Ағылшын тіліндегі зат есімді сөзтіркестердің қазақ тіліне аударылу жолдары

Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрлігі

 

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

 

 

«Қорғауға жіберілді»

«Филология және аударма» кафедрасының меңгерушісі

________________  ғылыми дәрежесі,

ғылыми атағы, аты-жөні, тегі

 

                                                                         

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

 

Тақырыбы: «Ағылшын тіліндегі зат есімді сөзтіркестердің қазақ тіліне аударылу жолдары»

 

 

 

 

5В011700 - «Аудара ісі» мамандығы

 

 

 

Орындаған                                                                А.А.Ыбыраева

 

Ғылыми жетекші                                         Аға оқытушы, аударма ісінің магистірі

Буденова алтынгүл Берікқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе,2012

 

 

 

 

Мазмұны:

 

Кіріспе

 

I тарау  Аудама  мәселесінің теориялық және практикалық  негіздері

1.2. Аударма барысында ұсынатын негізгі принцептері:

1.2.1. аудармадағы эвиваленттілік мәселесі

1.2.2. Трансформациялық  әдіс

 

 

 

II тарау Ағылшын тіліндегі зат есімді тіркестердің қазақ тіліне берілуі

2.1 . Сын есіді тіркестердің зерттелуі

2.2. Қазақ тіліндегі сын есімді сөз тіркестерді сипаттау

2.3.  Ағылшын және қазақ тіліндегі сын есімді тіркестердің аударылу

        жолдары

 

 

 

Қорытынды

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

Пайдаланған дерек көздер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бастап шетел тілдерінің мәртебесі жоғарылады. Осы ретте тілдің дамып, өркендеу барысында гамматика табиғатында, әсіресе, оның синтаксис саласында анық байқалатын өзгерістерді көрсету үлкен мәнге ие болып отыр. Сөздер өзара тіркесіп, сөйлем құрамына ену арқылы өзінің толқынды қызметің өтейді, яғыни адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қызмет етеді. Сөздердің өзара тіркесу қабілетің әдеби тілдің дамуынан, тілдік факторлардың әсеріне өзгіріп, жаңа мәнге ие болып отырады. Мұндай өзгерістер зат есімдердің сөз тіркестердің тіркесу қабілетінен де анық байқалады.

Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (немесе одан да көп) сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.

Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі    жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады.

Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есім сөз тіркестер.Зат есім  дегеніміз заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді  білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз. Және зат есім зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағынынқы сыңарын құрайтын, ретіне қарай басқа сөз таптарына ұйытқы да бола алатын зат  есімдер зерттеушілер назарынан тыс қалған емес.

Аударма теориясы, оның табиғаты, жеке ғылыми сала ретіндегі мақсат-міндеттері жайын, ғылыми негізгі тұжырымдар Дж Кэтфорд, Комисаров В.Н, Федоров А.В, Латышев Л.К, Швейцер А.Д еңбектерінен табуға болады. Бұл орайда «Тетради переводчика» ғылыми-теориялық жинағын, қазақ тіл біліміндегі аударматану мәселесін еңбегіне арқау еткен А.Алдашеваның диссертациялық жұмысына да ерекше атап өту қажет.

Осы уқытқа дейін ағылшын тіл білімінде жалпы теория грамматикасында зат есімді ғылыми тұжырымдар: Бархударов А.С, Воронцова Г.Н, Горбалаев А.Н, Гордон Е.М, Крылова И.П, Иванова И.П, Ильиш Б.А, Иртенова Н.Ф, Кошева И.Г, Плоткин В.Я, Расторгуева Т.А, Смирницкий Т.А, Ярцева В.Н сынды ғылымдар еңбектерінде ағылшын тіліндегі зат  есімді сөз тіркесетердің басқа грамматика категориялары ішінде алатын орны, оның синтактистік,семантикалық құрылымы берілген.

Ал қазақ тілінің граматикасының негізін қалаған ғалымдар Исаев С.М, Сайрамбаев Т, Балақаев М, Қордабаев Т, еңбектерінде зат есімдердің теориялық негізін берілген. Бұл ғылыми жұмыстың, ағылшын тіліндегі және қазақ тіліндегі зат есімдердің қызмет аясын зерттеуге, олардың функционалды-семантикалық аясын анықтауға негіз болатыны анық. Қазіргі таңда қазақ тіліндегі ағылшын тілінің грамматика саласындағы көп қолданатын зат есімдер тобы, қазақ тілінің зат  есімдер тобымен салыстыра зерттеу жоқтың қасы деп айтуға болады.

Соңғы жылдары ағылшын-қазақ немесе қазақ-ғылшын дербес аударма теория мәселесі ғылыми зерттеулер нысанына бола бастағаны байқалады

 Бұл  үрдістерді отандық тіл білімінің  дербес аударма теориясының негізін  саудағы алғашқы қадамдар деп  танимыз. Алайда, Е.Букетов, М.Мағауин, М.Жанғалин, Б.Омаров, Б.Баймақанов т.б. өз заманының алдыңғы қатарлы  аудармашылары болып табылады. Олардың  ағылшын тіліндегі туындылары  арлық тіл нұсқасынан қазақ  тіліне аударған еңбектері өзіндік  құндылығымен ерекшеленеді. Ал ағылшын  тілінен тікелей қазақ тіліне  аудару ісін алғаш қолға алған  Ж.Қалиев, Ә.Қ.Ахметов, А.Тәжібаев сынды  аудармашылардың еңбегі еркін  атап өткіміз келеді. Аудармашы  үшін маңызы нәрсе – тұп  нұсқа тілдік аспектісі. Өйткені  аударылатын туындының шығармашылық  даралығы мен автордың өзіндік  қолтаңбасы тіл арқылы көрініс  табатындықтан, аудармашы түпнұсқаның  тілдік деңгейімен жұмыс істейді. Осыған орай, көркем мәтіннің  әдеби – көркемдік, идеялық деңгейін  дәл де анық беру үшін аудармашы  түпнұсқаның әр айшықталған сөз  орамдарына, яғыни бейнелеу құралдарына  мұқият көңіл бөлуі қажеттігі  туындайды.

Ағылшын көркем әдебиетінде әлемдік деңгейге көтерген детектив жанрының орны ерекше. Бұл бағыттағы Агата Кристи әңгімелері қазақ тіліне тұпнұсқа тілінентікелей аударылып, оқырман қауымының көңілінен шыққаны белгіл (аудармашылар: Ә.Қ.Ахметов, А.Тәжібаев). Әйтсе де, бұл аудармашылар теориялық негіздері мен әдіс-тәсілдері тұрғысынан толқынды зерттеліп, өз басынан ала қойған жоқ. Соның ішінде ағылшын тіліндегі зат  есімді сөз тіркестердің аударма тіліне берілу жолдары арнайы зерттеуді қажет екендігі белгілі.

Тақырыптың өзктілігі

Ағылшын тіліндегі зат  есімді сөз тіркестерінің қазақ тіліне берілу жолдары. Ағылшын тіліндегі зат есімді сөз тіркестердің жасалу жолдары және функционалды – семантикалық құрылымы аясында зерттеу жүргізу, олардың қазақ тіліне берілу жолдарының өзектілігіне әкелетіні анық. Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде ағылшын тілін ана тілімізге аударудың маңызы зор екенін айта кеткен жөн.

Зерттеу жұмысының нысаны

 Ағылшын  тіліндегі зат есімді сөз тіркестері 

Зерттеу пәні

Ағылшын және қазақ тілдерінің зат есімді тіркестері оның қазақ тіліне аударылу жолдары.

Зерттеу мақсаты мен міндеті

Жұмыстың негізгі мақсаты ағылшын тіліндегі зат есімдердің жолдарын айқындап, оның қазақ тіліне берілу жолдары мен аударма кезеңде кейбір лингвистикалық мәселерді анықтау болып табылады. Осыған байланысты ғылыми жұмыстың алдына төменгідей міндеттер қойылады:

    • Ағылшын тіліндегі зат есімді сөз тірестердің нақты зерттелуіне арнайы тоқталу;
    • Ағылшын тілінің зат есімдердің қазақ тіліне берілу жолдары принциптерін айқындау;
    • Екі тілдің зат есімдерін сағастыру зерттеу арқылы әр тілдің өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
    • Ағылшын тіліндегі зат есімдердің қазақ тіліне аудару кезенде аударма теориясына сүйініп принциптерін анықтау;
    • Жұмыстың ғылыми жаналығы
    • Ағылшын тілі мен қазақ тілі грамматикасында зат есімді сөз тіркестердің салғастырмалы, салыстырмалы теориялық негіздеріне қол жеткізу;
    • Ағылшын тілінен қазақ тіліне зат есімдер тірестері аудару кезінде аудрмашыларға мән беретін мәселесін анықтау;
    • Зат есімдер тіркстерінің ағылшын тілі мен қазақ тілінің өзара айырмашылықтары мен қайшылықтары;

Жұмыстың теориялық маңызы

Жалпы ағылшын тіліндеі зат есімдердің тіркесу қабілтін анықтау алған тұжырымдар мен нәтижелер, оның төл тілімізге аудару жолындағы берілген тұжырымдар мен нәтижелер зат есімнің қос тілде зат есім теориясына өзіндік деңгейде үлес қосады. Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударма теориясында грамматика салсының толықтырай түсуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ағылшын тіліндегі зат есімді сөз тіркестерді аудару тәсілдері анықталады. Зерттеудің ғылыми нәтижелері мен ұсынылатын терориялық тұжырымдар жалпы және дербес ағылшын-қазақ теориясын дамытуға өз үлесін қосады.

Ғылыми жұмыстың практикалық маңызы

Ғылыми жұмыстың зерттеу нәтижелері ағылшын тілінің грамматика қазақ тілінде жүргізілетін қазақ аудиторияларында пайданануға болады, сонымен қатар ағылшын тілінің морфология, синтаксис саларарына байланысты арнайы курстар қолдануға болады. Қазақ аудиториясында аударматанудың теориялық және практикалық курстарында да пайдалану мүмкін.

Зерттеу әдістері

Ғылыми жұмысымыздың арнай мақсатында сыни тұрғыдан ағылшын тілінің зат есімді тіркестердің қазақ тіліне берілу жолдары анықтауда салыстрмалы, салғастырмалы әдісті қолданамыз.

Зерттеу материалдары

Зерттеу жұмысының негізгі материалдары ретінде ағылшын және қазақ тілдерінің зат есімді сөз тіркестерді мен соның ішінде зат есім мен зат есімдердің тіркесі алынады. Материал дерек көзі ретінде А.Тажутовтың «Үлкен ағылшын-қазақ тілдері сөздігі», Ж.Б.Ахметова, Ж.Ы.Ысқақова «Ағылшын-қазақ сөздігі», Б.Шнитниковтың «Қазақ-ағылшын» сөздіктерінен алынды. Көптеген көркем шығармалар әдебиеттер қазақ тіліне орыс тілі арқылы аударылған. Қазақстан Республикасының халықаралық және тіларалық қатынастар негізінде шетел әдебиеттерін тікелей қазақ тіліне аудармалар кездеседі. Осындай кейінгі толқын аудармашылардың ішінде Әділ Ахметовтың ағылшынның көрнекті жазушысы, әлемдік әдебиеттің детектив жанрындағы ірі өкілі Агата Кристиден тікелей қазақ тіліне аударылған «Әңгімелер жинағы» төл әдебиет қазынамыздың дерек көздері ретінде алып отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау

1.1 Аударма мәселесінің теориялық  және практикалық негіздері

 

Аударма дегеніміз ол бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.

Жалпы аударма өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуы тек XX ғасырдың екінші жартысында ғана жүзеге асқанмен аударма қызметінің өте көне заманда пайда болғанын білеміз. Соның бірі жарқын дәлелі ретінде Құран мен Библяның көп тараған тілдерге аударылуын атап өтсек дейміз. Бұл көне ғасыр туындыларының тәржімасы сол кездің өзінде аудармашылар мен аударма қызметінің болуын растайды. Ал осы аударма жұмысының сәтті не сәтсіз шығуы, сапалы не сапасыз тәржімалануы, қандай принципке сүйініп аударылуы – бұл екінші мәселе.

Қазақ аудармасы тарихына араб, қытай мемлекеттерінен басқа орыс аудармасы, орыс мәдениеті мен әдебиеті орасан зор әсерін тигізді. Ерте заманның өзінде-ақ ежелгі ғасыр аудармашылары аударманың түпнұсқаға жақын болу дәрежесі туралы қызу пікір таластар болды. Құран мен Библия сияқты адам қолынан жасалмаған, құран сөзі деп есептелінетін киелі кітаптардың алғашқы аудармалы өте сауатсыз жасалынады. Оған бірінші себеп, ол адамзаттың үлгі тұтатын заңы, өмір сүру формасы ретінде жіберген киелі кітаптарды сөзбе-сөз аударуға, түпнұсқаны «көшіріп қайталауға тырысқандықтан орасан зор қателіктерге ұрынады. Өйткені мың жылдық тәжірбелер көрсеткендей, сөзбе-сөз аударма міндетті түрде түпнұсқаның мағынасына ақтсады. Тіпті аударма мүлде бір түсініксіз, тек сөйлемдер байланысынан тұратын мәтінге айналады. Осыдан бастап белгілі біраудармашылар арасында түпнұсқа тәжімасын жасауда қатып қалған сөзбе-сөз аудармадан ауытқып, түпнұсқадағы толық мағына мен идеяны сақтап қалу үшін тәржімашылар белгілі-бір еркіндік керек екендігі айтыла бастады.

Сондықтан аударма қызметінің маңызы сол көне замандардың өзінде ақ үлкен мағынаға ие болды. Олай дейтініміз, тарихтан белгілі ұлы империялардың  қарым-қатынасы, кейелі сөздері, басқыншы ұлттардың өз мәдениетін өзгелерге сіңіруі, ұлттар мен ұлыстар арасындағы қанды ұлыстар, дін тарату, дін насихаттау сияқты сол дәуірге тән оқиғаларды аударма қызметінсіз елестету мүмкін емес. Бұл дәйекте шығатын қорытынды «аударма» адам қызметінің ең көне түрі болып табылады.

Әрине аудармаға ғылымның дәл осы XX ғасырдың екінші жартысында тіл білімнің ерекше бөлімі боп қалыптасуын кездейсоқ деп қарауға мүлде болмайды. Оған үлкен үлесін тигізген объективті себептерден болғандығына баса назараударып, айта кеткен жөн.

Ең алдымен, аударма ғылым ретінде мән беру қажеттілігі дәл осы уақыт аралығында айқын сезіле бастады. XX ғасырдың ортасында аударма қызметінің ауқымына ғана емес оның мінез-құлқына да өзгерістер енді. Алдыңғы орынға информациялық іс-құжат аудармасына туған сұраныс шықты. Іс-құжат аудармасы туралы көрнекті тіл зерттеуші В.Н.Комисаров былай деп жазды: «Іс-құжат аудармасының басты талабы екі немесе одан да көп тілдерде мәтіннің түп-нұсқасымен дәлме-дәл келуі болып табылады».Мұндай материалдарды аударуда оның «тұтастай алғанда» дұрыс екендігіне ғана қанағаттанып қоймай, түпнұсқа мен аударманың оқырманға бірдей әсер етуін қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Аударма мағлұматының әрбір бөлшегіне дейін тура, дәл тәржімалауды талап етті. Сонымен қатар, ол аударма тілінің нормаларына нұсқан келтірмеуге тиісті болды.

Бірте-бірте ғалымдар аударма жасау үшін екі немесе одан да көп тілдерді білу жеткіліксіз екендігін түсінді.

Әрине шет елдің рухани байлығымен танысу, сол арқылы өз елінің салт-дәстүрін терең түсініп, оларды басқа тілдерде сөйлейтін халықтарға толыққанды жеткізуге талпыну – халқын сүйетін кез келген адамның міндеті. Туған халқының төл мәдениетін басқа ұлтқа осылайша жеткізу негізінен көркем шығарма арқылы, олардың басқа тілге аударылуы арқылы орындалатындығы дау туғысбаса керек. Аударма өнері әрдайым тіл өнері. Сонымен қатар аудармашының міндеті түпнұсқаны өндеу емес, ондағы бар нәрсені мейлінше толық жеткізу. Ө.Айтбаевтың пікірінше «аударманың творчествалық еркіндігі түпнұсқаның аясында ғана болмақ. Аудармашының еш нәрсені қосып, еш нәрсені алып тастауға қақысы жоқ.

Уақыт өте келе жекелеген тәржімашылар аударма теориясының нормасын бекітуге тырысып «жақсы адам» немесе жақсы аудармашы болуға қойылатын басты талаптардың тізімін жасайды.

Француз гуманисті, ақын аудармашысы Этьен Доле (1509-1546) аударманы тәжімалаудың төменгідей бес принципін сақтау қажет деп жазды. Олар:

        1. Түпнұсқа авторының негізгі ниеті мен аударылатын мәтін мағынасын өте жоғары дәрежеде түсіну.
        2. Түпнұсқа тілін өте жоғары деңгейде білу және сонымен қатар түпнұсқадан аударылатын тілді өте жетік меңгеру қажет.
        3. Сөзбе-сөз аудару тенденциясын қолданбау керек. Себебі ол түпнұсқаның мағынасынан ауытқып, оның көркемдігін жояды.
        4. Аударма жалпыға ортақ сөйлеу формасын қолдану.
        5. Сөздік қорды дұрыс іріктеп таңдап алу және оны орынды қолдан отырып түпнұсқа беретін әсірді аудармада да беруге ұмытылу.

Ағылшын ғаламы А.Тайтлердің «аударма принциптері» атты кітабында аудармаға қойылатын негізгі үш талабын көрсетті. Бұл кітап әлі күнге өз құндылығын жойған жоқ:

        1. Аударма түпнұсқаның идеясын толық беруі қажет.
        2. Аударманың стилі мен мінез-құлқы түпнұсқаның стилі мен мінез құлқы бірдей болуы керек.
        3. Аударма түпнұсқада тұрған шығармадай түсінікті әрі жеңіл қабылдануы керек. [Комиссаров В.Н. 1990:4]

Аударма мәселесіне арналған алғашқы теориялық талдау жасалған еңбектер XVIII ғасырда шыға бастаған. Соның бір дәлелі істері Германия – Хоттингердің «Нечто новейшей фабрикации переводов из греков и ремлян» – деген, Англияда – А.Тайтлердің «Эссей о принципах перевода» – деген еңбектері жарық көрді.

Аударма тарихында аудару қызметінің белгілі бір заңдылықтарын қалыптастыру, баршаға ортақ негізгі әдістерін бір қалыпқа түсіруге бағытталған ұмтылыстар, байқап отырғанымыздай, аз болған екен. Бұл ортақ норма, ортақ аударма заңдылықтары кейіннен аударманың талап, принциптері деген атауға ие болды. Көптеген аудармашылар тәржіманың

алғы сөзіне өздерінің сүйенген аударманың көрсетіп, өз еңбектерінде қандай принципке сүйенгендіктерін және өз аудармасын неліктен дұрыс деп тапқандықтарын дәлелдеуге тырысты. Бірақ бұл принциптер аударма тәжірбиесі көп болмағандықтан өз-өзінен дау тудырмайтын шындық сияқты көрінеді. Бірақ, өкінішке орай, олар белгілі бір аударма қызметінің үлесіне сүйінгендіктен бұл саланың не жекелеген бөлігін ғана қамтып, не мүлде қамти жатты. Сол себептен болар бір-біріне мүлде қарама-қайшы пікірлер мен принциптер туа бастады. Осының бір дәлелі ретінде В.Н.Комиссаров бізге мынадай деректер ұсынды: «Әр түрлі авторлар аударма жасау үшін ең қажет басты талаптар тізімін жасады. Олар тіпті кейде бір-бірін жоққа шығарып жатады».

В.Н.Комиссаров мынадай тізімін ұсынады:

    1. Аударма түпнұсқадағы сөздерді сөзбе-сөз беруі керек.
    2. Аударма түпнұсқадағы мағынаны беру керек.
    3. Аударма түпнұсқа ретінде қабылдануы керек.
    4. Аударма түпнұсқаның стилін сақтау керек.
    5. Аударма аудармашының стилін сақтау керек.
    6. Аударма аударма ретінде қабылдану керек.
    7. Аударма түпнұсқадан айнымайтын шығарма

                болуы керек.

    1. Аударма «аударма» екені белгілі болып тұратын шығарма болы керек.
    2. Аударма тәржімашы қосымша сөз, сөйлем қосып немесе алып тастауға қақысы бар.
    3. Аудармада тәржімашы қосымша сөз, сөйлем қосып немесе алып тстауға қақысы жоқ.
    4. Өленнің аудармасы проза түрінде аударылуы керек.
    5. Өлең өлең формасында аударылуы керек.

Пікір қайшылықтар қашанда бір шындықты тудыратыны ақиқат. Жоғарыда тіл зерттеушілерінің аударма жасау үшін белгітілген талап тізімдерінің артында өзіндік ғылыми тұжырымдамалары бар. Бұл тұжырымдамалар тіл біліміне, соның ішінде жаң бөлініп шыққан жас ғылым саласы аудармаға қосқан үлес салмағы өте зор деп бағаланады.

Аударма – адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінің тілінің әр түрлілігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құрылысымен – әр түрлі тілдің дамуының, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын «қос тілді» адамдар – тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқаннан кейін, сөйлеушіге ілесе қосарласа отырып, ауызша аударылатын тілмаштар қатары өсті. Жазба аудару қалыптасқан тұста бастан-ақ тәржіма халықтың мәдени-қоғамдық өмірін ілгері жылжытып, дами түсуіне қалтқысыз қызмет етіп келеді. Аударма процесінің жандануы тіларалық қатынас мәселесін шешті. Бір тілден екінші тілге аудару қоғамға, басқа елдің мәдениетіне араласуға, яғыни аударма арқылы басқа елдің мәдениетімен тікелей пікір алмасу, қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі туады. Аударма әлем халықта орының өзіне ғана тән, ерекше мәдениетін ашуға ол табиғи мәдениеттің одан әрі дамып, толықтырып, жандануын қадағалаушы делдалдық қасиетке ие болды, ие бола отырып, бұл процесте түрлі қызметтер атқарады, мәселен, адамзат білімін сақтауға жинақтауға, халықтарды мәдени деңгейі мен сөйлеу мәнерін көтеруге, ана тілінің, ұлттық ойдың одан әрі дамып, өркендеуге, ол тілдің аударма барысында жеңілдеуіне жол ашты.

Қоғамда қандай да болмасын ғалымның дамуына бір-бірімен өзара байланыстағы екі негіздеме арқау болады: оның бірі – ілім-ғалымның нақты бір саласы дамуының ішкі логикасы, екіншісі – осы ғылым тармағының өрістеуіне қоғам тарапынан туындайтын практикалық сауал талап. Бір тілден екінші тілге аудару ұзақ мерзім бойынша практикалық тәжірбие жүзеге асырылып келеді, ал өткен ширек ғасырда «аударма теориясы», «аударматану» терминдері атала бастаған; бірқатар халықтардың филология ғалымдарында аударматану ғылымның дербес саласы ретінде мәртебе алған да болатын.

«Аударма» ұғымы, аталып термин ретінде екі мәселенің басын ұштастырады: «1. процесс, совершающийся в форме психического акта и состоящий в том, что текст или устное высказывание, возникшее на одном – исходном языке пересоздается на другом – переводящем языке; 2. результат этогоо процесса...» [А.Федоров, 69, 20]. Бұл осы мәселені түбегейлі зерттеумен айналысатын ғалымдардың қай-қайсысы да атап айтатын дәстүрлі қағида.

Қазақ тіліндегі «аударма» сөзі де осындай анықтаманы иеленді; аударма – бір тілден екінші тілге аударылатын еңбек, туынды; іс-әрекеттің нәтижесі және аударма – бір тілден екінші тілге аудару ісі жүргізілетін процесс.

Бұл анықтама аударманың басқа ғалымдармен тығыз қарым-қатынаста екенін білдіруде. Аударма адамның ойлау – психикалық қызметі арқылы жүзеге асатын процесс. Сондықтан да ол психолингвистика ғылымымен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің нәтижесінде жазылған мәтін, туынды болғандықтан, аударманың әдебиеттану саласында да тікелей қатысы бар.

Аударма тарихы дамудың белгілі бір кезеңіндегі қоғам дамуының, қоғам құрылымына әсер еткен экстралингвистикалық факторлардың бір көрінісі.

Жалпы аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой-пікірді  болмаса жазылған тексті тындаушыға, оқушыға екінші тілде, яғыни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Бір тілден екінші тілде аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбек аударма туынды деп аталады.[З.Тұрарбеков. 1977:50]

Және де аударма бір тілден екінші тілден аударудың нысандарын, түрлері мен тәсілдерін қамтитын, өзге де бірнеше ғылым тармақтарымен тығыз байланысты, әлеуметтік, мәдени, шығармашылық, коммуникативтік қызметі бар тұтас жүйе.

Аударма процесі және аударудан алынған нәтиже (тілдік материалдар) психолингвистика, әдебиеттану, әлеуметтік лингвистика сияқты ғылыми ұстанымдар арқылы талдау аударманың жалпы теориялық дейектемелері мен тұжырымдарын қалауға негіз болады. Жеке ғылыми тармақ ыңғайында аударматанудың зерттейтін объектісі, катигориялары, негізгі ұғым – түсінікті болуы тиіс. Бір тілден екінші тілге аударудың теориясын ұсыну – қалай аудару жөнінде қандайда да бір нұсқау, қағида айту дегендік емес, сондай-ақ мәселенің өрісі ішінара кездескен қате – кемшіліктерді тізбелеп шығудан анағұрлым кең.

Аударма жазылған туынды, сондықтан оның ойлау-психикалық әрекетті жүзеге асыратын негізгі құралы тіл. Аударма екі тілдің – түпнұсқаның тілі мен аударылатын тілдің қызметі айрықша. Аударматану ғылымы үшін маңыздысы – бір тілдегі таңбалар жүйесін екінші тілге формалды түрде көшірудің жолдарын, айтылған ойды беру үшін екіншітілге формалды түрде көшірудің жолдарын, айтылған ойды беру үшін екінші тілдің тілдік құралдарының қалай орналасқандығын, қалай ұжымдасқандығы айқындау емес; түпнұсқаның коммуникативтік – функционалдық белгілерінің қандай тәсілдерімен, қалай жеткізілген зерттеу, жүйелеу, ортақ заңдылықтарын белгілеу. [А.Алдашева 1999:14]

Аударманың негізгі бірлігі – минималды мәтін, сөйлем құрамындағы ой тиянақталатын синтаксистік тұтастық (фраза,тіркес). Мәтін құрамындағы ой контекске тәсілді, ал контекстің лексикалық – грамматикалық құрылымы – тұтас ой жүйеленетін (бірнеше сөйлемнен жинақталған( көлемді контекске байланысты, өз кезегіеде абзацтың мазмұны, құрылымы тұтас шығарманың позициясының, шығарма авторының тілі мен стилінің ықпалында болады. Бір тілден екінші тілге аударылған мәтін мен түпнұсқаның тілдік материалдарын және жеке тілдік единицаның аударылуы ең шағын мәтін деңгейінде талдауға түскенде аударудың объективті заңдылықтары айқындалады.

Минималды мәтінді талдау үшін түпнұсқаның коммуникативті – функционалдық белгілері назарда болады. Түпнұсқаның коммуникативті – функционалдық белгілері мәтіннің, туындының жанрлық-стилдік ерекшеліктері, тақырыбы; көркем шығарма болған жағдайда идеясы, мазмұны, тарихи дамудың қай кезеңінде жазылғандығы, автордың стильдік даралығы және түпнұсқаның лексикалық-граммтикалық құрылымы.

Аударылатын мәтін – қазақ тілінде оқитын адамның қабылдау түсіну ерекшеліктеріне сай болуы керек. Демек, қазақша қай тілден жазылған текст болсын қазақ әдеби тілінің табиғи заңдылықтары, лексикалық-грамматикалық, стилдік нормалары сақталуы тиіс.

Аударма – мәдениетттің феномені, мәдениетттер байланысына тән құбылыс; ұлт мәдениетінің жетістігі. [Әуезов М. 1957:51]

Аударма қызметі өзінің анықтамасына орай делдалдық сипат алып, оның мақсаты басқа тілдегі автордың ойын, мағлұматын оқушыға түсінуге жеңілдік жасау болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, аударма әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдар арасындағы қарым-қатынасқа түсу яғыни тіл аралық байланысқа мүмкіндік туғызу болып табылады. Осы орайда аударманың жалпы екі ережесін айта кетуі жөн санадық.

Аударманың мақсаты – берілген тілді меңгермейтін оқырманды (немесе тыңдаушыны) берілген мәтінмен (немесе ауызша беріліп отырған сөзбен) жақын таныстыру.

Аударма дегеніміз, яғыни бір амал тәсілдерді толығынан және дәл жеткізу. Отандық аударма теориясын жасауда ат салысқан ғалымдар аударма туралы бұрын сонды айтылған пікірлер әр қилы болып келеді. Бірақ олардың барлығы аударманың сан алуан әдебиеттің бірге өсіп, дүние жүзі әдебиетінің тамаша туындылары әлемге аударма арқылы ғана бүкіл адамдар баласының ортақ қазынасына айналған. Әдеби шығармаларды аударуға кіріскенде, аудармашы аударылғалы отырған тілдегі берілген шығарманың мазмұны өздігінен еме, сол шығармаға көрік беріп тұрған формалар мен тілдік тәсілдерінің бірлігінің арқасында туындап отырғанын түсініп, аударма тілге дәл әрі көркем түрде жеткізе білуі тиіс. Сол себептен қазіргі тіл білімінде аударма ғылымын жалпы қолданбалы тіл білімі щеңберінде қарастырамыз.

Қазіргі тіл білімінде тіларалық қатынастың лингвистикалық аспектісі – аударма ісіне көп көңіл бөлуде. Ең бастысы, салғастырмалы тіл білімі мен аударма жайындағы ілімнің ара-қатынасын белгілеуде неміс ғалымы Ю.Найда былай дейді: «Салғастырмалы тіл білімін тек тілдерді оқыту тұрғысымен емес, сонымен қатар оны кейінгі кезде қолданбалы тіл білімі щеңберінде қарастырылатын аударма теориясы тұрғысынан қарастыру қажет» [Nida.E. 1969:7]. Бұл пікірге сонымен қатар ағылшын теоретиктерінің бірі Дж.Кэтфорд та қосылып отыр. [Кэтфорд Дж 1978:55]

Аударма – бір-біріне функционалды түрде балама бола алатын (функционалды теңбе-тең), яғыни коммуникативтік теңбе-тең қызмет атқара алатын мәтін, туынды жасау деген сөз. Ал аударматану ғылымы – функционалды теңбе-тең мәтін жасаудағы екінші тілдің (аударылатын тілдің) құрамындағы сөз мазмұнын ың  қолданылу, өзгеру заңдылықтарын жүйелі түрде қарастырады.

Жазылған туынды – ой тиянақтылығын сөйлем, конспект, абзац немесе тұтас, көлемді жазылған шығарма.

Аударманың негізгі бірлігі – минималды мәтін, сөйлем құрамындағы ой тиянақтылығын синтаксистік тұтастық (фраза,тіркес). Мәтін құрамындағы сөз тіркеске тәуелді, ал контекстің лексикалық-грамматикалық құрылымы – тұтас ой жүйеленетін (бірнеше сөйлемнен жинақталған) көлемді контекске байланысты, өз кезегінде абзацтың мазмұны, құрылымы тұтас шығарманың позициясының, шығарма автордың тілі аударылған мәтін мен түпнұсқаның тілдік материалдарын және жеке тілдік единицаның аударылуы ең шағын мәтін деңгейінде талдауға түскенде аударудың объективті заңдылықтары айқындалады.

Аударма - ең алдымен адамдардың қарым-қатынасының басты қажеттілігі. Алайда ол коммуникацияның теориясының негізгі қырлары, әдеп, мәдениет туралы білімсіз, мәдениетаралық коммуникацияның ерекшеліктерінсіз жүзеге  аса қоймайды. Бір тілдегі айтылған сөзді тыңдап барып, екінші тілде жинақтап, ойда қорытып, есте сақтап, қайта жеткізу – аса сезімталдықты, түйсіктілікті, айрықша қабілеттілікті талап етеді.

Ағылшын тіліндегі зат есімді сөзтіркестердің қазақ тіліне аударылу жолдары