Орыс-түрік соғысының шығу себептері және алғашқы орыс-түрік соғыстары
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Орыс-түрік соғысы ең ұзаққа созылған соғыстардың бірі. Ресей қауымы арасында эмоционалды-интеллектуалды талас-тартыстарды туындатқан соғыстың адамзат тарихындағы алар орны ерекше. Өйткені орыс-түрік соғысының аяқталуы халықаралық саяси аренадағы көптеген өзгерістер мен дүниежұзілік соғыстың аяқталуымен айырықшаланды. Орыс-түрік соғысы жөніндегі зерттеулер, мемуарлар, зерттеушілердің пікірлері әр-түрлі өзіндік сипаттарға ие қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнатуында осы соғыстың барысын, нәтижелерін үлгілік тұрғыдан пайдаланудың, соғыс жөнінде зерттеулердің тарихнамалық тұрғыдан саралаудың маңыздылығы зор екендігін ескеруіміз де керек.
Орыс-түрік соғыстары-Ресей мен Осман империясының арасындағы ХVІ-ХХ ғасырлар бойы жүріп жатқан әскери-саяси қақтығыстардың нәтижесі.
Әскери қақтығыстар мен соғыстардың бастапқы себептері Солтүстік Қара теңіз бен Солтүстік Кавказ үшін болса, кейіннен Оңтүстік Кавказ үшін, ХІХ ғасырдың екінші жартысында осман билігінен христиандық әлемді құтқару (себеп), яғни Осман империясының қол астынан християндық діндегі мемлекеттерді Ресей ықпал етуші орбитасына кіргізу (Шығыс мәселесі), ал Бірінші Дүниежүзілік соғыста орыс билеушілерінің көздегені –Константинопольді алу болатын.
Жалпы алғанда орыс-түрік соығыстары 241 жыл аумағын алып жатыр, орташа есеппен орыс-түрік соғысы 19 жылға созылды.
Ресей мен Осман империясының қақтығыстар тарихы Осман империясы 1475 жылы Қырымды жаулап алуынан бастау алды. Алғашқы соғыстың бастаулары ретінде Азов пен Кафедегі орыс саудагерлерін түріктердің қысымға ұшырауынан бастау алды.
Соңынан XVI−XVII ғасырларда орыс-түрік соғыстары ашық, айқын аймақтар үшін талас ретінде көрінісін тапты. Осман империясы әрдайым Қырым хандығыны қолдау көрсетіп отырды. Нәтижесінде Мәскеу қол астындағы Дон казактары Осман империясы қол астына (билігі ықпалында болған) қараған Азов казактары, ноғайлықтарға шабуылдар жасап отырды. 1637 жылы Дон және запарожье казактары Азовты жаулап алып, 1642 жылға дейін қол астында ұстап отырды.
Ең алғашқы әскери қақтығыс 1541 жылға тура келеді. Соғысты қырымдықтар, оның ішінде Сахиба І Гирейдің бастауымен Мәскеуге жылжуынан басталды.
1556 жылы қырым ханы Мәскеуге қарсы шабуыл бастады. Алғашқы шабуылдар жеңіліспен аяқталды.
Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жеңілістер Туркиядағы Осман империясының ыдырауына басты себепкер фактор болды. Осылайша екі ғасырдан асқан орыс-түрік соғысы аяқталды.
Зерттеу пәні - ХҮІІ-ХІХ ғғ Ресей мен Осман империясының қарым-қатынастары.
Зерттеу обьектісі – ХҮІІ-ХІХ ғғ орыс-түрік соғыстарының шығу себептері, барысы, нәтижесі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың аясындағы зерттеулердің ең бастыларына Л.А. Богданович, И.В. Преображенскийдің «Описание русско-турецкой войны 1877 -1878 гг. на Балканском полуострове», әскери тарихшы және генерал-майор К.И. Джужининнің «Орыс армиясының тарихы» атты еңбегі, Богданович Л.А. «Двадцатипятилетие великой освободительной войны. 1877 -1902». М., 1902, Преображенский И.В. За братьев славян. По поводу 25-летия священной войны 1877 - 1878 гг. СПб., 1903; «Описание русско-турецкой войны 1877- 1878 гг. на Балканском полуострове». Т. I. Обстановка перед войной. СПб., 1901.,Дружинин К.И. Русско-Турецкая война 1877 - 1878 гг. // История русской армии. М.-СПб.,2004 еңбектері тарихынамалық негіз бола алады.
В современной российской историографии наблюдается также тенденция всплеска и роста интереса к исследуемой проблеме
Курс жұмысының мақсаты:1918-1945 жылдар аралығындағы Туркия елінің геосаясатына теориялық сипаттама жасау.
Курс жұмысының міндеттері:
-Орыс түрік соғысының бастауларына сипаттама жасау;
-1672-1681 жылдардағы қақтығыстарға тоқталу;
-1686-1700 жылдардағы Азов жорығына сипаттама жасау;
-Орыс-түрік соғысы және «Шығыс мәселесінің» тууы тарихының мәнін ашу;
-1853-1856 жылдардағы Қырым соғысының барысына талдау жасау;
-1877-1878 жылдардағы Орыс-түрік соғысына сипаттама жасау;
-Бірінші дүние жүзілік соғыс және орыс-түрік соғысының аяқталуына тарихи шолу жасау.
Курс жұмысының құрылымы. Осы қойылған міндеттерді қолдан келгенше толығымен ашып көрсету үшін жұмыс құрылымын кіріспе, 2 тарау, қорытынды мен әдебиет тізімімен құруды жөн деп көрдік.
1. Орыс-түрік соғысының шығу себептері және алғашқы орыс-түрік соғыстары
1.1.Орыс түрік соғысының шығу себептері
Түрік сұлтаны Сулейман І 1563 жылы Мәскеуден Астраханьды жаулап алу мақсатында соғысты ұйымдастыра бастады. Қырым ханы түркия султанының Қара теңіздің солтүстік жағалауларын толық жаулап алуынан қорқып, Астраханьды жаулап алуды тоқтата тұруға (немесе мүлдем бұл ойдан бас тартуға) 1568 жылға дейін көндіре алды.
1566 жылы Сулейман І қаза тапты. Оның орнына Селим ІІ таққа отырып, өзінің жаулап алушылық билігін паша Қасымға берді.
Енді бүкіл Орыс-түрік соғыстарының жылнамалық кестесіне назар аударсақ. (Кесте 1)
Кесте 1.Орыс-түрік соғыстарының жылнамалық кестесі
Жылдар |
Атауы |
Ресей үшін нәтиже |
1568-1570 |
Орыс-түрік соғысы |
Жеңіс |
1672-1681 |
Орыс-түрік соғысы |
Жеңіс |
1686-1700 |
Азов соғысы |
Жеңіс |
1710-1711(13) |
Прут соғысы |
Жеңіліс |
1735-1739 |
Орыс-түрік соғысы |
Жеңіс |
1768-1774 |
Орыс-түрік соғысы |
Жеңіс |
1787-1791 |
Орыс-түрік соғысы |
Жеңіс |
1806-1812 |
Орыс-түрік соғысы |
Жеңіс |
1828-1829 |
Орыс-түрік соғысы |
Жеңіс |
1853-1856 |
Қырым соғысы |
Жеңіліс |
1877-1878 |
Орыс-түрік соғысы |
Жеңіс |
1914-1918 |
Кавказ фронты (Бірінші дүниежүзілік соғыс) |
Жеңіс |
Түріктердің Астраханға жорығы-1596 жылы Осман империясының сұлтаны Қасым мен Қырым ханы Дәулет Гирейдің бұрынғы Астрахан хандығы аумағын орыстардан азат ету мақсатында ұйымдастырған әскери іс-әрекеті. Мәскеу патшасы Иван Грозныйдың 1552жылы Қазан қаласын, 1556 ж. Астраханды басып алуы түркі әлемінің бірлігіне сызат түсіріп, келешегіне қатер төндірген уақиға еді. Азиялық және еуропалық түріктер арасындағы көпір іспеттес маңызды стратегиялық нүкте – Астрахан қаласын кері қайтарып алу көзделді.
Ең алдымен Қырым билеушісі Дәулет Гирей хан Грозныйдан Қазан, Астарахан қалаларын қайтаруды талап етті. Сонымен қатар Мәскеуді өртеп жіберетінін мәлімдеді. өйткені бұған дейін де орыс астанасы бірнеше рет қырымдықтардың шапқыншылығына ұшыраған болатын. Ал Осман империясы билеушісі Еділ бойында татар хандығын құрып, түркі әлемін Алтын Орда кезеңіндегідей ықпалды күшке айналдыруды мақсат етті. Міне, сондықтан олар орыстарға қарсы жорыққа ұзақ әрі мұқият дайындалып, Стамбұлдан Қырымға, Азау (Азов) теңізінің маңына зеңбірек, азық-түлік жеткізе бастады.
Қалаға солтүстік-батыс қапталдан шабуылдау үшін шұғыл соғыс кемелерін жасауға кірісті. Түріктер өзен флоты мен әскерін Дон арқылы Еділге жеткізу үшін екі аралыққа канал қазуды жоспарлады. Он мыңдаған күрек, қайла, кетпенмен қаруланған құлдар тобы жасақталды. Түріктердің жорық жоспарын Ноғай Ордасы қолдады, түрік сұлтаны Қасым Қазақ хандығына хат жолдап, әскери көмек беруге үндеді. Бірақ Ақназар хан бұл іс-әрекетке ат салыспай, бейтарап қалды.
1569ж. қару-жарақ, азық-түлік тиеген түрік флоты Азау арқылы Донға шықты, олар құрлықпен шеру тартқан Дәулет Гирей жасақтарымен Переволок түбінде кездесуге тиіс еді. Тамыз айының ортасында екі жақтың әскері (жалпы саны 150 мың адам) канал қазуға кірісті, бірақ күрек, кетпенмен ауыр кеме жүзетін су арнасын қазып шығу оңай орындала қоймайтын іс еді. Кемелердің астына тақтай төсеп, сүйреу әрекеті де тиімді нәтиже бермеді. Осы жорық барысын қадағалап отырған орыстар әскер ішіне іріткі салып бақты. Оның үстіне айналасына ат ойнатып, тұтқиылдан шабуыл жасаумен олжаға кенеліп үйренген қырымдық әскерлерге бір жерде аялдап қалу азап шеккенмен бірдей еді. Мұның бәрі түрік әскерлерінің арасындағы тәртіпсіздікті өршітіп жіберді.
Сонымен, 1569 жылы жазда Қасым пашаның бастауымен 15 мыңға жуық янычарьлар, 2 мыңға жуық сипахтар, бірнеше мыңдаған азаптар мен акынджылардан құралған әскерлер Астраханьды басып алуға жіберілді. Соғыстың басты мақсаты Астраханьды жаулап алумен қатар Волга мен Донды біріктіретін канал құру болды.
Қыркүйек айына таман ескі Астрахан түбіне жетіп, қос тіккен жорықшылар орыстардың берік бекінісіне тап болды. Оқ-дәрі тұтандырып, қанша әрекет етсе де, қала қамалын бұза алмады. Күн суытып, далада қыстауға мәжбүр болған әскерлердің ұнжырғасы түсіп, өзара кикілжің күшейе берді. Ақырында Дәулет Гиреймен келісе алмаған Қасым сұлтан 26 қыркүйекте әскерлеріне Донға шегінуге бұйрық берді. “Жеңілмейтін түрік армиясының” осы сәтсіз жорығы күллі Еуропа мен Азияға жайылып, түріктердің өзі жорық жетекшісін “Бақытсыз Қасым” деп атады.
1570 ж. билік басына келген түрік сұлтаны Селим Астрахан жорығынан бас тартты. Бұл уақиға Қырым ханы Дәулет Гирейдің намысына тиді. 1571 ж. 120 мың әскермен шабуыл жасап, Мәскеуді өртеп жіберді. 1580 ж. ноғайлармен одақтасып, орыс жерін шабуылдаудан тынбады. Сәтсіздікке ұшырағанына қарамастан Туріктердің Астрагаға Жорығы түркі тектес халықтардың бір кездегі туысқандық, ынтымақтастық ниетінің айғағына айналған тарихи уақиға болып қалды. Кеңестік дәуірде жарық көрген әдебиеттер түркі халықтарының тегі мен тарихы бір, тағдыры ортақтығын аңғартатын бұл уақиғаны айналып өтті. Тіпті, Кеңес өкіметі Волга (Еділ)-Дон каналын салу идеясын ортағасырлық түріктерден алғаны беймәлім еді.
Бірақ Н.А.Маркеевичтің «Кішіресей тарихы» атты еңбегіне сәйкес князь Петр Семенович Серебрянскийдің басқаруындағы 15 мың жауынгер канал құрушылар мен Астраханьды жаулап алушыларды қуып жіберді де, жеңіске жетті.
1.2.1672-1681 жылдардағы қақтығыстар
Соғыстың басты себебі-Орыс-поляк қақтығысына Осман империясының араласуы, Осман империясының Украинаның оңтүстік бөлігін басып алып, сол аймаққа үстемдік орнатқысы келуі. Украинаның Оңтүстік бөлігі гетманы Петр Дорошенко 1669 жылы Осман империясының вассалына айналды.
Петр Дорошенконың одақтасуына сүйенген Мехмед ІV 1672 жылы Польшаға соғыс жариялады. Нәтижесінде Подольяны қол астына қаратып жеңіске жетті. Түріктердің жеңіске жетуі Мәскеуде алаңдатушылықты тудыртта, өйткені Мәскеу бидеушілері Түрік сұлтандарының Солтүстік Украинаға ықпал етушілік қаупінен қорқатын. Солайша Ресей билеушілері Осман империясы мен Қырым хандығына соғыс ашты. Патша Алексей Махайловичтің бұйрығы бойынша Дон казактары Дон мен Қырым маңындағы түрік билігінлегі аймақтарға шабуыл жасады.
1673 жылы Дума ақсүйеге И. С. Хитров пен Дон казактарының жасақтары Азов қаласындағы түрік билігіне қарсы шабуылдар жасады. Сондай-ақ сол жылдың өзінде түріктердің шабуыл жасауынан алдын (яғни күтпестен) князь Роондановский мен гетман Иван Самойловичтің басқаруындағы жасақтар Оңтүстік Украйна (жағалауына) түрік вассалы гетман Дорошенкоға қарсы шабуылдар жасады. Нәтижесінде 1676 жылдың қыркүйегінде Чигиринді Осман империясынан қайтарып алып, Дорошенконы тұтқындады.
Дорошенконың орнына түрік сұлтаны Юрий Хмельницчкийді гетман етіп жариялап, Чигиринге жаңа шабуылдар ұйымдастырды. 1677 жылы Чигиринге жасалынған сәтсіз жорықтардың нәтижесінде және Бужин маңындағы шайқастардан жеңіліс тапқан соң түрік әскерлері артқа қайтуға мәжбүр болды.
1678 жылы түрік әскерлері
1.3.1686-1700 жылдардағы Азов жорығы
Aзoв жopықтapы Peceй импepияcының Ocмaн импepияcынa қapcы бaғыттaлaн әcкepи кoмпaния бoлaтын. Пeтp I eл билeу iciнe eндi кeлгeн cәттepiндeгi aлғaшқы әcкepи-coғыc қимыл әpeкeттepi бoлып тaбылaды.
Жopықтapдың бacты ceбeбi-тeңiзгe шығaтын жoлды aлу. Coғыcтың бacты aлғышapттapы:
-Бaлтық тeңiзiнe шығуды өз қoлындa ұcтaп тұpғaн Швeцияғa қapaғaндa Ocмaн импepияcымeн coғыc aшу жeңiл, әpi шeшiлiмдi (қoл жeтepлiк) мәceлe дeп caнaды.
-Aзoвты жaулaп aлу eлдiң oңтүcтiгiндeгi қыpым тaтap шaбуылдapынaн қopғaп қaлуды мaқcaт eттi;
-Peceй өз oдaқтacтapымeн (Aвcтpия, Вeнeция) 1686 жылдaн бacтaп Туpциямeн coғыc жaғдaйындa өмip cүpдi.
Пeтpдiң cыpтқы caяcaтындaғы aлғaшқы қaдaмы Peceйдi тeңiз дepжaвa-cынa aйнaлдыpу бoлды. Oл әуeлi oңтүcтiк бaғыттaн бacтaлды.
Aзoв қaмaлын aлу Peceйдiң oңтүcтiктeгi тeңiз жoлының тұpaқтылығын әлi дe тoлық қaмтaмacыз eтe aлмaйтын eдi. Қapa тeңiз бeн Кepч бұғaзы түpiктepдiң қoлындa бoлaтын. (Сурет 1)
Cуpeт -1. Aзoв жoрықтapының бaғыты
Азов жорығын даярлауда Голицын жоықтарының қателіктері ескерілді де, негізгі соққы 1695 ж. түріктің Азов жорығы жеңіске жеткізе алмады; біріңғай командалық басқару, мықты бекінген қамалдарды қоршау тәжірибесі болмады, артиллерия жетіспеді, ең бастысы, қоршаушыларда Азовты қоршауға алатын, көмекке келе жатқан әскерді, оқ-дәрі, азық-түлікті жеткізуге кедергі жасайтын флот блмады.1695 ж. күзінен бастап жаңа жорыққа әзірлік басталды ең алдымен Москвада, Яуза өзенінде және Воронижде флот құрылысына кірісті. Ірі екі кеме, 23 галера және мыңдаған баржалар мен шағын кемклер жасалып шығарылды. 1695 жылғымен салыстырғанда екі есе көп армия Азовқа келді де, 1696 жылдың 19 июлінде Азов алынды.
1697-1698 жылдардағы «Ұлы елшілік»
Ұлы елшілік-1697-1698 жж. Батыс Европаға орыс диломатиялық миссиясы. Елшіліктің мақсаты Қара Теңіз жағалаулары үшін Осман империясымен күреске байланысты одақты күшейту мен кеңейту, орыс службасына мамандар шақыру, әскери қарулар сатып алу және заказ беруді алға қою. Бұл миссияны ұлы пасолдар – Ф. Лефорт, Ф. Головин, П. Возницын басқарды, ал негізінен оның басында елшілік құрамында лақап атпен Петр Михайлов деген урядник қызметіндегі Петр I өзі болды. Курляндияда Петр I герцог Фридрих Казимирмен келіссөз жүргізді, сосын Кенигсбергке бағыт алды және бранденбургтік кюрфюристпен шешуші одақ құрды. 1697 жылыдың тамызында Ұлы елшілік Голландияға келді. Онда көптеген субсидия алу үшін әрекеттерден соң қару алып мамандарды жалдады. Голландиядан Петр I елшіліктің жартысымен 3 айға Англияға барды. Онда ол ағылшын королі Вильгельм III келліссөз жүргізді, кеме жасау ісімен танысты, верфтарға барды, сонымен қатар артилериялық зауыттарды, мамандар жалдады. 1698 жылдың мамыр айынан бастап Ұлы елшілік Венада бұрынғы антитүркиялық коалиция бойынша одақтастармен келіссөздер жүргізді, бірақ Австрияның Осман империясымен сеператтық бейбіт шарт жасауды тоқтата алмады. Ресейге қайтар жолда Петр I поляк королі Август II кездесіп, келіссөздер жүргізді. Бұл келіссөз Швецияға қарсы болашақ одаққа негіз болды. Ұлы елшілік түпкі мақсатына жете алмады (Ресейге Осман империясымен күрестен бас тартуға тура келді). Ол көмекші міндеттерді – европалықтардан оқу, олардың мамандарының әдісін меңгеруді ғана іске асырды.
Құрамында 250 адамы бар «Ұлы елшілік» 1697 ж. 9 мартта Москвадан шықты. Оның ресми түрде адмирал Ф. Лефорт пен генерал Ф. Головин басқарды, бірақ оның құрамында «Преображенск полкінің уряднигі Петр Михайлов» деген атпен I Петрдің өзі де болды. Одақтастар іздестірумен қатар, Петр өзінің алдына Голландия мен Англиядағы кеме жасау және кеме жүргізу ісін зерттеу міндетін қойды. Елшік Пруссияға, Польшаға, Францияға, Голландияға, Англияға, Австрияға барды. Петр Саардам мен Амстердам верфьтерінде жарты жылдай жұмыс істеді.
1700 жылғы Константинополь шарты
Осман империясымен бітім шартын жасаспай тұрып Швециямен соғысты бастауға болмайтын еді, өйткені екі майданда бірдей соғыс жүргізу қаупі туған болар еді. Ақырында 1700 ж. 13 июьде Константинопольде бітімге қол қойылды, оның шарты бойынша Азов және Азов жағалауының Таганрог салынып жатқан бір бөлігі Россияға кетті. Емельян Украинцев бастаған орыс елшілігінің түрік өкімет органдарының күтпеген жерінен 46-зеңбірек фрегатымен Стамбулда болуы бітім туралы келіс сөздің нәтижелі болуына үлкен жағдай жасады.
Прут жорығы
XII Карл мен Франция арандатқан Осман империясы 1710 жылдың күзінде Россияға соғыс жариялап, Азовты қайтып беруді және Азов теңіздегі орыс флотын жоюды талап етті. 120 мыңдық трік армиясына 50 мың ырым татарлары қосылып, 1711 жылы майда Дунайдан өтіп, Днестірге қарай беттеді. Соғыс қимылдары Россия үшін өте қолайсыз жағдайда өрістеді. Соғыс молдаван, валах, боғар, серб және Черногор халықтарын ұлт-азаттық қозғалысқа көтергенімен орыс армиясы үміт еткен елеулі көмек ала алмады.IIАвгуст уәде еткен поляк әскері де келмеді. Бірқатар генералдар батыл әрекет етпеді және 1Петрдің нұсқауларын орындамады. Россияның ауыр да болса Прут бітім шартына қол қоюына тура келді, онда Осман империясына Азов қайтарып беруі, Азов флотын жою, орыс әскерін Польшадан шығару қаралған еді.
2. Орыс-түрік соғыстарының барысы
мен нәтижелері
2.1.Орыс-түрік соғысы және «Шығыс мәселесінің» тууы
Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Осылай XVIII ғасырда «Шығыс мәселесі» туындады.
«Шығыс мәселесінің» мазмұны ұлы державалардың агрессивті ұмтылыстары мен ғана шектелген жоқ. Осман империясындағы езілген халықтардың ұлттық тәуелсіздігі мен тәуелсіз мемлекет құру үшін күресі оның маңызды құрамдас бөлігі болды.
Езілген халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін Англия мен Франция қолдады. Осман империясының аумағын басып алуға ұмтыла отырып, жылдан жылға әлсіреген империяны тұтастай өздеріне бағындыруға ұмтылды.
Ресей керісінше, езілген халықтардың түрік шапқыншылығының қарсы күресі желеу, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. Осман империясы әсіресе сыртқы саясатта өзінің пәрменділігін жоғалтқан кезде, XVIII ғасырдың екінші жартысында
«Шығыс мәселесі» асқындай түсті. Мұның жарқын көрінісі 1768-1774 жылдары орыс-түрік соғысында Осман империясының жеңілуі болып табыады. Соғыстың аяқталуы туралы жасалған Күшік-Қайнар бітімі (1774 жылы) Ресейге Қара теңіздегі кеме қатынасы мен орыскөпестеріне сауда жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік берді. Қырым Осман империясына тәуелсіз деп жарияланды. Ресей Молдаван және Валахия билеушілерінің үстінен, Түркиядағы православиелік шіркеуге қамқорлық жасауға құқық алды.
II Екатерина «османдық
1738 жылы Қырымның Ресейге қосылуы 1787-1791 жылдары жаңа орыс- түрік соғысының шығуына себеп болды. А. В. Суворов қолбасшылық еткен орыс әскерлері Рокшана, Рымник, Измайлдың түбінде түріктерге күйрете соққы берді.
1806-1812 жылғы кезекті орыс-түрік соғысында Осман империясы үшін сын кезең туды. Оған сылтау Ресейдің сербтер көтерілісін қолдауы болды. 1811 жылдың күзінде М.Кутузов Осман империясының әскерін талқандады. 1812 жылы Бухарест бітімі Осман езгісіндегі Бессарабияны Ресейдің құрамына қосты. Сербияға өзін-өзі басқару мүмкіндігін беруге сұлтан міндеттеме алды.
Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс-түрік соғыстарына байланысты сәтсіздік Осман империясын одан әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.
1806-1812 жылдардағы орыс-түрік
соғысы балқан халықтарының
Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс- түрік соғыстарына байланысты сәтсіздік Осман империясын әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.
Европалық державалардың Түркия үшін күресінің күшеюі.
Осман империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысы Балқан халықтарының ұлт-азаттық күрестерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Наполеонның Ресейге жасаған жорығын пайдаланған Осман империясы сербтерге берілетін автономиялық құқық кепілдігін сақтамай, Бухарест бітімін бұзып, азаттық күресіне қатысушыларды аяусыз жазалады. Бірақ 1815 жылы Сербияда жаңа көтеріліс бұрқ ете түсті . Түрік өкіметі сербтердің ішкі автономиялығын тани отырып , олармен келісімге келуге мәжбүр болды.
1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Оның қарқыны мен күші Осман империясының жоғарғы билеушілерін абыржытты. Түрік сұлтаны II Махмұт "кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс" жариялады. Елдің барлық жерінде гректерді қырып-жою басталды, астанада 10 мыңнан астам гректер өлтірілді, соның ішінде грек патриархы да болды. Алайда мұндай қатыгез шаралар да көтерілісті тоқтата алмады. Гректердің көтерілісін өз күшімен басуға сұлтан II Махмұттың жағдайы келмегендіктен, ол Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. Еуропалық үлгімен құрылған әскерін беруге келіскен Мұхаммед Әли Сербия мен Крит аралдарын өзіне беруді талап етті. 1824 жылы грек көтерілісін басу үшін түріктер Египеттің әскері мен флотын қолданды. Грек көтерілісшілеріне қарағанда қаруы мен әскерінің саны көп Египет әскері 1827 жылы көтерілістің негізгі ошақтарын басты. Грек патриоттарының тәуелсіздік үшін күресі Еуропаның алдыңғы қатарлы жұртшылығының ынтымақтастығын оятты. Грекияға египет-түрік шабуылы-ның ең ауыр кезінде басқа елдерден көптеген еріктілер келді. Дегенмен, Ресей үкіметі мен еуропалық державалар өздерінің сыртқы саясаттағы жоспарын іске асыру үшін грек көтерілісін пайдаланып қалуға тырысты. 1826 жылы желтоқсандықтарды жазалау кезінде жоғалтқан беделін орыс қоғамының алдында қалпына келтіруге ұмтылған I Николай Грекияға толық автономия берілуін талап етті. Ресей Осман империясымен соғысуға ашықтан ашық дайындала бастады.
Ресейдің жеке-дара күрес жүргізуіне Англия жол бергісі келмеді. 1826 жылы ағылшын-орыс хаттамасына қол қойылды, бұған Франция қосылды. Бұл державалар сұлтаннан гректерге бағытталған әскери қимылдарды тоқтатуды және оған автономия берілуін талап етті.
Грек мәселесінде еуропалық державалардың әрқайсысының өзіндік жоспарлары бар екенін жақсы түсінген II Махмұт, олардың өзара қайшылықтарын пайдалануға тырысып, ультиматумды қабылдамады.
1827 жылы Мұхаммед Әлидің әскері көтерілісшілердің соңғы тірегі-Афиныны алды. Қазан айында Навария қойнауында Еуропа елдерінің флоты египет-түрік флотын талқандады. Египет пашасының әскері Грекияны тастап, еліне қайтуға мәжбүр болды.
Навариядағы жеңіс Ресейдің одан әрі шапқыншылық жасауына қолайлы жағдай туғызып, 1828 жылдың көктемінде Ресей Осман империясына соғыс жариялады. 1828-1829 жылғы орыс-түрік соғысында Осман әскері толық жеңілді. 1829 жылы қыркүйек айында Андрианополь бітіміне қол қойылып, ол бойынша грузин және армян облыстары Ресейге қосылды. Осман империясына контрибуция салынды. Шарттың ең маңыздысы-Сербия мен Грекияға автономия берілді.
1830 жылы Грекия тәуелсіз корольдік болып жарияланды. ІІ Махмұт рефор-малары. Грек көтерілісі кезінде нашар қаруланған көтерілісшілерді басуға янычар әскерлерінің шамасы келмеді. Дінбасыларының қолдауына сүйенген II Махмұт 1826 жылы жаңа әскер құруға бұйрық берді. Сұлтанның бұйрығы янычарлар көтерілісін туғызды, бұған 20 мың адам қатысты. Бұл көтерілісті сұлтан ісләмға қарсы көтеріліс деп жариялап, оларды қатаң жазалады. 7 мыңға жуық янычар өлтірілді, қалғандары империяның шеткері аудандарына жер аударылды. Янычар корпусы осылайша жойып жіберілді.
1830-жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылымдар, қаржы, құқық, мәдениет салаларына қайта құру жүргізілді. Тимар (сипак) жүйесінің жойылуы зор маңызға ие болды.
Тимар жойылысымен іле-шала әкімшілік реформасы жүргізілді. Империя-ның бәрі аумақтық белгі бойынша вилайет (губерния) пен санджакқа (уездерге) бөлінді, олардың билеушілерін орталық өкімет тағайындайтын болды. Мемлекеттік аппараттың жаңаруы-нан еуропалық үлгідегі бірқатар министрліктер құрылды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Венада елшіліктер ашылды.
II Махмұт білім беру саласында да бірқатар істер атқарды. Стамбұлда медициналық, әскери және теңіз-инженерлік учили-щелері ашылды.
1831 жылы түрік тілінде біршпгі
мемлекеттік газет шығарыла бастады.
Жастардың бір тобы Еуропаға оқуға жіберілді.
Одан да маңыздырақ реформалар II Махмұт
өлгеннен кейін іске асырылды.
Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Греция және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Осман империясынан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Осман империясы жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балқан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балқан түбегінде Антанта бағыты күшейді.
2.2.1853-1856 жылдардағы Қырым соғысы
Қырым соғысы (1853-1856), Ресей империясы мен Ұлыбритания, Франция, Осман империясы, Сардиния одақтары арасында өткен. ХІХ ғасырдың орта кезінде Ұлыбритания мен Франция Ресейді Таяу Шығыс рыногінен ығыстырып, Осман империясын өз ықпалына бағындырды. Олар Ресейді Қара теңіз жағалауынан шеттетіп, Қырым мен Кавказды иеленуді мақсат етті. Түркия еліндегі кейбір топтар Батыс Еуропа дипломатиясының қолдауына сүйеніп, Қырым мен Кавказды Ресейден тартып алуды көздеді. Солай Таяу Шығысқа ықпалын жүргізуге жанталасқан патшалық Ресей мен оның қарсыластары арасындағы қайшылық шиеленісе түсті. Ресей бүкіл Осман империясын , оның астанасы Стамбулды, Қара теңізі жағалауларын, Босфор мен Дарданелл бұғаздарын, Мәрмәр теңізін өзіне толық қаратуды көздеп, батыстық әріптестерімен қатынасын шиеленістіріп алды. Ресей православие шіркеуі Палестинадағы “қасиетті орындар” үшін 1852 ж. католик шіркеуімен дау-дамайға барды.
Ресейдің “Еуропа жандармы” болуы және Таяу Шығыстағы, Орталық Азиядағы озбырлық саясаты батыс елдерін шошындырып, оларды тойтарыс беруге итермеледі. Ал Ресей патшасы Николай І мен Сыртқы істер министріліг Еуропа мемлекеттерінің жоспары туралы қате пікірде болды. Олар Осман империясынақарсы соғыста Аустрия мен Пруссия тікелей қолдау көрсетпегенімен, де қарсы шықпайды, ал өлыбританияға Осман империясынан Египет пен Крит аралын алып берсек, ол соған қанағаттанады деп ойлады. Франция болса 1848 жылы революциядан әлі есін жинаған жоқ, ал Осман империясын оңай жеңеміз деп тұжырымдады. Сондай-ақ Балқан елдерінің түріктерге қарсы азаттық қозғалысына үміт артты. Бірақ өлыбритания Ресейдің Таяу Шығыс пен Балқандағы ықпалының артуын қаламады, Франция императоры Наполеон ІІІ өз беделін көтеру үшін жеңіспен аяқталатын соғыс іздеп, оны Ресеймен болатын соғыс деп санады. Балқан түбегіндегі елдерге өз ықпалын нығайтуға Австрия да мүдделі болды. Осман империясы да осыны көздеді. Ресей Осман империясына қарсы соғыста жалғыз қалды.
Соғыстың басталуына Ресейдің 1853 ж. ақпанда түрік сұлтанынан православие дініндегілер құқығын арттыруды талап етуі және Молдавия мен Валахияға әскер жіберуі (1853 ж. шілде) түрткі болды. Сұлтан оған көнбей 4 қазанда Ресейге соғыс жариялады. Ұлыбритания, Франция әскери кемелері Дарданелге енгізіліп, Осман империясына қолдау көрсетті.
Соғыс қимылдары Дунай бойында, Армения мен Грузия жерлерінде, Қара теңізде жүрді. Түрік әскерлері сәтсіздікке ұшырады. Түріктердің жеңілісі ағылшындар мен француздардың соғысқа кірісуін тездетті. 1853 ж. желтоқсанда ағылшын-француз флоты Қара теңізге кірді. 1854 ж. 9 ақпанда Ресей Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. 11 наурызда орыс әскерлері Дунайдан өтіп, Солтүстік Добруджаға жиналды.

- Орядок подготовки принятия и введения в действие правовых актов управления, в органах федеральной службой безопасности
- Орядок проведения аудита расчетов с подотчетными лицами в ООО
- ОС Windows 2000 Advanced Server
- ОС Windows XP
- Осада Полтавы
- Осадки Московской области
- Осадочные формации нефтегазоносных бассейнов
- Орфографическая пропедевтика в период обучения грамоте (образовательная модель «Перспектива»)
- Орфография и ее значение при создании документов
- Орфоэпические нормы
- Орфоэпия. Предмет орфоэпии. Орфоэпические нормы и произносительные стандарты
- Орхіт
- Оршанский иезуицкий коллегиум
- Орыс жазушылардың шығармаларын аударуда кездесетін стилистикалық мәселелер