Компьютерлік графика мүмкіндіктерін оқытудың теориялық негіздері
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың күрт дамуы сабақты өткізудің жаңа тәсілін, яғни қашықтықтан оқытуды енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Ол біріншіден, оқып үйренушіге уақытты үнемдеуге және оқып үйренетін орынды таңдауға, екіншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі түрде оқып білім ала алмайтындарға өз бетімен білім алуға, үшіншіден, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді, төртіншіден, оқуға кететін шығынды әлдеқайда азайтады.
Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты
графикалық дестелерін біріктіріп, жаңа
Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық
графикалық дестесін ұсынды. Оның құрамына
Photoshop бағдарламасы мен бірге ImageReady, Illustrator,
InDesign, GoLive және Acrobat бағдарламалары кірді.
Photoshop бағдарламасы өзінің жаңартылған
өзгерістерімен графикалық кескіндер
мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге
және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз
ақпаратты сандық өңдеу жүргізетін кәсіби
қосымша десте.
Adobe Photoshop бағдарламасы графикалық объектілерді
өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын
дестелердің бірі. Adobe Photoshop – палитрамен
жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу,
импорттау және экспорттау, облыстарды,
контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді,
қабаттарды, каналдар және маскаларды,
таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді
ұсынады.
Оқытушы бағдарламалардың және электрондық оқулықтардың бүгінгі таңда оқу үрдісіне енгізілуі білімгерлерді өз бетімен және қашықтықтан білім алуға жетелейді, орта мектептерде компьютерлік графика мүмкіндіктерін оқыту әдістемесі бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмысының мақсаты – Delphi бағдарламалау тілінің және Snagit мультимедиялық бағдарламасының көмегімен компьютерлік графика редакторын оқытуға бағытталған қолданбалы бағдарламаларының бірі Adobe Photoshop-ты оқыту әдістемесін жасап, оны орта метептердің оқу үрдісіне қолдану.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
- зерттеу жұмысына қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарына талдау жасау. Сонымен қатар зерттеу жұмысының бағыты бойынша оқу-әдістемелік құралдарына жалпы шолу жасау;
- зерттеу жұмысында орта мектепте графикалық редакторлардың бүгінгі күнгі мүмкіндіктерін зерттеу және жүзеге асыру бойынша теориялық тұрғыда негіздеу;
- орта мектеп білімгерлеріне зертханалық жұмыстарға арналған өңдемелер жасау арқылы компьютерлік графика мүмкіндіктерін оқытудың әдістемесін жасау;
- мультимедиалық оқуға арналған видеожазбалар дайындау;
- «Компьютерлік графика» курсына Photoshop редакторы бойынша, арналған электрондық оқулық дайындау.
Зерттеу объектісі – компьютерлік графика мүмкіндіктерін орта мектептерте оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні – орта мектепте компьютердік графика мүмкіндіктерін Adobe Photoshop бағдарламасын қолданып оқыту әдістемесі.
Зерттеудің жаңалығы - компьютерлік графика мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде пайдалануға арналған Adobe Photoshop бағдарламасын оқытуға арналған электрондық оқулық жасалып, оның орта мектептің оқу үрдісіне енгізуге ұсынуға болатындығы.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- орта мектепте білім беруді жетілдіру мақсатында, компьютерлік графиканы оқыту әдістемесі пайдалану нәтижесінде, мектеп оқушыларының алған білімін, дағды және іскерліктерінің нақтылануы;
- зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша білімгерлердің білім деңгейлерін жандандыруға болатындығы.
Зерттеудің ғылыми – теориялық зерттеу әдістері – ғылыми зерттеу жұмысының бағыты бойынша ғылыми, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; озық педагогикалық тәжірибелерді жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланып оқытып үйрету; оқыту үрдісін бақылау; оқушылармен, ата-аналармен және мұғалімдермен пікір алмасу, тәжірибелік бақылау жүргізу және нәтижелерін өңдеу.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері – компьютерлік технологияларға деген педагогикалық, психологиялық көзқарастар; орта мектеп оқушыларының жеке тұлғалық дамуы; олардың тәжірибелік іс әрекеті мен логикалық ойлау қабілеттерін біртіндеп қалыптастыру теориясы және оқу-бағдарламалық құжаттарды оқып үйрену.
Зерттеу жұмысының құрылымы – кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде – Adobe Photoshop редакторының интерфейсіне, құрал – саймандар тақтасына, палитралар тақтасының түрлеріне сипаттама беріледі, сонымен қатар, редактордың түстік модельдері, құжаттармен жүргізілетін амалдар қарастырылған.
Екінші бөлімде – Adobe Photoshop редакторын оқып үйренуге арналған зертханалық жұмыстарға өңдемелер жасалады және әдістемелік нұсқаулар беріледі.
Қорытынды бөлімінде – дипломдық жұмысын дайындау үрдісіндегі орындалған маңызды әрекеттер, жұмыстың жалпы нәтижелері, оны қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі баяндалған.
1 КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА
МҮМКІНДІКТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ
1.1 Компьютерлік графиканың қысқаша даму тарихы. Компьютерлік графиканың маңыздылығы және түрлері.
Компьютерлік графика (сонымен қатар машиналық графика) – бұл компьютер синтезі үшін, сонымен қатар визуалды ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын қызмет аймағы. Алғашқы есептеу машиналары графикамен жұмысқа арналған жеке құралдарға ие болған жоқ. Лампалар матрицасы негізінде құрылған алғашқы электрондық машиналардың жадын бағдарламалай отырып өрнектерді алуға болатын. 1961 жылы программист С. Рассел алғашқы графикамен компьютерлік ойынды ойлап тапты. Бұл ойын PDP-1 машинасында құрылған болатын. 1963 жылы американ ғалымы Айвен Сазерленд нүктелерді, түзулерді және шеңберлерді салуға мүмкіндік беретін бағдарламалық-аппараттық Sketchpad кешенін құрды. Негізінен бұл компьютерде жүзеге асырылған алғашқы векторлық редактор. 1960 жылдардың ортасында компьютерлік графиканың өндірістік қосымшаларында өңдемелер пайда болды. Осылайша, Т. Мофетта және Н. Тейлордың жетекшілігімен Itek фирмасы электрондық сызбалық машинаны ойлап тапты. 1964 жылы General Motors автоматтандырылған жобалау DAC-1 жүйесін IBM-мен бірлесіп ұсынды. 1968 жылы Н. Н. Константинов жетекшілік еткен топпен мысық қозғалысының компьютерлік математикалық моделі құрылған болатын. БЭСМ-4 машинасы дифференциалдық теңдеулерді шешудің бағдарламасын орындай отырып, өз уақытында жаңалық болған «Кошечка» мультфилмін салды. Визуалдау үшін алфавиттік-сандық принтер қолданылды. Компьютерлік графика үлкен прогресске бейнені сақтау мүмкіндігі пайда болғанда және оны компьютерлік дисплейге шығарғанда қол жеткізді.
Компьютерлік графика аймағындағы бағдарламалар тек академиялық бағытта және ғылыми мекемелерде ғана қолданылды. Ақырындап компьютерлік графика күнделікті өмірге нық ене бастады және осы облыста коммерциялық жобаларды енгізу мүмкін болды. Компьютерлік графиканы қолдану аймағы бір көркемдік эффектімен шектелмейді (1.1-сурет). Ғылымның, техниканың, медицинаның, коммерциялық және басқару қызметінің барлық саласында ақпаратты көрнекі ұсыну үшін арналған копьютермен құрылған сызбалар, графиктер, диаграммалар қолданылады. Конструкторлар автомобильдің және тікұшақтың жаңа модельдерін құруда үшөлшемді графика объектілері қолданылады. Архитекторлар монитор экранында ғимараттың көлемді бейнесін құрады, ал бұл оның ландшафтыда қалай орналасатынын көрсетеді (1.2-сурет).
Компьютерлік графика
технологияларының негізгі
- Қолданушының графикалық интерфейсі;
- арнайы эффектілер, визуалды эффектілер, сандық кинематография;
- сандық телевидение, бүкіл әлемдік өрмек, видеоконференция;
- сандық фотография және оны өңдеудің үлкен мүмкіндіктері;
- сандық көркемөнер;
- ғылыми және қызметтік деректерді визуализациялау;
- компьютерлік ойындар, виртуалды нақтылық жүйесі (мысалы, тікұшақты басқарудың тренажёрлары);
- автоматты жобалау жүйесі;
- компьютерлік томография;
- кино және телевидение үшін компьютерлік графика;
- лазерлік графика;
- баспа жұмыстарында жарнамалық плакаттарды дайындау;
- визит карточкаларын жасау;
- кітап журналдардағы түрлі-түсті суреттерді салу.
1.1-сурет. Есептеу техникасы.
1.2-сурет. Компьютерлік бейнелерді визуалдау құрылғылары.
Бейнені беру әдістеріне қарай графиканы келесі санаттарға бөлуге болады:
Екіөлшемді графика
Екіөлшемді графика (2D ағылшыннан аударғанда two dimensions - «екі өлшемді») компьютерлік графика графикалық ақпаратты ұсыну типі бойынша және бейнені өңдеу алгоритміне қарай бөлінеді. Әдетте компьютерлік графиканы векторлық және растрлық деп бөледі, сонымен қатар бейнені ұсынудың фрактальдық типі бар.
Векторлық графика. Векторлық графика бейнені геометриялық примитивтер жиынтығы ретінде ұсынады. Әдетте нүктелер, түзулер, шеңберлер, тіктөртбұрыштар, қолданылады. Объектілерге кейбір атрибуттар меншіктеледі, мысалы, түзу қалыңдығы, толтыру түсі. Бейне координаттар, вектор және примитивтер жиынтығын сипаттайтын басқа сандар ретінде сақталады. Векторлық пішімдегі бейнелер жөндеу үшін кеңістік береді. Бейне жоғалтусыз масштабталады, айналады, деформацияланады және векторлық графикада имитациялау растрлыққа қарағанда қарапайым.
1.3-сурет. Векторлық бейне.
Себебі әрбір түрлендіру келесі түрде болады: ескі бейне (немесе үзінді) өшеді, ал оның орнына жаңасы құрылады. Векторлық бейнені математикалық сипаттау бұрынғыдай болып қалады, тек кейбір айнымалылардың мәндері өзгереді, мысалы, коэффициенттер. Растрлық картинканы түрлендіру кезінде шығыс деректері болып пиксельдер жиынтығының сипаттамасы табылады, сондықтан пиксельдің кіші санын үлкенге немесе үлкен мәнін кішіге ауыстыруда проблемалар туындайды. Қарапайым әдісі бір пиксельді сол түсті бірнешемен ауыстыру болып табылады (1.3-сурет). Нақты әдістер жаңа пиксельдер кейбір түске ие болатын интерполяция алгоритмін қолданады. Осылайша масштабтау Adobe Photoshop бағдарламасында қолданылады. Мұндай әдіс сызбаларды ұсыну үшін, масштабталатын қаріптер, қызметтік графика үшін, мультфильмдерді құру және роликтер жасау үшін қолданылады.
Векторлық әдіс – бұл бейнені қиындылар жиынтығы түрінде ұсыну. Векторлық графикамен жұмысқа арналған бағдарламалық құралдар иллюстрациялар құру үшін қолданылады. Мұндай құралдарды жарнамалық агенттіктерде, дизайнерлік бюроларда, редакцияларда және басылымдарда кеңінен қолданады.
1.4-сурет. Векторлық бейне.
Векторлық бейне – негізгі элементтері компьютер жадында математикалық формулалар және сандық параметрлер түрінде сақталатын қарапайым геометриялық фигуралар (шеңбер, төртбұрыш, сызық, доға т.б.). Векторлық бейненің базалық элементі сызық болып табылады (1.4-сурет). Векторлық бейненің артықшылығы оның жеке элементтеріне өзгерістер енгізе алмаймыз. Векторлық бейнемен жұмыс жасайтын қосымшалар: CorelDraw, MircGraphx, AdobeIllustrator, FrectLand т.б. Corel Канадалық Corporation фирмасының CorelDraw векторлық редакторы құрамындағы қуатты оқыту жүйесі дайын бейнелердің аса зор кітапханаларының бар болуы сияқты кең мүмкіндіктерімен әйгілі. Бағдарлама терезесі: жұмыс аймағы, тақырып жолы, мәзір жолы, қалып-күй жолы, құрал-саймандар тақтасы және құрамын қолданушы анықтай алатын басқа панельдер, жылжыту жолағы және сол сияқты стандартты элементтерге де ие. Векторлық бейнелерде суреттің әрбір жеке элементі вектор түрінде, дәлірек айтқанда осы фигура жайлы ақпараттар оның мөлшері, центірінің координаталары және түсі туралы ақпаратты құрайтын қарапайым геометриялық фигуралардың (сызықтар, тіктөртбұрыш, дөңгелектер) математикалық сипаттамасы түрінде жазылады және сақталады. ЭЕМ жадында векторлы бейнені пайдалануда әрбір графикалық примитивтік геометриялық объектінің математикалық сипаттамасы сақталады, олардан бейне құрастырылады. Дербес жағдайда, шеңберді суреттеуде оның центрінің орналасуын, радиусын, сызықтардың қалыңдығы мен түсін сақтау жеткілікті. Осы берілгендер бойынша сәйкес бағдарламалар дисплей экранында қажетті фигураны салады. Бейнелерді осылай сипаттау растрлы бейнеге қарағанда біршама аз жадыны қажет ететіні түсінікті, себебі ол суреттің әрбір нүктесінің түсін сақтамайды. Векторлы бейненің кемшілігі: жоғарғы сапалы көркем бейнелер, суреттер және фильмдермен жұмыс жасау мүмкіндігінің жоқтығы болып табылады. Векторлы бейнені пайдаланудың негізгі сферасы сызба, сызба-нұсқа, диаграмма және т.б. болып табылады.
Растрлық графика
Растрлық графика
1.5-сурет. Растрлық графика көрінісі.
Растрлық әдіс – бейне боялған нүктелер жиынтығы түрінде ұсынылады. Растрлық графиканы электрондық (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды шығаруда қолданылады. Растрлық графика құралдарымен құрылған иллюстрациялар компьютерлік бағдарламалар көмегімен жиі құрмайды. Көбіне бұл мақсатта суретшілер және фотографтармен құрылған сканерленген иллюстрацияларды қолданады.
Растрлық бейне – файлдар бейнесінің әрбір нүктесіндегі белгілі бір жиынның қатарласа орналасқан тізбегі, түрлі-түсті нүктелердің жиынтығы. Нүктелер кестесіндегідей жолдар мен бағандарға орнатылған. Бейненің әрбір нүктелерге компьютердің жадындағы жеке ұяшық сәйкес келеді. Растрлы бейнені өңдеу үшін қолданылатын көптеген бағдарламалардың ішінен Adobe компаниясының Photoshop бағдарламасы ерекше орынды алады. Жасалатын жұмыстың маңыздылығы бойынша ол бүгінгі күні компьютерлік бейненің стандарты болып табылады және басқа да қолданылатын барлық бағдарламалар тек сонымен салыстырылады. AdobePhotoshop бағдарламасын басқарудың негізгі элементтері мәзір қатарына, құрал-саймандар және қасиеттер тақталарына бағытталған. Негізгі топты аспаптық палитралар диалогтық терезесі құрайды. Растрлы бейнені қолдануда бейненің әрбір минималды элементі болып табылатын пиксель түсі биттердің анықталған санымен кодталады. Picsule элемент деген сөзінен алынған, сурет элементі деген мағынаны білдіреді. Бейне пиксель деп аталатын ұсақ нүктелердің үлкен саны түрінде беріледі. Олардың әрқайсысының түсі болады, нәтижесінде үлкен сандардан тұратын тас немесе шыныдан мозайка немесе витраж құрылатыны сияқты бейне құрастырылады. Растрлық бейнені сақтаған кезде жадыға енгізілетін элементтің саны графикалық бейне орналасқан экрандағы нүктелер саны сәйкес келеді. Ең жиі пайдаланып жүрген кәсіптік растрлық қосымшалар: CorelPhoto, AdobePhotoshop, PhotoFinish. Кез-келген бағдарламалардың артықшылығы оның әрбір жеке элементтеріне өзгерістер енгізе алуының мүмкіндігі болуы. Ал растрлық бейненің кемшілігі масштабтылық жолмен өзгерістер енгізген кезде сурет сапасын жоғалтады.
Растрлық және векторлық графиканың салыстырмалы сипаттамалары
Бейнені ұсыну әдісі. Растрлық бейне бірнеше пиксельдерден тұрады. Векторлық бейне командалар тізбегі ретінде болады (1.6-сурет). Нақты әлем объектілерін ұсынуда растрлық суреттер тиімді қолданылады. Векторлық графика фотографиялық сападағы бейнелерді алуға мүмкіндік бермейді.
1.6-сурет. Векторлық бейне.
Бейнені жөндеу сапасы. Растрлық бейнелерді масштабтау және айналдыруда бұзылу пайда болады. Векторлық бейне сапасын жоғалтпай оңай түрленеді.
Бейнені баспаға шығару ерекшелігі. Растрлық бейнелер принтерлерде оңай шығарылады. Векторлық бейнелер кейде баспаға шығарылмайды немесе қағазда дұрыс көрінбейді (1.7-сурет).
1.7-сурет. Растр және вектордың айырмашылығы.
Фрактальдық графика
Фрактал – жеке элементтері аталық құрылым қасиеттерін иеленетін объект. Мұнда объектіні тек бірнеше математикалық теңдеулермен сипаттауға болады. Фракталдар бейне класстарын сипаттауға мүмкіндік береді, оларды бөлшектеп сипаттау үшін аз жад қажет болады. Бірақ ол өз классына жатпайтын бейнелерге нашар қолданылады. Фракталдық графикамен жұмысқа арналған бағдарламалық құралдар математикалық есептеулерлер арқылы бейнелерді автоматты генерациялау үшін қолданылады. Фракталдық көркемдік композицияны құру мәні сурет салуда емес, бағдарламалауда болып табылады.
1.8-сурет. Фрактальдық ағаш.
Фрактальдық бейне – векторлық бейне сияқты математикалық есептеулер мен негізделген (1.8-сурет). Оның базалық элементі формула болып табылады. Яғни фрактальдық бейнені алу үшін бағдарламалау қажет. Бұл компьютер жадында ешқандай объектінің сақталмайтынын және кескін тек қана теңдеулер бойынша құрылатынын білдіреді. Фрактальдық бейне векторлық бейнеге өте ұқсас болып келеді [1]. Фрактальдық бейнеде векторлық бейнедегідей негізгі элементтері компьютер жадында математикалық формулалар және сандық параметрлер түрінде сақталатын қарапайым геометриялық фигуралар (шеңбер, төртбұрыш, сызық, доға т.б.) болып табылады.
Үшөлшемді графика
Үшөлшемді графика (3D – ағылшыннан аударғанда three dimensions – «үш өлшем») үшөлшемді кеңістікте объектілермен жұмыс атқарады. Әдетте нәтиже жазық кртинканы, проекцияны білдіреді. Үшөлшемді компьютерлік графика кино және компьютерлік ойындарда қолданылады. Үшөлшемді компьютерлік графикада барлық объектілер жазықтық жиынтығы ретінде ұсынылады. Минималды жазықтық полигон деп аталады. Полигон ретінде үшбұрыштарды қабылдайды. 3D-графикада барлық визуалды түрлендірулерді матрицалар басқарады. Компьютерлік графикада матрицаның үш түрі қолданылады:
- айналдыру матрицасы;
- қозғалту матрицасы;
- масштабтау матрицасы.
Кез-келген полигонды
төбелері бар координат жиынтығы ретінде ұсынуға болады. Осылайша,
үшбұрыштың 3 төбесі болады. Әрбір төбенің
координаталары (x, y, z) векторын ұсынады.
Векторды сәйкес матрицаға көбейте отырып,
біз жаңа вектор аламыз. Осындай түрлендіруді
полигонның барлық төбелерімен орындай
отырып, ал барлық полигондарды түрлендіре
отырып, айналған/жылжыған/
CGI графика мүмкіндіктері
Компьютерде түстерді ұсыну. Түстік кеңістік, түстік модель
RGB түсті жіберу жүйесі. Компьютерлік графикада түсті беру және сақтау үшін оны ұсынудың әртүрлі формалары қолданылады. Жалпы жағдайда түс түстік жүйеде сандар, координаттар жиынтығын білдіреді. Компьютерде түсті сақтаудың және өңдеудің стандартты әдістері адам көзқарасының қасиеттерімен шартталған. Көбіне дисплейлер үшін RGB жүйесі және типографиялық жұмыстар үшін CMYK жүйесі қолданылады. Кейде үштен көп компоненттер жүйесі қолданылады (1.9-сурет). 1.9-сурет. Фрактальдық ағаш.
Графиканың нақты жағдайы
Монитордағы кез-келген бейне, өзінің жазықтығына қатысты растрлық болып табылады, себебі монитор – бұл матрица, ол бағандар және жолдардан тұрады. Үшөлшемді графика тек біздің қиялымызда ғана бар, себебі біз монитордан көріп отырғанымыз – бұл үшөлшемді фигура проекциясы, ал кеңістікті өзіміз құрамыз. Осылайша, графиканы визуализациялау тек растрлық және векторлық болып табылады, ал визуалдау әдісі тек растр [2].
Ғылым аймағындағы компьютерлік графика
Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік тапсырмаларды шешу үшін қолданылған. Бұл нәтижелерді жақсы түсіну үшін оларды графикалық өңдеуге жүктейтін, графиктер, диаграммалар, сызбалар тұрғызатын (1.10-сурет). Машинадағы алғашқы графиктерді символдық баспа түрінде алды. Одан кейін арнайы құрылғылар – қағазда сия қауырсынымен сызбаларды және графиктерді сызу үшін графоқұрушылар (плоттерлер) пайда болды. Компьютерлік графика ғылыми қызметтің бір аймағы болып табылады. Компьютерлік графика аймағында диссертациялар қорғалып, әртүрлі конференциялар өткізіледі:
- Siggraph конференциясы, АҚШ-та өткізіледі;
- Графикон конференциясы, Ресейде өткізіледі;
- CG-оқиғасы, Ресейде өткізіледі;
- CG Wave, Ресейде өткізіледі.
1.10-сурет. Кешенді төртөлшемді (4D)
кеңістіктегі кешенді функция графигі.
Қызметтік графика
Қызметтік графика –
мекеменің жұмыс көрсеткішін
көрнекі ұсыну үшін арналған компьютерлік
графика. Жоспарлық көрсеткіштер, есеп
құжаттары, статистикалық мәліметтер
– бұл қызметтік графика
1.11-сурет. Диаграммалардың түрлері.
Құрылымдық графика
Конструкторлық графика инженер-конструкторлар, архитекторлар, жаңа техниканы ойлап табушылармен қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі жобалауды автоматтандыру жүйесінің міндетті элементі болып табылды.
Иллюстративті графика
Иллюстративті графика – бұл компьютер экранында туынды сурет салу және сызу. Иллюстративті графика әдістерін қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыруға жатқызады.
Қазіргі заман жаңа ақпараттық
технологиялардың дамыған заманы, қазіргі
кезде өмірдің барлық саласында,
білім, ғылым, медицина, өнер, кино және
т.б. салаларда компьютерлік графика
бағдарламалары кеңінен қолданылады. Жоғарыда
аталған компьютерлік графика бағдарламаларының
ішінде жиі қолданылатыны растрлық графика
бағдарламалары (1.12-сурет). Растрлық графика бағдарламаларының
ішінде мүмкіндігі жоғары бағдарламаның
бірі AdobePhotoshop бағдарлама дестесі болып
табылады.
1.12-сурет. Иллюстративті
Осы ерекшеліктерді ескере отырып университет колледжі білімгерлеріне компьютерлік графика мүмкіндіктерін оқыту әдістемесін жетілдіру үшін AdobePhotoshop растрлық графика бағдарламасымен жұмыс істеуді негізге алдық [3].
1.2 AdobePhotoshop бағдарламасы және оның интерфейсі
Дербес компьютердің пайда болуы көптеген мамандықтарды өзгертті. Баспа ісінде үлкен төңкеріс болды. Компьютерлер жеткілікті дәрежеде мықты болып және сапалы шығару құрылғылары пайда болғаннан кейін жариялау (публикация) істерін автоматтандыратын бағдарламалар дами бастады. Олар үстел–үстілік баспасөз жүйелері (DTP – Desktop Publishing). Бұл салада көп жылдар бойы Adobe Systems Inc компаниясы көшбасшы болды. Ол беттерді сипаттау тілі PostScript-тің бағдарламалық және аппараттық интерпретаторларын жүзеге асырады. PostScript тілі бейнені шығарудың жоғары сапалы құрылғыларын пайдаланады. Photoshop, Illustrator, Frame Maker, InDesign, Acrobat және т.б. қазіргі заманғы баспасөздің бағдарламалық қамсыздандыруының тамаша және мықты жиынтығын құрады. Adobe компаниясы уақыт талабына және компьютердің дамуына қарай баспасөз бағдарламаларының дестесін үнемі жаңартып отырады. Adobe Photoshop бағдарламасы графикалық редакторлар арасында өзінің кең мүмкіндігі, жоғары тиімділігі және жұмыс жылдамдығы арқасында көшбасшы болып табылады. Бағдарлама бейнені жөндеу, баспаға шығару мүмкіндіктеріне ие. Бағдарлама Web-дизайн және электрондық жариялауларда кеңінен қолданылады. Adobe Photoshop редакторы растрлық графиканы (bitmapped images) жөндеуге және құруға арналған. Бағдарлама фотосуреттер және коллаждар, соның ішінде слайд және мультипликация, Web-беттер үшін бейнелермен, кинокадрлармен жұмыс істеуге арналған [4].
Photoshop бағдарламасын жүктеу бірнеше әдіспен орындалады.
1-әдіс. Жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасында орналасқан Пуск (Start) батырмасын шертіп ашылған мәзірден Программы (Programs), одан кейін Adobe Photoshop командасын таңдау керек (1.13-сурет).
1.13-сурет. Adobe Photoshop бағдарламасын жүктеу.
2-әдіс. Windows-тың Проводник терезесінде Adobe бумасын, содан кейін онда Photoshop бумасын таңдап онда Photoshop белгісіне екі рет шерту керек.
1.14-сурет. Photoshop бумасының көмегімен бағдарламаны жүктеу.
3-әдіс (ең тез және ыңғайлы). Photoshop үшін жарлық құру қажет. Ол үшін Adobe бумасында орналасқан Photoshop бумасын ашып, Photoshop таңбашасына барып тышқанның сол жақ батырмасын басып тышқан батырмасын жібермей жұмыс үстеліне апару керек (1.14-сурет). Photoshop бағдарламасы жұмыс үстеліндегі жарлықты шерту арқылы жүктеледі.
Интерфейс элементтері. Бағдарламаны жүктегеннен кейін экранда Photoshop бағдарламаның негізгі терезесі пайда болады (1.15-сурет). Бағдарлама интерфейсінің көп элементтері стандартты, әр қосымшада тақырып жолы (1), мәзір жолы (2), опциялар тақтасы (3), құрал-саймандар тақтасы (4), палитралар (5), қалып-күй жолағы (6) болады. Бағдарлама терезесінде тақырыбы бар бейне құжатының терезесі орналасқан (7). Бағдарлама терезесінің тақырыбы (8) батырмасына шерткенде келесі командалары бар жүйелік мәзір ашылады: Қалпына келтіру (Restore), Орын ауыстыру (Move), Өлшем (Size), Бүктеу (Minimize), Қайта ашу (Развернуть) (Maximize), Жабу (Close). Құжат терезесінің (9) тақырып батырмасына шерткенде Келесі (Next) командасымен толықтырылған жүйелік мәзір ашылады. Келесі командасы бірнеше құжат ашық болған кезде басқа құжатты белсенді ету үшін қолданылады. Жүйелік мәзірдің Бүктеу, Қайта ашу/Қалпына келтіру, Жабу командалары да программа (1) және құжат (7) тақырыбының оң жақ бөлігінде батырмалар түрінде келтірілген. Егер бағдарлама тақырыбында Бүктеу (10) батырмасына шертсе бағдарлама терезесі бүктеледі де тақырыптар тақтасында Adobe Photoshop батырмасы пайда болады. Тақырыптар тақтасында орналасқан Adobe Photoshop батырмасына шерткенде терезенің бұрынғы өлшемі қалпына келеді. Егер құжат тақырыбының Бүктеу (11) батырмасына шертсе, онда құжат терезесі бүктеледі және бағдарлама терезесінің сол жақ төменгі бұрышына орналасады. Егер Қалпына келтіру (12) батырмасына шертсе, құжат терезесінің бұрынғы өлшемі қалпына келеді. Бағдарлама (12) және құжат (13) тақырыбының Қайта ашу батырмасының көмегімен терезе өлшемін максимумға дейін үлкейтуге болады (мұнда Қайта ашу батырмасы Қалпына келтіру батырмасына айналады). Қалпына келтіру батырмасына шертсе терезе бұрынғы өлшемге ие болады. Бағдарлама, құжат немесе палитралар терезесін жабу қажет болса, Жабу батырмасын шерту қажет [5].
1.15-сурет. Adobe Photoshop бағдарламасының терезесі.
Қалып-күй жолағы. Қалып-күй жолағының (6) сол жақ бөлігінде бейне масштабының мәні бар өріс орналасқан, бұл өрісті қажетті параметрларды енгізе отырып өзгертуге болады (1.16-сурет). Жұмыс тобы (Workgroup) батырмасына шерткенде бірнеше қолданушылардың бірге жұмыс істеуі үшін қажетті командалар тізімі ашылады. Үшбұрыш белгілі батырманы шерткенде келесі командалардан тұратын қалып-күй жолағының мәзірі ашылады:
- Document Sizes (Құжат өлшемдері);
- Document Profile (Құжат профилі);
- Document Dimensions (Құжат өлшемдері);
- Scratch Sizes (Жад көлемі);
- Efficiency (Тиімділігі);
- Timing (Уақыт);
- Current Tool (Ағымдағы құрал).
Егер қандай да бір команда жанында жалауша орнатса, онда қалып-күй жолағының өрісінде осы командаға сәйкес ақпарат шығарылады.
1.16-сурет. Ашылған мәзірлі қалып-күй жолағы.
Document Sizes (Құжат өлшемдері) командасына жалауша орнатсақ, қалып-күй жолағының өрісінде қаттамасыз (бірінші сан) белсенді құжат файлының көлемі және бірнеше қаттамалы (екінші сан) файл көлемі көрсетіледі. Document Profile (Құжат профилі) командасын таңдағанда құжаттың түстік профилінің бейнесін аламыз. Document Dimensions (Құжат өлшемдері) командасының көмегімен Edit Preferences Units&Rulers Rulers (Жөндеу Орнатулар Бірліктер және сызғыштар Сызғыштар) командасымен орнатылған өлшем бірліктері бейнеленеді. Scratch Sizes (Жад көлемі) командасы ашық құжатпен алынған жад көлемі және бос жедел жады көлемі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Efficiency (Тиімділігі) командасын таңдағанда жедел жадыны пайдаланудың тиімділігі бейнеленеді. Көп жағдайда беттегі бейне өлшемін білу қажет болады. Ол үшін тышқан меңзерін қалып-күй жолағында ұстап, тышқанның сол жақ батырмасын басып оны ұстап тұру керек. Бейне өлшемдері, арналар саны, режим және рұқсаттар туралы мәліметтерді алу үшін тышқан меңзерін қалып-күй жолағына орнатып, алдын-ала <Alt> пернесін басып тұрып тышқанның сол жақ батырмасын басу керек [6].
Бағдарлама мәзірі. Бағдарлама мәзірі бейнені және құжатты басқару функцияларының жақындығы бойынша бұтақ тәрізді байланысқан командалар тобын құрайды. Мәзір командаларының негізгі топтарының тізімі:
- File (Файл). Файлдық амалдар: көшіру, файлды ашу және жабу, импорт және экспорт. Мұнда бейнені енгізу құрылғыларынан алу, басқа қосымшаларға өту, автоматтандыру және құжатты баспаға шығару алдында тексеру командалары сонымен қатар, Photoshop браузері бейне каталогтарын қарау терезесін шақыру командалары да орналасқан.
- Edit (Жөндеу). Жөндеу командалары: қию, көшіру, өлшемдерді өзгерту, барлық бейнені немесе оның жеке бөліктерін бұрмалау. Осы топта, сонымен қатар оюларды (узоры), қылқалам және фигураларды анықтау командалары, буферді тазалау командалары және программаның барлық орнатулары бар.
- Image (Бейне). Бейнеге әсер ету үшін арналған командалар: реңдік және түстік түзеу, бейне типін өзгерту, қию, фоннан үзінділерді қию және т.с.с.
- Layer (Қабат). Бейне қабаттарын басқару командалары: өшіру, көшіру және т.с.с.
- Select (Ерекшелеу). Ерекшелеуге және ерекшеленген аймақпен жұмыс істеу үшін арналған командалар.
- Filter (Сүзгіш). Бейнелерді арнайы өңдеу үшін арналған командалар. Мұнда міндетті түрде Photoshop жиынтығының сүзгіштері болады және қосымша орнатылған сүзгіштер болуы мүмкін.
- View (Түр). Жұмыс бетінің сыртқы түрін басқару құралдары: масштаб және бейнелеудің түстік моделі, бағыттағыштар, сызғыштар және т.б.
- Window (Терезе). Бағдарламаның негізгі терезесінде жұмыс ортасын ұйымдастыру құралдары – бұл мәзір командалары палитра және құжат терезелерін басқарады.
- Help (Көмек). Анықтамалық ақпаратты, бағдарлама бойынша көмек алуға, көмек көрсетудің онлайндық қызметіне рұқсат алуға арналған командалар.

- Компьютерная бухгалтерия на малом предприятии
- Компьютерная графика
- Компьютерная поддержка элективного курса по переводу современной французской газетной лексики
- Компьютерная преступность и компьютерная безопасность
- Компьютерная система управления документооборотом предприятия Черниговгазмонтаж
- Компьютерное моделирование дифракции упругих волн на локальных неоднородностях
- Компьютерное сопровождение основных этапов читательской деятельности в процессе изучения эпических произведений (на примере произве
- Комплекс сетевой защиты
- Комплектование архивного фонда и архива Администрации города Глазова
- Комплимент в современной коммуникации
- Композиция современного рекламного текста: структурный и функциональный аспекты
- Компоновка конструктивной схемы каркаса здания
- Компрессорная станция
- Компьютеризация управления оборотными средствами предприятия и оптимизация их использования