Анализ финансовой деятельности. 5
Жоспар
Кіріспе.......................
Ι
Инфляцияның мәні, туу себептері.
1.1 Инфляцияның
экономикадағы мәні...........
1.2 Инфляцияның
пайда болу себептері.....................
1.3 Инфляцияның
түрлері.......................
ΙΙ
Инфляцияны ауыздықтау және
тоқтату жолдары
2.1 Инфляцияның
зардаптары және оны азайту
іс-шаралары...................
2.2 Табыс –
инфляциясымен күрестің басты
құралы........................
ΙΙΙ
Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері
және инфляцияға қарсы саясат........................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып, болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе, соның ішінде баға, табыс, жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты. Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс, инфляция, табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін, екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады.
Экономиканың өзін макроэкономика және микроэкономика деп екі салада қарастырамыз. Бұл екі сала өзара бір – бірімен тығыз байланысты болады. Міне, осы макроэкономика саласының күрделі мәселелерінің бірі - инфляция болып табылады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар 1775 – 1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789 – 1794 жылдары революция кезінде ендірілген қағаз ақшалар 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет ″ инфляция ″ деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ – та Азамат соғысы кезінде / 1851 – 1865 ж.ж / орасан зор гривналар /ақша орнына қолданылған күміс кесек 450 млн доллар / шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60 % -ке дейін төмендеді.
Инфляция
тек қағаз ақшаға тән және
ол экономиканың кез – келген
үлгісінде орын алады, көбінесе
инфляция айналымдағы ақшаның
көбеюімен бейнеленеді. Бірақ кейде,
инфляциялық ахуал, айналымдағы
ақшаның саны бір қалыпта
қалған күнде – де туады. Мысалы,
егер елде тауар өнімінің
көлемі азайып кетсе, онымен
тікелей байланысты тауар айналымының
да көлемі азаяды. Олай болса,
оларға жұмыс жасайтын ақшаның
да саны азаяды. Сөйтіп, дәл осы
кезде айналымда жүрген ақшаның
кейбір бөлігі артық болып
шығуы мүмкін. Тап осындай жағдай
ақша айналымы жеделдетілсе де
туады. Ақша айналымын жеделдету
, басқа жағдайлары бірдей болғанда,
айналымға қосымша ақша шығарғанмен
бірдей. Инфляция бүгінде әрбір мемлекеттің
экономикалық саясатының күрделі мәселелерінің
бірі болғандықтан, оның мәнін түсіну,
талдап үйрету жоғары сапалы экономист-мамандар
дайындауда маңызды орын алады. Инфляцияның
шығу тегі адамзат қоғамының дамуына байланысты
үнемі өзгеріп отыратыны, ал ХХ ғ. басынан
бастап ол мемлекеттің, орталық банкінің,
жалпы әр елдің экономикасының даму сатысын
көрсететін процеске айналғаны көрсетіледі.
Инфляция әрбір елдің экономикасында
бар.
1.1.
Инфляцияның экономикадағы
мәні
Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында, инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі - inflatio – қампию, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбйіп кетуі процесін білдірген. Осы түсінік ХХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді. Ол қауырт жағдайларда мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт көтеріліп, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШтың бостандық үшін 1775-1783 жылдардағы соғысы және 1861-1865 жылдардағы Азамат соғысы; ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791 жылдарындағы Француз революциясы. Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті, 1923 жылдың күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион (құрамында он бес нолі бар сан) рейхсмаркаға жетіп, ал ақша өлшемі триллион есе құнсызданады. Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе жатқан феномен екенін дәлелдейді.
Инфляция қазіргі нарықты экономикалық және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Инфляцияның
әдеттегі жалпы анықтамасы – тауар
инфляциясының қажеттілігінен ақша
массасының артып кетуі. Бұл ақша
өлшемінің құнсыздануына және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі.
Бірақта инфляцияның бұл
Толығырақ айтқанда, инфляцияның мәні – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі
Демек, инфляцияның дәлірек анықтамасы – ол жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысының арақатынасының бұзылуын көрсететін процесс. Ол нарықтағы жеке бір тауардың емес, елдегі тауардың барлық бағаларының жалпы деңгейінің өскенін көрсетеді. Инфляция кезінде кейбір тауарлардың бағалары қайта төмендеуі мүмкін, оны дефляция деп атайды, ал кейбір бағалар тұрақты болуы мүмкін. Сонымен, инфляцияны күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс және қарама-қайшы процесс ретінде қарастыра отырып, екі жағдайды ескеру қажет: біріншіден, алтын ақшаға қарағанда, құнсыздануға тек қағаз ақшалар ғана ұшырайды. Екіншіден, жоғарыда көрсеткеніміздей инфляция елдегі бағалардың деңгейінің жалпы өскенінен байқалады, ал жеке тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы арақатынасының бұзылуы құн заңымен, реттеліп отырады.
Инфляция айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беруін айтады. Бұл әрине жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән «ғажайып құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-эконмикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция, дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Инфляцияның шығу тегі (мәні мен мағынасы). Медальдің екі жағы сияқты, ақша мен инфляция өзара байланысқан ұғымдар. Инфляцияны кредиттік ақшаның “сырқаты ” деп айтуға болады. Ерте заманда (алтын монетамен сауда-саттық кезінде) инфляция өте сирек кездесетін құбылыс болған (тосын жағдайларда, мысалға, соғыс кезінде немесе жоғарыда айтылғандай құндылығы төмен ақша айналымға түскен жағдайда), яғни бағалар ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтаған.
И.Фишердің айырбас теңдеуі MV = PQ инфляцияның “феноменін” бірінші рет түсіндіре бастады. Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған тауар көлеміне тең болуы тиіс. Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл шарт “автоматты” түрде орындалады. Өйткені ол кезде айналымда тек қана сауда-саттық жүргізуге қажетті алтын ақша (монета) мөлшері болды. Тауар азайған уақытта артық ақша (алтын монеталар) “қазына” (байлық) ретінде жинақталып, “алтын сандықтарда” сақталды. Қажетті тауар көбейіп, ақшаға сұраныс түскенде, сақталған алтын ақшалар қайтадан айналысқа түсіп, тауар бағасының тұрақтылығын ұстады. Алтынға толық айырбасталатын қағаз ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығы сақталып отырады.
Алтын монеталық стандарт жойылғаннан кейін ақша айналымында мүлдем басқа жағдайлар орын алады. Айналымға алтынға айырбасталмайтын қағаз ақшалар шығарылды. Бұл алтын монета айналымы кезіндегі И. Фишердің теңдеуі бойынша инфляцияға қарсы “автоматты ”механизмнің іс-әрекетін тоқтатуға әкелді. Қағаз ақшаларды қазына, байлық ретінде жинақтап бір жерде сақтаудың ешқандай мәні болмады. Ішкі тауар айналымында артық ақшалар айналымда сақталып қала берді, ақшалар ағымы мен тауар арасындағы тепе-теңдік бұзылды. Осының бәрі өз кезегінде экономикада инфляцияның орын алуына әкеліп соқты.
К.
Маркстің классикалық анықтамасы [1.
] бойынша: “...ақша - тауардың айырбастық
құны, ол тауардың өзіндік құнынан бөлінген,
бірақ ол өз бетінше жеке тауар” деп айтқаны
инфляцияның шығу тегін түсінуге шамалы
болса да жарық түсіреді. Егер осы берілген
анықтаманы негізге алатын болсақ, онда
ақша (қағаз ақша) тауардың құнынан бөлініп
шығуымен бірге, өзінің өзіндік құнынан
айрылған тауар. Сондықтан бүгінгі таңдағы
ақша алтын монеталық дәуірдегі ақша айналымы
сияқты жинақталу немесе қайтадан айналымға
түсіп, кеңею қасиеттерінен “автоматты”
түрде айрылған. Сұраныстан жоғары мөлшердегі
қағаз ақша тауар айналымын толтырып,
өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің
бағасының өсуіне әкеліп соғады. Бағаның
өсуі инфляцияның алғашқы айқын көрінісі
болып табылады. Қазіргі таңдағы инфляция
феноменінің мән-мағынасын осылай түсіндіруге
болады.
1.2.
Инфляцияның пайда болу
себептері
Инфляция ақша нарығында туады, сондықтан оның негізгі себептерін ақша айналысындағы келеңсіз өзгерістерден (деформация) байқауға болады. Олар мыналар:
- Мемлекеттің экономикаға араласуы және мемлекеттік сектордың өсуі. Бұның барлығы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы өсуіне, яғни мемлекеттік шығындардың кірісінен асып түсуіне әкеліп соғады. Егер, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы айналысқа қосымша қағаз ақша шығару арқылы немесе Орталық банкінің несиесі есебінен қаржыландырылса, онда айналыстағы ақша массасы (көлемі) өседі. Осындай ұқсас құбылыстар ұлттық табысты тиімсіз пайдалану негізінде пайда болу мүмкін. Әскери шығындар тауармен қамтамасыз етілмеген қосымша сұранысты туғызады, оның нәтижесінде айналыстағы ақша массасы өседі.
- Инфляциялық процестердің дасуына монополиялар мен кәсіподақтар да ықпал етеді. Кез келген монополист немесе олигополист тапшылықты тудыруға ынталы болады (тауарларға деген ұсынысты және өндірісті кеміту негізінде). Бұл жағдайда олар бағаларды жоғары деңгейде ұстауына мүмкіндік алады. Кәсіподақтар да осындай ұқсас жағдайларда әрекет етеді. Олар өз мүшелерінің тіршілік деңгейін қолдау қажеттілігіне сүйену арқылы жалақыны өсіруді талап етеді. Сондықтан, монополиялар мен кәсіподақ бағалардың және жалақының өсуіне ықпал етеді.
- Дүние жүзілік экономиканың ғаламдық сипатының күшеюі жағдайында инфляцияның ауысуы ұлғаяды. Мысалы, кейбір тауарлардың дүние жүзілік бағаларының өсуі, елге импорттайтын тауарлардың бағаларын өсіреді. Мұндай инфляцияға қарсы қолданатын шаралар шектеулі болады.
- Қағаз ақшаның айналысқа жөнсіз шығарылуы және ақша массасына тиісті бақылаудың болмауы. Бұндай жағдайда нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасы пайда болады. Нәтижесінде , нарықтағы барлық тауарлардың бағалары өсу негізінде экономикада біртіндеп инфляция процестері дами бастайды.
- Инфляция «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады. Экономистердің көпшілігінің пікірлерінше, өндірушілер мен халықтың инфляцияны күту себептерін жою мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының ең басты міндеті. Себебі, бағаның үнемі өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның ертең тағы да өсу мүмкіндігін ескере отырып, тауарларды көптеп алады. Сонымен қатар, өндірушілер алдағы иуақытта шикізаттардың материалдардың, қосалқы бөлшектердің бағаларының өсу мүмкіндігін ескере отырып, иөз өнімдеріне жоғары баға белгілейді.
Сөйтіп, инфляцияны күту жағдайында жиынтық сұраныстың тез өсу және жиынтық ұсыныстың баяу дамуы бағалардың жалпы өсуіне әкеліп соғады.
Инфляция процесі барлық елдерге тән құбылыс,бірақ оны қоздыратын факторлардың түрлері жеке елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты болады. Бұрынғы КСРОны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік жатады. Ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді.
Жоғарыда атап өткен инфляцияның себептері сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасындағы тепе-теңдікке әсер етеді. Нәтижесінде, осы диспропорциялардың әсерінен, ең алдымен сұраныс жағынан тепе-теңдік бұзылады. Бұл жағдайда сұраныс инфляциясы пайда болады, яғни халықтың және шаруашылық субъектілердің ақшалай табыстары, тауар ұсынысына қарағанда тез өседі. Сұраныс жағынан сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе теңдіктің бұзылуы мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы, барлық ресурстардың толық қамтылуы жағдайында өндіріс құрал жабдықтарына сұраныстың өсуі нәтижесінде болуы мүмкін. Егер қоғам барлық ресурстарын өндірісте толық пайдаланатын болса, онда өндірушілер артық төлей алатын сұранысқа бірдей (адекватный) жауап бере алмайды. Осының бәрі ақырында бағалардың жалпы өсуіне әкеп соғады.
Ұсыныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы жағдайында бағалардың жалпы өсуі өндіріс шығындарының өсу нәтижесінде болады, яғни жалақының өсуі, шикізат, отын, энергия бағаларының өсу салдарынан кәсіпорындардың шығындары өседі. Өндірілген өнімдердің шығындары өскен сайын кәсіпорындардың қызметтер мен тауарларды өндіруді өсіру үшін қажетті пайдасы кемиді. Нәтижесінде, тауарлар (өндіру) ұсынысы азаяды, соның салдарынан бағалар жалпы өсе бастайды. Практика жүзінде сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясын бір-бірінен ажырату иқиынға соғады. Мысалы, жалақының өсуін, сұраныс инфляциясына немесе ұсыныс инфляциясына жатқызуға болады.
Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін екі фактор, яғни ақшалы факторлар мен ақшалы емес факторлар. Бірінші топтағы ақшалы фактор – ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның курсын бірқалыпты ұстау үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және тағы басқа факторлар.
Екінші топтағы ақшалы емес факторлар – қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі, шаруашылық механизмінің шығындылығы, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық іс-шаралары және сол сияқты факторлар.
Шын мәнінде екі топтағы факторлар бірімен-бірі тығыз байланысып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.
Инфляцияның өмірдегі көрінісі – тауар бағаларының күрт өсуі. Осы көріністі американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт «ақшаның тауарды қууы» деп сипаттайды. Инфляцияның алғашқы себебі – айналымдағы ақша массасы мен сатылуға тиіс тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы. Бұндай диспропорция, біріншіден, өндірістің кенет қысқаруынан, екіншіден, айналымдағы тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Алайда, айналымдағы ақша массасы тұрақты болған кей жағдайларда да инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 40-70-жылдарда АҚШта айналымдағы ақша массасы бір қалыпта болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтің көлемі қысқарып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша айналымының шапшаңдылығын арттырудың нәтижесінен болған инфляция еді. Ақша айналымының шапшаңдығын арттыру өзінің экономикалық тиімділігі жөнінен, басқа жағдйлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарғанға тең.
Инфляция
кезінде капитал өндіріс
Инфляция
- өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық
салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы
және мемлекеттің эмиссиялық саясаты
мен коммерциялық банктердің іскерлігінің
икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі,
әрі көп факторлы құбылыс.
1.3.
Инфляцияның деңгейі
және түрлері.
Инфляция
бағаның өсу динамикасын
Көтерме
сауда баға индексі – тауарлардың
үш тобынан – түпкі тауарлардан,
аралық тауарлардан және өңдеу үшін
дайындалған шикізаттардан
Тұтыну
(бөлшек сауда) бағалары индексі –
тұтыну қоржынына кіретін, қызметтер
мен товарлар үшін есептелінеді:
Тұтыну бағалар = ағымдағы бағалар бойынша тұтыну қоржыны . 100%
индексі
базалық жылдың бағалары бойынша тұтыну
қоржыны
ЖҰӨ
дефляторы түпкі өнімнің
ЖҰӨ дефляторы = белгілі бір жылдың ағымды бағалар бойынша өндіріс көлемі . 100%
индексі базалық жылдың бағалары бойынша белгілі бір жылдағы
Инфляцияның
түрлерін анықтайтын үш белгі болады:
- Баға индексі;
- Тауарлардың әр түрлі топтарының өзгеру дәрежесін көрсететін белгі;
- Күткен және күтпеген инфляция.
Инфляцияның бірінші белгісі бойынша үш түрге бөлінеді: қалыпты инфляция; жоғары қарқынды инфляция; шексіз инфляция.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%-тен аспайды. Экономикалық теория негізінде, даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъект деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай, бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды инфляция тұсында бағаның өсуі 20%-тен 200%-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетеді. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны, айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалады. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға деген сенім жасалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санының көбеюіне тең болады. Салдарында баға қаіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері болатындығын атап өту орынды. Басыңқы инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
50-60-шы жылдарда көптеген әлем елдерінде инфляция орташа, бір қалыпты қарқынмен жүрді. Ал 70-ші жылы ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндірістің қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық процестің ең қызған шағы 70-ші жылдырдың екінші жартысы. Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдың орташа өсуі АҚШта 1956-1965 жылы 1,7%, 1966-1974 жылы 51%,1975-1980 жылы 9,3% болды. Англияда осы кезде ол 3,1; 6,0 және 17,9%, Францияда 5,0 ; 5,9 және 10,9%. 80-ші жылдардың соңына қарай бағаның өсуі қарқынды төмендеп, орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптеген себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары.
Бағалардың өсуінің тепе-теңдік дәрежесі бойынша инфляция балансталған (тепе-теңдік) болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі; балансталмаған (тепе-теңдік емес) инфляция жағдайында тауарлардың бағалары әр түрлі пропорцияда тұрақты өзгеріп отырады.
Яғни, инфляция балансталған, тепе-теңдікті болуы – бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Инфляцияның үшінші белгісі бойынша – күткен және күтпеген инфляцияны айтуға болады. Күткен инфляцияны алдын-ала анықтауға және алдын-ала шаралар қолдануға болады. Күтпеген инфляция стихиялы түрде пайда болады, алдын-ала болжау мүмкін емес, баға кенеттен өседі, ол ақша айналмына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді.
Болжамды күтпеген инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны «жоспарлайды», мысал бағаны Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етедіү егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптенп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияның күтілуі одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі «инфляцияны күту» басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың, бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар рынокқа сатып алу қабілеті бар сұраныс жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне, оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Ибіз рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.
Инфляция ашық түрде болуы мүмкін, яғни тауарлардың бағалары әр түрлі факторлар әсерінен өсіп, ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін. Басыңқы инфляция кезеңінде бағалардың өзгеруі байқалмайды. Бұл инфляция қызметтер мен тауарлар тапшылығы арқылы көрінеді. Инфляцияның бұл түрі жабық экономикалық жүйеге тән құбылыс.
Бағалардың өсуі және артық ақшалардың пайда болуы – бұл инфляцияның сырт көрінісі, оның түпкі себептері экономикадағы тепе-теңдіктің бұзылуында.
Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу себептерін және оларды дамытуға ықпалын тигізетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер инфляцияны сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі. Экономикалық әдебиеттерде бұларды кейде инфляция түрлері, пайда болу тәсілдері, және т.б. атаулармен атайды. Бірақ сұраныс, шығын инфляциясы деген ұғымдар олардың мәнін, тегін толық ашады. Өйткені әрқайсысы экономикадағы инфляциялық құбылыстарды туғызатын факторлардың жиынтығы болып табылады. Сұраныс инфляциясы - өндірістің макроэкономикалық құрылымының жетілмеуінен, нарықтың аймақтық құрылым тараптарына сәйкес орналаспау салдарынан пайда болатын (нарық өндірісі, тұтыну өндірісі, ақша мен қамтамасыздандыру және т.б.) үрдіс. Шығын инфляциясы ХХ ғасырдағы барлық капитализм дәуіріне тән, бағаның шарықтауына және оның қалыптасуына олигополиялық орталықтардың әсерін, кәсіпорындардың пайда табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.
Кейде макроэкономикалық деңгейде инфляцияның үш типі қарастырылады: классикалық, нарықтық және тепе-теңсіздік (дисбалансовый). Классикалық инфляция деп қағаз ақшалардың аса көп шығарылуына байланысты айналым саласында олардың шектен тыс көбеюін айтады; нарықтық инфляцияға шығарылған қағаз ақшалардың сомасы тұрақты болған жағдайда айналымдағы тауар массасының қысқаруы жатады; дисбаланстік инфляция типіне: экономикалық дамудың циклдық сипатынан шығатын макро және микродеңгейде қалыптасқан үйлесімсіздіктерден туатын баға деңгейінің өсуін жатқызады. Көріп отырсыздар, инфляцияның типтерін бұлай үшке бөлудің негізінде сұраныс және шығын инфляцияларының факторлары алынған.
Сұраныс инфляциясы. Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп атайды. Немесе кейбір оқулықтарда көп кездесетін сұраныс инфляциясының анықтамасы бойынша: “...шектен тыс көп ақшаның тым аз тауар санына (массасына) аңға шығуы”. Классикалық экономикалық теория оқулықтарында сұраныс инфляциясының себептерін былай деп тұжырымдайды.

- Анализ финансовой деятельности
- Анализ финансовой деятельности
- Анализ финансовой деятельности
- Анализ финансовой деятельности
- Анализ финансовой деятельности Администрации муниципального образования Надымский район
- Анализ финансовой деятельности (на примере ОАО «Боринское»)
- Анализ финансовой деятельности ОАО «Таганрогский автомобильный завод»
- Анализ финансового состояния предприятия шахта им. Ворошилова
- Анализ финансового состояния предприятия является важнейшим условием успешного управления его финансами
- Анализ финансового состояния фирмы
- Анализ финансового состояния хозяйствующего субъекта
- Анализ финансового состояния хозяйствующего субъекта
- Анализ финансового сотояния предприятия
- Анализ финансового сотстояния ОАО «Нефтехимпроект» на основе показателей коэффициентов ликвидности