Зейнетақы қоры
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................
І.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қазақстанның инвестициялық нарығындағы
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі
оның функциялары...................
1.2 Қазақстанның инвестициялық нарығындағы
зейнетақы қорларының құрылуы мен экономикада
пайдаланылуы..................
1.3 Инвестиция нарығындағы зейнетақы қорын
реформалаудың шетелдік тәжірибесі....................
ІІ.ҚАЗАҚСТАН ЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Репсубликасының
2.2 Зейнетақы жүйесінің қаржы нарығындағы
ролі мен олардың тиімділігін бағалау.......................
2.3 Қазақстандағы зейнетақы
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ
3.1 Зейнетақы жүйесін жаңғырту
тетіктері мен басымдықтары....
3.2 Зейнетақы қорларының 2030 стратегиялық
бағдарламадағы ерекшеліктері..
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Қосымша
Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы маңызды рөлді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды деп айтуға болады. Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік – экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған зейнетақы мен қамтамасыз ету жүйесі өзінің ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды мәселелерінің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зертеуді қажет ететін жүйе деп санаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан-жақты тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая түседі.
Тақырыптың
өзектілігі: Республикамыздың "Қазақстан- 2030"
бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың
әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсарту, гүлдену,
даму стратегиясында Президентiмiз Н.Назарбаев
атап өткендей, елiмiздiң дамуының басым
бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық
және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады.
Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз
етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының
әлеуметтiк және экономикалық жағдайының
маңызды құрамдас бөлiгi. ЖЗЖ тұрақты түрде
дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық
дамуын жылдамдатуға ықпал етедi. Республиканың
әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым
қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы
жүйесi болып табылады. Сонымен қатар,
әрекет етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне
зерттеулер жүргiзу, оның тереңдеуi, нарықтық
экономикалық жағдайындағы Қазақстан
экономикасына бейiмделуi және оның әрекет
етуiнiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған
пiкiрталастағы және шешiлмеген көптеген
мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi
жөнiнде белгiлi бiр тұжырымдар жасауға
мүмкiндiк бередi.
Атап айтатын болсақ, еңбек етiп болғаннан
кейiнгi кезеңде қалыпты өмiр сүрудi қамтамасыз
етуге зейнеткерлердiң жинақ қорларының
саны емес сапасының жеткiлiксiздiгi, өмiр
сүру ұзақтығының әр-түрлiлiгi, еңбек ақы
теңсiздiгi нәтижесiнде әйелдер мен ерлер
арасындағы зейнетақы мөлшерiндегi теңсiздiктiң
болуы, өндiрiстiк мүгедектiк мәселелерi
және т.б. Қазақстан экономикасының даму
ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм
iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту
мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға бағытталған
кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды.
Қажетті нәтиже алу үшін,экономиканы жеделдету
мақсатында инвестициялар жасау қажет.Ол
үшін ішкі жинақ қорларды шоғырландыру-басты
шарттардың бірі болып табылады. Экономикалық
өсу және дамытудың құпиясы өте қарапайым:
тек қана ұлттық қорларды және инвестицияларды
көбейту қажет. ЖЗҚ әрекет етуі ұзақ мерзімді
инвестициялық процесті білдіреді. Алайда,
қорлар кәсіпорындардың бағалы қағаздарына
инвестиция жасап экономиканы қаржыландыруды
және қаржы құралдарын банк депозиттеріне
орналастыру арқылы, коммерциялық банктердің
ресурстық базасын толықтыруды әзірше
қаржылар тиімді орналастырылды деп айтуға
болмайды. Зейнетақы қорларының инвестициялық
іс-әрекеттерінің нәтижесі, олардың әрекет
етуінің бастапқы кезеңінде, инвестициялық
мүмкіндіктерді жеткіліксіз пайдаланғанын
көрсетеді.Біздің ойымызша, оның басты
себептері: қаржы құралдарының қайтарылуына
мемлекеттік кепілдіктердің болмауы,
қаржы нарығындағы тұрақсыз жағдай. Сондықтан,
зейнетақы активтерін экономиканың нақты
секторындағы шаруашылық салаларын және
зейнетақы саласын дамытудың басты бағыттарын
қаржыландыру мақсатында пайдалану керек
деп есептейміз. Жұмыстың мақсаты Қазақстан
Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз
ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен дамуына
талдау жүргізу барысында оны жетілдіру
мәселелерін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде курстық жұмыстың
алдында мынандай міндеттерді шешу керек:
1) ҚР ЖЗҚ жалпы сипатын суреттеу үшін оның
бірінші – түсінігі мен функцияларын
құрылуы мен экономикада пайдаланылуын
айта кеткенім жөн деп есептеймін.
2) Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы жинақтардың сақталуын қамтамасыз
ету, халықтың сеніміне нарықтық ортада
ие болу, оның қаражаттарын жинақтау бұл
қорлар үшін басты мәселелердің бірі.
3) Еліміздің жинақтаушы зейнетақы қоры
өз сипаты мен ерекшелігіне ие болса, шетел
тәжірибесіндегі осы қорлар қандай сипатқа
ие деген салыстырмалы көзқарас сияқты
мәселелер сөз етіледі.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 Қазақстанның инвестициялық нарығындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері
1.1 Қазақстанның инвестициялық нарығындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі оның функциялары
Зейнетақы– азаматтарға белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады. Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын (еңбекақы түрінде төленуге тиіс табысының 10%-ын) аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинайды. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемл. емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі кезінде әркім өз табысынан міндетті зейнетақы жарнасын аударды. Осы көздің есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдары қалыптасады. Ұстау және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мына мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады: жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар ай сайынғы табыс ақша немесе натуралдық нысандағы табысынан он пайыз мөлшерінде жарна аударады. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселік мөлшерінен аспауы қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары Салық Кодексінің 144 бабының тармақшаларында белгіленген төлемдерден ұсталынбайды. Кейін зейнетақы төлемдері мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы әркімнің жеке зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, қанша адамның жұмыспен қамтылып, ақшасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді.
Салымшылар немесе жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде ерікті зейнетақы жарналарын төлей алады, олардың мөлшері шектелмейді, жарналар бірақ рет немесе дүркін-дүркін ұдайы немесе тұрақсыз, қолма-қол ақшамен немесе аудару жолымен төленеді.
Зейнетақы төлемдері салымшының таңдауы бойынша Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына бағытталады, салымшыға зейнетақы келісім шартының негізінде жеке зейнетақы шоты және жекеше нөмір-әлеуметтік жеке код ашылады.
Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен және жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша отбасына қажет қызметтер жиынының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп шығарылады. Ең төмен тұтыну бюджетінің мөлшері бағалар деңгейінің өзгерімен байланысты мезгіл-мезгіл қайта қаралып тұрады және уәкілетті орган қайта бекітеді.
Әлеуметтік шығыстар зейнетақы төлеудің Мемлекеттің орталығы, қазіргі кезде мемлекеттік бюджетке қамтылған Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік қорлар немесе шаруашылық субьектілерінің тұтыну қорлары арқылы жүзеге асады. Төлемақыларды халықты әлеуметтік қорғау органдары, шаруашылық субьектілері, өндірістік емес сфера ұйымдары жасап жүргізеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік сақтандыруды кәсіподақ комитеттері қадағалап отырады.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде қамтып көрсетіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау санатына қосылатын ұғымдардың айырмашылықтары бар.
Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материлдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне әлеуметтік көмек деп аталатындар бола алады.
Әлеуметтік сақтандыру
өзінің экономикалық табиғаты жағынан
адамның еңбек қызметімен және бұл
қызметтің нәтижесінде
Тұрмысы төмендегілерге әлеуметтік көмек негізінен кедейлік шегінен арғы халықтың көптеген санаттарында таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-қоғамдық мақсатты, жеке меншіктегі негізгі қорлардың есебінен болатын қайыр көрсету сипаты болады және мақсаты кедейлерге қамқор болу.
Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждықтарды қаржыландыруға арналған қаражаттарды қалыптасырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады: сақтық, бюджеттік, қайырымдылық жарналары әдістері.
Сақтық әдіс әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды талап етеді.
Бюджеттік әдіс кезінде
қаражаттар ақша ресурстарының жалпы
мемлекеттік қорынан
Қайырымдылық жарналары
әдісі кезінде қаражаттардың
тіркелген мөлшерлері болмайды, және
арналар бойынша олардың
Әлеуметтік сақтандыру-көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылған кезде әлеуметтік қолдау арқылы іске асырылады.
Зейнетақы-бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Жұртқа мәлім 1998 жылға
дейін зейнетақы
1.2 Қазақстанның инвестициялық нарығындағы зейнетақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы
Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Жаңа ереже ынтымақтастықты жүйеден ақырындап бас тарта отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін құруға жасалды. Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері ерекше шиеленіс жағдайларында болды. Оған себеп бір жағынан нарықтық экономика механизміне өту болса, екінші жағынан - өткен жүз жылдықтың 90 жылдарындағы Қазақстанға тән әлеуметтік-демографиялық фактор болды.
Әрекет еткен ынтымақтастықты
зейнетақы жүйенің шарттарында
инфляцияның жоғарғы өсу
Қазақстан дербес зейнетақы аударымдары негізінде зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне 1998 жылы жоспарлы түрде өткен ТМД территориясындағы бірінші ел. Зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебі арқылы экономикалық өсуді ескеріп, зейнетақымен еңбек салымын лайықтай отырып, қаржылық тұрақты және әділ жүйені оңынан тұрғызу.
Сонымен қатар, жинақташы зейнетақы жүйесі бірқатар мәселелерді шешуге арқау болды: әлеуметтік кернеулікті жеңілдету, зейнетақы төлеу ауыртпалығынан бюджетті ақырындап босату, азаматтарда көп және ашық табыс табу құштарлығының көрінуіне септігін тигізу. Зейнетақы реформасының нәтижесінде болшақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика тағы бір институционалдық инвестор – зейнетақы қорларын алмақ.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі даму белестері:
1997 жыл: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы ұжырымдамасы әзірленіп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы қабылданды. ГНПФ ерекше стратегиялық рөлін мыналарға арнады: ЖЗЖ дамуын ынталандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша тартылуын қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің базасын қалыптастыру, халық тарапынан жаңа зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін және бәсекелес ортаны қалыптастыру. 1998 жыл: Жинақтаушы зейнетақы жүйесін бастау және зейнетақы нарығының инфрақұрылымын құру. 19 қаңтар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихына ГНПФ алғашқы зейнетақы жарнасы түсті.
1998-2002 жылдар: ГНПФ «Жанама қор» жүйесіндегі қызметтерді жүзеге асырды: егер қызметкер басқа зейнетақы қорын таңдамаса және онымен шарт жасамаса міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушімен ГНПФ аударылады.
1999 жыл: ГНПФ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихындағы зейнетақы қорлар арасында зейнетақы активтерін дербес басқаруға алғашқы болып лицензия алды.
2003-2004 жылдар: Зейнетақы төлемдеріне құқық алу сәтінде инфляция деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналар мөлшерінде салымшыларға мемлекеттік кепідік беру.Зейнетақы төлемдерінің кестесі анықталды және сақтандыру ұйымдары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігі құрылды; Жинақтаушы зейнетақы қорларының сыйақы мөлшері және құрылымы өзгерді; Міндетті жинақтаушы жарналарының төлемдері жөніндегі агенттердің жауапкершіктері күшейтілді; Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары енгізілді; Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп қабылданды. 2006 жыл: «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК базасында жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі төлемдерді оңтайландыру мақсатында дара есеп орталығы құрылды. Зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдардың, салымшылардың жинақ ақшаларының атаулы кірістілігін қорғау жөнінде соттан тыс жауапкершілік белгіленді. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы салымшылар мен зейнетақы қорлары арасында зейнетақы жинақ ақшаларын аударуды жүзеге асыру. 2007 жыл: Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 10 жылдығына арналған «Қазақстанның зейнетақы нарығы – жүйелі реформаға 10 жыл» халықаралық конференциясы ГНПФ бастамасы бойынша ұйымдастырылып өткізілді.
Қазақстанда бұрын еңбек немесе әлеуметтік сыйақысын төлейтін тек мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету орын алған болса, нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жаңа жинақтаушы нысанды құру қажеттілігі туды. Оған жұмыс істеулерін жалғастырып жатқан қызметкерлердің аударымдарын, еңбегі сіңген демалыста жүрген адамдардың бұдан бұрынырақ еңбекпен тапқандарын, сондай-ақ халықтың әртүрлі жастағы санаттарына әлеуметтік зейнетақы төлемдерін қоса жазу өте маңызды болды. Мұндай нысандар институционалдық құрылымдар дамудың қаржылық және сервистік институттары болып саналады. Оларға Қазақстанның Даму банкі, Инвестициялық, Ұлттық жаңартпалы қорлар т.б. жатады. Алайда Қазақстанның қаржы өрістерінде зейнетақылық қорлар ерекше орын алады, олар шын мәнінде ең ірі ішкі инвесторлар.
- Зейнетақы қорларының ерекшеліктері сонда, олар зейнетақы активтерін шоғырландыра отырып, іс жүзінде республиканың бүкіл экономикасында белсенді халық болып табылатын өзінің салымшылары алдында белгілі бір көп жылдық міндеттемелерге бағдарланған.
Атап айтқанда сондықтан зейнетақы саласы жай емес өрістерден қалыптасатын, нақты шарттарды анықтау үшін шешімнің көптеген варианттарын және олардың ішінен ең жақсыларын таңдап алуды талап ететін күрделі бір қалыпсыз жүйемен ерекшеленеді. Осы себептен зейнетақы қызметтері нарығының қызмет ету және күрделі жүйелер ретінде берілетін объектілері теориялық зерттеулер қағидаларының жиынтығымен сипатталатын тек жүйелік көзқарас бола алады. Оның сөзсіз пайдасы олар өзара байланысқан элементтер түрінде берілетін жиынтық зейнетақы қарым-қатынастарының таным үдерістерін айтарлықтай ықшамдау.
Зейнетақы жүйесі белгілі бір қасиеттері бар түп негіздері реттелген құрамдас бөліктердің жиынтығы.
Лауазымдық екі саты
зейнетақы жүйесінде көп
Болашақ дербес бола тұра, ішкі қосалқы жүйенің әрқайсысы, сол кезде басқа да қосалқы жүйелермен байланысты. Мұнда тиісінше бір қосалқы жүйенің шығыс ақпараты басқасы үшін кіріс болып табылады. Зейнетақы жинақтаушы жүйесінде мұндай қосалқы жүйе зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, банкілер, Реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі т.б. болып есептеледі, олар да жүйенің өзі сияқты үйлесімсіз, күрделі және бір қалыпсыз болады.
1.3 Инвестиция нарығындағы зейнетақы қорын реформалаудың шетелдік тәжірибесі
Венгрия үкіметі өз азаматтарына шарт қойып отыр: зейнетақы активтерін жеке қорлардан мемлекеттік қорларға аударуды талап етеді және олай істемеген жағдайда мемлекеттік зейнетақыдан айрылатындығын ескертеді. Бұл жайында Bloomberg ақпарат агенттігі хабарлайды. Мақсаты жекеменшік зейнетақы жинақтарының 3 триллион форинтке (14,6 миллиард долларға) жуығын бақылауға алу болып табылатын жаңа зейнетақы саясатын экономика министрі Дьери Матольчи ұсынып отыр.
Жекеменшік қорлардан зейнетақылық қаражаттарын ала отырып, мемлекет сол арқылы бюджет тапшылығының орнын толтырғысы келеді. Қазір Венгрия ЕО-қа кіретін Шығыс Европа елдері арасындағы ең ірі борышкер болып табылады.
2010 жылдың 3 желтоқсанында, түнге қарай, Венгрия үкіметінің өкілі 1998 жылдан бері ел азаматтары жасаған міндетті зейнетақылық жинақтарының іс жүзінде ұлттандырылғандығы туралы хабарлады. Өздерінің зейнетақы активтерін жеке басқаруында қалдырғысы келген азаматтарға мұндай мүмкіндік бермеу үшін басқарушы компаниялар мен зейнетақы қорларына шектеулер енгізілген еді.
1993 жылдың өзінде-ақ
Венгрияда мемлекеттік емес
Ве́нгрия (венг. Magyarország — «Мадьяр елі»; ресми түрде Венгрия Респу́бликасы, венг. MagyarKöztársaság) — Австриямен, Словакиямен, Украинамен, Румыниямен, Сербиямен, Хорватиямен және Словениямен шекаралас жатқан Орталық Европадағы мемлекет. Мемлекет аты халқының этнонимі бойынша қойылған — венгрлер. Мемлекет 1955 жылдан бері БҰҰ мүшесі болып табылады, 1973 жылы ГАТТ-қа қосылған, 1982 жылы ХВҚ мен ҚҚДХБ-на енген, 1991 жылдан бері Европа Кеңесінің мүшесі. 1999 жылдан бастап НАТО мүшесі, 2004 жылдан бері — ЕО мүшесі.
Міндетті зейнетақы жарналарын салуға және салымшылардың шоттарындағы жинақтарының жеке-жеке есепке алынуына, сондай-ақ активтерді инвестициялық басқаруға негізделген Чилидегі жинақтаушы зейнетақылық қоры қолданысқа 1981 жылы енгізілген. Қазіргі уақытта осы елдің қандай да бір деңгейде жинаған тәжірибесін пайдаланып отырған 27 мемлекет өз зейнетақы жүйелерін реформалауда, олардың ішінде европалық және бұрынғы социалисттік елдер де бар.
Көптеген елдер тап болған зейнетақы
жүйесін реформалау қажеттілігіне
негізделген бірнеше
- халықтың қарқынды түрде қартаюы (бала туу деңгейінің төмендеуі және халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы);
- халықтың жұмысқа араласу ауқымындағы, құрылымындағы және сипатындағы өзгерістер (жұмысқа толық емес және биресми түрде араласудың, үйде жұмыс істеудің және өз бетінше жұмыс басты болудың, сондай-ақ жұмыссыздықтың көптеп таралуы).
Аталған себептердің әсерінен жұмыскерлердің саны және зейнетақы алушы зейнеткерлерді толығымен зейнетақылық төлемдерімен дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етуші зейнетақы жүйесінің қаржылық негізі болып табылатын жарналар азаяды. Чилиде өзінің еңбек жолын 1983 жылдың 1 қаңтарынан кейін бастаған тұлғалардың барлығы міндетті түрде жинақтау жүйесіне көшкен. Еңбек жолын көрсетілген күнге дейін бастағандардың барлығы ескі – бөліп таратушы жүйенің де, сондай-ақ жаңа – жинақатушы жүйенің де пайдасына таңдау жасай алды. Реформаның бастапқы кезеңінде жаңа жүйеге көшуге шек қоятын жастық шектеулер қойылған болатын, алайда көп ұзамай жинақтаушы жүйеге көшкісі келетіндердің көбеюі себебінен олар алынып тасталды. Жарналардың төлеушілері жұмыс істеушілердің өздері – салымшылар болып табылады. Ынтымақтас жүйе бойынша өз жарналарын салып үлгерген Чили жұмыскерлеріне мемлекет есебінен ескі жүйе бойынша зейнетақы алу және жаңа жүйеге көшу құқығы ұсынылған. Онымен қоймай, жаңа жүйе көңілінен шықпайтын болса, ескі жүйеге көшу құқығы берілетін болған. Мемлекет жаңа жүйеге көшуге жағдай жасады. Ескі жүйе бойынша жарналарын аударған әрбір тұлғаның салымына, баға берілді. Бөліп таратушы жүйеден жинақтаушы жүйеге ауысқандар бұған дейін төленген жарналардың құнын өтейтін мемлекеттік облигацияларға ие болды. Облигациялар жыл сайын 4%-дық көлемде бекітілген кіріс алуға мүмкіндік береді және жұмыскер зейнетке шыққанда оларды мемлекет сатып алады. Осы кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің салымшылары үшін зейнетақы жарналарының көлемі 19%-дан 10%-ға дейін азайтылған болатын. Мемлекеттік жағдай жасауы өткізіліп отыратын түсіндіру жұмыстарымен бірге үш жылдың ішінде халықтың 95%-ға жуығының жаңа зейнетақы жүйесінің қатысушыларына айналуына алып келді. Чили салымшыларының зейнетақылық жарналарын олардың жұмыс берушілері жинап отырады және оларды таңдалып алынған зейнетақылық қорларына аударады, ол жерлерде қаражаттар салымшының жеке зейнетақылық шотына аударылады. Зейнетақылық қорын таңдауды салымшының шығындарынсыз жылына екі рет іске асыруға болады, үшінші рет қордың аудару қызметі үшін ақы төлеуіне тура келеді. Міндетті жарналарды төлеумен қатар, әрбір салымшы ерікті тәртіпте қосымша өз еңбекақысының 10%-ын салу мүмкіндігіне ие. Міндетті түрде болса да, ерікті түрде болса да төленген жарналарға салық салынбайды.

- Зейнетақы қоры есебі
- Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде
- Зейнетақы реформасы
- Зеленая карта
- «Зеленая революция»: успехи и проблемы
- Зеленоглазка и остроголовый клоп в посевах яровых зерновых культур и система защиты от фитофагов
- Зелёный байховый чай
- Зейін психологиясы
- Зейнетакы
- Зейнетакы реформасы
- Зейнетақы жинақтау жүйесін дамытудың перспективалары
- Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері
- Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері
- Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері