Психика

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды «Болашақ» университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Психика

 

                                        

 

 

 

 

 

 

    

 

                                                                  

 

Орындаған:

                                                              Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

ЖОСПАР

 

Кіріспе

1. Психиканың пайда болуы  туралы жалпы түсінік.

2.Жануарлар психикасының  қасиеті, айырмашылығы.

3.Адам санасының пайда  болуы және дамуы.

4. Психикалық процестер.

5. Тұлғаның психикалық қасиеттері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардық  психикасы  үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның  даму процестерінін сипаты мен мазмұны  сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен  жануарлардың психикалық функциялары  шығуы жағынан да, құрылымы жағынан  да теңесе алмайды. Жануарлар  психикасы  дамуының басты механизмі - биологиялық  бекіген тәжирибенің тудым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың  сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық фун

кцияларының ерекшелігі сол  олар баланың қоғамдық – тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде  дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адам заттары  дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары  дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз  осы тәжірибені игеру процесі  болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.

Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта  болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек  әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі  бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың  пайда   болуы , дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен,  психиканың  тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл  құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында  қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың  ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекетің белгілі бір тәсілдерін, білімді  т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.

Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып  қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене  түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған  және ұйымдастырылған әдісі болып  табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Психиканың пайда болуы туралы жалпы түсінік.

 

Психиканың пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Атап айтқанда: антропопсихизм, яғни психика тек адамға ғана тән: панпсихизм – барлық табиғатқа: биопсихизм – тек тіршілігі бар материяға нейропсихизм – тек нерв жүйесі барларға.   Бұл теориялар психикаға біржақты қарап, қарапайым түсінік береді. Шындап келгенде психиканың пайда болып, дамуы аса күрделі процесс.

Бұдан миллиондаған жыл бұрын  біздің жерде тек өлі табиғат  қана болған.  Бертін келе тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар  пайда болды. Тіршіліктің пайда  болуы – материя дамуының жаңа сатысы, ол өзінің құрылысы жағынан  күрделі және ерекше қасиеттерге  ие болды. Бұл қасиеттің бірі – тітіркенушілік, яғни  сырттан тиетін әсерлерге организмнің беретін жауабы.  Бұл тірі табиғаттың бейнелеу организмінің жалпы түрі. Оның жеке көрністерінің түріне мыналар жатады.

1.Настия – түрі жәндік органдарының нақтылы бағытсыз орта факторлерінің әсерінен туған қозғалыс. Осындай әсерлер жылы, суықтың ыңғайына қарай қозғалуы әлде өсімдіктердің бейімделуі. 

2.Тропизмдер – жағымды тітіркендіруші заттарға бой ұсынған өсімдіктердің қозғалысы.  Бұлардың өзі әртүрлі болады. Оның бірі фототропизм - әртүрлі өсімдіктердің өзіне жағатын жылылықты сүйсінуі. Мысалы, үрме бұршақ (фасоль) күндіз гүлдеп, түнде солады. 

Хемотропизм – химиялық әсерден пайда болатын өсімдіктің жауабы. Осы заңдылықты ескеріп, химиялық тыңайтқыштарды, бидайды өсіруге пайдаланамыз. Тропизмдердің тағы бір түрі – термотропизм – заттардың күштеп әсер еткеніне байланысты өсімдіктердегі өзгеріс. Мысалы, олардың күшті ыстықтан кейін солып сарғайюы. Сөйтіп тітіркенушіліктің рөлі жәндіктер мен өсімдіктердің өзін - өзі қарапайым түрде басқара алатын мүмкіндігі.  Осы тропизмдер мен биологиялық түрде өтетін бейнелеудің шектелуі болады. 

Жер үстінде материяның одан әрі дамуы нәтижесінде құрылымы неғұрлым күрделі жануарлар пайда  болады. Олар заттардың жеке сапаларын  түсінетін қабілеттері бар сезімталдыққа ие болды. Сезгіштік дегеніміз- организмнің сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік –тіршілік жағдайына бейімделудің көрінісі. Түйсік орталық нерв жүйесі бар барлық жануарларда кездесетін психикалық құбылыс. Даму нәтижесінде сезім мүшелерінің пайда болуы заттардың әсерлерін ғана қабылдап қоймай, олардың сапалық ерекшеліктерін сезініп, тереңірек түсінуге мүмкіндік алады.   Сөйтіп, психика жанды материяның бәріне бірдей емес, тек жоғары ұйымдасқан материяға тән қасиет, яғни жоғары нерв жүйесінің пайда болуымен байланысты.

Психиканың сезімталдығының  тітіркенушіліктен айырмашылықтары:

1. Сезімталдық бейнелену анализаторлар арқылы жүргізіледі, яғни денедегі әрбір сезімге, мысалы, көз, құлақ, бейімделген органдар арқылы.

2. Психиканың сезімталдығы табиғиғаттың көптеген заттары мен құбылыстарын бейнелеуге мүмкіндік береді.

3. Психика сырттағы дүниенің қасиеті мен заттарын елестете алады.

4.Жақсы дамыған жануарлардың  елестері сигналдық роль атқарады. Сондықтан да олардың сырттағы  өзгерістерге бейімделу қабілеттері  күшті болады.

5.Психикасы бар тірі  жандар, тіпті төменгі сатыда  тұрса да, әралуан күйініш –  сүйінішті сезе алады.   Мысалы, желімге жабысқан дызылдауы.  

Ал енді психиканың материялық негізінің пайда болуы  және дамуына тоқталайық.   Психиканың дамуының төменгі сатысында тірі жәндік шашырап біткен нерв клеткаларынан тұрады. Бұл сатыдағы жәндіктің әрекеті тропизм түрінде болады. Мысалы, кәдімгі құртты алайық.  Оның ауыз жағында түйнектеліп донғаланып қосылған клеткалар бар, олар басқарушы роль атқарады. Психиканың дамуының келесі сатысы – ганглиялық жұмырланған нерв жүйесі.   Мұндай нерв жүйесі бад тірі жандардың бас жағындағы клеткалары қосылып, жұмырланады.   Олар көптеген сырттан тиетін әсерлерді қабылдап, айырып қорыта алады.   Жоғарғы омыртқасыз жәндіктердің, мысалы қоңыз – маса  (насекомые) жұмырланған нерв жүйесі күрделене түседі. Олар  да сезім мүшелері (рецепторлар) сигналдық қызмет атқарады, яғни сырттағы қажетті әлде қауыпты заттарды көріп қалып хабарлап тұрады.  

Нерв жүйесінің жоғарғы  типі – трубкалы нерв жүйесі. Мұндай тірі жандардың омыртқасында жұлын  басында ми болады. Олар трубка тәрізді тұтасып жатады.  Нерв жүйесі неғұрлым күрделі болса, психиканың қызметі соғұрлым күшті болады.   Әсіресе, бастың, ондағы ми қыртысының маңызы зор. Мұнда белгілі бір қызметке бейімделіп, ықшамдалған орталықтар бар. Олар өздеріне сай іс- әрекетті басқарып отырады. Француз ғалымы Дельгадо егеуқұйрықтың ми қыртысындағы рахаттану орталығын тауып, оған өте жіңішке сым өткізіп, ток жіберген.   Егеуқұйрыққа мұның ұнағаны сонша, ток жіберетін копканы байқап қалғанда, ол есі танғанша баса беріпті. Сондай –ақ ми қыртысында реніш тағы басқа орталықтар бар көрінеді.  

Жоғары  ұйымдастырылған нерв әрекетінің негізгі  қоры – шартты рефлекстер. Жануарлар мен адамдардың өзгеріп тұратын қоршаған дүниеге бейімделіп төселуі солар арқылы өтеді.  Бұлай болмайынша олардың өмір сүруі мүмкін емес. Шартты рефлекстер- өмір тәжірбиесінің негізі. Психиканың эволюциясы (дамуы) тікелей емес, бірнеше бағытта болған. Сондықтан да бірдей ортада әртүлі жануарлар өріп -өсіп отырады.  

Психиканың материалдық  негізі – нерв жүйесі пайда болып  дамуына тоқталып өттік. Енді сол психиканың өзінің даму сатыларын атап өтелік.

Біріншісі қарапайым сенсорлық (сезімдік)  психика сатысы.   Мұнда қимыл - әрекеттің негізгі қоры туа бітетін инстинктер. Олар организмнің белгілі бір тіршілік жағдайына, өскен ортасына, әбден көніккенің көрсететін мінез – құлықтың түрі, яғни қарапайым нәсілдікке айналған формасы.

 Келесі даму сатысы -  перцептиптік  психика сатысы. Бұл сатыда жануарлар сырттағы заттады, құбылыстарды қабылдау процесінде, олардың ерекшеліктерін байқап, бірінен – бірін айыра біледі.

Психиканың дамуының ең жоғарғы  сатысы – интеллект сатысы. Бұл сатыдағы жануарлар интеллектуалдық әрекетті жасай алады, яғни заттар арасындағы күрделі қарым – қатынасты бейнелейді. Осындай жануарларға ең алдымен приматтар, яғни адамға ұқсас маймылдар жатады. Шиппанзенің, мысалға 81 тамақ түрі бар. Осының бәрін қажетіне қарай іздестіріп, тауып пайдалану үшін, ол өзінше ақылына сап қарапайым болса да, тіршілікке байланысты мәселелерді шешіп отыруы керек.  

Интеллектің жаратылыс, анатомиялық  – физиологиялық негізі – ми қыртысының, әсіресе оның маңдай жағының  әрі қарай дамуы.   Неғұрлым ми қыртысының осы жағы күштірек дамыса, соғұрлым жануардың интеллектің  қабілеті мол болады. Оған мысалға  маймылдардан басқа пілдің, аттың  тағы басқаларының мінез –  құлықтары  жатады.  Бірақ, жануардың интеллектісін  адамның ақыл – ойымен, санасымен  қатар қоюға болмайды.   Бұл  екеуінің асқар таудай

Эволюциялық дамуда психиканың бір орында тұрмайтындығын, оның өсіп, дамып отыратындығы ғылымға ерте кезден-ақ мәлім. Әсіресе, бұл жөнінде  Дарвиннің эволюциялық теориясы көп жаңалықтар қосумен бірге  бұл мәселені анықтап шешуге жаңа тұжырымдар енгізді.   Бірақ эволюциялық  теория жалпы дамудың сонымен  бірге психикалық дамудың қалай  өсіп отыруын, ескінің жоғалып, жаңаның  пайда болу проблермаларын шеше алмады. 

Психиканың өсіп дамуына эволюциялық теорияның  көзқарасы бойынша өсіп-даму, жай  ғана көбею немесе азаюды қайталаумен  ғана пара-пар.   Ең әдепкі пайда болған сараптар, кадеттер бастапқы қалып өзгермей көбейіп, ұлғайып, не болмаса азайып, кішірейіп отырады.   Ол сапалар пайда болып, көп өзгерістерге шалықпай, сол күйінде құрып отырады, олардың орнына жаңа белгілер, қасиеттер, сапалар пайда болады.    Даму – сапалық даму емес, жалғыз ғана сапалық даму.   Ескі сапалар құрып, олардың дамуына жаңа сапалар пайда болмайды, даму – бір қалыпта, біркелкі жайбарақат қана дамып отырады.  Даму процесінде революциялық жолға орын жоқ, даму – эволюция жолымен жүреді.   Психиканың дамуын жалғыз ғана сыртқы өзгеріс емес – психиканың мазмұнымен байланысты ішкі сапалы даму. 

Психика-жүйке  саласының қасиеті. Тірі жәндіктерде психиканың пайда болу үшін олардың туысынан кейбір биологиялық жағдайлар болуы керек.   Психика жәндіктердің, жүйке саласының қасиеті есебінде пайда боатын сыртқы дүниенің сәулесі.   Сондықтан сыртқы дүние – хайуанаттардың, тарихи социалдық жағдайлар – адамның пайда болуына керекті биологиялық негіздерге әсер етіп, психиканың өсіп-дамуын меңгеріп, басқарып отырады.  

Сонымен, психика дегеніміз- обективті дүниені субективті бейнелендіру болып табылады. Психикалық бейнелену – ақиқаттың шынайы және дұрыс бейнеленуі. Ақиқаты бейнелендірудің дұрыстығы адам заттың қоғамдық тарихи практикасымен тексеріледі.

Ал, идеалистер бойынша: олар шындықты бұрмалайды. Мәселен: неміс  ғалымы Гельмгольц «мидағы бейнелердің  сыртқы дүние заттарымен ешқандай ұқсастығы  жоқ, бұлар –заттардың бейнесі емес, оның символы дейді. Объективті дүниені  жоққа шығарады».

Даму процесінде жәндіктердің жүйке саласы, сезім мүшелерінің  пайда болып күрделенуімен бірге,олардың  психикалық әрекеттері де күрделене  келіп, адам баласында психиканың ең жоғарғы айрықша сапасы – сана пайда болады.

Дегенмен де, психиканы  диалектикалық материализм тұрғысынан түсіндіру үшін мынандай кестені  қарастырып көрелік:

Проблемалар

Бұлардың  шешілісі

 

материалистер

идеалистер

Материя мен идея пайда  болуы

Материя-бірінші, идея, сана екінші. Материя санадан бұрын  пайда болған. Идея материяның (мидың) нәтижесі.

Идея , рух, сана бірінші, материя  екінші. Материя идеядан кейін  пайда болған.

Мәңгілік ұғымы жайлы

Материя, мәңгілік оның кейбір бөлшектері туып өліп жатады, бірақ  материяны жоюға және қайтадан жасауға  болмайды.

Идея- мәңгілік, материялық денені жоқтан жасауға ,жоққа шығаруға болады. мәңгілік – тек рух.

Жан мен тәннің байланыстылығы

Адам психикасы, жан дүниесі  = мидың продуктысы, ол дене = мен тығыз байланысты, жан – тәнмен бірге туады, өледі.

Жан тәнге байланысты емес, адам туғанда жан денеге енеді, ол өлгенде одан шығып кетеді. Жан  мәңгі бақ өлмейді.

Психиканың (сананың) қалыптасуына әсер ететін факторлар

Сананың дамуы сыртқы ортаға ( табиғи және әлеуметтік факторға) байланысты.

Психика (сана)табиғи және қоғамдық ортаға тәуелді емес, ол адамға туыстан  беріледі.


 

2. Жануарлар психикасының  қасиеті, айырмашылығы.

 

Хайуанаттардың қылықтарында оларға тұқымқуалаушылық арқылы беріліп  отыратын биологиялық процестер  үлкен орын алады.   Дамудың  төменгі сатысында шартсыз рефлекстер пайда болып, бара –бара эволюция сатысымен жоғары көтерілген сайын  хайуанаттардың қылықтары күрделеніп, инстинкті әрекеттер пайда болады.  

Инстинкт деп – тіршілік үшін күресуде пайда болып, нәсіл арқылы хайуанаттарға көшіп отыратын, белгілі жағдайларда пайдалы түрде іске асатын қылықтарды айтады. Инстинкт, яғни соқыр сезім хайуанаттардың қылығының төменгі түрі.  

Инстинкттік қылықтар өздігінен  автоматизм түрде әрекет етеді. Инстинкттер көбінесе хайуанаттардың тіршілігіне пайдалы болады.  

Хайуанаттардың эволюциялық  дамуында тұқым арқылы беріліп отыратын соқыр сезім әрекеттеріне олардың  жеке тіршілігінде сыртқы дүниеге ыңғайланудың және үрейленудің нәтижесінен дағдыланулар пайда болып, қосылып отырады. 

Хайуанаттарда дағды пайда  болу мәселелерімен көп шұғылданғандардың  бірі – Американың атақты психологы  Эдуард Торндайк көп тәдірибелер  жүргізген. Ол жануарларда дағдылану пайда болудың мына төменгі заңдарын яғни принциптерін белгіледі:

1. Байқап қарау, қалыптасу  жолы.

2. Жаттығу заңы.

3. Нәтиже шығу, әсер алу  (эффект) заңы.

4. Жануарлардың дағдылануға  дайындығы хайуандардың тәні  сау, құрсақты аш, тұтқында ұсталып бостандыққа ұмтылып тұруы, дағдының тезірек болмауы, тіпті мүлдем пайда болмауы да мүмкін.  

Хайуанаттарда дағдыланудың пайда болуы олардың биологиялық  мұқтаждығына негізделіп отырады. 

Хайуанаттардың қылығында  дағдыланумен бірге шартты рефлекстер де үлкен орын алады. Бірақ егер дағдылану төменгі сатыда тұрған жәндіктерде де пайда болатын болса, шартты рефлекстер жоғарғы сатыға шыққан миының жарты шарлар қыртысы дамып, тиісті дәрежеге жеткен жануарларда ғана болады.  

Даму сатысының жоғарғы  басқышында тұрған жануарлардың әрекеттерінде  соқыр сезім және дағдылану қылықтарымен бірге саңылау (рассудок) әрекеттерінің  бастапқы белгілерінің бар екенін байқауға болады. 

Бұл жөнінде жоғары хайуанаттарға  тәжірибелер жүргізіп Германияда –  Келлердің, Америкады – Торндайктың, Иеркстің, Ресейде – Павловтың, Войтонистің  тағы басқа ғалымдардың жүргізген  зерттеулері мүмкіндік береді.   

 

3. Адам психикасының  пайда болуы және дамуы.

 

Психиканың ең жоғары формасы - адамның  санасы.  Сана адамның  қоғамдық тарихи дамуның жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі  жетіліп, күрделеніп отырады. Адам психикасының ерекшеліктері біздің санамызан  өмір заттар мен құбылыстарды әр алуан  нәрселерді. Түсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді. Олардың адамның  сезім мүшелері арқылы тікелей көріп  білуге, ұстап көруге болмайтын қасиеттерімен  белгілелері, өзара шарты байланыстары адамның абстрактілі ойлау формалары  болып санатьлатын ұғым пікір, ой қорытындылары арқылы танылып, жанама жолмен бейнеленеді. Соның нәтижесінде  айналамыздағы заттармен құбылыстардың  заңдылықтары оаларджың пайда болып  туындауы өрістеп дамуы адамның  дүнеиені танып білуімен бейнеленуін  көрсетеді. Сонау ерте замандардан  бері адамдарың әлеуметтік өмірі  олардың күнделікті сан алуан  іс-әркеттен бір бірімен қарым-қатынасынан  олардың жан дүниесінің сырын  бейнелейтін жалпы ерекшеліктерден, мінезқұлық сипатының өзара айырмашылықтарынан тұратынты белгілі болған. Осындай  ұғым түсініктерде адам жаны тәнімен  бірге болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анемизм ( лат. анима –жан деген  сөз).

Деп аталады. Ежелгі грек жұртының ғұламалары Гемокрит (б.з.т 6ғ.), Демокрит (б,з.т 5 ғ.) жан табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды  деген пікірді қолдайды. Демокрит психиканы оттың атомдарындай қозғалмалы қасиеттер деп санады. Сонымен  жан туралы алғашқы ілім психиканы адам тәнінің қызметі деген бір ыңғай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон б.з.т 424-347 жж. Жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қоырытынды жасады. Ол бұл пікірмен өз заманда үстемдік құрған билеуші топтың мүдесін қорғап, психиканы түсіндіруді. Идеалисттік бағытты жақтады.  

Аристотель (б.э.д. 384-322ж) оның «жан туралы»трактаты бірнеше ғасыралар  бойы психологияда басшылыққа алынып келген алғашқы психологиялық шығарма. Аристотель психика ұғымын органикалық  процестің бәріне жатқызды. Ол жанды  үшке бөлді. өсімдіктер , жануарлар, адамдар.

Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының  қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі-ойлай  білетін адамның дүниеге келуі. Адам санасының қалайша пайда  болғандығы ғылыми тұрғыдан бірден-бір  дұрыс түсіндірген марксизм классиктері  болды. Маркс пен Энгельс адамның  санасы еңбек ету процесінде пайда  болған, адам қоғам мүшесі, сондықтан  да оның санасы әлеуметтік-тарихи құбылыс  деп түсіндіреді.

Демек, еңбек әрекетінде сананың, дыбысты  анық тілдің дамып шығуы және олардың  қоғамдық-тарихи сипатна тоқталсақ:.

Жануарлар мен адам психикасының өзіндік  ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның  сөйлеу тілін салыстыруға мүлде  болмайды. Жануарлар жануарларға  белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан  хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен  болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде  әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге  жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында  адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта  құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады, Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған  өмір тәжірибесін күрделі мәселелерді  шешуге пайдаланады, өзі ешқашан  кездестірмеген құбылыстар жайында  түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр түрлі сезімдік әсерлері жқнінде  өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау  тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік –  олардың ойлау әрекетінде. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалық процестің басқа функцияларымен тығыз байланыста дамып отыратындығын  көреміз.

Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекеттік  ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай  түрі маймылдың бағдарлау мен  айлалы әрекеттер жасап, мақсатына  жету үшін түрлі жағдайларда ²құрал² қолдануынан көрінеді. Жануарлар психикасы олардың сыртқы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады. Адам нақты жағдайды бейнелеумен бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын жасап, қажетіне қолданады.Ал жануарлар ²құралды² тек нақты, көрнекі әрекетке ғана жұмсайды. Өзге жағдайларда жануарлар ²құралды² қажет болар-ау деп тани алмацды. Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғана белгілі бір мәнге ие болады. Олардың заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты болмайды. Ең әрі кеткенде бір маймыл екінші маймылдың әрекетін бақылауы мүмкін. Бірақ олар ешқашан біріне-бірі көмектесіп, бірлескен әрекет жасамайды.

 Адамның жануарлардан басты ерекшелігінің бірі – еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы. Оны қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолданады. Адамның психикалық әреетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі – олардың қоғамдық тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы. Адам да, жануарлар да жеке өз тәжірибелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірибелерін саналы түрде меңгереді.

Әрбір адамның мінез-құлқында қоғамдық тәжірибенің ізі сайрап жатады. Қоғамдық тәжірибе адам психикасын дамытуға күшті ықпал етеді. Нәресте  жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрекеттер жасап, құралдарды қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста  болады.Сөйтіп, адамзат баласының  психикалық функцияларының жетілуіне  әлеуметтік орта әсер етіп, қажетті  құралдарды меңгеруінде сапалық  өзгерістерге ұшырайды. Адамға ғана тән  жоғары функциялар – ырықты зейін, ырықты ес, абстрактылы ойлау дамиды.

Адам сезімінің дамуы және абстрактылы  ойлауы нәтижесінде болмысты бейнелеу тәсілдері өзара ұқсас. Сондықтан, адам айналасында болып жатқан жағдайлардың сырын білуге терең үңіледі. Өзіне  әсер ететін заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды бейнелеп, олардың бір-біріне қатынас себептерін таниды, әр қилы эмоцияларға әсерленеді. Мұндай сипаттар – адам психикасының өзіндкі төртінші ерекшелігі. Тек  адам ғана басынан кешірген оқиғаларға қайғырып, қуанады. Басқа адамның  басына түскен жағдайларға жанашырлық білдіріп, оларға жан дүниесімен тебіренеді. Табиғат әсемдігін қабылдап, оған шаттанады, жасампаздық істердің нәтижесіне қуаныш білдіріп, рақаттанады. Сөйтіп, саналы тіршіліктің түрлі сырларын танып, ақыл-ой сезімін байытады.

Адам психикасының жануарлар психикасынан тағы бір  ерекшелегі сол – жануарлар дүниесінің дамуы биологиялық эволюция заңына тәуелді болса, ал адамзат санасы қоғамның тарихи даму заңдылықтарына бағынады. Адамдардың өзара қарым-қатынасы мен өмір тәжірибесі оның көңіл-күйін, ырықты зейіні мен есте сақтауын, абстрактылы ойлау қабілетін жетілдіріп, жеке басының кісілік қасиеттерін қалыптастырады. Адам психиканың қоғамдық даму сипатын түрлі себептермен жас кезінен жануарлар ортасында өскен адам баласының жағдайларыннан толық аңғаруға болады. Барлық маугли балаларда жабайы аңдарға тән тіршілік сипаты мен реакциялық әрекеттер болған. Ал адамның жас кезінен қалыптасатын,әлеуметтік ортаға бейімделген сапалары байқалмаған. Егер маймылдың балалары өз үйірінен ажырап қалатын болса, олар тек маймылға тән әрекеттерінен жаңылмайды. Адам баласы адам болып өсуі үшін жарық дүниеге келгеннен бастап адамдар арасында, әлеуметтік ортада өмір сүруі қажет. 

Адам психикасы  – бүкіл материяның эволюциялық  даму нәтижесі. Психиканың даму сатыларын талдау нәтижесінде біз сананың пайда болуы биологиялық фактормен байланысты екенін түсінемізү\. Адамның арғы тегі заттық әрекет ету негізінде ойлаған. Сөйтіп, жоғары жүйке жүйесінде, әсіресе, бас миында көптеген уақытша байланыстар жасауға қабілетті болған. Алғашқы адамдар қолға ұқсас алдыңғы аяқтарының көмегімен қажетті құралдар жасап, оларды нақты жағдайға қолдана да білген. Жануарлар эволюциясының мәнін түсуде сана адамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы екенін айқын түсіне аламыз. Адамдардың алғашқы қоғамдық қатынастарының сипаты – үйірленіп тіршілік етіп, топтасып өмір сүруі. Сөйтіп, олар өз жауынан қорғанған тамақ табуда біріне-бірі көмектескен. Еңбекке қажетті құрал жасап қолданған. Еңбектену әрекетінде алдыңғы екі аяғы әр алуан іс-қимылдар жасауға икемделіп, денесін тік ұстаған. Мұндай даму адамның бас миының жетілуіне зор ықпал еткен.

Еңбек әрекеті – қоғамдық дамудың  алғы шарты және нәтижесі. Еңбек  әрекеті адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар мен тұрмыс жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне  қолайлы ықпал етеді. Ортаның  күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін  қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы  шиеленісе түсті. Адам қиындықты  жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі  туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасып тіршілік етуге, біріне-бірі бірлесіп көмектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп «өндірістік» қарым-қатынасқа  ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттың бірі – еңбек.

Еңбек әрекетің арқасында  адамның санасы дамыды. Эвалюциялық  дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін  болды, сөйтіп, ақиқат дүниені өзгерту  дәрежесіне қолы жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәуелді  болатын бірсыпыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның иесі ретінде  сезінетін деңгейге көтерілді. Өздері жасаған құралдармен әр алуан  әрекеттерді жасайтын болды. Құрал  арқылы бір ұрпақ келесі түрлі  құрал жасау тәсілдерін, іс-қимылын  мұра етіп қалдырады. Еңбек әрекетінде адамның зейіні өзі жасайтын құралға  шоғырланып, өзінің қажеттіліктерін  қанағаттандыруға да бағытталады. Адамның  әрекеті – еңбек. Күрделі өндіріс  түрлерінің шығуына сәйкес қоғам  мүшелерінің құрал-жабдық жасаулары  да бірнеше буынға бөлінеді. Енді қоғам  мүшелері әр буынды жеке атқарады.

Қол еңбек әрекеті нәтижесінде  қалыптасып, түрлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік сезіне алатын болды. Сондай-ақ, қол материялдық  дене жөнінде бағалы мағлұматтар  да береді. Қол – тек еңбек  органы ғана емес, сол еңбектердің  жемісі. Оның дамуы адамның бүкіл  органдарының дамуына да әсер етеді.

Қолмен істелетін сан  қилы еңбек әрекеті көздің бақылауымен  ұштасып, адамның көру органының  дамуына әсерін тигізеді. Қол мен  көздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалысын

Реттеп отырады да, оның танымдық өрісін кеңейтеді.Сөйтіп, оның сезіну қызметінің өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінің арта түсуіне  қолайлы жағдай тудырады. Еңбек ету  нәтижесінде адамзаттың қоғамдық өмірі  құрылды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы – олардың дыбысты  тілі жетіліп, адам сана арқылы болады. Еңбек процесінде адамның саналы әрекеті қалыптасып, бейнелеу формалары  жетіле түсті.

Тарихи даму процесінде екі шешуші фактор – еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материялдық және рухани мәдениетті меңгерді.

 

4.Психикалық процестер

 

Түйсік.

Түйсік туралы түсінік. Сезгіштік  және табалдырық  түрлері: абсолюттік және айырма. Вебер-Фехнердің псифизикалық заңдылығы. Адаптация құбылысы. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация және синестезия құбылыстары. Бір ізді бейнелер. Экстерорецепторлар және оның түрлері. Интерорецепторлар түйсіктері. Проприорецепторлар түйсіктері. Түйсіктің физиологиялық  негіздері (перифериялық, нерв жолдары, ми орталығы). Тітіркендіргіш, психикалық бейнелеу, субъективтік образ. Сенсорика. Сенсорлық жүйе. Тұлғаның сенсорлық  ұйымдасуы.  Сенсорлық зеректік. Сезімталдық. Сезімталдық тұлғаның әлеуметтік және кәсіптік қасиеті.

Қабылдау.

Түйсік және қабылдаудың  байланысы. Уақытты және кеңістікті қабылдау. Заттарды кеңістікте қабылдау қасиеттері: көлемі, формасы, орналасу қалпы. Қозғалысты қабылдау механизмі. Гештальтпсихологиядағы қабылдау теориясы. Уақытты қабылдау механизмі. Затты  және фонды қабылдау. Қабылдаудың  тұтастылығы, мағыналылығы, таңдамалылығы, тұрақтылығы, қабылдаудағы иллюзия, апперцепция. Қабылдаудың нейрофизиологиялық негіздері. Қабылдаудың даму сатысы. Қабылдау- сыртқы дүниедегі заттармен құбылыстардың  миымызда тұтастай бейнеленуі. Перцепция. Перцептивтік әрекет, жүйе, мәдениет. Қабылдау мәдениеті. Байқау мақсатқа бағдарланған қабылдау. Байқағыштық. Байқағыштық  тұлғаның әлеуметтік және кәсіптік маңызды  қасиеті.

Ес процестері және елес.

Психика