Зейнетақы қоры есебі

 Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

                                   Еуразия Академиясы

                                   Еуразия институты

 

 

 

                                                                                                                                              Экономика және Қаржы

мамандығы бойынша деканат

 

 

 

 

      Курстық жұмыс

                         Экономикалық теория және негіздері пәні

Тақырыбы: Зейнетақы қоры есебі

 

 

 

 

Орындаған: 2517. студенті Баймуханова С.Т.

Тексерген: аға-оқытушы Ислямов Р.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Орал – 2010 жыл

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе...........................................................................................................3

 

1-тарау. Зейнетақы қорларының есебі

        1.1. Зейнетақы  қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы  түсінік.........................

        1.2. Қазақстан  Республикасында зейнетақы қорыларының 

               құрылу және   қызмет ету  тәртібі...........................................

 

2-тарау. Зенетақы нарығы 

       2.1.Қазақстан зейнетақы  нарығының қалыптасуы мен дамуы..........

       2.2. Қазақстан  зейнатақы нарығының құрылымы..............................

       2.3  Қазақстан зейнетақы нарығының  ағымдағы жағдайы.............

       2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары..........................................           

 

Қорытынды.................................................................................................

 

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы зейнетақы қоры туралы болып  табылады. Менің бұл тақырыпты  таңдау себебім, қазіргі кезде зейнетақы  сұрақтары және сол сияқты мәселелер  көп қозғалып келеді. Негізінен зейнетақы қорлардың өкілдері бұл мәселені шешу жолы ретінде келесідей ұсыныс берген – зейнетақы активтерін өндіріске, бизнеске, рейтингі жоғары емес компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсауына мемлекет тарапынан рұқсат сұрап отыр. Барлық мемлекеттердің негізгі туындайтын мәселесі осы зейнетақы жүргізу бағыттарына байланысты болып келеді. Бір жағынан, өз азаматтарын әлеуметтік қорғау үкіметтің міндеті болып табылады. Екінші жағынан, нарықтық экономика үлгісін қабылдаған мемлекеттің шығыстары барынша үнемді пайдалануы қажет, ал мемлекеттік шығыстарды ақшаны эмиссиялау арқылы қаржыландыру экономиканың тұрақсыздығына әкелетінін түсінеміз. Әрине, зейнетақы жүйесінің шешілмеген жақтары да бар. Біздің мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік, өндірістік жағдайды ескере отырып, зейнетақы жүйесінің қосымша жаңа бағыттарын таңдауға ұмтылуы қажет. 

Қазіргі таңда зейнетақы 25 пайызға, ал келесі жылда 30 пайызға  өсіретінін білеміз. Және де осы зейнетақы  жасына жетпей, әсіресе ер адамдар  уақытынан бұрын көз жұмып зейнетақы жасына жетпейтіні анық. Менім ойымша, сондықтан ер адамның зейнетке шығу жасын кеміту керек. Зейнеткерлерге ешқандай жеңілдіктер берілмей жатыр, көп балалы аналарға да, тіпті электр қуатына, газ және су арнасын төлеуге жеңілдіктер берілмей жатыр. Осы тақырыпты қозғау мен үшін өте тиімді және маңызды  мәселе деп есептеймін. Жазғалы отырған курстық жұмысымда зейнетақы қоры, зейнетақы нарығы туралы және басқа елдерде қандай зейнетақы сұрақтарын шешу мәселесін зерттейтінін және қандай зейнетақы жүйелеріне тоқталатынын ашып жаздым.

 

 

1-тарау. Зейнетақы  қорларының есебі

1.1. Зейнетақы қорлары  мен ЗАИБЖҰ туралы түсінік

Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының нәтижесінде өз активтерін халыктың қаражат есебінен қалыптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес оның нақты жұмысына, ең бастысы — зейнетақы жинағыньң сақталатындығына кепілдік береді.

1999 жылдың басында ҚР Үкіметінің қаулысымен міндетті зейнетақы жарнасын төлеудің тәртібі өзгерді. Алайда бұл арада аударудың тетігі өзгеріссіз қалды. Міндетті зейнетақы жарнасы бұрынғыша жұмыс берушінің есебінен емес, жұмысшының табысынан 10% мөлшерінде ұсталады. Мінe, осы тәртіпті заңдастыру арқылы ғана зейнетақы жинағының меншікті құқығын бекітуге болатын еді. Оның үстіне әрбір келесімшарт бойынша салымшыньң есеп кітапшасы ресімделеді. Тағы  біp кепілдікке мынау жатады: жұмыс беруші қызметкердің келесімінсіз зейнетақы келісімшартын бұза алмайды.

Жинақтаушы зейнетақы қор — бұл ҚР заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Жинақтаушы зейнетақы  қорлары салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады. Олар мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына (МЖЗҚ және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына (МЕЖЗҚ) бөлінеді.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры заңды тұлғаны білдіреді. Оның құрылтайшысы — мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндетін зейнетақы жарнасын алады және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлейда. Сонымен бipгe зейнетақы активтерін қалыптастырып, оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктін, депозиттеріне, халықаралық, қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайды.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры — салымшылардың міндетті және epікті зейнетақы жарналарын алуды әpi зейнеткерлердің зейнетақысын төлеуді, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру және оларды иивестициялау бойынша қызметтерін жүзеге асыратын заңды тұлға. Ол міндетті қорларға қарағанда epiкті зейнетақы жарнасын да тарта алады. Eріктi зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісімшартында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеді. Зейнетақы активтері ЖЗҚ-дан зейнетақьның төленуін қамтамасыз етеді әpi жүзеге асырады. Қор зейнетақы активтерін инвестициялау арқылы инвестициялық табысқа қол жеткізеді.

Жоғарыда  аталған ЖЗҚ түрлерінен өзге ашық ЖЗҚ мен корпорациялық ЖЗҚ-ны бөліп көpceтyгe болады.

Ашық ЖЗҚ салымшының зейнетақы жарнасын оның жұмыс орнына және тұрғылықты жеріне қарамастан қабылдай береді. Резидент болып табылатын заңды және жеке тұлғалар да, резидент емес заңды және жеке тұлғалар да оның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. ҚР резидент емес қатысушысы бар ашық ЖЗҚ — бұл 25%-дан да көп дауыс берушінің акциялары төмендегілердің меншік иесінде немесе басқаруында болатын зейнетақы қоры:

-   ҚP резиденті еместер;

- 50%-дан да көп акциясы ҚР резидент еместердің меншігінде немесе басқаруында болатын ҚР резидентінің заңды тұлғасы;

- ҚР резиденті еместерінің бағалы қағаздарына атаулы ие болып табылатын ҚР резиденттері.

Корпоративтік осы қордың акционері және құрылтайшысы ретінде алға шығатын ҚP бip немесе бірнеше заңды тұлғасының алушы-жұмыскерлері үшін құрылады.

Ашық ЖЗҚ қызметі кезінде немесе оған құрылтайшы болған кезеңде бірде бip тұлганың дауыс құқығы бар акцияның жалпы санында 25%-дан артық акцияны тікелей немесе жанама иеленуге, өкім жүргізуге немесе басқаруға құқығы болмайды. Корпоративтік ЖЗҚ-да мұндай шектеулер жоқ. Алайда зейнетақы жинағының нақты құны кеміген жағдайда соңғы акционерлердің жауапкершілігі үлкен болады, әрі инвестициялық табыс ысырабының, орнын толтырады.

Зейнетақы активтерін алғашқыда ЗАБК (зейнетақы активтерін басқару компаниясы) ғана орналастыра алады. ЖЗҚ жарна түсімін кастодиан-банктің шотына орналастырады, ал ЗАБК үш күннің ішінде оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыруға міндетті. Бip ЖЗҚ тек бip ғана ЗАБК-мен келісімшартқа отыра алады, ал Компания өз кезегінде бірнеше ЖЗҚ-ға қызмет көрсете алады. Бүгінгі таңда оның атауы өзгерген: ЗАИБЖҰ - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым. Жинақтаушы зейнетақы қорларына инвестицялық портфельді қалыптастыру барысында активтерді дербес орналастыруына рұқсат етілген.

ЗАИБЖҰ қаржы нарығының кәсіби қатысушысы, заңды тұлғасы болып табылады және АҚ формасында құрылады. Оның кызметін ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі aгенттігі лицензиялайды. Агенттік Компанияның қызметін мынадай шарттармен лицензиялайды: жарғылық капиталдың мөлшері бойынша белгіленген талаптар мен нормативтердің орындалуы, 3 санаты біліктілік куәлігі бар мамандардың штатта болуы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын қызметте реттемелейтін ішкі құжаттардың болуы.

ЗАИБЖҰ өз қызметінде зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін қалыптастырады, зейнетақы активтерін ұдайы бағалап, зейнетақы жинағын зейнеткерлердің зейнетақы төлемдеріне бағыттап отырады. Ол өзінің қызметі туралы зейнетақы қорларына және ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне ұдайы есеп беріп отырады, сондай-ақ өзінің атқарған жұмыстары туралы ақпаратты жариялайды.

Алайда ЗАИБЖҰ қызметінде белгілі бip шектеулер бар. Ішінара мыналарға тыйым салынған:

-       акциядан басқа бағалы қағаздарды  шығаруға;

- банктерден өзіндік капиталдың мөлшерінен артық мөл- 
        шерде 3 ай мерзімнен көп мерзімге қаражат тартуға;

- үлестес  тұрғыдан бағалы қағаздарды тартуға  және олар- 
        мен басқа мөлшелерін орындауға;

-      қарызды кез-келген тәсілмен беруге;

- зейнетақы активтерінің құрамына кіретін бағалы қағаз- 
        дарды кері сатып алу шартымен сатуға;

- ЖЗҚ-ға тиесілі  емес бағалы қағаздарды сату  бойынша 
        келімшартты және эмиссиялық емес бағалы қағаздарды 
        сатып алу жөніндегі келісімшартты бекітуге;

- тапсырма мен кепілдік беруге, мәмілелерді зейнетақы 
        активтерін кепілге салып орындауға;

- инвестициялық зейнетақы активтері бойынша 
        табыстың уәдесін және кепілдігін қамтитын ақпаратты 
        жариялауға;

- бағалы қағаздар  мен қаржылық құралдардың саудасынан 
         өзге материалдық өндіріс пен сауда саласында қызметті 
         жүзеге асыруға.

 

1.2. Қазақстан  Республикасында зейнетақы қорларының құрылу және қызмет ету тәртібі

Қазақстандық  жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қызметін ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі берген лицензияның негізінде жүзеге асырады. Бұл лицензияда зейнетақы қорларының тек мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге маманданатынына, мәселен саудамен немесе өндіріспен айналыспай-тынына кепілдік беріледі.

Жинақтаушы  зейнетақы қорлар лицензия алу үшін Агенттікке өз мамандарының біліктілігі туралы аттестаттың және олардың қаржы институттарында кем дегенде 2 жыл жұмыс icтегенін айғақтайтын құжаттың нотариалдық тұрғыдан расталған көшірмелерін береді.

Жинақтаушы  зейнетақы қорлары АҚ формасында құрылады. ЖЗҚ-ның жарғылық капиталы акциямен қалыптасады және ақша қаражатпен ғана төленуі тиіс. Мұнда акцияның төлемі үшін заңды тұлганың қаражаты оның өзіндік капиталы немесе таза табысының шегінде пайдаланылады. Лицензияны алу туралы өтініш берілетін сәтте жарғылық капитал толық төленіп бітуі тиіс.

ҚР резидентті болып табылатын заңды және жеке тұлғалар ЖЗҚ-ның құрылтайшылары және акционерлері болуы мүмкін. Ал рейтингтік агенттіктердің бірінде нақты рейтингісі бар ҚР резиденті болып табылмайтын заңды тұлғалар ашық ЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорындар ЖЗҚ-ның құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

Қордың өзіндік  капиталы құрылтайшылардың (акционерлердің) жарғылық капиталындағы салым ақшасының есебінен, комиссиялық сыйақыдан, сонымен бipгe өзіндік капиталды орналастырудан түскен өзге табыстан және негізгі қызметті орындаумен байланысты қызмет көрсетуден түскен табыстан қалыптасады. Бұл капитал басқа ұйымдарды құруға, міндеттемені, кепілдікті қамтамасыз ету ретінде уақытша қаржылық көмек көрсетуге пайдаланылмауы керек.

Комиссиялық сьйақының шекті шамасы ҚР Үкіметі бекіткен мыналардың шегінде белгіленеді:

-инвестициялық  табыстың 15%-ы шегінде;

-айына зейнетақы активтерінің 0,05%-ы шегінде.

Ол жылына бip мәртеден артық өзгертілмейді және күнтізбелік жылдың басына дейін ең аз дегенде бip ай бұрын жариялануы керек.

Зейнетақы қорларының қызметі мынадай принциптерге негізделеді:

-қорды жеке  басқарады және салымшылар қорды өз 
қалауынша тандаудың мүмкіндігіне ие;

-қарапайымдылық, сенімділік және айқындық;

-мемлекеттік  өкілетті органдардың тарапынан  қатаң рет- 
теледі әpi қадағаланады;

-операциялық  тиімділік;

-салымшыға  оның зейнетақы жинағының мөлшері  туралы 
акпаратты береді.

ЖЗҚ өз қызметінде зейнетақы жарнасын жинай алады, өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алады және зейнетақы келісімшартының шарттарына сәйкес басқадай құқықтарды жүзеге асырады, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен келісімшартқа отырады. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорлары мыналарға міндетті;

-зейнеткерлердің  зейнетақысын төлеуге;

-зейнетақы жинағы мен төлемдердің есебін дербес 
жүргізуге;

-салымшы мен  зейнеткерге (алушыға) оның зейнетақы 
жинағының жағдайы туралы ақпаратты жылына бip мәрте 
және олардың сұрау салуы бойынша беруге;

-алушының зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпараттың құпия болуын қамтамасыз етуге;

-зейнетақы  заңдары мен  зейнетақы келісімшартында 
қарастырылған шарттардың бұрмалануына жауап береді;

-алушының өтініші бойынша оның зейнетақы жинағын 
бip қордан екіншісіне аударуға;

-бір, үш, бес,  он күнтізбелік жылдарында стандартты 
уақыт кезеңі ішіндегі өз қызметі туралы статистикалық 
және басқа да ақпараттарды жариялауға, бұл арада жинақ- 
таушы зейнетақы қорындағы салым ақша бойынша 
табыстың уәдесін немесе кепілдігін қамтамасыз ететін 
ақпарат жарияланбайды;

-зейнетақы  келісімшартына отырған азаматтардың  бәріне 
бірдей жағдай жасауға;

-ҚР заңдарына сәйкес  өзге де міндеттерді орындауға. 
Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларына өзінің негізгі қызметімен қатар басқа қызмет түрлерін қоса атқаруға тыйым салынған.

Тыйым салынған қызмет түрлері:

-өндіріс;

-бағалы қағаздарды  және басқа да қаржылық құралдарды 
қоспағанда жылжитын және жылжымайтын мүліктің 
сауда-саттығы;

-сақтандыру;

-зейнетақы  активтерін кепілзат салу;

-акциядан  басқа бағалы қағаздарды шығару;

-қордың «алтын  акциясын» шығару.

Олар жыл  сайын аудит өткізіп тұруға және зейнетақы резерв мөлшерінің ағымдағы міндеттеме құнына сәйкестігін анықтауға заң тұрғысынан міндетті. Мұндай міндеттеме барлық қорларға жайсыз тиюі мүмкін. Өйткені бұл нақты ұйымдастырушылық және материалдық шығындарды қажет етеді. Алайда бұл зейнетақы жинақтаушы қорлары мемлекеттік емес зейнетақыны да төлейтін болғандықтан аса өзекті болып табылады.

Билікті актуарийдің  жұмысы қордың сенімділігін арттырады, ceбeбi ол қабылданған міндеттеменің сипатын, демографиялық сипаттаманы, инвестициялық саясаттың ерекшеліктерін қоса ескере отырып, оның жұмысының нәтижелері мен келешегін нақты бағалауға, сонымен бipгe тапшылықтың болу мүмкіндігін ескертіп, қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Мынаны айта кету керек: «Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамтамасыз ету туралы»  Заң зейнетақы активтері сақталатын кастодиан-банктерінде қолданылмайды. Кастодиан-банкті мәжбүрлеп жоюдың тәртібін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актіге 1995 жылдыц 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» зандық күші бар ҚР Президентінің  Жарлығы жатады.

Нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы  қорлары мен қаржы нарығының басқа субъектілерінің арасында тиісті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруда, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, баламалы заңдары және бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарын сақтауда динамикалық өзара әрекет белгіленеді. Халықтың ұзақ мерзімді жинақ ақшасын білдіретін зейнетақы жинағы қаржы нарығының дамуына өз әсерін тигізетін негізгі фактордың біpi ретінде қызмет етеді. Екінші жағынан, мемлекеттік және корпорациялық бағалы қағаздар нарығы осы зейнетақы жинағын инвестициялайтын негізгі сала болып табылады, әрі салым ақшасын салыстырмалы түрде ұзақ мерзімге және белгілі бip мөлшерде салу шартымен қарттықты қамсыздандыратын жеткілікті табыспен қамтамасыз етеді.

ЖЗҚ кайта  құрылатын жағдайда бұл туралы өтініш ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне жіберіледі. Оған мынадай құжаттар тіркелуі керек:

-жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру жөніндегі 
акционерлердің жалпы жиналыста қабылдаған шешімі;

      -жинақтаушы зейнетақы қорын қайта  құрудың ұйғарылған 
шарттары, формалары, тәртібі және мерзімі көрсетілген құжат;

-оны қайта құрудан кейінгі зейнетақы жинақтаушы қорының есеп айырысу балансын және осы қайта ұйым- 
дастырудың нәтижесінде жұмыс істейтін заңды тұлға- 
ларды қоса алғанда қайта құру салдарының қаржылық 
болжауы.

Жинақтаушы  зейнетақы қорын қайта құру жөніндегі  өтініш ұсынған күннен бастап бip айдың ішінде қарастырылуы керек. Қайта құрылатын қор қайта құруға рұксат алған күннен бастап екі аптаның ішінде өзнің барлық салымшыларына алда болатын өзгерістер туралы жазбаша хабарлауы керек және бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті хабарландыруды жариялауы қажет.

ҚР Қаржы  нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі ұйғарылған қайта құрудың нәтижесінде салымшылар мен алушыларға қатысты монополияға қарсы заң талаптарының бұрмалануы, жалпы акционерлер жиналысының тиісті шешімінің болмауы негізінде зейнетақы жинақтайтын қордың қайта құрылуына рұқсат бepмeyi мүмкін.

ЖЗҚ epіктi түрде және мәжбүрлеп  таратылуы мүмкін. Мәжбүрлеп тарату мынадай жағдайларда орын алады:

-Агенттіктің рұқсаты болған жағдайда жалпы акционерлер 
жиналысынын шешімі бойынша;

-ҚР заң актілерінде қарастырылған жағдайдағы сот шешімі бойынша.

ЖЗҚ-ны eрікті түрде тарату жөніндегі өтініш ұсынылған күннен бастап бip айдың ішінде қарастырылады. Таратылған қор бұл турасында (өзінің таратылғандығы жайлы) салымшылары мен алушыларына он күннің ішінде хабарлауға міндетті. Сонғылары (салымшылар мен алушылар) таратушы комиссия белгілеген мерзімде басқа қорды өз қалауынша таңдай алады.

Жинактаушы  зейнетақы қорлары өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құруы мүмкін. Бүгінгі таңда республикада 150-ден аса филиалдар мен өкілдіктер жұмыс істейді. Мәселен, «Қазақмыс» ЖЗҚ мен «Филипп Морис Қазақстан» ЖЗҚ, сондай-ақ салыстырмалы түрде жас әрі шағын «Капитал» ЖЗҚ, Қонаев атындағы МЕЖЗҚ-ны айтуға болады. Осылардың ішінде «Валют-Транзит қорының» 34 филиалы мен өкілдігі бар. Олардың көпшілігі республикалық маңызы жоғары қалалар мен облыс орталықтарында орналасқан.

Қазақстандағы осы зейнетақы қорларының географиялық бөлінуіне келсек, олардың пропорционалды түрде орналасқанын айта кету керек. 16 ЖЗҚ-ның 12-сі Алматы қаласында. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл қорларға шамамен 300 млрд теңге зейнетақы активтері шоғырланған. Бұл көрсеткіш нарықтың 91%-ынан көбін құрайды. Алайда зейнетақы жинағының барлық сомасын тек алматылықтар құрап отыр деп түсінуге болмайды: Қазақстанның барлық аймақтары мен қалаларының түрғындары да осы аталмыш ЖЗҚ салымшыларының қатарына кіреді, Қарағанды қаласы мен облысында «Валют-Транзит қоры» ЖЗҚ, Ақтөбе қаласында «НефтеГазДем» ЖЗҚ, ал Алматы облысында — «Филипп Морис Қазақстан» ЖЗҚ-сы бар.

Алматы қаласына зейнетақы  қорларының мұншама көп шоғырлануын оның елдегі бірден-бір қаржы орталығынын болуымен ғана байланыстырып түсіндіру жеткіліксіз — бүкіл техникалық инфрақұрылымды (орталық депозитарий, қор биржасы), ЖЗҚ-ға қызмет көрсететін қаржы нарығының көптеген субъектілерін (кастодиандар, брокерлік компаниялар және т.б.) тек осы мегогюлистен ғана табуға болады. Мұндай ахуал Алматы қаласының келешекте халықаралық аймақтық қаржы орталығына айналатынына кепілдік береді.

 

 

 

 

2 тарау. Зейнетақы нарығы.

2.1. Қазақстан зейнетақы  нарығының қалыптасуы мен дамуы

Қазақстан зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты обьективті қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі өткір сезілді. Оны жүргізудің негізгі қағидасына мыналар кіреді: ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасымен зейнетақыны дербес жинақтау қағидасына өту және 1980 жылдардың басында басталған чилийлік ең озық үлгінің негізінде мемлекеттік зейнетақы жүйесінен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу.

Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың тұжырымдамасын» мақұлдады және 1997 жылдың 20 маусымында ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды.

Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дағдарысқа ұшыратқан негізгі себептер мыналар:

  1. Халықтың қартаюы, туудың азаюы, жұмыссыздықтың арту нәтижесінде зейнетақы жасындағылар мен жұмыс істеу- 
    шілердің арасындағы арақатынастың кемуі.
  2. Бюджеттен тыс қорларға аударылатын міндетті ауда- 
    рымдар мөлшерінің жоғары болуына (жиынтық шамасы 32%- 
    ға жетті) және төлемдермен байланыстың болмауынан төлеуден 
    бас тартуға, бюджеттен тыс қорларға ұсынылатын есеп берулерде 
    табысты азайтып көрсетуге, белсенді жарғылық қызметін тоқтат- 
    паса да салық органдарына тіркелуден қашу секілді әрекеттердің тұрақты сипат алуына әкеп соқтырды. Зейнетақы қорларына түсетін түсімдердің аз болуы — өз кезегінде төлемдердің азаюына жэне аз да болса төлеп тұратын төлеушілерді салықты мүлдем төлсмеуге итермелеген табыстың мағлүмдалған бөлігінен өндіріліп алынатьт салықтың өсуін тудырады.
  3. Зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебінің бол- 
    мауы қарттықты қамтамасыздандырудағы жеке жауапкершілік 
    пен мүдделікті жойды.
  4. Шаруашылықты   дербес   жүргізушілерге   бақылаудың 
    мүлдем болмауы. Мәселен, 1996 жылдың бірінші жартысында 
    кәсіпорындар жарнасының сомасы 34,7 млрд теңгені құрады, ал 
    шаруашылықты дербес жүргізулерден түскен жарна — 2,4 млрд 
    теңге ғана.
  5. Бюджеттен тыс қорлар қаражатының қалай пайдалана- 
    тыны бақыланбады.
  6. Облыстардың   жергілікті   түсімдердің   зейнетақыны 
    төлеу бойынша мүмкіндіктері бірдей емес. ҚР Еңбек және 
    халықты   әлеуметтік   қорғау   министрлігі  түсімдерді   қайта 
    бөлудің механизмін жасады. Ай сайын жиналған 30% жарна 
    республикалық шотқа бағытталып отырды. Министірлік бұл 
    түсімді тапшылығы бар облыстарға бөліп береді. Облыстар 
    бойынша зейнетақы төлемдеріндегі айырмашылық әділетсіздік 
    болып табылады, бұл халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың 
    ұлттық ынтымақтастығына салқынын тигізеді. Оның үстіне бұл 
    тиімсіз. Табысы жоғары облыстар барлық жарнаны жинауға 
    аса ынталы болмайды, өйткені олар - сақтап қойған 70% 
    түсімдерінен өздерінің зейнеткерлеріне төлеуге мүмкіндіктері 
    болса,  онда олар зейнеткерлерге төлейтін сомасынан асатын 
    түсімдердің  көп  бөлігінен  немесе  барлығынан  айырылып 
    қалады. Қазақстан зейнеткерлер мен салымшылардың қайда 
    өмір сүретініне қарамастан оларға бірдей қызмет көрсетілетін 
    зейнетақы мен түсімдердің нақты ұлттық жүйесіне көшуі 
    керек.

7. Басқарудың екі жақты әкімшілік құрылымына өкілетін 
жергілікті  жерлердегі үкіметтің орталықсыздандырылуы  бір жағынан аймақтық деңгейдегі операциялар министрліктің бөлімшелерімен жүзеге асырылады, екінші жағынан — барлық аймақтық ұйымдар әкімдерге бағынады.

8. Зейнеткерлерге уақтылы төленбеген зейнетақы төлемдері оңдаған миллиард теңгеге жетті.

Зейнетақы реформасын жүзеге асырудың нәтижесінде зейнетақыға кететін шығындардың үлес салмағы кеміп, әлеуметтік сақтандыру бюджетінде қаржылық ресурстардың жинақталуын қамтамасыз ететін табыс өсті.

Бұл ресурстарды мемлекеттік тұрғыдан қор жинақталуын зейнетақы сызбаларын нақты әрекетке енгізу үшін пайдалануға болады. Зейнетақы шығындарының үлес салмағының кемуіне нақты зейнетақы жасын ұзарту, сондай-ақ әлеуметтік сақтандырылған тұлғалардын үлес салмағын арттыру өз әсерін тигізуі керек. Бұл арада зейнетақы реформасы әлеуметтік сақтанды-рудын жүйесіне белсенді қосылуға, өз табыстарын толық ашып көрсетуге және өзінің еңбек ететін жылдарын ұзартуға халықты ынталандыруы қажет.

Оның жүзеге асырылуы мемлекеттің макроэкономикалық жағдайына жағымды әсерін тигізеді деп болжанған болатын, мемлекеттік тұрғыдан қорландырылған зейнетақы мен жеке зейнетақы қорларының енгізілуі Қазақстанның капитал нарығын дамытуға ықпалын тигізетін ауқымды да, ұзақ мерзімді қаржылық капиталдың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге арналған әлеуметтік сақтандырудың мөлшерлемесін кеміту және осы жүйеге кіруге мүдделік танытушылардың көбеюі көлеңкелі экономиканың үлес салмағын азайтады.

Бұл себептер мемлекеттің зейнетақы жүйесін реформалауға әкеп соқтырады. Онда халықаралық ұйымдардың сарапшылары мынадай қағидаларды, атап айтқанда табанды, тұрақты болуды, ең аз шамадағы әкімшілік құнмен әрекет етуді және т.б. ұсынды. Ал зейнетақы бәріне бірдей әділ төленуі керек. Бұл арада зейнетақы реформасын жүзеге асыруда Қазақстан азаматтарының санасын өзгертудің маңызы зор.

 

Жаңа реформаға сәйкес зейнетақы жасы ұзартылды: ерлер — 63 жас, әйелдер — 58 жас. Зейнетақы жасының ұзартылуы бір мезгілде емес, біртіндеп жүзеге асырылады:

1998 жылдың 1 каңтарынан  бастап, ерлер — 61 жасында, әйелдер — 55 жасында;

  1. жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер — 61,5 жасында, 
    әйелдер — 56,5 жасында;
  2. жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер — 62 жасында, 
    әйелдер — 57 жасында;
  3. жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер — 62.5 жасында, 
    әйелдер — 57,5 жасында;
  4. жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер — 63 жасында, 
    әйелдер — 58 жасында зейнетақыға шыға алатын болды.
Зейнетақы қоры есебі