Айғырды пішу

 

Кіріспе 

 

 

 

           Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде-мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

           Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.

Пішілген малдың организмінде заттар алмасуына терең өзгерістер шақырады және осыған орай оның дамуында морфологиялық ерекшеліктер байқалады. Пішілген мал жақсырақ бордақталанады, олардың еті нәзікті, көбірек құнды болады, еркектерде болатын арнайы ерекше жағымсыз иістен және дәмден тазаланады; жүннің сапасы жақсарады; жұмысшы малдар тынық және көбірек шыдамды келеді, пішілген сиырларда сүт шығу дәуірі ұзартылады деген пікір бар. пайдаланатын жануарларды пішуге жібереді. 

Еркектерді емдеу көрсеткіштерімен интравагинальдық жарықтарда, ұмалардың механикалық қирауында, көп уақытқа созылған қабынуда, жалпы қынап қабықтың шемен пайда болған түрлерде, ең бауының күретамырларының варикозды кеңейуінде, ісіктерде пішеді. Сиырларды бордақтануын жақсарту үшін және емдеуге келмейтін бедеулікке апаратын аналық бездердің ауруларында пішеді. Шошқаларды бордақтаудың алдында пішіп жібереді.

Пішу ветеринариялық хирургияда көп кездесетін операцияларға жатады. Асқынудың этиологиясы: негізінен операция техникасы бұзылса, антисептика, асептика ережесі сақталмағанда және операция таза емес алаңда жасалса асқынулар болады. Пішуді шаруашылықта жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық шаралардың басталуынан немесе аяқталуынан 2 аптадан кейін пішуді кешіктірмей жоспарлайды. Дәл осылай жоспармен жұмысшы малдарды пішеді.

 

Айғырды пішу 

 

Пішу - жыныс бездерінің қызметін жасанды түрде тоқтатуы. Оны әртүрлі әдістермен жүзеге асыруы мүмкін. Көбінде пішу арқылы жыныс бездерін кесіп алып тастайды. Еркектерде жыныс бездердің қан мен қамтамасыздығын және инервациясын бұзу, операциялық тәсілдерді қолдаумен оның құрамын толық немесе жарым - жарты қиратылады. Жыныс бездердің функциясы және басқа әсерлермен тоқтату мүмкін, мысалы радиоактивтілік сәулеленудің, химиялық және гармондық дәрілердің қолдануымен қазіргі заманда иммунологиялық пішу тәсілдеріде бар. Хирургиялық операциялық пішудің үлкен шаруашылық мағынасы бар. 

 Пішілген малдың организмінде заттар алмасуына терең өзгерістер шақырады және осыған орай оның дамуында морфологиялық ерекшеліктер байқалады. Пішілген мал жақсырақ бордақталанады, олардың еті нәзікті, көбірек құнды болады, еркектерде болатын арнайы ерекше жағымсыз иістен және дәмден тазаланады; жүннің сапасы жақсарады; жұмысшы малдар тынық және көбірек шыдамды келеді, пішілген сиырларда сүт шығу дәуірі ұзартылады деген пікір бар.     
       Жыныс бездері толық алынғанда, еркек малда оны орхидектомия (грек. Orhis - жұмыртқалық, ectomte - иссечение), ал ұрғашыларда - овариэктомия деп атайды. (Лат. Ovarium - аналық без). 

Пішуге көрсетулер және қарсы дәлелдері. Пішуді мал шаруашылығында бордақыланатын малдан қосымша май, ет және жүн алуда қолданады, өсіруге жрамдысыз еркектерді кездейсоқ ұрықтандыру қақпайлауына, сонымен қатар малды топтап ұстауын жеңілтуіне және малды жұмысқа пайдалануын жеңілдету үшін. Көбінде асылтұқымды емес және жұмысқа пайдаланатын жануарларды пішуге жібереді [1]. 

Еркектерді емдеу көрсеткіштерімен интравагинальдық жарықтарда, ұмалардың механикалық қирауында, көп уақытқа созылған қабынуда, жалпы қынап қабықтың шемен пайда болған түрлерде, ең бауының күретамырларының варикозды кеңейуінде, ісіктерде пішеді. Сиырларды бордақтануын жақсарту үшін және емдеуге келмейтін бедеулікке апаратын аналық бездердің ауруларында пішеді. Шошқаларды бордақтаудың алдында пішіп жібереді. 

Пішуді шаруашылықта жұқпалы ауруларға қарсы (топалаң, эмкар, тіліме және шошқалардың обасы және т.б.) профилактикалық шаралардың басталуынан немесе аяқталуынан 2 аптадан кейін пішуді кешіктірмей жоспарлайды. 

Дәл оосылай жоспармен жұмысшы малдарды пішеді.

Бекіту.    Операцияны жатқан немесе тұрған малға орындайды. Жатқан оқиғада жығу тәсілдерінің бірін қолданып малды сол жағына жатқызып, оң жамбас аяғын операция орыны толық жақсы ашылғанша тарта түсе бекітіп байлайды. Қалған аяқтарын бос қалдырады. Тек кәрі және күшті бұқалардың кеуде аяқарын тұсамыс буындардан жоғарырақ бірге қосып байланыстырады.Тұрғызып пішкенде (жас өгізшілерді пішуде) малды бағанаға қысқа байлап, мұрын қысқышымен басын бекітеді. Жақсы бекіту үшін жамбас аяқтарына тілерсек тұсына бұрау салуға болады.  

Айғырды пішу үшін арнайы стационарлық жабтықтарды дайындауға болады. Ол бір азықтанатын науамен біріккен, сырғауылдардан жасаған 10 ағаш станоктардан құрылады. Станоктардың жанында 10 бас мал сиятын қаша жайғастырады, одан мал тек станоктар арқылы шығады. Жануарлар артқа шегінбеу үшін, оларды әрбір станокта болатын металл тұтқамен арттан бекітеді. Малдың басында тұратын көмекші пішу, орындалулары өлшеммен, станоктан станокқа кешіп өте олардың бекемдеуін жүзеге асырады. Операцияны жасаушы хирург малдың артында тұрады.   

Жансыздандыру.     Бір жастан жоғары бұқаларға пішуді жансыздандырумен орындау қажет. Анестезияны тұқымдық тікелей ен бауына ұманың мойындарына немесе интратестикулярды еннің қабатына жансыздандыратын ерітінділерді иньекциялайды. Ұманы қосымша кесу сызығын новокайнмен жансыздандырады.  

 Негізінде бұқаларды   2 әдіспен пішеді:      қансыз (перкутарлық) және қанды.   

Қансыз (перкутарлық)     әдіс ен бауын механикалық әсерімен жүзеге асады.

Ен бауын перкутарлық мыжуының мақсаты енді қанмен және жүйкеленуін қамтамасыз етуін тоқтату. Перкуталық пішуді жасау үшін Бурдиццо, И.А. Телятников, М.А. Ханин - Тыныбековтың және т.б. қысқыштарын қолданады. 

 Сол қолмен ұманың  мойнынан алып оны сипалап  ішіндегі бір ен бауын табады. Оны латероалды тартып оның нұсқасына Бурдиццо қысқышының браншын орналастырып тері арқылы ен бауын қысып, 0,5 - 1 минут қысқышты жібермей ұстайды, содан соң қысқышты 1,5 - 2 см төмен жылжытып орналастырып ен бауын екінші қайтара жаншиды. Осы істерді екінші енге қайталап жасайды. 

 Телятниковтың (№ 2 үлгі) немесе Ханин - Тыныбековтың қысқыштармен  енге жақынырақ (тамырлыны конус шектеріне) орналастырып әдеттегі тек қана бір рет қысады. Ен бауын ұманың шетіне жылжытып үстінен қысқыштардың еріндерінің

 

 

арасына жайғастырады, одан кейін қысқыштың тұтқаларын екі қолмен жылдам қысып 5 секундтен артық ұстайды. Сықыр сезілсе ол ен бауының жарылуын көрсетеді. Сықыр байқалмаған жағдайда қысқышты алып 1,5 - 2 см жоғарырақ қайтадан орналастырады. Дәл осылайша екінші ен бауына әсер жасайды. Қысқышты салған орнында ен бауларының аралықтарында шұңқыр байқалады, содан соң 10 - 15 минут мөлшерде сол орында емен немесе грециялық жаңғақ көлеміндей гематома пайда болады. Бір айдан кейін пішу нәтижесін тексереді, егер ендер азаймаса, операцияны қайталайды. Кейбір тәжірибелер Телятниковтың қысқышын, ен бауына екі рет салу қажет деп санайды сонда еннің қанмен қамтамасыз етуіне кепілдігі толық жетеді және оның регенарация болуының алды. Перкутарлық әдіспен пішілген өгізшелер, енді толық алып тастап пішкендермен салыстырғанда бордақтаған кезде оларға азықтың аз шығынымен (5 - 10%), тірі салмағы өсуі 8 - 17% артық болған, және олардың ұшасы 6 - 10% ауыр тартқан. 

Жасанды криторхизмды 1,5 - 2 айлық бұқаларға ұма төменгі бөліміне енді жоғары қынаптық каналға тықсырып, эластратор (ампутатор), арқылы резеңке сақина салуымен өңдейді. 15 күннен кейін күшпен ұманың төменгі бөлім бөлініп түскеннен кейін ендері дамымайды. Пішілген малға шағын мөлшер тестостеронды қолданғанда олардың дене дамуы қарқынды болып, салмағы көбейіп артуына жағдай жасалады бұл тәсіл АҚШ-та пайда болды.     

Қанды әдіс . Техникалық атқарумен және сонымен қатар алатын нәтижесінің ерекшелігімен оның бірнеше түрлері болады.    

 Лигатура қолданумен  пішу. Ұманы сандарды арасынан ішіндегі мазмұнымен қоса ұстап, артқа қарай керіп тартып алып оның каудальдық немесе латеральдық жағынан ен сыртқа шығатындай көлемде тік тіледі. Тілгенде ұманың барлық қабаттарын және жалпы қынап қабықты толық ашады. Жараның төменгі бөлімде қынаптың буданы және проксимально онан әрі жыртып ен бауының жіңішкертілген учаске деңгейін жеетіліп оны ашып алады. Ен бауына № 8 - 10 жібек немесе синтетикалық лайықты жуандықты жіптен лигатура салып, оны пішулік тәрізді түйінмен байлайды. 

Ен бауын лигатурадан 2 - 2,5 см төмен қайшымен кесіп алады. Ен бауының тұтқылына 5% йод ерітіндісін жағып, жара жақтарын дезинфекциялайтын маймен жабады немесе асептикалық күрделі ұнтақ (йодоформ, ақ стрептоцид және бор қышқылы) салады. 

 Қосалқаның құйрығының  резекциясы малдың гормондық    

функциясын сақтап, тек қана жыныс клеткаларын өндіруі мен шығару қабілеттілігінен айырады. Мына тәсіл негізінде жыныс стерилдеуіне келеді.

Операцияны тұрған малған орындайды, кейін ұманың төменгі бөлімінің терісін әсіресе түп аумағын мұқият зарарсыздандырып, операция жасаушы сол қолмен оны енмен бірге төмен тартады. Ұма терісінің бүрмелері толық түзелуге тиісті. Ұма тігіске перпендикулярды тікелей оның сол және оң жағынан ұманың түптер қабаттарын жалпы қынаптық қабықпен қоса жарып тіледі. Кесу ұзындығы әрбір жақта 1,5 - 2 см болады. Жара қуысы арқылы қосалақаның құйрықтарын жеңіл салмақ салумен сыртқа шығарып оларды қайшымен кесіп тастайды. Жаралардың шеңберін йод ерітіндісімен домдайды. Жара жақсы жазылады. Пішілген малды сиырлардан бөлек ұстайды.

Малдарды пішу, кебінесе жас төлдерді (бұзау.қозы, лақ т.б.) экономикалық тиіміділігі үшін өнімнің сапасын жақсарту, бір бағытты тұқым алу мақсатында (тексіз аталы малдар пішіледі) жүргізіледі. Үй жануарларын (мысық) жағымсыз иіс шықпас үшін пішеді. Өкінішке орай пішуден кейін көптеген асқынулар кездеседі

Пішу ветеринариялық хирургияда көп кездесетін операцияларға жатады. Асқынудың этиологиясы: негізінен операция техникасы бұзылса, антисептика, асептика ережесі сақталмағанда және операция таза емес алаңда жасалса асқынулар болады.

Пішуден кейінгі асқынулар төмендегідей жіктеледі: ерте қан ағу, кеш қан ағу, операциядан кейін жануарлар антисанитарлық жағдайда күтіліп, организмнің жалпы қорғаныс күші азайғанда және табиғи саңалаулары кеңдігінен (шап, ен, кіндік т.б.) болатын асқынулар тіркелген. Жануарларды пішу алдында зерттеу керек. Оларды пішетін шаруашылықтарда індетті инфекциялық аурулардың тұтануы және жаңа ошағы анықталғанда пішуге болмайды. Табиғи саңылаулары кең жануарлар (қоян т.б.) сақтықпен пішкен жөн. Іріңді операциядан соң пішуге қатал тиым салынады. 

 

Пішуден кейінгі қан ағу 

 

Қан ағу біріншілік-пішіп жатқанда, екіншілік пішкенен соң кішкене уақыттан соң, кешірек пішкенен соң бірнеше күн өткеннен кейін қанағу болады.     

 Қан ағудың себептері: Пішудің техникасы бұзылғанда, инструмент  дұрыс қайралмаса немесе дайындалмағанда; ен бауының қан тамырларында патологиялық өзгерістер болғанда; қан тез ұйымағанда, аш диета 12 сағатта көп болғанда;малды жығып байлағанда жедел қимылдар жасалып зақымдануда және генетикалық саңылаулар кең болса (шап, кіндік, т.б) құрсақ қуысындағы мүшелер сыртқа шығып жараланудан соң қан ағу басталады. 

 

 

 

 

Клиникалық белгілері: Жай дұрыс пішуде қан кескен жерден сел ағып тез тоқтайды. Ал патологиялық қан ағуда ол тамшылап көп мөлшерде ұзақ ағады. Осы қан ағу патологиясының ішіндегі, мал өміріне қауіптісі, ен бауынан қан ағу, бұның себебі оны қатты жұлқып (ішкі, сыртқы тұқымдық жыныстыру артериясы, шәует тұқым түтікшесін) үзуден. Бұдан қан зуылдап ағады. Аққан қан жалпы сірлі қабық қуысына жиналады.

Пішкен малдан қан кеп кеткенде конъюнктиваның, басқа кілегей қабықтардың түсі өзгеріп, пульс, демалыс бұзылып, қанда гемоглобин мен эритроцит азайып, мал қалшылдап жүріс тұрысы бұзылады. Бір сөзбен айтқанда, жануардың жалпы жағдайы төмендейді.

Ен бауынан қанның зуылдап көп мөлшерде ағуы - сыртқы және жыныстың артерияның және шәует түтікшесі артерияларының қабырғасының бұзылуынан болады [3].

Балау: Сырткы қан ағуды визуальды байқаймыз, ал ішкі қан ағуда кілегей қабықтгодың түсінің өзгеруінен білеміз.

Емі: 1. Егерде ен қабынан қан ақса, оны гемостатикалық пинцеттермен қысып қан аққан жерге лигатура салып не болмаса тампон жасап тоқтатуға болады; . 2 Егерде ен бауынан қан ақса төмендегідей істейміз: а) малды қайтадан жығу; б) ен қабығының ішін ұйыған заттардан тазалау; в) жалпы қынап қабықшасын Пьяна қысқышымен қысып жазады; г) ен бауының ұшын, қолмен болмаса Корнцанг қысқышымен тауып өзімізге тартып лигатура саламыз.

Қанағу біріншілік-пішіп жатқанда, екіншілік пішкенен соң кішкене уақыттан соң, кешірек пішкенен соң бірнеше күн өткеннен кейін қанағу болады.

Қанағудың себептері: Пішудің техникасы бұзылғанда, инструмент дұрыс қайралмаса немесе дайындалмағанда; ен бауының қан тамырларында патологиялық өзгерістер болғанда; қан тез ұйымағанда, аш диета 12 сағаттан көп болғанда; малды жығып байлағанда жедел қимылдар жасалып зақымдануда және генетикалық саңылаулар кең болса (шап, кіндік, т.б) құрсақ қуысындағы мүшелер сыртқа шығып жараланудан (жыртылудан) соң қанағу басталады.

Клиникалық белгілері: Жай дұрыс пішуде қан кескен жерден сәл ағып тез тоқтайды, ал патологиялық қанағуда ол тамшылап көп мөлшерде ұзақ ағады. Осы қан ағу патологиясының ішіндегі, мал өміріне қауіптісі, ен бауынан қан ағу, бұның себебі оны қатты жұлқып (ішкі, сыртқы тұқымдық жыныстық артериясы, шәует түтікшесі артериясынан). 

 

 

 

 

 Жануарларды пішуден кейінгі асқынулар 

 

             Пішу ветеринариялық хирургияда көп кездесетін операцияларға жатады.Асқынудың этиологиясы: негізінен операция техникасы бұзылса, антисептика, асептика ережесі сақталмағанда және операция таза емес алаңда жасалса асқынулар болады.

Пішуден кейінгі асқынулар төмендегідей жіктеледі: ерте асқыну, кеш асқыну, операциядан жануарлар антисанитарлық жағдайы күтіліп, организмнің жалпы қорғаныс күші азайғанда және табиғи саңылаулары кеңдігінен (шап, ен, кіндік т.б.) болатын асқынулар тіркелген [8].

Жануарларды пішу алдында зерттеу керек. Оларды пішетін шаруашылықтарда індетті инфекциялық аурулардың тұтануы және жаңа ошағы анықтағанда пішуге болмайды. Табиғи саңылаулары кең жануарлар (қоян т.б.) сақтықпен пішкен жөн. Іріңді операциядан соң пішуге қатал тиым салынады. 

 

Ұманың жалпы сірлі қабығының түсуі 

 

Көбінесе жылқы мен түйе түліктерінде кездеседі.

Себебі: 1) пішкенде ұманың басқа ұлпалардың күшке салып қатты тартқаннан өткенде бұлшық еті эластикалық қабықша сірлі қабықшадан бөлінеді.

2) қысқышпен қысқанда немесе  лигатура салғанда сірлі қабықтың  сырғып кетуінен.

Клиникасы: пішкен кезде немесе белгілі уақыт өткен соң ұманың кесілген жерінен ақ жапырақша шығып тұрады. Ол ластанып, үстіне микробтар түсіп, бетіне фибринді экссудат пайда болады және ез айналасындағы терісі ісінеді.

Балау: осы айтылған белгілерді көзбен кереміз. [10].

Болжам: бастапқы мезгілінде жақсы, уақыт өткен сайын қауіпті.

Емі: шыққан белігіне антисептикалық ерітінділермен жуып-шайып, қан ағуын тоқтатамыз, жансыз жерінен кесіп тастаймыз.Алдын-ала себебін жойып, малды пішкенде сақ болған жөн.  

 

 

     

 

 

 

  Өзіндік зерттеу - Ауру тарихы  

 

     Өзіндік зерттеу жұмысымды Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылында Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, айғырды пішуден кейінгі ауырып тұрған айғырды емдедім.  

 

 

 Proanamnesis

Малдың түрі-айғыр

Малдың жынысы - ұрғашы

Малдың жасы - 4

Малдың тұқымы - шведский

Малдың салмағы - 430

Малдың лақап аты - марқа

Малдың иесі - Нұржанов Жандаулет

Мекен - жайы – Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылы Бибітшілік көшесі №10 үй 

 

 

   Анамнез справка 

Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі құнарлы, витаминедерге бай азықтармен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін - өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын - соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Малдың иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.

Малдың күндіз серуендегенде, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей тұрып алады. Малдың мінез-құлқы өзгерген, қабаған, аяғын басарда сылтып басады. Қара малда бұрын бұрын - соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады.Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10,03. 2010 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген. 

 

 

   Анамнез заболевания 

 

Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Болмашы қозғалысының өзінде ауырсынуы және сықырлау байқалады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды. Қан ағу патологиясының ішіндегі, мал өміріне қауіптісі, ен бауынан қан ағу, бұның себебі оны қатты жұлқып (Бұдан қан зуылдап ағып тұр. Аққан қан жалпы сірлі қабық қуысына жиналған. 

 

 

 Статус prоesens соттишз Universale

Дене температурасы 1 ° - 37,5 ° С

Тамыр соғысы - 44

Тыныс алуы -16

Малдың жалпы жағдайы - күйзеліңкі

Дене бітімі - орташа

Қоңдылығы - орташа 

 

 

   Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу

Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Айғырда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.

Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.

Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы - көмескі. Жүрек саздарының тазалығы - 1 - ші және 2 - ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.

Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.

Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі.

 

 

 

Тыныстану жүйесін зерттеу.

Тыныс алу түрінің ырғағы аралас, ендікпесі жоқ. Өкпесін тыңдағанда фонендоскоп қолдандым. Маңдай, жоғары жақ қуыстарын, ауа капшықтарын пальпация және перкуссия жолымен тексергенімде өзгеріссіз.

Тыныс алу кезінде сыртқа шыққан ауаны зерттеген кезде оның танаудан шыққан екпіннің күшін, қызуын, иісін (жағымсызиіс - өкпе шірігенде), ацетон иісі - кетозда, аммиак иісі - уремияда білінеді.

Тыныс алу қозғалысын зерттеу көкіректі анықтап көруден, көргенде оның сыртқы пішінін, көлемін және көкірек қозғалысын, тыныс алу түрін, санын, жиілігін, ырғағын және тыныс алу қозғалысының біргей, бір мезгілде қозғалуын анықтаудан басталады.Көкіректің көлемін, қозғалысын және сырт пішінін малдың оң жақ, сол жақ қапталынан және артқы жағынан қараумен анықтайды.

Тыныс алу санын көкірек клеткасының бұлшық еттерінің жиырылуына, жылқы танауының желбіреуіне, тынысты сыртқа шығару екпінін санаумен анықтайды. Ауру малдарда тыныс алудың жиілеуі кездеседі және тереңнен жеңіл - жалпы дем алуы кездеседі.

Көмей және кеңірдікті тексергенімде пішіні өзгеріссіз, ауырсыну жоқ, жергілікті қызуы байқалмайды, көмей рефлексі орташа.

Өкпені аускультациялау кезінде - тыныс күшінің шуылдары жоқ, орны және сапасы өзгеріссіз, бөгде шуылдар - сырыл, қытырлау дыбыстары естілмейді, өзгеріссіз.

Өкпені перкуссиялағанымда - перкуссияның дыбыстық сипаты, естілу орны шекарасы өзгеріссіз жақсы сақталған

Дені сау малдардың мұрнынан су ағуы байқалмайды (немесе азғана сулы, сулы - кілегейлі сұйық байқалады). Мұрын, өкпе, бронх, қосалқы қуыстар қабынғанда және өкпе ісінгенде танаудан жайылмайтын (ұдайы) немесе әлсін - әлсін (араласып) бөлініп отыратын су ағу байқалады, ол сұйық, кілегейлі, кілегейлі - іріңді, іріңді - сасық иісті болып келеді.

Тыныс алу мүшелерін зерттеген кезде тыныс ырғағына көңіл бөледі - бұл демді ішке және сыртқа шығарудың өзара кездесіп алмасып тұруы.

Ұсақ малдарда саусақтар көмегімен нұқу тәсілі қолданылады. Көкіректі нұқу қабырғалар арасымен жоғарыдан төмен қарай соғу арқылы іске асады. Дені сау малдардың өкпе тұсын нұқығанда айқын, созылыңқы, дыңғырлаған дыбыс естіледі, ол өкпенің анық нұқу дыбысы деп аталады. Ал ірі қара малдарда аспаптық нұқу болады. Нұқу кезінде өкпенің шекараларын анықтайды, оны өкпенің ашық нұқу дыбысының сызданған сыбырлы немесе даңғырлаған дыбысқа ауысқандығынан білеміз.Дені сау малдардың көкірегін нұқығанда өкпенің анық нұқу дыбысын естиміз. Ауру малдарда нұқу дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады.

Шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда), сызданған сыбырлы (экссудатты плевритте, өкпенің фибринді  
қабынуы, жылқының плевропневмониясы, ала өкпе).

Даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюі, кеуде  
қуысына ауа толғанда пневмоторакс).

Шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда ішкі қабаты тегіс қатты болады).

Түбі тесік қауақ тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып ол бронхы арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысқанда шығады).

Өкпенің артқы нұқу шекарасы көлденеңінен жүргізілген үш түзу арқылы анықталады; 1.Сербек түзуі; 2.Жамбас сүйегінің төменгі басынан жүргізілген түзуі; 3. Иық буыны түзеді. Ауру малдың өкпесі таза, артық шулар жоқ.

Азық қорыту жүйесін зерттеу

Азыққа тәбеті орташа төмендеген, шөлдемейді. Азық пен суды еркін қабылдайды, шайнау сипаты жақсы, жұлыну, кекіру, құсу жоқ.

Ауыз қуысын ашып тексергенімде жоғарғы таңдайдың, жақтың, қызыл шектің, тілдің, еріннің, кілегей қабықтарының жағдайы, ауыздан шыққан иіс, сілекей бөлуі, тістердің жағдайы жақсы сақталған, өзгеріссіз. Өңешті пальпациялау арқылы тексергенімде ауырсынуы жоқ.

Ауыз қуысы мүшелерінің зерттеу кезінде тісі жоқ жерінен қолды енгізіп, тілді сыртқа шығару арқылы немесе ауыз кергішті (зевник) енгізу арқылы аузын ашамыз. Содан соң мыналарға көңіл аудару керек; 1. Көру арқылы және сипау тәсілдері арқылы шырышты қабықтың күйін білу және зерттеу. Көзбен көру арқылы шырышты қабықтың түсуін, түсін оның өзгерістерін, жара және бөртпелері бар жағын анықтайды. Ауыздың шырышты қабығын сипап оның қызуын, сезімталдығын және құрзақтығын анықтайды.

2.Ауыздан шыққан иісті мал сілекейімен сулаған мақтаны иіскеп анықтайды. З.Тілді көру арқылы дақтарды және ісікті анықтайды.

4.Тістің күйін қараған  кезде, тістің босауын, желінуін, түсуін, және оның өсіп кетуін анықтау  керек.

Азық қорыту жүйесін зерттеу иттің азық қабылдау және су ішу қабілетін тексеруден басталады. Мал азықты қалай қабылдайды және суды қалай ішетінін анықтай отыра мынандай құбылыстарға мұқият зер салып қарау қажет;

а) Тәбет және оның бұзылуы;

б) Жұлу және шайнау, оның өзгерісі;

в) Құсу, кекіру және күйіс қайтару және олардың бұзылуы;

Ауыз қуысын, жұтқыншақты, өңешті және құстың жемсауын зерттеу. Ауыз қуысын зерттеудің негізгі тәсілдері көру, сипау және қосымша иіс сезетін мүшелер арқылы шыққан иісті анықтау. (Иіскеу). Дұрыстап зерттеу үшін ауыз кергіштер қолданылады.Көзбен көру ауыз қуысының жабылуын және ашылуын, еріндерінің еріксіз қозғалуын, сілекей бөлінуінің және олардың бөтен өзгерістерін анықтаймыз.

Зәр бөлу жүйесін зерттеу

Несеп бөлу актісі - жиілігі жоқ, несептің мөлшері орташа, несеп бөлу кезінде ауырсыну байқалмайды.

Бүйрек пен қуықта сипау кезінде көлемі өзгермеген, пішіні сақталған, консистенциясы жақсы, ауырсыну жоқ, қуықты тексеру үшін катетор енгізгенімде бөгде заттың болмағанын анықтадым.

Несептің физикалық қасиетін анықтадым. Несеп тұсы. Шыны цилиндрге зерттеуге арналған несепті құйып, сосын оның түсін күндізгі жарықта анықтадым.

Малдың түріне қарай несеп түсі - ақшыл - сарыдан, ашық - қоңыр аралығында болады. Несеп тұсінің өзгеруі ондағы басқа заттардың қосылуы салдарынан болады, несеп құрамында қан, гемоглобин, өт пигменттері және басқа да заттардың денедегі ауруды анықтау немесе емдеу мақсатымен жіберілген дәрі - дәрмектің түсіне байланысты.

б) Несеп консистенциясы (сұйықтығы). Несеп сұйықтығын екі шыны ыдыс алып оның біреуіне несеп құйып, содан соң оны жайлап келесі ыдысқа сапыра құю арқылы анықтайды. Барлық малдарда (дара тұяқтылардан басқа) несеп су тәрізді болады.Дара тұлқтыларда несеп кілегейлі болып келеді, құйғанда жіп тәрізді болады да ағады, себебі несеп құрамында муцин сілекейінің болуы.в) Несептің иісін сезім мүшелерімен анықтайды. сиырдың түріне қарай өзіне тән, лайықты несеп иісі болады.Қуық сал болғанда, қабынғанда, уратрадан несеп өтпей қалғанда несеп құрамының бұзылуы байқалады, осы сезде аммиактың иісі пайда болады. Куық ісігінде шіріген иіс, кетозда ацетон иісі кездеседі г) Несептің салыстырмалы тығыздығын анықтау.

Цилиндрге несепті құйып, оған жайлап бөліктерінде 1,0 - ден 1060 санына дейінгі көрсеткіші бар уро метрді батырады.Урометр бір қалыпқа келген соң оның төменгі шкаладағы бөлігіндегі көрсеткішін белгілеп анықтайды. Нефритте, нефроз, склерозда несеп тығыздығының төмендеуі байқалады. Несеп тығыздығының көтерілуі диспепсияда, колибактериозда, паратуберкулезде, құсқа да, шаншуда және дене қызуы көтерілгенде кездеседі. Несептің ракциясын индикаторлы қағаздың көмегімен анықтайды. Ол үшін идикаторды несепке батырып алып, содан соң индикаторды түрлі-түсті ілгілермен (бөліктермен) шкаламен салыстырып анықтайды, ондағы сандармен белгіленген сан бөліктері шкала несептің қандай реакция екенін көрсетеді.

Циститте, қуық қабынғанда, мал құсқаннан соң несеп негізгі сілтілі болып келеді. Қышқылды несеп бүйрек жүмысының жетіспеушілігінде, мал ұзақ ашыққанда және дене қызуы көтерілетін кейбір ауруларда кездеседі.

Ауырған сиырдың несеп бөлу жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер жоқ.     

  Жүйке жүйесін зерттеу

Бас сүйекпен омыртқа бағана жотасының жағдайы - пішіні өзгермеген, перкуссиялау кезінде ауырсыну байқалмайды, мінез - құлқы орташа, сезім мүшелері жақсы сақталған, көру сезімі жақсы, лақап атын атағанда оның есту мүшесінің жақсы екенін байқадым, бел омыртқасын сипап көргенімде бойын тік ұстады, иіс сезу мүшесін зерттегенімде және теріні зерттегенімде өзгеріссіз болды.

Айғырдың бас сүйегінің ми сауыты мен омыртқасын зерттеу. Көру арқылы малдың бас сүйегінің ми сауытының мынандай ерекшеліктеріне көңіл аударамыз; көлемі мен пішініне, оның мүмкін болатын өзгерулеріне (шеке тұсының ісінуіне, бас сүйегінің соққыдан зақымдануы).

Сипау әдісімен бас сүйегінің ми сауытына жақын түрған терінің ығысуын (ысу - менингит бас миының қабықшасының қабынуы), жұқпалы індетті энцефалит ауруында (ауырсынуы байқалуы) қой ценурозы, эхиноккоз (құрт ауруы), мидың ісінуі кезінде және сүйек ұлпасының жұмсаруын анықтау қажет. Бас сүйегінің ми сауытын нұқу дыбыстың өзгерілуі бар ми санын анықтау қажет. Көру, сипау және нұқу тәсілдерімен омыртқаны зерттеп, одан алынған мәліметтерді арнайы дәптерге жазу керек.

Вегетативтік жүйке тамыр жүйесін зерттеу. Мал дәрігерлік тәжірибеде вегетативтік жүйке тамыр жүйесінің ахуалын анықтау үшін қолданылады. Бұл мақсатта көз - жүрек рефлексі қолданылады, ол үшін ең алдымен малдардың жүрек соғуының 30 секунд уақыт аралығындағы санын анықтайды. Содан соң Шаптала аспабымен немесе қол саусақтарымен көз шарасын 20-30 мм сынап бағанасы шамасындай күшпен босады. Тексерілген ауру малдың жүйке - жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер байқалмайды.

Негізгі ауру ошағын зерттеу. Ауру белгісінің деңгейінің айқын білінуі сынықтың түріне байланысты: толық емес, жабық сынықтарда - тірегіштік ақсау орташа немесе жоғары деңгейде сынған аяқ қозғалғанда ауырсыну байқалады; тыныштық күйінде - аяқтың жартылай иілген күйінде тұяқтың ілініп жеңіл сүйенуі, толық сынықта - ақсаңдау жоғары деңгейде; ауру аяқтың сүйеніп, тіреліп тұра алмауы, ауырсыну ісіну, крепитация; сынықтардың жылжуыңда - деформация, буын ішілік сынықта - буынның қалыпсыз қозғалуы, гемоартроз. Сиырдың жүрісінің бұзылуы айқын білінеді. Толық сынуда аяқтың маятник - тәрізді қозғалысы, крепитация және сынған жердің қатты ауырсынуы байқаладым.

Айғырды пішу