Зертханалық жұмыс №2 TCP/IP протоколы және оның құрамы

Л.Н.ГУМИЛЕВ  АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

                  «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ФАКУЛЬТЕТІ

 

                       «Есептеу техникасы» кафедрасы

 

 

 

 

 

«Операциондық жүйелер» пәні бойынша курстық жұмыс

 

Тақырыбы _________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

Студент__________________________________________

 

 

Топ ________________

 

Оқытушы      Адамова А.Д.    _______________ 

 

Баға ________

 

 

Комиссия  мүшелері

__________________  ______________________

Т.А.Ж   қолы

__________________  _______________________

Т.А.Ж   қолы

___________________  _______________________

Т.А.Ж   қолы

 

 

 

 

 

 

АСТАНА-2013

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

І. Зертханалық жұмыс №1

Командалық қабық және оның қасиеттері

         

          II. №1 оқу тапсырмасының орындалу реті

          2.1. Copy командасы

          2.2. Xcopy командасы

          2.3. Move командасы

          2.4. Replace және Ren  командасы

          2.5. Fc командалары

          2.6. Del және Erase командалары

          2.7. Каталогтар және файлдармен тікелей жұмыс

           істеу үшін арналған командалар    

         

         III. №2 оқу тапсырмасының орындалу реті

          3.1. Дискілермен жұмыс кезіндегі негізгі командалар

        

         ІV. Зертханалық жұмыс №2

         TCP/IP протоколы және оның құрамы

 4.1. №1 оқу тапсырмасының орындалу реті

 4.2. Hostname және Ipconfig командалары

 4.3. Arp командасы

 4.4. Route командасы

 

        IV. №2  оқу тапсырмасының орындалу реті. Негізгі  

        Қызметтік утилитасы

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3

 

4

 

 

7

8

10

12

14

15

17

18

 

 

23

24

 

28

 

29

30

32

33

 

34

 

 

48

 

49


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

 

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты  №1 және №2 зертханалық  жұмыстарды жүзеге асырып, файлдар және дискілермен жұмыс кезінде командалық қабықтың мүмкіндігін, негізгі командалардың қолдану тәсілдерін және Windows XP ОЖ-нің утилиталарын, TCP-IP стегінің протолокымен жұмыс кезінде Windows XP ОЖ-сінің негізгі команда және утилиталарын қолдану әдістерін зерттеу болып табылады.

Файл (ағылш. File) — дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.Файл компьютердің бір дерек жинағын екіншісінен айыруына мүмкіндік береді. Мәтін жазылған немесе суреті бар кез келген қағаз құжат сияқты, файл дерек жинағы болып табылады, ондағы деректі бөліп алуға, өзгертуге, жоюға, сақтауға я болмаса басып шығарғыш немесе электрондық пошта бағдарламасы сияқты шығару құрылғысына жіберуге болады. Файлдардың ішінде бағдарлама, бағдарламада қолданылатын деректер немесе пайдаланушы жасаған құжат болуы мүмкін. Әрбір файлдардың кеңейтілімі болады. Файл атауының кеңейтімі (ағылш. File name extension) файл атауындағы нүктеден кейін келеді де, файлда сақтаулы деректер түрін білдіреді. Мысалы, Windows жүйесінде файл атауларының үш әріпті кеңейтімі болады. Example.txt деген файл атауындағы кеңейтім .txt әріптері болады. Бұл кеңейтім осы файлдың мәтіндік файл екенін көрсетеді. Файлды сақтау кезінде кеңейтімді көрсету міндетті емес. Бағдарлама кеңейтімді өздігінен қосады.

Диск (Disk) - шығарып оку-жазу бастиегіне қатысты айналдырылатын диск формасындағы мәліметтер. тасуышы; ақпаратты сақтау және қайта шығару қасиеті бар жұқа материалмен қапталған дөңгелек пластинка түрінде жасалған мәлімет тасуыш құрылғы. Ақпаратты сақтау орны болып пластинка бетінде центрлес шеңберлер арасындағы сызық-жолдар саналады, яғни ақпарат дискінің екі бетінде де магниттік жолдарға жазылады. Дискілер магниттік, магнитті-оптикалық және оптикалық болып бөлінеді. Активті диск (Активный диск; active disk) — осы сөтте өзгерту жұмыс істеп отырған магниттік диск.

TCP/IP (Transmission Control Protocol / Internet Protocol)- негізгі ғаламдық желі интернетке қызмет ететін ең танымал желілік протокол болып табылады. Оған ұсынылған маршруттаушы құралы локальды желілердің қызмет етуінің максималды иілгіштігін қамтамасыз етеді.TCP-IP протоколы Windows XP ОЖ-сінде автоматты түрде орнатылады. TCP-IP протокол желісінде нүктелермен бөлінген, 32-разрядты санды таныстыратын әрбір тұтынушыға сәйкес келетін IP-адресі болу керек(мысалы, 192.168.1.255).Одан басқа, тұтынушыға қызметтер мен алгоритмдердің аттары керек болуы мүмкін.

протолокымен  жұмыс кезінде Windows XP ОЖ-сінің негізгі  команда және утилиталарын қолдану  әдістерін зерттеу.

 

Зертханалық жұмыс №1. Windows XP операциялық жүйесінде  файлдар және дискілермен жұмыс.

1.1.Қысқа  теориялық ақпарат.

Командалық  қабық-қолданушы мен операциялық жүйенің арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз ететін жеке программалық өнім.

Командалық  жол түріндегі мәтіндік қолданбалы интерфейс командаларды, бағдарламаларды  және мәтіндік интерфейсі бар қызметтік  утилиталар орындайтын орта болып табылады.Командалық қабықта утилиталар мен программалардың  орындалу нәтижесі Command.com MS-DOS командалық интерпретаторына ұқсас түрде экранда  көрсетіледі.Windows XP ОЖ-нің командалық қабығы енгізілген команданы ОЖ-ге түсінікті түрде аударуды жүзеге асырып, утилиталарды жүктеп және олардың  арасындағы мәліметтер ағынын басқаратын, Cmd.exe командалық интерпретаторын қолданады.Командалық қабық пакеттік файлдарды құрып  және редакциялау үшін қолдану мүмкіндігіне ие болады.Бұл міндеттердің орындалуын автоматтандыруды рұқсат береді.Мысалы, қолданушылардың есептік жазбаларын сценарийды және жұмыс жасамайтын сағаттарда архивтеуді пайдалануға болады. Командалық қабық арқылы күрделі сценарийларды орындау үшін Windows XP ОЖ-нің Cscript.exe сценарий серверінде қолдануға болады.Пакеттік файлдардың көмегімен операцияларды орындау, мәтіндік қолданушы интерфейсінің көмегімен орындауға қарағанда тиімдірек болып табылады.Командалық немесе пакетті файлдар командалық жолдағы қол жетімді командалардың бәрін қабылдайды.Пакеті файлдарды және сценарийлерді құру туралы қосымша ақпаратты зертханалық жұмыс №3-те қарастырамыз. Қолданушыға тікелей бағдарланған мүмкіндік, командалық жолдың терезесін визуализация және қарап шығуды жеңілдету үшін, сонымен бірге ағымдағы қосымшалардың(приложения) орындалуының бақылауын күшейтуді күйге келтіруді жүзеге асырады. Бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:

1.Командалық  кабықты жүктеңіз.

  • Пуск|Выполнить батырмасын басыңыз.
  • Пайда болған терезеде cmd.exe(немесе жай cmd) командасын теріңіз.
  • Енгізу үшін Enter-ді басыңыз.

 

Сурет 1.Свойства диалогтік  терезесі

2.Пайда болған  командалық терезенің жоғарғы  бөлігіне тышқан манипуляторының  оң жақ батырмасын басып командалық  қабықтың контекстік мәзіріндегі Свойства командасын таңдаңыз.

3.Свойства диалогтік терезесіндегі Общие қыстырмасын (вкладка) таңдаңыз.

4.Общие қыстырмасындағы Запоминание команд төңірегіндегі Размер буфера өрісіне 999 мәнін, кейін Количество буферов өрісіне 5 мәнін енгізіңіз.

5.Редактирование төңірегіндегі Выделение мышью және Быстрая вставка пунктеріне жалаушаларды орнатыңыз.

6.Свойства диалогтік терезесіндегі Расположение қыстырмасын таңдаңыз.

7.Размер буфера экрана төңірегіндегі Расположение қыстырмасындағы Высота өрісіне 2500 мәнін енгізіңіз.

8.Расположение қыстырмасындағы келесі әрекеттерді орындаңыз:

  • Размер буфера экрана төңірегіндегі Ширина параметрінінің мәнін үлкейтіңіз.
  • Размер окна төңірегіндегі Высота параметрінінің мәнін үлкейтіңіз.
  • Размер окна төңірегіндегі Ширина параметрінінің мәнін үлкейтіңіз.
  • Автоматический выбор пунктіндегі жалаушаны алып, кейін Положение окна төңірегіндегі Левый және Верхний край өрістерінің мәндерін өзгертіңіз.

9.Свойства диалогтік терезесіндегі Шрифт қыстырмасын таңдаңыз.

10.Шрифт қыстырмасында келесі әрекеттерді орындаңыз:

  • Шрифт төңірегіндегі қажетті шрифтты таңдаңыз.
  • Размер төңірегіндегі қажетті өлшемді таңдаңыз.

11. Свойства диалогтік терезесіндегі Цвета қыстырмасын таңдаңыз.

12. Цвета қыстырмасында келесі әрекеттерді орындаңыз:

  • Текст на экране пунктіне жалаушаны орнатып, манипулятормен(тышқан) тиісті өрісті шақырып, қажетті түсті таңдап алыңыз.
  • Фон текста пунктіне жалаушаны орнатып, манипулятормен тиісті өрісті шақырып, қажетті фонның түсін таңдап алыңыз.

13. 8-12 арасындағы  пунк параметрлері командалық  қабықтың сыртқы түпіне қалай  әсер ететініне назар аударыңыздар.

14.Енгізі  үшін ОК батырмасын басыңыз.

15.Изменение  свойств диалогтік терезесіндегі «Сохранить свойства для других окон с тем же именем» немесе «Изменить ярлык для запуска этого окна»  пунктін таңдап, енгізуді растаңыз.

Командалық  қабықтың мүмкіндіктерін зерттеуде  команданың енгізудің синтаксистік құрылымын зерттеу өте маңызды  болып табылады.Егер тиісті командаларды және параметрлерін ретімен енгізсе, команданың синтаксистік құрылымы сол  ретте бейнеленетінін есте сақтау керек.

Команданың  келесі мысалы Xcopy мәтіннің синтаксистік қалыптарының әр түрлілігін суреттейді, 1.1 кестесінде бұл қалыптардың түсіндірілуі көрсетілген.

Xcopy шығу көзі[нәтиже] [/w] [/p] [/c] [/v] [/q] [/f] [/l] [/g] [/d[:мм-дд-гггг]] [/u] [/i] [/s [/e]] [/t] [/k] [/r] [/h] [{/a|/m}] [/n] [/o] [/x] [/exclude:файл1[+[файл2]][+[файл3]] [{/y|/-y}] [/z].

Одан басқа, командалық жолдан Cmd.exe-ның жаңа данасын  аша отырып, Cmd.exe-ге командалық қабықты  кірістіру мүмкіндігіде бар. Cmd.exe-ның  әр данасы келісім бойынша(по умолчанию)Cmd.exe-ның  өзінің аналық қосымшасының(родительское приложение) ортасын мұра етеді. Cmd.exe даналарын салу Cmd.exe аналық қосымшаларына  ықпалын тигізбей, жергілікті ортасына кірістіруге рұқсат береді. Бұл Cmd.exe-ның  бастапқы ортасын сақтауын және оған салынған командалық қабықтың өшірілуінен  кейін оралуын қамтамасыз етеді. Салынған командалық қабықтың өзгерістері  сақталмайды.

Кесте 1.1. Команданы  енгізудегі мәтіндік қалыптардың түсіндірілуі.

Қалып

Мәні

Курсив

Қолданушы енгізуге тиісті мәліметтер

Жартылай қою шрифт

Көрсетілуі бойынша дәл солай  енгізуге тиісті элементтер

Бос орын (...)

Командалық жолда бәрнеше рет  қайталанатын параметрлер

Тік жақша […]

Міндетті емес элементтер

Фигуралық жақшажағы тік сызықпен бөлінген нұсқалар. Мысалы:{жұп|тақ}

Бір ғана мәнін таңдауға болатын мағыналар  жиыны

Courier шрифты

Кодтың мәтіні немесе программаның шығуы


 

Аттаулары командалардың  атауларымен сәйкес кеелстін айнымалыларды  жариялауға болмайды, себебі командалар командалық жолдағы резервтелген сөздер болып табылады. Windows XP ОЖ-нің командалары, интерфейсі командалық жол болып  табылатын және алғашында дербес компьютерлерде қолданылған MS-DOS ОЖ-нің  өңдеушілерімен жасалған. Басқада ОЖ-лердегідей, мысалы OS/2, MS-DOS командаларды пернетақтадан  енгізуді, дискіден оқу және жазу, бірнеше  ішкі операцияларды пернетақта көмегімен  басқару сияқты әрекеттерді ұйымдастыруды  қамтамасыз етеді.

32-биттік Windows XP ОЖ-нің командалық қабығы түрінде  эмуляция әдісімен жоғарыда көрсетілген  барлық іс-әрекеттерді файлдар  және дисктермен жұмыс кезінде  орындауға рұқсат беретін MS-DOS режимі  жүзеге асырады. Одан  басқа, Windows XP ОЖ-сі MS-DOS системасының  барлық функционалды мүмкіндіктерін  іс-жүзінде кеңейтеді. Командалық  қабықтың мүмкіндіктері бойынша  қосымша ақпараттарды Windows XP  ОЖ-нің  анықтамасындағы «Общие сведения о командной оболочке», «Справочник по параметрам командной строки» и «Новые средства командной строки» бөлімдерден көруге болады.(Пуск|Справка и поддержка).

1.2.Зертханалық  жұмысты орындауға дайындық.

Windows XP ОЖ-сіндегі  командалық қабық арқылы файлдар,  дискілер, томдармен жұмыс кезінде  қолданылатын негізгі командалар  мен қызметтік утилиталар қатарына  жататындар: Assoc, Attrib, Cacls, Cd, Chdir, Chkdsk, Chkntfs, Comp, Compact, Convert, Copy, Date, Del, Dir, Diskcomp, Diskcopy, Erase, Fc, Find, Findstr, Format, Label, Md, Mkdir, Move, Print, Rd, Recover, Ren, Rename, Replace, Rmdir, Subst, Tree, Type, Vol, Xcopy және т.б.. Осы командалар бойынша қосымша ақпараттар, және де олардың қолдануы және мысалдар Windows XP ОЖ-нің анықтамасының сәйкес бөлімдерінде көрсетілген.(Пуск|Справка и поддержка).Командалық қабықтың жолында Help командасын теріп, Enter батырмасын басу арқылы да осы командалар бойынша анықтамаларды алуға болады. Windows XP ОЖ-нің командаларының толық тізімі, сонымен қатар ОЖ-нің анықтамасында  ресми деклрация жасалмаған командалар Майкрософт корпорациясының  ресми сайтында http://www.microsoft.com немесе тікелей Интернет ғаламдық желісінен табуға болады.

Объективті  себептері бойынша команда жұмыстары, мысалы, Format және Convert командалары үйрету процессі негізінде толықтай жүзеге асырылуы мүмкін емес. Сондықтан осы зертханалық жұмыстың міндеті жұмысты көрсету және командалардың мүмкіндіктерімен танысу болып табылады. Бұл зертханалық жұмыста негізгі командалар жиынтығымен және файлдар, иілгіш дискілермен(3,5 иілгіш дискісі зертханалық жұмыстың әдістемелік қамтамасыз етуіне кірмейді) жұмыс жасауымен таныстыру және командалық қабықты қолдануымен жүзеге асырылатын бірнеше оқу тапсырмаларын орындау жобаланады.

Зертханалық жұмысты Windows XP ОЖ-сінде орындамастан бұрын келесілерді орындау қажетті:

  1. Windows XP ОЖ-сін жүктеу және анықтамалық мәзірді белсендіру(активировать).(Пуск|Справка и поддержка).
  2. Cmd.exe командалық интерпретаторының сипаттамасымен және синтаксистік енгізуімен таныстыру.
  3. Келтірілген командалардың  және қызметтік утилиталардың синтаксистік енгізуі мен сипаттамасын таныстыру.

1.3.1.Оқу  тапсырмасы №1. Windows XP ОЖ-сіндегі файлдармен жұмыс кезіндегі негізгі командалар және қызметтік утилиталарды зерттеу.

Орындалу  реті:

I.Командалық  қабықты жүктеу.

  • Пуск/Выполнить батырмасын басыңыз
  • Пайда болған терезеде Cmd.exe командасын теріңіз(немесе жай cmd)
  • Енгізу үшін Enter-ді басыңыз.

II.Командалық  қабық ортасында қол жетімді  және бір немесе бірнеше файлды  орналасу нүктесінен берілген  бір маршрутпен, тағайындалған орынға  көшіру анықталған басқа маршрутпен  көшіруді жүзеге асыратын ең  негізгі командалардың бірі Copy.  Файлдарды көшіруді сол атауларымен немесе басқа атаулармен(көшіру процессінде өзгерту арқылы)жасауға болады. Сонымен қатар, бір емес бірнеше файлдың көшірілуін қамтамасыз ететін жұлдызша символы(*) және сұрақ белгісі(?) командалық жолда команданы қалыптастыруда қолдануға болады.

Copy командасының синтаксисі:

 

Сурет 2. Copy командасының синтаксисі.

 

Copy [/d] [/v] [/n] [{/y | /-y}] [/z] [{/a | /b}] шығу көзі[{/a | /b}] [+ шығу көзі [{/a | /b}] [+ ...]] [тағайындау [{/a | /b}]],

Мұндағы параметрлер:

/d-шифрленген  файлды құру мүмкіндігін нұсқайды.

/v-файлдың  көшірілуінің дұрыстығын файл  көшірмедерін салыстыру арқылы  тексереді.

/n-егер көшірілген  файлдың атауындай ат табылып,сонымен  қатар 8.3 қатарын қанағаттандырмаса,  көшірілетін файлдың қысқа атауын  қолданады.

/y-соңғы бар  файлдың қайта жазылуын растайтын  шығару сұранысын  қайта алңыныз.

/-y-соңғы  бар файлдың қайта жазылуын  растайтын сұраныс шығарылуына  бастамашылық етеді.

/z-файлдарды  желі бойынша қайта құру режиминде  көшіру. Егер көшіру фазасы кезінде  желілік қосылу жоғалса(мысалы, егер  сервер қосылуды үзіп, автономдық  режимге ауысса), команда қосылуды  қайта қалпына келтіргеннен кейін  көшіруді жалғастыруға мүмкіндік  береді. Одан басқа, бұл параметр  әрбір файл тобы үшін көшіру  операциясының аяқталуы туралы  хабарды процент түрінде көрсетеді.

/а-ASCII қалпындағы  мәтіндік файлға нұсқайды

/b-бинарлы  файлға нұсқайды. Бұл параметр  келісім бойынша(по умолчанию)  беріледі және каталогтағы файлдың  размеріне тең байт санын командалық  интерпретатор арқылы санауды  қамтамасыздандырады.

Шығу көзі(источник)- көшіру талап етілетін файл немесе файлдар тобының орналасуын анықтайтын қажетті параметр. Бұл параметр дискінің, файлдың, буманың атауында қос нүкте  кездесетін (:),файлдың толық атауымен берілуі мүмкін. Плюс (+)символы шығу көздерін біріктіруді қамтамасыз етеді.

Тағайындау(назначение)- көшіру талап етілетін файл немесе файлдар тобының қонысын анықтайтын қажетті параметр. Егер соңғы файл берілмесе, онда келісім бойынша  файл сол атауымен, ағымдағы дисктің  ағымдағы каталогындағы уақыты мен  мерзімі көшіріледі. Егер бастапқы файл ағымдағы дисктің ағымдағы каталогында  бола тұрып, команданың орындалуы келесі қате туралы хабарламамен шығарылады: «Невозможно скопировать файл в себя. Скопировано файлов: 0».

Copy командасы  ұзындықтары 0-тең файлдарды көшірмейді. Бұл операцияны орындау үшін Xcopy командасы қызмет етеді.

Файлдың мазмұнын өзгертусіз уақытты түрлендіру ретінде  ағымдағы уақытты және мерзімді орнату керек болса, онда клесі синтаксисті  пайдалану қажет: Copy /b шығу көзі+ «Үтірлер тағайындау параметрін ауыстырады».

№1.1а. Тапсырмасы. Copy көшіру командасының қолдануның негізгі тәсілдерін нақты мысалдармен зерттеу.

1.Анықталған  кеңейтілімімен жолын өзіңіз  беретін орында орналасқан,қолдану  нүктесі d:\Temp\ жолымен берілген  барлық файлдарды көшіріңіз.

2. Анықталған  кеңейтілімімен жолын өзіңіз  беретін орында орналасқан, қолдаун  нүктесі басқа жолмен берілген  барлық файлдарды көшіріңіз.

3.Жолын өзіңіз  және қолдану нүктесін сол  жолмен беретін,файлдың атауының  басына «сору» жолын қосып,  анықталған атымен файлдарды  қайталаңыздар.

4.Екі мәтіндік  файлды(*.txt)  жолдарын өзіңіз беретін,  толық атауы d:\Temp\Merged.txt. болатын  бір файлға біріктіріңіз.

5.Соn шығу  көзін қолдана отырып, мәтіннің  бөлігін жолын өзіңіз беретін  мәтіндік файлға енгізіңіз.Жолды  енгізудің соңының белгісі Enter болып табылады. Мәтінді файлға  енгізудің соңының белгісі Ctrl+Z және Enter батырмаларының басылуы.

6. Ағымдағы  тапсырманың алдыңғы пунктінде  алынған мәтіндік файлдың соңына  пернетақта арқылы бірнеше жолдарды  енгізіңіз.

Тапсырманың орындалуы кезінде келесі нұсқауларды  белгілеңіздер: 

  • Командалық қабық терезесіндегі әрбір тапсырмалық пунктінен қажетті кілттерімен сәйкес командаларды теріңіз.
  • Енгізу үшін Enter-ді басыңыз.
  • Алынған нәтижені зерттеп және жасалған жұмыс туралы қорытынды жасаңыз.
  • 1.2. кестесін толтырып, алынған ақпараттан отчет жасаңыз.

Кесте 1.2.. Copy командасының орындалуының нәтижесі

п/п

Кілтті командалар

Команданы қолдану тәсілінің қолдануы мен шығарылуы

1

   

2

   

3

   

4

   

5

   

6

   

 

Бақылау сұрағы:

Copy командасы  арқылы мәтіндік текстті теру  үшін,тағайындау(назначение) параметрі  ретінде нені таңдау керек? Copy командасын қолданып, кез келген  мәтіндік файлды шығарып көріңіз.

III.Алдыңғы  команданың функционалын кеңітетін  және тек қана файлдардың емес  файл топтарының, каталогтардың,  ішкі католагтардың көшірілуін  жүзеге асыратын басқа команда Xcopy деп аталады.

Xcopy командасының синтаксисі:

 

Сурет 3. Xcopy командасының синтаксисі.

Xcopy шығу көзі [нәтиже] [/w] [/p] [/c] [/v] [/q] [/f] [/l] [/g] [/d[:мм-дд-гггг]] [/u] [/i] [/s [/e]] [/t] [/k] [/r] [/h] [{/a | /m}] [/n] [/o] [/x] [/exclude:файл1[+[файл2]][+[файл3]] [{/y | /-y}] [/z],

Мұндағы параметрлер:

Шығу көзі-көшіру үшін берілген фаулдың атауымен тұрған жерін көрсететін міндетті параметер.

Нәтиже- көшіру талап етілетін файл немесе файлдар тобының қонысын анықтайтын қажетті параметр. Бұл параметр дискінің, файлдың, буманың атауында қос нүкте кездесетін (:),файлдың толық атауымен берілуі мүмкін. Егер нәтиже параметрі берілмесе, кһшіру ағымдағы каталогқа жүргізіледі.

/w-көшірудің  басталуының растауын күтуімен  келесі хабарламаны шығарады  «Нажмите любую клавишу, чтобы начать копирование файлов» ( «файлдардың көшіруін бастау үшін кез келген пернені басыңыз»)

/p-файл нәтижесін  құру кезінде растауды сұратады

/c-көшіру  процессіндегі қателіктерді елемейді

/v-көшіру  процессінде әрбір көшірілген  файлды оның түпнұсқасының сәйкестігіне  тексереді

/q-көшіру  процессінде командалар және  файл атауларын хабарламалық  экранына шығаруды болдырмайды

/f-көшіру  процессінде файл нәтижесін және  бастапқы файл атауларын шығарады

/l-көшірілген  файлдардың тізімні шығарады

/u-тек нәтиже  каталогында бар шығу көзіндегі  файлдарды(файлы-источники) ғана  көшіреді(жаңартады)

/d-[:мм-дд-гггг]-берілген  уақыттан кейін өзгертілген файлдарды  ғана көшіреді. Егер мм-дд-гггг  мағынасын іске қоспаса,нәтижелік  файлдарда жаңадан пайда болған  барлық шығу көзіндегі файлдарды  көшіреді.

/i-егер щығу  көзі болып қойылатын белгілері(мысалы, жұлдызша *) бар каталог немесе  шығу көзі болса және нәтиже  болмаса, онда нәтиже-жаңадан  құрылған каталогтың атауы болып  саналады. Келісім бойынша команда  параметр каталогтың нәтижесі  немесе файл болып табылуының  растауын сұратады.

/s-каталогтар  және ішкі каталогтарды олар  бос болмаған жағдайда ана  көшіреді.

/e- бос және  бос емес каталогтардың барлық  каталогтарды көшіреді.

/t-ішкі каталогтың  құрылымын(ағашын) көшіреді.

/k-«тек оқу  үшін»(«только для чтения») атрибутты  файлдарды көшіріп, бұл атрибіттарын  файлдардың көшірмелерінде де  сақтайды.

/r-«тек оқу үшін»(«только для чтения») қол жетімді файлдарды алмастырады.

/h-жасырын  және жүйелік файлдарды ғана  көшіреді.

/а-«архивтік»  атрибуты бар файлдарды ғана  көшіреді.

/m-«архивтік»  атрибуты бар файлдарды ғана  көшіреді./m параматерінің /а параметрінен  айырмашылығы,/m параметрі файл көшірмелерінде  «архивтік» атрибуттарын жояды.

/n-NTFS файлдық  жүйесіндегі қысқа атауларды  қолданатын файлдарды ғана көшіреді.Бұл  параметр NTFS файлдық жүйесінен FAT файлдық жүйесіне көшіргенде  немесе FAT  жүйесіндегідей диск-нәтижесінде  8.3. стандартының  қолданылуы талап  етілгенде қолданылады.

/о-файлдарды  тиістілік мәліметі және рұқсатты  басқарудың таңдау кестесі туралы  мағлұматын (DACL) көшіреді.

/x-файлдың  аудит параметрі туралы ақпараты  және рұқсатты басқарудың жүйелік  кестесі (SACL) туралы мағлұматын  көшіреді. (/p параметрінің бар болуы  түсіндіріледі)

/exclude: файл1[+[файл2]][+[файл3]]-жолдардан тұратын файлдар кестесін анықтайды. Әрбір жол файлдың жеке сызықтарында орналасу керек.

/у-түпкі  файлды қайта жазуды растауға  шығару сұранысын бодырмайды.

/-у- түпкі  файлды қайта жазуды растауға  шығару сұранысын тіркейді.

/z-қайта жіберу  режиміндегі желі бойынша файлдарды  көшіреді. Егер көшіру фазасының  уақыты кезінде жүйелік қосылу  жоғалса, онда команда қосылудың  қайта қалпына келтірілуінен  кейінле жалғастыруды рұқсат  етеді.

 №1.1б. Тапсырмасы.  Xcopy көшіру командасының негізгі әдістерін нақты мысалдар негізінде зерттеу.

1. Барлық  бос және жасырын файлдардың  және ішкі каталогтардың жолын  және қоныстағы орналасуын, басқа  жергілікті дискіде тағайындау  нүктесін өзіңіз беріп көшіріңіз.Және  де қайта жазудың растау сұранысын  бастамашылық етіңіз(инициируйте).

2. Барлық бос каталогтардың жолын және қоныстағы орналасуын, басқа жергілікті дискіде тағайындау нүктесін өзіңіз беріп, каталогтың ағашын көшіріңіз.

3. «Архивтік»  және «тек оқу үшін» атрибуттары  сақталған, жолын және қоныстағы  орналасуын өзіңіз берген,тағайындау  нүктесі, d:\Temp\ жолымен анықталған  нәтижелік файлдарды көшіріңіз.

4.Мерзімі  анықталған мерзімінен бұрын  барлық файлдарды және ішкі  каталогтарды көшіріңіз. Шығу  көзін және тағайындау нүктесін  өзіңіз беріңіз. Көшіру процессіндегі  файлдар тізімін көрсетіңіз.

Тапсырманың орындалуы кезінде келесі нұсқауларды  қолданыңыз:

  • Командалық қабықтың әрбір тапсырмасының пунктінен қажетті кілттерімен сәйкес командаларын таңдаңыз.
  • Енгізу үшін Enter батырмасын басыңыз.
  • Алынған нәтижені зерттеп және жасалған жұмыстан қорытынды шығарыңыз.
  • 1.3. кестесін толтырып, алынған ақпараттарды есеп беруге жазыңыз.
Зертханалық жұмыс №2 TCP/IP протоколы және оның құрамы