Коммутацияланушы қосылыс CHAP-тың протоколы

Тапсырма

   Корпоративті компьютерлік желілерді құру және іске асыру төменгі кестеде көрсетілген кәсіпорынның структурасы бойынша. Тапсырманың шифрі сәйкесті студенттің тегінің бас әріпі.

  • Тегінің бірінші әрпі: С.
  • Кәсіпорынның профилі: Нурбанк .
  • Компьютер саны: 50.

Ғимараттың ерешелігі:

   -     Бас офис: Алматы, 2 қабат.

      -     Филиал 1: Астана, 2 қабат.

   -     Филиал 1: Атырау, 2 қабат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     Бұл курстық жұмыста берілген тапсырманы орындау барысында қолданылған технологияның ерекшелігімен артықшылығын пайдалана отырып, Ethernet, Fast Ethernet және Gigabit Ethernet желілердің екі айналып келетін ұйақытын (PDV) есептеу керек. Қолданылған компьютерлердің түрлерін және желінің құралдарының бағаларын көрсетіп дәлелдеу негізгі мақсаттарымыздың бірі болады. Желінің кабелді жүйелердің структуризациясын құра отырып, ғимаратта орнатқан компьютерлердің, серверлердің желінің құралдарының сұлбасын анықтап көрсету. Интернетке шығу жүйесін толықтай қамту.Тасымалдаушыны тануымен тікелей (ұжымды) қатнау және коллизияны табу CSMA/CD (Carrier Sense Multiply Access with Collision Detection) әдісі логикалық жалпы шиналы желілерде қолданған, соған Ethernet –те жатады.

Осындай желіде барлық  компьютерлер жалпы шинаға тұра қатнайды және екі  кез келген торабтың арасында ақпаратты  алысу мүмкіндігі бар. Ол үшін бөліктенетін орталық (жалпы шина) бос екеніне компьютер (станция) сену керек. Оны сигналдың негізгі гармоникасын тыңдап  (тасымалдаушы жиілік– CS – Carrier Sense) табыстайды. Орталықтың бос екенінің белгісі тасымалдаушы жиіліктің онда жоғы , қайсы манчестердің әдісінің кодтауында осы кезде тізбекті бір мен нөлді жіберуіне байланысты 5 ¸ 10 мгц тең болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Теориялық бөлім

 

1.1 Коммутацияланушы қосылыс CHAP-тың протоколы

 

CHAP орталық компьюьтер мен соңғы қолданушыны келісілген үш параметр бойынша периодикалық идентификация жасау үшін қолданылады.

 

Сурет 1- CHAP протоколының жұмыс істеу алгоритмі

 

Бұл процедураның іске асырылуы үшін төрт пакет түрі қолданылады:

  • Вызов – Challenge;
  • Отклик – Response;
  • Подтвепрждение – Success;
  • Отказ – Failure.

Жалғандықты анықтау үшін қондыру процесі аяқталысымен жүргізіледі және кез келген уақытта қайталануы мүмкін. Мәліметтерді жіберу орталығы қондырылғаннан соң , тексеруші жақ символдардың тізбегі бар  Вызов пакетін жібереді. Тексерілуші жақ Отклик пакетімен жауап береді. Пакет бір жақты хэш функциямен қалыптандырылып, тізбектер мен локальды сақталынған парольдан тұрады. Тексеруші жақ бұл тізбекті сол бастапқы мәліметпен есептелінген мәліметпен салыстырады. Егер мәндер сәйкес келсе Подверждение пакетін жібереді, ал сәйкес келмесе процессті тоқтауға тура келеді. 

 

1.2 Сымсыз  желілердің қауіпсіздігі

1997 жылы қабылданған сымсыз 802.11 желісінің бірінші стандарты жеке үш бөлікке бөлінеді: тура модульдеу технологиясы   (Direct Sequence Spread Spectrum, DSSS), жалған кездейсоқ жиілік таңдауы (Frequency Hopping Spread Spectrum, FHSS) және инфрақызыл таратуы. 802.11 стандарты  2,4 ГГц  жиілік ауқымында сымсыз жергілікті желілер үшін физикалық және МАС-деңгейлік ерекшелемеден тұрады. Ол  FHSS үшін  1 Мбит/с-та, сондай-ақ  DHSS үшін 1 және Мбит/с деректерді таратудың жылдамдығын анықтайды.

Сондай-ақ сымсыз желілер уақытша  пайдалану үшін кабель желісі немесе оны жүргізу қиын бөлмелерде орнатылуы  мүмкін. Сымсыз пайдаланушылардың деректердің  корпоративтік базаларына немесе бөлінетін  ресурстарына – серверлерге және принтерлерге қатынау үшін қойылады.  Бұл құрылғы қазіргі қолданыстағы Ethernet желісімен сымсыз жұмыс станцияларының  өзара әрекет етуіне мүмкіндік жасайды. D-Link компаниясының қатынау нүктелері Wi-Fi протоколдарымен сыйымды және Ethernet желісінің мөлдір кірігеді.

Сымсыз жұмыс станциялары желі өнімділігін нашарлатпай қосыла алады. Желінің трафикпен, асқын  жүктелумен желі жауабының уақытын  қысқарту үшін қатынау нүктесін қосудан  оңай бас тартуға болады. Қатынау  нүктелері арасындағы роумингті  қолдауға байланысты пайдаланушылар, тіпті сымсыз желіні қамту аймағы бойынша ауысу уақытында да жұмыс  істей алады. Сіз өзіңіздің интернет-маршруттаушының  қатынау нүктесіне қосыла аласыз. Бұл жағдайда  қатынау нүктесінің Ethernet порты DSL-модеміне немесе маршруттағышқа қосылады. Бұл сұлбаның тартымдылығы сымсыз пайдаланушылардың интернетке жалпы қатынауын бөлісе алады.

Сымсыз желілер WEP протоколын пайдаланып қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Деректерді шифрлаудың тетігі жалпы  кілттің алгоритміне негізделеді.  Сымсыз желілер басқа сымсыз құрылғылармен  және интернетке қай жерде болмасын әрекеттеседі, Сіз өзіңіздің офисіңізде ме немесе басқа жерде болмасын жұмыс істей алады.

     Сымсыз желі қауіпсіздігінің аспекттері:

    - Cанкцияланбаған доступ;

          - Жіберілуші информацияның шифрлануы;

 

 

 

    1.  DES шифрының алгоритмі

Ең танымал цифрлаушы алгоритмдардың бірі DES-Data Encryption Standart. Бұл алгоритм ең алғаш рет мемлекеттік стандарт дәрежесін алды. DES алгоритмінің негізгі стуртурасын 2 суреттен көре аласыз. Әр 64  биттік блоктың бастапқы мәліметтерін үшке бөліп қарастыруға болады:

  1. Блок мәліметтерінің бастапқы дайындығы.
  2. «Негізгі циклдың» 16 роунды.
  3. Блок мәліметтерінің соңғы дайындалуы.

Бірінші этапта 64  биттік блоктың бастапқы мәліметтерінің орналыстырылуы басталады, белгілі тәсілмен мәліметтер орналастырылады.

Одан кейін негізгі блокта екі  бөлімге бөлінеді, әрқайсысы 32 биттен. Оң бұтағы қандай да бір F функциясын қолданып, негізгі кілттен арнайы шифрлаушы кілтпен туынды кілт аламыз. Одан соң екі жақ арасында мәліметтермен алмасу жүреді. Бұл цикл 16 рет қайталанады.

 

 

Сурет 2- DES шифрының алгоритмі

 

 

    1. Дайджест MD-5 алу алгоритмі

1991 жылы Дайджест MD-4 –ті алу алгоритмі жасалынған болатын. Профессор Ривест арқылы басқа алгоритм жалғастырылды- MD-5. Ол «Үлкен» және MD-4 –ке қарағанда мықтырақ болды.

     MD-5 процессор келесі регистрлердің жиынтығынан тұрады. Ең алдымен А, В, С және D реистрлері цифрлық дайджесттің аралық есептеулерін сақтайды. «Блоктық буфер» 16 32-разрядтық сөздерді қамтиды. Бұл буферде кезекті аралық есептеулерді сақтайтын  кезекті блок құрылады. «Буфердегі байт» регистрі  «Блоктық буфердің» толтырылуы кезіндегі  байт санын анықтайтын санды сақтайды. «Хат размері» бастапқы хаттың толық өлшемін сақтайды (бит түрінде). Бұл өлшем цифрлық дайджест жасалуының соңғы этапында бастапқы хаттың артына тіркеледі. «Мәліметтерге нұсқау» және «Мәліметтер өлшемі» регистрлері сәйкесінше өңделу үстіндегі пакет пен өлшеміне нұсқау болады. 3-суретте MD5 процессордың құрылымы көрсетілген. 

 

 

Сурет 3- MD5 процессордың құрылымы

 

Инициализация процесінде бүкіл регистрлерге анықталған бастапқы мән қойылады. Бұл мән RFC 1321 құжатынан көшіріледі. Инициализациядан соң MD5 процессордың былай көрінеді.

 

Сурет 4- Инициализациядан соң MD5 процессордың күйі

 

    1.  Ethernet арқылы интернетке қатынау

 

Соңғы уақытта DSL-ге және КТДЖ-ға қатынау Ethernet желісі арқылы орындалады. Бұл  жағдайда DSL немесе КТДЖ-ны енгізу ғимараттың кірісінде болады, ал одан әрі тарату жергілікті немесе  Ethernet үй желісі арқылы орындалады.

Жеке пайдаланушы үшін DSL және КТДЖ арқылы қатынау бастапқыда  жеке үшін қарастырылды. Осы себепті қатынаудың осы түрлері үшін модемдер тікелей пәтерлерге орналастырылды. Уақыт оза келе мұндай қатынау жаппай сипат алды және пайдланушылар Ethernet үй желісі арқылы қосыла бастады. Бірте-бірте модемдерге қажеттілік түсе бастады, ал қосылу төрт есулі өткізгіш кабель бойынша RJ-45 порты арқылы орындалатын болды

Ethernet арқылы Internet-ке қатынау қалайша  құрылған? Белгіленген нүктеде  Internet үйге тартылады. Одан әрі   бөлу пайдаланушылар арасында  трафиттік бөлу арқылы Ethernet желісі  бойынша жүреді. Мұндай бөлу абонеттердің  жеке жүктемесінің қосындысына  қарағанда Ethernet нақты трафигі  әдетте төмен болатындықтан тиімді. Бұл желіге еркін әр уақытты  қатынауда мүмкін болатындығына  байланысты, осынысымен Ethernet-те әйгілі.

Ethernet желісі үйішілік, орамдық, аудандық, тіпті қалалық болуы мүмкін. Таяу уақытта ол ауқымды болуы мүмкін -  сәйкесті стандартты қазір IEEE және MEF (Metro Ethernet Forum) ұйымдар жасап жатыр. Сыртқы желіге қатынау нүктесі әдітте шатырда немесе үйдің жоғарғы қабатында болады, ал кабель көбіне шатырдан төмен түсіріледі. Бұл симметриялы (ASDL үшін) немесе коаксильді (КТДЖ үшін) кабель болуы мүмкін. Соңғы уақытта олардың орнына оптикалық кабель қойылуда, одан кейін медиа-конвертерлер және пәтерлер бойынша ағымды бөлетін жалғауыш шоғырлауыш тұрады.

 

 

         Сурет 5- КТДЖ бойынша Internet-ке жылдам қатынау

Бөлу   категориясы 3 (жылдамдығы 10 Мбит/с дейін) немесе 5е (жылдамдығы 1 Гбит/с үшін) төрт есулі өткізгіш симметриялық кабельмен «есулі қос өткізгіш» орындалады. Осы жүргізу бойынша үйішілік Ethernet желісініде жұмыс істей алады, оған байланысты пайдаланушылар желі ішіндегі алмасуды өте жоғары жылдамдықтарда ала алады.

Ethernet, DSL және КТДЖ арқылы қосылулар  саны 6:3:1 қатынасындай болады. Ethernet арқылы  DSL бойынша қатынаудан DSL-ге  тікелей қосылысты бөлу өте  күрделі, тіпті провайдерлердің  өздері осы екі тәсілді шатыстырады.  Ethernet арқылы  DSL-ге қатынауды  DSL арқылы қатынау деп ойлайды.  Мұндай жағдайды КТДЖ бойынша  қатынауға қатысты айтуға болады. Негізінде қосылыстарды өте сақ  жүргізген дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Негізгі бөлім

 

Тасымалдаушыны тануымен тікелей (ұжымды) қатнау және коллизияны табу CSMA/CD (Carrier Sense Multiply Access with Collision Detection) әдісі логикалық жалпы шиналы желілерде қолданған, соған Ethernet –те жатады.

Осындай желіде барлық  компьютерлер жалпы шинаға тұра қатнайды және екі кез келген торабтың арасында ақпаратты алысу мүмкіндігі бар. Ол үшін бөліктенетін орталық (жалпы шина) бос екеніне компьютер (станция) сену керек. Оны сигналдың негізгі гармоникасын тыңдап  (тасымалдаушы жиілік– CS – Carrier Sense) табыстайды. Орталықтың бос екенінің белгісі тасымалдаушы жиіліктің онда жоғы , қайсы манчестердің әдісінің кодтауында осы кезде тізбекті бір мен нөлді жіберуіне байланысты 5 ¸ 10 мгц тең болады.

Егер орталық бос болса сонда  ғана компьютер деректерді жіберүді бастауы мүмкін, қайсылары кадрдың анықтама құрылымына белгілеген станцияның адресін қоса кіргізіледі. Кабельге қосылған барлық станциялар жіберген кадрдың деректерін тануы мүмкін, бірақ өзінің адресін таныған сол ғана станция оның мазмұнын өзінің  ішкілік буферіне жазады, алған деректерді баптайды, оларды өзінің стегімен жоғарыға жібереді, ал содан кейін жауап қайтарады.

Қадрды жіберуді аяқтағаннан кейін желінің барлық торабтары технологиялық тынысын IPG (Inter Packet Gap)  9,6 мкс.- ты міндетті ұстау керек.  Бұл тыныс, тағы кадр аралас аралық  деп аталған, желінің адаптерлерін бұрынға қалпына келтіруге керек, ал сонымен бірге орталықты бір станция монопольно алып қоймасын деп.  Дегенмен  тағы мынадай жағдай болуы мүмкін, қашан екі болмаса одан артық станциялар орталық бос деп бірдей шешуге келіп өздерінің кадрларын жібере бастауы мүмкін.  Сондықтан коллизия (Collision) болады, себебі кадрлардың  екеуінің мазмуны жалпы кабельде кездеседі және ақпараттың бурмалануы болады.  Коллизия – бұл желіде ақпаратты жібергенде үлестіру сипатының нәтижесі.

Коллизияны корректно өндеу  үшін барлық станциялар кабельдегі сигналдарды бірдей қарайды.  Егерде жіберген және қаралған сигналдар ерекше болса, сонда коллизияның болғаны бекітіледі (CD – Collision Detection).

Fast Ethernet-тің  физикалық  деңгейі келіп тоқталатын болсақю.Барлық өзгерістер Fast Ethernet технологияның  Ethernet-пен біріккен физикалық деңгейде (сур. 3.20).Суреттен көрініп тұр  MAC мен LLC деңгейшілердің айырмашылығының жоғы. Fast Ethernet технологияның физикалық деңгейінің  көбірек киындығының себебі онда үш түрлі кабельдің жүйелері пайдаланады:

- оптоталшықты екі модылы кабель;

         - есулі қос өткіргіш категориясы 5, екі косуы пайдаланады;

     - есулі қос өткіргіш категориясы 3, төрт қосуы пайдаланады;

Коаксиалды кабель пайдаланбайды, себебі кішкентай аралық жерде есулі қос өткізгіштің 5 категориясы деректерді сол коаксиалды кабельдің жылдамдығымен жібереді, бірақ онда желі көбірек арзан және пайдаланғанда қолайлы болады.

Көп аралық жерде оптоталшықты кабельді қолдануға болады, себебі оның өзкізу ағытпасы коаксиалға қарағанда  анағұрлым көбірек, желінің бағасы

одан аса көп емес. 

Fast Ethernet желінің шоғырлауыштардан  жасалған құрылымы, 10Base-T / 10Base-F желілер  сияқты, ыңғай иерархиялық болады. Fast Ethernet желілердің конфигурациясының  негізгі айырмашылығы, ол желінің  диаметрінің кемуі шамалы  200 метрге  дейін, не түсінікті кадрды  жіберетін уақыттың 10 есе кемуімен  себебі жіберудің жылдамдығы  10 мгбит/сек  Ethernet -пен салыстырғанда  10 есе көтерілді.

Коммутаторларды пайдаланғанда Fast Ethernet хаттамасы жартыдуплексті режімде  жумыс істеуі мүмкін, кайсыда желінің  жалпы ұзындығына шектеу жоқ, ал тек  физикалық сегментердің ұзындығына қосатын көрші құралдарды ( адаптер-коммутатор, коммутатор- коммутатор) шектеуі қалады.

 

Коммутатор Fast Ethernet


Коммутатор  Fast Ethernet

160 м                                                                          136

Стек қайталауыш. кл.1             Стек қайталауыш. кл.1   

100 м                     136 м

100 м

компьютерлер

412 м жарты дуплекс

2 км толық дуплекс

.


-------------- оптоталшықты                                                _________     есулі қос өткізгіш         

                                                                                   

Сурет 6- Бірінші класты қайталауыштардан жасалған Fast Ethernet желінің шектеулері

“На пролет” (cut through) режимінде жұмыс істейтін коммутаторлар бар. Мұнда дестенің бірінші биттері коммутатор шығысына түседі, ал одан кейінгілері тек қана енуге жақындайды. Бұл жағдайда кідіріс шамалы, бірақ коммутатор соқтығыстар нәтижесінде зақымданған дестелерді өзінен өткізеді. Ондай режімге альтернатива - бұл буфер жады арқылы тарату болады (SAF – Store And Forward тарату сұлбасы). Бұл режимде зақымдалған дестелер шығарылып тасталады, бірақ кідіріс елеулі артады. Сонымен қатар буферлік жад барлық кірістерде болуы қажет. Желілерді жобалауда өнімділік/баға қатынасы бойынша коммутаторлар моршуритазторлардан басым түседі.

Жергілікті желіні жобалауда  ең кернеулі трафик пен тораптар мүмкіндігінше  қайталауыштарға жақын орналасқаны  дұрыс. Бұл жағдайда уақыт бірлігіне  коллизиялардың орташа саны төмен болады. Осы себепті сервер мүмкіндігінше  қайталауышқа немесе басқа желілі құрылғыға  жақын орналасуы қажет (4.7 сурет).

 

 

Сурет 7-  8 кірісті желілік коммутатордың сұлбасы

 

Қайталауыштың ішкі байланыстарының  сұлбасы келтірілген 7 суреттегіден өзгеше болуы мүмкін және оның құрылымы 8 суретте көрсетілген.

 

Сурет 8-  Коммутатордың ішкі байланыстары сұлбасының нұсқасы

 

Сурет 9- Коммутаторларға серверді қосу сұлбасы

 

  Динамикалық маршрутизация желінің топологиясында, құрылымында кез келген өзгерісті автоматты түрде анықтаудан тұрады. Динамикалық маршрутизация (Routing Information Protocol (RIP), Open Shortest Path First (OSPF), Interior Gateway Routing Protocol (IGRP), Enhanced Interior Gateway Routing Protocol (EIGRP)) маршрутизациялау хаттамаларын қолдануына негізделеді, олардың негізгі мақсаты болып маршруттық кестенің барлығын немесе бір бөлігін таратуы болып табылады.

Маршрутизациялау хаттамалары  және маршруттық хаттамалар аралығындағы айырмашылықты білу керек. Соңғылары  маршрутизаторлармен қолданушылық дестелерді соңғы қолданушылар аралығында қайта бағыттау үшін қолданылады, мысалы, IP IP или IPX немесе IPX сияқты. Маршрутизациялау хаттамалары тек бір-бірі аралығында ғана мәлімет алмасады.

Маршрутизаторлар бірнеше  тәуелсіз маршрутизациялау хаттамаларын ұстанады және ұстанатын барлық хаттамалар үшін маршрутизациялау кестелерін біруақытта жаңарта алады және өңдей алады. Бұл маршруттық хаттамалар және маршрутизациялау хаттамалары фокусталған, яғни бір-біріне тәуелсіз жұмыс істей алатынына  қатысты бір ғана тасушыда бірнеше  желіні құруға мүмкіндік береді.

Маршрутизация хаттамалары  басты түрде, қашықтық векторы хаттамасына  және байланыс күйі бойынша маршрутизация  хаттамаларына бөлінеді. Оларды кезек  бойынша қарастырайық.

     RIP қашықтық векторы бойынша маршрутизациялау хаттамасын бейнелейді, ол транзиттік бөліктер саны ретінде маршруттық шығындарды анықтайтын кластық принципке негізделген. RIP тұрақты интервалмен және желі топологиясының өзгерісі кезінде жаңарту жайлы хабарды ендіреді. Егер осы хаттамамен жұмыс істейтін маршрутизатор қысқарырақ жол жайлы мәлімет алса, онда жаңа ақпарат ескісінің үстінен жазылады.

RIP хаттамасының маршрутизаторда  қосылуы үшін RIP хаттамасын бірінші  маршрутизаторлар конфигурациясына  қосу керек, ал сосын қай  желіде жұмыс істейтінін көрсеті  керек. Мысалы, егер 172.16.0.0 желісі  үшін RIP-ті орнату керек болса,  онда мына конфигурация режимінде  енгізу керек:

 

Router(config)#router rip

Router(config-router)#network 172.16.0.0.

 

Статикалық маршрутизация  кезінде кестелер қолмен құралады және жаңартылады. Мұндай маршрутизация  кезінде маршруттың өзгерісі басқа  маршрутизаторларды бұл жағдай жайлы  автоматты хабарлау іске асырмайды. Мұндай өзгерістер кезінде администратордың өзі керекті модификацияларды маршруттық кестеге ендіруі керек.

Статикалық маршрутизация  артықшылығы болып өткізу жолағының  өзгеріссіздігі, себебі маршруттың өзгерісі жайлы хабарлардың кең хабарлық таратулары жоқ. Басқа оңды сапасы –  қауіпсіздік. Статикалық маршрутизация  кезінде маршрутизаторлар администратор  хабарлаған желілер жайлы біледі.

Статикалық маршруттың құрылымы үшін конфигурациялау режимінде  орындалатын ip route командасы қолданылады:

 

ip route желі маска мекен-жай/интерфейс [қашықтық],

 

  мұнда: желі- қабылдаушының желісі немесе желіастысы; маска – желіасты маскасы; мекен-жай – ауысудың келесі нүктесіндегі маршрутизатордың ІР-мекен-жайы; интерфейс – қабылдаушы желісіне кіру үшін қолданылатын интерфейс аты; қашықтық – административті қашықтық.

Мысалы, статикалық маршрутты 172.16.40.0 алшақталған желісіне орнату үшін келесі команданы ендіру керек:

 

ip route 172.16.40.0 255.255.255.0 172.16.20.2 немесе

   ip route 172.16.40.0 255.255.255.0 serial0.

 

Осылайша, маршрутизатормен 172.16.40.0 желісі үшін арналған дестені  қабылдаған кезде, оларды IP-адресі 172.16.20.2 болатын маршрутизатормен қосылған serial0 интерфейс арқылы бағыттау керек.

Әрбір маршрутизаторда міндетті түрде маршрут тұрақты жағдай бойынша берілуі керек, әйтпесе  тағайындау желісі анықталмаған дестелер үшін шығарылып тасталынады. Маршруттың тұрақты жағдай бойынша берілуі  статикалық маршрутизация кезіндегі  команда бойынша орындалады, бірақ  желі және маска мекен-жайлары нөлге  тең. Мысалы, егер маршрутизатор соңғы  желілері белгісіз барлық дестелер 172.16.20.2 ІР мекен-жайы бойынша жіберілуі керек болса, онда мынаны ендіру керек:

 

ip route 0.0.0.0 0.0.0.0 172.16.20.2.

 

Рassive командасы берілген интерфейс арқылы кез келген өзгерістерді таратуға тыйым салу үшін қолданылады. Көп жағдайда, бұл команда Интернет глобальді желісіне қосылған интерфейске  қолданылады. Мысалы, serial0 интерфейсі Интернетке қосылған болсын, онда ол келесі жолмен іске асырылады:

 

Router(config)#router rip

Router(config-router)#network 172.16.0.0

Router(config-router)#passive serial0

Router(config-router)#^Z

Router#.

 

 Егер бір фирманың екі кеңсесі Frame Relay желісі бойынша қосылса, онда ол бойынша кең хабарламалық RIP хабары берілмейді. Ол болмауы үшін neighbor командасын қолдану қажет.

 

Router(config)#router rip

Router(config-router)#network 172.16.0.0

Router(config-router)#neighbor 172.44.51.2

Router(config-router)#exit

Router(config)#^Z

Router#.

 

Бұл мысалда маршрутизатор  кең хабарламалық RIP хабары берілген нақты WAN (біздің жағдайда - Frame Relay) форматына  инкапсулдайды және 172.44.51.2 мекен-жайдағы  маршрутизаторға таратады.

Стандартты қатынас құру тізімі

Қатынас құру тізімі стандартты және кеңейтілген болып екіге  бөлінеді. Стандартты тізім дестенің шығыс мекен-жайын сараптауға мүмкіндік  береді және сарапта қорытындысының негізінде анықталған іс әрекетті оырндайды. Стандартты қатынас құру тізімінің  әрбір қатары келесідей форматқа ие болады:

 

access-list нөмір permit/deny шығыс мекен-жай.

 

access-list командасы конфигурация  режиміне кірістірілуі міндетті. Әрбір қатынас құру тізімінде  ерекше нөмір меншіктеледі: стандартты  қатынас құру тізіміне нөмір  1-ден 99-ға дейінгі диапазон  аралығында жатуы міндетті. permit немесе deny кілттік сөзі көрсетеді, шаблонды  қанағаттандыратын дестенің өтуін  рұқсат ету (permit) керек пе, немесе оған тыйым салу (deny) керек. Шығыс мекен-жай параметрі ерекше өңдеуді қажет ететін шығыс мекен-жай дестесін анықтайды. Шығыс мекен-жай параметрі осттың мекен-жайы, әдетте желі (желіасты) мекен-жайы және шаблон маскасы және any кілттік сөзі болуы мүмкін.

Содан кейін, қатынас құру тізімі құрылғаннан кейін оны  анықталған интерфейспен байланыстыру қажет, бұл жағдайда әрбір интерфейсті  тек бір ғана қатынас құру тізіміне байланыстыруға болады. Байланыстыру интерфейстің конфигурациялау режиміндегі ip access-group командасымен іске асырылады. Командадан кейін байланысушы қатынас  құру тізіміндегі нөмір, ал сосын  маршрутизатордың интерфейсіне кіретін  дестені сүзгілеу үшін in кілттік  параметрі, немесе out – шығыс дестелері  көрсетіледі.

Мысалы. ethernet0 интерфейсіне қосылған желіасты бар болсын, онда СУБД сервері орналасқан. Оған қатынас  құруды тек қана 172.16.22.8 мекен-жайлы  хосттан және 172.16.84.0 желідегі кез  келген машинадан беру керек. Мұны келесідей  түрде жазуға болады:

 

RouterABC#configure terminal

Enter configuration commands, one per line. End with CTRL/Z.

RouterABC(config)#access-list 10 permit 172.16.22.8

RouterABC(config)#access-list 10 permit 172.16.84.0 0.0.0.255

RouterABC(config)#interface ethernet0

RouterABC(config-if)#ip access-group 10 out

RouterABC(config-if)#^Z

RouterABC#.

 

   Кеңейтілген қатынас құру тізімі атына сәйкес стандартты тізімдермен салыстырғандағы қосымша сүзгі критеримен толықтырылған. Стандартты қатынас құру тізімі дестенің шығыс мекен-жайы негізінде ғана сүзгілеуді жүргізеді, сол уақытта кеңейтілген қатынас құру тізімі мына критерилар бойынша сүзгілеуді қолдануға рұқсат береді:

    • Шығыс мекен-жайы бойынша.
    • Мақсаттық мекен-жайы бойынша.
    • Хаттама бойынша.
    • Порт бойынша.

Кеңейтілген қатынас құру тізімінің синтаксис қатары:

access-list нөмір permit/deny хаттама шығыс мақсатты порт.

 

Кеңейтілген тізімнің нөмірі 100-ден 199 аралығында болады. Хаттама  ретінде кез келген TCP/IP тіркесіндегі хаттамалар болуы мүмкін. Порт не ондық, не символды қалыпта көрсетіледі. Мысалы, соңғы параметрдің мәні 80-ге тең  немесе www тең мәнді болады.

ethernet0 интерфейсіне қосылған 172.16.55.0 желісінде home маршрутизаторында  сәйкесінше 172.16.55.14 және 172.16.55.20 мекен-жайлары  бар Web-сервер және Proxy-сервер (порт 8888) болады. Көрстеілген Web-серверге  қатынас құруды барлық машиналарға,  ал Proxy-серверге тек 172.16.87.77 хостқа  ұсыну керек.

 

home#configure terminal

Enter configuration commands, one per line. End with CTRL/Z.

home(config)#access-list 110 permit tcp any host 172.16.55.14 eq www

home(config)#access-list 110 permit tcp host 172.16.87.77 host 172.16.55.20 eq 8888

home(config)#interface ethernet0

home(config-if)#ip access-group 110 out

home(config-if)#^Z

home#.

 

Айтып кету керек, any сөзі 0.0.0.0 мекен-жайымен сәйкес келеді және шаблон маскасы 255.255.255.255, ал host 172.16.55.14 - 172.16.55.14 0.0.0.0 жұбы.

Қатаң айтқанда, порт өрісі  екі құраушыдан тұрады – оператор және нөмірдің өзінен немесе стандартты порт атынан. Мысалда, негізінен, eq (equal) операторы көрсетілген, ол бұл қатарды  ТСР сегменттері (equal) 80 (www) (мысалдың үшінші қатары) және 8888 (төртінші қатар  үшін) тең порттар өңделуі тиіс. Eq операторынан бөлек, сондай-ақ neg (negative) көрсетіледі – көрсетілгеннен бөлек  барлық порттар өңделеді, gt (greater than – мынадан көп) – порт нөмірлері  ең үлкен дестелері ғана, және т.б.

Интернетке қосылу кезінде  желінің ішкі түйіндерінің саны интернет ұсынушы берген санынан асып кетсе  NAT регистрленбеген мекен-жайларды қолданатын IP-дің жекеше желілеріне Интернет желісіне қосылуға мүмкіндік береді NAT  функциялары жекеше(ішкі) желіні және көпшілік қолдану желісін (мысалы, интернет) ажырататын шекаралық бағдарғылауышта бапталады. Бұдан кейін көпшілік қолдану желісін сыртқы желі, ал жекеше желіні- ішкі желі деп атаймыз. NAT функциялары дестелерді сыртқы желіге жібермес бұрын ішкі жергілікті мекен-жайларды сыртқы IP мекен-жайға жіберуді жүзеге асырады. 

Ішкі желі термині аудармалауды қажет ететін мекен-жайларды қолданатын организация ішіндегі  желіде қолданылады. Бұндай желілік домен түйіндері ішінде бір мекен-жайлық  кеңістік қолданылады, ал сыртынан олар NAT функцияларының баптауларымен анықталатын басқа мекен-жайлық кеңістікпен қол жеткізіледі. Бірінші мекен-жайлық кеңістік – жергілікті, ал екіншісі – ауқымды мекен-жайлық кеңістік деп аталады.

Сыртқы желі термині ішкі желілік домендер қосылатын желілерге  жатады. Бұл желілер ұжымның бақылауында  болмайды.

NAT функциясының баптауына  кіріспес бұрын жергілікті және  ауқымды ішкі мекен-жайлар туралы  ақпаратты талдау керек. 

Source  ішкі мекен-жайларын  аудармалау. Бұл NAT функциясы ішкі  желінің сыртқы желімен байланысы  керек болған жағдайда , ауқымды  мекен-жайлық кеңістікке жататын  IP-дің ішкі мекен-жайын   бірегей  мекен-жайға айналдырады. Статикалық  және динамикалық аудармалауды  қолдану мүмкіндігі бар:

Коммутацияланушы қосылыс CHAP-тың протоколы