Аудит бағдарламасын құрастыру және жүргізу. Аудиторлық қортынды жасаудыңтәртібі
РЕФЕРАТ
Тақырып: Аудит бағдарламасын құрастыру және жүргізу. Аудиторлық қортынды жасаудыңтәртібі.
Орындаған:Имирова Д.А
Тексерген: Шманова Н.С
мАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1.
Аудиторлық қорытындының
1.1. Ұйым басшылығына аудитордың
жазбаша ақпараты..............
1.2 . Аудиторлық қорытындының
құрылымы мен нысандары........
2.
Аудиторлық қорытындының
2.1. Ескертусіз аудиторлық
қорытынды ..............................
2.2. Арнайы мақсаттарға
аудиторлық және теріс
2.3. Тіркеме (аудиторлық
қорытынды)....................
3. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ..........
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
ҚОСЫМШАЛАР....................
КІРІСПЕ
Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процессін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларлы іске асыруүшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері мехнизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Аудиторлық қызмет негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі. Аудиттің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу.
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет аудитордың мамандығы фактілерді жинау және бақылау аудит стандарты аудитор ақпараты, есебі.
- Аудиторлық қорытындының ерекшеліктері
1.1 Аудиторлық қорытындының
«Аудиторлық қызмет
туралы» заңның 15 – бабында атап
көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің
нәтижелері бойынша аудит
Қазақстан Республикасында
аудиторлық қорытынды есепті
құруға негіз болатын
Сондықтан білдірілген
пікірлердің сипатына
- Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды;
- Ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды;
- Аудиторлық қорытынды беруден бас тарту;
- Теріс аудиторлық қорытынды.
Аудиторлық қорытындының
құрылымы мынандай
Қорытынды есептің аты. Аудиторлық қорытынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудитолық қорытынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы
мүмкін қорытынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принцптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудитордың қорытынды есептернің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында «Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.
Адерес иесі (Адресат). Аудиторлық қорытынды есеп жергілікті ережелер мен келісім – шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне жіберілуге тиісті. Әдетте, қорытынды есеп акционерлерге, не болмаса қаржылық қорытынды есебі аудитке тартылатын кәсіпорынның директорлар кеңесіне арналып құрылады.
Аудиторлық қорытынды
есеп кәсіпорынның тексерілген
қаржылық қорытынды есебіне
Қорытынды есепке қаржылық
қорытынды есептің
Қаржылық қорытынды
есеп – кәсіпорын басшылығы
дайындап тапсырған ақпараттар.
Ондай қорытынды есепті
Аудиттің масштабын анықтау. Аудиторлық қорытынды есепте аудитің Халықаралық аудит стандартына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масштабы дегеніміз – аудитордың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады. Ақпаратты пайдаланушыға ол аудиттің жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға немесе тәжірибеге сәйкес орындалғандығының дәлелі ретінде керек.
Аудиторлық стандарттар
немесе тәжірибе ретінде,
Қорытынды есепте аудиттің
жоспарланғандығы және
Аудиторлық қорытынды
есепте төмендегілер кіретін
аудиттің жазбаша суреті
- қаржылық қорытынды есепте ашылған көрсетілетін ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелеудерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу;
- қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық бухгалтерлік есеп жүргізу принциптерін бағалау;
- қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын – ала бағалауларды талдау;
- жалпы қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыруды бағалау.
Қорытынды есепке аудиттің қорытынды жасау үшін қолайлы негізді қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы кіруге тиісті.
Қорытынды жасау . Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндегі аудитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті.
Аудитарлық қорытындыны білдіру үшін пайдаланылатын « дұрыс және дәл көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілірі бойынша дәлберілген» терминдері бір – бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қорытынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғандығын көрсетеді.
Қаржылық қорытынды
есеп дайындап тапсыру негізі
Халықаралық аудит
Есеп беру мерзімі. Аудиторлық қорытынды есебінде қойылыатын мерзім аудиттің аяқталу мерзімі болып табылады. Бұл – аудитордың қаржылық қорытынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғандығы туралы оқырмандарды хбардар етеді.
Аудитордың адресі (мекен-жайы). Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі орналасқан пункт (әдете қала) көрсетілуге тиісті.
Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылдады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.
Аудиторлық ескертулердің нысандары
Барлық ескертулер аудит
масштабының шектеулілігінің
1.2. Ұйым басшылығына аудитордың жазбаша ақпараты
Барлық қажетті процедураларды жүргізіп болғаннан кейін аудитор аудит бағдарламасының барлық пункттерінің орындалу сапасы мен толықтығын, сонымен бірге метериалдық қателер мен бұзушылықтарды өзінің орындылығын айқындайды.
Аудиторлық тексерудің
аяғында процедуралардың
Қорытынды есептің
жекелеген баптары немесе
- Операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудитордың бөлімінің өзара сәйкес келетіндігін;
- Қажетті ақпараттардың лайықты түрде ашылғандығын және қаржылық қорытынды есептегі мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дұрыстығын;
- Қаржылық қорытынды есептің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысты заңдық құжаттардың және басқа нормотивтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;
- Жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізудің нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бұл қорытынды есеп туралы өзінің ой – пікірін тұжырымдай алатындығын.
Енді аудиторлық қорытынды
жасауға болатын шығар. Бірақ
тексеру нәтижелері бойынша
Клиент басшылығына хат – бұл, кәсіпорынның басшысына, иесіне, қатысушылардың жалпы жиналысына жіберілген, аудиторлық тексеру барысы туралы, айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібінен ауытқулар туралы, қаржылық қорытынды есептегі бұзушылықтар, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар туралы толық мәліметтері, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын басқа да ақпараттары бар құжат.
Хаттың нысаны және
жасалу тәртібі фирмашілік
Басшылыққа хат
- Аталуы ( «Аудиторлық есеп беру» немесе «Басшылыққа хат»);
- Адрес иесінің атауы;
- Кіріспе бөлім;
- Талдамалық бөлім;
- Қорытынды бөлім.
Басшылыққа хат - аудиторлық
тексеру жүргізуге тапсырыс
Басшылыққа хаттың
кіріспе бөлімінде аудиторлық
ұйымның реквизеттері, оның ішінде
аудиторлық қызметті жүзеге
Басшылыққа хаттың констатациялау (белгілеу) бөлімінде Халықаралық аудит стандартына сілтемелер болады және оған төмендегілер енгізілуі тиісті:
- Экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері;
- Қаржы – шаруашылық қызметі жүзеге асыру кезінде заңдардың сақталуына тексеру жүргізу нәтижелері;
- Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дұрыстығын тексеру нәтижелері;
- Активтердің жағдайын тексеру нәтижелері.
Экономикалық субъектідегі
ішкі бақылаудың жағдайына
- Ішкі бақылау жүйесінің экономикалық субъект қызметінің масштабы мен сипатына сәйкестігін жалпы бағалау;
- Аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған ішкі бақылау жүйесінің экономикалық субъект қызметінің масштабы мен сипатына елеулі сәйкессіздіктерін бейнелеу.
Экономикалық субъектідегі
бухгалтерлік есеп пен
- Бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген тәртібін бағалау;
- Аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті дайындаудың белгіленген тәртібінің елеулі бұрмалануын көрсету.
Кәсіпорынның қаржы
– шаруашылық операцияларын
Кәсіпорында жүзеге асырылған қаржы–шаруашылық операцияларының заң актілеріне сәйкестігін бағалау;
Аудиторлық тексеру жүргізу
барысында айқындалған
Салықтар және басқа
да міндетті төлемдердің
- Жасалынған және тиісті органдарға тапсырылған салық және басқа да міндеті төлемдер бойынша есептелулердің дұрыстығын бағалау;
- Салықтар және басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің белгіленген тәртібін бұзу фактілерін, салық салынатын базаны анықтау кезіндегі ауытқуылықтарды көрсету.
Активтердің сақталуын
тексеру нәтижелері оларды
Аудиторлық қорытынды
есептің қорытынды бөлімінде
айқындалған ауытқушылықтарды
Клиент басшылығына
хат анық, әрі қысқа, әрі мазмұнды,
нақты дәлсіздіктерсіз болуға
тиісті. Басшылықпен жасалынған
келісім бойынша басқарудың
Аудитордың кәсіпорын
басшылығынан өзінің
- Аудиторлық қорытындының түрлері
2.1. Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды (есеп)
Халықаралық аудит
стандартары бойынша терминдер
глоссарийлерінде атап
Аудиторлық қорытынды
аудитор мен қаржылық
Ескерусіз аудиторлық
қорытынды аудитор қаржылық
Фактіні бөліп көрсету – бұл ақпарат пайдалануышлардың назарын қаржылық қаржылық қорытынды есепке әсер етуші фактілерге, сонымен бірге осы пазиция толығырақ түсінік беретін ескертулерге аудару тәсілі. Фактіні бөліп көрсету ескерту бар (шартты) аудиторлық қорытынды болып табылмайды. Әдетте ол қорытынды бөлімнен кейін көрсетіледі және аудиторлық қорытындының шартты емес екендігін айқындайды. Ол төмендегі жағдайларда пайдаланылады:
Кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесіне көңіл аудару үшін. Егер қаржылық қорытынды есепте тексеру нәтижелерімен бірдей ашып
көрсетулер болса, онда аудитор ескерту жоқ (шатсыз) қортынды жасауға және аудиторлық қорытынды есепті, оған қаржылық қорытынды есепке түсіндірме ескертпелерге назар аудару арқылы кәсіпорынның үздіксіз қызметету мәселесі туралы фактілер енгізілетін жеке параграфты кіргізе отырып, модификациялауға (түрін өзгертуге) тиісті. Ол фактілер төмендегі тәртіппен көрсетіледі:
«Ескертусіз (шартсыз) қорытынды бере отырып, біз сіздердің назарларыңызды қаржылық қорытынды есепке №____ ескерпеге аударамыз. Кәсіпорын 2000 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған бір жылдың ішінде *** мөлшерде зиян шекті және осы мерзімге кәсіпорынның ағымдағы міндетемелері оның ағымдағы активтерінен *** сомаға артық болды. Бұл факторлар №___ ескерпеде анықталған басқа да факторлармен бірге кәсіпорынның үздіксіз қызметін жалғастыру мүмкіндігінің болатындығына едәуір күмән тудырады».
2. Шешімін табуы кәсіпорынның
тікелей бақылауында болмайтын
келешектегі оқиғалармен
«Ескертусіз (шартсыз) қорытынды бере отырып, біз сіздердің назарларыңызды қаржылық қорытынды есепке №____ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын патенттік құқықтарды бұзу, авторлық гонорарларды иелену және зиян келтіру туралы, шағым-талап бойынша жауапкер болып табылады. Кәсіпорын қарсы талап қойды, сөйтіп қазіргі уақытта екі бірдей шағым-талап бойынша алдын-ала тыңдау және соттық істі қарауы жүріп жатыр. Бұл фактіні қараудың ақырғы қорытындысын бүгінгі күні анықтау мүмкін емес, оны жабатын резерв құрылған жоқ».
3. Сондай-ақ, өткен есепті
кезеңдердің қаржылық
Ескертусіз аудиторлық қорытындының үлгісі.
Мен (біз), аудитор (аудиторлар)
______________________________
(аудитордың фамилиясы, аты, жөні),
аудиторлық ұйым ______________________________
_____________________(
______________________________
200__ жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқса
нға дейінгі кезеңге құрылған
қаржылық қорытынды есебіне
Аудиторлық тексерге жататын
қаржылық қорытынды есептің дайындалуына
және оның дұрыстығына ұйымның басшысы
жауапты. Аудиторлық ұйым осы қаржылық
қорытынды есеп бойынша өзінің қорытындысы
үшін жауап береді. Біз аудитті
Халықаралық аудит
1-кесте
Аудиторлық қорытынды жасау үшін ескертулерді жіктеу
Ескертулердің себептері |
Елеулі ескертулер |
Маңызды ескертулер |
Аудит масштабының шектеулілігі Аудит өткізу бойынша жұмыстардың масштабы шектелген. Дәлелдеудің жетіспеушілігіне байланысты, мысалы, жоғалған немесе жойылған бухгалтерлік жазулардың жетіспеушілігінен немесе соған парапар ақпараттардың және директордың |
Қорытынды «қоспағанда» |
Аудитордың қортынды жасауға мүмкіндік жоқ және қаржылық қорытынды есепте дұрыс әрі дәл ақпараттардың көрсетілгендігін білмейді. Қорытынды есеп беруден «бас тарту» |
Келісе алмаушылықтар Аудитор есеп жүргізумен немесе ақпараттарды ашып көрсетумен (мысалы, күмәнді борыштардың қамтамасыз етілмеуі сияқты) келіспейді. |
Қорытынды «қоспағанда» |
Қаржылық қорытынды есеп дұрыс әрі дәл ақпараттарды көрсетпейді Теріс қорытынды |
Жалпы қаржылық қорытынды есепте көрсетілген ақпарттарға әсерін тигізетін ескерту маңызды болып табылады. Келісе алмаушылық болған жағдайда тек сол ғана қаржылық қорытынды есепте дұрыс емес немесе толық емес ақпартатардың бар екендігін көрсетеді; белгісіздік жағдайында ол аудитордың ескертусіз (шартсыз) қорытынды жаса алмауына әкеліп соқтырады.
Маңызды және елеулі
ескертулердің арасындағы
Қортынды жасаудың барлық
м жағдайларында аудитор
Ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды жасауды қажет ететін жағдайларды анықау және бағалау. Ескертулері бар аудиторлық қорытынды ең болмаған жағдайда ғана жасалуға тиісті. Берілген қорытындының типі (түрі) жайында аудиторда күмән туындайтын болса, онда ол мәселені ескертулерсіз шешуге мүмкіндік алу үшін кәсіпорын басшылармен кеңесуге тиісті. Әдетте кәсіпорын басшылыры ескертулерден аулақ болуға тырысады және сондықтан көбінесе өзінің позициясын өзгерте алады немесе аудитор кәсіпорын тарапынан ешқандай шара қолданылмайтын болса ескертулер жасалынатындағы туралы клиентке емеурін білдірген жағдайда үлкен көлемде ақпараттар бере алады. Осы айтылғандардың негізінде ескертулері бар қорытынды жасау кезінде төмендегі тұжырымның пайдаланылатындығын атап көрсетуге болады: келісе алмаушылықтардың болуынан туындағанды «қоспағанда».
«Біздің пікіріміз
бойынша жағарыда көрсетілген
фактілерді қоспағанда, қаржылық
қорытынды есепте 2000 жылғы 31 желтоқсандағы
күйі бойынша кәсіпорынның
2.2 Арнайы мақсатағы
аудиторлық және теріс
Арнайы мақсаттағы келісімдер бойынша қорытынды (есеп) – бұл, аудитор (аудиторлық ұйым) мен клиенттің арасындағы келісімшарттың міндеттеріне сәйкес арнайы дайындалған қорытынды.

- Аудит балансу підприємства
- Аудит банка
- Аудит банка
- Аудит банка
- Аудит банковских операций
- Аудит банковской деятельности
- Аудит бренда «Билайн»
- Аудит акцизов
- Аудит акционерных обществ
- Аудит амортизации ОС
- Аудита основных средств и нематериальных активов
- Аудита расчетов с подотчетными лицами
- Аудит аренды и лизинговых операций
- Аудита формирования уставного капитала и расчетов с учредителями