Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы

Мазмұны

 

Кіріспе

3

1

Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы

5

1.1

Банк  ресурстарының ұғымы және құрылымы

5

1.2

Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері

15

1.3

Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі

21

1.4

Банктің тартылған  қаражаттары

37

1.4.1

Банктің депозиттік операциялары

 

1.4.2

Банктің депозиттік емес ресурстары

 

2

«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау

 

2.1

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау

 

2.2

«Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама

 

2.4

 

3

3.1

«Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.

Банктердің  қаржылық ресурстарын жетілдіру  жолдары 

 «Тұран Әлем»  банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

Қосымша 1 «Тұран Әлем» банкі АҚ бухгалтерлік балансы

 

Қосымша 2 «Тұран Әлем» банкі АҚ кірістер мен шығыстар туралы есеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Тақырыптың  өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР  Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпанындағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі  мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.

2008 жылы отандық банктеріміз  бен компанияларымыздың сыртқы  қарыздары ЖІӨ-ге қатысты 95 пайызды  құрады немесе 91 млрд АҚШ долларына  дейін өсті, соның ішінде 45,4 АҚШ долларына жуық қарыз бұл барлық екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздарын құрады.

Сыртқы қарыздардың есебінен отандық банктеріміздің несиелік қоржындарындағы  құрылысқа берілген несиелердің  үлесі 16 пайызды немесе 10 млрд АҚШ  долларын, ал ипотекалық несиелеу көлемі 5 млрд АҚШ долларын құраған.

Дағдарысқа байланысты қазақстандық ірі банктеріміздің сырттан қарыз  алудағы мүмкіндіктері шектелді, сөйтіп дәл осы уақыттары қайтару  мерзімі жеткен сыртқы қарыздарды қайтаруда  олардың өтімділігіне қатысты мәселелер орын алды.

Нәтижесінде кейбір халықаралық  рейтингтік агенттіктер тарапынан  еліміздің ірі компанияларымен  қоса ірі банктердің рейтингтерінің төмендеуі, олардың әлемдік нарықтардағы акцияларының құндарының төмендеуіне  жол береді. Осындай себептерге байланысты Дүниежүзілік банк Ресей мен Қазақстанды ипотекалық несиелеу бойынша тәуекел аумағына жатқызды.

Отандық банктердің сырттан  тартқан қарыздарына қарсы тұратын, яғни қорғаныс қызметін атқаруға тиісті банктердің капиталы десек, оның көлемі 2008 жылдың 1 желтоқсан айына 1 760,3 млрд. теңгені немесе 14,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл дегеніміз банктеріміздің капиталының жоғарыда берілген сыртқы қарыздарының көлемінен 3 есе кем екендігін көрсетеді.  Ендеше сыртқы қарыздардың банктің капиталынан бірнеше есе артық болуы, өз  кезегінде банктердің  өтімділігіне кері ықпал етіп, өз кезегінде отандық банктердің  өтімділік дағдарысы мәселесін басынан кешуіне жол берді.

Банктің ресурстық базасы өте үлкен маңызға ие және банктің  табысты қызмет етуінің негізгі факторы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы банк жүйесінің дамуының территориялық аспектілерінің ролі жоғарылауда. Бұл аймақтық дамудағы диспропорциялармен тікелей байланысты.

Зерттеу жұмысының мақсаты  мен міндеттері. Диплом жұмысының  мақсаты банк ресурстарының аймақтық ерекшеліктерін зерделеу және оларды одан әрі дамыту бойынша жасалған тұжырымдарды өңдеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету мынадай  міндеттерді шешеуді көздейді:

- банк ресурстарын құрылу көздерін анықтау;

- банк ресурстары қалыптасуы және дамуының әлемдік тәжірибесін қарастыру;

- екінші деңгейлі банктердегі банк ресурстарының құрамын, құрылымын және құнын реттеудегі Ұлттық банктің ролін зерттеу;  

-  «Қазақстан  Халық банкі» АҚ жалпы сипаттама  беру;

- банк активтеріне және пассивтеріне, өтімділігіне талдау жүргізу;

- банк өтімділігіне  талдау жасау; 

- депозит саясатына  және қоржынына талдау жүргізу;

- банктік ресурстар  құныныңаймақтық ерекшеліктерін  ескеру қажетілігін ескеру қажеттілігін  негіздеу және мәселені айқындау бойынша;

- банк өтімділігіне  талдау жасау; 

- депозит саясатына  және қоржынына талдау жүргізу;

- банктік ресурстар  құнының аймақтық саясатын қалыптастыру  тиімділігін талдау; 

- банктік ресурстар  құнының аймақтық ерекшеліктерін  ескеру бойынша ұсыныстар жасау;

Зерттеу пәніне – коммерциялық банктердің ресурстары құнының аймақтық ерекшеліктері.

Зерттеу обьектісі  екінші деңгейлі банктердің және «Қазақстан Халық банкі» АҚ қызметі болып  табылады.

Зерттеу жұмысының  теориялық және әдістемелік негізін аймақтық банк ресурстары мәселесі төңірегіндегі отандық және шетелдік экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері, аталмыш мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен қаулылары, нормативтік-құқықтық құжаттары қалыптастырады. Диплом жұмысының тұжырымдамалық жақтарын өңдеу барысында салыстырмалы талдау, индукция, модельдеу, статистикалық топтастыру тәрізді ғылыми таным әдістері қолданылады.

Диплом жұмысының  ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының  экономиканы реформалау мәселелеріне қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық кесімдер, ашық басылымдағы жариялымдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің, Қаржы министірлігінің, статистика жөнінднгі агенттіктің статистикалық есеп мәліметтері құрады.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы банк ресурстарының аймақтық ерекшеліктеріне қатысты теориялық және практикалық мәселелерді кешенді зерттеу барысында алынған қорытындылар мен ұсыныстар негізінде аймақтық ерекшеліктерді ескеруді жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар мен түйіндерді негіздеу болып табылады.

Зертеу жұмысының  нәтижесінің практикалық маңыздылығы  зерттеу барысында алынған теориялық, әдістемелік, практикалық қорытындылардың  екінші деңгейлі банктердің қызметі  барысында қолдануға болатындығымен сипатталады.

Диплом жұмысының  құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен анықталады. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұндағы үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің       қызметіндегі маңызы

 

1.1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы

 

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай каражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның кызметінің жүзеге асырылуы үшін кажетті банк ресурстары жинақталады.

«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсы» былай қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Жоспарлы  экономиканы әкімшіл және әміршіл  баскару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі бақалады. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қор деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ыкпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының кұрылымдарына тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті каражаттарға: жарғылык, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған каражаттарға: мемлекеттік бюджет каражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің карыз қоры осы нарықтың бір бөлігін кұрады.

Бүгінгі таңдағы  банк ресурстары нарығының кұрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның камтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы кағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы кағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктің ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар катарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық Банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен каражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық  банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне карай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1) Банктің меншікті капиталы.

2) Банктің заемдық  және тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

2007 жылдың 1 каңтарына берілген мәліметтер бойынша Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің пассивтері, олардың құрылымы мен шамасына қарай 1-кестеде топтастырылған.

1-кесте Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің пассивтерінің   

            құрылымы мен шамасына топтастырылуы         (млн теңге)         

Банктердің аттары

Міндеттемелері

Меншікті капиталы

Барлық пассивтері

1. Казкоммерцбанкі  АҚ

383 359 151

39 265 133

422 624 284

2. Тұран Әлем банкі АҚ

340 308 170

29 670 510

369 978 680

3. Қазакстан Халық Жинақ банкі АҚ

232 454 217

21 100 904

253 555 121

4. Алматы сауда қаржы банкі АҚ

86 669 542

9 083 160

95 752 702

5. Центркредит банкі АҚ

75 177 638

7 561 962

82 739 600

6. Нұрбанк АҚ

51287 682

7 123 368

58 411050

7. Каспий Банкі  АҚ

48 772 598

6 161812

54 934 410

8. Альянс Банкі АҚ

46 589 193

4 085 889

50 675 082

9. Еуразия банкі  АҚ

41 954 490

8 461 110

50 415 600

10. Ситибанк Қазакстан АҚ

28 864 535

6 303 720

35 168 255

11. Валют-Транзнт  банкі АҚ

26 132 978

5 429.518

31 562 496

12. АБН АМРО Қазақстан банкі АҚ

25511314

5 146 055

30 657 369

13. Темірбанк  АҚ

24 249 481

4 413 033

28 662 514

14. НSВС Қазақстан банкі ЕБ

17 494 355

2 779 504

20 273 859

15. Қазақстан Наурыз банкі АҚ

15 805 879

2 219 898

18 025 777

16. ТЕХАКАВАNК

10 986 409

1 507 108

12 493 517

17. Цеснабанкі  АҚ

10 812 320

1428 783

12 24! 103

18. Альфа-банк  ЕБ

7 424 480

2 280 476

9 704 956

19. Қазақстандағы Қытай банкі ЕБ АҚ

4 185 336

2 450 711

6 636 047

20. Демір Қазақстан банкі АҚ

2 815 026

1 198 976

4 014 002

21. Нефтебанк АҚ

2 622 019

913 606

3 535 625

22. Алма-Ата МБ АҚ

2 009 297

978 905

2 988 202

23. Данабанк  АҚ

1 231 666

1 064 945

2 296 611

24. ТПБК АҚ

929 517

1 290 089

2 219 606

25. Лариба-Банкі ББ АҚ

913 270

1 327 307

2 240 577

26. КЗИ  банкі АҚ

886 873

2 213 684

3 100 557

27. ТАИБ Қазақстан банкі ЕБ АҚ

706 996

1 193 421

1900 417

28. Қазақстан индустриалды банкі АҚ

647 980

I 119 484

1 767 464

29. Сенімбанкі АҚ

144 537

1 055 273

1 203 310

30. КИБ АҚ

126 340

1 076 970

1 203 310

31. Заман-банкі АҚ

98316

1 034 446

1 132 762

32. Алаш-банкі АҚ

83 625

1 101 709

] 1X5 334

33. Пәкістан ұлттық банкі ЕБ АҚ

46 656

1 113 635

1 160 291

34. Қазақстан Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі АҚ

15 638

1 508 473

1 524 111


 

Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы агентігінің есептік материалдарынан.

Кестеден көріп  отырғанымыздай, банктердің пассивтерінің өсуіне міндеттемелердің артуы, соның ішінде депозиттік базаның өсуі ықпал етуде. 2007 жыл бойына екінші деңгейдегі банктердің міндеттемелерінің сомасы 480,9 млрд теңге немесе 47,6%-ға өскен. Депозиттердің кұрылымында салымдарды кепілдендіру жүйесіне мүше банктерде орналасқан жеке тұлғалардың салымдары 341,5 млрд. теңгені құрады немесе бұл көрсеткіш 2007 жылдың 1 каңтарымен салыстырғанда 42,4%-ға жоғары. 2008 жылдың 1 каңтарына екінші деңгейдегі банктердің жиынтық меншікті капиталының мөлшері 44,9%-ға өсіп, 233,6 млрд теңгені құрады.

 

Меншікті және теңестірілген қаржы есебінен пайда болу

Қаржы рыногіндегі  жұмылдыру

Қатар бөлу ретінде  түсетіндер

Негізгі қызметінен түсетін пайда

Меншікті бағалы қағаздарын сату

Сақтандыру  өтемі

Қызметтерді ұсынудан түсетін пайда

Дивиденттер және бағалы қағаздар проценті

Концерндерден ассоциациялардан,салалық құрлымдардан түсетін қаржы ресурстары

Өткізуден тыс  опрациялар пайдасы

Несие

Үлестік жарналарды қалыптастырудағы қаржы ресурстары

Орнықты пассивтер

 

Бюджеттік демеу  қаржысы (субсидия және т.б.)

Мақсатты түсімдер

   

Ұжым мүшелерінің  үлестік және басқа да жарналары

   

 

Сурет 1 - Банктің қаржы ресурстарының құрылымы

 

Қазақстанның  банктік секторының 2000-2008 жж аралығындағы экономикадағы рөлін талдаудан  соңғы жылдардағы коммерциялық банктердің экономиканың өсуін қамтамасыз етуге тигізген ықпалын көреміз (2-кесте).

 

2 кесте

Қазақстан банк секторының экономикадағы рөлі

      мерзімнің басына

Көрсеткіштер

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

 

ЖІӨ, млрд теңге

3 250,6

3 747,2

4 612,0

5 870,0

7 453,0

10 139,5

13 315,2

Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %

25,1

30,6

36,3

45,8

60,6

87,5

87,7

Несиелік  қоржынның  ЖІӨ-ге қатынасы, %

15,9

19,1

23,6

30,9

41,1

59,1

66,6

Меншікті  капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы, %

3,8

4,3

5,1

5,9

7,9

11,5

13,4

Депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы,  %

15,0

18,6

21,1

27,4

33,9

46,5

48,2

Ескертпе

1 2007ж ЖІӨ  бойынша ҚР Экономиканы және  бюджетті жоспарлау Министрлігінің  болжамдық мәліметі берілген.

2   ҚҰБ-нің  және ҚҚА-нің есептік материалдары  негізінде автормен есептелді.


 

2003 жылдан бастап, экономикалық өсудің жыл сайын орта есеппен 10% тұрақты өсуге ие болуына банктердің активтерінің өсу ықпал еткендігі белгілі. 2003 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін банктік сектордың активтерінің ЖІӨ-гі үлесі 25,1%-дан 87,7%-ға дейін 3,5 есе өскен. 2002 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін несиелік қоржынның ЖІӨ-гі үлесі де 15,9 % -дан 66,6 %-ға дейін 4,2 есе өскендігі байқалады.

Жасыратыны  жоқ біздің отандық банктеріміздің  капиталы өте төменгі жағдайда. 2008 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші  немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші. Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді.

 

 

1.2 Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері

 

Коммерциялық  банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте кажетті резервтер құрылды. Сонымен катар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірак пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан каражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің қорреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.

Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтшылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі оларға әсер ететін әртүрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- қосымша капиталдар;

- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);

- бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Қазакстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық нысандарда құрыла алады:

- акционерлік банк нысанында;

- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында;

Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың косымша қосқан жарналары және пай косушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын үлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.

Меншікті капиталдың кұрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы кағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы кағаз.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:

а) меншікті акционерлік  капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;

б) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, кайтарылмаған карыздың орнын жабуға арналады;

в) банктің ұзақмерзімді міндеттемесі (ұзақмерзімді вексельдері, облигациялары).

Ашық типтегі банктің акциясы колдан-колға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акииясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.

Банктің жай  акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивидент алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына катысып дауыс беруге құқылы.

Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты пайыз түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.

Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.

Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы төмендегідей кезеңдерден тұрады:

1) бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;

2) бағалы кағаздарды  эмиссиялауды тіркеу;

3) эмитент-банктің  бағалы қағаздарын тіркеу;

4) шығарылатын және орналастырылатын бағалы кағаздардың нәтижелерін тіркеу.

Акционерлік банктер  акцияларды төмендегідей жағдайларда  шығарылады:

- банкті акционерлік нысанда құру;

- банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.

Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.

Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік кордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік кор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.

Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар - негізгі корларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

Келесі корға жекелеген  банктік операциялар бойынша  тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы кағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда —  акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік корға аударғаннан калған пайданың бөлігін білдіреді.

Банктің меншікті капиталын  ұлғайту жолдарына мыналар жатады:

- банкпайдасы;

- акциялар шығару;

- құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;

- облигациялар шығару жатады.

Банк капиталы банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Банктің меншікті капиталы мынадай кызметтер аткарады:

- қорғаныс қызметі;

- шұғыл қызметі;

- реттегіштік қызметі;

- айналым қызметі;

- резервтік қызметі.

Банктің меншікті капиталының  қорғаныс қызметі, оның капиталының шамасының банктің төлем кабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

Банк капиталының қорғаныс қызметі – банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі — меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстар кездері әсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.

Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамсыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банк қызметтеріне баға беріп, оған бақылауды жүзеге асырады.

Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтер сатып алу шартын камтиды. Қазақстан Ұлттық Банкі бекіткен пруденциялық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттегіштік қызметке ссудалық және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.

Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы