Су ресурстарының экологиялық мәселелері

Қазақстан Республикасының білім  және ғылым минстрлігі

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Экология кафедрасы

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Су ресурстарының экологиялық мәселелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орыңдаған: ПХ-315 гр.ст. Сатиева М.А.

 

                                             Тексерген: Жексенаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы 2013ж.

 

Жоспары

 

1.Су - тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы. Судың қасиеттері.

 

2.Жердегі су қоры; Каспий, Арал теңіздерімен Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Әлемдік су қоры.

 

3.Судың ластану мәселесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Жердегі барлық су  біртұтас. Олар атмосферамен, литосферамен  қатар жеке қабат – гидросфераға  бөлінеді. Ол тіршілік ортасы  ретінде ерекше қасиеттермен  сипатталады.

   Судың қасиеттері. Биосферадағы  маңызы процестерге әсерін анықтайтын  судың өзіне тән қасиеттері:

  1. Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны. Жердегі барлық ресурстар жойылатын, шашырайтын болса, ал су әр түрлі күйге: сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды. Су мұндай қасиетке ие болатын бірден-бір ресурс.
  2. Суға қату кезінде көлемнің артуы және сұйыққа өтуі кезінде көлемнің кемуі тән.
  3. Ең жоғарғы тығыздығы +4С-да байқалады. Табиғи және биологиялық процестердің маңызды қасиеттері осыған байланысты болады. Мысалы, су қоймаларының терең қатуының болмауы.
  4. Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.
  5. Тек оң ғана емес, теріс температурада да жеңіл газ тәріздес күйге өтуге қабілеттілігі. Теріс температурада қатты күйден (мұз,қар) бірден бу тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс – сублимация деп аталады.
  6. Булану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және будан конденсациялану мен қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.
  7. Дисперсті ортада, мысалы, ұсақ саңылаулы топырақтар немесе биологиялық құрылымдарда байланысқан немесе таралған күйге өтуі. Мұндай жағдайда судың қасиеттері өте күшті өзгереді (қозғалғыштығы, тығыздығы, қату не булану температурасы, беттік керілуі және т.б.). Бұлардың табиғи және биологиялық жүйелердегі процестердің жүруі үшін маңызы зор.
  8. Әмбебап ескерткіш. Сондықтан, табиғатта абсолютті таза су жоқ. Судың аталған және басқа да қасиеттері биосфералық процестерге, тірі ағзалар мен олардың мекен ету орталарына орасан зор әсер етеді.

  Су –  атмосфераның оттегімен толығуының  бірден – бір көзі. Ол геологиялық  және биологиялық зат айналымдардағы  химиялық элементтер мен қосылыстардың  миграциясының шарты болып табылады.

   Қазіргі  түсінік бойынша тіршілік суда  пайда болған. Алғашқы кезеңдерде  тірі ағзалар судан өте әлсіз  бөлінген еді. Кейін ағзалар  тәуелсіз су балансына өте  бастады. Ағзалардың денесіндегі  судың сапалық құрамы мен ондағы  судың мөлшерін белгілі бір  деңгейде ұстап тұратын құрылымдар  пайда болды.

   Қазіргі  күнге дейін денесіндегі судың  мөлшері қоршаған ортаның ылғалдылығына  тәуелді (пойкилогидрлі) ағзалар  сақталған. Бірақ, қандай топқа  жатпасын денесіндегі судың мөлшері  50% кем болмайды. Көптеген пойкилогидрлі ағзалардағы судың мөлшері 90% жоғары болуы мүмкін. Неғұрлым ағза жоғары ұйымдасса, соғұрлым оның денесіндегі судың мөлшері тұрақты болады.

  Адам  ағзасындағы судың үлесі 60%-ға жуық, бірақ жекеленген мүшелер мен ұлпаларда ол 1% - 96% -ға дейін ауытқиды.

   Тбиғи  экожүйелердің тіршілігіндегі судың  маңызы туралы онда түзілетін  өнімнің су сыйымдылығына қарап,  қорытынды жасауға болады. Ол  транспирациялық коэффициент арқылы  сипатталуы мүмкін.

    Бидайдың  бір тоннасын алуға 2500 т су, күрішке – 4560 т, мақтаға –  10000 т су жұмсалады.

Жердегі су қоры

 

   Жердегі  судың әлемдік қоры орасан  зор. Олар 1353985 мың км3. Егер гидросферадағы  барлық суды біртекті етіп  Жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы  шамамен 2,5 км болар еді. Әлемдік  мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең терең максималды  тереңдік 11022 м Мариан  шұңғымасы.

   Жердегі  судың басым бөлігі тұзды су  болып табылады. Ол жалпы қордың 97,5 % үлесін құрайды, бірақ тұщы судың көлемі де өте көп. Оның мөлшері 35 млн. Км3-ге тең.

    Әлемдік  мұхиттың деңгейінің өзгермелі  жағдайында Жердің су балансы  төмендегідей болады. Планетаға  түсетін жауын – шашын буланумен  теңеседі. Екі шама да 577000 км3/жылына  жуық. Мұхиттың булануы жауын  – шашыннан 47000 км3/жылына артық.  Құрлықта кері заңдылық байқалады  – булану жауын – шашыннан 47000 км3/жылына кем. Осы өзен  ағыстарымен мұхитқа қайтарылады.

Қазақстанның  су ресурстары

 

    Қазақстанның  су артериялары шамамен 85 мың  өзендерден құралған. Ең ірі су  көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері  жатады. Соңғы жылдары бірқатар  көлдер жүйесінің кебуі байқалып  отыр. Бұл өзендер ағысының шектен  тыс реттелуі мен олардың деңгейінің  табиғи ауытқуларынан ең қолайсыз  жағдайда Қазақстанның басты  су арттериясы – Ертіс өзені  қалып отыр. Оның сулары жоғары  дәрежеде ауыр металдармен ластанған.  Негізгі ластаушы заттар –  мыс, шайынды сулармен бірге  келіп түседі.

   Су  қоймалары мен бассейннің су  ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға  иондық ағыс (28 мың тоннадан астам  1994 және 1995 ж. шамамен 23 мың тоннаға  жуық), азотты органикалық қосылыстар (1,8 мың тоннаға жуық), фосфор қосылыстары,  цинк жатады.

   Табиғи  суларды ластайтын негзгі химиялық  элементтердің барлығы дерлік  су ортасына өнеркәсіп орындарының  шайынды суларымен келіп түседі.

  Каспий аймағының экологиялық жағдайы.  Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жалғаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 ум ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн. га қосылуына әкелуі мүмкін.

  Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік – Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.

   Каспий  теңізі дүние жүзіндегі бекіре  тәрізді балықтардың ең ірі  мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек  мемлекетаралық қана емес, ғаламдық  мәселе болып табылады. Каспийдің  биологиялық алуантүрлілігін сақтау  бүкіл әлемдік қауымдастықтың  жұмысы. 1995 ж. тегеранда Каспий  маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің  кездесуі өтті. Бұл кездесудің  мақсаты Каспий аймағының экологиялық  тұрақтылығы мен оның ресурстарын  пайдалануды басқару концепциясын  жасау болып табылады. Бірақ кез  келген экологиялық бағдарламаның  іс жүзіне асуына, оның ірі  мұнай – газды аймақ ретінде  маңызының артуы күрделендіреді.

   Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 60-жылдардын бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90 % - дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60 % көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м – ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм жемен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендп кетті.

   Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет.

  Аралды  сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың  ішінде арал теңізі 640 км3 судан  айырылды, судың тұздылығы 26-27 г/литрге  жетті. Судың деңгейі 13 метрге  төмендеп, су жағалаудан жүздеген  километрге шегінді. Кеуіп қалған  теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар  көтерілуде.

  Арал  теңізі Орта Азияның шөлді  белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған.

  Судың  сапасының нашарлауы мен оның  жетіспеуі өсімдіктер жабынына  ерекше әсер етті. Бағалы орман,  қамыс, өнімді жайылымдар мен  шалғындықтар жойыла бастады.  Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт  суларының деңгейі төмендеп кеткен.

  Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарымен шектесіп жатыр. 70-жылдарда көлдң ауданы жылдық жауын-шашын мөлшеріне байланысты 17-ден 22 мың км2 дейін ауытқып отырған. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Сонымен қатар, Балқаш бассейіне Жоңғар және Күнгей Алатауы, Қалықтау, Нарат, Боро-Хоро да кіреді. Балқаштың суының көлемі – 112 км3,ең үлкен тереңдігі – 6 м. Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне – шағын өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды.

  Балқаш – жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы болған. Ол көлге жылдық су мөлшерінің 78,2 % береді. Балқаштың шығыс бөлігіне келіп құюятын шағын өзендерінің барлығы қазір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады. Тек көктемгі су тасқыны кезінде және мұздықтардың еруі кезінде ғана осы судың бір бөлігі өзендермен Балқашқа келіп түседі.

  Балқаштағы  экологиялық жағдай тек Балқаш  көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін  ойлауды талап етеді. Экология  заңдарын білу, қала мен өндіріс  орындарының тиімді тығыздығын  анықтау Оңтүстік Қазақстандағы  үш ірі облыстардың келешегін  қамтамасыз ететін экологиялық  тепе-теңдікті қалпына келтіруге  мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

    • Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева «Экология»
    • Wikipedia.org
    • Twirpx.com

Су ресурстарының экологиялық мәселелері