділ қазысы. Ф.Энгельс бұл жөнінде өте қысқаша былай деген: «Егерде мемлекет пен құқық өмірге келмегенде, адам қоғамы көне дәуірде ақыр замаңға тап болатын еді».[9;48] Қандай тамаша айтылған пікір...!
  2. Мемлекет қоғамдағы сан қырлы қайшылықтарды, ретсіз жағдайларды халықпен, бірлестіктермен, ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен, бірлесіп, оларды бір келісімге келтіріп, сол келісімді бәрі бірігіп іске асырушы күш.
  3. Мемлеект басында қоғамды басқарушы, қаңаушы үстемдік таптың құралы ретінде өмірге келді. Кейін қоғам дамыған сайын, мемлекет демократияны жақтап, қоғамдық мүдде- мақсатты басым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай, сым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай.
  4. Мемлекет адамдардың, саяси- әлеуметтің күштердің үздіксіз күрестерінің нәтижесінде қоғамдағы үзіліссіз қайшылықтарды келісімге келтірудің әділ қазысы болып отыр.
  5. Мемлекеттің қоғамдағы барлық мәселені шешудегі егемендігі, қоғамның дұрыс дамуы, адамдардың бостандығы мен құқықтары, әділеттік пен теңдіктің шын мәнінде қалыптасуы мемлекеттің құзыретіндегі мәселе. Өйткені қоғамдағы билік мемлекеттің қолында.
  6. Қоғамның саяси- экономикалық, мәдени- әлеуметтік жағдай үзіліссіз диалектикалық даму прроцесінде болғандықтан, бұл процесті дұрыс, пайдалы басқару тек мемлекеттің қолынан келеді. Өйткені мемлекеттің құзырында барлық материалдық, саяси, әлеуметтік, әскери күштер бар.[10;93] Мемлекеттік билікті іске асыратын құқықтық механизм бар.

Мемлекет өзінің билігін  саяси партияларға, қоғамдық ұйымдар  мен бірлестіктерге, еңбек ұжымдарына, жергілікті өзін- өзі басқару ұйымдарына, азаматтарға сүйене отырып іске асырады. Енді осы байланыстарға қысқаша тоқтап өтейік.

Мемлекет және саяси партиялар- бұл екеуі бірігіп қоғамды басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс- әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бақылауында болады.

Мемлекет және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер- қазіргі  заманда халықтың мүдде- мақсатын орындайтын тек мемлекет пен саяси партиялар емес. Ол мүдде- мақсаттың басым көпшілігі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қолында. Сондықтан мемлекет оларға көмек көрсетіп, іс әрекеттерін, жұмыстарын бақылап отырады.

Мемлекет және еңбек  ұжымдары- өндірісте, шаруашылықта мәселенің  басым көпшілігі еңбек ұжымдарының құзыретінде: шаруашылықтың нәтижелі жұмыс жасауы, тәртіптің жақсы дәрежеде болуы, адамдардың бірлігі, достығы, мәдени, рухани білімі, денсаулығы т.б. Осы бағытта ұжымның атқаратын қызметінің маңызы, құндылығы еделеп айтпаса да белгілі. Бұл мәселені ұжым мемлекетпен бірігіп іске асырады.

Мемлекет пен жергілікті өзін- өзі басқару мекеменлерінің қызметі жергілікті басқару мекемелері өзінің әкімшілік территориясында  мемлекеттік билікті жүргізуге  құзіреті болады және ол үшін жауапты. Бұл жұмысқа сол территориядағы азаматтар белсенді қатысып, барлық мәселені реттеп, басқаруға міндетті. Жергілікті мемлекеттік басқару органы оларға жан- жақты көмек көрсетуге міндетті. Осы екі орган тығыз байланыста қызмет жасауға тиіс.[11;109] Сонда ғана нәтиже болады.

Мемлекет пен азаматтар- азаматтар мемлекеттің жұмысына тікелей қатысып немесе өздерінің  өкілдері арқылы өз ой- пікірлерін білдіріп отыруға құқықтары бар және ақпарат, радио, теледидар да өздерінің тілектерін, талаптарын, сын- пікірлерін айтуға құзыреті бар. Мемлекеттік орындар көмек көрсетіп, толық бостандық беруге міндетті. Егерде бұл іс- әрекет екі жақты сапалы жүргізілсе қоғамға, халыққа тиетін жақсылығы көп болады деуге болады.

Мемлекет пен дін. Мемлекеттің  дінмен қарым- қатынасына сәйкес үш түрлі мемлекеттер болады: зайырлы, теократиялық, клерикалдық:

  • зайырлы мемлекеттің дінмен тікелей байланысы болмайды, олар бір- бірінің жұмысына тікелей қатынаса алмайды, жай байланыс жасауға болады. Оның бағыттары- демократияны, бостандықты, әділдікті, теңдікті дамыту, халықтың мәдени, рухани білімін көтеріп, жастарды инабаттылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттарды бірлікке, достыққа тәрбиелеу т.б.
  • теократиялық мемлекетті басқару шіркеу құзыретінде. 1921 жылға дейін Монғолия осындай мемлекетке жатты. Қазір- Ватикан осы жүйедегі мемлекет.
  • Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет. Олар мемлекетпен бірікпейді, бірақ заң шығару процесіне қатысып, мемлекеттің саясатына ықпал жасайды. Бұл мемлекеттерге жататында: Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Швеция, Израиль, Италия және 20 шақты ислам мемлекеттері.[12;74]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары

Қоғамды жүйелік зерттеудің мейлінше толық үлгісі американ әлеуметтанушысы  Талкотт Парсонстың (1902-1977 ж.ж.) еңбектерінде қарастырылған. Ол әлеуметтанудағы жүйелік-функционалдық мемлекеттің негізін қалаушы болып саналады. Оньң анықтамасы бойынша, адамдар қауымдастығындағы индивидтердің әрекеті әлеуметтік жүйеге ауысады, сондықтан да "жүйе" және "функция" ұғымдары қоғамды зерттеудегі негізгі әдістемелік ұғымдар болып табылады. Әлеуметтік жүйелерді құратын, қоршаған ортаны өзгерте алатын белсенді қызметімен антропологиялық әрекет биологиялық және физикалық әрекеттерден ерекшеленеді. Т. Парсонс қоғамды (адамдардың шексіз көптігі) салыстырмалы тұрғыдағы тұрақты аспектілерге (құрылым және функция) ие құрылым ретінде қарастырады. Функция кұрылымды әлеуметтік процеске, белгілі-бір тұтастыққа байланыстырады. Жүйенің негізгі функциялары: бейімделу, мақсатқа жету, біріктіру, үлгіні қолдау. Бұл функциялар жүйенің экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық-идеологиялық тармақтарында жүзеге асады. Әлеуметтік жүйелілік:

а) рәмізділігімен (тіл,құндылықтар)

ә)нормативтілігімен (яғни жеке адамның әрекеті жалпы кабылданған нормаларға тәуелді)

б) волюнтаристілігімен (яғни әрекет жағдайдың субъективтік айқындалуына тәуелді) сипатталынады.[13;121]

Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясына арналған еңбектері  мыналар: "Структура социального  действия (Әлеуметтік әрекет құрылымы)" (1937); "Социальная система (Әлеуметтік жүйе)" (1937); "К создании общей теории действия (Әрекеттің жалпы теориясын құру)" (1951); "Теория действия и человеческое существование (Әрекет теориясы және адамзаттың ғұмыр кешуі)" (1978); "Система современных обществ (Қазіргі қоғамдар жүйесі)" (1971). Соңғы кітабы 1998 ж.орыс тілінде жарық көрді. Саяси ғылымға саяси жүйе ұғымын енгізген және оны жеткілікті түрде талдаған Канада саясаттанушысы Давид Истон болды. Оның қарастырылып отырған проблемаға арналған еңбектері: "Политическая система: введение в область политической науки (Саяси жүйе: саяси ғылым саласына кіріспе) " (1953) - Бұл еңбек, сөзсіз, концептуальдық сипатта; "Системный анализ политической жизни (Саяси өмірді жүйелі түрде сараптау)" (1965); "Введение в политический анализ (Саяси сараптамаға кіріспе)" (1979), "Анализ политической структуры (Саяси құрылымның сараптамасы)" (1990). Д. Истонның пікірі бойынша, саяси жүйе қоғамның саяси өмірінің агенттері — адамдардың саяси жүріс-тұрысын қамтитын жүйе болып табылады. Ол саяси жүйе теориясына іштей тән бірнеше сипаттарды бөліп көрсетеді:

Когамнын саяси жуйеси