«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шағын фирма нарықтық экономиканың басты элементі болып табылады, онсыз мемлекет бірқалыпты дами алмайды.  Шағын фирма – бұл өркениетті нарықтық шаруашылықтың құрамдас бөлігі, оған тән бәсекелестік механизмнің ажырамас бөлігі. Бұл фирма түрі нарықтық экономикаға қажетті  икемділік бере отырып, халықтың ірі қаржылық және өндірістік ресурстарын  жинақтайды, өзінде қуатты монополияға қарсы потенциалды қалыптастыра отырып, ғылыми-техникалық прогрестің бірқатар бағыттары бойынша алға жылжуды қамтамасыз етеді және құрылымдық қайта құрудың басты факторы болады, көп жағдайда нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа да әлеуметтік мәселелерін шешеді. Сондықтан шағын фирматің дамуы экономикалық саясатты қалыптастырудың стратегиялық міндеті болып табылады.

Мемлекеттік және басқа да қолдауға қатысты шағын фирмаке аз көңіл бөлінуімен шағын фирматің мәселелерін зерттеу мәні жоғарылайды. Шағын фирматі дұрыс бағаламау нәтижесінен оның экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерін ескермеу ірі стратегиялық мақсаттардың іске аспауына тікелей әсерін тигізеді.

Мемлекеттің қолдауынсыз және өзіндік ішкі топтағы өзара әрекетсіз шағын фирма ірі капиталдық бәсекелестік күреске төтеп бере алмайды, өзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік қызығушылықтарын қорғай алмайды.

Жаңа кәсіпорындардың нарыққа шығуына және олардың қызметтерінің дамуына әкімшілік және экономикалық кедергілер бар. Көптеген шағын кәсіпорындар қазақстандық заңдылықтардың жетілмегендігіне байланысты  «көлеңкеде қалып отырды». Қалыптасқан жағдай жемқорлыққа шексіз мүмкіндік әкеле отырып, нәтижесінде шағын фирма өкілі жергілікті деңгейде бұқаралық құрбанға айналады. Мемлекет шағын фирма секторында нарықтық өзгерістер процесінің белсенді және қозғалмалы қатысушысы ретінде, минималды меншіктік ресурстар көмегімен капитал салымдарының жоғары айналымын қамтамасыз ететін экономикалық қарым-қатынастардың тең құқылы субъектісін көргісі келмейді. Шағын меншік иесінің несие-қаржылық және салықтық жүйеде кедендік қорғауда ешқандай артықшылықтары жоқ, фирматі дамытуда айтарлықтай кедергілерді бастан кешіреді, өмір сүруге қиын жағдайда жұмыс істейді. Шағын фирманың өкілі үшін  өндірістік сферада  бұл фирманың  түрі тиімсіз, сондықтан сауда және делдалдық салада қызмет істеуді жөн көреді, ал қазіргі қазақстандық экономика үшін капиталдың айналыс саласынан өндіріс саласына құю өте қажет. Сол себепті бүгінгі күні шағын фирмаға мемлекет тарапынан қолдау жасау қажет.

Шағын фирманы қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады.

Шағын фирма – жеке кәсіпкерлердің, шағын кәсіпорындардың фирма қызметтеріне сүйене отырып, шағын нысанда жүзеге асырылатын фирма түрі. Шағын фирма өндірістің, сауданың, қызмет көрсету  сферасының кейбір түрлері мен нысандарына тән. Экономика секторын көтеруде шағын фирманың маңызы туралы «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген. Үкімет осы міндеттерді орындауға нақты мүмкіндік беретін бірнеше шаралар қабылдады: мәнді заңдылықтар базасы қабылданды, несиелік әдіс енгізілді, шағын фирма үшін инфраструктура жасалды.

Оның себебі, шағын фирманы дамыту туралы көптеген қаулылар мен заңдар терең экономикалық дағдарыс жағдайында, макроэкономикалық қалыпсыз жағдайында қабылданды. Сондықтан да бұл шаралардың барлығы мемлекет тарапынан жай ұсынған сөз сияқты  қала берді, нақты түп-тамыры болған жоқ.

Бұл мәселенің  тағы бір аспектісі, біз өндірістік сектор мен қарым-қатынас сферасындағы шағын фирманы ажырата алмаймыз. Негізінде бұл әртүрлі салалар. Өндірістік сектордағы шағын фирма күрделі технологияларды,  қымбат жабдықтарды қолданумен байланысты, ол қарым-қатынас сферасына қарағанда, жұмыс істеушілердің жоғары кәсіптік  деңгейін талап етеді.

Нарықтық қатынасқа көшпей тұрғанда еліміздің экономикасының негізін ірі өндірістік орындар құрайтын, ал шағын фирма мемлекеттік мүдделер сферасына жатпайтын. Дегенмен, жоспарлық экономика трансформациясы кезінде кіші кәсіпорындар мемлекетіміздің стратегиялық курсын жүзеге асырудың басты құралдарының бірі болып табылады. Әлемде шағын фирманы жасау және дамыту мәселесі алға тартылған жоқ, өйткені ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолмен өзі қалыптасты. Қазақстан экономикасының бұл секторы санаулы жылдарда қалыптасты.  Шағын фирма мәселерін көптеген экономистер зерттеді және әлі де зерттеу үстінде, бірақ осыған қарамастан мәселері шешімсіз қалуда, сондықтан Республикамызда шағын фирманы қолдау және дамыту бүгінгі күнде өзекті мәселе болып отыр.

Шағын фирманы дамытудың қазіргі мәселесін талдауына қарасақ, екі басты бағытты көруге болады: оның қызметінің құқықтық жағын жүзеге асыру және жаңа прогрестік нысандармен шағын фирманы қаржылай қолдау тәсілдерін дамыту. Бірінші бағытта салық салу облысында дұрыс, тиімді құқықтық режимді орнату өте маңызды болып табылады. Салық саясатты жүзеге асыру шаралары несие беру  мәселесі тікелей байланысты болмаса да, ол жаналай шағын фирманың кірістер мен кірістілігін қалыптастыруына әсер етеді, атап айтқанда, салық төлеу мүмкіндігіне әсер етеді.

Шағын фирманың кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді.

Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.

Шағын фирманың экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі :

          1) бәсекелестік ортаны қалыптастырады;

          2) нарықты тауармен және әртүрлі қызметтермен толықтырады;

          3) ірі фирма үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қоректену ортасы» болып табылады.

          Әлеуметтік  – тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз  ету  мәселесін шешуге көмектеседі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады.

          Осы  алға қойылған мақсатқа байланысты  төменгі міндеттер қарастырылады:

          а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;

           ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау;

б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау;

в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру;

          г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру;

           д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.

Диплом жұмысының пәні шағын фирма шаруашылығын қалыптастыру және оны басқару.

Дипломдық жұмысты жазудағы әдістемелік негіз болып, заңнамалық актілер, банктік іс аумағында қазақстандық, ресейлік экономистердің және шетелдік мамандардың ғылыми еңбектері мен монографтары, оқу пособиялары мен методикалық өңдеулер, мерзімді баспа материалдары, статистикалық ақпараттар, «Қазақстан-2020» стратегиясы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті және құрылымдық материалдары табылады.

Дипломдық жұмыс құрылымы  кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Фирма экономикасының теориялары.

 

1.1 Фирма  стратегиясының теориясы  және оның шаруашылықты жүргізудегі  негізгі ережесі.

 

"Фирма" – көп профилді өндіріс. Мысалы, Италия фирмасы "Фиат" тек қана  автомобиль шыгарып коймайды, теңіз  кемелерін және т.б. шығарады.

 ХІХ-ғасырдың  басында француз зкономисті Жан  БатистСэй (1767-1832 жылдар) кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің негізгі  ережесін калыптастырды. "Пайданы  көбейту үшін өндіріс шығындарын  азайту керек".

Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарыктық бәсеке жағдайында бас тартпай жүмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұракты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық максаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінін үлесін көбейту болды.

Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.

Осы бойынша америка ғалымы, зкономист П. Самуэльсон: "Тауар өндірушілср бағалар бәсекесіне қарсы'гұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көере алады, тек қана шығындарды минимум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі" - деп жазды.

Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына әкеледі.

Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі  экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы  елдердің бір қатары дамудың индустралдыға дейінгі деңгейінен индустралды дәуірге өтуде, иидустралды дамытушы елдер индустралдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.

Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары  мен сұраныстары көп қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан  алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.

Фирма. егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыруы керек, осы факторлар өзара байланысты болса да.

Жалпы қабылданғандай, фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен инженерлсрдің қандайталаптары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық,  сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис койылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.

Микроэкономика саласындағы мамандардың бағалануынша кез-келген фирма үшін кез-келтен экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда ондірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сай келуі тиіс;

біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;

екіншіден, фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышанарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;

үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен өзгетті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың тұрақты шығындарына құрал-жабдықтар жалға беру ақысының, салықтадың, әкімшіл басқару шығындары кіретінін білеіз. Тұрақты шығындар шығарылған өнім көлеміне тәуелді болмайды.

Қалдық шығындар - өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыты ұзын болған сайын, соғұрлым қалдық шығындарының көлемі аз болады. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.

Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындарпдың бөлігі.

Старттық шығындар-өндіріс пен өткізу көлемдері өзгермегенде өзгермейтін болуы мүмкін. Егер өндіріс әлеуетін арттыру керек болса (техника мен жұмыскерлер санын), онда старттық шығындардың сандық өсуі және типті секірісі болады.

«Тұрақты шығындар» түсінігі – салыстырмалы, өндіріс пен өткезілу өзгеруінің әсерінен олар өзгеріссіз қалмайды.

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өзгермелі шығындар өндіріс көлемі мен өнім өткеру көлемі азайғанда және артқанда қалай болады? Өзгермелі шығындар жұмысшы күшіне, шикізат пен материалдардың шығындары екенін білеміз. Бұл шығындар өндіріс пен өнім өткеру көлемінің өзгеруімен өзгереді.

Фирманың өндіріс пен өнім өткеруінің өзгеруіне байланысты өзгермелі шығындар құрылымында пропорционалды, прогрессивті, дегрессивті шығындар пайда болады.

Пропорционалды өзгермелі шығындар-өндіріс  пен өнім өткеру пропорциясына қатысты өзгеретін шығындар.

Прогрессивті шығындар-өндіріс пен өнім өткеруге қарағанда көп деңгейде өзгеретін өзгермелі шығындар.

Дегрессивті шығындар-өндіріс пен өнім өткерілуіне қарағанда салыстырмалы түрде аз пропорцияда өзгеретін өзгермелі шығындар.

Өзгермелі шығындар өндіріс пен өнім өткерілу көлемдері өсуі бойынша көрінеді. Ең алдымен олар өндіріс көлемімен баяу өседі және осы уақытта дегрессивті шығындар пайда болады. Оның себебі мына жағдай: фирманың экономикалық қызметі кеңейген сайын жұмысшы күшін пайдалану, ұйымдастыру және еңбек бөлінісі жақсарады, арзан шикізат пен маериалдар алынады.

Бірақ та, белгілі бір сәтте шаруашылық қызмет тиімділікке жету, арзан шикізат пен материалдарды жақсы қолдану мен сатып алу мүмкіндіктері таусылатын деңгейге жетеді. Фирма өзінің әлеуетін толық пайдалану деңгейіне жақындағанда, өзгермелі шығындар прогрессивті шығындар сипатына еніп, олар өндіріс көлемі өсуден немесе тез өсе бастайды. Яғни жұмысшы күші осы немесе басқа да себептерден қымбаттайды, өнімнің бірлігіне есептегенде шығындары өсе бастайды, жұмысардың қарқыны ақаудың пайызын көтереді. Осылай, дегрессивті және прогрессивті шығындар басшылар үшін фирма шаруашылық қызметінің тиімділігінің барометрі болуы тиіс.

Фирманың шаруашылық қызметінің тиімділігі туралы шығындар құрылымының басқа өзгерістері де куә болады. Шығындар құрылымы деп жалпы шығындардың барлық көлемінде фирманың өзгермелі және тұрақты шығындардың пайыздық қатынасын түсінеміз.

Егер А және В екі фирмалардың жалпы шығындары мына түрде келтіріледі:

А                      Б

өзгермелі шығындар               70%                   40%

тұрақты шығындар                  30%                   60%

жалпы шыіғындар                   100%                 100%

Осыдан олардың шығындарының құрылымы өзгеше деп қорытынды жасауға болады.

А фирмасында еңбекті төлеуге көп шығындардың болуы, осы фирмада қол еңбегінің үлесі көп екендігін көрсететді. Оған керісінше  В фирмасында өндірістің жоғарғы деңгейлі автоматтандырылуына сай жоғаы тұрақты шығындар мен еңбек ақысында аз өзгермелі шығындар.

Өндіріс шығындары құрылымы қазіргі жағдайда айтарлықай өзгерді. Жаңа технологияларда қолданудың өсуіне байланысты құрылымында инженер-электроншиктер, инженер-программистер, инженер-механиктер оларға сай еңбек ақылары мен басым жоғары мамандықты жұмысшы күшіне қажеттілік өседі. Осы себептен өнімнің жалпы құқығына еңбек ақы үлесі айтарлықтай өсті. АҚШ-та өнеркәсіп жұмысшыларының еңбек ақысы екі проценттерден он процентке өсті. Фирманың маркетинг қызметіне байланысты шығындар жиырма проценттен қырық процентке өсті. Осыдан фирма  стратегиясында пайданы көбейтуге жаңа мәселелер пайда болады. Пайданы  көбейтуде мынадай теориялар мен моделдер болады. Пайданы көбейтудің дәстүрлі моделі. Дәстүрлі модел мына әдістерге сүйенеді:

-статистикалы  әдіс, өндіріс пен өткізудің бұрынғы  көлемдегі кезінде алынған максималді  пайданың статистикалық ақпараттарына  негізделеді;

-эксперттік  баға әдісі, өндіріс пен өткеру  көлемдерінің және шығындар көлемінің  экспорттық баға негізінде максималді  пайда алу мүмкіндіктерін талдауға  сүйенеді.

Менеджерлік теория және пайданы ұлғайту моделінің  теориясына келіссек нарықтық әуекел жағдайында қатаң бәсекелестің  ортада фирманың одан шығуға ұмтылуында пайданы ұлғайту мен тек қана аз уақытқа ғана емес, сонымен бірге ұзақ уақыттағы кезеңде де айналысуы тиіс.

Практика көрсеткендей, осында осы немес басқа фирманың сайланған басшыларының тәртіптеріне байланысты мәселе туады.

Сайланған басшылар өздерін жұмыста уақытша сезініп, пайданы ұлғайтуды өздері орнынан кеткенше жақсы сыйлық алуға үлгеру үшін тек қана аз уақыт кезеңінде жүзеге асыруға ден қояды.

Ірі фирмалардың контракты бойынша сайланған басшылары, сайланған басшылар емес, максималды пайданы алудың бағдарламасын тек қана аз уақыт кезеінде ғана емес, сонымен қатар ұзақ уақыт кезеңінде де жасайды.

Маржиналды теория мен пайданы көбейтудің моделі.

Осы теория шекті табыс және шекті шығындар тепе-теңдігінде пайданы көбейту туралы тезиске сүйенеді.

Шекті табыс – фирманың қосымша өндірілген өнімнің әр бірлігінен алынған қосымша табыс.

Шекті шығындар - әрбір қосымша өнімнің бірлігінің өндірісімен байланысы қосымша шығындар.

Шекті табыс – шекті шығындар жағдайы фирма жұмысы үшін жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларында да қолданылады.

Осымен қатар осында мыналарды есепке алу керек:

-жетілген  бәсеке жағдайында жұмыс істейтін  фирмалар тек қана бір параметріне - өндірілген өнім көлеміне бақылау  жүргізе алады;

-жетілмеген  бәсеке жағдайында фирмалар екі  параметрлерге - өндірілген өнім  көлемі мен олардың бағаларына  бақылау жүргізе алады. Бұл мына  жағдаймен түсіндіріледі: фирма жетілмеген бәсеке жағдайында бағаға әсер ету мүмкіндігі бола тұрып максималды пайда беретін өндіріс көлемі мен бағаладың оптималды үйлесуіне табуы керек.

      Жалпы экономикалық теория фирма ішілік жоспарлаудың мәніне, міндеттеріне, мқсаттары мен кезеңдеріне көзқарастардың біртұтастығы әзірше жоқ.

Сондық оның жүзеге асуының жалпы қабылданған негізгі элементтеріне тоқтаймыз.

Жоспарлау – белгілі бір болашақта фирманың мақсаттарын анықтау, ресурстармен қамтамасыз ету мен жетістіктерге жету әдістерін талдау процесі, ол стратегиялық (ұзақ мерзімді) және ағымдағы (қысқа мерзімдегі) жоспарлау болып бөлінеді.

Оның негізгі элементтері қатарына мына элементтер кіреді:

-болжам жасау, мемлекеттік деңгейде жасалған  ұлттық экономиканың және оның  жекелеген аймақтарының даму  болжамарына сүйене отырып, фирма  өзінің болашақта дамуын зертеуді  қарастырады;

-жалпы міндеттерді  қалыптастыру, бұл фирманың даму  болжамдарының негізінде оның  орындалуымен ресурстармен қамтамасыз  етілуінің белгілі уақыты мен  жүзеге асады;

-фирманың  әрбір бөлімшесімен жоспарды  нақты орындау бағдарламаларын  жасау, бұнда өндіріс сатылатын  шикізат, материалдары дер кезінде  жеткізуді, өндірістік және өткеру  операцияларын есепке ала отырып  байланыстыу;

-фирмалар  бөлімшесінің арасында ресурстарды  бөлу фирманың ақшалай табыстары  мен шығындары балансын құру  бағдарламаларын жасау, онда шикізат, материлдар, еңбек ақы, күрделі құрылыс  шығындарының көрінісі орны алады.

-осының негізінде  фирманың әрбір бөлімшесінің  функциялары, оларды орындаушылардың  және бөлек процесстермен операцияларды  орындауды жауапты адамдар анықталады;

-аяқтаушы  кезек – фирманың төменгі буындарына  қабылданған шешімдерді тарату  мен нақты тапсырмаларды жасау, осыдан жоспарда көрсетілген  міндеттерді жүзеге асыру басталады.

Фирма ішін жоспарлауды ұйымдастыру бойынша екі теоретикалық көзқарас, жоспарлауды ұйымдастырудың екі схемасы бар: жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға.

-жоғарыдан  төменге жоспарлау. Осы схема  бойынша жұмыс жоғарыдан басталады. Фирма басшысы пайда бойынша  жоспар көрсеткіштерін, мақсаттар  мен міндеттерді анықтайды. Содан  кейін осы көрсеткіштер бөлшек  нысанда фирманың ең төменгі  құрылымдарына және бөлімшелеріне  жеткізіледі, олар бөлімшелер жоспарларына  енгізіледі.

-төменнен  жоғарыға қарай жоспарлау.

Жоспарлаудың осы схемасын қолданғанда фирманың төменгі бөлімшелері жоспарлық есептерді бастайды. Осыдан кейін осы көрсеткіштер алдағы уақыт кезеңіндегі фирманың шаруашылық қызметінің біртұтас жоспарына енеді.

Жоспарлаудың кез келген схемасын қолданғанда фирманың барлық бөлімшелерінің жоспарларының өндірістік және өткеру операцияларын жалпы үйлесімі мен сәйкестігі қажет.

Фирма ішілік жоспарлаудың артық элементтері болып біртұтас жоспарлық баланста біріктірілеті пайда бойынша жоспар мен қаржы жоспары. Соңғысында фирманың тұрақтылығының көрсеткіштері көрініс алады.

Фирма тұрақтылығының негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: активтер – жыл аяғындағы негізгі және айналымдағы құралдардың құны өнімдер мен қызметтерді өткеруден бір жыл ішінде түскен ақша құралдарының соммасы сатылу көлемі; нақты негізгі капитал, жер, ғимарат. Амортизациялық құны шегерілген қондырмалар мен жабдықтар; «кэшлоу» пайда мен амортизациялық түсімдердің құралатын кассалық түсімдер бұл фирманың қысқа мерзімді рентабелділігін анықтауға мүмкіндік береді. 

      Фирманың шығаратын  тауарларының мөлшерін рынокқа  ұсынуы, оны өніруге кететін шығындарына  және сол тауарлардың рынокта  сатылатын бағаларына тікелей  байланысты болады. Бұдан шығатын  қорытынды, тауарларды өндіру және  оны сатуға кететін шығындарды  білу кәсіпорынның шаруашылық  жүргізудегі тиімділігінің басты  жағының бірі болып саналады.

Шығындар – бұл фирма өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Фирма шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

-өзіндік  құн құрайтын өнімдерді өндіру  және сатуға кететі шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы  арқылы сатудан түскен ақшалай  түсімді жабатын ағымдағы шығындар.

-өндірісті  ұлғайтуға және жаңартуға кететін  шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа  немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын  бір жолғы ірі күрделі қаржы  шығындары.

-өндірістің  әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық  қызмет көрсету және осыған  ұқсас басқа да мұқтаждарға  кететін шығындар. Олар негізінде  пайданың есебінен бөлінетін  арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Кесте 1 - Өндірістік шығындардың жіктелуі

          Сыныптау белгілері

    Шығындардың бөлшектенуі

1.Экономикалық элементтер

Шығындардың экономикалық элементтері

2.Өзіндік құнның статьялары

Өзіндік құнның калькуляция статьялары

3.Технологиялық процестеге қатыстылығы

Негізгі, қосымша процестеге қатыстылығы

4.Құрамы

Бірэлементтік, кешенділік

5.Өнімнің өзіндік құнына қатысудың  тәсілі

Тілекелі, жанама

6.Өндірістік процестегі ролі

Өндірістік, өндірістен тыс

7.Мақсатқа сәйкес жұмсау

Өндірістік, өндірістік емес

8.Жоспарға қатысу мүмкіншілігі

Жоспарлы, жоспарсыз

Тұрақты, ауыспалы

9.Өнімнің көлеміне қатысы

Күнделікті, бір жолғы

10.Шығу мерзімділігі

Аяқталмаған өнімге кететін шығындар

11.Дайын өнімге қатысы

Дайын өнімнің шығындары


 

 

Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амотизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.

Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына иәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін. 

      Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:

-ғылыми-техникалық  прогрестің жетітіктерін пайдалану;

-өндіріс  және еңбек ұйымдастыруды жетілдіру;

-экономикалық  процестерді мемлекет тарапынан  реттеу.

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыу.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімі ету – аруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалан отырып, шикізаттардың әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.

Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда недәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.

«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау