Операциялық жүйе
М А З М Ұ Н Ы
I. КІРІСПЕ.......................
II. Негізгі бөлім.
2.1. Техника қауіпсіздік ережелері.....................
2.2. Сервистік және қолданбалы программамен
жұмыс.........................
2.3. MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен және каталогтармен жұмыс.......................
2.4. Операциялық жүйе қателерімен жұмыс.........................
2.5. BIOS базалық жүйесінің қателерімен жұмыс.........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux,Mac OS (Darwin) және Unix.
Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:
- Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді;
- Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін Операциялық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлітілдесуді қамтамасыз етеді.
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды.
Операциялық
жүйені жазудың екі жүйесі бар
— тұрақты сақтауыш құрылғыға
барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден
операциялық жүйенің калған бөлігінің
тек жүктеу программаларын ғана жазу.
Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер,
әдеттегідей,MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады.
Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен
аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда
жазылған операциялық жүйені пайдаланады.
Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес
жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбр
2.1. Техника қауіпсіздік ережелері
Қауіпсіздік техникасының ережелері
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК-де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде;
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы;
5) жұмысты аяқтағанда.
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
- Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады;
- Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды;
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды;
- Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды;
- Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады;
- Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды;
- Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс;
- Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды;
- Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
- ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек;
- Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек;
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек;
Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см;
- Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ;
- Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек;
- Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек;
- Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.
Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
- ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек;
- Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек;
- Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек;
- Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек; Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады;
- Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
- Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек;
- Жұмыс орнын ретке келтіру керек;
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек.
2.2. Сервистік және қолданбалы программамен жұмыс
Программа — магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жуктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі .
Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.
Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да вариантгары болғанда) тағайындайды.
Интерфейс - программалық жабдық пен.жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жасақтама - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементгер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.
ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:
1) жүйелі программалық жасақтама;
2) қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама.
Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жүмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.
Жүйелі программалық жасақты бірнеше топқа жіктеуге болады:
1) операциялық жүйелер;
2) утилиттер;
3) сервистік программалар.
Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге
МЗ (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады,
Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой .
WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді.
Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілікМЗ DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.
Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.
Сервистік
программалар — әрбір адамның
операциялық жүйемен жұмыс
Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатгы мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған жоне жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.
Қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама - белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программадар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
Белгілі бір мақсатга пайдаланылатын программалық жасақтама әр адамның нақты есептерін шыгаруга арналган, сондықтан оны пайдалану аймаіы да шектеулі. Мүндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оньң талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.
Дербес компьютерлердің кең тарауьша басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жасақтарың кең таралуы еді, бүл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды.
Әртүрлі
информацияларды өндеуге
- мәтін редакторлары;
- графикалық редакторлар;
- электрондык, кестелер;
- оқыту
жоне ойнау программалары;
Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жүмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсатгарға пайдаланса, басқа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек.
Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақьттында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуга, бірнеше алфавитті (латьш, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді.
Қолданбалы
бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения
Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде
жұмыс атқаратын қолданбалы бағдарлама. Мұндағы графикалық интерфейстің ұйымдастыру
ережелері, мәзір жүйесінің, диалогтық
терезелерінің пішімдері Windows қолданбалы
бағдарламаларының барлығына бірдей (мәзірдің
көрінісі және орналасуы, тінтуірді және перн
Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:
- жалпы мақсаттағы ҚПЖ;
- мәселелік бағытталған ҚПЖ;
- интегралданған ҚПЖ
кіреді.
Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:
- мәтіндік редакторлар мен процессорлар;
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;
- мәліметтер қорын басқару жүйелері;
- электрондық презентациялар және т.с.с.
Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:
- жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);
- таңбаларды айыру жүйелері;
- статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;
- ғылыми зерттеулер жүйелері
және т.с.с. жатады.
Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратындестелер (Lotus Works, Microsoft Office және т.б.)
Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
Компьютерде пайдаланушының жұмысы көбнесе әртүрлі мәтіндік ақпараттарды өңдеумен байланысты. Мәтіндік ақпараттарды еңдеудің негізгі ұғымдары, міндеттері, әдістері мен құралдарына қысқаша шолу жүргізейік. Мәтіндік құжаттарды өңдеудің келесі негізгі қадамдарын атауға болады:
- мәтінді енгізу;
- редакциялау (соның ішінде пішімдеу түрлері);
- құжатты сақтау;
- жариялау;
- құрылған құжатты іздеу және ашу;
- аудару.
Мәтінді енгізу. Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу арқылы енгізуге болады.
Редакциялау - терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін орнату арқылы қажетті түрге келтеру.
Құжатты сақтау – мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге –ASCII, RTF, DOC, HTML пішімдері жатады.
ASCII (American Standard Code for Information Interchange) - ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім (әрбір әріпке бір байт сәйкес).
RTF (Rich Text Format) - әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі. Ең негізгі ерекшелігі - оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің барлық элементтерін (шрифт өлшемі мен параметрлері, абзац параметрлері, т.с.с.) беруді қамтамасыз етеді.
DOC - бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word 2000 және MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді емес).
HTML (Hypertext Markup Languange) - Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін doc сияқты ішкі пішімге жатады.
Мәтіндік құжатты жариялау. Құжатты құрып және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туады. Құжатты көрсету типтеріне байланысты жариялаудың үш түрі бар, олар:
- құжатты басу (қағазда немесе таспада қатты көшірме жасау);
- электрондық жариялау (электрондық поштаарқылы, тасуышта );
- Web-құжаттар арқылы (Интернетте жариялау).
Құрылған құжатты іздеу және ашу. Құрылған құжатпен жұмысты қайта іске қосу үшін оны тауып және ашу керек. Бұл операциялар оның Web-бет түрінде жарияланғаны немесе сәйкес файлдық жүйеде сақталғанына байланысты олардың нақты іздеу және ашу мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
Мәтіндік құжаттарды өңдеуде кездесетін негізгі ұғымдар:
- символ (таңба, әріп, цифра, т.с.с.). Әрбір символ шрифтімен, өлшемімен, кескін стилімен, түсімен анықталады;
- абзац - аяқталған ойды білдіретін текст фрагменті, компьютер үшін Enter түймешесінің екі басуы арасында орналасқан мәтін бөлігі.
- колонтитул - документтің әрбір бетінде қайталанатын элемент (жоғарғы немесе төменгі колонтитул).
Мәтіндік ақпаратты өңдейтін бағдарламалық құралдар. Мәтіндік құжаттардың күрделілігіне байланысты, олардың сапалық орындалу дәрежесіне байланысты текстік редакторлар, текстік процессорлар, үстелдік баспа жүйелерін анықтауға болады.
Текстік редакторлар – күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар.
Текстік процессорлар – кез келген күрделі мәтіндік құжаттар дайындаудың барлық күрделі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар (MS Word, TeX, LaTeX, т.б. ).
Баспалық жүйелер – мәтіндік және иллюстративтік мәліметтерді компьютерлік теру, басып шығару, термелеу қызметтеріне арналған аппараттық және программалық жабдықтардың кешені.
MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері. MS Word – Windows жүйесінде мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің қуатты процессоры. Қазіргі замандағы мәтіндік процессор пайдаланушыға төмендегідей қызметтерді тиімді орындауға мүмкіндік береді:
- мәтіндерді интерактивті режімде теру;
- мәтінді редактрлеу (түзетулер жасау, символдарды пішімдеу, абзацтарды пішімдеу, беттерді пішімдеу, құжатты пішімдеу, ендірілетін объектілерді пішімдеу);
- көп терезелілік режімді қолданып бірнеше мәтіндік құжатпен бір уақытта жұмыс істеу;
- мәтіндерді импортау (экспорттау мүмкіндіктері, басқа қолданбалы жабдықтармен қарым-қатынас жасау);
- арнайы таңбалармен жұмыс істеу (математикалық белгілер, формулалар редактрлері, индекстер, т.с.с.);
- грамматикалық тексеру жүргізу, жолдарды автоматты тасымалдау;
- ендірілетін объектілермен жұмыс істеу (графиктер, кестелер, кескіндер, суреттер, фигуралар, WordART колеккциялары, т.с.с.)
- электрондық поштамен жұмыс істеу;
2.3. MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен және каталогтармен жұмыс
MS DOS операциялық жүйесі 1981 ж ІВМ дербес компьютерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.
Қазіргі кезерде стандартты операциялық жүйе ретінде, Windows есептеледі, бірақ MS - DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.
MS - DOS операциялық жүйесі дискеттің түпкі каталогында немесе С: дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден тұрады:
- BIOS модулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу – шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу-шығаруға байланысты ОС-тің қарапайым және әмбебап қызметтерін орындайды:
-
Операциялық жүйенің
- IO.SYS сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық операцияларын атқарады;
- MSDOS.SYS файлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі;
- COMMAND.COM – пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командалық процессор. Ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап пайдаланушының талабы бойынша процессор орындайтын барлық резидентті немесе ішкі командаларды қамтамасыз етеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалық файлды іздеп, егер табылса, оны жедел жадқа жүктеп, оған басқаруды береді. Программа жұмысы аяқталған соң командалық процессор оны жадтан жойып, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін шақыру мәліметін (DOS шақыруы) шығарады.
DOS
– тың сыртқы немесе кірме
(транзитті) командалары –
операциялық жүйемен бірге
бөлек-бөлек модульдер
Құрылғылар драйвері - DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге жүктеледі де, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы файлда жазылады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG.SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадқа орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND.COM файлы оқылады, ол басқару ісін атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC.BAT файлын іске қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.
Командалардың жіктелуі
MS - DOS –тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар - қарапайым және жиі колданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.
Транзитті кірме (сыртқы, жүктелінетін) командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командала жатады: FARMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т.б.
Каталогтармен жұмыс істейтін командалар:
Бұл топқа : DIR, CD, RD, MD командалары жатады.
1. DIR командасы – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын параметрсіз жай қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.
Ішкі каталогтың мазмұнын қарау үшін DIR командасын және ішкі каталогтың атын жазсақ жеткілікті.
Параметр деп түпкі каталогты немесе кез келген деңгейдегі ішкі каталогты көрсететін маршрутты айтады.
Каталог мазмұнының тізімі үлкен болған жағдайда - информацияны парақтап экранға шығару үшін қосымша /Р параметрі қолданылады. Бұл жағдайда экран беті информацияға толған соң информацияны экранға беру тоқтайды, жалғастыру үшін кез келген пернені басу керек.
Информацияны экранға жинақты түрде шығару үшін /W параметрі қолданылады. Бұл жағдайда файлдардың аттары мен типі ғана шығады.
2. MD (Make Directory - каталог жасау) - ағымдағы кез келген каталог ішінен жаңа каталог ашу командасы, мысалы:
C:\md student – C дискісінің түпкі каталогынан STUDENT атты жаңа каталог ашу.
3. RD (Remowe Directory - каталогты жою) - ішінде файлдары жоқ бос каталогтар мен ішкі каталогтарды жою командасы, мысалы:
C:\STUDENT\ BASIC > rd tecno2 – STUDENT каталогтың ішіндегі екінші дәрежелі BASIC каталогын жою.
4. CD (Change Directory - каталог ауыстыру) – бір каталогтан екінші каталогқа өту командасы. Жоғары дәрежедегі каталогтарға өту мына параметрлер «..», «\» арқылы іске асады.
Файлдармен жұмыс істейтін командалар:
Бұл топқа COPY, REM, DELETE, TYPE, DATE, TIME және т.с.с. командалар жатады.
1.
COPY - файлдарды көшіру командасы.
Файлдарды көшіргенде файлдың
бұрынғы атын сақтап (егер
олар басқа каталогқа көшірілетін
Файл атауларында оларды топтап белгілеуге мүмкіндік беретін нұсқа (*және ?) таңбаларды пайдалануға рұқсат етілген, мысалы,
C:\> copy_a:\*.*_c:-A: дискісіндегі барлық файлдарда С: дискісіндегі жұмыс істеп тұрған ағымдағы каталогқа көшіру.
2. REN (RENAME) – файлдардың аттарын өзгерту командасы, параметрлері файлдардың ескі және жаңа аттары, мысалы,
C:\>ren_port.txt- dora.txt – PORT.TXT атты файлда DORA.TXT деген атқа ауыстыру.
3. DEL (DELETE) - ағымдағы немесе көрсетілген каталогтағы файлды немесе файлдар тобын жою командасы.
4. TYPE командасы - мәтінен тұратын файлдың ішкі мәтінін экранға шығару.
C:\>type_program.txt- PROGRAM.TXT файлының мазмұынын экранға шығару.
5. DATE командасы - үстіміздегі (ағымдағы) ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту.
Қайтадан жаңа мерзімді енгізу үшін, пернелермен DATE_MM_DD_YY командаларын теру керек, мұндағы ММ-ай нөмірі (1-12), DD - күн саны (1-31), YY – жылы.
6. TIME командасы - ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдынғыға – date командасына ұқсас.
7. РАТН (жол) командасы керекті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын ала көрсетуге арналған. MSDOS жүйесі қажет болған файлды ағымдағы каталогтан таба алмаса, осы команда параметрлері ретінде келтірілген каталогтарын іздейді. Бұл команда көбінесе компьютер іске қосылғанда бірден автоматты түрде орындалуға тиіс autoexec.bat файлында болады. Ол жиі қолданылатын қызмет жасау файлдары орналасқан каталогтарды көрсетеді, мысалы:

- Операция по освобождению Кавказа
- Операция при пупочной грыже у поросенка
- Операция "Уран" окончательно разрушила планы немецкого командования на успешное завершение кампании 1942 года
- Операції банка з кредитування населення
- Операції банків з кредитування населення
- Операції з інструментами грошового ринку
- Операції з міжнародних торгівельних розрахунків: проблеми та перспективи їх розвитку в Україні
- Операционный рычаг
- Операционный рычаг
- Операционный рычаг
- Операционный финансовый анализ
- Операционный финансовый анализ
- Операция и ведение информационной базы статистики. Понятие и назначение информационной базы
- Операция извлечения квадратного корня на логическом устройстве