Коммутация әдістері
Тақырыбы: Коммутация әдістері. Симметриялы xDSL технологиялары.
Кіріспе
Бұл есептік-графикалық жұмыста екі маңызды тақырып талқыланады, яғни коммутация әдістері және симметриялы xDSL технологиялары.
Бұл жұмыста симметриялы xDSL технологияларының өмірге келуінің алғышарттары, олардың орнын басқан технологиялардын артықшылығы, жұмыс істеу механизмдері, қолданылатын компоненттер, іске асырылатын операциялар, оның кемшіліктері және т.б. ерекшеліктері жайлы мәліметтер келтірілген. Бұл технологияның қолданылу аясы, басқа xDSL технологиялардан ерекшелігі, классификациясы туралы айтылады.
Қазіргі уақытта телекоммуникация және желілік технологиялар аса қарқынды дамуда. Оның әсерін біз күнделікті байқап отырамыз. Мұндай процесс жаңа байланыс түрлерінің туындауына, байланыс жылдамдығының өсуіне әкеліп соқты. Ақпарат алмасу коммутаторлар арқылы жүзеге асады. Ал оның желіде алмасуының жылдамдығына xDSL технологиялары іске асырады.
Бұл жұмыста коммутация түрлеріне толық мағлұмат беріліп, бір-бірінен айырмашылығы, артықшылықтары мен кемшіліктері салыстырылып, талданып айтылатын болады. Ал xDSL технологиясына келетін болсақ, оған, біріншіден, жалпы түсінік беріліп, оның жұмыс істеу механизмдері, қолданылатын компоненттер, іске асырылатын операциялар, оның кемшіліктері және т.б. ерекшеліктері жайлы мәліметтер келтірілген.
1.Коммутация әдістері
1.1 Коммутация. Каналдар коммутациясы
Коммутация (switching) - құрылғыларды бір-бірімен ауыстырып қосу арқылы керекті байланыстарды іске асыру, құрылғыларды сұрыптау және олармен байланыс орнату болып табылады.
Коммутацияның негізгі үш түрі бар. Олар:
1)Каналдар коммутациясы;
2) Пакеттер коммутациясы;
3) Хабарлар коммутациясы.
Телефондық желінің ортақ пайдалануында ең көп қолданылатын коммутацияның түрі каналдар коммутациясы.Каналдар коммутациясында уақыттың нақтылы масштабында айырбас қамтамасыз етіледі, сонда биттер каналмен өзгеріссіз жылдамдықпен беріледі. Абоненттер арасында тура (сквозной) байланыс каналы орнатылады. Шақырудың жеке сигналының өтуі бірнеше коммутациялық құрылғылардың тізбекті қосылуы көмегімен қамтамасызетіледі, ол каналдар коммутациясы орталығында (ККО) шешіледі. Егер тура (сквозной) байланыс каналын белгілегенде шақырылатын тарап бос болмаса немесе тізбектегі коммутациялы құрылғыдағы шақыру сигналының бірі блокирленсе, шақыру жасаған абонент уақыт өтеқайталауы тиіс. Мұндай каналды орнатқаннан кейін ККО қызметтің минимальді санын атқарады, дегенмен ақпараттың үлкен көлемі берілуі мүмкін. Демек, каналдар коммутация әдісін пайдаланғанда ақпараттың берілуі қордың шығын бөлігінің екі негізгі құрамдасымен қамтамасыз етіледі: шақыруды ұйымдастыру үшін қорлармен және ККО – ғы коммутациялық құрылғынықақтауға арналған немесе уақытша каналдарды бөлуді ұйымдастыруға арналған қорлармен.
Артықшылығы:
1)Каналдар коммутациялау технологиясының жатықтығы;
2)Диалогты режимде жұмыс жасау мүмкіндігі;
3)Абоненттер
арасында битті мөлдірлікті
4)Қолданудың
едәуір кең саласы (ең бастысы
акустикалық сигналдарды
Кемшіліктері:
1)Байланыстың тура (сквозной) каналын орнатудың үлкен уақыты, ол оның жеке учаскелерінің босауын күтуден болады;
2)Шақыру сигналын қайталап беру қажеттілігі;
3)Ақпарат берілісі жылдамдығы таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;
4)Желідегі қызмет пен мүмкіндіктерді өсірудің шектеулі болуы;
5)Байланыс каналдарын
біркелкі жүктеу қамтамасыз
Каналдар коммутациясының өзіндік негізгі әдістері бар: кеңістіктік, уақыттық.
Каналдар коммутациясының уақыттық коммутация әдісі. 1.1-суретте каналдар коммутацтясының әдісі бейнеленген.
Айталық, n линияларын коммутациялау керек. Осы линиялар белгілі уақыт аралығында рет-ретімен әрқайсысында k бит болатындай ұяшықтарға бөлінеді, яғни кадр түзеді. Одан кейін кадр ұяшықтар коммутаторына түседі. Ұяшықтар коммутаторы ұяшықтарды коммутация кестесімен сәйкес орналастырады. Өңдеу келесі тәртіппен болады: кіріс кадры линиялардың ұяшықтарға бөлінген ретпен коммутатордың жадысында сақталады. Одан кейін ұяшық жадыдан коммутация кестесімен салыстырылып оқылады.
Кеңістіктік коммутация. Кеңістіктік коммутацияны өлшемі N*M болатындай матрица (тор) ретінде қарастыруға болады, ондағы N кірістері көлденең шинаға, ал M шығыстары тік шиналарға қосылған (1.2-сурет).
1.2-сурет - Кеңістіктік коммутация
Тордың түйіндерінде
коммутацияланатын ақпарат
Қазіргі уақытта
коммутацияның күрделі
1.2 Пакеттер және хабарлар коммутациясы
Пакеттер коммутациясы.Коммутацияның бұл түрі компьютерлік трафикті эффективті тарату үшін құрастырылған.Пакеттер коммутациясында тұтынушының барлық тасымалданатын хабарламалар белгілі көлемдегі пакеттер деп аталатын блогтарға бөлінеді. Әр пакетте, тағайындалған түйінге жеткізу үшін, адрестік ақпараты бар, тақырыптық жолағы (заголовок) және түйіннің хабарламаны қайта жинау кезінде қолданылатын пакеттік номері болады (1.3-сурет). Пакеттер желі арқылы тәуелсіз ақпараттық блоктар ретінде транспортталады. Желі коммутаторлары пакеттерді соңғы түйіннен қабылдайды және адрестік ақпарат негізінде оны бір-біріне тасымалдайды, ал соңында оны тағайындалған түйінге жеткізеді.
1.3-сурет - Ақпараттың пакеттерге бөлінуі
Пакетті коммутаторлар ерекшелігі олардың, егер коммутатордың шығару порты пакеттің келуі кезінде басқа пакетті қабылдап жатса, пакеттерді уақытша сақтау үшін ішкі буферлік жадысының болуында (1.4-сурет). Мұндай жағдайда пакет белгілі бір уақыт бойы буферлік жадыда кезекте тұрады, ал кезек жеткен кезде ол келесі коммутаторға жіберіледі. Тасымалдаудың мұндай схемасы желінің өткізу қабілетін жоғарылатады.
1.4-сурет – Буферлік жадының жұмыс істеу принципі
Пакеттерді коммутациялау технологиясы мүмкіндік береді:
1)Қосылатын станция мөлшерін ұлғайту;
2)Коммутаторларға қосымша байланыс желісін қосумен байланысты қиыншылықты жеңу;
3)Баламалық маршруттеуді жүзеге асыру, бұл пайдаланушыларға жоғары қолайлылықты жасайды;
4)Пайдаланушы деректер беруге уақытты елеулі қысқарту, желістің өткізу қабілетін көтеру, және желісті қрларда пайдалану тиімділігін көтеру.
Пакеттерді коммутация концепциясының біріне – бір, не сол каналды көп пайдаланушылармен уақытты бөлу көмегімен мультиплексирлеу жатады, бұл ТКЖ қызметінің тиімділігін көтереді. Пакеттерді коммутациялау логикасы компьютердің бір портында көп пайдалану сеанстарын мультиплексирлеуге мүмкіндік береді. Порт пен каналды мультиплексирлеуді виртуальді канал деп атайды. Пакеттерді коммутациялау мен мультиплексирлеу ассиметриялы ағыстарды басуды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта пакетті коммутация деректерді беру үшін негізгі болып табылады.
Пакеттер коммутациясының екі әдісі бар: дейтаграммалық және виртуалды каналдар.
Дейтаграммалық әдіс шағын мәліметті жіберуге ыңғайлы. Ол аса күрделі процессті қажет етпейді. Бұл әдістің ерекшелігі жіберілетін пакеттердің бір-бірінен тәуелсіз өңделуі болып табылады. Келесі тораптың таңдалуы – мысалы, Ethernet коммутаторы немесе IP/IPX маршрутизаторы - пакеттің тақырыптық жолағында болатын тағайындалған торап адресіне негізделген.
1.5-суретте тораптың N2 адресіне тағайындалған, R1 маршрутизаторына келіп түскен пакеттің екі маршрутизаторына - R2 және R3 - бөлінуі бейнеленген. Осылай бөлінудің негізгі мақсаты R1 маршрутизаторына түсетін салмақты азайту. Ал ол өз кезегінде пакеттің жылдам жіберілуіне ықпал етеді.
1.5-сурет - Пакеттер
жіберілуінің дейтаграммалық
Виртуалдық каналдар әдісі пакеттер коммутация желісі арқылы трафиктің жүрудің орнықты жолын жасайды. Бұл механизм желіде ақпарат ағым болуын ескереді. Пакеттер коммутациясының осы әдісі Х.25, АТМ, Frаmе Relay технологияларында ерекше қолданылады.
Хабарлар коммутациясы.Хабарлар коммутациясы өзінің принциптері бойынша пакеттер коммутациясына жақын болады. Хабарлар коммутациясы (message switching) — мәліметтер хабарламаларының қабылдануын, олардың жинақталуы мен келесі компьютерлік түйінге жеткізілуін іске асыратын коммутация. Хабарлар коммутациясы кезінде деректермен алмасу осы уақыт мезетінде болмайды және жүйенің кірісі мен шығысында тура қосылысты ұйымдастыру керек емес. Хабарлардың жеткізу уақытының ұзақтығы, дыбыстық ақпаратпен алмасу қолданылмауы коммутацияның осы түрінің басты кемшіліктері болып табылады.
2.Симметриялы xDSL технологиялары
2.1 xDSL. Жалпы түсінік
DSL (digital subscriber line - сандық абоненттік линия) - телефондық станцияның жеке абоненттерімен байланысатын линиялардың ескі мыс телефон сызықтарының өткізу жолағын едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа технология жетістігі. Ертерек дамыған өз негізін салушылармен (телефондық модем, ИКМ және ISDN-жабдықтары, т.с.с.) салыстырғанда DSL технологиясы мыс көлік ортасының мүмкіндіктерін тиімдірек пайдаланады. Қазіргі уақытта қарапайым телефон бйланысын қолданатын кез-келген абонент DSL арқылы желі жылдамдығын едәуiр улкейтуге мүмкiндiгi алады.
xDSL - DSL технологиясының буыны, мұндағы «х» символы DSL технологиясының нақты түрін білдіреді. хDSL технологиясы 90-жылдардың ортасында ISDN абоненттік технологиясына альтернатив ретінде дүниеге келді. xDSL технологиясы жылдамдығы жағынан аналогтық және цифрлық модемдерден едәуір артық. Бұл технологиялар абоненттер мен провайдерлерге түбегейлі артықшылықтар жасай отырып, ақпаратты жылдам жіберуге мүмкіндік алады. хDSL технологияларының қазiргi түрлерi модуляция және деректердi беру жылдамдығының қолданылатын формасы бойынша өзгешеленедi.
хDSL қызметтері нақтылы мақсаттардың табысы үшiн өндедi: олар қазiргi телефон линияларына жұмыс iстеуi керек, олар абоненттiң әр түрлi аппаратурасының жұмысына кедергі болмау керек, мысалы, телефон аппараты, факс және т.б., жұмыстың жылдамдығы теориялық шектен, яғни 56 Кбит/сек-тен жоғары болуы керек, және олар әрдайым желіге қосуды қамтамасыз етуi керек.
xDSL-ң негізгі түрлеріне ADSL, HDSL, IDSL, MSDSL, PDSL, RADSL, SDSL, SHDSL, UADSL, VDSL жатады.
Кесте 1. xDSL-технологияларының салыстырмалы анализі
Технология DSL |
Максимальная скорость (прием/передача) |
Максимальное расстояние |
Количество телефонных пар |
Основное применение |
ADSL |
24 Мбит/с / 3,5 Мбит/с |
5,5 км |
1 |
Доступ в Интернет, голос, видео |
IDSL |
144 кбит/ |
5,5 км |
1 |
Передача данных |
HDSL |
2 Мбит/с |
4,5 км |
1,2,3 |
Объединение сетей, услуги E1 |
SDSL |
2 Мбит/с |
3 км |
1 |
Объединение сетей, услуги E1 |
VDSL |
65 Мбит/с / 35 Мбит/с |
1,5 км на max.скорости |
1 |
Объединение сетей, HDTV |
хDSL-ның кейбiр технологиялары түпнұсқа болса, басқалары жай ғана теориялық үлгiлер болады, сонымен қатар, осы уақытта кең қолданысқа ие болғандары да бар. Осы технологиялардың негiзгi айырмашылықтары мәлiметтердi кодтау үшiн қолданылатын модуляцияның әдiс болып саналады.
хDSL технологиясы көптеген параметрлері бойынша бөлінеді:
- Тарату ортасы бойынша: радиотарату, оптоталшықты, электр жеткізу желісі (ЛЭП) және мыс сымдар арқылы (кең тараған түрі – мыс сымдар арқылы);
- Тарату әдісі бойынша: симплексті, дуплексті, жартылайдуплексті;
- Дуплексті тарату кезінде:
а) симметриялы хDSL (SDSL);
ә) асимметриялы хDSL (АDSL).
Қазіргі кезде ең тиімдісі ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) технологиясы болып табылады. Бұл - стандартты аналогты абонентік телефондық желілерді жоғары жылдамдықты қатынау желілеріне айналдыратын жаңа модемдік технология. ADSL технологиясы тұтынушыға ақпаратты 6 Мбит/с-қа дейін жылдамдықпен тарату мүмкіндігін туғызады. Кері бағытта 640 кбит/с-қа дейінгі жылдамдығы қолданылады. Бұл мынаған байланысты, өйткені заманауи желілік қызмет көрсетушілердің бірқатары тұтынушыдан аз мөлшердегі жылдамдықты талап етеді. Мысалы, MPEG-1 форматындағы бейнефильмдерді жазып алу үшін 1,5 Мбит/с өткізу жолағы қажет. Абоненттен келетін қызметші ақпарат үшін 64-128 кбит/с та жеткілікті (2.1-сурет).
2.1-сурет - ADSL
технологиясының құрлымдық
2.2Симметриялы хDSL технологиясы және оның типтері
Симметриялы хDSL технологиясы қолданушы жабдығының транспорттық желілерге қосылу, LAN біріктіру, шықпаларды ұйымдыстыру қызметтерін көрсетеді. Симметриялы деп қолданушыдан желіге және желіден қолданушыға жіберілетін мәліметтердің жылдамдықтары тең хDSL технологиясының түрін айтады. Қолданылатын аймағы – сервер мен клиенттiң аралығында ақпарат алмасу көлемі бірдей болуы маңыздылығы жағынан бiрiншi орында тұрғатын коммерциялық желілер.
Симметриялы хDSL
технологияларының
- Тұрақты байланыс.
Коммутацияланған байланыстан хDSL технологиясы арқасында жүзеге асырылатын тұрақты интернетпен байланыстың айырмашылығы, сіздің компьютеріңіз әрдайым интернетке қосылған;
- Бос телефон.
Егер сіз коммутациялық қосылым арқылы интернетте саяхаттасаңыз, онда сіздің телефон бос емес болады. Немесе керісінше біреу телефонмен сөйлесіп жатса, сіз интернетке қосыла алмайсыз. Ал хDSL технологиясын қолдансаңыз сіз екеуімен де бір уақытта қолдана аласыз;
- Байланыстың жоғары жылдамдығы.
хDSL технологиясы кеңжолақты технологиялар класына жатады. Ол ақпаратты тарату жылдамдығын 128кбит/с-тен 13 Мбит/с-ке дейін жететін байланысты қамтамасыз ете алады;
- Қосылыстың оңайлылығы.
Коммутациялық қосылысқа қарағанда, хDSL технологиясының қосылу процедурасы тек қана бір қосымша этапты, АТС-ты сандық құрылғыға ауыстыруды, қажет етеді. Қалған процедураларды абонент өзі-ақ жасай алады.
хDSL аббревеатурасында «х» символы нақты DSL технологиясының түрін білдіреді, ал DSL – digital subscriber line – сандық абоненттік линия деген сөзді білдіреді. DSL технологиясы көптеген түрлерге, көптеген параметрлері бойынша бөлінеді (2.2-сурет).
2.2-сурет
Әр түрін жеке қарастырайық.
HDSL(High Bit-rate Digital subscriber line – жоғары жылдамдықты сандық абоненттік линия).HDSL технологиясы деректер таратудың симметриялық желісін ұйымдастыруды қарастырады, яғни пайдаланушыдан желіге таралатын және желіден пайдаланушыға таралатын деректер жылдамдығы бір-біріне тең. Деректер тарату жылдамдығының арқасында (екі қоссым бойынша 1,544 Мбит/с және үш қоссым бойынша 2,048 Мбит/с) телекоммуникациялық компаниялар HDSL технологиясын T1/E1 желілеріне альтернатив ретінде қолданады
HDSL технологиясының артықшылықтары:
1)Сигналды адаптивті
сандық өңдеу технологиясының
арқасында байланысты
2)Симметриялаусыз және параметрлерді терусіз көпсымды телефондық кабельдерінің екі жұбы арқылы сигнал жіберу мүмкіндігі;
3)Регенераторлардың
қолданбауы салыстырмалы алыс
қашықтықта жүйенің
4)HDSL құрылғылары үшін қосымша диагностикалық аппаратура кажет емес;
5)Алдыңғы қатарлы схемотехника HDSL-линияларының бөгеулерге жоғары шыдамдылығын қамтамасыз етеді, HDSL-дың қателік коэффициенті сигналды процессорларды және сигналдарды адаптивті өңдеуді қолдануының арқасында оптоталшықтық линиялардікімен шамалас.
SDSL (Simmetrical/single pair
DSL – симметриялық/бір жұпты
IDSL (ISDN DSL). Стандартталмаған сигналды бір жұп мыс сым арқылы 128 кбит/с жылдамдықпен тарататын технология. Технологияны реализациялау кезінде эхокомпенсациясы бар 2B1Q жеткізу әдісі қолданылады және ISDN желілірендегідей модемдер мен терминалды адаптерлер қолданылады, бірақ IDSL технологиясы, ISDN-ге қарағанда провайдермен тұрақты байланыс режимін ұстап отырады. IDSL бір уақытта ақпарат пен сөзді үлкен арақашықтықтарға(40км дейін) бір жұп сым арқылы жеткізуді ұйымдастыруда қолданылады.
MDSL (Moderate Speed DSL – орташа жылдамдықты сандық абоненттік линия).SDSL технологиясының орташа жылдамдықты түрі (384-тен 1168 кбит/с дейін). Технологияда жеткізу жылдамдығы байланыс жағдайына адаптация жасайтын 2B1Q коды қолданылады.
MSDSL (Multirate Symmetrical/single pair DSL – көп жылдамдықты симметриялы сандық абоненттык линия). SDSL технологиясының жылдамдығы 144-тен 2320 кбит/с дейінгі аралықтағы түрі. MSDSL технологиясының реализациясы байланыс жағдайларына жылдамдықты САР модуляция арқылы адаптация қолданылады.
SHDSL (Single-pair High-speed DSL – бір жұпты жоғары жылдамдықты сандық абоненттік линия).ITU-T-мен стандартталған (Рек. G.991.2) бір жұп сым арқылы 192-ден 2320 кбит/с жылдамдықты сандық ақпаратты таратуды қамтамасыз ететін технология. Екі жұп сым арқылы 384-тен 4640 кбит/с жылдамдықпен жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылған. Жиіліктер жолағы 0,05...0,35 МГц. ТС-РАМ тарату әдісі SHDSL технологиясының құралдарының ISDN, HDSL, ADSL жүйелерімен бір кабель арқылы жұмыс жасағанда спектральді сәйкестігін қамтамасыз етеді. Технологияға АТМ, ІР, Frame Relay траснпорттық технологияларының базасында МСС-те жұмыс жасау мүмкіндігі енгізілген.
HDSL2/4.ANSI (T1.TRQ.06-2001)-да стандартталған T1 ағынын бір немесе екі жұп сым арқылы тарататын және SDSL технологиясының аналогы болып табылатын 1,5 Мбит/с жылдамдыққа дейінгі сигналды тарату технологиясы. Қолданылатын тарату әдісі – TC-PAM.
VDSL (Very high speed DSL – өте жоғары жылдамдықтағы сандық абоненттік линия).Асимметриялы VDSL-жүйесінің, ETSI ұйымының ТS 101 270 стандартында көрсетілген, симметриялы жұмыс жасау режимі. Жай мыс сымдық жұпта сандық ағынның таралу жылдамдығы 13Мбит/с дейін жетеді.
2.3 xDSL технологиясының қолданылуы
xDSL – бөлінген (коммутацияланбайтын) желілерді қарапайым телефон желісі көмегімен ұйымдасытыру үшін пайдаланылады. Коммутацияланатын модемдерден айырмашылығы – басқа жиілік диапазонын қолданады, және де телефон желелері бойынша сигнал тек АТС-ке дейін ғана беріледі. Көбінесе бір уақытта мәліметтермен алмасуды және телефон желісін пайдалануды қамтамасыз ете алады.
xDSL көптеген салаларда қолданылады:
Телефония - HDSL және SDSL жүйелерінің басты қолдану аймағы. Жүйелер бір сымнан 30 жұмыстық линияға дейін байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты жіберу. xDSL технологиялары глобальді (WAN) және локальді (LAN) желілер арасындағы байланыста қолданылады.
Сымдар байланысы жеткіліксіз аймақтарда xDSL қарапайым телефон немесе ISDN-мен қатар сол бір ғана сым арқылы жұмыс істей алады.
Деректерді
жоғары жылдамдықты тарату
xDSL технологияларын
телефондық желінің
xDSL асиметриялық
технологиясы Қазақстан
Қорытынды
Соңғы уақытта желілік технологиялар қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда, Интернетке қатынас құрудың бірнеше альтернативті әдістері бар. Олардың ішінен кеңінен таралынған болып, телефон желісі арқылы коммутациялық қатынас құру болып табылады. Бұл кезде коммутаторлардың өзіндік әдістеріне байланысты болады. Деректің типіне қарай біз каналдар, пакеттер және хабарлар коммутаторын пайдалана аламыз. АлxDSL технологиялары деректерді жоғары жылдамдықта таратуға мүмкіншілік беретін басты құралдарының бірі болып табылады. Бұл жұмыста оның жолдары айқын көрсетілген.
xDSL технологияларының
түрлерге бөлінуі, жұмыс істеу
принциптері, даму жолдары,
Коммутация әдістері жайлы олардың негізгі анықатамалары, даму тарихы, байланыс орнатудағы бір-бірінен ерекшеліктері, физикалық ортаны қолданудағы тиімді және тиімсіз жақтары туралы айтылады. Бұл әдістердің жүзеге асыру механизмдері, олардың қолдану аясы, пайдаланудағы ерекшеліктері жайлы деректер келтірілген.
Уақыт өте келе осы технологиялардың функциялары жетілдіріліп, жылдам қолдануға мүмкіндік береді деген ойдамын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Абилов А.В. Сети связи и системы коммутации. - Ижевск: Изд-во ИжГТУ, 2002. 352 с.:ил.
- Гольдштейн Б.С. Системы коммутации. - Санкт-Петербург: БХВ – Санкт-Петербург, 2003. – 318 с.:ил.
- Берлин А. Коммутация в системах связи. – Москва: Экотрендз, 2006.
- А. Гургенидзе, В. Кореш. – Мультисервисные сети и услуги широкополосного доступа. Москва:Наука и Техника,2003
- Балашов В., Лашко А., Ляховецкий Л. – Технологии широкополосного доступа. Москва: Экотрендз, 2009
6.Телекоммуникационные системы
и сети. Том 1. – Современные технологии
/Под ред. В. П. Шувалова.- М.: Горячая линия-Телеком,
2003.7. http://ru.wikipedia.org/wiki/

- Коммутацияланушы қосылыс CHAP-тың протоколы
- Комнатные растения
- Комнатные растения на уроках биологии
- Комозиция в живописи
- Компании с иностранным капиталом в России
- Компания Apple
- Компания Carl Zeiss
- Коммуникация как функция управления
- Коммуникация, мотивация и развитие организации
- Коммуникация. Сущность, понятия и значение коммуникаций в управление
- Коммуникация управление менеджер
- Коммуникация управления персоналом
- Коммунисты и их роль в современных условиях
- Коммунитивная политика «ООО Издательский дом Восточная Сибирь», официальный представитель газеты «КоммерсантЪ» в г. Иркутске