Психика. 3
Абылай
хан атындағы Қазақ
Халықаралық Қатынастар
және Әлем Тілдері
Университеті
Тақырыбы:
«Психиканың дамуы
және сана»
Тексерген: Әбілова З.Т.
Орындаған: 108 топ студенті Төлеукенже Б.
Бағасы:________________
Алматы,2011
жыл
Жоспар:
- Психиканың
ежелгі сипаттамасы...................
.............................. ...............3-5бет. - Сана – психика
дамуының жоғарғы сатысы ретінде.......................
..........6-7бет. - Жүйке жүйесің
ұғымы мен мәні..........................
.............................. ........8-12бет. - Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі............13-15бет.
Психиканың
ежелгі сипаттамасы
Психика жөніндегі алғашқы түсініктер анимистік сипатта болды. Анимизм - әр заттың жаны бар деп уағыздайды. Құбылыстар мен қозғалыстардың даму себебі олардың жаны болуында деп біледі. Мұндай көзқарас алғашқы қоғамдық қауымда, ғылым пайда болғанға дейін қалыптасты.
Психикаға деген ғылыми-философиялық көзқарас гилозоизм концепциясы болып қалыптасты, ол көзқарас бойынша психика барлық материяға тән. Психикаға деген көзқараста гилозоизм ежелгі шығыс және гректерде пайда болған, барлық материяның жанды екендігі туралы философиялық ілім ХІХ ғасырдың ортасына дейін орын алып келді.
Психологиялық білімнің одан кейінгі дамуы психиканы тар шеңберлі құбылыстармен шектеу жолымен жүрді. Бірақ ертедегі грек ғалымдарының ішіндегі ең ұлысы – Аристотельдің өзі психика ұғымын органикалық процестердің бәріне де теңеген. Ол жанды үшке: өсімдіктер, жануарлар және адамдар деп бөлді. Кейінірек, ертедегі гректер ғылымында, психика ұғымы біздің кезімізде осы терминмен аталып жүрген құбылыстар шеңберіне енді.
Ертедегі Греция философиясының өзінде-ақ психикаға деген бірі-біріне қарама-қарсы екі айқын көзқарас: материалистік және идеалистік – «Демокрит және Платон бағыттары» қалыптасқан-ды.
Демокрит барлық қоршаған табиғат сияқты психика да материалдық негізінде деп есептеді. Жан атомдардан, тек физикалық денелерді құрайтын атомдардан әлдеқайда нәзік атомдардан тұрады. Дүниені танып, білу сезім мүшелері арқылы жүзеге асады. Өте нәзік, көзге көрінбейтін бедерлер заттардан бөлініп шығады да адам жанына енеді, сөйтіп, онда мөрдің ізіндей өз таңбасын қалдырады.
Платонның пікірі бойынша жанның материямен ортақ еш нәрсесі жоқ. Жанның материалдық дүниеден айырмашылығы, ол – идеалды. Таным – психиканың сыртқы дүниемен өзара әрекетте емес, жанның адам тәніне енгенге дейін идеалды дүниеден не көргені жөніндегі естеліктер іспеттес. Объективті дүние – танымдық қызметтің объектісі емес, соған себепші ғана.
Эксперименттік әдістің нашар дамығанына қарамастан, ертедегі грек философтары психиканың мимен байланыстылығы туралы ой айтты, темперамент пен мінездің арасындағы айырмашылықты көрсетті, аңғырттау негізделген болса да психиканың ортаға тәуелділігі туралы идея ұсынылды.
Сөйтіп, грек ғылымында психология зерттейтін құбылыстар ауқымы жөніндегі білімдер анықталды және психикалық құбылыстарды түсіндіруге екі түрлі методология мен қараудың негізі қаланды. Фактілік материалдарды жинау әдісі ғылыми жағынан мүлде әзірліксіз негізде, күнделікті өмірден көрген-білгенді, құрылған тұрмыстық байқауларды жүйелеу және ойша жүргізілген теориялық экспермент деңгейінде қала берді. Бірақ та, ертедегі грек ғалымдарының психика механизмдеріне соншалықты аңғырт түсінгендігіне емес, ал олардың өздерінің байқалулары мен ойша эксперименттері арқылы құнды жетістіктерге жеткеніне таңдану керек.
Орта ғасырлық философия мен психологиялық түсініктерде жан туралы тәнге тәуелсіз материалдық емес мәндегі идеалистік ілім үстем болды.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялық алғы шарттарының іргетасын қалады, оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиді. Ол философтардың арасынан, ең алдымен Декарт, Локк, Лейбницетрді атауға болады.
Р. Декарт (1596-1650) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қарауды белгіледі. Оның теориясы бойынша жануралардың жаны жоқ, олардың мінез-құлқы, сыртқы әсерге рефлекс болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, жануарлар психикасы қатаң түрде сыртқы жағдайлармен ғана детерминделеді. Декарттың рефлекстердің механикалық детерминділігі, машина іспеттестігі туралы ойын Маркске дейінгі материалистер дамытты және адамға да қолданды. Декарт адам санаға ие және ойлау процесі кезінде өзіндік ішкі өмірі бар екеніне көзі жетеді деп есептеді. Сана оймен тығыз байланыста. Декарт сыртқы дүниенің білімнің пайда болуына тигізетін ықпалын жоққа шығармайды, бірақ оның пайымдауынша, жалпы идеялар туа бітетін қасиет болып табылады.
Рефлекс және сана ұғымдарының мазмұнын белгілеп алып, Декарт оларды бір-бірінен бөліп тастады: біріншісін, психикалық әрекетке еш жанастырмай, жануарлардың мінез-құлқын детерминистік зерттеу мүмкіндігімен байланыстырады, екіншісін өзімен-өзі тұйықталған құбылыс деп қарады. Сана құбылыстарының сыртқы дүниеге тәуелсіздігі мен оларды өзін-өзі бақылау арқылы ғана зерттеу мүмкіндігі күні бүгінге дейін көптеген идеалист-психологтар үшін сананы ұғынудың негізі болып қалып отыр.
Д. Локк (1632-1704) сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дегенді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі болды. Дүниеге жаңа келген жас сәбидің психикасы, Д. Локк ілімі бойынша – тәжірибе өз мазмұнын жазатын «таза тақта». Ғалым психикалық іс әрекет механизмін ассоцациялардан, яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көрді. Локк идеялардың туа бітетіндігі жөніндегі ілімге қарсы шығып, психикалық құбылыстардың ең бастапқы, одан әрі бөлінбейтін элементтерге дейін жетуі және солардың негізінде, ассоциациялау арқылы әлдеқайда күрделі құрылым қалыптасуы мүмкіндігін туғызатын сананы атомистикалық талдау принципін ұсынды.
Бұл тұжырым эксперименттік жолмен алынған фактілермен қарама-қарсы келгенге дейін психология теориясының негізі болып келді. Тәжірибені санада сақтаудың маңызды түрлері елес пен ұғым төтенше жұпыны жағдайда болып көрінеді. Адалдық, ерлік сияқты абстрактілі ұғымдар санадағы барлық адамдар үшін айқын және бірдей бейнелермен байланыста емес. Локк сананы өзімен өзі тұйықтап, сана туралы ілімде іс жүзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
Психологияның
дамуы мен психика
Туа бітетін идея жөніндегі Декарт ілімін қолдай отырып, Лейбниц Локк сынын ескерді және дүниеге жаңа келген жас сәбидің психикасы «tabula rasa» деген тезиске қарсы шықты. Бұл мәселедегі оның ұстанған позициясы мына бейнелі теңеу арқылы берілген:
«Егер жан шынында да осындай «таза тақтаға» ұқсас болса, онда қандай формаға болса да ене алатын сом мраморға Геркулестің тұлғасы қалай қашалып соғылса, біздің ішкі дүниеміз де, өмір ақиқаттары да солай соғылар еді. Ал, егер осы мраморда басқа тұлғалардан гөрі Геркулестің тұлғасына лайық, теңбіл сызықтар болса, онда осы сызықтардың өңін ашу және жалтырату үшін олардың көзге түсуіне кедергі болып тұрған нәрселердің бәрінен арылту қажет болса да, сол мрамор о бастан-ақ осыған арналған, сөйтіп Геркулес белгілі бір дәрежеде соның бойында туған болып шығар еді».
Сөйтіп, ХІХ ғасырдың басына таман сананың идеалистік ұғымын анықтап берген методологиялық алғы шарттар жасалды. Оны зерттеуге сай бірден-бір әдіс – интроспекция болып табылды.
Психикаға
деген материалистік
Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757) және француз энциклопедистері: Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789) еңбектерінен айқын аңғарылады. Ағылшын ғалымдары Т. Гоббс пен Д. Локк өз еңбектеріне негіз қаланған ассоциация жөніндегі детерменистік түсінікті дамытты. Француз философтары мен жаратылысты зерттеушілері адам психикасының әлеуметтік детерминділігі туралы төтенше маңызы бар идеяны жасап шықты. Психикалық қасиеттердің әлеуметтік ортаның әсерімен тәрбиеленушілігі қазіргі кезде де ғылыми психологияның маңызды қағидасы болып саналады.
Англияда,
Францияда, Германияда материалистік
философияның дамуы К. Маркс пен Ф.Энгельстің
дидактикалық және тарихи материализмнің
қалыптасуына әсер етті. Бірақ, материалистік
көзқарастар буржуазиялық психологияның
қалыптасуына айтарлықтай ықпал ете алмады.
Сана
– психика дамының жоғарғы
сатысы ретінде
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П. Павловтың сөзімен айтқанда, «Болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлылықты» қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет қоғамдық сананы құрайды.
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте – болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табыбады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. «Бір жерде орын алып отырған қандай да болсын қатынас,-деп жазды. К. Маркс пен Ф. Энгельс – мен үшін болып жатады; хайуандар ешнәрсеге де «қатыспайды» және жалпы «қатынас» емес; оның басқа хайуандарға қатынасы дейтін қатынас болмайды».
Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды және эмоционалды сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта екеуі аралас келеді.
Сана
адамның творчествалық
Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті - оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.
Білім негізнде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы – ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Өзіндік сана-сезім – сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғының башпайларын қимылдатып та – бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте –бірте ол өзін, өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде өтеді. «Баланың өзін өзі аңғаруынан кейін,-деп жазды И.М. Сеченов,- Есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар қоя қарауға – бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады». Күрделі психикалық құбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып-білу іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде өтеді. К. Маркс былай деп көрсетті: «Адам алдымен айнаға қараған сияқты, басқа адамға қарайды. Павел дейтін адамға өзі сияқты адам деп қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам деп қарай бастайды». Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады. Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше.
Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адамның өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағасын қабылдап алады да, соған мойын ұсынады.
Өзін-өзі
өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында
маңызды роль атқарады. Өзін-өзі тану –
адамның өз психологиялық және физикалық
ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам өзін
тікелей де, жанама түрде де танып біледі.
Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей
танымның алғашқы сатысы іспетті.
Жүйке
жүйесінің ұғымы мен
мәні
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркенгіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің,ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі ұзын тармақты нефрий (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақша дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегативтік (ішкі) жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады.
Жануарлар
мен адамдардың психикалық әрекетінің
материалдық негізгі болып
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі – ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы, әсіресе омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше қызмет атқарады.
Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің де алу, түшкіру, жұтыну түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.
Сопақша мидың сырт жағында формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркенгіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықтары бар.
Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады.
Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне басшылық ету процестерінің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, електен өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикульярлық формация ми қабығы астындағы орталық миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам күрделі ой-әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш жүйке орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады.
Оларды тудырған – қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми-техникалық экономикалық прогрестің әсері. Осы ғылымның кейбір салалары еңбек, яғни нақты іс-әрекет үстінде адам анасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді. Осы тұрғыдан жантану ғылыми—педагогикалық, медициналық, әскери. Инженерлік тағы басқа болып, бірнеше салаларға бөлінеді. Мәселен, педагогикалық психология оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалдарының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жолдары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту, педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Медициналық психология дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейді. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді инженерлік психология зерттейді. Бұл соңғы кездерде өріс алған ғылыми келешегі мол жантану салаларының бірі. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы шығармашылық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті моделдер қалыптастыру үлкен орын алады. Инженерлік психологияның негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу тағы басқа жатады. Мұндағы инженерлік-психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор.
Психологиялық ғылымның келесі бір топқа енуіне даму принципі басты негіз болады. Бұларға мектепке дейінгі бала, жасөспірім, кемел, егде жастағылар психологиясы жатады.
Жүйке
жүйесінің қызметі рефлекс
Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс – латын сөзі, қазақша – бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркенгіштерге организмнің қайтаратын жауап рекациясы. Жануарлар мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі. Мәселен, электр тоғымен тітіркендіргенде иттің аяғын лезде тартып алуы, жарық түскенде көздің сығырая қалуы, жаңа туған баланың анасының емшегін еме бастауы тағы басқа осы айтылған рефлекстің сан алуан фактілері.
Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасау жолын рефлекс доғасы деп атайды. Рефлекс доғасының бөліктері: рецептор, өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына келетін жүйкелер.
Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысында байланысты. Ми жұмыс органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүлде қол үзген болар еді де, организмдегі түрлі тітіркенгіштерге ретімен жауап беріп отыру қиынға соғар еді. Тек екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналадағы құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің жасалу дәстүрі үш мүшелі доға принципін шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс органына келумен бітпей, ол сонымен бірге миға қайтадан хабар жеткізіп отыратындығы белгілі болып отыр. Кибернетика ғылымы жарыққа шықпастан бұрын орыс физиологы П.К. Анохин ұсынған осы теория рефлекс туралы ілімнің шығармашылықпен дамытылуының айғағы еді. Сөйтіп, физиолог Н.А. Бернштейн айтқандай, қазір рефлекстердің жасалу жолын доғамен белгілемей «рефлекс шеңбері» арқылы жасалатындығын мойындау бірден-бір ғылыми түсінік болып отыр.
Рефлекс туралы теорияның негізгі қағидаларын нағыз ғылыми тұрғыдан тұжырымдаған атақты орыс физиологы И.М. Сеченов болды. Ол өзінің 1863 жылы жазған «Ми рефлекстері» деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді. Сеченовтың отандық ғылым алдындағы баға жетпес еңбегі мынада: ол рефлекстік теориясының негізінде ғасырлар бойы жұмбақ болып келген психикалық құбылысты материалистік тұрғыдан алғаш рет шешті. И.М. Сеченов мынандай қарапайым тәжірибе жасады: құрбақаның үлкен ми сыңарларын аралық мидың тұсынан тіліп алып тастап, оның аяғын қышқыл ерітіндісімен тітіркендіреді, ол осы тітіркендіруге жауап ретінде келетін рефлекстің қандай жылдамдықпен пайда болатынын бақылады. И.М. Сеченов мидың тілінген жеріне ас тұзының кристалын салғанда онда рефлекстің тежелуге ұшырағанын көрген. Бұл тәжірибе рефлексті мидың тежей алатындығын айқын көрсеткен. И.М. Сеченовтың ми қабығында қозумен қатар тежелу процесі де қоса қызмет атқарады деген пікірі психикалық әрекеттің мидың күрделі жұмысына байланысты екендігін, оның барлық көріністерін негізінде қозу мен тежелуге байланысты пайда болатын рефлекстер жататындығын тамаша дәлелдеп берді.
И.М. Сеченовтың ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары
И.П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінде дамытыла түсті. И.П. Павлов өзінің көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойына рефлекстердң жаңа түрін – шартты рефлекстерді зерттеді. Олардың көптеген заңдылықтарын ашты. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден ерекшеліктерін көрсетті.
И.М. Сеченов пен И.П. Павлов мидың барлық рефлекстік қызметі екі нервтік процестен – қозу мен тежеуден тұратындығы анықтап берді. Бұл физиологиялық процестер ми қабығындағы шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ мидың төменгі бөліктерінде шартсыз рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі көрініп отырады.
Қозу - әр түрлі тітіркенгіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі болса, тежелу, керісінше, жүйке жүйесін тыныштандыратын процесс болып табылады. Қозу және тежелу процестері ғылымда Сеченов пен Павловқа дейін де мәлім болған, оның кейбір заңдылықтарын да зерттеген. И.М. Сеченовтың мидың тежелуі жөніндегі пікірлеріне сүйене отырып, И.П. Павлов онда қозумен қосарласа тежелу процесі болып отыратындығын, мида бірыңғай қозу мен бірыңғай тежелудің болуы мүмкін еместігін, бұл жүйке процестерінің жұмысы организмнің бүкіл өмірінің барысында үздіксіз жүріп отыратындығын дәлелдеді. Мұны мына мысалдан-ақ жақсы байқауға болады. Егер адам бір нәрсеге қатты зейін қойса, онда айналасындағы заттарға қарамайды, өйткені кітапқа қадалған кезде миының бір алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды. Қозу мен тежелудің осындай жұмысын көрсететін мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.
И.П. Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол ең алдымен тежелуді сыртқы – шартсыз және ішкі – шартты деп екі үлкен топқа бөлді.
Сыртқы
тежелудің өзі бірнешеге
Тежелудің бұл түрі организмнің өмірі үшін аса маңызды. Егер организм сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркенгіштерді сезе алмаса, ол жауынан қорғана алмас еді, тамағын тауып жей де алмас еді.
Сыртқы тежелудің екінші түрі – шектен тыс тежелу. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті тітіркенгіштер әсер ете беретін болса, жүйке клеткаларының тәртіппен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны апаттан сақтап қалатын тежелудің осындай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды.
Ішкі тежелудің бірнеше түрі бар. Солардың бірі – сөне тежелу. Егер шартты тітіркендіргіш бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен нығайтылмаса, онда шартты рефлекс жасалынбай, сөне бастайды, яғни байланыс уақытша тежеледі. Біраздан кейін тағы да қоңырау соғылса, шартты рефлекс те қайтадан пайда болады. Бұл шартты байланыстың бұзылмағандығын, тек уақытша тежелгенін көрсетеді. Мұндай тежелулердің пайдасы организмге бір жағдайда қажетсіз болған рефлекстерді уақытша өшіріп отыратындығында.
Ішкі тежелудің бір түрі - ажырату тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда метроном арқылы 96 рет соққанда тамақ бермей, әр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек метроном 100 рет соққанда ғана шыға бастайтын болады. Тежелудің осы түрінің организмнің тіршілігі үшін маңызы айтарлықтай. Осындай тежелулердің жәрдемімен организм бір-біріне өте ұқсас тітіркенгіштерді де тез ажырата алады.
Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құбылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі – адам миы қалай құрылғаны және адамның әр түрлі көріністегі психикалық өмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.
Органикалық әлемнің – қарапайым біржасушалы жануарлардан адамға дейінгі эволюциясының барысында мінез-құлықтың физиологиялық механизмдері үздіксіз күрделенуде. Біржасушалы ағзаның жалғыз жасушасы тіршіліктің барлық функцияларын атқарады. Бұл мүше сезеді, қозғалысқа келтіреді, тамақ қорытады. Алайда, оның мүмкіншіліктері шектеулі. Жоғары қалыптасқан жануралардың мүшелері арнайы әрекеттерге сәйкес болады. Ол сигналдарды қабылдау функциясын атқаратын жасушалардың пайда болуынан көрінеді. Басқа жасушалар бұлшық еттер жұмысын жүзеге асырады. Алайда, мамандандыру мүшелер мен функцияларды бөледі, ал ағзаның біртұтас тіршілігі олардың арасындағы үздіксіз байланысты талап етеді. Бұл біртұтас жұмыс істейтін орталық жүйке жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Орталық
жүйке жүйесінің жоғарырақ

- Психика
- Психика
- Психика
- Психика
- Психика
- Психика голландцев
- Психика дамуының жас заңдылықтары мен мәселелері
- Псевдослучайные последовательности и их применение для защиты информации
- Псевдослучайные числа
- Псилантропизм
- Психастения
- Психиатрическая помощь
- Психиатрическая реформа в Италии
- Психиатр-эксперт. Его права и обязанности