Ономастика и особенности перевода

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ....................................................................................................................3

 

І. Онамастика және аударма теориясы...................................................................5

1.1.Онамастикалық атаулардың мәтін аудармасында алатын орны ...................5

1.2.Онамастикалық атауларды аудару тәсілдері ................................................. .9

 

ІІ.Онимдерді аудару ерекшеліктері ......................................................................17

2.1.Қазақ жалқы есімдерінің ағылшын тіліндегі транслитерациясы ................ .17

2.2.Қазақ жалқы есімдерін ағылшын тіліне транслитерациялау кезінде қиындық тудыратын мәселелер...............................................................................................20

 

ІІІ. Қорытынды ....................................................................................................... 25

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..........................................................................27  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Барлық тілдерде ономастикалық жүйе сол тілді тұтынушы этностың (ұлттың, халықтың, тайпаның, рудың) тарихына, мәдениетіне, шаруашылығына қатысты болады. «Егер халық пен тілді біртұтас құбылыс деп қарасақ,- дейді академик Ә.Қайдаров, тіл-халық өмірінің материалдық және рухани байлықтарын бойына жинаған, оның наным-сенімдерін, дәстүрін көрсететін, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын баға жетпес байлық». Сонымен қатар жалқы есімдерді лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлармен байланысты қарастырылатын тілдік құрал ретінде зерттеу онимдердің ерекше мәдени құндылық екендігін таныта түседі. Поэтикалық ономастика – қазақ тіл білімінде көп зерттелмеген, тың саланың бірі. Осы бағыттағы зерттеулер түркі, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі онимдердің құрылымдық таптастырылуын айқындауға; антропонимдердің, топонимдердің шығу тегін зерделеуге, олардың көркем шығармадағы алатын орнын анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты тарихи ескерткіштердегі ономастикалық кеңістікті зерттеу тіл біліміндегі көркем мәтін ономастикасын жаңа қырынан талдап,  жалпы көркем шығарма ономастикасымен салыстыра қарастырып, нақты тұжырым жасауда, ерекшеліктерін анықтауда маңызды.

Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеудің басты мақсаты – поэтикалық мәтіндердегі ономастикалық кеңістікті анықтау, соның ішінде онимдердің мәтін ішіндегі қызметін анықтау, олардың автордың шығарма идеясын жеткізудегі мәнін ашу, шығарма кейіпкері, кеңістік-мезгілдік қатынасты қалыптастырудағы рөлін айқындау. Онимдердің қазіргі қазақ тіліндегі қолданысын анықтау, көркем мәтіндегі жалқы есімдердің тура және қосымша қызметтерін айқындау. Онимдерді аударма мәтінінде трансформациялау тәсілдеріне шолу жасау, оның ішінде транслитерация жєне транскрипция тәсілдерінің аражігін ашу.

Зерттеу нысаны. Жұмыстың міндеттерін шешу мақсатында зерттеуге күнделікті қолданыстағы және көркем әдебиеттегі онимдік бірліктер алынды, құрамында онимдер кездесетін лексика-фразеологиялық бірліктер, мақал-мәтелдер, қазіргі ақын-жазушылардың шығармаларындағы онимдік бірліктердің қолданыстар жинақталды.  

Зерттеу жұмысының өзектілігі. . Қазіргі лингвистикада көркем мәтін түзудің маңызды мәселелерінің бірі көркем шығарманың ономастикалық кеңістігін қалыптастыру болып табылады. Онамастикалық атаулардың  көркем мәтін түзудегі қызметі  және мәтіндегі ақпаратты жеткізу мақсатында онимдік бірліктерді қолдану.

Жұмыстың  теориялық және практикалық маңыздылығы. Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары тіл білімінің лексикология, семасиология, этимология және ономасиология салаларына қатысты  пайымдау жасауға мүмкіншілік береді. Зерттеудің тұжырымдары мен түйіндері, нәтижелері мен қисындары қазақ және ағылшын онамастикасын кешенді түрде зерттеуде, жоғары оқу орындарында тіл тарихы, елтану пәнінде , және топонимикалық зерттеу әдістемесі жайлы арнаулы курстарда, орта мектептер мен гимназиялардағы өлкетану туралы сыныптан тыс жұмыстарда, сонымен қатар сөзжасам саласындағы зерттеулерді толықтырып, жан-жақты зерттеуге де өз септігін тигізеді.

Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, әрқайсысы бірнеше бөлімдерден тұратын екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Әдістемелік негізі. Зерттеу барысында жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  Онамастика және аударма теориясы

1.1.Онамастикалық атаулардың  мәтін аудармасында алатын орны.

Швейцар А.Д. : «Аударма – адамдар  әртүрлі тілдерде өз ойларын білдіруінде  қарым – қатынастың тілдік қызметін атқаратын көмекші құрал. Сондықтан, аударманы тіларалық коммуникация әрекеті деп атау өте дұрыс» деп  аудармаға орынды анықтама берген. Мәтінді аударуда аудармашының қызметін  бір шетінен жеңілдететін, бір жағынан қиындататын мәселелердің бірі онамастикалық атаулар.

Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы онамастикалық атаулар арқылы көрінеді. Қазақ онимдері де халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген онимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты онимдерді зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  Онимдерді зерттей келе сол өңірді мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өрісі хақында, тіпті сезім сұлулығына дейін мағлұмат беріп, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Әрбір оним алуан түрлі құбылысқа ие, семантикасы жағынан жеке объектілерді атайтын жалқы есімдердің ерекше тобына тән. Гидронимдер құрамына енетін апеллятивтер объектінің табиғи ерекшеліктерін айқын көрсетеді (жер бедері, өсімдіктер, топырақ т.б.) және де этноним мен антропонимдерден жасалған гидронимдер сан алуан кездеседі. Олар уақыт өзгерісіне қарай әр түрлі мағлұматқа: соғыстар, халықтың тұрмыс тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, өзге халықтармен қарым-қатынасына және өзге де тарихи оқиғаларға ие. Онимдердің шығуы, пайда болуы, аталуы жергілікті халықтың тарихы мен тірлік-тынысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы ана тілімен тығыз бірлікте дамыған. Ондай атаулар көптеген ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жалғасын тауып келеді. Мұның бәрі әр түрлі тілдік қабаттан тұратын, шығуы, пайда болуы жағынан түрлі мезгілдерге тән онимдерді қамтиды.

Онимдер – бір немесе бірнеше сөздердің  тіркесі, нақты, белгілі затқа немесе құбылысқа  атауыштық мағына беретін  және сол арқылы оларды жалпы есімдердің қатарынан ерекшелейтін зат есімдер. Онимдердің түрлері:

Антропонимдер: адам есімдері, тегі, фамилия, лақап  аттар, криптоним(жасырын есімдер,әдеби  антропонимика), эпоним( “eponymos” ат қоюшы), этноним (ұлттар мен халықтардың  атаулары), теоним (құдайлардың аттары), зооним.

Жер су атаулары,топонимдер:

Ойконимдер (тұрғылықты мекендер атауы), гидронимдер (өзен), оронимдер ( тау), урбаноним (қала ішіндегі атаулар), годоним (көшелердің атауы), агороним (алаңдар), дромоним (жолдар), микротопоним (ауылды жерлердің атауы), хороним (облыстардың, мемлекеттердің атаулары).  Сонымен қатар басқа  да атаулар: көркем әдебиеттердің және өнер туындыларының атаулары, газет,журналдардың, радио және теледидер бағдарламаларының, тауарлардың, әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, кездесулер мен  мейрамдардың, табиғи құбылыстардың атаулары.

Бірегейлендіруші  және сипаттаушы қызметі. Атаудың сипаттау қызметінің орындалуында әртүрлі деңгейінде жекелеуші белгісінің бар не жоқ болуының маңызы зор. Осыған орай, бірегейлендіруші қызметі немесе сипаттау қызметі, екі қызметі де бірдей анық болады. Нақты референтті атау нысанды бірегейлендіруге жақсы бейімделген. Олар нақты денотатқа тағылып, оны социумнан бөліп, индивидті нақтырақ бірегейлендіреді. Олар атау иесін қандай да бір әлеуметтік топқа және тұрпат белгісіне қатысын көрсетеді. Сипаттаушы қызметі сөйлем немесе сөз тіркесті формада болуы мүмкін. Мысалы, Қызыл қалқан, Қара құс, Руми қызы т.б.

Әлеуметтік-жекелеуші  қызметі. Атау иесін әлеуметтік және қоғамда алатын орнына қарай жекелеуге мүмкіндік береді. Мысалы: Қас Хажыб Жүсіп, Әдіб Ахмет т.б.

Ықпал ету қызметі. Мұндай атаулар локутивті әсерінен басқа коммуникативті үдеріске қатысушыларға ықпал ететін иллокутивті күшке ие.

Экспрессивті-бағалауыштық қызметі. Экспрессивтілік – атаудың көркемдеуші ерекшелігінің бірі. Семантикалық құрылымдағы эмоция тұрпат межесі мен мазмұн межесінде әртүрлі сезім: құрмет, жиреніш, тамсану, ызалану, аяу т.б. білдіреді. Мұндай атаудың эмоционалды-экспрессивті мағынасы атау берушінің атау иесіне қатынасын білдіретін жасырын коннотация бар. Мысалы, мағынамен Ақыбет – «ақыры, соңы» деп атады.

Арнайы ономастикалық, барлық жалқы  есімдерге тән қызметі ретінде  бірегейлендіру аталуы мүмкін, ол бірнеше  қызметтерді қамтиды:

  • дифференциация (жекелеу);
  • мекенжай (адрестік: объектінің орналасқан жері);
  • идеологиялық;
  • эмоциялық;
  • харизматикалық;
  • легализация.

       Жалпы есім және жалқы есім ұғымына түсінік. Есім сөздерді жалқы мен жалпыға бөлу - тіл білімінде ерте кезден қалыптасқан тілдің лексикалық құрамын топтастырудың дәстүрлі көне әдістерінің бірі. Онимдік лексика, арнайы лексиканың бір бөлігі бола тұра жалпы лексикаға біршама қарама-қарсы оппозициялық қатынастағы лингвистикалық категория.

       Жалпы есім атауының негізгі қызметі- белгісіз объектілерді белгілі түсініктерге сәйкестендіре отырып атау. Жалқы есімдердің негізгі міндеті белгілі бір заттың арасынан белгілі объектілерді атау. Заттар түсінікпен байланысты болғандықтан түсінікпен сәйкестік талап етілмейді. Осындай жағдайда «белгілі сөздер қайтадан жаңа атауларға жол ашуға мүмкіндік береді, оның бастапқы атаумен белгілі байланысы және лексикалық бірліктерді негізгі пайдаланушы болмауы мүмкін.[1,37б]

«Апеллятив - жалқы есімдерге қарама-қарсы қойылған тілдің лексикалық қорындағы кез-келген сөз. Ономастикада ономастикалық лексика (атаулар, есімдер) тілдегі жалпы лексикалық қордағы апеллятивтерге қарсы қойылады. Апеллятивтердің жалқы есім қатарына өтуі онимизация деп аталады».[2, 39б]

А.Суперанскаяның ойынша, жалпы алғандағы мағына мен  жалқы есімдер мағынасында мүлде  басқа әр түрлі заттар белгіленеді. Сондықтан жалқы есім ешқандай ұғымды білдірмейді деп айтуға болады, алайда әр жалқы есімнің белгілі өзіндік мағынасы болады. Жалқы есім семантикасынан гөрі, оның бойындағы ақпарат жайлы айтқан жөн дей келе, ақпараттың 3 түрін ажыратады: сөйлеу, тілдік және энциклопедиялық. Сөйлеу ақпараты- объектінің атаумен байланысы,  сөйлеушінің  объектіге  қатысы.  Тілдік  ақпарат- атаудың мағыналық компоненттерінің сипаты мен құрылысы және оның атау екендігі. Энциклопедиялық ақпарат - атауды қолданатын тілдік ұжымның мүшелеріне түсінікті объект жөніндегі білімдер жиынтығы. Жалқы есім мағынасына түсінікті немесе мүлде түсініксіз, мазмұны өшірілген апеллятив те енуі мүмкін. Атаудағы апеллятив мағынасы қаншалық көмескі болса, соншалық атау жалқы есім ретінде қабылданады, ал атаудың өз құрамындағы апеллятив мағынасымен байланысы көбірек сезілсе, ол жалпы есімдер қатарына жақынырақ тұрады.[1,45б]

      Қолданбалы ономастика нақты тілдер мен тілдік үрдістер негізінде жалқы есімдердің ерекшеліктерін ескере отырып, формасы, транскрипциясы, орфография, орфоэпия нормаларын және грамматикалық формаларға түрленуін нақтылайды. Ономастиканың бұл саласы шет тілдік жалқы есімдердің графика, орфография және аудару (транслитерация және транскрипция) нормаларын қабылдаушы тіл арқылы тағайындайды.Онимдердің көркем мәтінді байытуда маңызы зор десек, сонымен бірге онимдерді байытуда көркем мәтіннің де маңызы орасан. Халық антропонимиясын тануда әсіресе фольклордың орны аса ерекше. Ондағы кейіпкерлердің есімдері мен образдары бүгінгі ұрпақтарға жетіп, өмірде, күнделікті тұрмыста қазірге дейін кеңінен қолданылып келеді. Көркем шығармадағы онимдер жанр түріне қарай әртүрлі болып келеді. Оларды ойдан шығарылған кейіпкерлер, тарихи тұлғалар, прототипі бар есімдер деп бөлуге болады. Көркем шығармада ономастикалық лексика ерекше орын алады. Әр жазушы оны ерекше көзге түсетін, стильдік экспрессивті құрал, стильдің ерекше көрсеткіші ретінде қолданады.Көркем шығармалардағы онимдердің зерттелуі. Қазақ ономастикасында көркем шығармадағы онимдер мәселесіне көп уақыттан бері назар аударылып келеді. Көркем мәтін ономастикасы бойынша көптеген мақалалар мен еңбектердің жарық көруі оларды зерттеу заңдылықтары мен жаңа бағыттарын ашуға және зерттеу бойынша теориялық концепциялар жасауға мүмкіндік береді.

Ағылшын жалқы есімдерін  қазақ тілінде транскрипциялау орыс тіліндегі жазылуы бойынша қалыптасқан. Бұл туралы профессор Т. Жанұзақ “Қазақ есімдерінің тарихы” деген кітабының кісі аттарының жазылуы мен транскрипциясына арнаған IV тарауында 1959ж. шыққан инструкцияны (Инструкция по русской передаче географических названий Казахской ССР. Алма-Ата, 1968) қолдай келе, “Кісі аттары мен фамилияларды орыс тілінде транскрипциялау ережесін” толығымен мысалдар арқылы береді. Автор тарау соңында “Басқа тілдегі кісі аттары мен фамилиялар орыс тілінде қалай жазылса қазақ тілінде де солай жазылады” дейді. Бұл келтірілген соңғы сөйлем өз кезеңінде және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялаған күнге дейін маңызды болып келгенмен, бүгінгі күн талаптарын толықтай қанағаттандыра алатын “ереже” бола алмайтыны анық.Ал ағылшын онимдерінің орысша транскрипциясы ағылшын тілі стандарттарының ішінде Оңтүстік Англия (SSBE) айтылымы бойынша графикаланады. Оның себебі Кеңес Одағында оқытылған ағылшын тілі оқулықтарының осы нормада жазылғандығымен түсіндіріледі. Алайда айтылымның бұл нұсқасын ең кең тараған нұсқа деп тану қиын және қазіргі кең тараған ағылшын тілінің әдеби нормасына келгенде мәселенің тығырыққа тірелетіні белгілі. А.В. Суперанскаяның ағылшын тілінде сөйлеушілердің айтылым ерекшеліктеріне келгенде “Это заставляет некоторых транскрибирующих обращаться американскому варианту английского языка, когда им приходиться иметь дело с американскими географическими названиями или с фамилиями американцев, и ставит их в тупик, когда дело доходит до Австралии или Новой Зеландии” дейтін сөзі осыған дәлел. Ағылшын тілінің орфографиясын құрайтын графемалар жүйесіне қарап, бұл тілден (тек қазақ тіліне емес) өзге тілдерге транскрипциялаудың да, транслитерациялаудың да мүмкін емес екендігіне көз жеткіздік. Өзге тілдердің графикасында ағылшын сөздерін берудің бірден бір жолы – тілдің фонетикалық транскрипциясынан көшіру. Бұл ағылшын тілінің фонетикалық транскрипциясынан қазақ тілінің фонематикалық (фонологиялық) принципке негізделген графикасына көшіру болып табылады. [2, 141-146]

 

1.2.Онамастикалық  атауларды аудару тәсілдері .

Л.Р. Зиндер: «шетел сөздерін, әсіресе, кісі аттарын, географиялық атауларды  және терминдерді жазу 3 принципке: дәйексөздік (цитатный), транскрипциялық  және транслитерациялық принциптерге негізделеді» дейді және бұл  принциптердің  үшеуі де уәждемесіз принциптерден болады деп көрсетеді.

            Уәждемелі принциптер

Уәждемесіз принциптер

  Фонематикалық

  фонетикалық

  морфематикалық

            грамматикалық

 дәстүрлі (традиционный)

 айырбас (дифференцирующий)

 транслитерациялық

 транскрипциялық

 түпнұсқалық (цитатный)


Транскрипция терминіндегі этимон сөз лат. «transcribo» о баста римдіктер тілінде біреудің қарызын, кінәсін біреуге көшіру деген мағынада қолданылған екен. Ал транслитерация ХІХ ғасырда лат. trans + littera «әріп» сөздерінің қосындысынан жасанды құрастырылған термин екен. Мұның бастапқы мағынасы өзге әліпбидегі сөзді немесе мәтінді латын графикасына көшіру үдерісі және сол үдерістің қорытындысы – ғылыми кітапханалардың катологтарына қосу үшін транслитерацияланған есімдер, ата-тектер, кітаптар мен мақалалар аттары болған.

Аудармадағы транскрипция дегеніміз  – бастапқы лексикалық бірліктердің аударма тіліндегі фонемалар  арқылы фонемалық ресми қайта  жаңғыруы, негізгі сөздің фонетикалық  имитациясы. Аударманың келесі тәсілі транслитерация – бастапқы лексикалық бірліктерді аударма тілінің  әліпбиі арқылы әріптік ресми  қайта жаңғыруы, негізгі сөздің әріптік имитациясы. Бұл жерде бастапқы сөз аударма мәтінінде аударма тіліндегі айтылу сипатына сай түрде беріледі. Мәселен, Shakespeare – Шекспир есімінің қазақ тіліне аударылуы ағылшын тілі дыбыстарының оқылу заңдылықтарына ішінара сәйкестенсе, қазақ тілінде фонетикалық сәйкессіздік болған жағдайда ішінара ұқсас түрлеріне түрлендіріледі. Мұндай транскрипция амалы ағылшын есімдерін қазақ тіліне аударуда қолданылады.

Біршама қиындық қазақ  есімдерін ағылшын тіліне аударуда орын алады. Мысалы, қазақ тіліндегі  ж, х, ю, я, і, ә, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө сынды  әріптер мен дыбыстарды ағылшын  тіліне аудару қиындық туғызады. Сонымен  бірге патша есімдері мен титулдарын аудару кезінде аудармашынының аударма  транскрипциясын қолдануында да біршама қиындықтар орын алады. Осы  салада XIX ғасыр соңына дейін қолданысқа енген есім түрлеріне қатысты  жалпы тіларалық транскрипция ережелері  бар. Мәселен, ағылшын королі James I Stewart есімі әдебиеттерде Иаков 1 Стюарт деп аталса, соңғы жылдары баспасөз беттерінде Яков 1 есімі кездеседі. Дегенмен, бұл ішінара дәстүрлі түрден ауытқу шын есім транскрипциясына  әлі өткен жоқ, яғни Джеймс 1 негізгі есімі әзірге қолданыс аясында кездеспейді.

Аударма тәжірибесінде жалқы  есімдердің аудармасы үшін қолданылатын транскрипция және транслитерация тәсілдері  жеткіліксіз болып келеді. Егерде жалқы есімдер негізіне символдық  қызметтер жатса, яғни ерекше объект есімі болса немесе есім орнына емес, қосымша есім орнына қолданылса, онда олар жалпы есімге айналады. Өйткені, есім тұлғаның тұлғалық қасиеттерін  және белгілерін білдіреді. Мұндай жағдайларда  транскрипциядан басқа немесе оның орнына калькалаумен бірге семантикалық аударма үйлесімділігі қолданылады. Мысалы, ағылшын мәтіндерінде кездесетін Chief White Halfoat  есімін қазақ тіліне әртүрлі тәсілдер арқылы жеткізуге болады: Чиф Уайт Хафоут (транскрипция), Қолбасшы Ақ Сұлы (семантикалық аударма), Қолбасшы Уайт Хафоут (аралас аударма: семантикалық аударма мен транскрипция үйлесімділігі). Джозеф Хеллердің Catch – 22 романында бұл есім аралас мағынада қолданылған: мұнда Chief  кейіпкердің үндіс екендігін білдіретін қосымша есіммен бірге, тарихи қалыптасқан, ағылшын тіліне аударылмайтын ресми негізгі үндістердің жанұялық атауы болған White Halfoat тегі үйлескен. Осы жерде қолдануға қажетті тәсіл – аралас аударма болғанымен, «метис» мағынасын білдіретін half-bread, half-blood сияқты әдіспен жасалып Хеллердің сатиралық «атына заты сай» Halfoat есімі өз мағынасын жоғалтады және есім мен кейіпкерді суреттейтін контексттік тәуелділікті ұстанады:

Chief White Halfoat was a handsome, swarthy Indian from Oklahoma with a heavy, hard-boned face and tousled black hair, a half-blooded Creek from Enid…

Аударма транскрипциясы арқылы аударылатын жалқы есімдерден басқа  бірліктер тобына мамандардың көпшілігі  халықтар мен тайпалар атауын, жағрапиялық  атауларды, іскерлік мекемелер, компаниялар, фирмалар, мерзімді басылымдар атауын, хоккей және басқа спорттық команда  атауларын,  рок – музыканттардың тұрақты топтары мен мәдени объектілер атауларын және т.б. жатқызады. Салыстырмалы түрде, мұндай атаулардың көпшілігі  транскрипция және транслитерация тәсілдері  арқылы оңай аударылады:

Bank of London -        Бэнк оф Лондон 

Minnesota          -       Миннесота

Wall Street Journal –  Уолл Стрит Джорнал

Detroit Red Wings –   Детройт Ред Уингз

Beatles –                    Битлз

The Capitol –             Капитолий

Metropolitan –          Метрополитен, және т.б.

Шындығында транслитерация тәсілін қолдану салыстырмалы түрде  аз кездеседі және ескірген атау түрлерімен байланысты болып келеді:

 Illinois –     Иллинойс (Илиной емес)

 Michigan – Мичиган (Мишиган емес)

Объектілердің біршама тізіміне байланысты аударманың дәстүрлі түрлері  қалыптасты. Олардың бірі негізгі  атаумен ішінара сәйкес болса,

Мәскеу –      Moscow

The Hague – Гаага

Санкт-Петербург  – St. Petersburg,

бірі негізгі тілдегі  атауымен мүлде сәйкес келмеуі мүмкін:

England –                       Англия

The English Channel – Ла-Манш және т.б.

Жағрапиялық атауларды транскрипциялау  барысында екпіннің аударма тілінің  фонетикалық заңдылықтарына сәйкес орнын ауыстыруы мүмкін:

Florida      (екпін бірінші буында)

Флорида    (екпін екінші буында)

Washington(екпін біріншібуында)

 Вашингтон  (екпін соңғы буында).

Егер атаудың құрамына мағыналы сөз енсе, онда аралас аударма, яғни транскрипция және семантикалық аударманың үйлесімділігі қолданылады  деген ереже бар:

    Gulf of Mexico - Мексика шығанағы   

    River Thames - Темза өзені

    The Pacific Ocean - Тынық мұхит

    Hilton hotel - Хилтон қонақ үйі

    Mayflower Restaurant - Мейфлауэр  рестораны. 

Дегенмен, осындай шарттардың өзінде қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, Бостон қаласындағы No Name Restaurant атауын қалай аударуға болады? Ноу Нейм рестораны ма, әлде «Есімсіз» ресторан ба? Ымыраға келуге болады:   No Name рестораны.

Транскрипция фирма, компания, баспа, автомобиль маркалары, мерзімді басылымдар атауларын аударуда қолданылады:

    Subaru – Субару

    Ford Mustang – Форд Мустанг

    Facts Оn File – Фэктс Он Файл 

    Жас  Алаш – Zhas Alash

    «Атамұра»  - Atamura.

Бірақ, оқу орындарының  атаулары ішінара немесе толық семантикалық аударма арқылы аударылады:

  Western Michigan University

  Батыс Мичиган  Университеті

Cherry Hill High School

Черри Хилл орта мектебі

Ақтөбе Мемлекеттік  Университеті

Aktobe State University.

Әртүрлі елдердегі түрлі  білім беру дәстүрлеріне сәйкес оқу  орындарының атауларын аудару біршама  қиындық тудырады. Мәселен, американдық  білім беру жүйесінде school сөзі деңгейі және түрі жағынан әртүрлі оқу орындарының бірқатарын атауда қолданылады: high school шындығында «орта мектеп» дегенді білдіреді, school of law – «құқық институты», graduate school – «аспирантура» не «магистратура». Осыны есепке ала отырып Princeton School of Law – Пристон Университеті жанындағы Құқық институты деп аудару, Пристон құқық мектебі дегеннен гөрі үйлесімді болады. Мұндай атауларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару – күрделі мәселе. Мысалы, «институт» сөзі Қазақстан, Ресейде жоғары оқу орнының, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-басқару мекемелерінің атауы болса, ағылшын тілді елдерде institute сөзі екінші мағынаны білдіре отырып, әдетте негізгі мағынаны тарылтады. Мұндай жағдайларда аудармашы әдетте жағдаятқа сай шешім шығарады. Әзірге оқу орындарының түрлерін атау халықаралық деңгейде мемлекетаралық келісімге келіп, жүйеленген жоқ. Сондықтан семантикалық аударма тәсілін қолдану орынды болады. Дегенмен, транскрипция арқылы аударма жүргізу де қолайлы. Мәселен, қолданысқа тез арада енген gymnasia сөзі гимназия атауын білдіруде қолданылады. Әртүрлі халықаралық үлгідегі анкеталарды толтыруда оқу орнының атауын екі нұсқада толтыру ұсынылады. Мысалы:

Қазақ Педагогикалық  Институты

Kazakh Teachers’ Training College

және 

Kazakh Pedagogical Institute.

Аударма транскрипциясын  аударманың дәстүрлі аясында қолданудағы  кездесетін қиындықтың бірі – саны аз халықтар атауларын немесе өзге ұлттық-мәдени феномендерді аудару. Мәселен, Американың негізгі халқының атауын аударуда әртүрлі көзқарастар мен  нұсқаулар бар: Cheyenne – чейендер, шейендер, шайендер, шейенн, чейенн деп жағдайға сай аударылса, Cherokee – черок, чероктар, черокездер деп аударылады. Атаулардың қазіргі таңға сай аудармалары – шайендер және чероктар болады, өйткені осы атаулар ғана ағылшын тіліндегі дыбысталуына ұқсас. Дегенмен, ағылшын тіліндегі атаулардың өздері бастапқы үндіс сөздерінің транскрипциясы болып табылады. «Черокездер» нұсқасы,  шындығында  екі Cherokee және Iroquois сөздерінен жасалынған және тек халық атауын ғана емес, сонымен бірге черокез тілінің жанұясына тілдік туыстығын білдіреді. Әртүрлі етіп оқу мынадай тайпа атауларын аударуда, яғни семантикалық және транскрипция әдістерінің үйлесімділігінде қолданылады: Flathead – флетхедтер не тегіс бастылар, (тықырбастылар) Blackfoot – блэкфуттар не қара аяқтылар(жалаңаяқтар).

Жалқы есімдерді аударудағы транскрипция мәдениетаралық үйлесімділіктер  аясымен байланысты болады: өзге мәдени атауларды ағылшын тіліне транскрипциялау  қазақ тілінен өзгеше болуы мүмкін. Осындай атаулардың қазақ және ағылшын  тілінің мәдениетіне сай дәстүрлі түрлері әртүрлі болып келеді. Мысалы, қазақ тіліндегі Шыңғыс хан  нұсқасын ағылшын тілінде Genghis Khan (Jenghiz) деп аударуда екпін бірінші буынға түседі, Қытай астанасы Пекин атауын ағылшын тіліне аударғанда мүлдем өзгеше Beijing деп аударылса, Валтасар патша  есімі ағылшын тілінде тануға қиын кейіпте Bel-shaz-zar (екпін екінші буында) деп, Amenophis IV (Ikhnaton) қазақ тілінде  Аменхотеп не Эхнатон болып өзгереді. Мұндай сәйкессіздіктер тізімі біршама  үлкен болғандықтан, аудармашыдан тілдік және жалпы мәдени көрегендіктің  болуын талап етуі орынды.

Аудармашы қиын мәселелердің бірі деп басты назар аударатын  нәрсе – бастапқы мәтіндегі мәдениетке сай, бірақ аударма тілінің мәдениетінде мүлде кездеспейтін ұлттық-мәдени объектілер атауы – реалийлер. Кең көлемді  мәдениетаралық коммуникация жағдайында бұл атаулар үлкен топ құрайтындықтан, оларды аударуда транскрипция не транслитерация әдістерін қолданған қолайлы. [3, 245]

Әдетте мұндай реалийлер, яғни бастапқы тілдің басты тілдік бірлігі аударма мәтінінде өзінің толықтай шет тіліндегі түрінде  болады, максималды «шетелдіктен» бастап бірнеше сатылы жолдан өтеді. Мәселен, бастапқы балама транскрипциядан толық  ассимиляцияға дейінгі бірліктер  тілдің сөздік қорына енеді. Аудармашылардың  үлкен тобы мен түпнұсқа авторлары  аударманың екі түріне жүгінеді: шетелдік бірлікті семантикалық аудармамен бірге  не түсіндірмемен сақтау немесе транскрипцияны түсіндірмемен бірге қолдану. Әсіресе, осындай реалийлер туралы түсінік  түрлері қазіргі таңдағы рок  музыка туралы мәтіндерге сай келеді:

  «Кейін «Ридинг – фестиваль» келіп, Хиптар онда бағдарламаны басқарып, «Innocent Victom» альбомынан жаңаларын ойнатып, әлемге «Free Me» - коммерциялық рок үлгілі шығарма синглын танытты». 

Осы кішкене үзіндіде асты сызылған сөздер белгілі бір халықаралық рок музыка әлемінің реалийлерін білдіреді. Олардың толық аудармасыз шетелдік түрінде не аударма транскрипциясы не аралас аударма түрінде берілгені кездейсоқ емес.

Өнертану мәтіндерін аударудың  да өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың  ішінде ұлттық өнер үлгілері атауларын, мешіт, шіркеу атауларын,т.б. аударуда қиындықтар туындайды. Бұл мәселелерді  шешу жолы – транскрипция, семантикалық аударма не аралас аударма.     

Тағы бір транскрипция тәсілі арқылы аударылатын мәдени-реалийлер  түрі – фольклорлық және әдеби  шығармаларда кездесетін фантастикалық  тіршілік иелері атаулары мен есімдері.

       Алдар Көсе – Aldar Kose  

       Hobbit – Хоббит 

       Goblin – гоблин және т.б. 

Дегенмен, осындай есімдердің біраз бөлігі, әсіресе объектінің белгілі бір шынайы қасиетін білдіретін мағыналық құрамдары барлары  аралас аударма не калькалау арқылы аударылады.

Соңғы транскрипция тәсілі арқылы аударылатын тілдік бірліктерге  терминдер жатады. Мұнда транскрипцияға негізгі термин қандай негізде екендігіне сай анықталатын грек, латын немесе ағылшын бірліктері алынады: cable –  кабель, restitution – реституция, reconstruction – реконструкция, т.б.

Х. Зикмундтың  пікірінше, транслитерация тек латын әліпбиін ұстанбайтын тілдердің сөздерін латын әріптердің, дәйекші белгілердің  және мейлінше аз мөлшерде қолданылған  әріптіркестердің көмегімен латын  жазуына көшіру дейді.  Транслитерация – ұлттық емес, халықаралық емес, жасанды. Оның басты міндеті  –кітапхана, әртүрлі графиканы бірегей әліпбиге келтіруді жеңілдету мақсатында жалпы латын графикасына өткізу.Транслитерацияланған сөзді дұрыс оқу сол тілдің орфоэпиясын білуді қажет етед, ал транслитерацияның өзі айту үшін емес, жазу үшін жасалады. Оны тек  тілді білетін адам ғана оқи алады.

       Дегенмен, транслитерация ­ латыннан басқаны  латынға көшіру деген пікірмен  көп ғалымдар келіспейді. В.Г. Ветвицкий, В.Ф. Иванова, А.И. Моисеевтерше:  «транскрипция – это передача звучание слов заимственного слова средствами (буквами) русского письма; транслитерация – это переложение письменного облика заимственного слова средствами (буквами) русского письма (для других языков это буквы своего письма)». Транскрипция транслитерацияға қарағанда әлдеқайда оңай, себебі мұнда белгілі бір инструкцияға сүйенудің қажеті жоқ. [4,147]

       Практикалық транскрипция беруші және қабылдаушы екі тіл арасындағы байланыс бола отыра, қабылдаушы тілдің әліпбиімен шектеледі, себебі ол бойынша жазылған сөз қабылдаушы тілде оқылуы керек.  Ал транслитерация екі тіл арасындағы байланыс бола отыра, қабылдаушы тілдің әліпби жүйесімен шектелмейді. Сол себепті, транслитерация – шартты код, оны қолданудың белгілі бір ережелері – инструкциясы болуы қажет. Ал қабылдаушы тілде арнайы түсіндірме (Notes on Transliteration) берілмеген жағдайда беруші тілді білмейтін кісіге оны оқу қиын. Себебі, транслитерацияның мақсаты – оқуды емес, дұрыс жазуды қамтамасыз ету.

Калькалау. Аударма тілінде сәйкес үйлесімділігі болмайтын тілдік бірліктерді аудару үшін қажет транслитерация тәсілімен бірге калькалау тәсілі де қолданылады. Калькалау дегеніміз – сөздің құрам бөліктері (морфемалар) немесе фразалар (лексемалар) аударма тілінің элементтеріне сәйкес аударылатын біріккен сөз құрамы немесе сөз тіркестерінің айтылуы.  Калькалау аударма тәсілі ретінде транслитерация белгілі бір себептермен эстетикалық, мағыналық не басқа да ұстанымдарға байланысты қолданылмаған кезде мәдениетаралық коммуникация жағдайында үлкен көлемдегі әртүрлі кірме сөздердің енуіне негіз болды.

Ономастика и особенности перевода