Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіншіліктер мен ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Бірақ экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету саяси тұрақтылықты, мықты және мақсатты реформаларды қажет етеді.
Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. 1998 жылы Қазақстан ТМД аймағындағы зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған алғашқы ел болғаны белгілі. Қазіргі күні Қазақстанда “ынтымақтастық” (қазіргі зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарында 6 айдан кем емес еңбек жолын өткен адамдарға арналған) және “жинақтаушы” (1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларына өз еңбекақысынан 10% міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастаған адамдарға арналған) зейнетақы жүйелері қызмет етеді.
Қазақстанда демографиялық
жағдайдың өзгеруіне
Шетел мамандары мен алыс-жақын шет мемлекеттері Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аса назар аударып отыр. Батыс сарапшыларының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген зейнетақы реформасын өткізудегі әлемдік төжірибені қорытындылаған зерттеулерінде Қазақстанның бұл бағыттағы қызметі жоғары бағаланған. Егер Қазақстандағы реформа оңтайлы нәтиже берсе, Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстан зейнетақы жүйесін реформалауға ниет білдірген.
Реформа басталғалы бес
жыл ішінде бұл жүйе айтарлықтай
жақсы нәтижелерге қол
Қазақстанның әлемдік
қауымдастыққа кіріп, халықаралық
стандарттарға көшуіне
ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ХАЛЫҚТЫ
1.1. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің мәні мен маңыздылығы
Зейнетақы - бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған қорға зейнетақы жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі. Зейнетақыны зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында дұрыс өмір сүруінің кепілдік полюсы деп атауға да болады. Сондықтан әрбір азамат зейнетақы жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне, оған ай сайынғы жарналарының уақытында төленілуіне өздері мүдделі. Зейнетақыға әсер етуші негізгі екі факторды ерекше бөліп қарастыруға болады, осы екі фактор елдің қандай зейнетақы жүйесін таңдау керек екендігіне көп әсер етеді, олар:
- Экономикалық - экономиканың даму деңгейі, жұмысшылар мен жұмыссыздар ара қатынасы, жаңа жұмыс орынының пайда болу жылдамдығы көрсеткіштеріне көп көңіл бөлу керек.
- Демографиялық - халықтың өсу карқыны, болашақ жұмысшылар мен бүгінгі жұмысшылардың сандық қатынастарына көңіл бөлінеді.
Әр бір мемлекетте халықты әлеуметтік қамсыздандыру программалары бар. Олар әртүрлі институттарды қолданады, әртүрлі инструменттер, тәсілдер мен әдістерді пайдаланады. Бірақ, осы шаралардың барлығы бір ғана мақсатқа бағытталған - халықты әлеуметтік қорғау, осы программаның маңызды бөлігі болып табылады. Әсіресе бір экономикалық жүйеден екінші экономикалық жүйеге өту кезеңінде зейнетақы жүйесін тиімді, әрі дүрыс қызметі мемлекет экономикасының тығырыққа тірелмей, экономикалық дағдарыстан кейін экономиканы тез оңалдыруға көп жағдай жасайды. Егер экономикалық дағдарыс ұзақ уақытқа созылса, халық қатты күйзеліске ұшырайды. Осыны болдырмау әрбір мемлекеттің ең басты мақсаты. Бұл зейнетақы жүйесінің қажеттілігінің бір жағын ғана көрсетеді. Зейнетақы жүйесінің басты мәні халықты әлеуметтік қорғау, қоғамның басты байлығы - адамның өмірін жеңілдетіп, игілігі мен ынтымақтастығына жұмыс жасау.
Қазіргі кездегі әлемдік практикада өртүрлі мемлекеттерде олардың экономикалық жағдайына, демографиялық барысына, тарихи алғы шарттарын және басқа да факторларына сүйеніп, қолданылатын зейнетақымен қамтамасыздандырудың көптеген жүйелері бар. Осындай жүйелердің бірі өткен ғасырдың соңында Бисмарк енгізген "ынтымақтастық" жүйесі, бұл жүйе тек бұрынғы КСРО мен Орта және Шығыс Еуропа елдерінде ғана емес, сонымен қатар жоғарғы дамыған елдерде де пайдаланылады.
"Ынтымақтастық"
жүйесі мынадай принципке
"Ынтымақтастық" жүйесі еңбек стажына және бір мезгілдегі пайда мөлшерін есепке алып, ал жұмысшының барлық еңбек жолында жинаған пайда мөлшерін санамай, экономика дамуына әр зеинеткердің қосқан үлесін ескермейді. Бұл жағдай зейнеткерлердің еңбек стажы бірдей болса да, олардың барлық зейнетақысы бір деңгейде болмайтындығын көрсетеді. Алайда бір жұмысшы өзінің кәсібімен бүкіл еңбек жолында экономикаға елеулі үлес қосса, келесі жұмысшы тек зейнетақы белгілеу жылдарында ғана үлкен табыс табады. "Ынтымақтастық" зейнетақы жүйесінде зейнетақы тағайындау үшін жұмысшының экономикаға келтірген пайдасына берген бағасы ішінара қажетін таба алмайды. Бұл жүйе, сонымен қатар, ұлттық пайданың көлемін елеулі түрде азайтуы мүмкін, экономикалық дағдарыстарға себеп болады, өйткені жұмысшылардың еңбекақысынан бөлінетін қордың көлемінің азаюы зейнетақының уақтылы төленбеуіне өкеліп тірейді, содан соң еңбекақыдан бөлінетін қордың мөлшерінің өсуі көлеңкелі экономиканың өріс алуына әсерін тигізеді.
«Жинақтаушы зейнетақы»
жүйесінде жұмысшы өзі
1) Алдын-ала төленетін жарналар жүйесі: бұл жүйедегі жеке жұмысшының зейнетақысы өзінің еңбекақысынан бөлініп жиналған қордың мөлшеріне байланысты болады. Зейнетақы активтерінен түсетін пайда нормасынының тұрақсыздығымен байланысты қауіп, және қорға енген жарналардың құнсыздануымен байланысты қауіп болашақ зейнеткердің қорына енеді.
2) Алдын-ала белгіленген телем жүйесі: бұл жүйе компаниялар мен салалар деңгейінде құрылған, жеке зейнетақы, ең алдымен өндіріс немесе берілген салалардағы еңбек стажына байланысты және зейнеткерлікке шығар алдында тапқан еңбекақысының мөлшеріне қарай белгіленеді. Бұл бағдарламадағы жұмысшы зейнеткерлікке шыққаннан кейін төлемнің мөлшерін және төлену мерзімін анықтайды. Бұл жүйедегі қор зейнетақы активтеріне түсетін пайда нормасының түрақсыздығымен байланысты қауіптің бір бөлігін өз мойнына алады.
3) Жеке жинақтаушы
зейнетақы қорларының
а) олар мемлекеттік
зейнетақылық бағдарламалардың орнына
зейнетақы төлеміне қажетті бюджет
шығынының азаюына өсер етеді, бірақ
мемлекеттік зейнетақы
б) қор жинақтаушы зейнетақылық бағдарламалар елдің жинақ деңгейін өсіреді, бұрын мемлекеттің деңгейін өсіретін, яғни халықтың зейнетақысының немесе зейнетақымен қамсыздандырудың дамуына жол ашатын экономикалық жоғары көрсеткіштер болады.
в) жеке зейнетақы бағдарламалары нарық капиталының дамуына және жекеменшіклендіру процесінің ілгері жылжуына мүмкіндік береді;
г) бұл бағдарламалар мемлекетті саяси қысымнан қорғайды, өйткені, қор жинақтаушы зейнетақы жүйесі, зейнетақы төлемінің өсуі болашақта қазіргі уақыттағы еңбекақыдан бөлінетін төлем мөлшерінің өсуімн байланысты болады. Ұрпақтар ынттымақтастығы жүйесіне сәйкес тіркелген зейнеткерлерге зейнетақыны көбейту қажеттілігі төңірегінде туындайтын талас пен шарттар жұмысшылардың еңбекақысынан белінетін төлемін бекітумен байланысты салаға көшеді. Қор жинақтаушы зейнетақы жүйесі арқылы пайда болатын негізгі проблемалар темендегідей:
- жинақтың жалпы соммасынан емес, қор қызметіне есер ететін әртүрлі факторлар есебімен алғанда өзінің қордағы жинағы жайлы тұтынушылардың жеткіліксіз хабардар болуы (нарықтағы жағдай, қорға түсетін пайда, құнсыздану есебінен бөлінетін жинақ мөлшерінің жалпы құны).
- құнсызданудың салдары және бюджетке жеке зейнетақы бағдарламалырының әсері, жинақ пен экономика өсімінің деңгейі.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі зейнетақы төлемін индексикациялау жинақтаушы зейнетақы бағдарламаларына қиындық туғызады. Жалпылай алғанда, жеке сектордың активтері жоқ. Батыстағы жеке зейнетақы бағдарламалары құнсыздану мәселесіне ұшырады. Кептеген елдерде "ынтымақтастық" жүйесінде құнсыздануға байланысты қиындықтар туындайды. Дегенмен, бұл жүйедегі ең басты мәселе құнсыздану емес, өйткені, зейнетақының мөлшерін кез-келген уақытта көбейтуге болады, мұндағы ең басты мәселе - уәделі зейнетақы төлемін көбейтуге берілген артық уәде мен қазіргі уақыттағы бюджеттік дефицит құнсыздану елеулі болған сайын (энергетикалық дағдарыс) оған "жинақтаушы зейнетақы" бағдарламалары да қарсы тұра алмайды. Жоғарыда айтылғандай, "жинақтаушы зейнетақы" жүйесі мемлекеттік бюджетке қатты өсер етеді. Егер "жинақтаушы зейнетақы" жүйесінің бағытында елеулі қозғалыс болса, бюджеттік шығын күрт өседі, мұның себебі ұрпақтар ынтымақтастығы жүйесіндегі жұмысшыларының тіркелген жарналары зейнеткерлердің зейнетақысы ретінде төленеді, сондықтан да "жинақтаушы зейнетақы" жүйесінің ауысымында пайда болуы мүмкін жүйе жұмысшылардың зейнетақы қорын құрай алмайды. Бұл тіркелген зейнеткерлерге зейнетақысын қамтамасыз етумен қатар, жұмысшылардың өздерінің жеке қорын құруға көмек беретін қосымша жарналар төлеуді қажет етеді. Қазіргі жұмысшы қауымын саяси түрде еңбекақысынан екі бірдей мөлшерде жарна телеуге бағындыру мүмкін еместігінен (жалпы және өз қорына), қайта құрудың алғашқы жылдарында мындаған бюджеттік трансферттер қажет. Мемлкет аз мөлшердегі зейнетақы немесе құнсыздану мен басқа да қауіптерге кепілдік беретін болғандықтан, бюджеттік шығын деңгейі қандай жағдайда да төмен болмайды.
"Ынтымақтастық"
және жинақтаушы зейнетақы
1.2. Зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесінің шетелдік
Зейнетақымен қамсыздандырудың қазақстандық моделі ашық және түсінікті болуы үшін, оны басқа елдердегі жүйелермен салыстыру қажет, себебі әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі бірегей болып табылады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы – бұл ел халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мемлекет өзінеде қалыптасқан экономикалық, саяси, моральдық, діни сенімдік және тағы басқа да, қоғамының даму ерекшеліктеріне байланысты өз азаматтарын әлеуметтік қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды. Мұндай тәсілдер мен әдістер әртүрлі себептерге байланысты әр мемлекетте өзгеше, бірақ жалпы бір мақсатты көздейді - өз азаматтарын барынша әлеуметтік қорғау мен өмір сүру деңгеінің лайықты болуын қамтамасыз ету.
Дамыған мемлекеттердің көбінде әдеуметтік және зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі үш қайнар көзі бар1:
- Мемлекеттік зейнетақы жүйесі (әлеуметтік сақтандыру шеңберінде);
- Зейнетақы қорлары;
- Сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары.
Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі елдің барлық халқына немесе тек мемлекеттік жұмыскерлерге, қарулы күштерге, ал кейде теміржол қызметкерлеріне қызмет көрсетеді. Көптеген елдерде жасына, жұмыс қабілетін жоғалтуына байланысты халықтың басым бөлігін зейнетақымен қамсыздандыру компаниялардың, фирмалардың, кәсіп орындардың, халықаралық ұйымдардың зейнетақы қорларына жүктелген. Мұндай қорларды «жекеменшік» немесе «өндірістік» деп атайды. Сақтандыру компаниялары өз қызметтерінің бір түрі ретінде жеке және топтық зейнетақыны сақтандырумен айналысады.
Бір елдегі жекеменшік зейнетақы қорлары мен зейнетақыны сақтандырудың даму деңгейі, мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің халық мұқтаждығына қаншалықты жауап беретіндігімен тікелей байланысты. Жекеменшік зейнетақы қорлары негізінен АҚШ-та кең тараған, керісіншне, мемлекеттік жүйе жақсы дамыған елдерде аз кездеседі, мысалы, Скандинавия мен Австрияда.
Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерін реформаландыру тек қана дамушы елдерге ғана емес тіпті жоғары дамыған елдерге де қажет. Барлық өндірістік дамыған елдерде зейнетақымен қамтамасыздандырудағы мемлекеттік шығын айтарлықтай үлкен қаржыны қажет етеді, мемлекеттік бағдарламалар жалақы деңгейіне байланысты әлеуметтік сақтандыруға бөлінетін ішкі өнімнің жалпы төлемімен қаржыландырылады.
Кесте №1
Зейнетақы төлеміне бөлінетін ЖІӨ үлесі, 2008 жыл.*
№ |
Елдер |
ЖІӨ үлесі, % |
1 |
Австрия |
15,0 |
2 |
Бельгия |
9,7 |
3 |
Дания |
8,1 |
4 |
Италия |
15,8 |
5 |
Жаңа Зеландия |
6,7 |
6 |
Испания |
7,9 |
7 |
Үлыбритания |
10,3 |
8 |
АҚШ |
5,8 |
9 |
Жапония |
5,0 |
*Қайнар көзі: www: pension.almaty.kz
Дамыған елдердегі зейнетақы төлеміне бөлінетін қаржының мөлшері орта есеппен алғанда жалпы ішкі өнімнің үлесі 10 пайызын құрайды. Өндірістік дамыған елдерде жеке түрде қаржыландырылатын зейнетақымен қамтамасыздандырудың бағдарламаларын мемлекеттік бағдарламалар толықтырады, олар көбінесе алдын-ала төленетін жарналардың жүйесіне негізделеді. (Қосымша № 1)
Латын Америкасының Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі.
Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген реформалар Латвияда, Польшада, Венгрияда, Ресейде (ерікті түрі), Испанияда және Латын Америкасының 16 мемлекетінде жүріп жатыр. Ең алғашқылардың бірі және мінездемелі болғандықтан Латын Америкасының тәжірибесіне кеңінен тоқталайық.
Латын Америкасынынң ескі зейнетақы жүйелеріннің мынандай ортақ сипаттамалары болған:
- Зейнетақы бағдарламалары тарату режимінде қызмет етті;
- Жүйелердің принципті әмбебаптығына қарамастан, зейнетақы бағдарламалары географиялық орналасуы мен халықтың деңгейіне байланысты бірдеййболмады (Перу, Чили, Уругвай т.б.);
- Мемелекеттік реттеу көптеген ведомстволар мен субжүйелер арқылы жүзеге асты. Олардың әрқайсысына арналған заңдар болды және өздерінің басқармасы, қаржыландыру жүйесі мен қамсыздандыру бағдарламалары болды. Нәтижесінде зейнетақы жүйесін мемлекеттік басқару пирамида тәріздес болып, оның таңдаулы, бай топтар үшін арнайы субжүйелері мен халықтың көпшілігі үшін кедей субжүйелері болды;
- Сексенінші жылдардағы экономикалық дағдарыс нәтижесінде жұмыссыздық пен ресми емес еңбек нарығының өсуі;
- Активті және пассивті еңбек етушілердің қатынасының күрт азаюы (жұмыскерлер/зейнеткерлерлер), нашар демографиялық жағдай;
- Салық түсімдері азайып, үкіметтің әлеуметтік міндеттемелері көбейді;
- Зейнетақы төмен болды;
- Төленген жарналар мен зейнетақының сәкес болмауы;
- Әкімшілік басқарудың әсерсіздігі мен қабілетсіздігі, бюрократизмнің өсуі, қызмет көрсетудің сапасыздығы;
- Әлеуметтік жүйнесінің қаржылық перспективасының болмауы.
Осы және басқа да факторлардың нәтижесінде Латын Америкасының көп елдерінде әлеуметтік жүйе мен зейнетақы жүйесінде дефицит өсті. Мысалы, 1982 жылы Уругвайда әлейметтік сақтандыру жүйесінің тапшылығы елдің барлық табысының 81%-на дейін жетті. Жалпы тапшылықтың 79% зейнетақы бағдарламасына тиесілі болды. Инфлияцияға байланысты зейнетақы автоматты түрде қайта есептелінбегендіктен төмендеді. Зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі үнемі өсіп отырды. Жеке жағдайларда ол жалақының 50% (Чилиде) және 65% (Уругвайда) құрады.
Жоғарыда айтылғанның барлығының нәтижесінде Латын Америкасы елдерінде зейнетақы реформасы жүргізіле бастады. Кейбір елдер толығымен жеке жинақтау мен капиталдандыру тәртібіне көшсе (Чили, Мексика), біраз елдерде жеке жинақтау жүйесімен бірге мемлекеттік тарату жүйелері де сақталынды, яғни аралас (Аргентина, Уругвай), қатар өмір сүруші (Колумбия, Перу), бірін-бірі толықтырушы жүйелер (Бразилия, Эквадор). (Қосымша № 2)
Латын Америка
елдеріндегі зейнетақы
Бразилия – 60,29
Чили – 23,26%
Аргентина – 8,61%
Мексика – 4,33%
Колумбия – 1,58%
Перу – 1,3%
Уругвай – 0,28%
Боливия – 0,25%
Коста-Рика – 0,05%
Сальвадор – 0,04%
Зейнетақы реформасы барлық елдерде бір уақытта басталған жоқ. Бұл елдер бірінің тәжірибесін бірі ескере отырып, жаңа жүйеге күдікпен қарады. Алғашқы болып, 1981 жылы Чили бастаса, қалған елдер 90-шы жылдары жаппай зейнетақы жүйесін реформалауға бет бұрды. Сондықтан да, олар ерекше сипаттамаларға ие, мемлекеттің қатысуы да әртүрлі және көрсеткіштері де өзгеше.
Кесте №2
Латын Америкасы елдеріндегі зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштері*
Көрсеткіштер |
Чили |
Перу |
Колумбия |
Аргентина |
Боливия |
Мексика |
Сальвадор |
Зейнетақы қорларының саны |
9 |
5 |
8 |
15 |
2 |
14 |
5 |
Салымшылардың саны(млн. адам) |
5,97 |
1,98 |
2,91 |
7,07 |
0,47 |
13,83 |
0,57 |
Қорлардың жалпы капиталы, млрд.USD |
31,14 |
1,74 |
2,11 |
11,53 |
0,33 |
5,80 |
0,57 |
Қорлар рентабельділігі (%) / ЖҰӨ (%) |
11,3 40 |
5,14 5,52 |
- 1,61 |
12,30 3,5 |
- 0,01 |
5,62 1,53 |
- - |
Қызмет ету мерзімі (жыл) |
22 |
10 |
9 |
9 |
6 |
6 |
5 |
*Алибаев А.
«Қазақстанның жинақтаушы
Зейнетақы қорларының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі елдің барлық қорларының зейнетақы активтерінің соммасының жалпы ұлттық өнімге қатынасы болып табылады. Келесі кестеде бұл көрсеткіштің өзгеру динамикасы мен 2015 жылға дейінгі перспективасы берілген.
Кесте №3
Зейнетақы активтері / ЖҰӨ (%)*
Ел |
1997 ж |
2000 ж |
2015 ж |
Аргентина |
2,8 |
6,0 |
26,1 |
Боливия |
39,8 |
43,8 |
32,0 |
Бразилия |
10,0 |
11,5 |
24,4 |
Колумбия |
1,5 |
3,6 |
26,3 |
Мексика |
0,2 |
6,2 |
28,5 |
Перу |
2,3 |
4,1 |
18,5 |
Уругвай |
0,7 |
2,3 |
7,8 |
Чили |
41,8 |
44,3 |
52,9 |
*Алибаев А. «Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі», Алматы, 2000 ж
Инвестициялық саясат зейнетақы қорларының қызметінде өте маңызды мәселе болып табылады. Қазақстандық зейнетақы активтерін басқаратын ұйымдардың және зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің үрейлі жағдайын ескерсек, менің ойымша, Латын Америкасындағы қорлар зейнетақы активтерін қайда және қандай мөлшерде инвестициялайтынын талдау өте қажет. Бұл елдерде қорлар жинақталған активтерді мемлекеттік құнды қағаздарға, мерзімді депозиттерге, бондарға, ипотекалық вексельдерге, акцияларға, сондай-ақ, шетелге инвестициялауға мүмкіндіктері бар. Мемлекет тарапынан заңды түрде белгіленген инвестициялаудың нормативтері, яғни шектеулері аймақтағы барлық елдерде бірдей емес. Мысалға Боливияда зейнетақы активтері 100 пайыз мемлекеттік құнды қағаздарға салынуы тиіс. Әрине, мемлекеттік құнды қағаздар бойынша табыс аз болса да, олардың мемлекеттік кепілдемесі болады. Сондықтан да, бұл елдердің көбінде мемлекеттік құнды қағаздарға деген сұраныс та, норматив те жоғары. Чили мен Бразилияда ипотекалық вексельдерге көп көңіл бөлу арқылы, тұрғын үй мәселесін жақсы шешуде. Перудің зейнетақы қорлары керісінше акциялар мен бондарға, сәкесінше 34,9 % және 37,6% салып, мемлекеттік құнды қағаздар мен ипотекалық вексельдерге тек 0,4%-дан инвестициялаған. (Қосымша № 3)
Қорыта айтқанда,
Латын Америкасындағы зейнетақы
реформасы нәтижесінде, сол елдерде
инвестициялық жобаларды қаржыландырудың
және жұмыс орындарының жаңа қайнар
көздері пайда болды. Олар капитал
нарығының дамуына, халық жинақтарының көбеюіне, жұмыссыздықтың
азаюына және жалпы экономиканың нақты
секторының өсуіне игі әсер етті. Бұл салымшылардың
қартайғанда бүткіл еңбек өміріне сәйкес
әділетті зейнетақы алуына мүмкндік жасайды.
Европа елдерінің зейнетақы жүйесі
Зейнетақының абсолюттік шамасы евромен көрсетілген, 1 евро»$0.6
Австрия
ЖЗҚ түрі - міндетті зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақыға құқығы барлар - барлық жұмысшылар, кәсіпкерлер. Сонымен қатар мемлекет жүйесінде ерікті түрде зейнетақымен сақтандыру бар. Каржы көздері:
-жұмысшылардан - 10.25% салыққа дейін
-жұмыс берушіден - 12.55% салыққа дейін
Зейнетке шығу жасы – 65, минималды зейнетақы (айына)-жалғыз бастыларға 1100 ЕВРО, жанұясы барларға 1565 ЕВРО, қосымша әрбір балаға 120 ЕВРО. Зейнетақыға салық салынады.
Бельгия
ЖЗҚ түрі - міндетті зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақыға құқығы барлар - барлық жұмысшылар. Каржы көздері:
-жұмысшылардан - 7.7% салыққа дейін
-жұмыс берушілерден - 8.86% салыққа дейін
-мемлекеттен - 20% зейнетақы сақтандыру қоры
Зейнетке шығу жасы – 60 – 65. Минималды зейнетақы (айына) – жалғыз бастыларға 1510 ЕВРО, жанұясы барларға 1640 ЕВРО. Зейнетке ерте шығу карастырылмаған. Зейнетақыға салық салынды.
Германия
ЖЗҚ түрі - міндетті зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақыға құқығы барлар - барлық жұмысшылар. Каржы көздері:
-жұмысшылардан - 9.6% салыққа дейін
-жұмыс берушілерден - 9.6% салыққа дейін
-зейнетақының 20 пайызын мемлекет жабады
Зейнетке шығу - 65 жаста. Минималды зейнетақы – бекітілмеген. Зейнетке ерте шығу 63 - 60 жаста, ол үшін соңғы жылда жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыс стажы 15 жылдан кем болмауы керек. Зейнетақыға салық салынады.
Греция
ЖЗҚ түрі - міндетті зейнетақылық сақтандыру. Зейнетақыға құқығы барлар - барлық жұмысшылар. Қаржы көздері:
- жұмысшы 6,67% салыққа дейін
- жұмыскер үшін 13,13% салыққа дейін
Зейнетке шығу әйелдерге - 60 жас, ерлерге - 65 жас. Зейнетақы қорының дефицитін мемлекет жабады. Минималды зейнетақы (айына) - 55 ЕВРО. Зейнетке ерте шығу - еңбек стажы мен жұмыс түрлеріне байланысты әйелдерге - 53 жас, ерлерге -56 жас. Зейнетақыға салық салынады.
Дания
ЖЗҚ түрі - мемлекеттік зейнетақы + қосымша зейнетақы. Зейнетақыға құқығы барлар - мемлекеттегі барлық тұрғындар, ал қосымша зейнетақыға барлық жұмысшылар. Каржы көздері:
Мемлекеттік зейнетақы бюджеттен, ал қосымша зейнетақы жұмысшы төлемдерінен қаржыландырылады.
- жұмысшы 17 ЕВРО айына
- жұмыс беруші 34 ЕВРО айына
Зейнетке шығу
- 67 жаста. Минималды зейнетақы (айына)
- мемлекеттік 950 ЕВРО, қосымша 290 ЕВРО.
Қосымша зейнетақыға салық
Тұтынушы өз салымының құнсызданбауына көзі жететіндей (құнсыздану қаупі төмен) және аздаған құнсыздану сйяқты ерекшеліктерін есепке алын, дамыған елдердің жекеменшік зейнетақылық бағдарламаларын жалпылай жене бүтіндей сипаттайтын төрт негізгі белгілерін керсетуге болады:
1. Халықтың жекеменшік зейнетақы бағдарламаларына өз бетімен қатысуы (жеке адам мемлекеттік зейнетақы бағдарламасының шегінде қалып, жекеменшік бағдарламаларға кірмеуге де мүмкіндігі бар).
2. Жекеменшік
зейнетақы бағдарламалары
3. Жекеменшік
зейнетақы бағдарламасы екі
4. Барлық жекеменшік
зейнетақы бағдарламалары
Европалық экономикалық
одақтың кейбір елдеріндегі 65 жастан
үлкендердің 15 жастан 64 жасқа дейнгі
халықтағы үлесі мен
Кесте №4
Ел |
1995 ж. |
2000 ж. |
2030 ж. болжам |
Мемлекеттің зейнетақылық шығынының ЖІӨ-дегі үлесі |
Ұлыбритания |
24 |
25,8 |
38,7 |
14,5 |
Германия |
21,7 |
30,3 |
49,2 |
11,1 |
Испания |
19,8 |
25,9 |
41,0 |
10,0 |
Италия |
21,6 |
31,6 |
48,3 |
13,3 |
Франция |
20,8 |
24,6 |
39,1 |
10,6 |
Орташа ЕЭО бойынша |
21,7 |
27,5 |
43,3 |
11,9 |

- Зейнетақы реформасы
- Зеленая карта
- «Зеленая революция»: успехи и проблемы
- Зеленоглазка и остроголовый клоп в посевах яровых зерновых культур и система защиты от фитофагов
- Зелёный байховый чай
- Зелёный туризм в Тюменском районе: проблемы и пути их решения
- Земельна реформа: етапи здійснення і шляхи подальшого розвитку
- Зейнетакы реформасы
- Зейнетақы жинақтау жүйесін дамытудың перспективалары
- Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері
- Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері
- Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері
- Зейнетақы қоры
- Зейнетақы қоры есебі