Зигмунд Фрейдтің психоанализі және неофрейдизм

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Психоанализ – бұл сананы зерттеуді мақсат еткен психологияның бір бөлігі. Бейсана субъектінің жаңылыс сөздерінің ассоцияциялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің, қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер арқылы зерттеледі. Психоанализ терминін З.Фрейд 1896 жылы невроз этилогиясы жөніндегі мақаласында ұсынған. З.Фрейд психоанализге мынадай сипаттама берген: біріншіден, басқаша қол жеткізбейтін психикалық үрдістерді зерттеу құралы; екіншіден, осы зерттеуге негізделген невроз ауруын емдеу әдісі; үшіншіден, осының нәтижесінде пайда болып, дамып және жаңа ғылыми ілімге жинақталған бірнеше психологиялық тұжырымдамалар. Психоанализдің ерекшелігі. Психоанализ психотерапияның басқа түрлерінен ең алдымен өзінің жеке тұлғаға бағытталғанымен ерекшеленеді. Бұл, сонымен талдаушының назарында «жақсы» және «жаман» жақтардан тұратын нақты адам болады деген сөз. Психоанализ өзінің негізгі мақсаты ретінде осы немесе басқа симптомды жәй «алып тастауды» көздемейді, өйткені тәжірибе көрсеткендей, бұл бірнеше уақыт өткен соң қайтадан, қалпында немесе басқаша түрде көрініп қалуы мүмкін. Басты міндет симптомның психологиялық табиғатын табу, оның бұлағын анықтау және оның даму динамикасын түсіну. Өзіндік сана және өзін-өзі түсіну міне өзі мен мінезін өзгертуге, үрей мен қорқынышты жеңуге, мінез құлқының жауап тәсілдерін қалыптастыруға арналған екі кілт. Психоанализ тамыры – бірінші тамыр, не болғанын міндетті түрде көру қажет, бос жерде ештеңе болмайды, ештеңе «нолден» басталмайды, екінші, цайтгаист, «уақыт жаны» дегенді білдіретін неміс сөзі, үшінші, автордың тұлғасы маңызды фактор немесе осы бағыттағы көшбасшы. Психоанализ ең алдымен көптеген психологиялық қорғану арқылы санадан жасырынып жатқан, оған ұмытшақтықты қоса айтсақ, өз бейсанаңа, естеліктеріңе, сезімдеріңе, тілектерің мен көрген түстерінің құпиялы астарына жақындауға көмектеседі. Жанталдау нәтижесінде адам алғашқы рет өзі мен өзгелерді дұрыс түсіне бастайды және алғашқы рет өз мүддесін қорғау үшін әжептеуір әрекет жасай бастайды. Психотерапияның түрлі бағыттан қарауды біз психоанализден бастаймыз. Психоанализ тақырыбы жиі талас туғызады. Бұл сұрақ бойынша қарама-қарсы пікірлер бар. Біреулерін психоанализ адасуға әкеледі, және бұл барлық жамандықтан құтылу болып көрінеді: басқалары психоанализ негізі жыныстық бірлескен қарым-қатынас еркіндігі болып табылады Психоанализ жайлы жалпы ойларды білмейтін адамды ең бірінші телефон көрген және онымен қалай қолдануды білмейтін адамдармен теңестіруге болады. Психоанализге маңызды бейімділік өз жанын және басқа адамдардың жандарын түсінуге туа берілген ұмтылыс. Бұл үшін ешқандай білім мен тәсілдер көмектеспейді. Фрейдтің басты шарты болып, ғылымға бейсаналық түсінігін енгізді, көп уақыттық тәжірибелік іс әрекетінде анықтады. Фрейд өзін және басқаларды да мағынасыз уайымдаудан құтқарғысы келді, ең соңында көптеген психикалық аурулардан құтылғысы келді. Фрейд бойынша бейсаналық биологиялыққа тең келмейтін күшті сана, адам міндеті бейсаналық күшін интелект күшіне бағындыру. Бұған бейсаналықты терең зерттеп және талдау арқылы ғана қол жеткізеді. З.Фрейдтің психоанализінің негізі осыда. 

Курстық жұмыстың мақсаты. Зигмунд Фрейдтің психоанализі мен неофрейдизм ілімдеріне теориялық талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері.

1. З.Фрейдтің психоанализі жайлы зерттеу, оның психоаналитикалық концепциясының құндылықтары мен мақсаттары жайлы қарастыру.

2.  Психоанализдің –  сана және бейсаналық негізі  туралы зерттеу жұмысын жүргізу.

3. Неофрейдистер жайлы мағлұматтар іздеу, ғалымдардың қандай үлес қосқаны жайлы зерттеу жұмысын жүргізу және қарастыру.

Курстық жұмыстың теориялық негізі. З.Фрейдтің жазған еңбектеріне («Введение в психоанализ», «Лекции по введению в психоанализ») сүйеніп, оған қоса, Ярошевский М.Г. мен Немов В. теорияларына негіздеп, неофрейдистердің (К.Хорни., Э.Фромм., Э.Берн.) ілімдері мен концепцияларына және де теорияларын зерттеу, курстық жұмыстың басты тақырыптарын қарастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. З.ФРЕЙДТІҢ (1886-1939 жж.) ПСИХОАНАЛИЗІ

 

    1. Зигмунд Фрейдтің өмірі мен қызметі

 

        Зигмунд Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет алу әжептеуір қиын. Зигмунд Фрейдтің тұлғалық деңгейде көтерген көптеген биографиялық очерктер мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың бір жақты пікірге бой алдыратындықтарын байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе жайлы А.М.Рудкевич былай жазады: Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд ең атақты психологтардың біріне саналады. Ол 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген. Психологиялық талдаудың негізін қалаушы. 1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді.

       Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен, таңқаларлық ақылымен, кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп Зигмунд Фрейд студенттік одаққа қосымша тарих, политика, философия жайлы үйрену мақсатында кіреді. Бірақ көбірек оны жаратылыстану ғылымдары қызықтырады. Биология және физика, жаратылыстану принципі бойынша нақты тәжірибелі маман ретінде қалыптасты. Бұл үшін ол алдымен клиникаға жұмыс істеуге бару керек болды. Өйткені оның ол кезде медициналық тәжірибесі жоқ болатын.

        Клиникада Фрейд диагностика әдістерін миына зақым келген балаларды сондай-ақ әр-түрлі тілдік ақаулары бар балаларды емдеу әдістерін меңгерді. Оның ғылыми еңбектері медициналық зерттеулер ортасында белгілі бола бастайды. Зигмунд Фрейд жоғары білікті невропатолог дәрігер ретінде танылады. Өзіне келген науқастарды ол жылу, су, электр тогы арқылы яғни физиотерапия әдістерімен емдейді. Алайда Фрейд көп ұзамай бұл физиотерапиялық әдістерге қанағаттанбайды, өйткені емдеудің тиімділігі жақсартуды қажет етті. Ол басқа әдістерді іздестіре бастады. Соның ішінде сол кездің дәрігерлері жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген гипноз арқылы емдеуді қолданады. Сол дәрігерлердің ішінде Ю.Брейрде болды.

        Ол жас З.Фрейдке зор ықпал етті. Олар өздеріне келген ауру адамдардың ауруларының себептерін және оларды емдеу жолдарын бірге талқылады. Көбінесе оларға қояншық ауруымен ауыратын әйелдер емделуге келетін. Бұл аурудың көріну себептері – қорқыныш (фобия), сезімталдықтарды жоғалту, тамаққа тәбеті болмау, екі адам сияқты әрекет ету, елестер т.б. Жеңіл гипноз түрін қолдану арқылы (түс көру тәрізді ұйқылы-ояу күй) Брейр мен Фрейд ауру адамдарға сол аурумен ауырар алдындағы оқиғаларды айтқызды. Аурулар сол оқиғаларды есіне түсіре алса және сөзбен жеткізе алса бұл ауру шамалы уақытқа бәсеңдейді. Мұндай жағдайды Брейр көне грекше «катарсис» (тазару) деп атаған. Көне заман философтары бұл сөзді адам өнер туындыларын қабылдағанда пайда болатын және оның жанын жағымсыз күйлерден тазартатын сезім күйлерінің атауы ретінде қолданған. Ғылыми білім – бұл білім өте мұқияттылықты қажет ететін құбылыстар себебін білу.

        Ол құбылыстарға сипаттама беріп қана қойған жоқ, олардың себептері мен заңдылықтарын іздеді. Психология саласына көшкен кезде де ол осы принциптерді ұстанды. Ол медицина факультетінде оқыды. Оның ұстазы еуропаның әйгілі физиологы Эрнст Брюкке болды. Оның зертханасында көптеген елдердің ғалымдары жұмыс істеді оның ішінде орыс физиологиясы мен ғылыми психологияның негізін салған И.М.Сеченов болды. Брюккенің жетекшілігімен студент Фрейд Вена физиология институтында жұмыс істеді. Ол жерде ол күніне бірнеше сағат микроскоппен жұмыс істеді. Қартайған шағында бүкіл әлем мойындаған психолог болған ол достарының біріне зертханада жануарлардың арқа жұлынының жүйке жасушаларының құрылымын зерттеген жылдар оның ең бақытты сәттері екендігін айтты. Осы кезеңде қалыптасқан оның бойындағы ғылымға деген қызығушылық пен табандылықты З.Фрейд өмірінің соңғы 10 жылдығында да жоғалтқан жоқ.

Зигмунд Фрейд - австриялық дәрігер және психолог. Оның психикалық талдау және әлеуметтік психология-проблемалары бойынша жазған ғылыми еңбектері — көп жылғы ғылыми ізденістің нәтижелері. Ғалымның «Төтем және табу», «Тапқырлық және оның ойланбай айтылатын шешендік өткір сөздерге қатынасы», «Жыныстық қатынастар психологиясы жөніндегі очерктер», «Мен» және «Ол» сияқты көптеген еңбектері ғылыми ортаға кеңінен танымал.

1886 жылы 6 мамырда, Пруссия  мен Польшамен шекаралас жатқан  Фрайберг қаласында (Моравия)  дүниеге келді. Зигмунд кедей  жүн сатушы әкесі Фрейд Якобтың көп балаларының үлкені болатын. 1859 ж. Фрейдтер Лейпцигке, сосын Венаға көшеді. Фрейд өзінің балалық шағын «кедейшілік пен қайыршылық, қайыршылық пен күйкі бейшаралық» деп есіне алатын.

Ол лицейде өзінің тілдерге, әдебиетке, әсіресе антикалық әдебиетке деген қабілетімен ерекшеленетін, философия мен жаратылыстануға, әсіресе Ч.Дарвиннің тәліміне, ал кейінірек — саясат пен марксизмге әуес болатын. Оның лицейлік досы Генрих Барун, Каутский мен Либкнехтпен бірігіп (неміс социал-демократиялық партия мекемесін) құрып, оны қызметтесуге шақырды. Бірақ Фрейд сол кездері өзінің нені қалайтынын түсіне алмай әлек болды. Алдымен, ол құқықтанумен айналысуды ойлады, сосын — философиямен, бірақ нәтижесінде 1873 ж. ол Вена университетінің медициналық факультетіне түсіп, оны тәмамдағаннан кейін 1876-1882 жж. ол Гельмгольцтің ізбасары Э.Брюккенің хайуанаттар физиологиясының зертханасында жұмыс атқарды. Шарко мен Берхеймнің невроздарды гипнотикалық тәсілмен емдеу жөніндегі сынақтары және веналық дәрігер И.Брейердің бақылаулары, Фрейдтің ерекше психологиялық концепциясын жасауда өз ықпалын тигізген еді.

1881 ж. Зигмунд Фрейд  медицина саласында ғылыми дәрежеге қол жеткізіп, 1885 ж. дейін психиатриялық ауруханада жұмыс істейді. 1885 ж. - Вена университетінің приват-доценті. 1896 - 1902 жж. ол психоанализ теориясын құрастырып, бұл теория XX ғ. ең ықпалды психологиялық ілімнің біріне айналады. Фрейдтің жұмыстары 1902 ж. жемісті болып, ол Вена университетінің невропатология профессоры болып тағайындалды; бұл қызметті ол 1938 жылға дейін басқарды.

1922 ж. Лондон университетінің  адамзаттың бес данасы — Филон,  Мемонид, Спиноза, Фрейд және Эйнштейн құрмет көрсету салтанаты Зигмунд Фрейдтің нағыз даңқының көрінісі болды.

Қырық жылдан астам уақытын  Фрейд психоанализдің теориясы мен  тәжірибесін құрастыруға арнады. 1930 жылы ол Гете сыйлығымен марапатталып, 1936 ж. Корольдықтың ғылыми қоғамының (Лондон) шетелдік мүшесі болып сайланады.

1938 ж. Австрияны нацистер басып алғанда Фрейд еврейлік геттоның тұтқыны болды: оның төлқұжатын тартып алып, мүлкі мен кітапханасын тәркіледі. Берлинде оның кітаптары жұртшылық алдында өртеліп, оның ізбасары және Дүниежүзілік психоаналитикалық қоғамның басқарушысы, сүйікті қызы Аннаны гестаповшылар қамауға алды. Халықаралық психоаналитикалық қоғам Фрейдті құтқаруға тырысты, бірақ фашистер өтем талап етті. Фрейдтің емделушілерінің бірі, Мария Бонапарт ханшайым, оның бостандығы үшін 100 мың шиллинг төледі. Фрейдтің жанұясы Лондонға көшіп келді, ал оның төрт қарындасы газ камераларында өлтірілді. Сол жылдары Фрейдтің денсаулығы мүшкіл тартты (бұрындар, 1923 ж. сәуір айында, Фрейдке ауыз қуысы қатерлі ісігіне операция жасалған болатын). Міне, ол өзінің ақырғы күнін өзі белгіледі: 1939 ж. 23 қыркүйегінде Фрейдтің емдеуші дәрігері, оның сұрауымен морфийдің шектен тыс мөлшерін егеді. Ол 1939 ж. 23 қыркүйегінде Лондонда, 83 жаста қайтыс болды.

Фрейдті ғалым деп те, көреген деп те, қазіргі заманның көптеген салаларын байыта түскен, ғылымдағы жаңа бағыттың негізін қалаушысы деп те атайды. Тұлғаның психоаналитикалық концепциясын дамытумен, адам әрекетінің негізгі ықпалдаушы күші ретіндегі құштарлық теориясын құрастырумен қатар, З.Фрейд қоғамдық институттардың қызмет атқару механизмдерін талдады.

Алдағы тәжірибеге сүйене отырып, З.Фрейд невроздарды емдеудің «катартикалық» әдісін ойлап тапты, бұл емделушінің ығыстырылған естеліктерінің ашылуына психикалық карсыласуы феноменін ашуға және цензураның психикалық факторының бар екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл Фрейдке есті және ессіз факторлардың бірлігіндегі тұлғаның динамикалық концепциясын құруға итермеледі. 1894 ж. З.Фрейдтің «Қорғаушы невропсихоздар», ал келесі, 1895ж. И.Брейнермен біріккен «Истерияларды зерттеу» еңбегі жарық көрді. Психоанализ тарихы осы сәттен басталды деуге болады. Бұл еңбектердің мәні психотерапияның шектерінен әлдеқайда ауқымды болды. Бұл жерде тұлғаның ішкі қалыбының сыртқы әлеуметтік-мәдени әлеммен баілланысы көрсетіліп, ал психология - өзін-өзі бақылау (интроспекция) сияқты жалғыз әдісі бар, адамның ішкі жан-дүнесін зерттейтін ғылымнан, сыртқы мәдени құбылыстарды, адамдардың шынайы әрекеттесулерінің ерекшелігін зерттейтін пәнге айналды. Психоанализдің дәл осы тұғыры, адамдардың мінез-құлқындағы ұлттық-мәдени стереотиптердің әртүрлі жақтарын зерттеу пәніне айналдырды. Әртүрлі мәдениеттердегі алуан түрлі психикалық дисфункциялардың болуын түсіндіретін мінез-құлық теориясы әлі күні де антропологияда қолданып келеді. З.Фрейдтің мәдениеттерді талдаудағы психоанализінің тағы бір мағыналы жағына, құштарлық қуаты (қалыбына қарай - негізінен сексуалды сипаттағы), тікелей шығысын таба алмай (мәдениет, оның қағидаларымен тежелген), патологиялар мен ессіз түрлердегі айналма сипатқа енеді деген ережесі жатады.

Бұл кітапта З.Фрейдтің «Төтем және табу» (1913) атты еңбегінен үзінділер келтірілген. З.Фрейд психоанализді халықтар психологиясының мэселелеріне қолданып көріп, осылайша, «бір жағынан - этнологтар, лингвистер, фольклористер мен т.б., ал екінші жағынан – психоаналитиктер арасындағы бітістірушіге» айналды.

Дәрігерлік қызметінің басталуы

Вена университетін бітірген соң  З.Фрейд кәсіби ғылым қызметкері болуды мақсат етті. Бірақ физиология институтында Брюккенің қол астында  мұндай жұмыс орны болған жоқ. Осы  кезде Фрейдтің материалды жағдайы  да болған жоқ. Өзі сияқты кедей отбасынан шыққан Марта Бернейге үйленген соң қиындығы көбейе түсті. Фрейд ғылымды тастап өмір сүру үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұдан шығар бір жол бар еді – ол тәжірибе жинақтаушы дәрігер болу. Қалайда бұл мамандыққа ол қызығушылық танытпады. Ол невропатолог ретінде жеке тәжірибе жинақтауға шешім қабылдады. Брейр бұл терминді эстетикадан алып психотерапияға ауыстырды. Адам саналы түрде сезінбейтін бұрынғы әсерлер, еске түсірулер елестетулердің адам санасына ықпалы философтар мен психологтарға бұрыннан ақ белгілі болған. Брейр мен Фрейдттің жаңа идеяларының мәні мынада: адам саналы түрде сезінбейтін күйлерге қарсылық білдіреді. Ал бұл күй сезім және қозғалыс органдарының түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. (тіпті уақытша дәрменсіздік күй тудыруы мүмкін). Гипноз әдісін әсіресе француз ғалымдары өте сәтті қолданған. Олардың тәжірибелерін зерттеу үшін Фрейд Парижге атақты невролог Шаркоға барады (бүгінде ол дәрігер физиотерапия әдісінің бір түрі – «Шарко жаны» әдісімен байланысты медицинада белгілі). Бұл дәрігердің «Невроз Наполеона» деген аты да бар. Ол европаның көптеген король отбасыларын емдеген. Бұл атақты дәрігерді ауруларды тексеру кезінде гипнозбен емдеу сеанстары кезінде тәжірибе жинақтаушы дәрігерлер тобы қаумалап жүретін. З.Фрейд жас веналық дәрігер сол тәжірибе жинақтаушылардың бірі еді. Фрейдті Шаркоға жақындастырған жағдай оның Шаркоға ол оқыған дәрістерді неміс тіліне аударуын өтініп жолыққан сәті еді. Бір әңгімелесу үстінде Шарко невротик мінез құлқындағы негізгі ерекшеліктердің бір көзі оның жыныстық құрылымында жатанын айтты. Осы ескертуді есінде сақтаған Фрейд бірнеше жыл өткен соң осы болжамдар мен бақылауларға сүйене отырып адам мінез құлқындағы басты қозғаушы күш ретінде оның сексуалды өмірінің рөлі туралы идеяны алға тартты. З.Фрейд адам өміріне дәл осы сексуалды бастамалардың тікелей және жанама әсер ететіндігін адам өміріндегі барлық проблемаларға әкелер жол деп ұқты. Фрейдтің осы ілімі көптеген батыс елдерінде әйгілі бола бастады, сонымен қатар психологиядан тыс ілімдерде қолданды (Ярошевский 1989 ж.).

    1.  Психоанализдің туындауы

 

Біршама уақыттан соң Фрейд тұлға  проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде гипноздан оянғаннан кейін бөлме бұрышында тұрған қолшатырды алу керектігін ескертеді. Гипноздан оянғаннан кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден неге бұлай істегенін сұрағанда ол қол шатырдың жөндеулі тұрғанын тексергім келді деп жауап берді. Сол гипноздан кейінгі сәтінде әйелге қол шатыр бөтен біреудікі екенін ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды. Бұл фактілер Фрейдке дейінде белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме берді. Осындай фактілерді талдау негізінде Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. ХХ ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды. Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын.

З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда  жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған  ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал  «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған. Емделуші адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін еркін айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз ассоциацияларын сыртқа шығаруы тиіс болды. Емделуші кедергіге тап болғанда мүдіре бастады бір сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру мүмкін еместігін айтты. Бұл жердегі Фрейдтің болжамы: ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады. Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Адам мінез құлқын меңгерудегі санадан тыс уәждердің атқарар рөлін анықтай отырып Фрейд психологияда жаңа бағыттың негізін салды. Бірақ оның адамға тән бүкіл қиыншылық, қызығушылық, құмарлық атаулының басты себебі адам бойындағы санадан тыс сексуалды күштердің әрекеті болып табылатындығына деген нық сенімі онық көптеген зерттеушілер ішінде өз жақтастыры мен қызметтестерінің қарсылығын тудырды.

З.Фрейдтің ұстанған принциптерімен көзқарастарына қарама-қайшы пікірлер орын алды. Ал оның теориясы әуелден  ақ сынға алынды, тіпті жоққа шығарылды. Бірнеше ондаған жылдар бойы күн  сайын 8-10 сағаттан З.Фрейд дәрігерлік тәжірибесін шыңдады. Осы тәжірибелерінен  алған фактілері арқылы ол толғақ құрылымына сипаттама берді. Тәжірибе жүргізуші дәрігер ретінде Фрейд қолда бар фактілерді өте мұқият қолданды. Бұл фактілердің білгірі деуге болады. Фактілерді жинақтай отырып олардың негізінде өз теориялық қағидаларын құрды. Алайда кейінірек ол көбінесе теория жасаумен шұғылданып оларды нақты фактілері негізінде дәлелдеуге аз көңіл бөлді. Бұл жерде Фрейд даңқы арта түскен сайын өз көзқарастары дұрыс дегенге әбден сеніп өзін жоғары бағалай бастағандай еді. Фрейдтің мінезі бір беткей болатын және оның тұжырымдамасын өзгертуге немесе толықтыруға тырысқан өз шәкірттерінің барлығын дерлік алыстатып алды. Психоанализге жолдың кең ашылуы үлкен еңбектен келгендіктен әр шегіністі Фрейд сатқындық ретінде қарастырды.

Психоаналитикалық ассоциациядан  өз жақтастарымен қатар Фрейдтің шәкірттері де – А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, М.Клейн, Ж.Лакан сияқты зерттеушілер де қуылды. Мұндай атмосфера З.Фрейд  салған ізге және оның беделіне мүлтіксіз  бас шұлғуды танытты. Психоанализде  адам ойлары мен сезім күйлерінің санадан тыс түрін анықтау  әдісі ретінде түс көруді талдау әдісі табылды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің  көрген түстерін талқыға салады. Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос  көріністер болғанымен, оның «сценарийі»  – бұл түстің бейне-белгілері  арқылы қанағаттандырылатын түпкі  тілек-қалаулар коды. Бұл болжамына өзі таңырқаған З.Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да есіне сақтап қалады. Бұл 1895 жылдың 24 шілдесіндегі кешқұрым мезгіл, бейсенбіде, веналық мейрамханалардың бірінің солтүстік-шығыс бұрышында еді. Бұл жөнінен З.Фрейд бірде: «осы жерде дәрігер Фрейд түс көру құпиясын ашты» деген жазуы бар тақтай іліп қойса да болады», – деп әзілдей айтқан екен. 1900 жылы «Түс жору» кітабы жарық көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді қабаттасуы, тұтас бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және т.с.с. сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар бар деп санады. Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды, үшкін заттарды, тістің түсуін көру қарастырылды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд түс көрудегі бейнелерді эмоциалды сезім күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау көздері күндізгі қалыптан тыс сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері туралы ерекше символдық тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты.

1901 жылы оның «күнделікті тұрмыс  психопатологиясы» кітабы жарық  көрді, мұнда ол түрлі бұрыс  әрекеттерді түсіндірді: есімдерді  ұмыту, сөзден таю, санадан  тыс уәждердің көрінуі. Фрейд  бойынша, мұның себептерін санадан  тыс импульстерден, шұғылданатын  әрекеттерінен іздеген жөн. Бұлардан  кейін оның «Даналық және оның  санадан тыс құбылысқа қатынасы» (1905), «Сексуалдылық теориясы бойынша үш очерк» (1905), «Тотем және табу» (1913) еңбектері жарық көрді. Фрейдтің халықаралық деңгейдегі атақ-даңқы З.Фрейдтің танымалдығы арта берді: халықаралық деңгейде де атақты болды. 1909 ж. оны АҚШ шақырады, оның дәрістерін көптеген ғалымдар, солардың ішінде америкалық психология атасы Вильям Джемс те тыңдаған. З.Фрейдті құшақтап тұрып ол: «Болашақ – сіздің қолыңызда», – деген екен (Ярошевский, 1989, 21 бет). 1910 жылы Нюрнбергте психоанализ бойынша Бірінші халықаралық конгресс өтті. Оған қатысушылар психоанализді психологиядан өзіндің ерекшелігі бар жеке, айрықша ғылым деп жариялады. Алайда көп ұзамай осы қоғамдастың ішінде оның таралуына әкелген қарсы пікірлер туындады. Фрейдтің көптеген жақын жүрген жақтастары онымен арақатынасын үзіп, өздерінің мектептерін ашып, бағыттарын қалыптастырды. Солардың ішінде Альфред Адлер мен Карл Юнг те бар, олар соңынан атақты психологтар болды. Олардың көпшілігі сексуалды инстинктің басым рөлге ие екендігін мойындамады. Көп ұзамай З.Фрейдтің өзі де өз тұжырымдамасына түзетулер енгізді. Бұған оны өмір мәжбүрледі. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Емдеушілердің көбі сексуалды сезім күйлеріне емес, соғыс уақытында оларды күйзелткен сынақ, қиыншылықтарға байланысты невроз ауруымен ауырды. ХIХ ғ. соңында веналық бұқара халықты емдеу кезінде туындаған З.Фрейдтің бұрынғы тұжырымдамасы кешегі солдаттар мен офицерлердің соғыс жағдайында туындаған психикалық күйзеліс күйін түсіндіруге жарамсыз болып шықты. З.Фрейдтің жаңа емдеушілерінің өлімді көп көруден туындаған психикалық күйзеліс пен соққылары ерекше инстинкт бар деген болжам жасауға себеп болды. Ол Танатос деген атауға ие болды. Бұл жерде Танатос деп не өзгелерді, не өзін өлтіруге, жоюға деген ерекше құмарлықты түсіндірді. З.Фрейдтің көзқарасы бойынша, бұл инстинкт сексуалды инстинктпен қатар мінез-құлықтың кез келген түрінің негізіне алынған. З.Фрейдтің бұл мәселені зерттеуге интермелеген өз өміріндегі жағдайлар да болды. 20-жылдардың басында ол көп шылым шегуден туындаған өте ауыр ауру түрімен ауырды. Бір операциядан соң екіншісіне шыдамдылықпен төзіп, жұмыс істеуін тоқтатпады. 1915-1917 жж. ол Вена университетінде «Психоанализге кіріспе дәрістер» деген атпен жарияланған курс оқыды. Бұл курс олықтыруды қажет етті, оларды ғалым 1933 жылы 8 дәріс түрінде жариялады.

З.Фрейд шығармашылығының осы соңғы  кезеңінде оның «Бұқара психологиясы және «Мен» талдауы» (1921), «Мен және Ол» (1923) еңбектері жарық көрді. Бұл  кітаптарында оның адамның жеке тұлғасының құрылымына деген көзқарастарының  өзгергендігін көреміз (Ярошевский, 1989, 22 бет). 30-шы жылдары Европадағы әлеуметтік жағдай ушыға түсті. 1933 жылы Германияда билік басына фашизм келді. Нацистер өртеген кітаптардың ішінде Фрейдтің кітаптары да бар еді. Мұны естіген  Фрейд: «Біз қандай прогресске қол жеткіздік! Орта ғасырларда олар менің өзімді өртер еді, ал бүгін олар менің кітаптарымды өртеуге қанағаттанды!» (цит. Ярошевский, 1989 ж., 27 бет). Ол бірнеше жылдан кейін Освенцим және Майданек пештерінде миллиондаған еврей мен өзге де нецизм құрбандары қаза табатынын білген жоқ. Солардың ішінде Фрейдтің 4 қарындасы бар. Оның өзін әлемге әйгілі Фрейдті де Австрияны жаулап алғаннан кейін осы жағдай күтетін еді.

Алайда Франциядағы америка елшісінің көмегімен оның Англияға қоныс аударуына рұқсат алуға қол жеткізді. Кетер алдында ол гестапоның өзімен жақсы қарым-қатынас жасағаны жоқ екендігі туралы қолхат тастауы керек болды. Қол қойып жатып З.Фрейд былай деп сұрады: «Әр адамға гестапоның бар ниетімен үлгі етпеспе екен». Англияда Фрейдті ғалымдар жақсы қарсалды, бірақ оның күні санаулы еді. Бұрынғы дерті күшейіп, оның өз өтініші бойынша емдеуші дәрігер, екі ине (укол) салды. Сөйтіп 1939 жылдың 21 қыркүйегінде Лондонда З.Фрейд қайтыс болды (Ярошевский, 1989, 28 бет). З.Фрейд теориясының әлемге әйгілі ілім ретінде танылғандығы соншалық бүгінде ғалымдар «психология – бұл Фрейдтің өзі» деген қағида қалыптасқан.

 

    1.   Зигмунд Фрейдтің психоаналитикалық концепциясының құндылықтары мен мақсаттары

 

Психоанализ – батыс адамының рухани дағдарысының өзіне тән көрінісі және оның шешімін іздеудің талпынысы. Бұл психоанализдің соңғы кездегі бағыттарынан – «гуманистік» және «экзистенциалдық» анализдерден (сараптаудан) айқын көрінеді. Өзімнің «гуманистік» тұжырымдама ма көшпес бұрын, Фрейдтің жүйесі, кең тараған, мүлде қайшы түрде, «науқас» және «емдеу» деген ұғымдар аясынан шығып кеткендігін, оның жаны сырқат ауруларды емдеуге ғана емес, дұрысы, адамды «құтқаруға» бағытталғанын айқын келеді. Бір қарағанда, Фрейд психикалық ауруларды емдеудің жаңа түрін жасап, осы мәселеге күллі мүддесі мен өмірін бағыштаған адам. Алайда, тереңірек үңілсек, невроздарды медициналық жолмен емдеудің астарында Фрейдтің қызметінде аңғарыла бермейтін, оны өзі сирек сезінген мұдде жатқаны аңғарылады. Осы біржасырын немесе тек қана имплицитті тұжырымдама психикалық ауруларды емдеуден гөрі, «ауру» және «емдеу» ұғымдарының аясынан кеңірек мәселеге қатысты болған сияқты. Ол не? «Психикоаналитикалық қозғалыстың» негізі не еді? Фрейд болашақтағы адамды қалай елестетті? Оның қозғалысының іргестатық догматтары қандай? Бұл сауалдардың ең айқын жауабы, шамасы, Фрейдтің мына сөзінде жатыр: «Анау болған жерде Мен тұруға тиіс».

Оның мақсаты иррационалды және санадан тыс нәрсенің бәрін  ақылға билету болатын; адамды оның барлық мүмкіндіктеріне сәйкес санадан  тыс нәрсенің құрсауынан босату еді. Ол сол  күштерді өз бойынан сезінуге, бақылап – басқару отыру үшін оларды игеруге тиіс. Фрейдтің мақсаты  ақиқатты, шын жағдайды мейлінше тану болатын. Ол үшін бұл (тану) мына дүниеде  адамға бағыт берудің жалғыз тал  сәулесіндей болды. Оның мақсаттары – рационализмнің, ағарту философиясының, оның этикасының дәстүрлі мақсаттары. Егер дін мен философия осы  өзін өзі бақылау мақсаттарын  утопиялық түрде қойса, Фрейд  бұған бірінші болып ғылыми негіз  жасап берген (санадан тысты зерттеу  арқылы) адам болған – немесе, өзі  солай деп есептеген – демек, осы мақсатқа жетудің жолдарын да көрсеткен. Фрейд батыс рационализмнің асқар биігі...

Индивидті қарастырарда Фрейдті  философиялық және этикалық мақсаттар  әдеттегіден тыс аландатты. Психоанализге  кіріспе бойынша жасаған лекцияларында  ол әлдебір мистиктердің тұлғаны  түбегейлі өзгертуге іс жүзінде  талпынып көргені жайлы айтады. «Біз , - дейді Фрейд, - психоанализдің терапиялық ұмтыоыстары мәселені осылай қоюға  жақын екенің мойындауымыз керек. Олардың  діттегені Ego -  ны күшейтіп, оны Super – Ego-дан мейлінше тәуелсіздеу ету, бақылау аймағын ұлғайтып, индивидтің жаңа тұстарына қол жетерлік жағдай жасау. «Анау болған жерде Мен  тұруға тиіс». Фрейд «адам мәтін  невротикалық симптомдардан, мінез-құлқын бәсендік пен қалыпты еместігінен  құтқаруды мақсат ететін психоаналитикалық  терапия туралы осы ниетпен сөйлейді. Сонымен, ол үшін аналитиктің (сарапшының) бейнесі қарапайым доктордан, «емдеуші дәрігерден» биіктеу. Аналитик, егер ол пациент үшін кейбір аналитикалық мезеттерде өнеге ретінде, ал кейде  мұғалім ретінде қызмет етуге  тиіс болса, белгілі бір мағынада үстем жағдайда болуы керек. «Ақыр  соңында, - деп жазады Фрейд,-аналитик пен пациент арасындағы қарым-қатынастар ақиқатқа деген сүйіспеншілдікке яғни, шындықты мойындауға негізделуге, сол  арқылы ұятты да, алдауды да ысырып қоюға тиіс». Фрейдтің мұнда көрсетілген принциптерінің біріншісі – өзгертуші білім, оған сайсақ, теория мен практика бір-бірінен бөліп алғысыз нәрселер – өзімізді тану актісі арқылы біз өзімізді өзгертеміз (трансформациялаймыз). Фрейд осы заманғы батыс адамына тән нәрсені-саналы ойды шектен тыс, асыра бағалауды құптаған жоқ. Керісінше, ол біздің санамыз біздің барлық психикалық процестеріміздің шағын бөлігі ғана, оның үстіне онша маңызды да емес, біздің өз ішімізде санамыздан тыс күйде отырған қараңғы және иррационалды бастаулардың ғаламат күшімен салыстырғанда бұл тіпті, болмашы деп есептеледі. Адам табиғатының шыңайлығына жету үшін Фрейд еркін ассоциациялар тәсілінің көмегімен саналы ой жүйесін бұзғысы келді. Еркін ассоциацияларды пайдалану арқылы қисынды, саналы, конвенционалды ойлау кедергісінен асу қажет болды. Бұл біздің тұлғамыздың алғашқы құнар-бастауына, санадан тысқа әкелуге тиіс еді. Фрейд үшін адам – либидосы ғана қозғайтын, қозудың ең кемшін дәрежесін сақтау принципімен реттелетін машина еді. Адам өзгелермен тек қана инстинктік құмарын өтеудегі екі жақты қажеттілік үшін араласатын тіршілік иесі ретінде көрінетін. Фрейдтің ләззат рахаты-кернеген қиындықтың азаюы. Бүгін адамның интелектісі мен аффектілері екі айырылған соң, оның бойында ағарту дәуірі философтары айтатын, «Мен» ғана қалды. Мистикалық тәжірибе ол үшін инфальді нарциссизмге қарай құлдыраумен бірдей еді.

Зигмунд Фрейдтің психоанализі және неофрейдизм