Безработица на казахском языке
ЖОСПАР:
- КІРІСПЕ
- ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІ
- Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
- Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
- Жұмыссыздықты анықтау критерийлері және санау әдіснамасы. Жұмыс нарығы
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
- 2020 жұмыспен қамту бағдарламасы. Халықты жұмыспен қамту.
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Жыл
сайынғы Қазақстан Республикасы
Президентінің қазақ еліне
Бұл өзіндік жұмыстың мақсаты жұмыссыздықтың мағынасын, оның негізгі түрлерін, сонымен қатар зардаптары мен салдарын ашып көрсету болып табылады.
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.
Ал
міндеті жұмыссыздықтың деңгейін төмендету
үшін атқарылып отырылған барлық
мемлекеттік іс шаралар мен бағдарламалардың
нәтижесін талдап, оның көрсеткіштерімен
танысу болып табылады.
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІ
- Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.
Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт тұрақты не жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Мальтузиандық
мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус
жұмыссыздықтың пайда болуын халық
санының артып кетуімен байланыстырды.
Халықтың саны геометриялық прогрессиямен
өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар
тек арифметикалық
Батыс
мектептің өкілдері жұмыссыздықты
жұмысшының еркін таңдауы деп
есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс
жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан
жұмыс күшіне сұраныс төмендейді.
Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай
жұмыссыздық бұл теорияның
Кейнстік
мектеп жұмыссыздықты тауарға
Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеб болады.
| Филлипс қисығы. | |
Инфляция деңгейі %
4
|
Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды. |
К. Маркстың қорлдану теорисына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.
Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.
Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
- Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстыруымен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
- Құрылымдық жұмыссыздық ҒТР-ң, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
- Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Батыс
елдерінің мамандары
- жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;
- жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.
Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады.
Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.
Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.
Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.
2.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.
Әлеуметтік салдары:
Кері әсерлер:
1. Крименогенді жағдайдың өршуі
2. әлеуметтік кернеудің өршуі
3. физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі
4. әлеуметтік дифференцияның өсуі
5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі
Пайдалы әсері:
1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы
2. Өз бос уақытының көбеюі
3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік
4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы
Экономикалық салдарлар:
Кері әсерлер:
1. Алған білімнің құндылығын жоюы
2. Өндірістің төмендеуі
3. Жұмыссыздарға көмек шығындары
4. Квалификациясын жоғалту
5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі
6. Ұлттық табыстың төмендеуі
7. Салықтың аз жиналуы
Пайдалы әсері:
1. Экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшіің резервін жасақтау
2. Еңбекке
бейімділігін өсіру мақсатында
жұмысшылар арасында конкуренция
3. Білімін жоғарылату үшін уақыт
4. Еңбек
өнімділігі мең өндіріс
- Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:
- халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,
- қазына – қор қысқарады,
- инвестицияға сұраныс қысқарады,
- өндіріс құлдырайды.
- Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.
- Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.
Жұмыссыздық
мәселесі қазіргі кезде бүкіл
дүние жүзі бойынша ауқымды да,
күрделі мәселеге айналып отыр. Американдық
еңбек базарында жүргізілген
көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі
мінездемелерін анықтап берді. Олар
қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында
жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне
байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың
жұмылдыру мен жұмыссыздықты
өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың
көпшілігінің циклдік сипатта болуы,
көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге
жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық
жұмыссыдық дегеніміз экономиканың
толық жұмылдыру жағдайында болатын
жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік
жұмыссыздық дегеніміз
Экономиканың
қай уақытта толық
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады
Жұмыссыздық
зардабын бәсендететін факторлардың бірі
– ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша
жұмыс күшін қажет ететін өндіріс
саласында еңбек етуге қабілеті
бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз
етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық
революция жағдайында жұмыспен қамтуды
тұрақты түрде өсіру негізінен,
өндірістік емес салалардың дамуы арқылы
жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың
әр түрлі қызмет түрлеріне деген
шығынның тез өсуімен және халық
шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы
жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.
- Жұмыссыздықты анықтау критерийлері және санау әдіснамасы. Жұмыс нарығы.
Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторлар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады.
Бұған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды.
Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.
Ал әйелдер ең бір активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар және ол негізінен жасырын жұмыссыздық қатарына жатқызуға болады.
Жұмыссыздықтың халықаралық стандартты анықтамасы бір мезгілде орындалуы тиіс үш критерийге негізделеді. Осы анықтамаға сәйкес жұмыссыздар есепті кезең ішінде:
«жұмыссыз», яғни жұмыспен қамтылудың халықаралық анықтамасымен көзделгендей табыс табу мақсатында жалдау бойынша немесе меншік кәсіпорында төлем үшін жұмыс істемегендер;
«жұмыс іздеу үстінде», яғни жалдай немесе меншікті кәсіпорнында төленетін жұмыс табу мақсатымен нақты қадамдар жасағандар;
«қазіргі сәтте жұмысқа кірісуге дайындар», яғни есепті кезең ішінде жалдау бойынша немесе меншікті кәсіпорнында төлем үшін жұмыс бастауға дайын болған экономикалық белсенді халықты өлшеу үшін белгіленген жастан жоғары барлық тұлғаларды қамтиды.
Халыққа жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша зерттеу жүргізу (жұмыс күшін зерттеу) және жұмыссыздықты өлшеу кезінде жұмыстың болмауы критерийі зерттелетін аптаға жатады, жұмыс іздеу критерийі зерттелетін аптаның алдындағы төрт аптаға бөлінеді, жұмысқа кірісуге дайындығы критерийі жақын арадағы уақытқа жатады (бір /екі аптаға). Әр критерийдің өзіндік уақыттық шектерінің болуына қарамастан, жұмыссыздық көрсеткіші зерттелетін аптаға жатады.
Дайындық критерийі қабілеттілік және жұмыс істеу ынтасына жатады, егерде сондай мүмкіндік болса. Жұмыс іздеу критерийі туралы айтатын болсақ, тек қана жалданбалы жұмыс іздеп жатқандарды емес, сондай-ақ меншікті іс ашуға талпынғандарды қамту маңызды.
Жұмыссыздықтың стандартты анықтамасы жұмыс іздеуді жалғастыруына қармастан жұмысы жоқ және жұмысқа кірісуге дайын, есепті кезеңнен кейін жұмысқа шығуы немесе өз кәсіпорнын ашуы туралы келісіп қойған тұлғаларға қатысты.
Жұмыссыздықты анықтау үшін халықаралық стандарттар бойынша бір сағаттан кем емес уақыт аралығында «белгілі жұмысы» бағаланатын «бір сағаттық критерийінің» принциптік мәні бар.
Бұл дегеніміз, экономикалық қызмет саласында бір сағат ішіндегі жұмыс индивидті жұмыспен қамтылғандар санына жатқызу үшін жеткілікті болып табылады.
«Жұмыссыз»
критерийін жұмыстың мүлде жоқтығы
және де белгілі кезеңде жұмыспен
қамтылмағанды білдіреді. Мысалы,
егер мүлде жұмыс істемесе (күніне
бір сағат аралығында) немесе жұмыста
уақытша болмаса индивид «жұмыссыз»
деп саналады. Кейдейсоқ жұмысы бар
тұлғалар (тым болмаса күніне бір
сағат ішінде) және жұмысты іздеуді
жалғастырғандар жұмыс іздеумен
айналысқанына қарамастан жұмыспен
қамтылғандарға жатады. Бұл ереже
Жұмыс күші концепциясындағы басымдық
ережелеріне сәйкес келеді – жұмыссыздарға
қарағанда жұмыспен қамтылғандарға
артықшылық көрсетіледі және жұмыс
күшінен тыс адамдарға
Жұмыссыздықты жұмыспен қамтылмаған себебінен халықтың жалақысы төмен болғандықтан, жұмыс істегілері келмегендіктен ерікті жұмыссыздық деп айырады, ал егер еңбек ақы төлеуі жоғары болса жұмыс күшіне сұраныс көбейеді, сондықтан жұмыс орны жетіспеушілік туындайды.
Оқушылар, студенттер, зейнеткерлер мен мүгедектер жұмыс іздеумен айналысып және жұмысқа кірісуге дайын болса жұмыссыздарға жатады.
Еңбек нарығын қалыптастыру оны бөлуге алып келеді, яғни сегментке бөлу: жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс балансы едәуір дифференциациясы бар әйелдердің, жастардың, ауылдық елді мекендегі және өңірдегі еңбек нарығы.
Жұмыссыздықтың масштабын анықтау үшін жұмыссыздықтың нысандары мен түрлерін ескеру қажет.
Талдау мақсатында жұмыссыздықтың келесі түрлері айырмаланады:
Уақытша жұмыссыздық – халықтың бір өңірден басқа өңірге тұрақты қозғалысын, кәсіптен кәсіпке, сонымен қатар адам өмірінің кезеңінің өзгеруіне байланысты. Уақытша жұмыссыздық үнемі бар және кадрлардың қозғалысына (тұрақтамауына) байланысты болады.
Ескерту. Көптеген экономистер нарықтық экономикада уақытша жұмыссыздықтың белгілі деңгейі әрдайым болуы шарасыз, және де белгілі мөлшерде дұрыс факт деп есептейді өйткені осы өтпелі кезең мен қызметкерге жоғары жалақы алу мәселесі шешілуі, ал қауымға еңбек ресурстарын ұтымды бөлу байланысты.
Жұмыссыздық ұзақтығы - жұмыс іздеу уақытын және еңбек нарығындағы тоқырауды талдаудың немесе, керісінше осы саладағы іс-әрекеттерді жандандырудың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Жүмыссыздықтың
орташа ұзақтығы – жұмыссыздық ұзақтығының
кезеңдері түрінде берілген, аралық
қатарында орташа салмақталған және
осы интервалдағы жұмыссыз тұлғалардың
санын есептеу арқылы анықталады.
Есептеу аралықтың орта мәндерін
осы аралықтардағы жұмыссыздар
санына көбейту және сол қосындыны
жұмыссыздардың жалпы санына бөлумен
жүргізіледі.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
- 2020 жұмыспен қамту бағдарламасы. Халықты жұмыспен қамту.
Әлемдік
тәжірибеде халықты еңбекпен қамту
ісін басқарудың әртүрлі модельдері
қолданылады. Мәселен, америкалық модель
еңбекке қабілетті азаматтардың
елеулі бөлігі үшін еңбек өнімділігі
төмен, бірақ халықтың қалың бөлігін
кеңінен қамтуға ұмтылатын
2001
жылдан бастап тоқсан сайынғы
негізде Қазақстанда халықтың
жұмыспен қамтылуын іріктемелі
зерттеу жүргізіліп келеді. Зерттеу
Республиканың барлық өңірінде
жүргізіледі. Тоқсан сайын 21 мың
үй шаруашылығы (бас жиынтықтан
0,5 % ) зерттеледі, бұл іріктеменің
репрезентативтілігін өңірлік
Халық
пікіртерімі үй шаруашылығындағы әрбір
мүшені сипаттайтын ақпараттан тұратын,
халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме
зерттеу сауалдамасының көмегімен
жыл бойы тоқсан сайын жүргізіледі.
Сауалдама сұрақтардың
Белгілі адамды жұмыспен қамтылған халыққа жатқызу үшін, әр респондентке сұрақ қойылады: «Сіз заттай не ақшалай табыс табу үшін өткен аптада ең кемі 1 сағат болса да, белгілі бір жұмыс атқардыңыз ба немесе нендей бір кәсіппен (түрлі қызмет көрсетуді қоса) шұғылдандыңыз ба?».
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтылу жағдайы бойынша (ЕХӘҚМ) бөлу, мына сұраққа берілген жауапқа сүйене отырып жүргізіледі: «Сіздің негізгі қызметіңіздің (жұмысыңыздың) мәртебесін төмендегі санаттардың қайсысы дұрыс сипаттай алады?»
- жұмыс беруші;
- өз бетінше жұмыспен қамтылу
(өз есебінен жұмыс
- отбасы қәсіпорнының қөмекші (ақы төленбейтін) жұмысшысы;
- кооперативтің мүшесі;
- жеке ауладағы жұмыс
Жұмыспен
қамтылғандардың осы санаттағы
негізгі үлесін «өз бетінше
жұмыспен қамтылған қызметкерлер»
құрайды. Бұл оларға ақшалай немесе
заттай нысанда табыс әкелетін, жеке
кәсіпкерлік қызметпен
Жеке негізде өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың санын анықтау үшін сауалнамада келесі арнайы сауалдар көзделген: «Сіз тауарларды өткізу мен қызмет көрсетуге (көлік, білім, медициналық, өзге де) байланысты қандай да бір жұмыс атқардыңыз ба, ең болмағанда аптасына 1 сағат?», сонымен бірге – «Сіздің кездейсоқ немесе уақытша табыстарыңыз болды ма (жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысты қосқанда)?».
Жеке ауласында өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың санын анықтау үшін барлық респондентерге арнайы сұрақтар: «Сіз жеке аулаңызда (үй іргесіндегі саяжай телімінде), ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге байланысты әйтеуір бір жұмыс атқардыңыз ба, ең болмағанда аптасына 1 сағат?», «Сіз жеке аулаңызда қанша уақыт жұмыс істедіңіз?» қойылады.
Бізге
белгілі, жеке ауладан алынған өнімдер
тек өзінің тұтынуына ғана емес,
сонымен қатар қосымша
а) тек меншікті тұтыну үшін;
б) жартылай тұтыну үшін, сондай-ақ айырбастау (сату) үшін.
Өткізілген өндімдердің үлесін анықтау үшін мынадай сұрақ көзделген: «Жеке ауладан (үй іргесіндегі учаскеден, саяжайдан) алынған заттай өнімдерге баға беріңіз, өзіңіздің тұтынып, пайдалану кезінде айырбастау мен сатуды қоса алғандағы пайдасы қандай»:
а) толық; б) 50% астам; в) 50% кем.
Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық жөніндегі ақпарат жұмыспен қамтылу мәртебесі, білім деңгейі, жас тобы, экономикалық қызмет түрлері, тұрғылықты жері, жұмыс түрлері және өңірлер бөлінісінде қалыптастырылады.
Жұмыссыздық жөніндегі деректерді қалыптастыру үшін Зерттеу сауалнамасында мынадай сұрақтар берілген:
- Сіз заттай не ақшалай табыс алу үшін аптасына ең кемі 1 сағат болса да, қандай да жұмыс атқардыңыз ба немесе бір кәсіппен (түрлі қызмет көрсетуді қоса) шұғылдандыңыз ба?
- Соңғы төрт апта ішінде жұмыс іздедіңіз бе?
- Егер қазір жұмыс тапқан болсаңыз, жақын арадағы 2 апта ішінде жұмысқа кірісуге дайынсыз ба?
Яғни, егер де қаралып отырған кезеңде респондент жұмыссыз болғандығын, және оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын екендігі туралы жауап берген жағдайда онда ол жұмыссыздарға жатады.
Жұмыссыздық бойынша статистикалық деректер жынысы, жасы, білім деңгейі, тұрғылықты жері, жұмыс болмау уақытының ұзақтығы мен себебін, және де басқа белгілері бойынша қалыптастырылады.

- Безработица на рынке труда
- Безработица на Украине
- Безработица - новые реалии современности
- Безработица: общая характеристика
- Безработица: определение, виды, причины
- Безработица:основные ее виды
- Безработица - острейшая социальная проблема
- Безработица как фактор социально-психологической фрустрации и социальной напряженности. Типы безработицы
- Безработица, как экономическая проблема. Причины, последствия и методы борьбы
- Безработица, как элемент современного рынка труда
- Безработица. Мировой экономический кризис 2008-2010 г.г
- Безработица молодежи
- Безработица молодежи
- Безработица молодёжи