Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі

                Мазмұны

Кіріспе.      

Әдебиет - адам факторының бейнелеушісі

 

Негізгі бөлім.

Адам факторының қазақ  әдебиетінде бейнеленуі.

          YII ғ. Қорқыт бейнесі.

          XI-XII ғ.ғ. Әбу-Насыр әл-Фараби бейнесі

          XIY-XYIII ғ.ғ. Қажа Ахмет Иассауи бейнесі.

I тарау

XIX ғ. 2 жартысы Ш.Құдайбердіұлы.

 

1.1.

 

1.2

 

II тарау

 

2.1

 

2.2

 

Қорытынды.

Шәкәрім - өз бейнесін өзі  жасаған тарихи тұлға.

 

Пайдаланған әдебиеиттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты, мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден бастаған сала-сала пікірлер мен қөзқарастар қайшылығы жаңа дәуірде де жалғасын таба береді. Әдебиет осы күрделі тақырыптың күрделі аспектілерін өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге тырысады. Өнердің бұл түріннің қоғамдық және эстетикалық маңызы адам, оның танымы мен тағдырынсыз ашылмайды. Сөз өнері адамды, оның төңірегіндегі сан түрлі процестерді көркемдік биіктен зерделеп, игеру нәтижесінде сыртқы әлеммен байланысқа түседі. Сондықтан да адам жаны диалектикасының ашылуы көркем әдебиеттің интеллектуалдық және эстетикалық байлығының өлшемі болып қала береді.

Қазақ әдебиетінде қоғамдағы  терең қайшылықтар, саяси, рухани-психологиялық мәселелер біршама ашық түрде көрніс табады. Осындай жоталы-жоталы мәселелер адам болмысына анағұрлым тереңірек, жан-жақтылық тұрғысынан келудің, қоғамдық құрылыста қалыптасқан қатынастарға сыншылдық позициядан үңілудің нәтежисенде туды. Әдебиетте жаңаша көркемдік ізденістер байқалды. Адам тұлғасынның, рухани әлемінің қалыптасуы, өзгеріске ұшырауы тарихи-әлеуметтік жағдайлармен де байланысты.

Әр қаламгердің адам туралы өзіндік концепциясы, оны  көркем кестелеудің жеке қағидалары болады. Суреткердің адамға деген көзқарасы, тану деңгейі оның стиліне, туындыларының жанрына, тіпті дүниетанымы мен бүкіл шығармашылығына әсер етеді. Яғни жазушының өзіндік стилі болуы үшін адамға деген өз қөзқарасы болуы керек. Соңғы жылдары қазақ әдебиеттанушылары да «Жалпы әдеби процесті, белгілі бір жазушының шығармашылығын көркем әдебиеттің негізгі обектісі – адам тұлғасы арқылы зерттеу жалпы ғылым үшін жемістілігімен, тиімділігімен ғана емес, көркем ойдың концептуалдық негзін құрайтындығымен құнды» (2,133) екендігін баса айта бастады.

Бертіңгі уақыттарда ұлттық философилық ой-пікірлердегі және қоғамдық ой дамуындағы адам мәселесін  арнайы зерттеуде біршама жетістіктер байқалады. Енді қазақ әдеббиеттану ғылымының алдында тұрған іргелі міндеттердің бірі - ұлттық көркем ой дамуындағы адам тұлғасын жан-жақты қарастыру.

Қазіргі әдебиеттану  ғылымының деңгейі де, оның логикалық даму барысы да ақын-жазушылардың шығармашылығындағы адам концепциясының философиялық-эстетикалық қырларына терең үңілуді талап етеді. Әсіресе, образ бен характедің табиғи, әлеуметтік, нақты тарихи және бүкіладамзаттық қырларын жаңаша пайымдау маңызды мәселелердің қатарынан әлі күнге түскен жоқ.

Әдебиетімізде адам мәселесі көркем ойдың әрбір тарихи белесінде  өз жаңашылдықтарымен көрініп отыратыны белгілі. Адам концепциясын қарым-қатынастық жүйеде алып қарастырғанда мына жайларды аңғардық:

    1. Адам және табиғат қарым-қатынасы. Қазақ халқының байырғы дүние танымында табиғат пен адамды тұтас күйде қарастырады. Бұл ауыз әдебиеті нұсқаларында көрніс табады. Табиғат құбылыстарын шешуге тырысушылық, оған шексіз табыну мифологиялық ойлауды қалыптастырды. Ал Қорқыт, Асан қайғы жайлы аңыздардан адамның табиғаттан алшақтай бастауын көреміз.
    2. Көне жазба ескерткіштерінде адамды әлемдік тұтастықтың бөлшегі ретінде қарастыру бар. Мәселен, «Оғыз-наме» жырында Ай, Күн, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз аттары нақты кейіпкерлер атауы болып келуі адам және әлем қарым-қатынасына деген қөзқарстан туады. Осы көне жазбаларда адам және жеке тұлға мәселесі алғаш сөз болды. Күлтегін, Тоныкөк сияқты қолбасшылардың батырлық бейнелерін жасау адамның ерекше сапалары жайлы ойларға негіз болды. Мұндай сипатты қазақ эпосынан да аңғарамыз.
    3. Көне түркі ойшылдарының шығармашылығында адамға қатысты өрбіген ең іргелі мәселе - адам және қоғам қарым-қатынасы. Ал, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн еңбектеріне тоқтала отырып біз қоғамдағы әлеуметтік жіктелістер, адамды әлеуметтік талдауға деген ұмтылысты танимыз. Адамның руханилығы жайлы Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімі де ерекше құбылыс ретінде бағалы.
    4. Қазақ әдебиетінің 15-18 ғ.ғ. қоғам дамуындағы тұлғаның тарихи роліне мән берілді. Және де бұл кезең – адамның табиғаттан алшақтап үлгерген кезеңі. Мұнда табиғат туған жер, ата қоныс, Отан сияқты іргелі ұғымдармен ұласты. Ақын-жыраулар поэзиясындағы тағы бір жаңалық – адамның уақытқа деген қарым-қатынасы. Адамның ғұмырын кезеңдерге бөліп қарастыру осыны айғақтайды.
    5. Абай мен Шәкәрімнің тұсында жеке адам мәселесі терең айшықталды. Адамның өзін-өзі жетілдіру мәселесі, интеллектуалдық қасиеттеріне көңіл бөлінеді. Рухани құндылықтар объективті дүниеден емес, адамның өзінен ізделінеді. Соның нәтижесінде адам мен адамның қарым-қатынасына тың көзқарастар келді. Ойшылдардың діңге қатынасы ортодаксалды мәнде емес адам баласының этика тұрғысынан өрбіді.

Саналы адам дамуы көркемдік дамуымен, мәдениетпен өлшенеді десек, өзінің тарихи бастауларын сонау ерте дәуірдегі түркі тайпаларынан алатын қазақ әдебиетінде адам туралы осыншама терең көзқарастар қалыптасты. Адамның табиғатқа, қоғамға, адамға, болмысқа, уақытқа, әлемге қарым-қатынасын зерттеуде қазақ халқының әдеби мұрасы өлшеусіз материал бола алады.

Әдебиет адам мәселесін  әлемдік және ұлттық концепцияларға сай дамуды көздейді. Жоғарыда біз  атап көрсеткен адамның болмыс салаларымен  қарым-қатынастар жүйесін негізге  ала отырып жаңаша қырынан әрі қарай өрістетті.

Осы жеке адам кейінгі  жылдар әдебиетінің айрықша шұқшия зерттелген мәселесі болды. Жеке тағдыр иесінің қоғамдағы орны, қоғамның оған тигізетін әсері тереңдей қамтылды деп айта аламыз. Адамның санасындағы  өзгерістер оның сыртқы тұрпаты мен сыртқы қозғалыс әрекетінен гөрі ішкі эволюциясының өніп жататын рухани-адамгершілік қасиеттер - әдебиеттің ендігі жердегі жетекші бағытына айналды.

..............................................

 

Көркемөнер оның ішінде сөз өнері адам тағдырына, оның адамзат өркениетімен сан салалы нәзік байланыстарына құрылатыны ақиқат. Әдебиет кейіпкер мәселесі оның сомдалу ерекшеліктері әдебиет сыншылдарының, зерттеушілерінің назарында әр кез болып келген. Қандай дәуірде ғұмыр кешпесін адамның ой-аңсары, өмірлік мақсаты, мәңгілік мұраттарынан ғана емес, белгілі бір кезеңдік ерекшеліктермен де сабақтаса бейнеленеді.

Дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік суреттей отырып, жазушыларымыз оның көркем образдарын мінезі, қарым-қатынасы, әрекеті, ой-аңсары, мақсаты, ішкі жан дүниесі арқылы бейнелеп берді.

Әдебиетте адам болмысының қиындығы мен күрделілігі, дәуір  мен адам арасындағы сабақтастық  пен қарама-қайшылық әдебиеттің қай  жанр үлгілеріне болсын арқау болады. Әдебиеттің әлеуметтік күші – оның адам жанының тылсым сырларын ажыратқыштығында. Адам жанының қалтарыс қуыстарында бықсып жанған кертартпа сезімдердің, сенімдердің шоғына су бүркіп, адамды қоғамға қайтарғыштығында. Суреткердің басты міндеті – сол адам жаны мен жүрегіндегі терең иірімдердің күрделі сырын ашу, күнделікті болып жатқан өмір оқиғаларына адам жанының қатысын аңғарту, оқиғаға адамды емес, оқиғаның сырын адамның болмысы арқылы ашу.

 

Көркем әдебиет қоршаған орта шындығын бейнелеп қана қоймайды. Адам табиғаты қоршаған орта болмысын өзгертуге, жақсартуға ат  салысады. Көркемдік сана айналадағы өзгерістерді де бағдарлап, бейнелеп отырмақ. Оның қайшылықтарын, шешімін таппаған түйіндерді келешегін барлайтын да халыққа түсіндіретін де көркем сана. Аталған қасиеттерді бойына сіңірген көркем  ой туындылары ғана классикалық сапаға көтеріледі.

Қазақ поэзиясының тарихындағы  көрнекті ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы осы қасиеттермен айшықталады. Абай мектебенің ең көрнекті өкіл ретнде Шәкәрім қазақ әдебиетінің  көп тарихи қайраткерлері сияқты көркем өнеріне, поэзияға жаңа мазмұн, жаңа сипат дарытты. Қазақ порэзиясында Абай сияқты Шәкәрім де ойшыл ақындықтың үлгісіне айналды.

Негізгі бөлім

Қорқыт

Қорқыт 8 ғасырларда өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жел маясына мініп алып, халқына мәңгілік жасайтын жерұйық іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде танылады. Әйтсе де өмірінң соңғы сәттерінде «Өлмейтін еш нәрсе жоқ екен» деген тұжырымға келеяді. Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңсгер жырау мәңгілік өмірді шынында тапқан секілді. Қорқыт атаның жан тебірентерлік сыйкырлы күйлері, ұлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келеді.

Барлық адам баласына ізгілікөмір іздеген жан, ұлы  қобызшы, асқан жырау есімін бүгінгі  ұрпақтары есінен шығарған жоқ.

 

Әбу-Насыр әл-Фараби

Әбу-Насыр әл-Фараби – дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын.

Ғұлама ақын ғылымның барлық саласында өзінің сүбелі еңбегін  қалдырды. Майталман математик, үлкен  дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болды.

Әсіресе, Ұлы бабамыздың әбебиеттегі поэзия өнері, шайырлық туралы көсемдігі мен жол бастаушылығы замандастары жоғары бағалап, оған ұлкен  құрмет көрсеткен, оны «ақындар падишасы»  деп марапаттаған. Ұлы бабамыздың поэзия падишрасы болғандығы жайында өз замандастары да куәлік етеді. Сайф ад-Даула сарайында өмір сүрген арабтың сері әрі жауынгер ақыны Әбу Фирас Фарабиге мынадай баға береді: «Поэзия – дөңгелек алтын түйе, оның басы Әбу Насыр Мухамедке, өркеші - Әбу НАуасқа, иығы – Омар ибн Рабиаға, кеудесі - Әбу Таммамға тиді, қалғаны – ішек-қарын – оны екеуміз (сарайдың жарапазаншы жыршысы екуі) бөлісіп отырмыз».

Фарабидің бір пара өлеңдері әлем, ондағы адамдардың орны мен өмірінің мәнісі туралы философиялық рубайлар түрінде болып келеді.

Ей, қарындас! Қашыңдар жалған жолдар.

Ақиқатты шығарма әсте қолдан

Бұл дүние мекенің  сыға берген

Жер нүктеге телміріп болма алаң.

 

Біз бір мейман бұл  жайда аз-ақ күндік

Болымсызға таласып  күн өткіздік

Анталасып, аптықпа тар  қапасқа

Адамға әлем мекн, ол мәңгілік...

(Ауд. А.Машақов)

 

 

Қожа Ахмет  Иассауи

Ұлы ғұлама, кемеңгер ақын, бүкіл Тұран жерін мекендеген исі түркі халықтарының рухани атасы, бәріміздің данышпан бабамыз. Қ.А.Иассауи  – заманының бар шындығын ашып айтқан, әділдік пен адамгершілік мұраттарын аңсған және уағыздаған, халықты имандылық пен қайырымдылыққа шақырған. Ақиқат жолын іздеген және оны таба да білген данагөй, бәтуәлі батагөй ақын.

«Мәдинада – Мұхаммет, Түркістанда – Қожа Ахмет» атанған  осынау ұлы тұлға, заманалардың заңғар биігі, ғалымдық ғұлама, ақылман жырдың жүйрігі болған.

Оның негізгі шығармасы  – «Хикметтер» жинағы. Ұлы ғұлама ақын дін мұсылман қауымына осы «Хикметтер»  арқылы Алланың ақ жолын – Ақиқат жолын айтып беруді, ұғындыруды мақсат еткен. Кемеңгер бабамыз бұл жинағында өз уақытының шындығымен қоса өз өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, әдістері мен құлшыныстарын, алланың ақ жолын табумен тану үшін не істеу керектігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен жырлап отырған. Ана сүтімен, ата тәрбиесімен, ұстаз ұлағатымен қаршадайынан қанына сіңген, бойына дарыған, жүрегінен жай алған ұлы наным оны осы Ақиқат жолындағы тынымсыз ізденіске түсірген. Қожа Ахмет Иассауи меңзеген ақиқат жолы, ол – адалдықтың әділдіктің қайырымдылықтың, тазалықтың, адамгершіліктің жолы.

Қожа Ахмет жырлары  әділдік шапағаттылық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық  секілді игі істерге, яғни Абай айтқандай  «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» болуға шақырады.

Тақуалық ғұмыр, ғаріп, пақыр, жетесіздерге пана болып, қамқорлық жасау, Алла елшісінің жолын ұстау, өмірді босқа өткізбеу. Сайып келгенде ұлы ақын бұрынырақ ғұмыр кешкен мұсылман шығысының ойпаздары мен даналарының кәміл адам тәрбиелеу туралы идеясын алға тартады.

Қажа Ахмет даналық  сөздерінің көпшілігінде ұстазы Арыстанбапты жиі еске алады, ақын ұлы ойшылдарың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менмен, көрсеқызар, кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуғе ақыл-кеңес береді. Яғни бабаларымыздың хикметтері толған ғибрат, мәнд де мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы. Қожа Ахмет базыр хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдық пен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ, дүние жалған ешкімге де опа бермейді, дүниеқоңыздықпен мәңгілік өмір сүргісі келген һаруын, пырғауындар заманындағы Хоман қайда қазір, олар неге мәңгілік өмір сүрмейді. Алланың қаһары түссе, бәрі де сәттік-ақ жермен-жексен болады дей отырып, жүпыны өмір, қанағатшылдыққа, кедейлікке арланбауға, басқа тұскен ауртпашылыққа мойымай көтеруге шақырады. Кәззап ауылын мекендеген молда, иман, қазы, арам әмірші, қиянатшыл бастықтарға күндердің күнінде бір Алланың алдында есеп беруге тура клетінін ескертеді.

Әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды Қожа Ахмет Иассауи дінің шарттары арқылы түсіндіруге тырысқан. Әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескергісі  келмеген тәкәппар жандарды әшкереилеп отырған. Халықты ізгі қасиеиттерге, адамгершілікке үндейді.

Қожа Ахмет Иассауи  өзінің ұзақ жылғы өмір жолын түйіндей келіп, бұл өмірде ақиқаттан артық  қасиет жоқ деген қортынды жасайды.

Қожа Ахмет, басыңды  халқыңа ие біл

Ақиқатты ары таза сүйе біл

Дүние қорлар кетсін бықсып өзімен

Халық қана дүниеге ие бұл.

Сөйтіп, Қожа Ахмет Иассауи  тек дін насихатшысы ғана емес, сонымен бірге, ол адам боиындағы  ізгі қасиеттерді көкке көтере мадақтаушы, өз оқырманын әділ мейірімді, сабырлы, жомарт, кішіпейіл болуға шақырған ойшыл ақын. 

Қожа Ахмет Иассауи - өзі өмір сүрген заман мен ортаның  сыр-сипатын, халық тұрмысы мен  мұң-мұқтажын, арман мүддесін жете сезінген, терең түсінген, халықты жақсылыққа үндеген үлкен тұлға.

 

1 тарау

19 ғ. 2.ж. Шәкәрім  Құдайбердіұлы

    19 ғасырдың 2 жартартысымен мен 20 ғасырдың басы – Абай, Шәкәрім заманындағы жаңа өмір салты, жаңа философиялық бағдар мен жаңа ой образдарын қалыптастыруды талап етті.

Шәкәрім ақын қазақ поэзиясын  тақырыптық мазмұндық жағынан байытып, сонымен қоса ол адам болмысы жөніндегі тың ойларымен қазақ өлеңінің, қазақ дүниетанымының шеңберін кеңейтті.

Адам мәселесі Шәкәрім шығармашылығының орталық тақырыбы болып табылады. Шәкәрім өз философиясындағы алғашқы міндет - тұтас әлемдік картинаны жасау деп білді. Ойшыл ақын дүниедегі адам орны мен табиғатын сол әлемдік тұтастық тұрғысынан қарастырады. Фәлсәпаның басты объектісі және негізгі субъектасы – адам екенін көрсетті.

Шәкәрім қазақ лирикасындағы  адамтанудың негізін қалағандардың  бірі. Ақын ұстанған басты бағыт – нағыз адам деген атқа лайық жандарды биік идеялға айналдыру. «Ескіден қалған сөз теріп» өлеңінде осы нақты көрніс тапқан:

Жүрегі таза адамдар,

Зұлымдықтан амандар,

Қиянатсыз надандар

Әулиеден кем емес.

Сондықан, жалпы адамзатқа  тән асыл қасиеттер адамдық пен әділдік, білімдік пен еңбекқорлық, парасаттылық пен зиялылық мәселелерін жырлауға келгенде Шәкәрімге жетер ақын жоқ. Осынау ізгі қасиеттердің өмір-тіршілікте алар  орны мен мән-маңызына бойлай отыра және оны ой толқынына тербей келе, ақын өзі қоршаған ортада орын алған адамдар бойындағы қасиетсіздікке жирене қарайды. Сөйтеді де одан арылтуға бар өнерін салады. Көргені мен түйгенін ақыл таразысына тартылғанын өлеңдері арқылы оқырман мен тыңдарманға ақтарып салады. Мәселен «Насихат» өлеңінде ақын:

Адалдық жолы болар заман  барма,

Жем болдық шын жексұрын надандарға,

Адастық деп отырмын  айқай салып

Бір тапқаным сол болды, амал барма...- деп күйінеді.

Ақын надандық торлаған қазақ даласына адалдық келіп, әділет жол басшы болар күнді армандайды. Бұл арадағы ақын арманы ащы өксікке толы, үнінде зарлылық басым. Ол осынау надандықтың түп тамыры адам бойын шырмаған сауатсыздық пен қараңғылықта, жалқаулық пен бойкүйездікте жатқанын жақсы біледі. Шәкәрімнің сыршыл поэзия арқылы адамдық болмысты тануға ұмтылған азаматтық ірі мақсаттарының бірі – ұлттың бойына бәле боп жабысқан осы бір жағымсыз қасиеттерден арылту. «Үйренуден жалықпау» қағидасын ұстанған Абайды дана ұстаз таныған Шәкәрім ұлы ақын ұсынған адамды адамдыққа тәрбиелеу атты жанды идеяны одан әрі дамытты. Данышпан Абай:

Болмашы кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл! - деп нақыл айтса, Шәкәрімде ұлтқа қызмет етуді адам баласының ең басты міндеті, қасиетті парызы санайды.

Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл,

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны  біл

Мұнда ол өзінің өнерлілік  тәрбиесін алға тартады. Шәкәрім  өлеңдерінде адамзаттық тұлғалардың  болмысын айыратын көрсеткіште осыған тығыз байланысты. Яғни ұлт алдындағы  борыш ұғымы алдыңғы  қатарға  шығып, азаматтың халқына сіңірген еңбегіне қарай бағаланады. Ал өмірде адам болып қалу үшін, адамгершілікті жоғатпас үшін не қажет?! Адамның адам болып қалуы - әлемдегі сөз өнерін қадір тұтқан бұрыңғы-соңғы бар суреткерді толғандырған киелі мәселе. Заманның заңғар жазушысы Ш.Айтыматов бұл сұрақты 20 ғасыр биігінен барша адамзат алдына қоя білді. «Қашан адам қалады адам  болып?! Соғыста да сол сұрау, бейбіт күнде де сол сұрау!» деген ұлы толғаныс адам өнер атты ұлы үрдісті жанына қуат еткелі бері «күн тәртібінен» бір түскен емес. Бұл сұрақ қазақтың ұлы ақындарын да Абай мен Шәкәрімді де өмірді сөзбен өрнектеген суреткер ретінде толғандырмай қоймасы анық. «Адам деген даңқым бар, Адам қылмас халқым бар» деп күңіренген Абай ұйқтаған ойды түртпек оймен адамның адам болып қалуын көздеп, талай даналықты алға жайып салды. Ұлы ақынның адам болып қалу үшін ұсынған бес қағидасын:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал  шашпақ.

Бес дұшпанын білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап  қой -

Бес асыл іс көнсеңіз

Шәкәрім «Талап пен ақыл»өлеңінде  сегізге жеткізеді:

Сабыр, сақтық, ой, талап  болмаған жан

Анық төмен болмай ма хайуаннан 

Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса

Өлген артық дүниені  былғамаған

«Адам деп ат қойылған жанның алдымен мейірім, рақым, әділет, шапағат, ар-ұят сияқты асыл қасиеттер табылуы  тиіс»,- дейді Ұлы Абай. Шәкәрім де «ғаділетті жүректің билік айтуына құлақ ас» деп үстей түседі.

Шәкәрім халықтың, адамдардың адалдық, әділ жолға түсуінің мүмкіндіктері туралы философиялық толғаныстарында ақыл-ой, оқу-ағарту, білім-ғылым, тәрбие адамның жеке басының жетілуне ерекше мән беріп, көбіне соларды шығармаларына арқау еткен. Еңбек, оқу-білімнің, өнердің адамға, ортаға  тигізер пайдасы, әсері, ықпалы үнемі уағыздалып отырады. Адамның қоғамдағы орнын жоғары пайымдай отырып, Шәкәрім оған көп жүк артады, мақсат-міндет қояды, олардың орындалуына қажет шарттарды, жолдарды да айтады.: «Ерінбесең еңбек дәулет дайын».

 

 

Тұңғиықтан сыр тартқан  сыр тартқан Шәкәрім поэзиясы талай құпияны дүние сырына жетелейді. Адам болмысының тереңіне бойлап, ең асылы адамның «өзін өзі тануы» деген ой ақын дүниетанымының бір тірегі. Түркі танымында «адам баласы өлмек үшін туған» деген қағида бар. Ол қазақ дүниетанымында, поэзиясында айшықты орын алған. Бұл ұғым Абай дүниетанымын да қара сөздері мен өлеңдерінде өз көрнісін тапқан. Поэзияның адам болмысын айқындауда құдіретті құрал екніне шек келтірмеген ақын:

Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап  алдар бірақ

Ертең өзің қайдасың, білемісің?

Өлмек үшін туғансың , ойла шырақ.

Ал Шәкәрім болса «Тойымсыз нәпсі тұрақсыз дүние» өлеңінде осы мәселеге :

Өлімнің хақ екенін көрсең де,

Өлместей омраулап, шатасың

Тозақтың барын біліп  жүрсең де

Күнәға әліңкесе батасың,

Жалған дүниенің жүгінкөтеру  пенде пешенесіне жазылған. Адамзат  баласы «өлмек үшін туылған» болса  бұл алланың адамға жазған үкімі, бұны бұзар да, өзгертер де ештеңе жоқ. Ендеше Алла Тағала адамзатты тек қана жақсылықты бұрып, тіршілігінің мазмұндылығын  санасына салса, оны сезінер, қабылдар болсаң, балған дүниенің өзі, Шәкәрімше айтсақ, «бейіш болар» еді.(6-12 беттер, курстық ж.)

 

 

 

 

Енді, халықты, адамды жаратушы рухани фактор мәдени болса, Шәкәрім сол мәдениеттің, білім мен ғылымның қасиетің поэзиядағы адам, ақын тұлғасы арқылы көрсете білді.

Сондықтан поэзиядағы тұлға  мәселесі қазақ поэзиясындағы өзекті тақырыптардың қатарына саналады. Әдеби тұлға- сан-қырл, мазмұны да, табиғаты да күрделі, әлеуметтік- әдеби феномен. Оның күрделілігі қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік болмыстың қатпарлары секілді Шәкәрім шығармаларындағы образдар жүйесін саралаған  ақын өмір сүрген заман тынысын, адамдар болмысын ғана танып қоймаймыз. Шәкәрім кейіпкерлерінен бүгінгі ұрпақ тәлім алады, рухани адамгершілік қасиеттерді шыңдауды үйренеді. Шәкәрім адам, ақын, лирикалық қаһарман тұлғасын сомдау арқылы адам болмысын жетілдіруді, өмірді түзетуді мақсат етеді.

Шәкәрім поэзиясындағы  адам, қоғам, алла ұғымдарын тұтастай алғанда тұлға мәселесімен диалектикалық байланыста. Олар бірін-бірі толықтырып, бірінен бірі туындап отырады. Ақын поэзиясындағы өмірді түзету, адамды түзету мақсаты, кемшіліктерімен күресу үлгісінің кейінгі ұрпақтарға берері мол. Шеберлікпен өрнектелген Шәкәрім кейіпкерлері жақсылыққа сүйсіндіріп, адам бойындағы ізгілік қасиеттерді жаңғырта түлетеді. Жаманшылықтың, зорлық пен зұлымдықтың адами имандылық қасиеттерді қалайша күйретіп, әлеуметтік болмысты  қаншама кері кетіргендігін де Шәкәрім кейіпкерлерінің іс- әрекетінен, дүниетанымынан анық аңғарамыз.

Қандай да болмасын қаламгер шығармасындағы адам тұлғасы ақындық тұлғадан туады, оның көркем ойының нәтижесі іспеттес. Бірақ ақын тұлғасы мен кейіпкер тұлғасы бір құбылыс емес. Суреткер тұлғасы ауқымды, күрделі.

Қазақ поэзиясындағы  адам, ақын, қаһарман тұлғасын сомдаудың  классикалық үлгісін жасаған  адам – Абай. 20 ғ. Басында бұл дәстүрді Шәкәрім жемісті жалғастырды. Шәкәрім сомдаған адамдардың ой-танымы, мақсат-мұраттары көп мәселеде қоршаған ортадан өзгеше және озық. Олардың табиғаты таза, өмірлік мақсаттары айқын, махаббаттары  биік, тағдыр тәлкегімен күресуге қабілетті. Шәкәрім кейіпкерлер образы арқылы дұрыс адамды, тұзу адамды қалыптастыруды мақсат тұтады. Ақынның діни ағартушылық гуманисттік, ойшылдық қасиеттері оның өлеңдері мен поэмаларындағы кейіпкерлер болмысы арқылы шыңдала түседі. Тұлға мәселесі төңірегінде түркілік рухани мұраны, Шығыс поэзиясымен және батысттық әдеби- философиялық ойдың озық үлгілерімен ұштастыруы ақын шеберлігін айқындай түседі.

Шәкәрім Абай тағылымын  дамыта отырып қазақ поэзиясын бір  саты жоғарыға көтерген ақын. Шәкәрім  де Абай сияқты өз поэзиясында адамды сүю позициясынан еш уақытта ауытқымаған. Ол өмірдің қиыншылықтарын, тауқыметін тартта отырып , өзінің негзгі мақсаты- адам болмысын адамды жақсарту, жаңарту ісінен бас тартпаған. Ақын шығармашылығыныңа басты ерекшелігі – адамның табиғаты, адамгершілік сапалары мен қасиеті туралы дүниетанымдыұ, философиялық ой түйіндеуде. Шәкәрім лирикасы – философиялық танымды бойында жинақтаған лирика. Ақын күрделі адам болмысы туралы терең пікірлерін көркем сөзбен суреттейді

Әдеби процесте адам болмысын философиялық принциптер негізінде  ашып алмай  тұрып қоршаған дүние  туралы, күрделі қоғамдық ьолмыс туралы сөз қозғау қиын. Кейіпкер бол мысы адам тұлғасы- көркем сөздің негізгі обьектісі. Ұлы ақын философ  Ш.Құдайбердіұлының лирикасында көркем өйдың, философиялық поэзияның оса қасиеті күшті көрінеді. Шәкәрім Абай күн тәртібіне қойған адам бол принципінен енқашан ауытқымайды. Шәкәрім өскен ортаның өзі әділет, білім, адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін үнемі бірінші кезекке қояды.

Адам тұлғасы, жеке тұлға  мәселесіне келгенде  Шәкәрімнің нәр  алған бастауларының тым тереңде жатқаны байқалады. Мәселен ертедегі Орхон- Енесей жазбаларынан бастап. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Иассауи, Махмут Қашқари, Дулати, Бұхар жырау, Абай т.б ұлы ойшыл ақындар туындыларында «түзу адам», «жетілген адам», «толық адам» деген ұғымдар кездеседі. Халқын сүйген патриот, ел мұңын ойлаған, әділет пен адалдықты жақтаған адамдар болса ел де түзеліп, өркениет жолына түседі,- деген қағида ұсынылады. Өз поэзиясында Шәкәрім де қазақ жұртына осы мәселені насихаттап ұғындыруда аса зор еңбек етті. Шәкәрім өз өлеңдерінде көп толғанды. Ақынның идеялы – таза адам, тұзу адам. Шәкәрім өз замандастарын көп сынады. Олардың бойындағы жағымсыз мінез-құлықты, әдет пен дағдыларды жие-жие көз қырына алады. «Сәнқойлар», «Еріншек», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Шаруа мен ысырап» сияқты өлңдерінде ақынның өз заманына лайық тұзу адам іздеу жолындағы көрген азапты жолы, кедергілері туралы баянлалады. Бұл туындыларында ақын адамның сыртқы бейнесі, жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы туралы толғанады ақын. Және осындай адам бойында кездесетін кеселдерді сынау арқылы ғана адамды тұзеуге болатына, сонда ғана «таза адам», «тұзу адам» табатына сенеді.

Шәкәрімнің армандаған арлы, «жүрегі таза, ойында арамдық  жоқ» тұзу адамның типтік көрнісі, қарапайым  еңбек адамының бейнесі.

Қайраты зор, білмейтін  ерінуді,

Не асып, не мақтануды  желігуді.

Еңбегімен күнелткен  сырға берік,

Ұнатпайтын орынсыз елігуді.

Шәкәрім түзу адам «мынадай болу керек» деп портретін жасап, суретін салмайды. Ақын өз кейіпкерлерінің моральдық, рухани бейнесін, бұкіл адамдық бейнесін оның ісі арқылы жеткізуге бейім.

Шәкәрімнің адамға табиғат  берген қасиеттерді бейнелеу арқылы адам образын сомдаған шығармаларының ішінде «Талап пен ақыл» атты өлеңінің шоқтығы биік.Адам үшін басты қасиеттер  – талап пен ақыл деп есептейді. Адамға ең алдымен ақыл керек, содан соң алға ұмтылатын талап керек.

                          Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы,                                                                                                                                                                                                                                     

Түбі – жүрек, болады мида басы

Орынсызға ұмтылтпай  тоқтатуға 

Талаптың алты түрлі  бар ноқтасы,- дей келіп, талаптың жүйрік тұлпарына мінген жанға ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық сияқты алты түрлі қасиеттің қажеттілігін, соларды бойына жия білген адам ғана мұратына жете алатынын айтады. Бұл өлеңдегі Шәкәрімнің басты мұраты – адамның бойына ең алдымен талаптың нәрін сіңіру. Өйткені талапты адам ғана бәріне қол жеткізе алады.

Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі