Зорлау қылмысының құрамы

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Зорлау»

 

 

 

 

 

Орындаған:

   .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды - 2013ж.

 

 

 

М А З М Ұ Н Ы 

 

Кіріспе...................................................................................................................3-4

  1. Зорлау қылмысының құрамы........................................................................5-12

1.2Зорлаудың ауырлататың мәнжайлары...............................................13-16

  1. Зорлаудың ерекше сараланған құрамдары................................................17-19

Қорытынды.......................................................................................................20-21

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................22-24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П  Е

Жыныстық қатынас адамзат  өмірінің ажыратылмас саласын қамтиды. Олар негізінен адамгершілік қағидаларымен, отбасы заңнамасының некелік, сол сияқты некеден тыс жыныстардың өзара қатынастар туралы нормаларымен реттеледі.

Тұлғалардың бостандығы мен дербес құқықтығы ересек адамның  өз нәпсіқұмарлық қажеттігін кіммен және қалай шешетін жыныстық бостандығын, сондай-ақ ересектердің де сол сияқты кәмелетке толмағандардың да дербес құқықтығын қамтиды. Қылмыстық заңнама (ҚР ҚК 120-124-баптары) осы құқықтарды қоғамда қалыптасқан жыныстық мораль нормаларына қайшы келетін іс-әрекеттерге тыйым салу жолымен шешеді.

Қарастырып отырған  қылмыстың қоғамдық қауіптілігі мыналармен көрінеді, ол шынында тұлғалардың жыныстық дербес құқықтығы мен бостандығын елеулі түрде бұзады, кәмелетке толмағандарды аздырады, олардың адамгершіліктік және іс жүзіндегі дамуына кері әсер етеді, қоғамдық моральды бұрмалайды. Жаңа заңнамаға қарағанда бұрынғы қылмыстық заңда ауырлататын мән-жайлармен жасалған әйел зорлауда өлім жазасына кесу қарастырылған (Қаз ҚКС ҚК 101-бабының 4-бөлігі).

Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық  сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен  байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 4 Нормативтік қаулысына сәйкес, зорлау деп әйел жынысты адаммен оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып табиғи нысанда жасалған жыныстық қатынасты түсіну керек.

Жыныстық дербес құқыққа  қарсы қылмыстар деп қылмыстық  заңмен көзделген 16 жасқа немесе 14 жасқа  толмаған өскіндердің жыныстық дербестігіне, ойдағыдай психикалық пісіп-жетілуі мен дамуына, ересектердің жыныстық бостандығына не қоғамдағы қалыптасқан жыныстық қарым-қатынас тәртібіне қоғамға қауіпті қол сұғушылық танылады.

Жыныстық қылмыстың тектік объектісі тұлғалардың дербес құқықтығы мен бостандығы болып табылады.

Бұл қылмыс тобының тікелей объектісі жыныстық дербес құқық пен жыныстық бостандық, ал қосымша объектісінің кейбірісі балалар мен өскіндердің қалыпты өсуі мен адамгершіліктік дамуы болып табылады. Жәбірленушілерге байланысты сипаттамаларды заңның мағынасына қарай әрбір бап бойынша бөлек-бөлек беруге болады, ондайлардың қатарына жас шамасына қарамастан қылмыстық-құқықтық қорғалатын еркектер де әйелдер де жатады.

Жыныстық қылмыстың объективтік жағы сипаттары ҚР ҚК диспозицияларымен немесе баптарымен анықталатын кінәлі адамның заңға қайшы әрекеттерімен сипатталады. Құрамдары негізінен формальды. Кейбір жыныстық қылмыстарда саралаушы белгілер бар деп тану үшін кінәлінің әрекеттері мен саралаушы ретінде көзделетін келтірілген зардаптардың арасындағы себепті байланыстарды анықтау қажет.

Қылмыстың субъективтік жағы тура ниетпен сипатталады. Қылмыстың себебі негізінен нәпсіқұмарлық бағытта болады, кейде басқаша да болуы мүмкін.

Жыныстық қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған екі жыныстың екеуі де болуы мүмкін. Зорлаудың (ҚР ҚК 120-б.) және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолданудың (ҚР ҚК 121-б.) субъектісі 14 жасқа толған адам болып табылады.

 

 

 

 

 

            1. Зорлау қылмысының құрамы — ҚР ҚК 120-бабы.

Зорлау — әйелдің  жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігіне қол       сұғудың ең ауыр түрлерінің бірі.

Қылмыстық заң бойынша  зорлау дегеніміз — жәбірленушіге  немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолданбақшы болып психикалық қысым жасап (қорқытып) не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып ер адамның әйелмен кәдімгі түрде жыныстық қатынасқа баруы.

Бұл қылмыстың объектісі — әйел жынысты адамның жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігі. Бұл — ер адаммен жыныстық қатынасқа бару мәселесін әйел өзі шешеді деген сөз.

Жыныстық қатынасқа  әйелдің ықтияры болмағандығына, оның ондай әрекетке ешбір келісім бермеуі және жанталасып қарсыласуы дәлел болады. Зорлаудың жәбірленушісі тек әйел жынысты адам ғана болады. Зорлағандық үшін жәбірленушінің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы рөл атқармайды, жезөкшені, көңілдесін, әйелін зорлағандық үшін де жауаптылық қарастырылған. Қазақстанның қылмыстық заңы кез келгене адамның жыныстық еркіндігін, оның оны қалай пайдаланып жүргендігіне қарамастан, қорғайды.

Әйел немесе еркек  жынысты адамға табиғи емес нысанда  жасалған жыныстық құштарлықты қанағаттандыруды (еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы және т.с.с.) өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері деп түсіну керек.

2. Зорлау және өзге  де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш  қолдану әрекеттерін саралау кезінде жәбірленушінің моральдық келбеті, әлеуметтік мәртебесі, мінез-құлқы, кінәлі адамның және жәбірленушінің бұрынғы өзара қарым-қатынастары маңызды емес. 

3. Күш қолдану деп  жәбірленушінің қарсылығын басуға  бағытталған, мысалы, ұрып-соғу, тыныс алу жолдарын қысып жабу, аяқ-қолдарын ұстап жібермеу, киімін жырту, және с.с. әрекеттер жасауды түсіну керек. 
      Зорлау, өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау немесе оларды жасауға оқталу кезінде жәбірленушілердің денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 120 немесе ҚК 121-баптарының диспозициясымен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді.

Денсаулыққа келтірілген  зиянның ауырлығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру ережесіне сәйкес алынған сараптамалық қорытынды негізінде анықталады.

Зорлау не өзге нәпсіқұмарлық  сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау барысында немесе аталған қылмыстарды жасауға оқталу кезінде не болмаса олар аяқталғаннан кейін жасалған қылмысты жасыру немесе көрсетілген қарсылық үшін кек алу мақсатында жәбірленушіге құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағы және ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралануы керек. 
      Қылмыстық процесті жүргізуші орган кінәлілердің көрсетілген әрекеттерін саралаған кезде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағында, сондай-ақ басқа да тармақтарында, ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөліктерінде көзделген барлық анықталған саралау белгілерін көрсетуі тиіс.

Зорлау - физиологиялық  мағынада жыныстық акт басталған  сәттен бастап аяқталған деп саналады.

Өзге нәпсіқұмарлық  сипаттағы күш қолдану әрекеттері сол әрекеттер нәпсіқұмарлық сипатта жасалына бастаған сәттен бастап аяқталды деп саналады.

Зорлауға немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш  қолдану әрекеттеріне оқталуды басқа  қылмыстардан ажырату кезінде кінәлі жәбірленушілердің еркінен тыс жыныстық акт немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер жасау мақсатында әрекет жасады ма және күш қолдану осы мақсатқа жетудің тәсілі болды ма, анықталуы керек. Осындай мән-жайлар болмаса, адам зорлауға немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттеріне оқталғаны үшін жауаптылыққа тартылмайды.

Жыныстық акт жасауға  физиологиялық мүмкіндігі жоқ және ол туралы алдын ала білген адам, сырттай зорлауға ұқсас әрекеттер  жасағаны үшін ҚК 120-бабымен жауапқа  тартылмайды. Оның әрекеттері нақты  мән-жағдайларға байланысты өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін, бұзақылық, қорлау және басқаларды жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК баптарымен саралануы мүмкін.

Зорлаған кезде қатігездік танытудың белгісі — зорлап жыныстық қатынас жасау кезінде жәбірленушінің немесе басқа адамдардың тәнін, жанын қатты ауырту. Азаптау, қинау, т. б. жан күйзелту — жәбірленушінің қарсылығын басатын тәсіл болып табылады. Әйелді жақын, туыс адамдардың көзінше, әдейі көрсетіп зорлау да аса қатігездікке жатады.

Жәбірленушінің соз  ауруын жұқтырып алуына әкеп соғатын  зорлау. Қылмыстың бұл нышаны болу үшін кінәлі өзінің соз ауруымен ауыратынын білуге және оның жұғатынын біле тұра зорлап қылмыстық қатынасқа баруы тиіс. ҚК 120-бабы 2-бөлігінің «в»-тармағымен саралау үшін жәбірленушіге кінәлінің қандай ауру жұқтырғанының маңызы жоқ. Бірақ, егер зорлау кезінде жұққан соз ауруынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келсе, онда ол зорлаудан келген ауыр зардап деп танылуы мүмкін.

Бірнеше рет жасалған зорлау немесе бұрын нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адамның зорлауы. Егер кінәлі екі немесе одан да көп рет зорлап жыныстық қатынас жасаса, ол бірнеше рет жасалған зорлау деп танылады. Егер кінәлі ҚК 121-бабында көзделген қылмысты жасаған болса, онда ҚК 120-бабы 2-бөлігінің «г»-тармағы қолданылады, ал оның сол бірінші қылмысты орындаушы немесе оған қатысушы болғандығының жәбірленушіне оған дейін аяқталған қылмыс жасағандығының маңызы жоқ. Жәбірленушіні белгілі-бір уақыт өткеннен кейін қайта зорлағанда ғана бірнеше рет зорлау болады. Егер жәбірленуші өне бойы бір адамның немесе топтың қол астында болса, ол созылмалы, бір реттік зорлау болып табылады.

Көрінеу кәмелетке толмағанды зорлау. 14 жастан 18 жас аралығындағы адаммен күш қалданып жыныстық қатынасқа бару-кәмелетке толмағанды зорлау деп танылады. Бұл ретте кінәлі өзінің кәмелетке толмағанды зорлап отырғанын білуге тиіс.

Кәмелетке толмағанды зорлаудағы ниет кінәлініз кәмелетке толмағанға күш қолданып, оны өзінің зорлап жыныстық қатынас жасағандығын ұғынды, соны тілейді. Егер кінәлі жәбірленушінің жас шамасын шынымен білмей қалған болса, онда жәбірленушінің кәмелетке толмағандығы кінәлінің әрекетін ҚК 120-бабы 2-бөлігінің осы тармағы бойынша саралауға негіз бола алмайды.

Бұл қылмыстың ерекше сараланған түрлері мыналар:

1. Абайсызда жәбірленушінің өлуіне  әкеп соқтырған зорлау. Жәбірленушінің  өлімі зорлау барысында оның қарсылығын басу кезінде болуға және де мұндай зардаптың болуындағы айыптының кінәсі абайламағандықтан болуға тиіс. Мысалы, зорлау кезінде дене жарақатын алғандықтан жәбірленуші көп қан жоғалтады, соның салдарынан қаза табады. Немесе зорланғаннан кейін, қандай да бір ауруы ушығып, жәбірленуші өледі. Мұндай зардаптың болуына, кейде жәбірленушінің өзі де себепкер болады.

2. Абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, онын ВИЧ/ ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соғатын зорлау. Бұл жағдайда өзінше бөлек-бөлек үш ауырлататын мән-жай қарастырылған және бұл зардаптарға қатысты кінә абайсыздық болуға тиіс. Зорлау факторы мен денсаулыққа ауыр зиян келтіру арасындағы қажеттік байланыс анықталған жағдайда ғана бұл үш мән- жай зорлаудың ерекше ауыр зардаптары деп саналады.

Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян тікелей зорлау кезінде де, не зорлау кезінде алынған жарақаттың салдарынан, кейін де келуі мүмкін. «Адамның денсаулығына зиян» түсінігі сот медицинасы бойынша анықталады, оған не дене жарақаты, органдар мен тіннің анатомиялық бүтіндігінің немесе олардың қызметінің бұзылуы, не науқасы немесе паталогиялық күй жатады. Жәбірленушінің өміріне қауіпті, одан өліп кетуге болатын зиян ауыр зиян деп саналады.

Жәбірленушіге ВИЧ/ЖҚТБ ауруын жұқтыру  дегеніміз-зорлап жыныстық қатынас  жасағаннан кейін жәбірленушінің ВИЧ  жұқпалы аурумен немесе ЖҚТБ-мен науқастануы.

Өзген ауыр зардаптар  дегеніміз, бұл жағдайда, жәбірленушінің немесе оның туыстарының біреуінің өзін- өзі өлтіруі.

3. Жәбірленушінің 14 жасқа  толмағанын көрінеу біле тұрып  зорлау. Жасы 14-ке толмағандарды заң жас балалар санатына жатқызады, олардың дене бітімінде, психикасы да әлі жетіп толыспаған. 14 жасқа толмаған қыз баланың жыныстық жетілмегендігін сот-медициналық сараптама анықтамайды, себебі физиологиялық тұрғыдан олар қай жағынан алса да жыныстық жетілмеген деп саналады. 14 жасқа толмаған адамды зорлап отырғандығын өзі білетінін субъективтік жағынан анықтау қажет. Егер кінәлі жәбірленушінің дене бітіміне қарап немесе оның жас шамасын шындығында біле алмай қалса, бұл ауырлататын мән-жай есепке алынбайды.

Қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланып немесе жаппай тәртіпсіздік барысында зорлау. Қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланып немесе жаппай тәртіпсіздікті пайдалану, бір жағынан, кінәлінің қылмыстық ниеті жүзеге асыруын жеңілдетеді, екінші жағынан, өзінің жазаланбай қалатынына сенімділігін арттырады. Қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланып немесе жаппай тәртіпсіздік өздігінен қылмысқа итермелейді, бірақ қылмыс жасау үшін ыңғайлы жағдай тудырады

Зорлаудың объективтік жағы жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жәбірленушімен жыныстық қатынас жасауды көрсетеді. Бұл ретте әйел мен ер адамның кәдімгідей бірігуін жыныстық қатынасқа бару деп түсіну қажет. Егер жыныстық қатынас әйелдің ықтиярынсыз, оған күш жұмсалып немесе оны не басқа адамдарды қорқытып, не оның дәрменсіз күшін пайдаланып жасалса, ол зорлау болып танылады. Алдап немесе өзіне деген сенімді теріс пайдаланып жыныстық қатынасқа барудың әйелдің келісімін алса, онда зорлағандық болмайды.

Зорлау кезінде күш жұмсау дегеніміз  — ұрып-соғып жәбірленушінің денесіне әр түрлі дәрежедегі жарақат түсіру. Бұл ретте оның тәнін ауыртады, бостандығын шектейді, байлап тастайды, қылқындырады, қысқасы, жәбірленушінің қарсылығын басу немесе қарсыласуына мүмкіндік бермеу үшін әр түрлі әрекеттер жасайды.

Зорлау жасау үшін күш қолданудың бір тәсіліне заң психикалық қысым  жасауды да жатқызады. Жәбірленушінің қарсылығын басу үшін оны сөзбен қорқытады, оған қару көрсетеді, ұрмақшы болып  ұмтылады, т. б. қимылдар жасайды, ондағы мақсат — күш жұмсаудан қайтпайтындығын көрсету. Қорқытуды зорлауды тәсілі ретінде пайдаланғанда оның заңсыз болуы тікелей, қорқынды көрсетілуі, ол нақты және шындық болуы тиіс. Тек сондай қорқыту ғана әйелді дәрменсіз етеді. Мүлкінді жоямын деп қорқыту немесе жәбірленушіні масқаралайтын деректерді мәлім етемін деп қорқыту, яғни арандатушылықпен жыныс қатынасын жасау зорлау болып танылмайды. Мұндай әрекеттерді жасаймын деп қорқыту әйелді дәрменсіз жағдайға душар етпейді, себебі оның өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдауға немесе басқалардан көмек сұрауға мүмкіндігі болады.

Күш жұмсау немесе күш жұмсаймын  деп қорқыту тек жәбірленушіге  ғана қатысты емес, басқа адамдарға да (туыстарына, жақындарына, таныстарына) қатысты болуы мүмкін.

Жәбірленушінің дәрменсіз күйін  пайдаланып зорлау дегеніміз — өзінің дене бітіміне немесе психикалық жағдайына байланысты жәбірленуші өзіне қатысты жасалған әрекетінің сипатын ұғына алмайды немесе оның қарсылық көрсетуге мұршасы жоқ. Дене бітіміне байланысты дәрменсіздік таныту — ауырғандықтан, қан жоғалтқандықтан, шаршап қалжырағандықтан, сондай-ақ кәріліктен және басқа да себептерден, яғни бойда қайрат-күштің жоқтығынан кінәліге қарсылық көрсете алмау.

Ал, психикалық дәрменсіздікте, әйел өзінің психикасындағы ерекше өзгерістерге байланысты өзімен қандай әрекеттің жасалып жатқандығын ұғына алмайды. Оған ұйқыны, талып қалуды, есірткіге немесе ішімдікке мас болуды, ақылкемдігін, әлі сәбилігін немесе басқадай да психикасының қалыпты жағдайда еместігін жатқызуға болады.

Дәрменсіз күйге жәбірленушінің естен  танып қалу жағдайы да кіреді, бұл  ретте ол өзі айтар ойын жеткізе  алмайды. Жәбірленуші дәрменсіз  күйде болғанда, кінәлі өз мақсатына жету үшін оны қорқытпайды немесе оған күш қолданбайды, себебі ол өз ойын жеткізе алмайды не қарсылық көрсете алмайды. Әйелдің дәрменсіз күйде болуы себепті ғана өзінің жыныстық қатынасқа барып отырғандығын кінәлі ұғынады. Қылмысты саралау үшін жәбірленушінің не себепті дәрменсіз күйге душар болғандығының маңызы жоқ.

Қылмыстық заң алдап зорлағандық  үшін жауаптылық көздемейді. Бірақ, алдау  нәтижесінде жәбірленуші дәрменсіз күйде қалса, онда дәрменсіз күйдегі адамда зорлаудың орын алуы мүмкін.

Жыныстық қатынас басталған  кезден зорлау аяқталған қылмыс болып саналады. Жыныстық қатынастың физиологиялық мағынада аяқталуы зорлауды аяқтайды деп тану үшін қажетті емес. Егер кінәлі, әйелді қорқытып, оған күш қолданып немесе оның дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауға әрекет қылса, бірақ ол оған байланысты емес себептермен (әйел қарсылық көрсетіп, басқа біреу келіп қалып, физиологиялық факторлар себебін) жүзеге аспай қалса, мұндай іс-әрекет қылмысқа оқталғандық ретінде ҚР ҚК және баптары бойынша сараланады. Зорлауға оқталғандық деп тану үшін кінәлі әрекетінің сондай мақсатқа бағытталғандығын және оның қорқытуды, күш қолдануды немесе әйелдің дәрменсіз күшін пайдалануды сондай мақсатқа жету үшін қолданған-қолданбағандығын анықтау қажет. Және де зорлауға оқталуды ер адамның әйелдің ар-ожданына, намысына тиісіп, жыныстық дәрбестігін сыйламай (кемсіту, ұрып-соғу, бұзақылық, денсаулығына қасақана зиян келтіру, заңсыз бостандығын шектеу, т. б.) оны өзімен жыныстық қатынасқа баруға көндірмекші болған әрекетпен ажырату қажет. Зорлауға оқталғандықты, сонымен қатар, қылмыстан өз еркімен бас тартудан да ажырату қажет (ҚК 26-бабы). Қылмыстан өз еркімен бас тарту оны жасауға оқталғандық үшін жауаптылықтан босатады, бірақ егер оның әрекетінде басқа қылмыстардың (денсаулыққа зиян келтіру бұзақылық, қорқыту, т. б.) нышаны болса, кінәлі сол іс-әрекеттері үшін жауаптылық көтереді.

Субъективтік жағынан зорлау әрқашан  тікелей ниетпен жасалады, сондақтан  да ол өзінің заңдық болмысы жағынан  формальды қылмыстар қатарына жатады. Кінәлі өзінің жыныстық қатынасты жәбірленушіні қорқытып немесе оған күш қолданып не оның дәрменсіздігін біліп жасағандығын ұғынады, соған қарамастан жыныстық қатынасқа баруды қалайды. Зорлаудағы негізгі себеп — кінәлінің өзінің немесе басқа адамдардың жыныстық тәбетін қанағаттандыру. Ал, оның жанама себептері — бұзақылық, біреуден өш алу, біреуді масқаралау, т. б. болуы мүмкін.

Бұл қылмысты жасаудағы мақсат —  кінәлі өзінің немесе басқа адамдардың жыныстық қатынасқа құштарлығын салу.

Зорлаудың субъектісі — зорлап әйелмен жыныстық қатынасқа барған адамдар, сондай-ақ жәбірленушіні зорлау кезінде оларға көмектескен адамдар. Көмектескендер әйелдер де болуы мүмкін. Зорланғандық үшін жауаптылық 14 жастан басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           1.2 Зорлаудың сараланған құрамдары

1. Адамдар тобы, алдын  ала сөз байласқан адамдар  тобы немесе ұйымдас-қан топ  жасаған зорлау. Адамдар тобы жасаған зорлауға екі немесе одан көп адамның зорлаудың объективтік жағына кіретін тым болмаса бір әрекетті алдын ала келіспей жасаған зорлауы жатады. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының зорлауы дегеніміз – сол қылмысты жасауға алдын ала өзара келіскен адамдардың қылмысқа қатысуы. Ұйымдасқан топ жасаған зорлауға бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін бұрыннан біріккен тұрақты адамдар тобы жасаған зорлау жатады.

Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық  сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен  байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 4 Нормативтік қаулысының 8 тарауына сәйкес, зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері адамдар тобымен жасалған деп алдын ала сөз байласу белгісінсіз, қылмысқа қоса қатысушы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен әрекеттері орын алса танылуы мүмкін.

Егер қылмысқа қатысқан адамдар, оны жасау үшін алдын ала келіскен болса, зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен жасалған деп есептеледі. 
      Жоғарыда көрсетілген әрекеттер ҚК 120 немесе КҚ 121-баптарымен көзделген бір немесе бірнеше қылмыс жасауға алдын ала біріккен тұрақты адамдар тобымен жасалса, онда осындай әрекеттер ұйымдасқан топпен жасалған деп сараланады.

Топтасып зорлағандық  үшін тек тікелей зорлық көрсетіп жыныстық қатынасқа барған адамдар ғана емес, сонымен қатар жәбірленушіге күш қолданып немесе оны қорқытып жыныс қатынасының жасалуына көмектескен адамдар да жауапқа тартылады. Олар топтасып әйел зорлауға қатысқандар болып танылады. Жәбірленушіге қарсы күш қорданбаған, бірақ оны басқа біреудің зорлап жыныстық қатынас жасауына көмектескен адамдар қылмысты ұйымдастырушы, арандатушы немесе оған көмектесуші ретінде ҚР ҚК 28-бабы бойынша және 120-баптың тиісті бөлігі бойынша жауапталады.

Бірнеше адамның бір  әйелді топтасып зорлағаны ғана емес, бірнеше адамның өзара келісіп және күш қолданып немесе қорқытып бірнеше әйелдің әрқайсысын топтасып зорлауы да топтасып зорлағандыққа жатады. Егер топ ұйымдасқан болса, зорлау кезінде өздерінің атқарған рөлдеріне қарамастан, топтың ұйымдастырушысы да, оған қатысушылар да ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігінің «а» тармағы бойынша жауапталады. Топтасып әйел зорлауды ұйымдастырушысы адамдардың әрекеттері, сол қылмысқа қатысқан адамдар өздерінің есі дұрыс еместігіне, жасының толмағандығына немесе басқадай себептерге байланысты жауаптылықтан босатылса да, жоғарыда көрсетілген бөлік бойынша сараланады.

2. Өлтіремін деп қорқытумен  ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге  немесе басқа адамдарға аса қатыгездік жасап зорлау. Өлтіремін деп қорқытқанда кінәлі оны ауызша айтады немесе соған сай әрекет жасайды. Мысалы, жыныстық қатынасқа баруды талап етіп жәбірленушіні қылқындырады, оған қару, пышақ, ұстара көрсетеді, оларды қолдануға ұмтылады. Өлтіремін деп қорқыту арқылы жәбірленушіге психикалық қысым жасалынады, ол өз өмірін сақтап қалуды ойлап еш қарсылық көрсетпейді. Қорқыту нағыз шындық болуға тиіс және тікелей жасалынады. Жәбірленушіні дәрменсіз ететіндей сол қорқытудың қаншалық рас болғанын әрбір жағдайда сот анықтайды. Егер зорлау аяқталғаннан кейін, егер ол жайында айтсаң өлтіремін деп жәбірленушіні қорқытса, онда кінәлі ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі бойынша және қорқытқандық үшін қосымша 112-бап бойынша жауапқа тартылады.

Адам өліммен ұштасқан зорлау, қасақана адам өлтіру ретінде, ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «к» тармағы бойынша саралануға тиіс.

Зорлаған кезде қатыгездік танытудың белгісі — зорлап жыныстық қатынас жасау кезінде жәбірленушінің немесе басқа адамдардың тәнін, жанын  қатты ауырту. Азаптау, қинау, т. б. жан  күйзелту — жәбірленушінің қарсылығын басатын тәсіл болып табылады. Әйелді жақын, туыс адамдарының көзінше, әдейі көрсетіп зорлау да аса қатыгездікке жатады.

3. Жәбірленушінің соз  ауруын жұқтырып алуына әкеп  соғатын зорлау. Қылмыстың бұл нышаны болу үшін кінәлі өзінің соз ауруымен ауыратынын білеуге және оның жұғатынын біле тұра зорлап қылмыстық қатынасқа баруы тиіс. ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігінің «а» тармағымен саралау үшін жәбірленушіге кінәлінің қандай ауру жұқтырғаннының маңызы жоқ. Бірақ, егер зорлау кезінде жұққан соз ауруынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келсе, онда ол зорлаудан келген ауыр зардап деп танылуы мүмкін.

4. Бірнеше рет жасалған  зорлау немесе бұрын нәпсіқұмарлық  сипаттағы зорлау әрекеттерін  жасаған адамның зорлауы. Егер  кінәлі екі немесе одан да  көп рет зорлап жыныстық қатынас жасаса, ол бірнеше рет жасалған зорлау деп танылады. Егер, кінәлі ҚР ҚК 121-бабында көзделген қылмысты жасаған болса, онда ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігінің «г» тармағы қолданылады, ал оның сол бірінші қылмысты орындаушы немесе оған қатысушы болғандығының және оған дейін аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс жасағандығының маңызы жоқ. Жәбірленушіні белгілі бір уақыт өткеннен кейін қайта зорлағанда ғана бірнеше зорлау болады. Егер жәбірленуші өне бойы бір адамның немесе топтың қол астында болса, ол созылмалы, бір реттік зорлау болып танылады.

Бұрын жасаған зорлау немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін заңда көрсетілген тәртіппен соттылығы жойылмаған және алынбаған, сонымен бірге егер уақытына қарай соңғы зорлауды немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасаған мезгілде бұрын жасалған зорлау немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдері өтпеген адамдар жауапқа тартылуға жатады. Сонымен бірге зорлаудың немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінің бірнеше рет жасалуын тану үшін кінәлінің бұрын жасаған қылмысы аяқталған немесе оған оқталу болғаны, оның қоса орындаушы немесе қылмысқа басқа да нысанда қатысушы болғаны маңызды емес.

Бір адамға қатысты айтарлықтай емес уақыт аралығында бірнеше жыныстық актіні немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау, егер кінәлі бір ниетпен әрекеттенсе бірнеше рет жасалу белгісін құрамайды және жалғасатын қылмыс ретінде қарастырылуы керек.

Екі немесе одан да көп  зорлау немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы  күш қолдану әрекеттерін жасаған  кезде олар үшін жауаптылық ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының бірінші және екінші бөліктерімен көзделген болса, бұл  әрекеттер ҚК 11-бабы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес, ҚК 120-бабы немесе ҚК 121-бабы екінші бөлігінің г) тармағы (негіздер болған кезде басқа да тиісті тармақтарымен) бойынша саралануға жатады. 
      Бір жағдайда зорлауды немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау аяқталған болса, ал басқасында - осы қылмыстардың біріне оқталса, немесе бір қылмысты жасаған кезде кінәлі оның орындаушысы болған, ал басқаларды жасау кезінде - ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші болса, кінәлінің әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Бұл қылмыстың ерекше сараланған түрлері мыналар:

1. Абайсызда жәбірленушінің  өлуіне әкеп соқтырған зорлау. Жәбірленушінің өлімі зорлау барысында оның қарсылығын басу кезінле болуға және де мұндай зардаптың болуындағы айыптының кінәсі абайламағандықтан болуға тиіс.

Мысалы, зорлау кезінде  дене жарақатын алғандықтан жәбірленуші  көп қан жоғалтады, соның салдарынан қаза табады. Немесе зорланған кейін, қандай да бір ауруы ушығып, жәбірленуші өледі. Мұндай зардаптың болуына, кейде жәбірленушінің өзі де себепкер болады — зорлаудан қашып биік жерден секіріп, өліп кетеді. Өлім тікелей зорлаудың нәтижесінен болса, онда бұл жағдай абайламағандық деп қарастырылмайды.

Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық  сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 4 Нормативтік қаулысының 11 тарауына сәйкес, кінәлі абайсызда жол берген жәбірленушілердің өлімі, денсаулыққа ауыр зиян (соның ішінде жәбірленушінің қылмыстан қорғану үшін таңдап алған тәсілі нәтижесінде, мысалы, биік ғимараттардан, жүріп бара жатқан көліктен немесе поездан секіру кезінде алған) келтіруі, ВИЧ/ЖҚТБ жұқтыруы, сондай-ақ басқа да ауыр салдардың орын алуы, тиісінше ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының үшінші бөлігімен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді.

2. Абайсыз жәбірленушінің  денсаулығына ауыр зиян келтіруге,  оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына  немесе өзге ауыр зардаптарға  әкеп соғатын зорлау. Бұл жағдайда  өзінше бөлек-бөлек үш ауырлататын мән-жай қарастырылған және бұл зардаптарға қатысты кінә абайсыздық болуға тиіс. Зорлау факторы мен денсаулыққа ауыр зиян келтіру арасындағы қажетті себептік байланыс анықталған жағдайда ғана бұл үш мән-жай зорлаудың ерекше ауыр зардаптары деп саналады.

Зорлау қылмысының құрамы