Зейнетақы реформасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.

     Курстық жұмыстың  мақсаты:  ҚР зейнетақы реформасының  даму  жағдайын, мемлекеттік  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  мотивтерін талдау.

     Курстық жұмыстың міндеті:

-ҚР зейнетақы  реформасының  міндеттерін, мазмұнын ашу;

-ҚР  зейнетақы реформасының жағдайын және жетілдіру  жолдарын ашу.

      Курстық жұмыстың өзектілігі: ҚР-ның зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етудегі шеңберінде түпкілікті өзгеріс жасауды қажет етеді. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген, ұрпақтардың ынтымағы принципiне негiзделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесi iс жүзiнде өзiнiң мүмкiндiктерiн тауысты. Зейнетақы қорының қаржы жағдайының дағдарысы түбегейлi өзгерiстердi және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiне шұғыл реформалар жүргiзудi талап етедi.

        Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан –2030”Жолдауында “Барлық қазақстандықтардың гүлденуiнің, қауiпсiздiгiнің және дамуының басым бағыттарының бiрi — халықтың материалдық және әлеуметтiк өмiр сүру деңгейiн жақсарту” деп атап өтті. Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50 елінің қатарына енуі үшін мемлекет халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейi мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының маңызды құраушыларының бірі — Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары әрі қарай қарқынды дамып, зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстанда ең жоғарғы зейнетақы 2012 жылы 56 047 теңгені құрайды. Мемлекеттің базалық зейнетақысы 8 720 теңгені немесе «күнкөріс шегінің» 50 пайызын құрайды, келешекте ол 100 пайызға жетуге тиіс.Әзірге біз Елбасы Жолдауынан оның 2016 жылға қарай күнкөріс шегінің 60 пайызына жететіндігін біле-міз. Бірақ ешқандай құжатта оның қашан 70, 80, 90 және ақырында, 100 пайызға жететіндігі туралы ақпарат жоқ.

       Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кешіктіріліп берілетін зейнетақы жойылып, зейнетақы жүйесі оң нәтижелерге ие болуда. Зейнетақы жарнасы қазіргі кезеңде салымшылардың нақты зейнетақысын көбейтуге және ел экономикасын инвестициялауға бағытталған екі   қызметті атқаруда.

Аталған жетістіктермен қатар, зейнетақы қайта құрулардың әдістемелік есептеулерде жіберген қателіктер де болды. Атап айтқанда, 1998 жылдан бастап қосылған құн салығы, табыс салығы сияқты салықтар қатарына еніп кеткен біріңғай әлеуметтік салықтың (БӘС) енгізілуінде болып отыр.

       Зейнетақымен қамтамасыз етудің бүгінгі күндегі маңызды кемшілігі – жоғары дәрежедегі зейнетақымен қамтудың болмауы. Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Нарыққа сай барынша жоғары болмай отыр және азаматтардың еңбектік салылымы дұрыс ескерілмеген. Бұл ҚР Президентінің жолдауындағы: “Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін” деген ойымен де расталды.

      Қазіргі кезде ірі құрылтайшылары бар ЖЗҚ қызмет етуде. Мұндай қорлардың сәтті қызмет етуі, құрылтайшылардың жағдайына және салымшыларының санына тікелей байланысты. Яғни, қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге, әзірше, тек ірі кәсіпорындардың, банктердің және өндірістік–қаржы топтарының жұмыскерлері ғана сенуіне болады. Зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілеттігі күрт төмендеуімен қатар, мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысу мотивтері де, сақтандыру жарналарын төлеу де төмендеді. Сонымен қатар, келешектегі зейнетақы мөлшері және оны есептеу тәртібі көптеген салымшыларға түсініксіз болып қалуда.

       Бұрын мемлекет зейнетақы төлеудi өз мойнына алса, қазiр әрбiр адам өзiнiң кәрiлiк жағдайын қамтамасыз етуге жеке өзi жауапты әрине, бұл өзгерiстi көпшiлiк қауым салқын қабылдап, бұрын алдап кеткен қаржы пирамидаларымен теңестiрдi. Айта кетерлiк жайт, ақпарат құралдарында зейнетақы жүйесi туралы ақпарат тұрақты жариялануының және осы туралы пiкiр сайыстардың нәтижесiнде, қазiр көпшiлiк бұл жүйеге бiраз сенiмдiлiк танытып, оны өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етуiнiң негiзгi жолы ретiнде қабылдап жатыр. Бұл жүйенiң iс-әрекетiнен барлық адам шет қалмай тындықтан, ол актуальды тақырып болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Зейнетақы  жүйесін  реформалаудың теориялық  негіздері

1.1 Зейнетақы   жүйесінің  дамуы және   оны реформалаудың  алғышарттары мен  ерекшеліктері

          

       Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын (еңбекақы түрінде төленуге тиіс табысының 10%-ын) аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинайды. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.

       Қазақстанда зейнетақы реформасын жүргізген сәттен бастап 14 жыл ғана өтті. Алайда бүгінгі таңда қазақстандықтар зейнетақы жүйесі басқаша болғанын ұмытып та қалды. Кеңес заманы бойы қолданылған және жалпы әділдік қағидаттарына жауап бермеген бұрынғы жүйе КСРО ыдырағаннан кейін бірден өзінің жарамсыздығын көрсетті. Жаңа жүйе 14 жылдың ішінде өзін ақтап шықты және тиімділігін көрсетті. [1]

   Кеңес Одағының ыдырауымен миллиондаған қарт азаматтарға қанағаттандырарлық деңгейде күн көруге мүмкіндік берген зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай жүйесі қирады. Бұрынғы жүйе жоспарлы экономикаға тәуелді еді, ал жоспарлы экономика зейнетақымен қамсыздандыру үшін бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етті және буын ынтымақтастығы қағидаттарына сәйкес құрылған еді.

      Зейнетақы жалақы қоры сомасынан бекітілген пайыз мөлшерінде аударымдар жүргізу есебінен қалыптасты. Зейнетақыны есептеу жалақы мен өтілдің орташаланған көрсеткіштері бойынша жүргізілді. Бұл ретте зейнетақының мөлшері шектеліп, белгілі бір санаттағы жұмыскерлерге және қызметкерлерге белгіленген деңгейден аспады.Осындай социалистік әдіс адамдардың зейнетақыға шыққан уақытқа дейін қаражаттар жинау ниетін шектеді.

      Жалпы басқару жүйесінің құлауымен және ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыспен зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің күйреуі табиғи нәрсе. Бағаларды ырықтандыру, жоғары қарқынды инфляция, өндірістің құлдырауы жұмыс орындарының қысқаруы және өнімдерді өткізу нарығын жоғалтқан кәсіпорындардың жабылуы, төлемдердің дағдарысы, бақылауға алынбайтын көші-қон процестері және басқа да жағдайлар зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің дағдарыстық жағдайын анықтайтын екі негізгі үрдіске алып келді: сақтандыру жарнасын төлеушілер санының азаюына және әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы үміткерлер санының көбеюіне. Сондықтан мынандай сауал туындайды: орасан зор және тиімсіз бақылау аппаратының және әкімшілік-командалық бақылау жүйесіне тән репрессияның қызмет етуін сақтау қажет пе әлде нарықтық қатынастарға негізделген өзін-өзі реттейтін жүйенің тиімді экономикалық механизмін құру қажет пе, атап айтқанда: көптеген елдерде экономикалық өркендеуге жол ашқан кең ауқымды мемлекеттік емес зейнетақы қорларының жүйесін құру.

Ресейліктер он жыл бұрын  мемлекеттік емес зейнетақы қорларын (МЗҚ) құруды қолға алды. 1995 жылдың шілде  айында Қазақстанда алғашқы Қазақстандық ерікті зейнетақы қоры тіркелді.

       Халықты  зейнетақымен  қамсыздандыру  жүйесі  кез-келген  ұйымдастырылған  білім  беру  сияқты  өзгерістерге  ұшырады, өз  салымшыларының  мүддесін  қорғайтын  сұлбаға  түсті. 1991 жылдан  бастап  Қазақстанда  зейнетақымен  қамсыздандыруды  жүргізу  құрылымы  мен  қағидаларын  жаңа  экономикалық  қарым-қатынастарға  сәйкес  келтіре  бастады. Қазақстанда  зейнетақыны  қайта  жалғастырудың  жөнелтілім  нүктесінің  бағдарламасы «1994 жылғы  республикалық бюджетті  нақтылау  туралы» заңды қабылдау  болып есептеледі,  мұнда зейнетақыны қарттығына  байланысты   және  мүгедектігі бойынша, жәрдемақы асыраушысынан айырылған кезде   берілетін және  әлеуметтік  зейнетақылар  деп бөлу  алғаш рет   енгізілді.Сол  кезде  зейнетақы  қоры  Еңбек  және халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігінің  қармағына  өтіп  кетті.Зейнетақымен  қамсыздандырудағы  жүргізілетін  тәртіпке  келтіру  бюджеттен  жүктеменің  бір  бөлігін  алуға, қарттығына  байланысты  зейнетақыны  қалыптастыруға  қаражатты  аудару  жұмыс  берушілер  мен  жұмыс  істеушілердің  өздеріне, жеке  меншік  кәсіпкерлерге  жүктелді.

      Келесі  қадам 1995 жылы  бекітілген  Зейнетақымен  қамсыздандыру тұжырымдамасы болды. Ал 1997 жылы  «Қазақстан Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы» заң  қабылданды.  Келесі  үш жыл – аралас  үлгі  бойынша  жинақтаушы  зейнетақы  жүйесінің, яғни  мемлекеттік – жеке  меншіктің  қалыптасуы  және  жұмыспен  өтеу  кезеңі. Зейнетақылық  активтерді  басқару  бойынша  алғашқы  зейнетақылық  қорлар  мен  компаниялар  пайда  болды.  Енгізілген  жүйенің  мақсаттарымен  мыналар  анықталды: тұрақтылықты  қамтамасыз  ете  отырып,  зейнеткерлердің  тұрмыс  деңгейін  арттыру  және  елдегі  бюджет – қаржы  теңгерімділігін   қамтамасыз  етуге  қатысу. Мемлекеттік  емес  жинақтаушы  зейнетақы  жүйесін  қолдану  әлеуметтік  тұрақтандырғыш  және  қаржы  делдалды  екі  жақты  атқарымымен  көрінеді.

      Мемлекеттік жинақтаушы  зейнетақы қоры – салымшылардың тек міндетті  зейнетақы  жарналар  алымын  жүргізетін  және  алушыларға  Қазақстан  Республикасы Үкіметі  белгіленген  тәртіппен  зейнетақы  төлемдерін  жүзеге  асыратын  үшінші  заңды   тұлға.

     2015  жылға   дейін  еліміздің  жинақтаушы  зейнетақы  қоры  бұрынғыша  және  толыққанды  болып  қала  береді.  Бұл  Мемлекеттік  жинақтаушы  зейнетақы  қоры  сияқты  мұндай  субъектінің  уақытша  қызметімен  түсіндіріледі. Алайда, бұл  институт – МЖЗҚ - өзіндік  ерекшелігі  бар  жинақтаушы  зейнетақы  жүйесінің  толық  құқықты  қатысушысы  болып  есептеледі.

    Зейнетақы   қорлары   әрдайым  келесі  операцияларды  жүргізіп  отырады:

  • Зейнетақымен  қамсыздандыруға  құқығы  бар  адамдармен  зейнетақы  келісімшарттарын  жасасу;
  • Салымшыларға  жеке  зейнетақы  шоттарын  ашу;
  • Түсетін  зейнетақы жарналарын  есептеу;
  • Комиссия  сийақысын  салу;
  • Басқа  қорлардағы  қорланымды  аудару;
  • Қате  аударылған  жарналарды  қайтару;
  • Инвестициялық  табысты  бөлу;
  • Салымшының өтініші  бойынша  зейнетақы  шартына  түзетулер  енгізу, атаулы  деректемелерді  өзгерту, т.б.
  • Зейнетақы  қорланымының  жай-күйі  жөніндегі  ақпаратты  беру;
  • Бір  филиалдан  басқасына  қызмет  көрсетуге  аудару;
  • Зейнетақы  қорланымдарын  оны  алуға  құқығы  бар  адамдарға  төлеу;
  • Қорланымды  өтініш  бойынша  басқа қорға  аудару;

     Қазақстанда  деректердің  бірегей  базасы  қызмет  етеді, онда  келісімшарт  қашан  жасалғаны, жарнаның  сомасы, түрлі  өзгерістер  туралы  ақпараты  бар  барлық  салымшылардың  зейнетақы  шоттары  ескеріледі.

     Зейнетақы  қорлары  өздері  қаражатқа  билік  жасамайды, олар  кастидион – банкте  сақтауда  болады.  Оларға  зейнетақы  жарналары  мен  активтерін  инвестициялауға  рұқсат  берілмеген, бұл  атқарымдар  зейнетақы  активтерін  басқаратын  ұйымдарға  берілген. Бұл  аспектінің  маңыздылығын ескере  отырып, зейнетақы қорлары салымшыларының  ақша  қаражат  айналымы  сұлбасы көрсетіледі. [1]

    Зейнетақы  активтерінің  қозғалу  жүйесіне  жинақтаушы  зейнетақы  қорларының  салымшылары, Зейнетақы  төлемдері  жөніндегі  мемлекеттік  орталық, жинақтаушы  зейнетақы  қорлары, зейнетақы  активтеріне  инвестициялық  басқаруды  жүзеге  асыратын  ұйымдар, кастадион – банкілер  жатады. Жүйенің  барлық  элементтері  «Қазақстан Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  заңның  баптары  мен ҚР Үкіметінің  қаулыларына   сәйкес  құрылған. Олардың атқарымдары нақты көрсетілген.

   Қордың  зейнетақы  активтерінің  қозғалысына  кастадион – банкілер   қатысады, олардың  тікелей  міндеттері  құнды  қағаздар  мен  ЖЗҚ  салымшыларының  ақшалай  қаражаттарын  сақтаудан, зейнетақы  активтерімен  операциялар  жүргізуге  бақылау  жасаудан  тұрады. Зейнетақы  активтерінің   сақталуы  үшін  банк  зейнетақы  қоры  алдында  жауапкершілікті  банк  өзінің  меншікті  капиталымен  кепілдік  береді. Кастадион – банк  жинақтаушы  қорлар  активтернің  орналасуына бақылауды  жүзеге  асырады  және  олар  заңдарға  сәйкес  келмеген  жағдайда  зейнетақы  активтеріне  инвестициялық  басқаруды  іске  асыратын  ұйымның  тапсырмасын  оқшаулауға  міндетті. 

     Бұл ережеге  сүйене  отырып, жинақтаушы  зейнетақы  қоры  тек   бір  кастадион – банкпен  байланыста   болады, ал  сол  кезде  мұндай  шектеу  кастадион – банктерге  жүрмейді.  Олар  бір  немесе  бірнеше  ЖЗҚ – мен  жұмыс  істеуге  құқылы.

     Өтпелі  кезеңде  «Қазақстан  Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  заңы  бойынша  зейнетақымен  қамсыздандырудың  үш  деңгейінің  құқықтық  қарым-қатынастары  реттеледі:

    Біріншісі - әлеуметтік  зейнетақы, мемлекеттік  немесе  жергілікті  бюджеттен  төленеді  және  үкімет   бекіткен ең  төменгі  күн  көріс  деңгейіне  кепілдік  береді. Ол  белгілі  бір  себептермен  еңбек  өтілі  жоқ  мүгедектерге, жетімдерге, қартайған  азаматтарға  беріледі.

  Екіншісі – ынтымақты зейнетақы, еңбек өтілінің  ұзақтығы  мен  жалақы  мөлшері  ескеріліп  тағайындалады. Ол  заңды  және  жеке  тұлғалардың міндетті  зейнетақы  жарналарын  есебінен, сондай – ақ  елдің мемлекеттік бюджетінен  тікелей қаржы бөлуімен  қаржыланады.

  Заңды  тұлғалар  үшін  міндетті  зейнетақылық  аударымдар  еңбекақыны  төлеу  қорының  10%  мөлшерінде, ал  кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын  жеке  тұлғаларға  айлық табыстың  5%  мөлшерінде  анықталды.  Үкімет  бекіткен  ұйымдар мен қоғамдардың тізбесінен, мысалы, Ерікті  мүгедектер  қоғамы  немесе  Қазақ  зағиптар  қоғамы, еңбекақы  төлеу  қорынан  3%   аударады.

     Ынтымақты  зейнетақы  қоры  Қазақстанда  зейнеткерлер  қатарына  шыққан  ұрпақтар  мен  1998 жылдың  1 қаңтарына  жұмыс  өтілі  6 айдан  кем   болмағандар  кездескенге  дейін  қызмет етеді.

Үшінші  деңгей – азаматтардың  міндетті  және  ерікті  зейнетақы  жарналарынан  қалыптасатын  мемлекеттік  емес  зейнетақы. Ол  адамның  бүкіл  белсенді  еңбек  қызметі  бойынша  қорланады  және  ЖЗҚ – да  шоғырланады.

 Қазақстанның  зейнетақы  жүйесі  бірқатар  қағидаларға  сүйенеді. Оның  бірі – қорланымның  қайтарымдылығы. Жеке  азаматтың, қоғамның  әл –ауқатын  көтеруге  бағытталған. Бұл  қағиданың  нәтижесі  қазіргі  еңбек  істеп  жүрген  ұрпақтың  зейнетақы  алған  кезінде  білінеді.

   Елде  халқымыздың өмір  сүру  ұзақтығына қатысты үрдіс - оң. Әлі жалпы дүниежүзілік  деңгейге  қол жеткізілмесе  де, бұл жинақтаушы  зейнетақы жүйесінің қызметі үшін  артықшылық  болып есептеледі. (2 кесте). Еркектердің арасында ең  ұзақ  өмір  сүру  Жапонияда (76,9 жыл)  және  Канадада  (76,2), әйелдердің  арасында Жапонияда (83), Францияда (82,1), Канадада (81,9). Зейнетақыдағы еркектердің ең  ұзақ  өмір  сүруі Францияда (14,4) және  Италияда (14,2), әйелдерде -  Италияда  (25,3)  және  Швецарияда  (19,9). [1]

      Жинақтаушы  зейнетақы  қорларына  міндетті  жарналар  аударылуының  толықтығы  мен  уақыттылығын  салық  органдары  бақылайды. Жарнамалар  сомасын  аударуды  кешіктіргшен  жағдайда  әрбір  кешіктірген  күн  үшін ҚР Ұлттық  банкі  белгілеген 1,2  есе қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесі  мөлшерінде  өсімақы  есептелеіп  өндіріп  алуға  жатады.

     Зейнетақы  жүйесінің  маңызды  қағидасы  - еңбек  еткеннен  кейінгі  өмірге  жеткілікті  соманы  жинақтай  алмаған  оның  қатысушыыларына  мемлекеттік  кепілдікті  сақтау. Бұл  санатқа  жұмысы  төмен  төленетін  адамдар және де жоғарыда  айтылған  әйелдер  жатады.

Зейнетақы  қорларына  қатысушылардың  жеке   есебі, сондай – ақ қызметкерлердің  зейнетақы  жарналарын  жүргізудегі  мүдделігін  күшейте  түсуге  мүмкіндік  береді. Дербестендірілген  есептің  міндеті – зейнетақының  дәл  тағайындалуын  сақтау  және  зейнетақы  жарналарын  толық  және  уақтылы  енгізілуіне  бақылауды  күшейту.

     Жинақтаушы  зейнетақы  жүйесі  халықтың  басқа да жинақ  ақшасын  тартуы  тиіс. Әйтсе де салымдардың  орташа  мөлшерлері  әлі  шамалы, олардың  серпіні  жинақ  ақшаның  бұл  нысанына  халықтың  қызығушылығы өсе  түскенін  көрсетеді. Жинақ ақша  артуының  жаңа   нысандыры  оларды  жинақтаушы  зейнетақы  жүйесінің  өрісінде  пайдаланудан  көрінеді.

      Халықтың  еңбек табыстары барлық  ақшалай табыстарының (жалдау  мен дербес  жұмыпен қамтудан, меншіктен, сатудан табыстар;әлеуметтік  трансферттер  мен басқа түсімдер) 4/3ке  жуық  шамасын құрайды . Осы тұрғанда  ақша  шығыстарының  негізгі үлесі – 86%-ды  құрайтын  тұтынушылар шығысы  (яғни  тамақ азық-түліктерін , азық – түлікке жатпайтындарды  сатып алу). Сонымен бірге, олардың 50%-дан астамы  азық – түлік тауарларын  сатып алуға  кетеді.

 Зейнетақы  жүйесі  ерікті  қосымша  салымдар  үшін  де, тартымды  болу  үшін де  қызмет  етуге  тиіс. Халықтың  ақшасын  жинап   алу  жеткіліксіз, зейнетақы  активтеріне  инвестициялық  басқаруды  жүзеге  асыратын  зейнетақы  қорлары  мен ұйымдарының міндеті  - оларды  салымшылардың  пайдасына  көбейту.

      Қазақстандағы жинақтаушы  зейнетақы  жүйесінің  эволюция  үдерісінде  дамуының  әрбір  кезеңінде  өзіне  тән  проблемалар  туындайды. Бастапқысында   олар  ұйымдық  сипатта  болды.Жұмыс  істейтін  адамдардың  барлығы  да  олардың  жалақысының  бір  бөлігі  қайда, қандай  қорға  жіберілетінін,қандай  қорды  таңдап  алу  керектігін  білмеді. Мұндай  жағдайда  халықтың  көпшілігі  Мемлекеттік  жинақтаушы  зейнетақы  қорының, яғни «үнемдеу  жөніндегі»  қордың, мемлекетке  көбірек  сенетіндігі  себебінен  салымшылары  болды.  Дегенмен  зейнетақы  активтерінің  жалпы  көлеміндегі мемлекеттік емес  зейнетақы қорларының  үлесі бірте бірте арта  түсті.

  Атап  айтқанда,бұрыннан, ең  жоғарғы  табыстылық  Мемлекеттік  жинақтаушы  зейнетақы  қорларында  байқалды.Сөйтіп, зейнетақы  қорларының  теріс  табыстылығына  жүйелік  себептер, (инфляциия, ақшаның  құнсыздануы, теңге  бағамының  көтерілуі, құралдар  тапшылығы) әсер  етті.

      Қазақстанда  1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа зейнетақы жүйесi жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстей бастады. Жаңа зейнетақы жүйесiне көшудiң себебiне жауап берсек, ең алдымен, бұрынғы яғни “ынтымақтастық” жүйенiң механизмiн зерттейiк. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақылар кәсiпорындардың өз қызметкерлерiне, жұмысшыларына төлеген зейнетақы жарнасы есебiнен төлендi. Бұл жүйеге келесi факторлар әсер етедi:

  • түу көрсеткiшi;
  • жұмыс iстеушiлер мен зейнеткерлер санының арақатынасы;
  • өмiр сұру ұзақтығы.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн экономикалық байланыстар үзiлiп, экономикалық дағдарыс басталды да жұмыссыздық күрт өстi, яғни жұмыс iстейтiндер саны азайып, зейнеткерлiк демалысқа шығуға құқысы бар адамдар өстi және еңбек ресурсының көбеюiне әсер ететiн туу көрсеткiшi де тым төмендеп кеттi. Бұл жұмыс iстейтiндер мен зейнеткерлер санының арақатынасына керi әсер еттi. Қазiргi кезде 1 зейнеткерлерге 1,7 жұмыс iстеушi келедi. “Ынтымақтастық” жүйесiнде зейнетақы үздiксiз берiлiп тұруы үшiн 1 зейнеткерге бiрнеше жұмысшы сәйкес келуi қажет және жарна уақытында бюджетке аударылуы тиiс.  Ол жарналардың үзiлiсiне және оның аз мөлшерде түсуiне әкелiп зейнетақы қоры iс жүзiнде банкротқа ұшырады. Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң кризиске ұшырауының негiзгi себептерi:

а) халықтың қартаюы, туудың төмендеуi, жұмыссыздықтың көбеюi, жұмыс iстеушiлер мен зейнеткерлер арасындағы қатынастың төмендеуi. Бұл көрсеткiш  қазiр 1 ге 1,7 болып табылып, әлiде төмендей түсуде.

б) бюджеттiк емес қорларға аударылуы тиiс мiндеттi жарналардың жоғары болуы (жиынтық көлемi 32%-ке дейiн жететiн) және төлем байланыстарының жоқ болуы уақтылы төлемеуге, төлеуден жалтаруға, бюджеттiк емес қорларға беретiн есепте минимальды табысты көрсетуге, тiптi салық органдарында тiркелуден қашып, бiрақ та белсендi түрде жұмыс iстеуiне әкелiп соқтырды. Осыдан келiп мемлекеттiк зейнетақы қорына барлық кәсiпорындардың қарызы 35-40 миллиард теңгенi құрады. Төлемдердiң аз түсуiне байланысты декларацияда көрсетiлген табысқа, салықты көбейту қажеттiлiгi туындап, ол өз кезегiнде әлi де болса уақтылы төлеп жүрген кәсiпорындардың салықтан  жалтаруына итермеледi.

в) зейнетақы жарналарын жеке тiркемеудiң жоқ болуы әркiмнiң  өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етудегi ынтасын жойды.

г) бюджеттiк емес қорлар қаражатының жұмсалуын дұрыс қадағалау.

е) барлық облыстардың жергiлiктi түсiмдерден  зейнетақы төлеу мүмкiндiгi бiрдей емес. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк жақтан қорғау Министрлiгi түсiмдердi қайта бөлу механизмiн  жасады. Ай сайынғы жиналған жарналардың 30%-тi республикалық шотқа түседi. Министрлiк бұл шотта жиналған қаражатты тапшылық бар облыстар арасында бөлiстiредi. Облыс бойынша зейнетақы көлемiнiң әр түрлi болуы әдiлеттiкке жатпайды, және көп түсiм түсетiн облыстың жарналарды жинауға көп ынта көрсетпейдi, себебi артығы басқа облыстарға бөлiну үшiн кетедi.

ж) орталықсыздандыру әкiмшiлiк жұмыстардың  қайталануына әкелдi. Аумақтық тұрғыда  операцияларды министрлiктiң бөлiмшелерi жүргiзедi, ал екiншi жағынан барлық аумақтық бөлiмшелер әкiмге бағынады.

     Мiне бiз жоғарыда көрсетiлген себептердiң нәтижесiнде ҚР-да зейнетақы жүйесiнiң нелiктен дағдарысқа ұшырағанын бiлдiк. Осымен ҚР жаңа жинақтаушы жүйеге көштi.

 

 

 

 

1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері немесе  әлемдік тәжірибе

 

           Зейнетақы - «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы», жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.

Зейнетақы дегеніміз:

  • ай сайын аударып отыратын жай ғана 10% емес;
  • ай сайынғы жарналарыңыз және зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижесінде алған инвестициялық кіріс.

Жинақтау мерзімі неғұрлым ұзақ болған сайын, жалпы жинақтар сомасындағы инвестициялық кірістің үлесі де соғұрлым үлкен болады.

Зейнетақы қоры дегеніміз:

  • 1998 жылға дейін еңбек өтілі 6 айдан аспайтын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің жалғыз көзі.
  • зейнетақы жинақтарыңызды инфляциядан қорғай отырып, көбейтуге көмектесетін жалғыз қаржы институты;
  • зейнетақы жинақтарыңыздың сақталуын қамтамасыз ететін жалғыз қаржы институты.

        Жинақтаушы зейнетақы қор — бұл Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

       Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады. Олар мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бөлінеді.

      Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры заңды тұлғаны білдіреді. Оның құрылтайшысы — мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндетті зейнетақы жарнасын алады және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлейді. Сонымен бірге зейнетақы активтерін қалыптастырьш, оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайды.

     Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары – бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендететін, мемлекеттің өз міндетін орындаудағы шығындарды азайтатын, қаржы нарығында тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға «арзан ақшаны» тартатын әлеуметтік - экономикалық институт.

     Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры — салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын алуды әрі зейнеткерлердің зейнетақысын төлеуді, сондай - ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру және оларды инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын занды тұлға. Ол міндетгт қорларға қарағанда ерікті зейнетақы жарнасын да тарта алады. Ерікті зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісімшартында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеді. Зейнетақы активтері жинақтаушы зейнетақы қорлардан зейнетақының төленуін қамтамасыз етеді әрі жүзеге асырады. Қор зейнетақы активтерін инвестициялау арқылы инвестициялық табысқа қол жеткізеді.

       Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерінен өзге ашық және корпорациялық зейнетақы қорларын бөліп көрсетуге болады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Резидент болып табылатын заңды және жеке тұлғалар да, резидент емес заңды және жеке тұлғалар да оның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.

     Қазақстан Республикасының резидент емес қатысушысы бар ашық ЖЗҚ — бұл 25% - дан да көп дауыс берушінің акциялары төмендегілердің меншік иесінде немесе басқаруында болатын зейнетақы қоры:

  • Қазақстан Республикасының резиденті еместер;
  • 50% - дан да көп акциясы Қазақстан Республикасының резидент еместердің меншігінде немесе басқаруында болатын ҚР резидентінің занды тұлғасы;
  • ҚР резиденті еместерінің, бағалы қағаздарына атаулы ие болып табылатын ҚР резиденттері.

      Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы – қызметкерлері үшін құрылады.

      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі кезінде немесе оған құрылтайшы болған кезеңде бірде бір тұлғаның дауыс құқығы бар акцияның жалпы санында 25% - дан артық акцияны тікелей немесе жанама иеленуге, өкім жүргізуге немесе басқаруға құқығы болмайды.

      Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларында мұндай щектеулер жоқ. Алайда зейнетақы жинағының нақты кұны кеміген жағдайда соңғы акционерлердің, жауапкершілігі үлкен болады, әрі инвестициялық табыс ысырабының орнын толтырады.

      Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Бұл принциптер елді дамытудың, оның ішінде халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарын айқындаушы болып табылады. Сонымен қатар оның дамуы алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелердің басты жетістіктерін алу арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстанның тәуелсіздік  жылдары жүргізген реформаларының нәтижесі, негізгі мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылатын әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін құру болды. 
Тұтастай алғанда, Қазақстандағы жаңадан құрылған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі халықаралық стандарттарға, нарықтық экономика талаптарына және әлеуметтік бағдарланған мемлекет параметрлеріне сәйкес келеді. Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесінің ерекшелігі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік көмектің бірігуі болып табылады. 
Қазақстандағы басты ұлттық идея болып отырған - халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену - Мемлекет басшысының идеясын жүзеге асыра отырып, экономикалық өсу мен азаматтардың өмір сүру сапасы мен стандарттары тұрақтылығының арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге аса мән берген жөн. 
Мемлекет өзінің азаматтарына жалпыға бірдей қолжетімділікті және маңызды әлеуметтік игіліктерді қамтамасыз етуге арналған төменгі әлеуметтік стандарттарға кепілдік береді. 
  - Біріншіден, бұл адам денсаулығын сақтауға және оның өмір сүруін қамтамасыз етуге қажетті төменгі тұтыну себетінің құны негізінде айқындалатын төменгі күнкөріс деңгейі. 
2006 жылдан бастап ол ең төменгі жалақы мөлшері, базалық зейнетақы төлемдері және мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар айқындалатын базалық әлеуметтік стандарт ретінде айқындалған. 
  - Екіншіден, төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде белгіленетін ең төменгі жалақы мөлшері. 
Ауыспалы кезеңдегі қаржылық-экономикалық мүмкіндіктерге сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері 1997 жылдан 2003 жыл аралығында төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен төмен белгіленді. Тек 2004 жылдан бастап қана ол төменгі күнкөріс деңгейінен арта бастады, ал 2012 жылдан бастап 17 439 теңгені құрады. 
  - Үшіншіден, ынтымақты зейнетақы жүйесінде жұмыс өтілі талап етілетін азаматтар үшін белгіленген зейнеттік жастағы барлық азаматтар үшін тағайындалатын базалық зейнетақы төлемі және зейнетақы төлемінің төменгі мөлшері.Осыған байланысты зейнетақы төлемінің төменгі мөлшері 1995 жылғы 258 теңгеден (базалық зейнетақы төлемі ескеріле отырып) 2011 жылы 24 047 теңгеге арттырылды және сәйкесінше жылдың төменгі күнкөріс деңгейінен 1,5 есе артты. 
   -Төртіншіден, әлеуметтік қатер туған жағдайда азаматтарға төленетін мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар. 
Алғашқыда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің еселілігімен, ал 2006 жылдан бастап оларды нақты өмір сүру құнына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін - төменгі күнкөріс деңгейінен айқындалды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 1999 жылдан бастап 2011 жылға дейін 5,1 есеге артты. 
Әлеуметтік қамсыздандырудың конституциялық кепілдіктерін жүзеге асыруда ерекше орынды зейнетақы жүйесі алады. 1998 жылы зейнетақы жүйесін реформалау басталды және Қазақстан ТМД елдері кеңістігінде жеке жинақтау принципіне негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйесіне бірінші болып енді. 
2012 жылдың 1 қаңтарына жинақтаушы зейнетақы жүйесі елімізде 8,2 млн адамның жинақтаушы шоттарының болуымен сипатталады. Қазірде еліміздегі зейнеттік қызметтер нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) жұмыс жасауда. Олардың қызметінің барлық кезеңінде 2,8 трлн теңге зейнетақы жинағы шоғырланған, есептелген инвестициялық табыс 703 млрд теңгені құрап отыр. 
2005 жылдан бастап шектелген ынтымақтастық принципіне негізделген әлеуметтік қатер туған жағдайда жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Бұл принциптің қызметі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) әлеуметтік аударымдар төлеу барлық жұмыс істейтін халықтың табысынан жүргізіледі. Бұл ретте әлеуметтік төлемдерді алушылар әлеуметтік қатер жағдайы туған жұмыс істейтін халық болып табылады. 
       Жалдамалы жұмыскерлерді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру ХIХ ғасырдың соңында Германияда пайда болды. Қаттығы жөніндегі және мүгедектігі бойынша зейнетақы мен қамсыздандыру мәселелерімен арнайы сақтандыру органдары айналысты. Зейнетақымен қамсыздандырудың бұл түрінің қоры сақтандырылған адамдар мен кәсіпкерлердің тең үлесте төлеген жарналары есебінен қалыптасты.

Зейнетақы реформасы